Зауытқа келіп түскен сүт өздігінен соратын сораптармен 1 сүзгі 2 арқылы, ауалы салқындатқыштан 3 және есептегіштен 4 өтіп аралық ыдыстарға 8 беріледі. Есептеуіштер жоқ болған жағдайда сүт таразыларға 6 бағытталады, жуу астауынан 6 ортадан тепкіш сораптармен 7 аралық танкілерге 8 беріледі.
Жаңадан келіп түскен сүттің, пісіп жетілмеген түрінің қажетті мөлшері пастеризациялауға бағытталады немесе пастеризациялаусыз өткізіледі.
Пастеризацияланған сүтті пісіп жетілдіру үшін оны аралық танкілерден 8 сораппен 7 теңестіру багына 12 берілед, ол жерден сораппен 7 пластиналы пастеризатордың регенерациялау секциясына 13 қыздыру үшін беріледі, сүттің қыздырылған мөлшері сепаратор – қалыптандырушыға 14 сүтті май бойынша қалыптандыру үшін беріледі, май бойынша қалыптандырылған сүт пастеризациялау секциясына беріліп және соңында салқындату секциясына беріледі.
8-100с температураға дейін салқындатылған сүт танкілерге 11 пісі жетілдіру үшін бағытталады. Пісіп жетілдіруді сүтке бактериальды ұйытқыларды енгізу жолымен жүргізеді. Пісіп жетілдірілген сүт сораппен 7 қыздырғышқа 15 беріліп, ал одан соң есептеуіш 4 арқылы сырлы астауларға 16 беріледі.
Пастеризацияланбаған сүтті пісіп жетілдіру кезінде бірінші сорттағы сүт танкілерден 8 сораппен 7 сепаратор – сүттазалаушыға 9, салқындатушыға 10 беріліп және пісіп жетілдіру үшін арналған танкіге 11 бағытталады.
Пісіп жетілдірілген сүт сораппен 7 теңестіру багына беріліп 12, ол жерден сораппен 7 пластиналы пастеризатордың регенерациялау секциясына 13 қыздыру үшін беріледі. Қыздырылған сүт сепаратор - қалыптандырушыға 14 беріліп ол жерде май бойынша қалыптандырудаен өткізіледі. Қалыптандырылған сүт пастеризациялау секциясына беріліп, одан соң салқындату секциясына беріледі. Ұйыту температурасына дейін салқындатылған сүт, пастеризацияланып, қалыптандырылып болған соң сораппен 7 есептеуіш 4 арқылы ырлы астауларға 16 беріледі, ол жерде ол ұйытылып, ал алынған қоймалжың кесіліп, ұнталанып және сырлы дән алу мақсатында өңделеді.
Дайын сырлы дән сыр суымен бірге топтық қалыпатарға 18 беріледі, ол қалыптар жылжымалы тележкаларға 17 орнатылған, ол жерде сырды қалыптау және өздігінен престеу жүргізіледі. Сығымдалған сыртаразыларда 19 өлшеніп және контейнерлерге жайластырылып және солармен бірге тұздау бассейндеріне 20 беріледі.
Сыр қақтарын өндіру кезінде сырлы астауда алынған сырлы қоймалжың жазық шөміштермен үстелге 17 қойылып және сығымдау немесе өздігінен престелуден өткізілген соң, технологиялық нұсқаудың талаптарын сақтай отырып квадраттық түйіршіктерге кесіледі, және таразыларда 19 өлшеніп және тұздау астауларына немесе бассеиндеріне 20 беріледі. Тұздалған соң брынзалар түйіршіктері тұздамадан алынып және дайындалған ағаш бөшкелерге салынады.
Тұздаманы дайындау үшін тұзды астауда 21 ерітеді, және құбырлы қондырғыда 22 пастеризацияланып және пластиналы салқындатқышта 10 салқындатылады.
Тұздау бассеиндерін босату мақсатында сырлар 20-30 күндік демалудан соң қажетті концентрациядағы тұздамаға ие бөшкелерге салынады.
Сыр қақтарын өндірудің технологиялық сұлбасы 2 суретте крсетілген және чеддеризациялауға дейін 1 сұлбаға аналогты болып келеді. Мұнда сырлы астауда алынған 16 сырлы дән сораппен 17 арнайы аппаратқа 18 айдалады, ол жерде сырлы массаны престеу ж»әне чеддеризациялау процестері жүзеге асырылады. Чеддеризациялау аяқталған соң аппараттан сораппен 7 сырлы су аластатылып, сырлы пласта белгілі бір өлшемдердегі брускаларға кесіледі және транспортер 19 арқылы ұнталау үшін арналған машинаның бункеріне 20 беріледі, бұл жерде брускалар кіші түйіршіктерге майдаланады. Майдаланған чеддеризацияланған сырлы массаның түйіршіктері қабылдау астауына 21 беріліп, ол жерде белгілі бір концентрациядағы жылытылған тұзды ерітіндіге тап болады. Қабылдау астауынан массаның түйіршіктері тұздамамен бірге ортадан тепкіш сораппен 7 құбырлы балқытпаға беріледі 22. құбырлы балқытпадан балқытылған сырлы масса рассолмен және ұнталау және қыздыру кезінлде бөлінген сырлы сумен сырлы суды бөлу үшін арналған ббарабанды типтегі бөлгішке 23 беріледі. Тұздама және сырлы су бөлгіштен кері қабылдау астауына беріліп және балқытылған сырлы масса дозалау үшін арналған қондырғы бункеріне берілп және сыр қақтарын қалыптау құрылғысына 24 беріледі. Сырлар салынған қалыптар контейнерлерге 25 орнатылып салқындатылады. Дайын сыр қақатары дайындкмалары бумалау және тиеуге бағытталады.