Анилин – формальдегидті шайырлар

Скачать

Анилин формальдегидпен шайырлар түзе отырып жеңіл әрекеттеседі. Алынатын өнімнің сипатына орт және компоненттердің қасиеттері әсер етеді. Әлсіз сілтілі, бейтарап және әлсіз қышқылды орталарда анилинді формальдегидпен өңдегенде, егер компоненттер қатынасы 1:1 моль болатын болса метилендифениламин (І) түзіледі, ол диаминдифенилметанға қайта топтаса отырып (ІІ); бірақ компоненттердің молярлы қатынасы 1:1 болғанда, метилен анилиннің тримерінің – балқу температурасы 1430С болатын ангидроформальдгиданилин (V) түзіледі:



Метилоланилин (ІІІ) және метиленанилин (ІV) таза түрінде бөлінбеген. Күшті қышқылды ортада (рН-4) анилин және формальдегидтің 1: молярлы қатынасында немесе формальдегидтің елеусіз артық мөлшерінде п – аминбензилды спирт (VІ) түзледі, оның балқу температурасы 650С, ол балқу температурасы 214-2160С болатын ангидроаминобензильді спиртке ауысады (VІІ):

Күшті қышқылды ортада формальдегидтің артық мөлшерінде диметилолды анилин туындысы – о -, п-диметилоланилин (VІІІ) түзіледі:

Күшті қышқылды ортада өнімдерді (V, VII, VIII) қыздыру шайырлардың түзілуіне алып келеді. Ангидроформанили (V) метиленанилиннің полимері болып есептелетін, сары – қызыл түстегі омырылғыш шайырға ауысады:

Шайыр 75-800С температурада тамшы түзу қасиетін көрсетеді және спирттің бензолмен қоспасында жақсы ериді. Ангидроаминобензильді спирттен (VII) қыздырған кезде сызықты құрылымды термопластикалық шайыр түзіледі:


Сызықты тізбек бензолды ядролардан тұрады, ол ядролар п – жағдайларда СН2-NН топтарымен жалғасқан. Диметилоланилинде (VIII) екі метилолды топтың болуы келесі құрылыстағы балқымайтын және ерімейтін өнімдердің түзілуіне алып келеді:





Қатайтылған анилин – формальдегидті шайырларды алудың технологиялық процесі екі сатыдағы поликонденсациялау реакциясын жүргізуге негізделген:
1. Бос метилолды топтардың кейбір мөлшерінен тұратын еритін және балқитын сызықты шайырларды алу;
2. жғары температурада ұзақ уақыт қыздыру арқылы алынған шайырларды қатайту және оларды балқымайтын және ерімейтін жағдайға өткізу. Қатайтылған шайырлар тізбектер арасындағы тігілу мөлшері аз болғандықтан жұмсаруға қабілетті болады.
Анилин – формальдегидті шайырларды алу үшін тот баспайтын болаттан жасалған реакторға анилинді салады, ол реакторякорлы араластырғышпен жабдықталған. Реактор ішіндегіні араластыра және салқындата отырып анилиннің хлорлы тұзын алу үшін концентрленген күкірт қышқылын қосады. Реакцияның жылу эффектісінің төмендеуі және тұздардың еруі су араластыру арқылы мүмкін болады (анилиннің бір салмағына 5 салмақ мөлшерде). Одан соң 30-400С температурада үздіксіз араластыра отырып 1 моль анилинге 1,5 моль мөлшерде формалин қосылады. Қоспаны қыздыруды 1-1,5 сағат көлемінде жалғастырады. Реакция аяқталған соң реактор ішіндегіні бейтараптандырғышқа құйып алып 25 пайыздық күйдіргіш натр ерітіндісімен өңдейді. Бейтараптандырылған шайыр ұсақ ұнтақ түрінде бөлінеді. Сүзгілеу және тұздарды сумен жуған соң шайырды 60-700С температурада кептіріп және шарлы диірменде майдалайды. Алынған шайырдан электротехникалық бөлшектер дайындалады.


Скачать


zharar.kz