Қорытынды.
Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктер халықшаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдарының капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді. Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады.
Банктер басқарудың экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі несиелермен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді.
Банктік жүйенің негізгі мақсаты – несиелік механизмді жетілдіру, ақша массасын реттеудегі әдістерін жетілдіру, есеп айырысуды тездету және төлем тәртібін сақтау болып табылады. Қазақстан Республикасы 1993 жылы 15 қараша айынан бастап өзіміздің ұлттық валютамыз – төл теңгемізді еңгізді.
Қорыта келгенде, ҚР банктер жүйесін зерттеуде байқайтынымыз Қазақстанда бірнеше банктер алға шығып және шетелдермен тікелей байланыс жасап отыр. Бірақ оның бәсекеге қабілеттілік деңгейі әлі де төмен. Себебі біздің банктер көбінесе шетелден және көп мөлшерде қарыз алуды жалғастырып отыр. Сондай-ақ банктік заңнаманы да қарастыру қажет, өйткені бұл мәселе де өзекті болып отыр. Банктік заңнаманың дамуында қиыншылықтар байқалады және бір тұрақты заң қабылдайтын кез келді. Бұл да ҚР банктерінің бәсекеге қабілеттігін арттыруға көмегін тигізеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Ақша, несие, банктер. Алматы: Экономика, 2001ж. 162,163; 232,233бет
2. И.Қ.Мамыров, М.Ә.Тілеужанова. Макроэкономика. Алматы: Экономика, 2003 жыл. 212 бет.
3. Заң. ҚР банктік заңдар, жетілдіру, проблемалары. №3 30-33 бет.
4. Егемен Қазақстан. 2002 19 маусым. 8 бет. Ақышева Ә. Банк саласының бүгінгі жаңалықтары.
5. Егемен Қазақстан 2005 жыл. 25 наурыз 6 бет. Сейітханұлы Қ. ТұранӘлемБанктің жаңа қадамдары.
6. Жас Алаш 2006ж. 18 шілде. 2 бет. Керейбаев Д. Абырой мен сапа басты бағдар.
7. Жас Алаш 2006. 3 тамыз. 2 бет. Бәсекелестерін басып озған банк.
8. Жас Алаш 2006. 10 қазан. 3 бет. Марченко Г. Кәсіпорынның Халық банкімен бірге өскеніне мүдделіміз.
9. Ізденіс. 2002 №2. 101-103 бет. Зиябеков Б. Ауылшаруашылығындағы тәуекелдерінің ерекшеліктері мен түрлері.
10. Экономика негіздері 2006, №2 46-48бет; №3 43-47 бет. Банк ісі.
11. Экономика негіздері. 2003, №3 33-35 бет. Тұрлыбекова А. Екінші деңгейлі банктердің несиелік саясатын бағалау.
12. Қаржы –қаражат. 2006, №2 9-14 бет. Шаяхметова К. Банктік тәуекелдердің жіктелуі.
13. Егемен Қазақстан 2002 15 маусым. 4 бет. Темірбанк акционерлік қоғамы өзгерді.
14. Егемен Қазақстан 2004. 30 қазан, 5 бет. АТФ банк – сенімді серіктестік. Алдаберген Ә.
15. Банки Казахстана. 2003. №8 25-26стр. Абдрахманова Е. Роль Казахстанских банков в активизации экономических связей между Россией и Казахстаном.
16. Поиск. Серия гуманитарных наук. 2006 №3. 132-136 стр. Абдурахманова Р. Развитие банковской системы в Казахстане в начале ХХ века.
17. Евразийское сообщество, общество, политика, культура.2005 №4. 60-66стр. Арыстанбаева С. Банковская система в обеспечении конкурентоспособности реального сектора экономики Казахстана.