Ф КГМУ 43-0602
ИП №6 УМС при КазГМА
от 14 июня 2007 г.
Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Акушерия және гинекология кафедрасы
Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
Комбинирленген оралды контрацепциялар. әсер ету механизмі. Артықшылығы. Кемшіліктері. Контрацепциялық емес эффективтілер. Қолдану ережесі. Кері әсерлері. Қауіпті белгілер. Қолдануға көрсеткіш және қарсы көрсеткіш.
Пәні: Репродуктивті денсаулық. Балалар гинекологиясы
Мамандығы: 051301 Жалпы медицина
Курс: 5
Құрастырған: ассистент И.Л.Копобаева
Қарағанды 2011ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген
Хаттама № ____ __________________20___ж.
Кафедра меңгерушісі м.ғ.к. ______________________ Г.К.Мамалинова
Тақырыбы: Комбинирленген оралды контрацепциялар. әсер ету механизмі. Артықшылығы. Кемшіліктері. Контрацепциялық емес эффективтілер. Қолдану ережесі. Кері әсерлері. Қауіпті белгілер. Қолдануға көрсеткіш және қарсы көрсеткіш.
Мақсаты: комбинерленген оралды контрацепцияның әсер ету механизмі, кері әсерлері, контрацепциялық емес әсерін, қауіпті белгілерін, қолдануға көрсеткіш және қарсы көрсеткішін оқып үйрену.
Оқыту міндеті:
1. комбинерленген оралды контрацепцияның әсер ету механизмін білу
2. комбинерленген оралды контрацепцияның контрацепциялық емес әсерін, кемшілігі мен артықшылығын білу.
3. оны қолдануды түсіндіре білу
4. комбинерленген оралды контрацепцияның қауіпті белгілерін, қолдануға көрсеткіш және қарсы көрсеткішін, кері әсерін білу.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Комбинерленген оралды контрацепция – гестоген және эстроген құрамды таблеткалардан тұрады.
Әсер ету механизмі. Барлық гормондар репродуктивті жүйеге тікелей және тікелей емес әсер етеді. Негізгі әсері ФСГ мен ЛГ синтезін тежейді, овуляцияны блоктайды. Цервикалды шырышқа прогестагенді компонентті әсерімен қоюлатып, сперматазоидтың енуіне кедергі жасайды. Гестагенді құрам жатыр түтікше перистальтикасын төмендетеді, эндометрияда регрессивті, атрофияға дейін әсер етеді. Осыдан имплантацияға кедергі жасайды.
Қажеттілігі . КОК тек контрацепциялық қасиеті ғана емес, басқа да қасиеттері бар.
Контрацептивті қасиеті КОК жатады:
жоғары эффективтілік және жылдам контрацепцтивті әсер.
Қайтымды үрдіс;
Кері әсері төмен;
Фертилділік бақылау тиімді;
Жыныс партнерінің қатысынсыз, қатынасқа әсер етпейді;
Жүктілік алдындағы қорқынышты алдын алады;
Уақыт үнемді.
Контрацепциялық емес әсері::
Аналық без рагы қаупі төмендейді 45-50%;
Эндометрия рагы даму қаупін төмендетеді 50-60%;
Сүт бездерінің қатерсіз ісігі қаупін төмендетеді 50-75%;
Соңғы 5 жылдық қабылдауда жатыр миомасы дамуын тежейді;
Цервикалды шырышының қоюлануына байланысты кіші жамбас қуысының қабыну ауруын дамуын төмендетеді 50-70% ;
Жатырдан тыс жүктілік дамуын төмендетеді;
Ретенционды аналық без кистасы жиілігін төмендетеді 90%);
Етеккір алдылық және дисменорея симптомын төмендетеді;
постменопаузалды остеопороз даму қаупін төмендетеді;
аз көлемді қан кету әсерінен енемияның дамуын төмендетеді;
акне, себорее, гирсутизм кезінде емдік қасиеті бар (КОК III туыстығы);
эндометриозда емдік қасиеті бар ;
жатыр мойнының эктопиясында емдік қасиеті бар (эктопия аумағында репаративті стимуляция);
бедеулік кезінде емдік қасиеті бар (ребаунд-эффект);
ЖІК мүмкіндігінің жоғарылауы;
Асқазан, он екілі ішек ойық жарасында, ревматоидты артритта оң мәнді әсер етеді.
әдіс кемшілігі:
Күнделікті қабылдау керек;
Қателесу мүмкін;
Жыныстық жолмен берілетін инфекциядан қорғамайды;
Асқыныстар болуы мүмкін;
Басқа препаратпен қоса қабылдағанда эффектисі төмендейді.
Кері әсері .
әстрогенннің көптік әсері:
•бас ауру;
•АҚҚ жоғарылайды;
•ашуланшақ;
•құсу, лоқсу;
•бас айналу;
•мастодиния;
•хлоазма;
•вариказды тамырдың нашарлауы;
•линзаны қолдану нашарлайды;
•дене салмағы көбейеді.
Эстоген жетіспеушілік эффектісі:
•бас ауру;
•депрессия;
•аұшуланшақ;
•сүт бездерінің кішіреюі;
• либидоның төмендеуі;
• қынаптың құрғақтығы;
•етеккір аралық қанды бөліністер;
•аз етеккір.
Прогестагеннің көптік әсерә::
•бас ауру;
•депрессия;
•шаршағыштық;
•акне;
•либидоның төмендеуі;
•қынап құрғақтығы;
•варикозды вена жағдайынң төмендеуі;
•дене салмағының жоғарылауы.
Прогестогеннің жетіспеушілік эффектісі:
•көп көлемді етеккір;
•циклдің екінші жартысында қанды бөлініс;
•етеккірдің болмауы.
КОК қабылдағанда асқыныстар сирек. Оларға тромбоз және тромбоэмболия жатады (терең вена тромбозы, өкпе артериясының тромбоэмболиясы).
Қолдануға көрсеткіш және қарсы көрсеткіш.
Абсолютті қарсы көрсеткіш:
Гoрмоналды тәуелді қатерлі ісік (жыныс мүшелер, сүт бездерінің ісігі);
Бауыр және бүйрек қызметінің айқын бұзылысы;
Бауыр ісігі;
жүктілік;
ауыр жүрек-тамыр аурулары, бас миының тамырлық аурулары, жыныс жолдарынын себепсіз қан кету;
ауыр артериалды гипертензия (артериалды қысым 180110 мм рт. ст. жоғары);
ошақтал неврологиялық симптомды мигрень;
жедел терең вен тромбозы, тромбоэмболия;
ұзақ иммобилизация;
хирургиялық операциядан кейін 4 апта бұрын не 2 аптадан соң (тромбозды асқыныстар түзілуі мүмкін);
35 жастан астам уақыт шылым шегу;
Тамырлық асқыныспен қант диабеті;
III-IV дәрежедегі семздік
лактация (эстроген сүт құрамына енеді).
Гормонды контрацепцияны жедел тоқтату кеерек ететін Қауіпті белгілер:
мезетте бас ауру;
көздің көргіштігінің, координация, сөйлеудің, аяқтағы сезімталдықтың төмендеуі
кеудеде жедел ауырсыну, ентігу, қан қақыру;
іште жедел ауырсыну;
аяқтағы ауырсыну;
қан қысымның жоғарылауы;
қышыну, сарғыштық;
тері бөртпесі.
Білім беру және оқыту әдістері: (кіші топтарда жұмыс жасау, дискуссиялар, оқулықтармен жұмыс жасау, жағдайлық есеп шешу, барлық туындаған сұрақтар бойынша оқытушымен кеңесу, тестілеу, рольдық ойындар, дағдыларға фантомдар мен муляждарды қолдана отырып үйрену), TBL (командалық бағытпен оқыту).
Әдебиеттер:
Орыс тілінде:
негізгі:
1. Руководство по акушерству и гинекологии: учебное пособие пер. с англ. Под ред.Э.К.Айламазяна. – 4-е изд. – М., 2009. – 650 с.
2. Гинекология: учебник под ред. Г.М.Савельевой, В.Г.Бреусенко. – 3-е изд. – М., 2008. – 432 с.
3. Свод практических рекомендаций по применению средств контрацепции. ВОЗ, 2005
4. Карол В. Гормональная контрацепция. Под ред. Шамбаха Х. – М., 1988
5. Гинекология. Национальное руководство, Под ред. В.И. Кулакова, Г.М. Савельевой, И.Б. Манухина.М., 2009
қосымша:
1 Сметник В.П. Тумилович Л.Г. Неоперативная гинекология,-3-е изд., стереотип.-М. Медицинское информационное агентство,2002.
2 Дуда В.И. Гинекология 2002 г.
Қазақ тілінде:
негізгі:
1. Раисова А.Т. Акушерия және гинекология. АсемСистем,2006.
Бақылау:
Жағдайлық есеп.
Татьяна, 26 жаста. Етеккір апта алдында ауырсыну, етеккірдің көп келуі, әлсіздік, тез шаршағыштық, қозғыштық, теріде бөртпенің пайда болуына шағымданады. Mensis 13 жастан, тез реттелді, 5 күн, 30 күн сайын, ауырсынулы, көп көлемді. Жүктілік 2, босану 1, мед. Аборт 1.
Тексеру жоспары қандай және қандай ем ұсынасыз?
Тесттер:
1. Гормоналды контрацепция әсер ету механизмі?
A. Овуляцияны төмендету, шырышты қоюлату, эндометриядағы өзгерс, имплантацияға кедергі жасау.
B. Сперматазоидтың активтілігі мен өмір сүрулігі төмендеуі.
C. Спермицидті эффект, аналық клетканың өмір сүру мерзімі төмендеуі.
D. аналық клетканың жатыр түтікшесі арқылы өтуін тежейді
E. гонадотропин-рилизинг-гормонның секрециясының активтілігі, ФСГ және ЛГ активациясы.
2. КОК қай уақытта тағайындайды?
A. Етеккір ортасында.
B. Етеккір тоқтаған соң.
C. Етеккірдің 1 күні.
D. Етеккір соңында .
E. Циклдің әр күнінде.
3. КОК артықшылығына жатады:
A. Қайтымсыз үрдіс.
B. Жыныс партнерінің қатысынсыз, қатынасқа әсер етпейді;
C. Басқа препарат қолданғанда эффектісі төмендейді.
D. Дене салмағы жоғарылайды.
E. Жатырдан тыс жүктіліктің жиілігін жоғарылатады
4. Келесі жағдай дамыса: жылдам бас ауру, көз көргіштік төмендеуі, кеудедегі ауырсыну, ентігу, жедел іште ауырсыну, қан қысымның жоғарылауы
A. төменгі дозалы КОК ауыстыру
B. жоғарғы дозалы КОК ауыстыру
C. таза гестагенді контрацепцияға көшу керек
D. оралды контрацепцияны жатыр ішілік гормонды контрацепцияға ауыстыру
E. жедел гормонды тоқтату керек
5. КОК қарсы көрсеткіш, мынадан басқа:
A. Айқын бауыр және бүйрек қызметінің төмендеуі.
B. Жедел терең венаның варикозы және тромбоэмболия.
C. 35 жас + шылым шегу.
D. Жедел инфекциялы үрдіс.
E. Лактация.
6. Комбинирленген эстроген-гестагенді препараттарға астыңғы препараттардаң қайсы келеді:
A. Депо-Провера
B. Норплант
C. Норколут
D. Кломифен
E. Марвелон
7. Комбинирленген эстроген-гестагенді препараттардың контрацептивті эффекті не арқылы болады:
A. Абортты эффект
B. Сары дененің бұзулуы
C. Бәрі дұрыс
D. Бәрі дұрыс емес
8. Комбинирленген оральды контрацептивтерді қарсы көрсету:
A. бауырдың қызметінің бұзулуы
B. эпилепсия
C. тромбофлебитикалық синдром
D. семіздік III – IV дәрежесі
E. бәрі дұрыс
9. Комбинирленген эстроген-гестагенді препараттарға астыңғы препараттардаң қайсы келеді:
A. Депо-Провера
B. Норплант
C. Норколут
D. Кломифен
E. Тризистон
10. Комбинирленген эстроген-гестагенді препараттарды (оральды контрацептивтерді) қарсы көрсету бәрі дұрыс біреуден басқа:
A. бауырдың қызметінің бұзулуы
B. эпилепсия
C. семіздік I дәрежесі
D. тромбофлебитикалық синдром
E. семіздік III – IV дәрежесі
11. Овуляцияны болдырмайтың әдістер:
A. ЖІС
B. әйелдер стерилизация
C. абстиненция
D. гормональды контрацептивтер
E. спермицидтер
12. Комбинирленген эстроген-гестагенді препараттарға астыңғы препараттардаң қайсы келеді:
A. Депо-Провера
B. Норплант
C. Норколут
D. Кломифен
E. Тризистон
13. Комбинирленген оральды контрацептивтерді қарсы көрсету:
A. бауырдың қызметінің бұзулуы
B. эпилепсия
C. тромбофлебитикалық синдром
D. семіздік III – IV дәрежесі
E. бәрі дұрыс
14. Гормональды контрацептивтерді таңдау параметрлері болып, мінадан басқасы:
A. әйелдің жасы
B. партнердің жасы
C. экстрагенитальды аурулардың болуы
D. жыныс жүйенің жағдайы
E. гормональды фон
15. Комбинирленген эстроген-гестагенді препараттардың контрацептивті эффекті бүкілі арқылы болады, басқадан:
A. овуляцияны тоқтату
B. эндометрийге бластоцистаның имплантацияның бұзылуы
C. сары дененің қызметінің бұзулуы
D. жатыр түтікшелерінің перистальтикасы және жатырдың жиырылуы белсеңдігінің өзгеруі
E. қанда эстроген деңгейінің жоғарлауы
16. Овуляцияны болдырмайтың әдістер:
A. ЖІС
B. әйелдер стерилизация
C. абстиненция
D. гормональды контрацептивтер
E. спермицидтер
17. КОКтарды қолдану кезде жана мәсерлер:
A. бастың қатты ауруы
B. диарея
C. арықтау
D. жыныс қатынас кезінде ауруы
E. АҚ төмендеу
18. Гормональды контрацептивтерге бәрі жатады, тек мінадан басқасы:
A. Комбинирленген оральды контрацептивтер
B. Гестагенды контрацептивтер
C. Мысқұрамды жатырішілік жүйе
D. Гормонқұрамды жатырішілік жүйе
E. Мини-пили
19. Комбинирленген эстроген-гестагенді препараттарға астыңғы препараттардаң қайсы келеді:
A. Депо-Провера
B. Норплант
C. Линдинет
D. Норколут
E. Кломифен
20. Комбинирленген эстроген-гестагенді препараттарды (оральды контрацептивтерді) қарсы көрсету бәрі дұрыс біреуден басқа:
A. бауырдың қызметінің бұзулуы
B. эпилепсия
C. тромбофлебитикалық синдром
D. созылмалы бронхит
E. семіздік III – IV дәрежесі
Дұрыс жауаптар: 1-А , 2-С , 3-В , 4-Е , 5-D, 6-E, 7-A, 8-E, 9-E, 10-C, 11-D, 12-E, 13-E, 14-B, 15-E, 16-D, 17-A, 18-C, 19-C, 20-D.