Туынды сөздердің сөзжасамдық тәсілін көрсет

Скачать

“Морфемика негіздері” пәні бойынша
тест тапсырмалары

5В012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтары ұшін


1 модуль.Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі және оған тән ұғымдар

Қазақ тілі сөзжасамының зерттеу нысанын көрсетіңіз.
A.Туынды сөз
B.Морфема
C.Түбір
D.Дыбыс
E.Сөз тіркесі
Қазіргі қазақ тілі сөзжасамын зерттеген ғалымдар қайсысы?
A.H.Оралбаева, С.Исаев
B.А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов
C.А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев
D.Қ.Жұбанов, Б.Сағындықұлы
E.К.Құсайын, Ә.Қайдар
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атты еңбекте қазақ тілінде неше сөзжасамдық тәсіл бар деп берілген?
A.3
B.5
C.6
D.7
E.8
Орта ғасырда сөзжасамды зерттеген ғалымды анықта.
A.Қашқар
B.Яссауи
C. Дулати
D.Жалаири
E.Жоғарыдағылардың бәрі
Қазақ тіл білімінде сөзжасам қай кезден бастап зерттеле бастады?
A.80-жылдары
B.50-жылдары
C.60-жылдары
D.70-жылдары
E.ХХ ғ. басы
Сөзжасам деген терминді алғаш ұсынған ғалымды көрсет.
A.Оралбаева Н.
B.Сыздық Р.
C.Салқынбай А.Б.
D.Жампейісов Е.
E.Қайдар Ә.Т.

Сөзжасам нені зерттейді?
A.Туынды сөздің мағынасын зерттейді
B. Заттың түрін, түсін, пішінін, көлемін, сынын зерттейді
C. Сөздің құрамын зерттейді
D. Сөздің ауыспалы мағынасын зерттейді
E. Сөздің мағынасын зерттейді
Сөзжасам дегеніміз не?
A. Жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін тіл білімінің бір саласы
B. Қосымша жалғанған сөздерді зерттейтін тіл білімінің бір саласы
C. Сөздердің тұлғалық сипатын қарастыратын тіл білімінің бір саласы
D. Екі сөзден құралған тұлғаларды зерттейтін тіл білімінің бір саласы
E. Сөздердің мағыналық құрылымын зерттейтін тіл білімінің бір саласы
Сөзжасамдық ұя дегеніміз не?
A. Жаңа сөзжасамдарға негіз болатын, ортақ, өзек мағына қалыптастыратын сөздердің жиынтығы
B. Қосымша жалғанған сөздердің ұясы
C. Түбір сөздердің жиынтығы
D. Сөздердің тізбегінен құралған атаулар
E.Белгілі сөздердің семантикалық жолы, түрленуі
Сөзжасамдық тізбекті көрсетіңіз.
A.Оқу, оқушы, оқушылық
B. Оқы, оқырман, оқырманның
C. Оқырман, оқырманға
D. Оқы, оқу, оқумен
E. Оқы, оқу, оқырман
Сөзжасамдық тізбекке қайсысы жатады?
A. Біл, білім, білімді, білімділік
B. Бала, балалық, балалықты
C. Біл, білгіш, балалық
D. Бала, балалық, балалықтың
E. Бал, балалық, балалыққа
Сөзжасамдық тізбек дегеніміз не?
A. Түбірлес туынды сөздердің тобынан құралатын сөзжасамдық ұя бірлігі
B. Түбір сөздерден құралатын сөзжасамдық ұя бірлігі
C. Қосарланған сөздерден құралатын сөзжасамдық ұя бірлігі
D. Біріккен сөздерден құралатын сөзжасамдық ұя бірлігі
E. Негіз сөздерден құралатын сөзжасамдық ұя бірлігі
Сөзжасамдық жұпта неше мүше болады?
A.2
B.5
C. 3
D. 1
E. 4
Сөзжасамдық жұп деген не?
A. Сөзжасамдық ұядағы негіздеуші бен негізделетін сөз
B. Сөзжасамдық ұядағы барлық сөздер
C. Сөзжасамдық ұядағы туынды сөздер
D. Сөзжасамдық ұядағы негіз сөз
E. Сөзжасамдық ұядағы түбір сөз
Сөзжасамдық мағына дегеніміз не?
A. Туынды сөздің жасалуына байланысты пайда болған екіншілік мағына
B. Біріккен сөздердің мағынасы сөзжасамдық мағына болады
C. Түбір сөз бен қосымшаның мағынасы
D. Қос сөздің жасалуына байланысты пайда болған екіншілік мағына
E. Қысқарған сөздің жасалуына байланысты пайда болған екіншілік мағына
Сөзжасамдық тип дегеніміз не?
A. Сөзжасамдық тип деп бір сөз табынан белгілі бір жұрнақ арқылы жасалған ұқсас мағыналы туынды сөздердің жасалуын айтамыз.
B. Сөзжасамдық тип деп әртүрлі сөз табынан жасалған ұқсас мағыналы туынды сөздердің жасалуын айтамыз.
C. Сөзжасамдық тип деп бір сөз табынан қосарлану арқылы жасалған ұқсас мағыналы туынды сөздердің жасалуын айтамыз.
D. Сөзжасамдық тип деп бір сөз табынан бірігу арқылы жасалған ұқсас мағыналы туынды сөздердің жасалуын айтамыз.
E. Сөзжасамдық тип деп бірнеше сөз табынан жасалған ұқсас мағыналы туынды сөздердің жасалуын айтамыз.
Мына туынды сөздер қандай сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған? Адамгершілік, кісілік, келбетт.
A. Синтетикалық
B Аналитикалық
C. Семантикалық
D. Фонетикалық
E. Лексикалық
Төмендегі мысал қай сөзжасамдық тәсілге мысал бола алады? Бүлдірген, біреу,ағарған
A. Лексика- семантикалық
B. Синтетикалық
C. Лексикалық
D. Фонетикалық
E. Аналитикалық
Туынды сөздердің сөзжасамдық тәсілін көрсет.
Қарақат, қаракөз, ақбөкен, ақгүл
A. Аналитикалық
B. Синтетикалық
C. Семантикалық
D. Фонетикалық
E. Лексикалық
Сөзжасамдық тәсілдің жасалу жолын көрсет.
Тоң май, білезік, ой салу
A. Аналитикалық
B. Синтетикалық
C. Семантикалық
D. Фонетикалық
E. Лексикалық
Туынды сөздер қандай сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған? Бүлдірген, ағарған, қорған,қамал, айтыс, қоршау
A. Лексика-. семантикалық
B. Аналитикалық
C. Синтетикалық
D. Фонетикалық
E. Лексикалық
Мына туынды сөздер қандай сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған? Ақ-әк, аса-есе, үкімет-өкімет, үкім-өкім
A. Фонетикалық
B. Синтетикалық
C. Семантикалық
D. Аналитикалық
E. Лексикалық
Мына сөздердің сөзжасамдық тәсілін көрсет.
Ат-ат-ат, ас-ас-ас, ай-ай.
A. Лексика-семантикалық
B. Синтетикалық
C. Аналитикалық
D. Фонетикалық
E. Лексикалық
Сөзжасамдық тәсілді анықта.
Әке-шеше, алыс-жуық, қол орамал, аса таяқ.
A. Аналитикалық
B. Синтетикалық
C. Семантикалық
D. Фонетикалық
E. Лексикалық
Мына сөздер қандай сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған?
Аналық, айлық, жариялылық, сұйықтық
A. Синтетикалық
B. Аналитикалық
C. Семантикалық
D. Фонетикалық
E. Лексикалық
Сөзжасамдық тәсілдің түрін анықта.
Бірқазан, Жаңақорған, Сырдария, Жезқазған, Сарыарқа
A. Аналитикалық
B. Синтетикалық
C. Семантикалық
D. Фонетикалық
E. Лексикалық
Туынды сөздердің тізбегін көрсетіңіз.
A. Жақсы, жақсылық, жақсылықсыз
B. Жақсы, жақсылық, жақсылықтың
C. Жақсы, жақсылық, жақсылыққа
D. Жақсы, жақсылық, жақсылығымен
E. Жақсы, жақсылық, жақсылығын
Түбірлес туынды сөздерді табыңыз.
A. Көр, көргіш, көргіштік
B. Көр, көрсет, көрсетпе
C. Көр, көрсету, көрме, көрмені
D. Көр, көрме, көрмегеннен
E. Көр, көргіш, көргішті
Бір сөзжасамдық типке жататын туынды сөзді табыңыз.
A. Балаша, адамша, ойша
B. Балаша, оңаша
C. Балаша, адамша, ғалымдай
D. Балаша, керісінше, қараша
E. Балаша, сенше, менше
Сөзжасамдық жұпты анықта.
A. Кел-келгіш, келгіш-келгіштік
B. Кел-келме-келмеу
C. Кел-кет, кес-кеспе
D. Кел-келтірші, келтір-келтірме
E . Кел-кету, кел -келуші
Сөзжасамдық жұпты көрсет.
A. Ас-аспаз, аспаз-аспаздық
B. Асық-асықтық-асықпадық
C. Асық-асықшы-асықпашы
D. Аас-астық, астық-астықтар
E. Асық-асықпай
Сөзжасамдық жұпты белгіле.
A. Кеме- кемеші
B. Кеме-келме
C. Кеме- кеменің
D. Кеме-кемемен
E. Кеме-келмеген
Сөзжасамдық уәждеме дегеніміз не?
A. Екі түбірлес сөздің бірінің мағынасы екіншісінің жаңа мағынасының тууына негіз болатын, мағыналық себептілікке негізделген сөзжасамдық қатынас
B. Бір сөзден бірнеше мағына жасалуы
C. Туынды сөздердің бір жұрнақ арқылы жасалуы
D. Бірнеше сөздердің ұқсас мағына беруі
E. Бірнеше сөздің бір мағына беруі
Тура уәждеме арқылы жасалған туынды сөзді анықта.
A. Балалық
B. Ой салу
C. Таразыға салу
D. Ақылға келу
E. Көз салу
Тура уәждеме арқылы жасалған туынды сөздер қатарын анықта.
A. Кітапхана
B. Кітапхана үйі
C. Кітапхана залы
D. Жақсы кітапхана
E. Бай кітапхана
Тура уәждеме арқылы жасалған туынды сөздер тізбегі қайсысы?
A. Бақытты
B.Бақытқа
C. Бақыт
D. Бақытты болу
E. Бақ қону
Ауыспалы уәждеме арқылы жасалған туынды сөзді тап.
A. Үлгі алу
B. Кітап алу
C. Оқуға алу
D. Алып келу
E. Ала салу
Ауыспалы уәждеме арқылы жасалған туынды сөз қайсысы?
A. Жүрек жұтқан
B. Жүрегі соғу
C. Жүрегі
D. Жүре-жүре
E. Жүріп келе жатып
Ауыспалы уәждеме арқылы жасалған туынды сөзді белгіле.
A. Көре алмау
B. Көре алу
C. Алыстағы көру
D. Жақынды көру
E. Көрмені көру
Синтетикалық сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздерді көрсет.
A.Айтыс, айтыскер
B.Айтыс, арақатынас
C.Ара, пара
D.Ара, арайлым
E.Ара, арнаулы
Лексика-семантикалық сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздерді анықта.
A.жаз-жаз
B.кел-кетіп
C.оқы-оқы
D.бала-бала
E.бала-балапан
Лексика-семантикалық сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздерге қайсысы жатады?
A.Қырқы, жетісі
B.Айлық,айтыс
C.Бала-шаға
D.Жарыс, табыс
E.Оннан бірі
Лексика-семантикалық сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер қатарын белгіле.
A.тарау, тарау
B.бол, болмыс
C.кесім, кетім
D.ілгері, кейін
E.ащы-тұщы
Лексика-семантикалық сөзжасамдық тәсіл дегеніміз не?
A.Ешқандай тұлғалық өзгеріске түспей, мағыналық даму нәтижесінде екіншілік мағына туғызу
B.Тұлғалық өзгеріске түсіп, жаңа екіншілік мағына туғызу
C.Жұрнақ жалғану арқылы жаңа мағына жасау тәсілі.
D. Сөздердің мағынасының дамуы.
E. Жоғарыдағылардың барлығы.
Синтетикалық сөзжасамдық тәсіл дегеніміз не?
A. Жұрнақ жалғану арқылы жаңа мағына жасау тәсілі
B. Ешқандай тұлғалық өзгеріске түспей, мағыналық даму нәтижесінде екіншілік мағына туғызу
C. Тұлғалық өзгеріске түсіп, жаңа екіншілік мағына туғызу
D. Сөздердің мағынасының дамуы
E. Сөз мағынасының тарылуы
Фонетикалық сөзжасамдық тәсіл дегеніміз не?
A. Дыбыстардың сәйкес келуі мен жіктелуі нәтижесінде жаңа туынды сөз жасалу тәсілі
B. Ешқандай тұлғалық өзгеріске түспей, мағыналық даму нәтижесінде екіншілік мағына туғызу
C. Жұрнақ жалғану арқылы жаңа мағына жасау тәсілі
D. Дыбыстардың өзгермей-ақ, жаңа сөз жасауы
E. Тұлғалық өзгеріске түсіп, жаңа екіншілік мағына туғызу
Синтетикалық сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған туынды сөз қайсысы?
A. Құрылғы
B. Оқу құралы
C. Ой құралы
D. Құрал
E. Құрал табу
Синтетикалық сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер тізбегін көрсет.
A. Аспаз, астық
B. Аса берік
C. Ас, тамақ
D. Аса, өте
E. Аспаз, аспаздың
Синтетикалық сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған туынды сөзді тап.
A. Дарынды, дарындылық
B. Талант, талантқа
C. Дарын, дарындар
D. Талан-тараж
E. Дарын, дарынмен
Синтетикалық сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған туынды сөз қайсысы?
A.Абайла
B.Абай бол
C.Абай
D.Абайлап жүру керек
E.Абайлаған дұрыс
Туынды етістікті табыңыз.
A.Сына, ойна
B.Сұра, құра
C. Тырма, құрма
D. Айна, сайла
E. Байла, байрақ
Туынды етістікке берілген мысал қайсысы?
A. Ойла, таршылық
B. Тара, тарама
C. Сана, санамақ
D. Ой, ойнау
E. Тар, тара, тарақ, тарақта
Туынды етістік туғызушы тұлғаны көрсет.
A. -қыла, -кіле
B. -са, -сер
C. –ның, -ның
D. –тық, тік, -лық, -лік
E. ас, ес
Туынды етістік туғызушы тұлғаны анықта.
A. -ла, -ле
B. –ғы, гі
C. –ның, -ның
D. –тық, -тік, -лық, -лік
E. -гіш, -қыш
Туынды етістік туғызушы тұлғаға қайсысы жатады?
A. -ар
B. -гіш, -қыш
C. –ның, -ның
D. –тық, -тік, -лық, -лік
E. –тек
Туынды етістік туғызушы тұлға қайсысы?
A.–сы, -сі
B. -гіш, -қыш
C. –ның, -ның
D. –тық, -тік, -лық, -лік
E. –тек
Туынды етістік туғызушы жұрнақты көрсет.
A. - сыра, -сіре
B. -гіш, -қыш
C. –ның, -ның
D. –тық, -тік, -лық, -лік
E. –тек
Туынды етістік туғызушы тұлғаны белгіле.
A.–ыңқыра, -іңкіре
B. –ның, -ның
C. -гіш, -қыш
D. –тық, -тік, -лық, -лік
E. –тек
Туынды сын есімге негіз болатын сөздер қай сөз табынан болады?
A. Зат есім, етістік
B. Зат есім, еліктеуіш сөз
C. Етістік, шылау
D. Одағай сөз
E. Есімдік, кірме сөз
Туынды етістікке негіз болатын сөз таптарын анықта.
A. Зат есім, еліктеуіш сөз
B. Модаль сөз
C. Етістік, шылау
D. Бөгде сөз
E. Есімдік, кірме сөз
Туынды сан есімге қай сөз таптары негіз болады?
A. Сан есім, шылау
B. Зат есім, еліктеуіш сөз
C. Етістік, бөгде сөз
D. Одағай сөз
E. Есімдік, кірме сөз
Кіріккен күрделі етістікті көрсет.
A. Әкел, апар
B. Алып жүр
C. Айт, қайт
D. Ал, бер
E. Әкеле ғой
Лексика-семантикалық сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер қатарына қайсысы жатады?
A. Ою, ою
B. Ал, ал
C. Сал, салым
D. Қою, қою
E. Шал, шалғы
Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздерді анықта.
A. Алыс-беріс
B. Қою, қоюшы
C. Сал, салым
D. Ою, ою
E. Шал, шалғы
Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған мысалды анықта.
A. Ақберен
B. Қой, қойшы
C. Сал, салымшы
D. Ақшыл
E. Шал, шалғы
Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл арқылы қайсысы жасалған?
A.Иманжапырақ
B.Ақ, қызыл
C.Қою, қоюшы
D.Иманды адам
E.Шал, шалғы
Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер қатарына қайсысы жатады?
A. Иман жүзді
B. Қызылдар келді
C. Иманды бала
D.Иманды адам
E.Шал, шалғы
Аналитикалық сөзжасамдық тәсілге берілген мысалды анықта.
A. Күлімкөз
B. Әдемі күлкі
C. Күлкілі
D. Күлген адам
E. Күлкі
Аналитикалық сөзжасамдық тәсілге берілген мысалды тап.
A. Жиырма бес
B. Күнделікті
C. Күндіз
D. Күнде
E. Күнделік
Аналитикалық сөзжасамдық тәсілге берілген туынды сөзді белгіле.
A. Ерболат
B. Ер адам
C. Ерлік
D. Ерлік жасау
E. Еркінірек
Аналитикалық тәсіл дегеніміз не?
A. Екі не бірнеше сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жасалған сөзжасамдық тәсіл
B. Сөздердің бірігуі арқылы жасалған сөзжасамдық тәсіл
C. Екі не бірнеше сөздердің қосарлануы арқылы жасалған сөзжасамдық тәсіл
D. Екі не бірнеше сөздердің тіркесуі арқылы жасалған сөзжасамдық тәсіл
E. Дыбыстық алмасу арқылы жасалады
Себепші негізге сындық мағына қосатын сөзжасамдық тұлғаны көрсет.
A.–қы, -кі, -ғы, -гі
B –мен, -бен
C.-ыңыз, іңіз
D. -са, -сар, -сер
E. -лар, -лер
Себепші негізге сындық мағына қосатын сөзжасамдық жұрнақты белгіле.
A. –ты, -ті, -ды, -ді.
B. –мен, -бен
C.-ыңыз, іңіз
D. -са, -сар, -сер,
E. -лар, -лер
Себепші негізге сындық мағына үстейтін сөзжасамдық тұлғаны көрсет.
A. - шыл, -шіл
B. –мыш, -міш
C. ғой
D. -са, -сар, -сер,
E. -лар, -лер
Себепші негізге сындық мағына қосатын сөзжасамдық тұлғаны тап.
A.–дай, -дей, -тай, -тей.
B. –мыш, -міш
C. ғой
D. -у, -ғу
E. -лар, -лер

Себепші негізге заттық мағына қосатын сөзжасамдық тұлғаны көрсетіңіз.
A. –шы, -ші
B. –ғак, -гек, -қақ, -кек
C. ғой
D. -ла, -ле
E. -лар, -лер
Себепші негізге заттық мағына үстейтін сөзжасамдық тұлғаны көрсет.
A. –тық, -тік, -дық, -дік
B. –дай, -дей, -тай, -тей.
C. -са, -се
D. –қыр, кір, -ғыз
E. –ға, -ге
Себепші негізге заттық мағына қосатын сөзжасамдық жұрнақты анықта.
A. –қы, -кі, -ғы, -гі
B. –дай, -дей, -тай, -тей.
C. –ның, -нің, -дың, -дің.
D. –ғыз, -гіз
E. –лар, -лер
Себепші негізге заттық мағына қосатын сөзжасамдық жұрнақты белгіле
A. –ынды, -інді
B. –дай, -дей, -тай, -тей.
C. – ның, -ні, -ды, -ді
D. –сай, -сей
E. – ып, -іп, -п
Себепші негізге қимылдық мағына үстейтін сөзжасамдық тұлғаны көрсет.
A. –дас, -дес, -тас, -тес
B. –дай, -дей, -тай, -тей.
C. –мыш, -міш
D. –у, -ғу, -п, -па
E. –лар, -лер
Сигнификатты мағыналы тіркесті туынды сөзді анықта.
A. Оқып қал
B. Оқып жатыр
C. Оқып жүр
D. Оқып отыр
E. Оқып еді
Сигнификатты мағыналы тіркесті туынды сөзді белгіле.
A. Жиырма бес
B. Екі
C. Үш
D. Жиырма
E. Бес
Сигнификатты мағыналы тіркесті туынды сөзді анықта.
A. Қара қоңыр
B. Қараша
C. Қара
D. Қарама
E. Қарағанды
Сөзжасамдық мағынаның лексикалық мағынадан айырмашылығын көрсет.
A. Туынды сөздің екіншілік мағынасы
B. Сөздік қорда болатын негізгі мағына
C. Түбірдің мағынасы
D. Грамматикалық тұлғаның мағынасы
E. Қосымшаның мағынасы
Сөз мағынасының даму жолдарының бірі.
A. Көп мағыналылық
B. Омонимдік
C. Грамматикалық мағынасының болуы
D. Синонимдік
E. Перфраздық
Сөзжасамдық тарам дегеніміз не?
A.Бір түбірден не негізден тараған туынды сөздердің тік бағыттағы мағыналық жиынтығы.
B.Бір түбірден не негізден тараған туынды сөздердің көлбеу бағыттағы мағыналық жиынтығы.
C.Бір түбірден не негізден тараған туынды сөздердің тік және көлбеу бағыттағы мағыналық жиынтығы
D.Сөз мағынасының кеңеюі
E.Сөз мағынасының тарылуы
Дұрыс берілген сөзжасамдық тізбекті анықтаңыз.

A. Көр-көру, көруші, көрушілік
B. Көр- көрімін, көруші
C. Көр- көрме, көрмеге
D. Көр, көрген, көргенмін
E. Көрік, көрікті бала
Сөзжасамдық тізбекке дұрыс берілген мысалды анықта.
A. Көр-көрік, көрікті
B. Көр-көруші-көрушінің
C. Көр-көру, көрушілер
D. Көр, көрген, көргенмін
E. Көр- көрме, көрмеге
Сөзжасамдық тізбекке дұрыс берілген мысалды анықта.
A. Көр-көрме-көрмелік
B. Көр-, көруші, көрушіге
C. Көр- көрме, көрмеге
D. Көр, көрген, көргенмін
E. Көрік, көрікті, көріктілермен
Сөзжасамдық тізбекке дұрыс берілген мысалды көрсет.
A. Жаз-жазғыш-жазғыштық
B. Жаз-жазу, жазудың
C. Жаз-жазамын
D. Жаз-жаз, жазайын
E. Жаза бер, жаза беріңіз
Бір сөзжасамдық ұяға жататын туынды сөздер тізбегін тап.
A. Базар, базарлық, базаршы, базарлау
B. Базар, назар
C. Базар, базардың
D. Базарға бару
E. Базарда жүр
Бір сөзжасамдық ұяға жататын туынды сөздерге қайсысы жатады?
A. Оқы, оқығыш, оқығыштық, оқырман
B. Оқы, оқимын
C. Оқы, оқу, оқуға
D. Оқуға түсу, оқулар
E. Оқуға бара жатыр
Бір сөзжасамдық ұяға жататын туынды сөздер қайсысы?
A. Жаз, жазу, жазушы, жазба
B. Жазу, жазушы, жазудан
C. Жаз, жазу, жазумен айналысу
D. Жазып жүрген кез
T. Жазайын,жазбайын.
Бір сөзжасамдық ұяға жататын туынды сөздерге берілген мысалды тап.
A. Кел, келісу, келісімпаз, келісімпаздық
B.Кел, келу, келумен
C. Кел, келші
D. Кел, келгенде
E. Көктем келді
Бір сөзжасамдық ұяға жататын туынды сөздер тізбегін көрсет.
A. Су, сулық, сушы, сушылық, сусыз, сулы
B. су, сулы жер, сумен
C. сулы жер, нулы жер.
D. суға бару
E. сусыз тіршілік болмайды.
Бір сөзжасамдық ұяға жататын туынды сөздер қатарын тап.
A. Берік, беріктік
B. Алыс, алыста
C. Жоғары, жоғарыдан
D. Байлық, байлыққа
E. Барша, күллі
Сөзжасамды жеке сала деп тануды ұсынған ғалымды белгіле.
A. В.В.Виноградов
B. А.Габен
C. Ф.А.Ганиев
D.Е.С.Кубрякова
E. Е.А.Земская
Сөзжасам мәселелері қай салада қарастырылып келді?
A.Морфология
B.Лексикология
C. Фонетика
D.Синтаксис
E. Семантика
Қазақ тіл біліміндегі сөзжасамға қатысты еңбек қай жылы жарық көрді?
A.1989ж.
B.  1988 ж.
C.  1986 ж.
D. 1990 ж.
E.  1991 ж.
Қазақ тіл білімінде сөзжасам саласын зерттеген алғашқы еңбек кімдікі?
A.Н.Оралбаева
B. Ғ.Қалиев
C. Ғ.Мұсаев
D. Б.Қалиев
E. Р.Сыздықова
Сөз таптарының сөзжасамы қай еңбекте жаңа бағытта жазылды?
A.  Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі
B.  Сөзжасам
C. Қазақ тілінің сөзжасамы
D.  Қазақ тілінің етістіктік негізі
E. Сөзжасамдық аффикстер
Түркітануда сөзжасам мәселесін көтерген ғалымның бірін анықта.
A.Ф.А. Ганиев
B. Г.О.Винокур
C. Л.Липки
D. Н.Оралбаева
E.Е.А.Земская
Сөзжасам саласы жоғары оқу орындарында дербес сала ретінде қашан оқытыла бастады?
A.1989 ж.
B. 1988 ж.
C. 1986 ж.
D.1990 ж.
E.1991 ж.
Сөзжасам пәніне қатысты терминді белгіле.
A.Сөзжасамдық ұя
B. Жұрнақ
C. Сөз табы
D. Морфема
E. Модель  
Туынды зат есім жасайтын кірме түбірді тап.
A.Аярлық
B. Ашық
C. Аспан,талшық
D. Аңшылық
E.Аттан
Үстеу жасайтын құранды жұрнақ қайсысы?
A. -ша,-ше
B. -қар,-кер
C. -лата,-лете
D. -са,-се
E. -ы,-ай
Сөзжасамдық туындыны анықта.
A.Егінші
B.Балтасы
C.Барғалы
D.Қарады
E. Таба
Абстрактылы мағынадағы сөздердің сөзжасамдық типін тап.
A.Саналы,ойлы, мұңды
B. Тырнақ,өрнек,өрмек
C. Ашаң,бойшаң,алшаң
D.Талас,төбелес,күрес
E. Қалақтай,құлақтай,сынақтай

Заттанған  сан есімді анықта.
A.Жетісі,қырқы
B.Бесеу,алтау
C.Оныншы,екінші
D.Бес жүз алпыс төрт
E.Үш-үштен
Түбірлес туынды сөздер қайсысы?
A.Жортақ, жортақта
B. Барыс ,келіс
C. Жүргіз,бергіз
D.  Айт-айт
E. Теңізші,тең
Бір сөзжасамдық типтегі сөзді белгіле .
A.Қолда, көзде
B.Жалтақта,тоқта
C.Сезбе, қоспа
D.Жүзде,елуде
E.төртеуле,екеу
Күрделі сын есімді тап.
A.Түлкі тымақты,орта бойлы
B.Бизнес-жоспар
C. Б,әлдекім
D.Алып кел,алып бер
E.Ғалым хатшы
Кіріккен сөзді көрсет.
A.Сексен
B.Елтаңба
C.Алтыбақан
D.Зейнетақы
E.Қолбасы
Сөзжасам нысанына жатпайтын қайталама қос сөзді тап.
A.Қора-қора
B.Үй-үйге
C.Бетпе-бет
D.Сүт-мүт
E.Қып-қызыл
Тек синтетикалық сөзжасамға қатысатын бірлік қайсысы?
A.Жұрнақ
B.Фонема
C.Интонация
D.Екпін
E.Фраза

Етістіктен жасалған туынды зат есімді тап.
A. сырмақ
B. сырдаң
C. сыршыл
D. сырттан
E. сырға
Кіріккен сөзді көрсет.
A. дерпен
B. тастақ
C. алпамса
D. селбес
E. Ұлтарақ
Пронаминалдану дегеніміз не?
A. есімдікке айналу
B. сындану
C. үстелдену
D. етістікке айналу
E. заттану
Субстантивтену құбылысына берілген мысалды көрсет.
A. жақсыдан үйрен
B. бұрын бар
C. тойға барсаң
D. сыйға сый
E. сыраға бал
Сөзбе сөз аудару (калькалау)тәсілі арқылы жасалған күрделі сөздерді көрсет.
A. еңбеккүн, қолжазба
B. балықкөз, арақатынас
C. сегізкөз,сегізаяқ
D. бірқазан, адалбақан
E.бозторғай, ақсүйек
Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сын есімдерді белгіле.
A.икемсіз, қамысты
B.озып, діңгір
C.қиқаң, ербеңде
D.бүлкек, адамгершілік
E.келім-кетім, шикізат
Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған зат есімі бар сөзді тап.
A. түсім
B.мазмұны
C.сын-пікір
D. тәрелкесі
E.көлемі
Лексика-семантикалық тәсілдің белгісі не?
A. сөз мағынасының өзгеруі
B. сөздердің қысқаруы
C. сөздердің бірігуі
D. жұрнақ арқылы
E. жалғау арқылы
Туынды сөздердің жасалу тәсілін көрсет: заңгер, қорлық
A. синтетикалық тәсіл
B. аналитикалық тәсіл
C. қосарлау тәсіл
D. аралас тәсіл
E. лексика-семантикалық тәсіл
Етістіктен жасалған туынды сын есімді көрсет:
A. күлегеш, үркек
B. қызаңы,сапалы
C. ішекті, күлкішіл
D. өткір, көзді
E. көгер,қызар
Туынды сөзді тап.
A. еңбектші
B. еңбектен
C. еңбекті
D. еңбекпен
E. еңбегің
Жұрнақ жалғанған туынды сөзді көрсет.
A. етікші
B. жалаңбас
C. фотосурет
D. ата-ана
E. белбеу
Туынды сөз жасап тұрған жұрнақты көрсет.
A. түндік
B. кітап
C. қағаз
D. қалам
E. дәптер
Зат есімнен сын есім жасап тұрған жұрнағы бар сөз тіркесін тап.
A. малды ауыл
B. биіктеу адам
C. кішкене төбешік E. жақсы баспахана
D. сыпайы бала

Оның бұл кездегі аты – күздеу
Туынды сөзді тап.
A. күздеу
B. кездегі
C. аты
D. оның
E. бұл
60-70-тей адам жиналды деген сөйлемдегі сан есім түрін белгіле.
A. болжалдық
B.жинақтық
C. реттік
D. топтау
E. Есептік

2 модуль.Қазіргі қазақ тілі морфологиясының мәселелері

Негізгі грамматикалық ұғымдардың толық қатарын көрсет.
A. грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория
B. грамматикалық көрсеткіш, грамматикалық мағына
C. грамматикалық категория, грамматикалық мағына
D. грамматикалық парадигма, граммтикалық тұлға, грамматикалық мағына
E. грамматикалық тәсіл, грамматикалық форма
Күрделі сөздерді анықта.
A. түйежапырақ, апар
B. аспаз, аспан
C. көкпеңбек, аппақ
D. келе
E. найзагер, айлакер
Салыстырмалы шырайды көрсетіңіз:
A. сұрлау, ақшылырақ
B. тым қиын, тіпті қиын
C. қып-қиын, нағыз қиын
D. ең оңай, өте оңай
E. оңтайлы, оңды;
Дара қатыстық сын есім қатысқан сөз тіркесін белгіле.
A. арбалы бала
B. ақ көйлекті жігіт
C. ақ көйлекті үтікте
D. ерлі зайыпты
E. келімді – кетімді қонақтар
Сөз тудырушы жұрнақтар тіл білімінде қалай аталады?
A.деривациялық
B. инверциялық
C. синтетикалық
D. конверциялық
E. инфинитив
Ұйытқы сөз құрамы морфологиялық, фонетикалық өзгеріске ұшырамай, мағыналық жақтан даму арқылы дербес лексикалық мағыналы туынды сөздің жасалуы қалай аталады?
A. лексика-семантикалық тәсіл
B. синтетикалық тәсіл
C. аналитикалық тәсіл
D.морфологиялық.тәсіл
E. аралас тәсіл
Көмекші есім сөзді көрсет.
A. маңы
B. маң-иаң
C. маңдай
D. маңғаз
E. маңмаңгер
Синтаксистік байланысқа қатысы бар қосымшаның грамматикалық мағынасы қалай аталады?
A. реляциялық мағына
B. деривациялық мағына
C. категориялық мағына
D. тура мағына
E. ауыспалы мағына
Ұйытқы сөз дегеніміз не ?
A. жаңа сөздің жасалуына негіз болатын лексикалық мағынасы бар сөздік қордағы кез келген сөз.
B. ешқандай қосымша жалғанбаған жалаң сөз
C. сөзжасам тәсілі арқылы жасалады
D. күрделі сөздің алдыңғы компоненті
E. сөздік түрдің жасалуына негіз болатын сөз
Кіріккен күрделі зат есімді көрсет.
A. ағайын
B. Қаптесер
C. жасамыс
D. адалбақан
E. күнбатыс
Біріккен сөздерді белгіле.
A. көкқұтан, өнеркәсіп
B. қол сорым, екі-екі
C. В.Х.Р, В.Р
D. қос-қос, тырс-тырс
E. мейман
Біріккен сөздерді тап.
A. жолбарыс, қалжыңбас
B. алма мойын, алтын сағат
C. АлМУ, ХҚТУ
D. үстін-үсті, тарс-тұрс
E. әнегүні, қолау шаян
Қосарлану жолымен жасалған сөздерге қайсысы мысал бола алады?
A. ыдыс-аяқ, ығы-жығы
B. қосаяқ, итаяқ
C. кб, ба
D. Екібастұз, Ақтөбе
E. ТМД, ҚР
Зат есімнен жасалған біріккен сөзді көрсет.
A. шекара
B. былтыр
C. Әлдекім
D. ендігәрі
E. биыл
Тіркескен сөздерді анықта.
A. күн сәулесі
B. қос-қос
C. шекара
D. етікші
E. омыртқа
Тіркескен сөздерді анықта.
A. жер жүзі
B. әке-шеше
C. желдеткіш
D. шаш
E. егеуқұйрық
Жұрнақ жалғанған сөзді көрсет.
A. күздеу
B. өйткені
C. көп
D. өт
E. мал
Біріккен сөзді тап.
Жәндіктердің ең улысы және қауіптісі – қарақұрт
A. қарақұрт
B. және
C. Жәндіктердің
D. ең улысы
E. қауіптісі
Негізгі үстеуді анықта.
A. жылдам
B. күні бүгін
C. жоғары-төмен
D. жаздыгүні
E. балаша
Шылауды көрсет.
A. ғана, сайын, әрі
B. қатар, гөрі, беу
C. жөнінде, беу
D.сықылды, әлі
E. шамалы, қысқасы
Еліктеу сөзді тап.
A. жылп
B. ерлік
C.сауық
D. уақыт
E. көрік
Жинақтық сан есімі мысалды белгіле.
A. алтау, біреу
B. бес-бестен
C. оқып отыр, жеп отыр
D. бәрі біркелкі
E. отыз екі, жүздеген
Өздік есімдікті тіркес қайсысы?
A. өз баласы
B. бірер елік
C. жүз шамалы
D. қос қыран
E. көркем дүние
Күрделі үстеуді тап.
A. ендігәрі
B. бұрын
C. тез
D. жорта
E. төмен
Сілтеу есімдігін анықта.
A. әне
B. және
C. енді
D. әлді
E. әрі

Тәуелді жалғаулы сөзді белгіле.
A.ауылдың адамы
B. қалаға бару
C . бүлдірген теру
D. адамды құрметтеу
E. жауап беру
Көмекші есімді тіркес қайсысы?
A. орман іші
B. ауылдың малы
C.баланың бесігі
D. Сәуленің қуыршағы
E. Зәуренің болашағы
Сапалық сын есімді тап.
A. үлкен үй
B. малды ауыл
C. сүтті сиыр
D.құмды жер
E. қарлы қыс
Сын есімнің салыстырмалы шырай түрі қайсысы?
A. ірірек
B. ауыр
C. жеп-жеңіл
D.қара
E.ашық
Жіктеу есімдігіне берілген мысал қайсысы?
A. біз
B. кімдер
C. өзім
D. бәрі
E.бәріміз
Дара етістік қатысқан сөйлемді белгіле.
A. Марат жаңа келді.
B. Балалар ойнап жүр.
C.Төрт жердегі төрт – он төрт.
D. Оның түсі сары.
E. Оның киімі әдемі.
 Жұрнақ жалғанған сөз қайсысы?
A. сандықша
B. кітаптар
C. жерлерге
D. дәстүрмен
E. адамда
Көптік жалғауы жалғанбайтын сөзді тап.
A. 2 кг алма
B. Заман
C. Байланыс
D. Жілік
E. Қуаныш
Тәуелденген зат есімдерге қосымшасы өзгеріп жалғанатын септіктер қатарын көрсет. 
A. Барыс, табыс, жатыс
B. Ілік, жатыс, шығыс
C. Ілік, атау, барыс 
D. Табыс, жатыс, шығыс
E.Жатыс, шығыс, көмекес 
Күшейтпелі шырайы бар мысалды белгіле. 
A. Аппақ, аса терең. 
B.Қуаң, бозаң. 
C.Сұрша, бозғыл. 
D. Ағырақ, көкше. 
E. Сарғылт, күреңдеу. 
Күшейтпелі шырайды көрсет. 
A. Көкпеңбек, шымқай қызыл 
B. Көкшіл, көктеу 
C.Сұрлау, көкшілтім 
D. Кішірек, көкше 
E.Қоңырқай, сұрлау 
Салыстырмалы шырайды анықта. 
A. Үлкенірек 
B. Сұп-суық 
C. Ұп-ұзын 
D. Аппақ 
E.Тым биік 
Сөйлемнен сан есімді көрсет. 
Біз екі-екіден бөліндік. 
A. Екі-екіден 
B. Біз 
C.Әдемі 
D. Бөліндік 
E. Пысықтауышы жоқ 
Жинақтық сан есімдер қандай жұрнақтар арқылы  жасалады?
A. –ау, -еу
B. –ншы, -нші
C. -ыншы, -інші
D. –қыш, - кіш
E.-ар,-ер
Есімдікті басқаша қалай атауға болады?
A. орынбасар сөз
B. көмекші есім
C. көмекші сөз
D. көсемше
E.есімше
Бөлшектік сан есімді табыңыз.
A. үштен бір
B. бесеу
C.сегізінші
D. төрт-төрттен
E. екі
Қатыстық сын есімді табыңыз.
A.өнерлі
B.көктеу
C.биік
D.қара сұр
E.таңертең
Көптік ұғымынсыз көптік мағына беретін сөзді тап.
A.шекер, қымыз
B.кітап, қалам
C.барша, көл
D.кесе, қасық
E.жазушы, қаламақы
Қайталама қос сөзді тап.
A.Бара-бара
B. оңды-солды
C. арық- тұрық
D. көрші –қолаң
E. анда-санда
Мағына білдіре алмайтын, тек басқа сөздердің жетегінде жұмсалатын сөздер қалай аталады? 
A. көмекші сөздер
B. атауыш сөздер
C.одағай
D.дұрыс жауап жоқ. 
E. лексикалық мағына
Дерексіз зат есімге қайсысы жатады? 
A.адамгершілік, сана
B.елу екі, елу бес
C.Жомарт, Айдар
D.мектеп, кеме
E. дұрыс жауабы жоқ
Есім сөзден сын есім тудыратын жұрнақтар қайсысы ? 
A.-лы, -шыл
B.-кер, тай
C.-паз, и.
D. Барлығы дұрыс
E. –ынды, -інді
Сын есімнің мағыналық түрлері қайсысы ? 
A.Сапалық және қатыстық
B.Дара және күрделі
C.Негізгі және туынды
D.Жалпы және жалқы
E. Салыстырмалы, асырмалы
Сапалық сын есімді тіркес қайсысы?  
A.Қызыл киім
B.Өнерлі жігіт
C.Орманды алқап
D.Аттылы
E. Көз көрген
Негізгі сын есімді тап.
A. көк
B. ұрысқақ
C. жершіл
D. сөзшең
E. тарихи
Дыбыстық еліктеуіш сөзді көрсет.
A. тырс
B .далаң
C .қиқаң
D. бүгжең
E .тыртық
Мақсат үстеуді тап.
A .қасақана
B .бірталай
C. шапшаң
D.былтыр
E. алда
Есімдер тобынан жасалған қос сөзді көрсет.
A. Әттегене-ай
B. Асығып-үсігіп
C.Жылдан-жылға
D. Келген тәрізді
E .Қол қою
Есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақты тап.
A .–лық, -лік
B .–ақ, -ек
C.–шылтым, -шілтім
D. –қылт, -ғылт
E. –ғыш, -гіш
Тұлғасына қарай одағай түрін анықта: қап, бәлім
A. негізгі түбір
B. тіркесті сөз
C. біріккен сөз
D. туынды түбір
E. қос сөз
Негізгі етістікті көрсет.
A. ал
B. аула
C. үйренуші
D. шығар
E. отырғыз 
Еліктеу сөзі бар тіркесті анықта.
A. бүлк ету
B. үй айналасы
C. құлақшын бауы
D. мәдени орталық
E. өскен гүл
Үстеудің қызметін анықта. Жата-жастана қонуымызды өтінеді.
A. пысықтауыш
B. толықтауыш
C.баяндауыш
D. бастауыш
E. анықтауыш
Септеулік шылауды көрсет.
A. Тек апасы түннен бері қатты мазасызданып, тынышы кетіп тұр.
B. Сондай да сөз бола ма екен?
C. Бір сәт үзіліс істеліп, ақын да, үйдегі үлкендер де сыртқа шықты.
D. Абайдың қысылғанын Ділда сезді, бірақ ол түк өкінген жоқ.
E. Не Көкше, не оның балапан таулары, не көлдері еш уақытта Асқарды тойғызған емес.
Көсемшені тап.
A. кеткелі
B. кетер
C. кеткен
D. кетпек
E. кет
Сын-бейне үстеулі тіркесті көрсет.
A. әрең қозғалады
B. әрқашан біргеміз
C. анағұрым көп
D. елжіреді
E. жолшыбай кездесті
Үстеудің қызметін тап. Ала жаздай не бітірдің, қарағым?
A. мезгіл пысықтауыш
B. толықтауыш
C. пысықтауыш
D. қимыл-сын пысықтауыш
E. мақсат пысықтауыш

Жалғаулық шылау қатысқан мысалды көрсет.
A. қарыз бен парыз
B. көлге шейін
C. көрген-ді
D. сен бе?
E. сенен гөрі
Қос сөздің үстеу қызметінде тұрғанын анықта.
A. жата-жастана
B. ата-ана
C. Өмірзақ
D. аға-іні
E. пай-пай
Көсемшені көрсет.
A. жазып
B. көрген
C. бару
D. айтар
E. келмеді
Септеулік шылаулар қатарын тап.
A. кейін, соң
B. –ақ, -ай
C. я, яки, кейде
D. және, әрі
E. ма, ме
Күрделі үстеуді тап.
A. бүрсігүні
B. әдейілеп
C. шапшаң
D. құсша
E. жоғарыдан
Еліктеуіштен жасалынған зат есімді анықта.
A. ырыл
B. жазыл
C. таныл
D. қызыл
E. айыл
“Анау” інің қай сөз табына жататынын белгіле.
A. есімдік
B. етістік
C. үстеу
D. сын есім
E. зат есім
Еліктеуіш сөзден жасалған қос сөзді тап.
A. шіңк-шіңк
B. биік-биік
C. аппақ
D. әп-әдемі
E. алқа-салқа
Етістіктен жасалған зат есімді көрсет.
A. бұрғы
B. дәптер
C. талапты
D. қамшыла
E. тарсыл
Одағай сөз қатысқан мысалды тап.
A. бәрекелді, мынау қызық екен
B. өмір өтті, озды, қартайды
C.Жанатбек, мынаны қарай тұр
D. о заман да, бұ заман, мұндай сұмдық естіп пе ең?
E. армандарына жетіп, көңілдері бір жайланды
Үстеу қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын белгіле.
Қайтатын күнім – ертең.
A. баяндауыш
B. анықтауыш
C. пысықтауыш
D. толықтауыш 
E. бастауыш
Өздігінен сөйлем мүшесі бола алмайтын сөзді тап.
A. одағай
B.сын есім
C.үстеу
D. зат есім
E. еліктеуіш
Шылау сөздер қатарын тап.
A. арқылы, дейін, туралы, ғана
B. мен, бәрі, күллі, кім
C. аса, өте, тым
D. күн, мектеп, аула, ауа 
E. ақ, көк, тәуір, кең
Болжалды келер шақтың болымды түрін жасайтын жұрнақты көрсет.
A. –ар, -ер, -р
B. –ма, -ме
C. –ба, -пе
D. –мақ, -мек
E. –ған, -ген
Мақсатты келер шақ жасайтын жұрнақтарды анықта.
A. –мақ, -мек
B. –ар, -ер, -р
C. –ба, -пе
D. –мақ, -мек
E. –ғалы, -гелі
Ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақтарға ортақ жұрнақтар тобы қайсысы?
A. –а, -е, -й
B. –ып, -іп
C. –ар, -ер, -р
D. –йтын, -йтін
E. –дан, -ден
Төмендегі мысал қай рай түрінің жасалуын аңғартады? Етістік +(-ғы, -гі, -қы, -кі)+ тәуелдік жалғау+кел
A. қалау рай
B. бұйрық рай
C. шартты рай 
D. ашық рай
E. бәріне тән
Өзгелік етіс сөздер қатарын көрсет.
A. жаздыр, кидір
B. жуынды, қырынды
C. жинас, сөйлес 
D. тарал, бастал
E. жазыл, шағылды
Негізгі етістер қатарын белгіле.
A.жаз, ту, таза
B. ойлан, таран
C. жуынды, таралды
D. айтқыз, күткіз
E. тарал, қарал
Ортақ етістер қатарын көрсет.
A. тілдес, хабарлас
B. сайлан, тойлан
C. ойнат, бойлат
D. кию, киіс
E. жаздыр, қалдыр
Өткен шақ есімшелерді көрсет.
A. жазған, алған
B. жазатын, баратын
C. сөйлер, оқыр
D. сөйлемек, келмек
E. айтпақ, ашпақ
Ауыспалы шақ есімшелерді көрсет.
A. жазатын, айтатын
B. жазған
C. жазар
D. жазбақ
E. Келетін

Болжалды келер шақ есімшені анықта.
A. барар
B. кеткен
C. санайтын
D. берген 
E. мінбек
Мақсатты келер шақ есімшені белгіле.
A. бармақ
B. ойнайтын
C. билейтін
D. кескен
E. оқыр
Ауыспалы шақ көсемше сөзді белгіле.
A. жазып
B. келе
C. айтқалы
D. келгелі
E. жүргелі
Өткен шақ көсемше сөзді көрсет.
A. жазып
B. көре
C. келгелі
D. жүргелі
E. ойлай
Ауыспалы шақ көсемше сөзді мысалды белгіле.
A. ойлай
B. жүріп
C. санағалы 
D. шауып
E. билеп
Келер шақ көсемше сөзді көрсет.
A. айта
B. көре
C. тыңдай
D. сепкелі
E. барған
Мезгіл үстеуге берілген мысалды тап.
A. анда-санда
B. әдейі, жорта
C. тез, жылдам
D. талай
E .топ-тобымен

Мекен үстеулерді көрсет.
A. жоғарыда, төменде
B. күні бойы
C. азғантай
D. өте, тым
E. әрі, бері
Мөлшер үстеуге берілген мысалды белгіле.
A. онша
B. оқта-текте
C. аса
D. әбден
E. кенет
Сын-бейне үстеу сөзді көрсет.
A. әрең
B. таңертең
C. жорта
D. басқа
E. бірден-бір
Мақсат үстеуге берілген мысалды тап.
A. амалсыздан
B. көре тұра
C. бекерге
D. рет-ретімен
E. үшеулеп
Себеп-салдар үстеу сөзді көрсет.
A. жоққа
B. бірталай
C. емін-еркін
D. тым
E. анда-санда
Күшейтпелі үстеуі сөзді анықта.
A. тым
B. сонда
C. әрең
D. Ала жаздай
E. қасақана
Топтау үстеуге берілген мысалды белгіле.
A. он-оннан
B. біле тұра
C. бірге
D. аздап
E. Біраз

Қазақ тілінде үстеудің семантикалық түрі нешеу?
A. 8
B .7
C. 10
D. 9
E. 6
Шылау неше түрге бөлінеді?
A. 3
B. 6
C. 2
D. 5
E. 4
Септеулік шылауларды көрсет.
A.үшін, шейін
B. бірге, әрі
C.мен, бен
D.дейін, тағы
E. түгіл, дейін
Көнеленген септік жалғауы бар мысалды тап.
A.бекерге, шалқасынан
B.үшін, тағы
C.туралы, және
D.тағы, бірге
E.әсіресе
Негізгі немесе түбір морфемаға тән негізгі қасиет қайсысы екенін анықта.
A.Мағыналық, тұлғалық дербестік
B.Реляциялық мағына
C.Деривациялық мағына
D.Грамматикалық мағына
E.Дербестіктің болмауы
Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдерінің бірін анықта.
A. Аффиксация
B. Деривация
C. Реляция
D. Морфонема
E. Фонема
Жалпылама лексикалық мағынаны білдіретін морфема қалай аталады?
A.Түбір морфема
B.Аффикстік морфема
C.Негізгі түбір
D.Туынды түбір
E.Түбірлес сөздер

Аффикстік морфема қандай мағынаны білдіреді?
A.Грамматикалық
B.Лексикалық
C. Тура
D. Ауыспалы
E. Көпмағыналылық
Деривациялық мағына қай аффикске тән?
A.Сөз тудырушы
B.Антонимдес
C.Сөз түрлендіруші
D.Омонимдес
E.Синонимдес
Сөз түрлендіруші аффикстердің грамматикалық мағыналары қалай аталады?
A.Реляциялық
B.Полисемиялық
C.Фразеологиялық
D.Деривациялық
E.Семасиологиялық
Фонетика мен морфологияның ара жігіндегі сабақтастыққа негізделген ілімді көрсет.
A. Морфонология
B. Морфология
C.Морфемика
D.Фонология
E. Фонетика
Сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатысы жөніндегі сөйлеушінің пікірін білдіретін арнаулы сөздер қалай аталады?
A.Модаль сөздер
B.Дара сөздер
C.Көмекші сөздер
D.Күрделі сөздер
E.Атауыш сөздер
Сөздің лексикалық мағынасына үстелетін, сөздердің түрлі-түрлі қарым-қатынасын білдіретін қосалқы мағына қалай аталады?
A.Грамматикалық
B.Морфологиялық
C.Фонологиялық
D.Фонетикалық
E.Морфонологиялық
Морфемиканың зерттеу нысанын анықта.
A.Морфема
B.Сөйлем
C.Мәтін
D.Сөз
E.Сөз тіркесі
Сан есім сөйлемде қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?
A.анықтауыш
B.баяндауыш
C.бастауыш
D.атқармайды
E.сөз тіркесі
Соғұрлым сөзі қай сөз табына жатады?
A.үстеу
B.сан есім
C.етістік
D.шылау
E.есімдік
Жіктік жалғаулы сөзді анықта?
A.таңдағанымыз
B. көркем
C.сөйлер
D.бармас
E. айтар
Сын есімнің зат есімге айналуы қалай аталады?
A.субстантивтену
B.проминалдануы
C.субстраттану
D.адвербилануы
E.есімдену
Лезде сөзі қай сөз табына жатады?
A.үстеу
B.еліктеуіш
C.көмекші сөз
D.есімдік
E.шылау
Туынды етістікті көрсет.
A.шегеле
B.оқыды
C.келген
D.көргенді
E.айтқанды
Адамша сөзі қай сөз табына жатады?
A.үстеу
B.сын есім
C.көмекші есім
D.зат есім
E.етістік

Көсемше формалы етістікті анықта.
A.атқалы
B.баратын
C.сөйлер
D.сөзшең
E.көмектес
Туынды сын есімді көрсет.
A.көтеріңкі
B. жаман
C. төрт
D. орылған
E. орта
Ештеңе есімдіктің қай түріне жатады?
A. болымсыздық
B. белгісіздік
C. жалпыла
D. ешқайсысына
E.біреу
Септік жалғауы бар сөзді анықта.
A.қолын
B. мақалшыл
C.қырақты
D. көзіміз
E.көзде
Бұйрық райлы сөзді тап.
A. көрейік
B.сөйлесе
C. жүгірмес
D. сын
E. барса
Есімше қатысқан сөзді тап.
A. Көретін
B. Көрсе
C. Көріңіз
D. Көрме
E. Айт
Қыстырма қатысқан сөзді белгіле.
A. Мүмкін
B.Бәрекелді
C. Қарағым
D. Анау
E. Барша
Мақсат үстеуді анықта.
A. Қасақана
B. Бірталай
C. Шапшаң
D. Босқа
E.Жаса
Негізгі сын есімді көрсет.
A. Көк
B. Жершіл
C.Сөзшең
D. Әдепті
E.Көкше
Зат есімге қатысты қосымшалардың ең сөңынан жалғанатын жалғауды анықта.
A. Септік
B. Көптік
C. Жіктік
D.Тәуелдік
E.Осы жалғаулардың бәрі
Туынды сөзді көрсет.
A. Қонақ
B.Жердің
C.Жуын
D. Сарылу
E. Шаңырақта
Заттарға көптік мағына үстейтін зат есім категориясын анықта.
A.Көптік категориясы
B.Септік категориясы
C.Жіктік категориясы
D.Тәуелдік категориясы
E.Шырай категориясы
Жеке адамдарға, дүниедегі жеке заттар мен құбылыстарға атауыш болып келетін сөздер қалай аталады?
A.Жалқы
B.Жалпы
C.Деректі
D.Адамзат
E.Дерексіз
Былтыр деген сөз қалай жасалған?
A.Кіріккен
B.Біріккен
C.Қосарланған
D.Қысқарған
E.Топталған
Субстантивтену қандай тәсіл арқылы беріледі?
A.Лексика-семантикалық
B.Лексикалық-морфологиялық
C.Морфологиялық
D.Синтаксистік
E.Инверсиялық
Атау септік формасы логикалық жағынан нені білдіреді?
A.Қимылдың субъектісін
B.Қимылдың объектісін
C.Сөйлемдегі қызметін
D.Белгілі жаққа тәуелділігін
E.Дұрыс жауап жоқ
Ілік септігі негізгі қандай мағынаны білдіреді?
A.Грамматикалық меншіктілікті білдіруі
B.Адамдар арасындағы туыстық қарым – қатынасты сипаттауы
C.Логикалық субъектіні білдіруі
D.Абстракциялы ұғымдар арасындағы тәуелділік қатынас
E.Заттар арасындағы табиғи, органикалық байланыс
Исатайдың ақырған дауысы естіліп, ол бастаған қалың қол көрінгенде жау қаша жөнелді, - деген сөйлемдегі ілік септігінің қызметін анықта.
A.Анықтауыш
B.Пысықтауыш
C.Бастауыш
D.Баяндауыш
E.Толықтауыш
Сауда мақсатымен Жаркент, Құлжа барған,- деген мысалдағы қосымшасы жасырын тұрған септікті белгіле.
A.Барыс
B.Табыс
C.Атау
D.Ілік
E.Шығыс
Табыс септігі тіркесіп келген етістікті көрсет.
A.Сабақты етістік
B.Салт етістік
C.Көмекші етістік
D.Есімше
E.Көсемше
Жатыс септігі қай кезде қосымшасыз қолданылады?
A.Бірыңғай мүшелерде
B.Салт етістікпен қатар келгенде
C.Қатыстық сын есіммен қатар келгенде
D.Бастауыш қызметінде келгенде
E.Қимылдың ңай уақытта, мезгілде болғанын хабарлағанда
Өз үйімнен ешкімнің келмегені тегін емес,- деген сөйлемдегі шығыс септіктің сөйлемдегі қызметін көрсет.
A.Пысықтауыш
B.Жанама толықтауыш
C.Анықтауыш
D.Бастауыш
E.Тура толықтауыш
Тілімізде жуан варианты жоқ септікке қайсысы жатады?
A.Көмектес
B.Шығыс
C.Барыс
D.Ілік
E.Табыс
Жіктелетін зат есімді анықта.
A.Дәрігер
B.Қалам
C.Парта
D.Компьютер
E.Ағаш
Бір түрлі сындық белгінің ақиқат өмірде әр түрлі дәрежеде болуын көрсететін сын есімнің категориясын анықта
A.Сын есімнің шырай категориясы
B.Сын есімнің септелуі
C.Сын есімнің жіктелуі
D.Сын есімнің тәуелденуі
E.Сын есімнің көптенуі
Мен - баласы даланың,
Кең далама тартып туған баламын, - жіктеліп келген зат есімнің сөйлемдегі қызметін көрсет.
A.Баяндауыш
B.Бастауыш
C.Пысықтауыш
D.Толықтауыш
E.Анықтауыш
Етістікті анықтап тұрған сын есімді сөйлемді анықта.
A.Қайтып кірер есікті қатты серіппе
B.Жамандар шайқап сөйлер
C.Жаманға жақсы сөз етпес
D.Үлкен бастар, кіші қостар
E.Жақсылар байқап сөйлер
Есімдер мен етістіктерден қатыстық сын есім жасайтын жұрнақты көрсет.
A.–ты,-лы,-лі,- қор; -ғы, -кіш,-еген.
B.–рақ,-рек, -ырақ, -ірек
C.–қыл, -ғыл, -кілт, -қылт
D.–шыл, -шіл, -қай, -аң
E.–лау, -леу, -дау, - деу
Шырай қосымшаларымен түрленбейтін сын есімді тап.
A.Қатыстық сын есім.
B.Сапалық сын есім
C.Жалаң сын есім
D.Күрделі сын есім
E.Субстансивті сын есім
Субстантивтеніп келген сын есімді сөйлемді тап.
A.Үлкен бастар, кіші қостар
B.Жақсыға сұқтан, Жаманнан сақтан
C.Үйдің іші мұнтаздай тап –таза
D.Есболаттан жалғыз көзді, қара сақалды,жал тұмсық, жер қабақ, ер жүзді Оразбай отыр
E.Толық айдың сүтіне шомылған түнгі айнала тып – тыныш
Заттың бастапқы сындық қасиетін күшейте түсіп, күшейткіш буындар арқылы жасалатын сын есім түрін анықта.
A.Күшейтпелі шырай
B.Салыстырмалы шырай
C.Жай шырай
D.Асырмалы шырай
E.Дұрыс жауап жоқ
Аса, тіпті, тым-ақ, шымқай т.б. күшейткіш үстеу арқылы жасалатын шырайды тап.
A.Асырмалы шырай
B.Салыстырмалы шырай
C.Күшейтпелі шырай
D.Жай шырай
E.Салғастырмалы шырай
Сан есім дегеніміз не?
A.Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөз табы
B.Заттың сынын, сапасын білдіретін сөз табы
C.Заттың атын білдіретін сөз табы
D.Зат есім, сын есім, сан есім сөздердің орнына жұмсалатын сөз табы
E.Заттың қимылын, іс – әрекеті мен амалын білдіретін сөз табы
Сан есімдер басқа сөздерге тіркеспей жеке айтылғанда, қандай атау ретінде қолданылады?
A.абстракт сан атауы ретінде
B.обьекті сан атауы ретінде
C.субьекті сан атауы ретінде
D.бейнелі сан атауы ретінде
E.дұрыс жауап жоқ
Сан есімді жасалу тәсілдеріне қарай, қызметіне қарай, түрленуі жағынан неше блокқа бөліп қарастыруға болады?
A.3
B.4
C.2
D.5
E.6

Салмақ өлшемдерін білдіретін сөздері көрсет?
A.қадақ, пұт
B.пышақ сырты, бармақ
C.жарты, жарым
D.жеке, дара
E.тұтам, құлаш
Сан есімдер құрамына қарай нешеге бөлінеді?
A.2
B.3
C.4
D.5
E.12
Төмендегі сан есімдерден дара сан есімді көрсет?
A.мың
B.он алты
C.қырық бес
D.жетпіс жеті
E.сегіз жүз он сегіз
Төмендегі нұсқалардың ішінде қайсысы әр түрлі жұрнақтар жалғану арқылы туынды сан есімге айналған?
A.бірінші
B.сегіз
C.он
D.үш
E.жеті
Негізгі және туынды дара сан есімдердің тіркесуінен я қосарлануынан жасалған сан есімдерді қалай атаймыз?
A.күрделі сан есімдер
B.дара сан есімдер
C.тіркескен сан есімдер
D.негізгі сан есімдер
E.дұрыс жауап жоқ
Күрделі сан атауы кемінде неше сөзден тұрады?
A.екі
B.бес
C.жеті
D.үш
E.бір
Күрделі сандар бір сөз болғандықтан, қосымшалар олардың қай компонентіне жалғанады?
A.тек соңғы компонентке
B.бастапқы сан есімге
C.алғашқы екі сан есімдерге
D.барлық сандардың соңына
E.әр санның соңына
Сан есімдер мағыналық жақтан неше топқа бөлінеді?
A.6
B.4
C.5
D.3
E.7
Сан есімдегі мағыналық топтардың ішіндегі саны жағынан ең көбі қай сан есім болып табылады?
A.есептік сан есім
B.реттік сан есім
C.бөлшектік сан есім
D.жинақтық сан есім
E.топтық сан есім
Бұдан гөрі маңыздырақ екінші мәселе бар, - деген мысалда, екінші сан есімі – мағыналық жағынан қай түрге жатады?
A.реттік сан есімге
B.бөлшектік сан есімге
C.болжалдық сан есімге
D.есептік сан есімге
E.жинақтық сан есімге
Жинақтық сан есімдер есептік сан есімдерге қандай қосымшалардың қосылуы негізінде жасалады?
A.–ау; - еу
B.–дан; - ден; -тан; - тен
C.–ыншы; - інші; - ншы; - нші
D.–дай; -дей; -тай; - тей
E.жоғарыдағылардың барлығы дұрыс
Топтық сан есімдерді көрсетіңіз?
A.үш – үштен, бес – бестен.
B.төртеу, бесеу
C.ондаған, мыңдаған
D.жиырманың жартысы, бес жарым
E.он тоғыз, елу төрт
Топтық сан есіс жасалатын негізгі көрсеткіш қай септік жалғауы?
A.шығыс септік
B.барыс септік
C.табыс септік
D.жатыс септік
E.ілік септік
Сан есімдер барлық уақытта өздері анықтайтын заттар мен құбылыстардың санын дәл, нақты көрсетпей, шамамен тұспалдап атайтын кездерін қандай сан есімдер деп атайды?
A.болжалдық сан есім
B.реттік сан есім
C.есептік сан есім
D.бөлшектік сан есім
E.жинақтық сан есім
Сан есімдер сөйлемдерде қандай синтаксистік қызмет атқарады?
A.бастауыш
B.баяндауыш
C.пысықтауыш
D.анықтауыш.
E.толықтауыш
Сан есім заттанып, атау септігінде тұрып, сөйлемде ненің қызметін атқарады?
A.бастауыш
B.баяндауыш
C.анықтауыш
D.пысықтауыш
E.ешқандай қызмет атқармайды
Бағып жүрген сиырларымның ішінде тарғыл аласы он жеті, қызыл шұбары – он үш, қарасы – тоғыз, құбақаны - бесеу,- деген сөйлемдегі сан есімдер қандай қызмет атқарады?
A.баяндауыш
B.анықтауыш
C.бастауыш
D.пысықтауыш
E.ешқандай қызмет атқармайды
Сан есімнің сұрақтарын анықта.
A.қанша? неше? нешінші? нешеу?
B.қандай? қай?
C.кім? не?
D.не істеді? не қылды? қайтті?
E.дұрыс жауап жоқ
Сан есімнің мағыналық жағынан түрлерін көрсет?
A.реттік, жинақтық, болжалдық, есептік, топтық, бөлшектік сан есім
B.реттік, жинақтық, болжалдық, есептік, топтық, асырмалы сан есім
C.реттегіш, жинақтық, болжалдық, есептік, топтық сан есім
D.реттік, жинақтық, белгісіздік, есептік, топтық сан есім
E.реттік, қосарлы, болжалдық, есептік, топтық сан есім
Топтық сан есімдердің сұрағын көрсет?
A.қаншадан? нешеден?
B.нешеу?
C.қанша? неше?
D.барлығы дұрыс
E.дұрыс жауап жоқ
Гүлжан жүз он төртінші пойызбен келді, - деген сөйлемдегі сан есімді көрсет?
A.жүз он төртінші
B.пойыз
C.келді
D.Гүлжан
E.пойыз
Есімдік дегеніміз не?
A.Тек зат есім мен сын есімнің орнына жүретін сөздер
B.Есімдердің, яғни зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің орнына жүретін сөздер.
C.Үстеулердің орнына қолданылатын сөздер
D.Одағайлардың орнына жүретін сөздер тобы
E.Дұрыс жауап жоқ
А.Байтұрсынов етістіктерді неше топқа болді?
A.5
B.3
C.4
D.6
E.2
Етістік мағыналарына қарай нешеге болінеді?
A.7
B.5
C.4
D.6
E.3
Бұлар елдің ойлауынша, Әжігерей қайда болса, сонда болуы керек,- мысалда қай есімдік берілгенін тап.
A.Сілтеу есімдігі
B.Белгісіздік есімдігі
C.Сұрау есімдігі
D.Жалпылау есімдігі
E.Жіктеу есімдігі
Берілген мақалда қай есімдік берілген?
Біреу тойып секіреді,
Біреу тоңып секіреді
A.Белгісіздік есімдігі
B.Өздік есімдігі
C.Болымсыздық есімдігі
D.Сілтеу есімдігі
E.Жіктеу есімдігі
Болымсыздық есімдігі қандай тәсілдер арқылы жасалады?
A.Лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік тәсіл.
B.Синтаксистік және морфологиялық тәсіл
C.Аналитикалық және лексика-семантикалық тәсіл
D.Морфологиялық және лексика-семантикалық
E.Аналитикалық және синтетикалық тәсіл
Лексикалық тәсіл арқылы жасалған болымсыздық есімдігіне қандай сөздер жатады?
A.Түк, дым есімдіктері және еш сөзі
B.бір де, бір де бір
C.еш қосымшасына басқа есімдіктерінің қосылуы арқылы( ешқашан, ештеңе, ешбір)
D.қайсыбір, әрбір, әлдекім
E.бекерге, босқа
Адам өзінің жанын ұсақ уайым, болымсыз қам-қарекеттің дертімен былғанудан сақтауы керек,- деген мысалда қай есімдіктің бар екенін тап.
A.Өздік есімдігі
B.Жалпылау есімдігі
C.Белгісіздік есімдігі
D.Жіктіу есімдігі
E.Болымсыздық есімдігі
Мағына жағынан кем дегенде екі я онан көп заттар мен құбылыстарды жинақтай атау үшін қолданылатын есімдік қайсысы?
A.Жалпылау есімдігі
B.Жіктіу есімдігі
C.Белгісіздік есімдігі
D.Болымсыздық есімдігі
E.Өздік есімдігі
Белгісіздік есімдігіне берілген мысалды көрсет.
A.Көзіме бірдеңелер елестеді.
B.Әйел деп бөлектей беретіні несі?
C.Өз теңіне қосылған адамның арманы бар ма?
D.Ештен кеш жақсы
E.Баршаларыңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Тәуелдік жалғауының –нікі, -дікі формалары арқылы жасалатын есімдік түрін көрсет.
A.Жіктеу есімдігі
B.Өздік есімдігі
C.Болымсыздық есімдігі
D.Сілтеу есімдігі
E.Белгісіздік есімдігі
Бірде жіктеу есімдігі, бірде сілтеу есімдігі болып жұмсалатын есімдік?
A.Ол
B.Сен
C.Мен
D.Біз
E.Бұл
Бұл, осы, анау, мынау, сол, сонау, осынау, ана, мына, әне, міне-қай есімдікке жатады ?
A.Сілтеу есімдігі
B.Жіктіу есімдігі
C.Өздік есімдігі
D.Белгісіздік есімдігі
E.Жалпылау есімдігі
Дәнеңе, түк, дым сөздер арқылы жасалатын есімдіктің түрін анықта.
A.Болымсыздық есімдігі
B.Жіктіу есімдігі
C.Белгісіздік есімдігі
D.Жалпылау есімдігі
E.Өздік есімдігі
Берілген мысалдардан жалпылау есімдігін тап.
A.Кешегі Қазақстан Өлкелік комитетінің қаулысын баршаңыз оқып құлақтанған шығарсыздар.
B.Ол мені алғашында таныған жоқ.
C.Оқытып, өз қолымнан тәрбиелеп жүрген қаншама балаларым бар, оларды қалай тастап кетепекпін.
D.Ол кісінің ең жақыны да- менмін.
E.Өзім бұл кісіні сыйлаймын, ал ән салғанда тіптен жақсы көріп кетем.
Тәуелденбейтін жалпылау есімдігін көрсет.
A.бүкіл, күллі, тамам
B.бар, барша
C.барлық, түгел
D.тамам,барша, түгел
E.күллі, барлық,бәрі
Бәрі, барлық, барша, түгел, күллі қай есімдікке жатады?
A.Жалпылау есімдігі
B.Жіктіу есімдігі
C.Сұрау есімдігі
D.Белгісіздік есімдігі
E.Өздік есімдігі
Жіктеу есімдіктеріне тәуелдік жалғауының қандай формалары жалғанады?
A.–нікі, -дікі
B.–м, ым
C. –сы, -сі, -ы, -і
D. –ңыз, -ңіз
E. –ң, -ің, -ың
Еш қосымшасының бірігуі арқылы жасалатын есімдікті анықта.
A.Болымсыздық есімдігі
B.Өздік есімдігі
C.Белгісіздік есімдігі
D.Сілтеу есімдігі
E.Жіктеу есімдігі
Балам-ау, мен гастрольде жүрген кісімін, жүк затымнан басқа ұстап жүрген дәнемем жоқ, ұшарымды жел, қонарымды сай білітін менен осыншама адамды риза етерлік не қауқар талап етесің?- деген мысалда есімдіктің қай түрі берілген?
A.Болымсыздық есімдігі
B.Өздік есімдігі
C.Жіктеу есімдігі
D.Сілтеу есімдігі
E.Белгісіздік есімдігі
Тіліміздегі семантикалық жағынан қимылды, процесті, әр түрлі өзгеріс, құбылысты білдіретін сөз табы қайсысы?
A.етістік
B.зат есім
C.сан есім
D.сын есім
E.шылау
Қазақ тіліндегі көмекші етістіктердің саны қанша ?
A.30-ға тарта
B.20-ға тарта
C.40-қа тарта
D.50-ге тарта
E.100-ге тарта
Сөзжасамдық қызметі өте күшті көмекші етістік қатарын көрсет?
A.Бол, ет, қыл
B.Ал, бар, бер
C.Отыр, кел, кет
D.Қой, көр, жібер
E.Ет, екен, емес
Аналитикалық форманттар құрамына қарай нешеге бөлінеді?
A.2-ге
B.4-ке
C.3-ке
D.5-ке
E.бөлінбейді
Аналитикалық форманттар тілде неше жолмен жасалады?
A.3
B.4
C.5
D.2
E.8
Айта алады, жеңе алады, сұрай алады, қорғай алады,- деген аналитикалық форманттар қандай мағынаны білдіреді?
A.Модальдық мағынаны
B.Нақ осы шақ мағынасын
C.Болымсыздық мағынаны
D.Қалау рай мағынасын
E.Бұйрық рай мағынасын
Сөйлеп отыр, келіп тұр,- деген аналитикалық форманттар қандай мағынаны білдіреді?
A.Нақ осы шақ мағынасын
B.Бұйрық рай мағынасын
C.Болымсыздық мағынаны
D.Қалау рай мағынасын
E.Модальдық мағынасын
Барса игі еді, келсе екен,- деген аналитикалық форманттар қандай мағынаны білдіреді?
A.Қалау рай мағынасын
B.Нақ осы шақ мағынасын
C.Болымсыздық мағынаны
D.Бұйрық рай мағынасын
E.Модальдық мағынасын
Айтпа, барма, келме,- деген аналитикалық форманттар қандай мағынаны білдіреді?
A.Бұйрық рай мағынасын
B.Нақ осы шақ мағынасын
C.Болымсыздық мағынаны
D.Қалау рай мағынасын
E.Модальдық мағынасын
Тура объектілі етістіктерге не жатады?
A.сабақты етістіктер
B.салт етістіктер
C.көмекші етістіктер
D.қосымша етістік
E.күрделі етістіктер
Бір, екі, үш морфемалы аналитикалық форманттар қалай аталады?
A.жалаң
B.қосымша
C.көмекші
D.қосымша
E.күрделенген
Тіл тазалығы үшін күрес ешқашан толастамақ емес,- деген мысалдағы
аналитикалық форманттың мағынасын анықта.
A.Болымсыздық мағына
B.Нақ осы шақ мағына
C.Бұйрық рай мағына
D.Қалау рай мағына
E.Модальдық мағына
Аналитикалық формант құрамында белсенді қызмет атқаратын не?
A.модальдылық категориясы, рай категориясы, шақ категориясы, қимылдың өту сипаты категориясы
B.рай категориясы, шақ категориясы, септік категориясы
C.рай категориясы, шырай категориясы
D.рай категориясы, шақ категориясы, жақ категориясы
E. шақ категориясы, қимылды басқару ұғымы
Сабақты етістіктің қай септікке байланысты екенін анықта.
A.табыс
B.барыс
C.ілік
D.жатыс
E.шығыс
Сөздің аналитикалық формасын жасаушы көрсеткішті көрсет.
A.аналитикалық формант
B.күрделі етістік
C.қосымша етістік
D.көмекші етістік
E.жауап жоқ
Күрделенген аналитикалық формант неше морфемадан тұрады?
A.4
B.5
C.3
D.2
E.9
Баймағамбет сөйлеп отыр,- деген мысалдағы аналитикалық форманттың мағынасын анықта.
A.Нақ осы шақ мағынаны
B.Бұйрық рай мағынасын
C.Болымсыздық мағынаны
D.Қалау рай мағынасын
E.Модальдық мағынасын
Әрі жетекші әрі көмекші қызметте жұмсала алатын етістік қайсысы?
A.толымды етістіктер
B.салт етістіктер
C.сабақты етістіктер
D.қосымша етістік
E.жетекші етістіктер
Міндетті түрде лексикалық мағынасының болып, көмекші етістіктен бұрын тұратын етістік қалай аталады?
A.жетекші етістіктер
B.салт етістіктер
C.толымды етістіктер
D.сабақты етістіктер
E.қосымша етістік
Өздік етістің қосымшалары?
A.-ын;-ін;-н
B.-ды;-ді;-ті;-ты
C.-ар;-ер;-р;
D.-ғалы;-келі;-қалы;-гелі
E.-лар;-лер;-тар;-тер
Бала шамды сөндірді,- мысалы қай етіс түріне жатады?
A.Өзгелік
B.Ортақ
C.Аралас
D.Ырықсыз
E.Болымсыз
-ыс;-іс;-с; қосымшалары қай етіс түріне тән?
A.Ортақ
B.Өзгелік
C.Болымсыз
D.Аралас
E.Ырықсыз
Сөздің ең кіші мағыналық бөлшегі қалай аталатынын анықта.
A.Морфема
B.Синтагма
C.Фонема
D.Сөйлем
E.Реляция
Домбыра, жүзім, алма деген сөздер қандай зат есімге жатады?
A.Деректі
B.Дерексіз
C.Жалқы
D.Адамзат
E.Заттанған
Бір- біріне ұқсас нәрселер мен құбылыстардың жан – жануарлардың жалпылама атауышы, ортақ атауышы ретінде жұмсалатын зат есімдердің түрлерін ата.
A.Деректі
B.Жалпы
C.Жалқы
D.Адамзат
E.Дерексіз
Жалқы есімдер өз ішінде қандай топтарға бөлінеді?
A.Кісі аттары, географиялық атаулар
B.Деректі, дерексіз
C.Жалпы, жалаң
D.Жалқы , жалпы
E.Адамзат, жалпы
Кісі аттарын зерттейтін тіл білімінің саласы қалай аталады?
A.Ономастика
B.Семасиология
C.Топонимика
D.Анторпонимика
E.Лексикология
Сөздердің септелуінің түрлерін анықта.
A.Жай және тәуелді
B.Жай және жалаң
C.Жалаң және күрделі
D.Оңаша және ортақ
E.Жіктік және жалаң
Тәуелденудің түрлері
A.Оңаша және ортақ
B.Жай және тәуелді
C.Жай және жалаң
D.Жалаң және күрделі
E.Жіктік және жалаң
Зат есімдерге тән ерекшелік
A.Көптелу, септелу, тәуелдену
B.Вербалдану, есімдену
C.Прономиналдану, есімдену
D.Көптелу, септелу, күрделену
E.Вербалдану, септелу
Үйінің деген зат есім септелудің қай түріне жатады?
A.Тәуелді септелу
B.Оңаша септелу
C.Ортақ септелу
D.Жалаң септелу
E.Жай септелу
Менің дәптерім дегенде тәуелденудің қаай түрі қолданылған?
A.Оңаша тәуелдену
B.Ортақ тәуелдену
C.Жалаң тәуелдену
D.Тәуелді тәуелдену
E.Жай тәуелдену
Кітап деген сөз қандай зат есімге жатады?
A.Деректі, жалпы, ғаламзат, жалаң
B.Деректі, жалпы, ғаламзат, адамзат
C.Дерексіз, жалпы, ғаламзат, жалаң
D.Деректі, жалпы, ғаламзат, күрделі
E.Деректі, жалқы, ғаламзат, жалаң
Ілік септігі жасырын тұрған сөзді тап.
A.Әуезов шығармалары
B.Мектепке бару
C.Қызыл көйлек
D.Адал еңбек
E.Тасбақа

3 модуль. Қазақ тілі морфологиясын зерттеген ғалымдардың зерттеу еңбектері

Морфонология ғылымының шеңберін белгілеген ғалым?
A.А. Айғабылов
B.В. Трубецкой
C.Юлдашев
D.Қ. Жұбанов
E.А. Қалыбаева
А.Байтұрсынов 1914 ж. жарық көрген Тіл құралында сөздерді мағынасына қарай қандай сөз таптарына жіктеген?
A.Сын есім, зат есім, сан есім, есімдік, үстеу, етістік,демеу, жалғаулық, одағай.
B.Етістік, есімдік, жалғаулық
C.Есімдік , үстеу, етістік,демеу, жалғаулық, одағай
D.Сын есім , сан есім
E.Зат есім, сын есім, сан есім
А.Байтұрсынов көзге көрінбейтін, құлаққа естілмейтін, мұрынға иісі келмейтін, тілге татылмайтын, денеге сезілмейтін, адам ақылмен ғана білетін заттар деп қандай зат есімдерді қарастырған?
A.Дерексіз
B.Деректі
C.Жалпы
D.Жалқы
E.Ғаламзат
А. Ысқақов кім? деген сұраққа жауап беретін зат есімдерді қандай мағыналық топтарға бөлген?
A.Деректі
B.Туыс атаулары, кісі аттары
C.Іс- әрекет пен кәсіп- мамандық иелерінің атаулары
D.Әр алуан қызмет баптары мен лауазым атаулары
E.Ғаламзат зат есімдері
Сын есімнің шырай категориясын жан- жақты зерттеген ғалымды анықта.
A.Ж. Шакенов
B.Ә.Хасенов
C.К. Аханов
D.А. Ысқақов
E.А. Н. Кононов
Сын есім қай ғасырдан бастап зерттеле бастады?
A.ХІХ ғасыр
B.ХХ ғасыр
C.ХІХ ғасырдың 2 – жартысы
D.1950 жылдар
E.1980 жылдар
Сын есім мәселесін алғаш зерттеген ғалымды белгіле.
A.А. Казембек
B.А.К.Бороков
C.Н.К. Дмитреев
D.П. М. Мелиоранский
E.Қ. Жұбанов
А.Ысқақов не? деген сұраққа жауап беретін зат есімдерді қандай мағыналық топтарға бөледі?
A.Жанды, жансыз.
B.Адамға тән атаулар
C.Іс- әрекет пен кәсіп- мамандық иелерінің атаулары
D.Әр алуан қызмет баптары мен лауазым атаулары
E.Туыс атаулары, кісі аттары
Қимылдың өту сипатын нақты атамаса да, көмекші етістіктердің қимылдың жасалуын анықтайтынын байқап, ол славян тілдеріндегі вид емес деген пікірді алғаш рет 1936 жылы қай ғалым айтты?
A.Қ.Жұбанов
B.А.Батманов
C.Ғ.Мұсабаев
D.Д.Рысбеков
E.Т.Қоңыров
Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған қай ғалым ?
A.Ә.Хасенов
B.А.Батманов
C.Ғ.Мұсабаев
D.Д.Рысбеков
E.А.Ысқақов
Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған қай ғалым ?
A.Ә.Хасенов
B.А.Батманов
C.Ғ.Мұсабаев
D.Д.Рысбеков
E.А.Ысқақов
А. Ысқақов көптік мәнге ие болатын зат есімдерді қандай түрлерге бөледі?
A.Барлығы дұрыс
B.Сұйық заттардың атаулары, газ тектес заттардың атаулары
C.Үгітінді заттардың атаулары
D.Дерексіз ұғымдарды білдіретін зат атауы
E.Кесек заттың атауы, жаратылыс- құбылыстардың атаулары
А. Ысқақов күрделі зат есімдерді қалай бөледі?
A.Аталғандардың барлығы
B.Біріккен
C.Кіріккен
D.Қосарланған
E.Қысқарған
Етіс туралы алғашқы пікір нешінші жылы зерттеле бастады?
A.20ғ басы
B.15ғ басы
C.19ғ аяғы
D.19ғ басы
E.20ғ аяғы
Қазақ тілінде алғаш етіс туралы ең алғаш пікір айтқан ғалым қайсысы?
A.А.Байтұрсынов
B.А.Ысқақов
C.Р.Сыздықова
D.Д.Рысбеков
E.С.Сейфулин
А.Байтұрсынов қазақ тіл біліміндегі етісті неше түрге бөлді?
A.10
B.5
C.4
D.13
E.12
Одағай категориясын ғылыми тұрғыда зерттеген ғалымды анықта?
A.Ш.Сарыбаев
B.Р.Сыздықова
C.Д.Рысбеков
D.А.Ысқақов
E.Д.Насыров
Құрылымы жағынан зат есімдерді А.Ысқақов қандай екі топқа бөледі?
A.Жалаң және күрделі
B.Жай және тәуелді
C.Жай және жалаң
D.Оңаша және ортақ
E.Жіктік және жалаң
Есімдіктер жайлы зерттеулер жүргізген ғалымды анықта.
A.А.Ибатов
B.Б.Қалиев
C.С.Исаев
D.Қ.Жұбанов
E.Т.Сайрамбаев
Қазақ тіл білімінде алғаш көмекші есім деген терминнің пайда болуына ықпал еткен ғалым қайсысы?
A.К.Дмитриев
B.А.Байтұрсынов
C.А.Ысқақов
D.С.Исаев
E.Қ.Жұбанов
Етістік проблемаларын қазақ тілінде ең көп зерттеген ғалымды анықта.
A. А.Қалыбаева
B.Н.Оралбаева
C.Ж.Шәкенов
D.Ә.Хасенов
E.С.М.Исаев
Бүгінгі түркі тілдеріндегі сабақты және салт етістік категорияларын тек семантикалары тұрғысынан қарап қоймай, тілдің әр саласын жан-жақты қарауға тиісті лексика-грамматикалық қасиеттері тұрғынан да қарап, оларды өзінше лексика-грамматикалық категория деп тұжырымға келу қажет болады, -деп салт және сабақты етістіктерді лексика-семантикалық және грамматикалық тұтастықта алып қарауды ұсынған ғалымды белгіле.
A.Қалыбаева
B. Н.Оралбаева
C.Ж.Шәкенов
D.Ә.Хасенов
E.Ә.Төлеуов
Атау септік – бастауыштың септігі , - деген қай ғалымның пікірі?
A.М.Щербак
B.З. Шашкин
C.Н. Оралбаева
D.М.Әуезов
E.С. Исаев
Предикаттық қызметін тек етістіктер ғана емес, есімдер де атқара алады, - деген қай ғалымның пікірі екенін тап.
A.С. Исаев
B.Н. Оралбаева
C.К.Аханов
D.Ә. Хасенов
E.М. Томанов
А. Байтұрсынов өзінің Тіл - құрал оқулығында сын есімдерді қалай жіктеді?
A.Тек сыны және сыр сыны
B.Сапалық және қатыстық сын есім
C.Жалаң сын есім, күрделі сын есім
D.Салыстырмалы және күшейтпелі сын есім
E.Дұрыс дауап жоқ
Заттың не істің сипат белгісін көрсететін, шырай үстеулері мен үстеуіштерін ертетін, зат есімге де, етістікке де анықтауыш бола алатын - сын есім ,- деген пікір Қ. Жұбановтың қай мақаласында айтылғанын белгіле.
A.Қазақ емлесі мен грамматикасының кейбір мәселелері
B.Қазақ тілінің грамматикасы
C.Сын есім
D.Қазақ тіліндегі шырай категориясы
E.Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер
Күрделі сын есімдер негізгі сындардан да, туынды сындардан да олардың өзді – өзінен де, өзге сөздермен тіркесуі, қайталануы, қосарлануы, әредік бірігуі жасалып, бір бүтін күрделі тұлға ретінде қызмет етеді, - дей келіп, күрделі сын есімдердің жасалу жолдарын көрсеткен ғалымды анықта.
A.А. Ысқақов
B.С. Исаев
C.К. Аханов
D.Н. Оралбай
E.Ғ. Мұстафин
Түркі тілдерінде сөздің аналитикалық формасы туралы теорияның негізін салушы қай ғалым?
A.А.Юлдашев
B.М.Қозыбаев
C.Ә.Қодар
D.Х.Шәлекенов
E.В.Бартольд
Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формант, форма теориясының негізін қалаған қай ғалым?
A.Н.Оралбаева
B.К.Аханов
C.Ж.Шәкенов
D.Ә.Хасенов
E.С.М.Исаев
Аналитикалық форма дегеніміз –атауыш сөздер мен көмекші сөздер тіркесінен жасалған құранды форма, -деп тұжырымдаған ғалым қайсысы?
A.Ә.Хасенов
B.К.Аханов
C.Ж.Шәкенов
D.Н.Оралбаева
E.С.М.Исаев
Қазақ тіліндегі етістік категориясын жан – жақты зерттеп, артына өшпес із қалдырған ғалымды анықта.
A.Ы.Маманов
B.Ә.Қайдар
C.Р.Сыздық
D.Ғ. Мұсабаев
E.М.Копыленко
Н. П. Дыренкованың грамматикасында сан есімнің неше түрін көрсеткен?
A.4
B.5
C.6
D.3
E.2
А. Байтұрсыновтың 1914 жылғы жарық көрген қай еңбегінде сан есім жеке сөз табы ретінде қарастырылған?
A.Тіл - құрал
B.Әдеби танытқыш
C.Тіл жұмсар
D.Әліппе - астар
E.Сауаташқыш
Неше? Қанша? деген сұрауға жауап болатын һәм нәрсенің санын көрсететін сөздерді сан есім дейміз, - деген анықтаманың қай ғалымдыкі екенін анықта.
A.А. Байтұрсынұлы
B.В. Виноградов
C.К. Аханов
D.І. Кеңесбаев
E.дұрыс жауап жоқ
1957 жылы қай ғалым сан есім туралы өзінің еңбегін жариялады?
A.Ә. Хасенов
B.М. Балақаев
C.К. Аханов
D.С. Исаев
E.А. Ысқақов
А. Ысқақов Қазіргі қазақ тілі еңбегінде сан есімдерді жасалуына қарай қалай топтастырған?
A.қосылмалы және көбейтілмелі
B.жай және жадағай
C.реттік және темілдік
D.жай және күрделі
E.дара және күрделі
Қазақ тілінде сан есімдер сияқты мөлшерлік мағынада қолданылатын бір топ сөздер бар. Бұл сөздерді Ә. Хасенов неше топқа бөліп қарастырған?
A.2
B.10
C.9
D.12.
E.6
Есімдіктерді есім сөз таптарымен бірлікте қарау керек,- деген пікірді ұстанған ғалымдарды ата.
A.А.А.Шахматов,А.М.Пешковский, А.Н. Гвоздев
B.Е.Н.Сидоренко,А.М.Пешковский
C.А.М.Пешковский, А.А.Шахматов
D.А.Н. Гвоздев, В.В.Виноградов
E.В.В.Виноградов, Е.Н.Сидоренко
Етістіктер заттың белгісін білдіретін сөздердің орынбасарлары,-деп анықтама берген ғалымды анықта.
A.А. Ысқақов
B.А.Ибатов
C.Қ.Жұбанов
D.А.Байтұрсынов
E.Ә.Төлеуов
Көмекші етістіктердің қызметі туралы Олардың көмегі арқасында, мағыналары қаншалықты олқы бола тұрса да,мағынасын толық дербес сөз арқылы білдіре алмайтын неше алуан өте нәзік семантикалық, грамматикалық абстракты мағыналар жасалып я беріліп отырады,-деп айтқан қай ғалым?
A.А.Ысқақов
B.А.Салқынбаева
C.С.М.Исаев
D.Ж.Шәкенов
E.К.Аханов


Скачать


zharar.kz