Л.С.Выготскийдің ізбасары, ғалым В.П.Зинченко Г.Л.Выгодская мен Г.М.Лифанованың "Л.С.Выготский — жизнь, деятельность, штрихи к портрету" кітабына алғы сөзінде былай деп ой толғайды: "Көптеген елдерде Л.С.Выготский туралы ғылыми мақалалар мен кітаптар жарық көріп, оның ілімдеріне арналған халықаралық және ұлттық конференциялар өткізілуде, оны данышпан ғалым, психология ғылымының "Моцарты" деп атайды, ал біз болсақ әлі күнге дейін қысылып, осы "Ұлы адам" туралы өз ойымызды толық жеткізе алмай келеміз.
Л.С.Выготский дамытқан сананың мәдени-тарихи тео-риясы бізге ауадай қажет. Оның теориясындағы негізгі ұғымдар: "мәдениет", "тарих", "сана"...
Л.С.Выготскийдің теориясы 1991 жылы коммунистік идеология қирағаннан кейін де өз маңызын жойған жоқ. Ол тек кеңестік психологиядағы ғана емес, әлемдік психоло-гиядағы құбылыс...
Л.С.Выготский — отандық психологияның біртұтас дәуірі, оның ілімі "кұдіретті, себебі ол дұрыс" болғандықтан емес, себебі ол — зиялы, мәдени, тарихи, сондықтан әркдшан да заман талабына сай және қызықты".
Осындай пікірді жалғастыра келіп, В.П.Зинченко: "Белгілі психологтар — В.В.Давыдов, А.В.Запорожец, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, Д.Б.Эльконин және көптеген дефектологтар Л.С.Выготский теориясының іргелі қағидаларына сүйене отырып, оны әрі қарай дамыткдн", — деп атап көрсетеді. Л.С.Выготскийдің сана мен іс-әрекет парадигмасын оның ізбасарлары тек іс-әрекет парадигмасымен ауыстырды.
Л.С.Выготскиймен қатар еңбек еткен психологтардың көпшілігі ұмытылып және ғалымның еңбектерін шығарута ұзақ уақыт бойы рұқсат берілмей келгенімен, оның есімі ғылыми басылымдарда үнемі аталып отырады.
Л.С.Выготскийдің ізбасарлары оның сана туралы ойының екі жақтылығын бөліп кдрастыратынын: сана — тұрмыс үшін және сана — сана үшін екендігін ұзақ уақытқа ұмытып кетті. Соңғысы, ЯРНИ "сана — сана үшін" міндетті түрде іс-әрекеттен жоғары. Осы тұрғыдан қарағанда, гана нағыз іс-әрекет пен сананың арақатынасы дұрыс болып, адамның әрекеті жемісті болады. Осыған байланысты Л.С.Выготскийдің адамның жеке-даралығы, оның жеке тұлғалығына көзқарастары кеңестік кезеңнің идеология-сына сай келмейді.
Адам жан дүниесінің сыр-сипатын терең зерттеген Л.С.Выготскийдің адам психикасының мәдени-тарихи дамуы және "бала дамуының жақын арадағы аймағы" деп аталатын тұжырымдары айрықша атап көрсетуді қажет етеді. Мәдени-тарихи теория туралы Выготский іліміндегі жүйе, ең алдымен, адамның әлеуметтік өміріндегі тіршілік бейнесі қоғамның даму дәрежесіне, екіншіден, ондай даму деңгейі сол әлеуметтік өрістің заттарды ұстап-тұтыну деңгейіне тәуелді, үшіншіден, адамның жарық дүниеге келуінен өмірінің соңғы кезеңіне дейін ұрпақтан-ұрпақкд мұра ретінде қалдыратын өмір тәжірибесіне, іс-әрекеті мен мінез-құлық бейнесіне, бір сөзбен айтқанда, бүкіл жан дүниесінің өзгеріп өрістеуіне, ^қалыптасуына ыкдал етіп отыратын тарихи фактор ретінде қарастырылады. Сондай-ақ баланың дамуы мен өсіп жетілуі, кәмелетке толып, азаматтық кдсиетке ие болуы, кісілік сипаттарының жетілуі де өрістеп отыратын тарихи жағдайларға, әлеуметтік ортаға байланысты,
дамып жетілуі, сыртқы ортадан түйсініп, қабылдаған, көріп білгендерін ой елегінен өткізіп, санасының өрістеуіне әсер етуі сыртқы факторлардың (экстериоризация) ішкі факторларға (интериоризация) айналуымен белгіленеді. Осы жайт Л.С.Выготскийдің адамның мәдени-тарихи дамуы жайындағы теориясының мәнісінен туындайды.
Л.С.Выготский теориясының енді бір ерекшелігі: баланың айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасауда тари-хи тәжірибелерді, тыныс-тіршілік шындығын өзгелердің сөзінен, тәлім-тәрбие өнегесінен жанамалай үйренуі. Осылайша, бала өзінің дербестігін, жеке басының психикалық қасиеттерін өрістетеді, әлеуметтік ортадан меңгерген білімі мен әр алуан мағлұматтары оның ішкі дүниесінің, психикасының дамуындағы ең жоғары функция, яғни болмыстың бала санасындағы бейнеленуі деп аталады.
Баланың басынан кешірген әр қилы оқиғалар мен болмысты белгі, таңбалар ретінде танып-біліп, мән-жайын түсінуі оның жан дүниесін байытады, яғни мұндай процесс баланың әрбір нәрсенің мазмұнын өз ойымен, ақылымен пайымдай білуін қалыптастырады. Выготскийдің айтуынша, дамудың осы жолы бойынша материалдық (заттық) дүние жоғары психикалық қызмет аркдІлы мәдени факторға (оның бейнесіне) айналады. Сондай-ақ жаттаудың сөздік-мағы-налық еске айналуы, нәрселердің бейнесін көз алдына келті-ріп елестетуі — сол зат жайындағы ойлау әрекетіне алып келеді, немесе бұлар шығармашылық қиялға айналады: қарапайым қимыл-қозғалыстар ерікті қимыл-әрекеттерге ауысады. Жоғарыда айтқанымыздай, ішкі процестер толығымен сыртқы әсерлер нәтижесінде пайда болып, қайтадан ішкі процестерге (интериоризация) айналады. Психикалық қүбылыстардың пайда болуы туралы осы пікір, баланың мәдени дамуындағы кез келген функциясының сыртқы көрінісінің сахнаға шығуы екі түрлі бағытта анық байқалатынын көрсетеді. Оның бірі — әлеуметтік сипатта, екіншісі психологиялық сипатта көрініп отырады. Даму процесіндегі мұндай психикалық заңдылық алдымен адамдардың өзара қарым-қатынасы арқылы өріс алса, * кейіннен оның нәтижелері адамның ішкі көңіл-күйінен жақсы байқалады. Л.С.Выготский "Жоғары психикалық функциялардың даму тарихы" дейтін еңбегінде (1931) осы пікірін одан әрі жалғастыра түсіп, "баланың жоғары психикалық функциясы әлеуметтік ортада ересектермен қарым-қатынас жасау арқылы туындап отырады, осы жағдайда ғана оның сана-сезімі өсіп жетіледі", — дейді. Л.С.Выготскийдің бұл тұжырымы "баланың дамуының жақын арадағы аймағы" жайындагы кдғидасына негіз болды.