Қазтұтынуодағы
Қарағанды экономикалық университеті
Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасы
Азаматтық іс жүргізу құқығы
пәнінен курстық жұмыс орындау бойынша
әдістемелік нұсқамалар және тапсырмалар
ҚАРАҒАНДЫ – 2011 ж
Құрастырушы: ЭҚҚР кафедрасының аға оқытушысы Толеубеков А.Т.
Әдістемелік нұсқама басылымға кафедраның әдістемелік семинарымен ұсынылған.
Хаттама № 1 25 тамыз 2011 ж.
1. Курстық жұмыстың жалпы ережелері
Азаматтық іс жүргізу құқығы немесе азаматтық процесс, - заңгерлерді дайындайтын жоғары оқу орындарындағы профильден-ген фундаментальды оқу пәндерінің бірі болып табылады. Курстың оқу пәні болып, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормалары табылады, сонымен қатар азаматтық процесс ғылымына тән құқықтар санаттар, көзқарастар және концепциялар.
Нарықтық қатынастардың дамуымен, ҚР Конституциясында бекітілген азаматтардың қадір-қаситетін қорғауға құқықтардың, саяси және басқа да құқықтардың кеңеюімен байланысты азаматтық істер, оларды қарастыру және шешу үшін көптеген қиындықтарды көрсетеді.
Азаматтық іс жүргізу дегеніміз – азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген, азаматтық істерді қарастыру және шешу бойынша соттардың қызметінің нысаны.
Азаматтық істер болып, әртүрлі құқықтық қатынастардан туындайтын істер табылады. Процесс – құқық өмірі, егер соттардың қызметі азаматтардың өміріне, денсаулығына, тұрғын үйіне, еңбегіне және меншігіне және т.б. құқықтарын сақтауға және қорғауға бағытталса, онда олар үшін маңызды болып қолданыстағы заңдарды сақтау және оларды орындау табылады.
Соттардың, өкілдердің, прокурорлардың, яғни заңгерлердің профессионализмі, олардың жалпы және құқықтық мәдениетінің, салттық ұстанымдарының, жеке шеберлігінің және талантының дамуына байланысты болады. Студенттер көрсетілген қасиеттердің кейбіреулерін оқу орнында оқу процесінде иеленеді.
Студенттердің азаматтық іс жүргізу құқығы аясында терең білім алуы, судьялардың, адвокаттардың, прокурорлардың және юрисконсульттардың білікті құрамын қалыптастыру үшін қажетті шарты болып табылады.
Азаматтық іс жүргізу құқығын (азаматтық процессті) оқыту әртүрлі нысандарда жүзеге асырылады. Олардың бірі болып, курс бағдарламасы бойынша материалдарды оқу негізінде студенттердің өздерімен орындалатын курстық жұмыс табылады.
Студенттердің өзіндік жұмыстар түрлерінің арасында курстық жұмысын жазу маңызды орын алады. Курстық жұмысты дайындау және жазу үдерісі студентке азаматтық қатынастарын азаматтық-құқықтық нормалары арқылы реттеуінде пайда болатын мәселелерді зерттеуде, құқықтық нормаларын зерделеуде өздік ғылыми және тәжірибелік тәсілдердің қалыптасуына мүмкіндік береді.
Курстық жұмыс студенттердің азаматтық іс жүргізу құқығы аясындағы білім деңгейін, тәжірибелік ахуалдарды шешуде нормалардың қолдануын білу жөнінде айтуға мүмкіндік беретін өзіндік шығармашылығы болып табылады.
Курстық жұмысты орындаудың негізгі мақсаттары: азаматтық іс жүргізу құқығының нақты бір тақырыбы бойынша студенттің білімін терендету, теориялық және тәжірибелік материалдардың талдау әдістері мен дағдыларын тауып үйрену, өз ойларын дұрыс, айқын жазбаша түрде білдіре білу.
Сонымен бірге, курстық жұмысты жазу тағы да басқа мақсаттарды көздейді: студенттің өздік жұмысына бақылау жүргізу, жоғары оқу орынның бағдарламасын орындау, емтиханмен бірге, болашақ маман дайындығын тексеру әдістерінің бірі болып саналады.
Курстық жұмысты орындау барысында студент нормативтік материалдармен жұмыс істей алатынын, азаматтық іс жүргізу құқығының тиісті қайнар көздерінің нормаларын талдап, қорытындыларды дәлелдеуін, және ең бастысы - таңдаған тақырыпты аша білуін көрсетуге тиісті.
2. Курстық жұмыс тақырыбын таңдау және бекіту.
Курстық жұмысқа дайындық бойынша жұмыс тақырыпты таңдаудан басталады. Тақырып азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымы мен тәжірибесінің рөлі ескеріліп, нарықтық экономика жағдайында болашақ заңгер мамандарға қойылатын жаңа талаптарға сай өзекті болуға тиісті.
Азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша курстық жұмыстардың үлгі тізімі осы әдістемелік нұсқауларда қосымша берілген (Қосымша А). Студент өзі де, тізімде көрсетілмеген тақырыпты таңдай алады, бірақ ол оқытушымен келісілген және осы оқу курсының шегінде болуға тиісті. Тақырып кафедра меңгерушісімен келісілуі тиіс. Курстық жұмыс тақырыбын таңдағанда оның келешекте дипломдық жұмысында пайдалануы мүмкін болғаны жөн.
Курстық жұмыстың тақырыбын бекіту студенттің өтініші негізінде жүзеге асырылады. (Қосымша Б)
3. Ақпарат дерек көздерін іріктеу және зерделеу
Студенттің әдебиетті зерделеуі және өздігінен жұмыс жоспарын жасауы тақырып таңдаумен байланысты. Ең алдымен, тақырып мәселелерін (сұрақтарын) жеңіл түрде берілген оқу әдебиеті бойынша (оқулықтар, оқу құралдары және т.б.) зерделеген жөн, сонан соң нормативтік актілерді, арнайы құқықтық және экономикалық әдебиеттерді пайдалана отыра, тереңдете талдауға көшу керек.
Әдебиетті, азаматтық іс жүргізу заңдылығын зерделей келе, студент курстық жұмысының жоспарын және қойылған сауалдарға жауаптардың мазмұнын ойластыруға тиісті.
4. Курстық жұмысты дайындауға ғылыми жетекшілік
Курстық жұмысты жазғанда жалпы әдістемелік нұсқаулармен бірге жетекшінің нұсқауларын да пайдалану қажет. Бұл талаптардың орындалуы міндетті.
Жеке бір сұрақтарды зерделеумен байланысты кедергілер туса, студент курстық жұмыстың жетекшісінен көмек сұрай алады.
Курстық жұмыс студенттің таңдаған тақырыбы бойынша өзіндік жұмысының қорытындысы (нәтижесі) болып табылады. Жұмыс толық, айқын жазылып, ең бастысы - онда қойылған сұрақтар толық ашылуы қажет. Сұрақтар таңдалып, жүйеленген және зерделенген материалды өз сөзімен жазылған түрде баяндалуға тиісті.
5. Курстық жұмыстың мазмұнына және ресімделуіне қойылатын негізгі талаптар
5.1. Курстық жұмыстың құрылымы.
Курстық жұмыстың құрылымдық элементтері болып табылады:
- титул беті (Қосымша В, В1);
- мазмұны (Қосымша Г);
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды;
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі (Қосымша Д);
- қосымшалар.
Титул беті
Титул беті диплом жұмысының бірінші беті болып табылады және құжатты өңдеу және іздестіруге қажетті ақпарат көзі ретінде қызмет етеді.
Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі:
- унивеситет атауы,
- курстық жұмыс орындалған кафедра атауы,
- курстық жұмыс орындалған пән атауы;
-тақырыбына деген сөздің көрсетілуімен, диплом жұмысының (жобаның) тақырыбының атауы,
- сол жағында - орындаған сөзі, қарама-қарсы оң жағынан студенттің тегі мен инициалдары,
- бір жол төмен ғылыми жетекші деп жазылады және оның тегі мен инициалдары, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және жетекшінің басқа регалилері көрсетіледі,
- қала, жыл.
Титул беті курыстық жұмыс беттерінің жалпы нөмірленуі кіреді. Титул бетте бет нөмірі қойылмайды.
Студенттердің курстық жұмыстарын жазуы кезінде оның әрбір бөлімінің келесі үлгідегі мазмұнын ұстанғаны дұрыс болады.
Мазмұны. Курстық жұмыстың (жобасының) мазмұнына Кіріспе, барлық бөлімдер, бөлімшелердің реттік нөмірлері мен атаулары, Қорытынды, Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардың атауы кіреді.
Кіріспе. Диплом жұмысы тақырыптарының өзектілігі негізделеді, жұмыстың мақсаты белгіленіп, диплом жұмысының тақырыбын ашу үшін негізгі міндеттер тұжырымдалады.
Негізгі бөлім. Негізгі бөлім 2-3 тараулардан тұруы мүмкін. Оның ішінде бөлімдер өздері 2-3 параграфтардан тұруы мүмкін. Автор тарауларда берілген тақырыптың теоретикалық және практикалық аспектілерін ашып қарастырады, статистикалық және сандық құжаттар ұсынады, бұл ақпараттар негізделген және нақты болуы тиіс. Мәтін бойынша ақпарат көздеріне сілтеме болуы керек.
Қорытындыда, зерттеу нәтижесінде жасалған және ұсынылған теориялық және тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар жинақталады. Олар, әзірлемелердің мазмұны, маңыздылығы, негізділігі мен тиімділігі туралы толық түсінік беретіндей қысқа және анық та айқын болуы тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Аталған тізім Қорытынды бөлімнен кейін диплом жұмысының соңында келтіріледі (Қосымша Д).
Аталған тізімге, студент нақты игерген және курстық жұмыста қандай да бір шекте пайдаланған дерек көздері ғана енгізілуі тиіс.
Тізімде ақпарат көздері, курстық жұмыстың мәтінінде оларды пайдалану жалғастығы ретімен көрсетілуі тиіс.
Қосымшалар. Қосымшаларға негізгі бөлімде көрініс таппаған, курстық жүмысты орындаумен байланысты материалдар енгізіледі.
Курстық жұмыста қабылданған шешім, барлық деректердің дәлдігі мен объективтілігі үшін студент – курстық жұмыстың авторы жауапты болады.
5.2. Курстық жұмыстың мәтінін ресімдеу тәртібі
Жалпы талап.
Курстық жұмысы А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал сақтай отырып, компьютер мен принтерді қолдана баспа әдісімен орындалуы тиіс. Шрифт-қалыпты, кегль 14, Times New Roman.
Курстық жұмыстың мәтінін, қағаз бетінің келесі мөлшерлерін сақтай отырып басу керек: оң жағы – 10мм, жоғары жағы - 20мм, сол жағы – 30мм және төменгі жағы – 25мм.
Әрбір тарауды жаңа беттен бастау керек. Параграфтар мен тармақтардың мәтінін, жеткілікті орын болған жағдайда, аяқталмаған беттің бос бөлігіне басуға болады.
Тараулардың, параграф пен тармақтардың атаулары арасындағы ара-қашықтық мәтіннен бір жолға шегінуді құрауы тиіс: параграф (тармақ) атауы мен мәтін арасындағы ара-қашықтық мәтіннен екі жолды құрауы тиіс; алдындағы параграф (тармақ) мәтінінің соңы мен келесі параграф (тармақ) атауы арасындағы ара-қашықтық мәтіннен екі жолға шегінуді құрауы керек.
Басылған мәтіннің және иллюстрациялар, кестелердің ресімделу, ЭЕМБ - дан басып шығарылу сапасы айқын қайталану талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
Курстық жұмысты орындау кезінде бүкіл мәтін бойынша біркелкі тығыздық пен бейнелердің анық көріну талабын сақтау қажет.
Курстық жұмыстың құрылымы
Курстық жұмыстың құрылымдық элементтерінің атаулары Мазмұны, Кіріспе, тараулардың атауы, Қорытынды, Пайдаланылған әдебиеттер тізімі диплом жұмысының құрылымдық элементтерінің бас тақырыптары болып табылады және Мазмұнында, сол сияқты абзацтан басталған диплом жұмысының мәтінінде бас әріптермен жазылады.
Жұмыстың негізгі бөлімін тарауларға, параграфтарға бөлу көзделеді.
Тараулар, параграфтар және тармақтар тақырыптарға ие болуы тиіс. Тақырыптар тараулардың, параграфтардың және тармақтардың мазмұнын анық және қысқа көрсетуі тиіс.
Параграфтардың және тармақтардың атауын, астын сызбай, соңына нүкте қоймай, шегініс жасап абзацтан бас әріптермен басу керек.
Курстық жұмыстың беттерін нөмірлеу
Курстық жұмыстың беттерін, курстық жұмыстың бүкіл мәтіні бойынша қатар нөмерленуін сақтай отырып, араб цифрларымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмірі парақтың төменгі бөлігінің ортасына нүктесіз қойылады.
Титул беті, курстыұ жұмысқа тапсырма, Мазмұны, Кіріспенің бірінші бетін беттердің жалпы нөмірленуіне кіргізеді. Титул бетіне, курстық жүмыста Тапсырмада, Мазмұнында беттердің нөмірі қойылмайды. 3 цифры Кіріспенің екінші бетіне қойылады.
Жекелеген беттерге орналастырылған иллюстрациялар мен кестелер курстық жұмыс беттерінің жалпы нөмерленуіне кіреді (немесе Қосымшаға шығарылады).
Тараулар мен параграфтарды нөмірлеу
Курстық жұмыстың тараулары шегініс жасап абзацпен жазылады және нүктесіз араб цифрларымен белгіленеді, бүкіл жұмыс шегінде реттік нөмірлері болуы тиіс. Параграфтардың әрбір тараулар шегінде нөмірлері болуы қажет. Параграф нөмірі, нүктемен бөлінген, тараулардың және параграфтың нөмірлерінен тұрады. Параграф нөмірінің соңынан нүкте қойылмайды. Тараулар мен параграфтар бір немесе бірнеше тармақтардан тұруы мүмкін.
Иллюстрациялар және кестелер
Иллюстрацияларды (сызбалар, карталар, графиктер, кескіндер, компьютермен басып шығарылған беттер, диаграммалар, түсірілген суреттер) курстық жұмыста, олар жайында алғаш айтылған мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастыру көзделеді.
Иллюстрациялар мен кестелер компьютермен орындалған және түрлі түсті болуы мүмкін. Жұмыста барлық иллюстрацияларға және кестелерге сілтеме жасау қажет.
Иллюстрацияларды және кестелерді жұмыстың басынан аяғына дейін қалдырмай араб цифрларымен нөмірлеу көзделеді.
Пайдаланылған әдебиеттер және сілтемелер тізімі
Дерек көздері туралы мәліметті курстық жұмыстың мәтініндегі дерек көздеріне сілтемелер жасаудың реті бойынша орналастыру керек және абзацтан кейін араб сандарымен нүктесіз нөмірленеді.
Тұтас құжатқа немесе оның бөлімдеріне және қосымшаға сілтеме жасау көзделеді.
Стандарттар және техникалық шарттарға сілтеме жасау кезінде олардың белгіленуі ғана көрсетіледі, бұл ретте пайдаланылған дерек көздері тізімінде стандарт толық сипатталған жағдайда олардың бекітілген жылын көрсетпеуге рұқсат етіледі.
Пайдаланылған дерек көздеріне сілтемелер квадратты жақшаға алынады. Мысалы, [2, 17б.].
Газеттердегі ақпараттарды пайдалану кезінде квадрат жақшаларда дерек көзінің нөмірін ғана көрсетуге болады, мысалы, [7].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде нормативтік актілерді қолданған кезде актінің толық атауын, қабылданған күнін және номірін көрсету керек.
Қосымша
Қосымшалар осы курстық жұмыстың жалғасы ретінде келесі парақтарына рәсімделеді.
Жұмыс мәтінінде барлық қосымшаға сілтемелер берілуі тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады.
Әрбір қосымша жаңа беттен басталып, Қосымша сөзі мен атауы беттің жоғарғы жағының ортасында көрсетілуі тиіс және ол курстық жұмыс жазылған тілге сәйкес белгіленеді, мысалы, (қосымшасы А).
6. Курстық жұмыстың түпкілікті нұсқасын ресімдеу
Курстық жұмыс түпкілікті нұсқасында компьютерде басылған болуы тиіс.
Иллюстрацияларымен диплом жұмысының көлемі, оған тіркелген қосымшаларды есептемегенде, қағаздың стандартты парағының 20-30 бетін құрауы тиіс.
Мәтінде абзацтар анық бөліп көрсетілуі тиіс. Абзацтағы шегініс 1см құрауы тиіс.
Курстық жұмыстың жетекшісі ол туралы пікір дайындайды, онда объективті (оң немесе теріс) баға береді, атап айтқанда:
жұмыстың рәсімделуге сәйкестілігі;
студентпен қажетті нормативтік актілерге және арнайы
әдебиеттерге зерттеу жүргізілгендігі;
жұмыс тақырыбының ашылғандығы;
оң жақтары және кемшіліктері.
7. Курстық жұмысты қорғау
Курстық жұмысты қорғау құрамында кемінде 3 мүшесі бар комиссиямен жүзеге асырылады. Комиссия құрамына кіреді: курстық жұмыстың жетекшісі және курстық жұмыстарды қорғауды қабылдауға құқығы бар оқытушылар тізіміне кафедра меңгерушісі өкімімен енгізілген кафедра оқытушылары. Курстық жұмысты қорғау көпбалды әріптік жүйесі бойынша бағаланады.
ҚОСЫМША А
Курстық жұмыстың тақырыптары
1. Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидаларының маңызы.
2. Азаматтық істердің ведомствалық бағыныстылығы және
соттылығы.
3. Азаматтық іс жүргізуге қатысушы тұлғалар.
4. Сот өкілдігі.
5. Талап – құқықтарды қорғау құралы ретінде.
6. Азаматтық процестегі сот дәлелдемелері.
7. Бірінші инстанциядағы сотта іс жүргізу.
8. Талап өндірісі.
9. Ерекше талап өндірісі – азаматтық процесстің түрі ретінде.
10. Азаматтық процесстің түрі ретіндегі ерекше өндіріс.
11. Апелляциялық инстанциядағы сотта іс жүргізу.
12. Заң күшіне енген сот актілерін қадағалау тәртібі бойынша
қайта қару.
13. Азаматтық процестегі шетел азаматтарының құқықтық
жағдайы.
14. Құқықты қорғаудың соттан тыс нысандары.
15. Атқару өндірісіндегі құқық қолдану мәселелері.
16. Соттардың шаруашылық құқықтық қатынастардан
туындайтын дауларды қарастыруы.
17. Азаматтық процестің ұғымы, пәні, жүйесі және әдісі.
18. Азаматтық іс жүргізушілік қатынастар және олардың
субъектілері.
19. Азаматтық процеске прокурордың қатысуы.
20. Азаматтық процестегі тараптардың құқықтық жағджайы.
21. Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалардың құқықтық
жағдайы.
22. Азаматтық процестегі дәлелдеудің сатылары мен маңызы.
23. Іс жүргізу сатысы ретіндегі азаматтық істерді сотта қарау.
24. Азаматтық сот өндірісіндегі сот актілері.
25. Бұйрық өндірісіндегі істердің санаттары.
26. Азаматтық процестің конституциялық қағидалары.
27. Азаматтық іс жүргізудегі сараптама.
28. Азаматтық іс жүргізуде заттай дәлелдемелерді пайдалану.
29. Ерекше талап өндірісі істерін қарастырудың ерекшеліктері.
30. Бала асырап алу бойынша істерді қарастыру ерекшеліктері.
31. Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау бойынша істерді
қарастыру ерекшеліктері.
32. Банкроттық туралы істерді қарастыру ерекшеліктері.
33. Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдемелерді зерттеу және
бағалау.
34. Азаматтық процеске адвокаттың қатысуы.
35. Азаматтық істер бойынша өкілдік.
36. Азаматтық сот өндірісінің сатылары және түрлері.
37. Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу.
38. Сот өндірісін шешім шығарусыз аяқтау.
39. І инстанция бойынша істерді қарастырудағы сот актілері.
40. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта
қарау.
41. Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін сотта
қорғауға құқық.
42. Рухани (моральдық) зиянды өтеу туралы істерді қарастыру
ерекшеліктері.
43. Сот актілерін орындау сатысының мәні мен міндеттері.
44. Мүліктік дауларды третейлік сотта қарастыру.
45. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңдық
мүдделерін қорғау істеріндегі сот билігінің міндеттері.
46. Сот әділдігі органдарының құрылымы, мақсаттары және
міндеттері.
47. Шетел азаматтарының қатысуымен істер бойынша өндіріс.
48. Талап өндірісі істерінің санаттары.
49. Азаматтық процестегі кәмелетке толмағандардың мүдделерін
қорғау.
50. Азаматтық процестегі әрекетке қабілетсіздердің мүдделерін
қорғау.
51. Азаматтық процеске өкілдердің қатысуы.
52. Шетелдік азаматтық іс жүргізудің жалпы сипаттамасы.
53. Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері.
54. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының субъектілері.
55. Азаматтық іс жүргізу құқығындағы мерзімдер.
56. Азаматтық процестегі дәлелдеу құралдары.
57. Іс жүргізу сатысы ретіндегі сотта азаматтық істі қозғау.
58. Атқару өндірісі қатысушыларының құқықтық жағдайы.
59. Атқару әрекеттерін жүргізудің тәртібі және ережелері.
60. Азаматтық істердің жеке санаттары бойынша мәжбүрлеп
орындаудың ерекшеліктері.
61. Нотариат: тарихы және жаңа заманы.
62. ҚР нотариат органдары.
63. Азаматтық сот өндірісіндегі сот бұйрығы.
64. Азаматтық іс жүргізудегі кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау.
65. Талап мәселелері және талапқа құқық.
66. Жоғалтқан сот өндірісін қалпына келтіру.
67. Құқықтарды қорғау нысаны ретіндегі сот әділдігінің
ерекшеліктері.
68. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы -
құқық саласы ретінде.
69. Сот прецедентінің түсінігі және оның жаңа жағдайлардағы
қолданылу аясы.
70. Қазақстан Республикасындағы сот реформасы: тенденциялары
және алғышарттары.
71. Азаматтық процестегі объективтік шындық қағидасы.
72. Сот дәлелдемелері ретіндегі тараптардың және үшінші
тұлғалардың түсініктемелері.
73. Сот дәлелдемелері ретіндегі куәлардың айғақтары.
74. Талап туралы ілім: тарихы және жаңа көзқарастар.
75. Сот процесінің мәдениеті.
76. Азаматтық процестің орталық сатысы ретіндегі сот талқылауы.
77. Сот шешімінің заңдық күші.
78. Тұтынушылардың құқығын соттық қорғау.
79. Бұқаралық ақпарат құралдарын соттық қорғау.
80. Қазақстан Республикасы соттарының шетелдік тұлғалардың
қатысуымен істер бойынша өкілеттіктері.
81. Атқару өндірісінің маңызды мәселелері.
82. Атқару өндірісіндегі соттың рөлі.
83. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының объектісінің
мәселелері.
84. Мемлекеттік органдардың азаматтық процесске қатысуы.
85. Азаматтық процестің пайда болуы және дамуы.
86. Сот шығындары: түсінігі және жіктелуі.
87. Азаматтық процесте мерзімнің маңызы.
88. Азаматтық процестегі мәжбүрлеу шаралары және
жауапкершіліктер.
89. Азаматтық процестегі бірігіп қатысушылық.
90. Қазақстан Республикасындағы судьяның мәртебесі: теория
мен практика мәселелері.
91. Ааматтық іс жүргізу құқығы әдістерін анықтау мәселелері.
92. Азаматтық істерді қарастырудағы третейлік соттардың
маңызы және рөлі.
93. Халықаралық коммерциялық арбитраж.
94. Балаларды тәрбиелеумен байланысты істерді қарастыру
ерекшеліктері.
95. Денсаулыққа келтірілген зиянды өтеттіру бойынша дауларды
қарастыру ерекшеліктері.
96. Жанұялық қатынастардан шығатын дауларды қарастыру
ерекшеліктері.
97. Азаматтық іс жүргізудегі тұтынушылардың құқығын қорғау.
98. Азаматтық іс жүргізудегі сөз мәдениеті және ораторлық өнер.
99. Сот әділдігіне қол жеткізудің жаңа заманғы мәселелері.
100. Экономикалық сотпен даулардың соттылығының мәселелері.
101. Азаматтық іс жүргізудегі жариялы-құқықтық даулар.
102. Заңдық делдалдық және дауларды бейбіт келісіммен шешуге
жәрдемдесу.
103. Заң - іс жүргізу қатынастарының негіздемесі ретінде және
азаматтық іс жүргізудің субьектілерінің әрекеттері.
104. Азаматтық сот өндірісі сатыларында іс жүргізу
қатынастарының қалыптасуы және дамуы.
105. Соттық ведомствалық бағыныстылықты анықтаудағы
басымдықтар.
106. Сотқа жүгінудің жалпы ережелері.
107. Мұрагерлік туралы істер бойынша өндіріс.
108. Соттың құқықтары мен міндеттері.
109. Тұлғалардың іс жүргізу құқық қабілеттігі мен әрекет
қабілеттігінің жағдайлары.
110. Іс жүргізу құқық мирасқорлығын жүзеге асыратын
тұлғалардың құқықтық мәртебесі.
111. Сот әділдігін жүзеге асыруға жәрдемдесетін тұлғалардың
құқықтық мәртебесі.
112. Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеуге жататын фактілер мен
жағдайлар.
113. Істің нақты жағдайлары және ерекшеліктерін есептегендегі
азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеудің шегі.
114. Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдемелерді бекіту үшін
техникалық құралдардың қолданушылығы.
115. Істің нәтижесінде заңдық мүддесі бар тараптардың және де
басқа да тұлғалардың түсініктемелері.
116. Құжаттар – азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу құралы ретінде.
117. Меншікті бөлу туралы істер бойынша өндіріс.
118. Азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары және олардың
қолданылуы.
119. Азаматтық-құқықтық даулардың альтернативті шешілуі.
120. Азаматтық істер бойынша сот әділдігі тиімділігінің
мәселелері.
121. Азаматтық іс жүргізуде сот кемшіліктерін жою.
122. Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығы және
негізділігі.
123. Азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаларының сот отырысында
жүзеге асырылуы.
124. Азаматтық іс жүргізу құқығындағы новеллалар.
125. Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу мәселелері.
126. Заңдық күшіне енбеген сот актілерін қайта қарау.
127. Заңдық күшіне енген сот актілерін қайта қарау.
128. Дауларды соттан тыс шешудің әдісі ретінде медиация институты
ҚОСЫМША Б
Экономикалық қатынастарды құқықтық
реттеу кафедрасының меңгерушісі
з.ғ.к., профессор Весельская Н.Р.
Ю-21к тобының студенті
Омаров М.А.
Өтініш
Сізден Азаматтық іс жүргізу пәні бойынша : Азаматтық сот өндірісінің сатылары және түрлері атты курстық жұмыстың тақырыбын бекітуіңізді сұраймын.
Қолы
Күні
ҚОСЫМША В
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Азаматтық іс жұргізу құқығы
Тақырыбы: Азаматтық сот өндірісінің сатылары және түрлері
Орындаған:
Ю-21к тобының студенті Омаров М.А.
Ғылыми жетекші:
з..ғ.к., аға оқытушы Сопыханова А.Б.
Қарағанды 2010
ҚОСЫМША В -1
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
Астана қаласының қашықтықтан оқыту орталығы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Азаматтық іс жұргізу құқығы
Тақырыбы: : Азаматтық сот өндірісінің сатылары және түрлері
Орындаған:
Ю-21жб тобының студенті Омаров М.А.
Ғылыми жетекші:
з..ғ.к., аға оқытушы Сопыханова А.Б.
Қарағанды 2010
ҚОСЫМША Г
МАҚМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. АЗАМАТТЫҚ ІСТІ СОТТА ҚАРАУҒА ӘЗІРЛЕУ ... ... ... ... 4
1.1. Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу – азаматтық іс жүргізудің сатысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу бойыншаі іс жүргізу әрекеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3. Сот хабарлаулары мен шақырулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2. АЗАМАТТЫҚ ІСТІ СОТТА ҚАРАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.1. Сотта іс қарау сатысының мәні және құрылымы ... ... ... ... 16
2.2. Сотта іс қарау бөлімдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... .30
ҚОСЫМША Д
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. ҚР Конституциясы, 30.08.1995ж.
2. ҚР ҚР сот жүйесі және соттардың мәртебесі туралы Конституциялық Заңы. 25.12.2000ж.
3. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі. 13.07.1999ж.
4. Егембердиев Е.О. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы. (жалпы және ерекше бөлімдері) Қарағанды, 2003ж.
5. Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право РК. – Алматы: КазГЮА, 2001г.
6. Соттардың денсаулыққа келтірілген зиянды өтеттіру бойынша заңдылықтарды қолдануының кейбір мәселелері туралы ҚР Жоғары Сот Пленумының Қаулысы. №9 09.07.1999ж.
7. ҚР соттарының банкроттық туралы заңдылықтарды қолдануының кейбір мәселелері туралы ҚР Жоғары Сотының Нормативтік Қаулысы. №3 28.04.2000ж.
8. Учебник гражданского процесса. Под. ред М.К. Треушникова. М., 1999 г.
9. Гражданский процесс. Учебник. Под ред. М.С. Шакарян. М., 1996 г.
10. Төлеубеков А.Т. ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы: 050301 Юриспруденция мамандығының студенттеріне арналған оқу-практикалық құрал. – Қарағанды, 2008ж.