МҰНАЙХИМИЯЛЫҚ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Скачать

Химиялық өнеркәсіп өндірістің индустриалды саласы ретінде 100 жылдам астам уақыттан бері өмір сүріп келеді. Бірақ тек жақын уақыттарда ғана ол барлық з тарихы білмеген үлкен өлшемдер мен гиганттық табыстарға қол жеткізді. Ертеректе химиялық өнеркәсіп негізгі шикізат ретінде коксохимиялық және орманхимиялық өндіріс шайырларын, минералды шикізаттарды, целлюлозаны, сонымен қатар үлкен мөлшерде жануарлар және өсімдіктер майларын және басқа да бидай, картоп сияқты тамақ материалдарын пайдаланды. Енді шикізат ретінде химиялық өнеркәсіпте мұнай және газдың көмірсутектері кеңінен қолданыла бастады. Қазіргі уақыттарда химиялық өнімдердің екі негізгі бағыты қалыптасты:
А) мұнай және газдан – мұнайхимиялық өндіріс;
Б) қатты отындардан, минералды заттардан, тамақ өнімдерінен – химиялық өндіріс.
Мұнайхимиялық өндірістің жиынтығы мұнайхимиялық өнеркәсіпті құрайды. Мұнайхимиялық қондырғылар табиғи және іліспе газдарды өндіру аудандарында, мұнайөңдеуші кәсіпорындар орналасқан аудандарда, басқаша айтқанда шикізат көзіне жақын маңдарға орналасады. Химиялық және мұнайхимиялық өнеркәсіптерде химиялық өнімдердің жүздеген әртүрлі саны алынады, олардың ішінде пластмассалар, каучуктер, синтетикалық талшықтар, синтетикалық жуғыш заттар, порохтар және жарылғыш заттар, тыңайтқыштар, улы химикаттар, әртүрлі медициналық препараттар, аммиак, қышқылдар, тұздар және көптеген басқа да химиялық өнімдер бар. Химиялық және мұнайхимиялық өнеркәсіптің шығаратын өнімдері ондаған миллион тоннаға жетеді және көлемі бойынша металдарды балқытумен салыстыруға тұрарлықтай, ал ол өндірістің орасан зор маңыздылығы өнеркәсіптің барлық салаларында және ауылшаруашылығында химиялық өнімдердің қолданылуымен анықталады. Мұнай және газды химиялық өнімдер өндірісі үшін қолдану келесілерге қол жеткізуге мүмкіндік берді:
а) химиялық өндіріс үшін шексіз шикізаттық базаны құруға, себебі көмірсутекті шикізаттар ресурсы сарқылмас көлемде болып табылады.
б) химиялық өнеркәсіптің шикізаты ретінде алдын қолданылып жүрген бағалы тамақ өнімдерінің орасан мөлшерін босатуға;
в) химиялық өнімдер өндірісі жұмсалатын еңбек шығындарын қысқартуға және өнімдердің өзіндік құнын төмендетуге, және бірнеше рет зауыттар құрылысы үшін жұмсалатын капитал салымдарын бірнеше есе қысқартуға;
г) жаңа жоғары өнімділікті процестерді және арзан шикізаттардың мөлшерінің орасан зор ресурсын пайдалану арқасында шығарылатын өнімдердің көлемін едәуір арттыруға;
д) жаңа мұнайхимиялық процестер құруға (мысалы, парафинді және олефинді көмірсутектерді спирттерге, альдегидтерге, кетондарға, қышқылдарға, нитроқосылыстарға өңдеу), ол іс жүзінде ертеректе қолданылып келген әдістер және шикізаттарды пайдаланған жағдайда іс жүзінде мүмкін болмас еді;
е) азотты тыңайтқыштар, синтетикалық материалдар, химиялық өнімдерді шығаруды үдету бойынша маңызды экономикалық міндеттерді шешуге.
Біз мұнайхимиялық өнерксіп химиялық өндірістерден негізінен бастапқы шикізаттармен және олардың сапасымен, және бірқатар жағдайларда оларды өңдеу әдістерімен және дайын өнімнің сапасымен, бұл екі өндірісі арасында дәл нақты шекара сызығын жүргізу мүмкін болмаса да ерекшеленеді. Тамақтық, өсімдіктік және басқа да тапшы шикізаттар мұнай табиғатындағы шикізаттармен өндірістен ығыстырылып шығарылғандықтан химиялық өндіріс мұнайхимиясымен жақындаса береді деп айтуға болады. Мұнайхимиялық өнімдердің өндірісі ірі мұнайхимиялық комбинаттарда немесе ірі химиялық зауыттарда, яғни сәйкес қондырғылар бар орындарда жүзеге асырыла алады. Мұнайхимиялық өндіріске өндірістің келесі түрлерін жатқызуға болады.

Мұнайхимиялық шұикізаттар өндірісі
Мұнайхимиялық шикізаттар мұнайды өндіру және өңдеуде, сонымен қатар көмірсутекті газдарды өңдеуде алынады, бірақ оларды мұнайхимиялық өндірісте тікелей қолдану үшін жоғары концентрленген және мұқият тазартылған көмірсутектер қажет. Алып қарайтын болсақ полиэтиленді және полипропиленді алу үшін негізгі зат мөлшері 99 пайыздан асып түсетін, алдын өндірілмеген таза мономер қажет болады. Шикізаттардың мұндай түрлері, мысалы концентрленген және жоғары тазалықтағы этилен және пропилен пиролиз газадарынан немесе циклогексан бензолдан және мұнай фракцияларынан мұнайхимиялық кәсіпорындарда алынады.

Мұнайхимиялық өнімдер және жартылай өнімдердің өндірісі
Бұл өндірістерге фенолды және ацетонды кумолдан алынуы, синтетикалық этил спирті және басқа спирттер, альдегидтер және кетондар, стирол және этилен тотығын, этиленгликольды, синтетикалық глицеринді, акрилонитрильді, хлорлы винил, нитропарафиндер, әртүрлі галоген туындыларды алу өндірістерін жатқызуға болады.

Синтетикалық каучуктер алу үшін мономерлер өндірісі
Жалпы мақсаттағы және біәрқатар арнайы мақсаттағы синтетикалық каучуктерді алу мономерлер өндірісімен байланысты болып келеді. Бутадиен бутан және бутендерді дегидрлеумен, изопрен – изопентанды және изоамиленді дегидрлеумен алынады. Этилен және пропилен (сополимерлік каучуктердің жаңа түрлері үшін қажет болып табылатын) көмірсутекті шикізаттарды пиролиздеумен, изобутилен крекинг газдарынан және изобутанды дегидрлеумен алынады. Алынатын каучуктердің өзіндік құны мономерлер өндірілетін дістерге едәуір мөлшерде байланысты болады, себебі СК өндірісінде мономерлер өндіру үшін жұмсалатын шығындар жалпы шығындардың 50-60 пайызынан асып түседі, ал капиталсалымдары мономерлер өндіру үшін арналған қондырғыны салу үшін жұмсалатыны, синтетикалық каучук өндіріс құрылысының 60-70 пайызын құрайды.
Пластмассалар, синтетикалық шайырлар және синтетикалық талшықтар үшін арналған мономерлер өндірісі. Бұл материалдардың 70 пайыздан астам мөлшері мұнайхимиялық шикізаттардан алынады. Пластмассалар арнайы жасақталған пластмасса зауыттарында алынады және тек кейбір түрлері ғана – мысалы, полиэтилен, полипропилен, және кейбір түрлері – мұнайхимиялық кәсіпорындарда өндіріледі. Пластмассалар және синтетикалық талшықтардан жасалатын бұйымдар өндірісі үшін арналған жартылай өнімдер және полимерлер бір типті болуы мүмкін. Алып қарайтын болсақ мысалы, полипропилен, капрон және найлон әртүрлі бұйымдар және машина бөлшектерін дайындау үшін қолданылады, бірақ олардан синтетикалық талшықтар иірім жіптерін және жіптерді дайындайды.

Полиолефиндер өндірісі
Полиолефиндер – полимеризациялық пластмассалардың жаңа түрлері болып табылады, олар этиленді, пропиленді және басқа олефиндерді полимерлеу жолымен алынады. Олардың өндірісі барлық пластмассалардық ¼ үлесіне жетеді және көпшілік жағдайда мұнайхимиялық өнеркәсіптерде өндіріледі.

Синтетикалық жуғыш заттар өндірісі
Синтетикалық жуғыш заттар мұнайхимиялық шикізаттар негізінде алынады. Олардың өндірісі мұнайхимиялық кәсіпорындарда және химиялық профиль зауыттарында жүзеге асырылады.


Скачать


zharar.kz