Грек парсы соғыстары

Скачать



Лекция №1. Ежелгі дүние тарихы пәні, мақсаты мен міндеттері.
Түп деректері мен тарихнамасы. Кезеңдері

Лекция жоспары:
1. Ежелгі дүние тарихы – жалпы тарих курсының құрамдас бөлігі.
2. Пәннің зерттеу объектісі, мақсаты, міндеттері.
3. Ежелгі дүние тарихынның негізгі кезеңдері.
4. Ежелгі Шығыс тарихының түп деректері мен тарихнамасы.

Әдебиеттер:
1. Ю.С.Крушкол. История древнего мира. В 2-х т.1т. –М., 1971.
2. Г.М.Бонгард – Левин. Древние цивилизации. –М., 1984.
3. Д.Ж.Мелларт. Древнейшие цивилвзации древнего Востока. –М., 1982.
4. Л.С.Васильев. История Древнего Востока. В 2-х т. 1т. –М., 1998.
5. Г.Б.Поляк. А.Н.Маркова. Всемирная история. –М., 1997.

Тарих - адамзат қоғамының өткенін зерттейтін ғылым. Б.э.д. ІҮ м.ж. аяғында адамзат қоғамының тарихында жаңа дәуір басталды. Бұл алғашқы тұрмыстық қоғамнан өзгеше, алғашқы өркениеттердің қалыптасу кезеңі болып табылды. Жаңа кезеңнің ерекше белгісі - алғашқы мемлекеттердің құрылуы болды. Бұл мемлекеттер б.э.д. ІҮ-ІІ м.ж. бойында Жерорта теңізінен Тынық мұхитына дейінгі кең байтақ территорияда қалыптасты. Осы мемлекеттердің б.э.д.ІҮ м.ж. аяғынан б.э.І м.ж. ортасына дейінгі аралықтағы тарихы Ежелгі дүние тарихы деп аталады және ол дүние жүзі тарихының құрамдас бөлігі болып табылады.
Ежелгі дүние тарихының негізігі зерттеу объектісі – Ежелгі Шығыс елдерінің, Ежелгі Греция мен Ежелгі Римнің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму тарихы болып табылады.
Ежелгі дүние тарихы пәнінің мақсаты - Б.э.д. ІҮ м.ж. аяғынан б.э. І м.ж. ортасына дейінгі аралықты қамтитын тарихи кезеңде таптық қоғамдар мен алғашқы мемлекеттердің пайда болуы мен олардың әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуы, құл иеленушілік қатынастардың қалыптасуы, ежелгі мемлекеттердің даму үрдісі барысындағы өзара ұқсастықтары мен ерекшеліктері және олардың тарихи даму заңдылықтары туралы білім негіздерін меңгерту болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес пәннің негізгі міндеттері - Ежелгі Шығыс және антик дүние қоғамдарының дамуын салыстырмалы түрде қарастыра отырып, Ежелгі Шығыс, Ежелгі Греция мен Рим тарихы бойынша терең де, жан-жақты білім беру, саяси-мәдени институттардың, адамзаттық құндылықтардың негізінде жалпы тарихи дамудың қозғаушы күштерін ажырату, тарихи оқиғаларға ғылыми талдау жасап, саяси баға беруге, қорытынды жасауға, алған теориялық білім негіздерін тәжірибе барысында пайдалана білуге үйрету, сонымен қатар студенттердің өздік оқу әрекетін дамыту пәнді оқытудың міндеттері болып табылады.
Ежелгі дүние тарихы 3 кезеңге бөлініп, қарастырылады. Атап айтар болсақ:
1. Б.э.д. ІҮ м.ж. аяғы – б.э.д. ІІ м.ж. (көне ежелгі дәуір);
2. Б.э.д. ІІ м.ж. аяғы – б.э.д І м.ж. аяғы (ежелгі мемлекеттердің гүлдену дәуірі);
3. Б.э. І м.ж. І жартысы (кейінгі ежелгі дәуір кезеңі).
Осы аралықта өмір сүрген ежелгі мемлекеттердің тарихында екі түрлі даму орын алды: ежелгі шығыстық және антикалық. Бұл мемлекеттердің әрқайсысының өзіндік даму ерекшеліктерімен қатар ұқсастықтары да болды.
Көне ежелгі дәуірдің хронологиялық шеңбері (б.э.д. ІҮ м.ж. аяғы – б.э.д. ІІ м.ж.) қола дәуірімен немесе қола ғасырымен сәйкес келеді.
Жер бетіндегі ең алғашқы мемлекеттер Ніл, Тигр, Евфрат сияқты ірі өзендердің бойында қалыптасты. Өйткені бұл жерлерде ирригациялық жүйелерді тұрғызу мүмкіндігі болды. Бұл жерлерде өмір сүрушілер өзге жерлермен салыстырғанда табиғи жағдайға тәуелді болған жоқ. Олар ирригациялық жүйелердің болуы нәтижесінде өздеріне қажетті өнімді өндіріпалып отырды. Ирригациялық кешендер құрылысы көп еңбек қолын қажет етті және бұл жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білу керек болды. Сондықтан ирригациялық кешен тұрғызу алғашқы мемлекеттердің аса маңызды функцияларының бірі болып табылды.
Алғашқы қалыптасқан мемлекеттердің ең бастапқы формасы – номдар болды. Ном – бірнеше территориялық қауымдардың жерлері болып табылды. Олардың әкімшілік, діни, мәдени орталығы – қала болды. Мұндай қала-мемлекеттер ең алғаш рет б.э.д ІҮ м.ж. аяғыында Египетте және Оңтүстік Месопотамияда (Тигр мен Евфраттың төменгі ағысы) пайда болды. Уақыт өте келе номдар біріге бастады. Неғұрлым күшті номдардың қол астына біріге отырып, олар алым-салық төледі. Б.э.д. ІІІ м.ж. ірі мемлекеттердің пайда болуымен әлеуметтік-саяси құрылымның ерекше формасы – деспотия пайда болды және ол ежелгі шығыс мемлекеттерінің көпшілігіне тән болды. Мемлекет билеушісі дамыған деспотия кезінде толық саяси билікке ие болды, құдай немесе құдайдың ұрпағы деп есептелді. Елді басқаруда бюрократтық аппарат өте зор рөл атқарды. Бұл басқару аппаратында сатылы жүйе орын алды. Деспоттық мемлекеттің барлық тұрғындары салық төлеуден басқа мемлекеттік міндеткерліктер, яғни қоғамдық жұмыстар атқаруға тиіс болды.
Б.э.д. ІІІ м.ж. негізгі экономикалық бірлік – ірі патша шаруашылығы болды және де онда натуралдық өндіріс орын алды. Сауда қатынастары негізінен айырбас түрінде болды (Египет, Месопотамия, Үндістан).
Б.э.д. ІІІ м.ж. құл иеленушілік қатынастар қалыптаса бастады. Ежелгі Шығыс мемлекеттеріне тән патриархалдық құлдық пайда болды. Ол натуралдық шаруашылық жағдайында пайда болды, яғни өнім негізінен жеке адамдардың өз пайдалануы үшін ғана өндірілді. Бұл жағдайда тауарлы өндірістегі сияқты жоғары деңгейдегі қанау болған жоқ. Патриархалдық деген атаудың өзі патриарх, яғни жанұя басшысы, отағасы деген сөзден шыққан. Құл жанұяның ең кіші мүшесі, бірақ толық құқылы мүшесі емес. Құл өз қожайынымен қатар жұмыс істейді. Мұндай құлдыққа соғыс тұтқындары, борышкер қауымдастар түсті. Ал, классикалық құлдықта қауымдастар құлға айналдырылған жоқ. Мемлекеттің, храмдардың, жеке адамдардың құлдары болды. Бірақ олар негізгі материалдық игіліктерді өндірушілер болған жоқ (антик мемлекеттердегі сияқты). Ежелгі Шығыс елдерінде негізгі жұмысты, экономиканың басты саласы – ауыл шаруашылығындаәсіресе шаруа-қауымдастар атқарды. Олар белгілі бір дәрежеде мемлекетке тәуелді болды.Бұл кезеңде барлық шығыс мемлекеттерінде (Египетте өзіндік ерекшелік болды) жерге деген жеке меншік түріне байланысты экономикада екі сектор қалыптасты. Атап айтсақ: қауымдық сектор – онда жер территориялық қауымдардың меншігінде болды, қозғалмалы мүлік қауымдастардың жеке меншігі болып табылды. Қауымдастар өздеріне бөлінген жер үлестерін өңдеп, игерді; мемлекеттік сектор – оған патша басқарған мемлекеттік жерлер неді, сонымен қатар храм жерлері болды. Бұл жерлерде формальды түрде ерікті, бірақ саяси құқы жоқ патша адамдары еңбек етті.
Мемлекеттік және қауымдық секторда қосымша түрде құл еңбегі қолданылды, құл иеленушілік қатынастардың патриалхалдық түрі қалыптасты.
Б.э.д. ІІ м.ж. ежелгі шығыс елдерінде еңбек құралдары жетілідіріліп, қолөнерде және белгілі бір дәрежеде ауыл шаруашылығында алға басушылықы орын алып, тауарлы өндіріс арта түсті. Борышкер құлдық дамыды. Әртүрлі жағдайларда мемлекеттік жерлер жеке адамдарға беріле бастады. Бұл кезде Таяу Шығыс мемлекеттерінің арасында экономикалық, саяси, мәдени байланыстар орнап, халықаралық сауда жолдары қалыптасты. Сонымен қатар сауда жолдары үшін күрес шиеленісіп, соғыстар жүргізу көбейді.
Б.э.д. ІІ м.ж. аяғы ежелгі мемлекеттер тарихындағы күрделі кезең болды. Бұл кезде қола ғасыры аяқталып, темір ғасыры басталды. Темір мәдениетін ежелгі мемлекеттер территориясына теңіз халықтары алып келді. Олар Египет, Кіші Азия, Шығыс Жерорта теңізі территориясына еніп, бүкіл Таяу Шығысқа күшті ықпал етті.
Ежелгі дүниенің өзге аймақтарында б.э.д. ІІ-І м.ж. барсында тайпалардың белсенді түрде қозғалу процесі жүрді. Иран территориясына үнді және парсы тайпалары келді., ал Үндістанда Ганг аңғарын үнді-арий тайпалары игере бастады.
Ежелгі мемлекеттердің гүлдену кезінде (б.э.д. ІІ м.ж. аяғы – І м.ж.аяғы) дүние жүзілік державалар немесе империялар қалыптасты. Олар рете ежелгі дүние мемлекеттерінен ерекше орталықтан басқарылатын, әлдеқайда берік, қуатты бірлестіктер болды және біртұтас ішкі саясаты болды. Бұл кезде мемлекеттік құрылымның деспоттық формасы анағұрлым жоғары дамыды. Дүниежүзілік державаларда селолық территория бірте-бірте мемлекеттік сектордың құамына ене бастады.
Экономиканың қауымдық секторы қалаларда сақталды және оларда орталық басқарумен қатар өзін-өзі басқару органдары орын алды. Қалалардағы қолөнер өндірісінде құл еңбегі басым рөл атқара бастады, ауыл шаруашылығында негізінде шаруа-қауымдастар болса , мұнда да құлдар еңбегі пайдаланыла бастады. Экономикалық қатынастардағы негізгі ерекшелік алдыңғы кезеңмен салыстырғанда, темір, болат белсенді түрде қолданылыпы, ауыл шаруашылығы мен қолөнердің, тауар өндірісінің дамуына ықпал етті. Нәтижесінде теңге түрінде ақша кең таралды. Халықаралық сауда дамыды, оған Үндістан, Қытай, Орта Азия, Аравия жартыаралының оңтүстігі қосылды.
Тауар-ақша қатынасының дамуының маңызды нәтижесі екінші кезеңнің аяғында жерге жеке меншіктің пайда болуы болды. Көптеген мемлекеттерде жер сату-сатып алу объектісіне айналды және бұл мемлекеттер экономикасында ірі жеке шаруашылықтар саны арта бастады.
Кейінгі ежелгі дәуірде (б.э. І м.ж. І жартысы) адамзат тарихындағы ежелгі мемлекеттердегі тайпалар мен халықтар маңызды рөл атқара бастады. Бұл кезде әлеуметтік жіктелу процесі белсенді түрде жүріп, мемлекеттің пайда болуының алғы шарттары қалыптасты. ІІІ-Ү ғ.ғ. халықтардың Ұлы қоныс аударуы басталды. Бұл процесс ежелгі мемлекеттердің барлығында жүріп, көп жағдайда олардың күйреуінің себебі болып табылды.
Кейінгі ежелгі кезеңде қоғамдық өмірдің барлық саласында алға басушылық орын алып, жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастар қалыптасты, қалаға берілген артықшылықтар жойылды, еңбекшілердің әртүрлі топтарының жағдайы теңестірілді және олар тәуелді жағдайда болды. Қалалар өз маңызын жоғалтып, экономикалық өмірдің орталығы бірте-бірте ірі жер иеленушілердің иеліктеріне көше бастады, олар өз жерлеріндегі экономикалық, саяси, сот билігін өз қолына алды. Осылайша жаңа дәуірдің алғашқы ғасырында жаңа – феодалдық қатынастардың қалыптасуы басталды. Ежелгі дүние кезеңі орта ғасырларға орын берді.
Сонымен жоғарыда атап көрсеткендей, Ежелгі Шығыс тарихы – жер бетіндегі пайда болып, қалыптасқан көне таптық қоғамдар, өркениеттер тарихы.
Ежелгі Шығыс деп ежелгі заманда грек-рим дүниесінің шығыс және оңтүстік-шығыс жағына орналасқан елдердің жиынтығын айтамыз. Бұл термин шамамен және шартты түрде алынған. Ежелгі Шығыс пен антик дүние арасында тұрақты меже жоқ. Шығыс халықтары кейде батысқа ішкерілеп, еніп отырған. Мысалы, финикиялықтар Шығыс Жерорта теңізінен шығып, б.э.д. ІІ және І м.ж. Солтүстік Африканың едәуір бөлігін, Батыс Жерорта теңізінің аралдарын отарлап, Атлант мұхитына дейін созылып жатқан Карфаген державасын құрды. Екінші жағынан, гректер Кіші Азияның жағалауы мен Кипр аралдарының едәуір бөлігін отарлады. Осылайша Ежелгі Шығыс пен антик дүние шекарасы бір-біріне ауысып отырып, олардың географиялық орнын әртүрлі дәуірде әртүрлі межелейміз.
Шығыс туралы айтқанда, Оңтүстік Азия және ішінара Солтүстік Африка елдері мен халықтары туралы деп те түсінеміз. Олар Еворпамен, Батыспен әлдеқайда кейін араласқан, ежелгі заманда біраз дербес дамыған Үндістан және Қытаймен байланысты болған.
Дүниежүзі тарихында Шығыстың алатын орны ерекше. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауының басталуы, жеке меншіктің пайда болуы, таптық антогинизм, мемлекеттік өкімет тұңғыш рет Шығыста пайда болды. Жазу-сызудың ең ежелгі жүйесі де Шығыстан шықты. Осылайша алғашқы өркениеттер Шығыста пайда болып, өз дамуында антик дүниеге едәуір ықпал етті.
Ежелгі Греция тарихы Ежелгі Шығыс елдерінің тарихымен бір мезгілде және өте тығыз байланыста дамыды. Мемлекеттіліктің алғашқы ошақтары б.э.д. ІІІ м.ж. Балқан жартыаралының оңтүстігінде және оған жақын аралдарда пайда болды. Ежелгі Грецияда мемлекеттіліктің қалыптасуы полистің, жаңа әлеуметтік-саяси ұйымдардың пайда болуымен байланысты болды. Ежелгі Греция тарихы төмендегі кезеңдер бойынша қарастырылады:
1. Эгей өркениеті немесе крит-микен дәуірі (б.э.д. ІІІ-ІІ м.ж.).
2. Б.э.д. ХІ-ІХ ғ.ғ. Греция.
3.Архаикалық кезеңдегі Греция (б.э.д ҮІІІ-ҮІ ғ.ғ.)
4. Классикалық кезеңдегі Греция (б.э.д. Ү-ІҮ ғ.ғ.)
5. Эллинистік кезеңдегі Греция (б.э.д. ІҮ ғ. ІІ жарт.-І ғ. ортасы).
Ежелгі Рим тарихы – ежелгі дүние тарихын қорытындылайтын, құл иеленушілік құрылыс дамуының ең жоғарғы сатысы болып табылады. Рим республикасы б.э.д. ІІ ғ. ортасында Италияда қалыптасқан қуатты мемлекет болды. Ол Апеннин жартыраралында өмір сүрген халықтар мен тайпаларды өзіне қаратып, Жерорта теңізі өңіріндегі мемлекеттердің ішіндегі аса күшті мемлекетке айналды. Б.э.д. І ғ.-б.э. ІІ ғ. Рим бүкіл Солтүстік Африканы, Европаның басым бөлігін және Алдыңғы Азияның елдерін бағындырды және аса үлкен держава құрып, шамамен 500 жыл уақыт өмір сүрді. Ежелгі Рим тарихын төрт кезеңге бөліп қарастырамыз:
1. Патшалық кезең (б.э.д. ҮІ ғ.) және ерте Рим республикасы кезеңі (б.э.д.
Ү-ІҮ ғ.ғ.)
2. Кейінгі Рим републикасы (б.э.д. ІІ-І ғ.ғ.) және ерте империя кезеңі (б.э. І-ІІ
ғасырлары)
3. Жалпы құлиеленушілік құрылыс дағдарысы мен Рим империясының саяси
дағдарысы кезеңі (б.э. ІІІ ғ.)
4. Құлиеленушілк құрылыстың дағдарысының тереңдеуі (б.э. ІҮ-Ү ғ.ғ.).
Ежелгі Шығыс тарихын оқып – үйрену жеке елдер бойынша қарастырылады. Бұлай оқып-үйрену дамудың жалпы бағытын да, алуан болғанына қарамастан тарихи процестердің заңдылықтарын өзгерте алмайтын жергілікті айырмашылықтарды да анықтауға мүмкіндік береді.
Ежелгі Шығыста бірыңғай хронологиялық жүйе болмаған, оқиға патшалардың басқарған жылдарынан басталады және әр жылдың басты оқиғаға байланысты ерекше атауы болады.
Тигр және Евфрат өзендері бассейнін ежелгі заманда мекендеген халық жайлы библияда және антик заман авторларының еңбектерінде жазылғандардан ғана кейбір мәліметтер пайдаланылды. Көне өсиет деп аталған кітаптарда Вавилон мен Ассирия туралы бірнеше рет айтылып, бұл мемлекеттердің Израиль және Иудей патшалықтарымен соғысы және бейбіт жағдайдағы қарым-қатынастары жазылған.
Б.э.д. Ү ғ. ортасында Шығыс елдерінің бірқатарын аралаған грек тарихшысы Геродоттың жазбаларында Вавилон мен Ассирияның өткен тарихы туралы айтылады. Геродот өз еңбектерінде Тигр мен Евфрат аңғарының экономикасын, халқының тұрмыс жағдайын біршама жақсы суреттеген.
Вавилон абызы Берос шетелдік басқыншыларға арнап, грек тілінде Вавилон тарихының үш кітабын жазды. Оның бірініші кітабы бағзы заманғы аңыз-ертегіден бастап, Вавилонды А.Македонскийдің жаулап алған кезеңіне дейінгі оқиғаларға арналған. Берос тарихи оқиғаларды баяндағанда анық діни бағыт ұстанған және Вавилон храмдарында сақталған жазба түпнұсқаларды пайдаланған.
ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ. Европаға Персеполь сарайының құландысында тас плиталардың бетінде ғажайып белгілердің бар екендігі жайлы мәлімет жетті. Оның көшірмесі Европаға әкелініп, оқуға әрекет жасалынды. Астанасы Персеполь болған ежелгі парсы державасының патшалары өздерінің жазбаларын парсы, элам және вавилон тілдерінде жазуды бұйырған. Сыналы жазудың бұл жүйесінің әріптерін, ең оңайы парсы тіліндегіні оқуға неміс мұғалімі Гортефенд әрекет жасап, патша деген сөзді білдіретін бірнеше таңбаларды анықтады. Осылайша Дарий мен Ксеркс патша есімдері оқылды. Ол небәрі 9 әріп таңбасын дұрыс тапты. Бұл істі жалғастырған парсы шахының үкіметіне қызметке жіберілген ағылшын офицері Роулинсон болды. Ол Бехистун жартасындағы биіктігі 100 м. құзға жазылған таңбаларды 12 жыл (1835-1847) зерттеп, оқылу сырын ашқан.
Орыстың талантты ассириологы М.В.Никольский (1848-1917) сыналы жазудың таңбалары ең алғашсуретпен жазудан шыққанын дәлелдеді.
Ағылшын археологы Лэйард Ассирия астанасы Ниневияның орнын қазып, одан патша Ашшурбанипалдың (б.э.д. Үғ.) 20 000 саз балшық кітабы бар үлкен кітапханасын тапты. Элам мемлекетінің астанасы Сузы қаласынан Хаммурапи заңдары жазылған базальтты қара бағана табылды. Мұны ХХ ғ. басында француз археологтары ашты. Шумердің Лагаш қаласының орнын қазғанда одан өзіндік сыртқы белгілері бар шумерлердің бейнесі және өз тілдерінде жазылған еш аудармасы жоқ көптеген жазбалар табылды. Олардың ішінде шарттар, азық-түлік тізімдері және де тағы басқа іс-қағаздары табылған.
Жалпы алғанда негізінен Ежелгі Шығыс мемлекеттерінің саяси және мәдени тарихы зерттелген. Зерттеуші ғалымдар соғыстарға, патшалар жүргізген және де құдайлар мен батырлар туралы аңыздар мен мифтерге баса назар аударған.
Ғалым В.В.Струве б.э.д. ІІІ м.ж. аяғындағы Шумердің патша сарайын, храмдарын мұқият зерттеп, мұнда құл еңбегін пайдалану басым болғанын көрсетті. И.М.Дьяконов өз еңбегінде Шумер, Вавилон, Ассириядағы жер қатынасы, патриахалдық отбасының дамуы мен ыдырауы, мемлекеттің саяси құрылысы туралы талдап көрсетті. Сонымен қатар кеңестік ассириологтар мен шумерологтардың ішінен В.Б.Шимайко, А.П.Рифтин, Н.Б.Янковская, В.А.Якобсон, Р.А.Грибов, В.А.Белявский т.б. ерекше атауға болады.
Тарихшылар И.М.Дьяконовтың, В.А.Белявскийдің, Ю.Б.Юсифовтың т.б. еңбектерінде Алдыңғы Азияның ежелгі әртүрлі елдерінде құл иеленудің едәуір рөлі болғаны айтылады. Ежелгі Египеттегі құл еңбегін сипаттайтын көп деректерді Ю.Я.Перепелкин түпнұсқалардан алып дәлелдеді. Ал, үнді тарихшылары Д.Р.Чанан, Ш.А.Данге т.б. ежелгі Үндістандағы құл еңбегі туралы көптеген деректер жинақтаған.
Ежелгі Египеттің тарихы ХІХ ғ. ғана бір жүйеге келтіріліп, терең зерттеле бастады. Бұған дейін Библия деректерінің және грек пен латын авторлары шығармаларының кейбір үзінділері пайдаланылды. Ежелгі Египет тарихын зерттеуде ең алдымен дінге, әдебиет пен өнерге және саяси өмірге баса назар аударылды. Ежелгі Египет тарихы туралы зерттеулердің ішінен Ю.Я.Перепелкиннің ІҮ Аменхотептің төңкерісі, М.А.Корстовцевтің Ежелгі Египеттің көшірмешілері деген монографияларын, В.И.Авдиевтің Египеттің тарихы деген еңбектерді ерекше атауға болады.
Ежелгі Қытай туралы шығармалардың ішіндегі маңыздысы – ежелгі қытай жылнамалары, әсіресе Чуньцю (Көктем мен күз) жылнамасы. Онда Лу патшалығындағы б.э.д. ҮІІІ-Ү ғ.ғ. оқиғалар жазылған. Ал, Шаншу кітабы, ежелгі қытай тарихи шығармаларының басқа бір жанрына жатады. Бұл билеушілер мен олардың жақындарының сөздерінің жазбасы. Сонымен қатар Қытайдың байырға тарихы жайлы түпдеректердің бірі – Шицзин өлеңдер жинағы. Сыма Цяньнің (б.э.д. 145-90 ж.ж.) б.э.д І ғ. пайда болған Тарихи жазбаларында Қытайдың ежелгі заманнан б.э.д. Іғ. аралығындағы жалпы тарихы баяндалған. Бань Гу (32-92 ж.ж.) Хань тарихын жазып қалдырды.
ЕжелгҮндістан тарихы бойынша түпдеректердің ішіндегі аса құндысы – Махабхарата және Рамаяна поэтикалық шығармалары мен ведалар болып табылады. ХҮІІІ ғ. Үндістанды Европалық отаршылдар басып алды және оның көне ескерткіштерін жүйелі түрде зерттеу осы кезден басталды.
Біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ-ІІ м.ж. Месопотамия

Лекция жоспары:
1. Ежелгі Месопотамияның табиғи жағдайы, халқы және олардың шаруашылығы.
2. Шумер және Аккад қала-мемлекеттері, олардың өзара күресі.
3. Саргонидтер мемлекеті. Ішкі және сыртқы саясаты.
4. Нарам-Суэн. Мемлекеттік құрылымдағы өзгерістер. Ур ІІІ династиясы және оның құлауы.
Әдебиеттер:
1. Ю.С.Крушкол. История древнего мира. В 2-х т.1т. –М., 1971.
2. Г.М.Бонгард – Левин. Древние цивилизации. –М., 1984.
3. Д.Ж.Мелларт. Древнейшие цивилвзации древнего Востока. –М., 1982.
4. Л.С.Васильев. История Древнего Востока. В 2-х т. 1т. –М., 1998.
Қосымша әдебиеттер:
1. Г.Б.Поляк. А.Н.Маркова. Всемирная история. –М., 1997.
2. Поэзия и проза Древнего Востока. – М., 1973.
3. К.Ф.Беккер. История древнего мира. Восток-Греция. -М., 2001.

1. Месопотамияның оңтүстік бөлігі (Қосөзен) Тигр мен Евфрат өзендері алып келген үйінділер Персия шығанағын толтыруынан барып, бірте-бірте пайда болды. Теңіз суы оңтүстікке ығысып, мұның орнын батпақты жазық басты. Мұнда адам өмір сүруі мүмкін емес еді. Тек қана жаңа тас ғасырында, тіпті оның аяғында ғана Қосөзенге оның шет жағындағы қыраттардағы тұрғындары біртіндеп қоныстана бастады. Қосөзеннің негізгі байлығы өзен-көлдердегі балық және су құстары болды. Ежелгі тұрғындардың кәсібі аңшылық, әсіресе балық аулау болды. Шағын жерлерде теселі егіншілік дамыды. Дәнді дақылдар егілді. Жеміс беретін құрма пальмасы тым ертеден өсірілді. Сонымен қатар мал шаруашылығы өркендеді. Үй жануарлары шаруашылыққа да пайдаланылды (соқаға жекті, астық бастырды). Егістік жерлерді кеңейту үшін батпақты жерлер құрғатылып, жасанды су қоймаларын жасады. Егістікті суару тәсілі жетілдірілді. Осылайша Қосөзен құнарлы елге айналып, мол өнім берді.
Құрылыс пен қолөнері үшін пальма мен үйеңкі сабақтарын пайдаланды. Бал қарағай мен кипарис алыстағы таулардан қиыншылықпен әкелінді. Тұрғын жай қамыстан өріліп, сырты балшықпен сыланды. Көптеген ауыл шаруашылығы құралдары саз балшықтан жасалды. Қосөзенде ең тұңғыш саз балшықтан жасалған кітап және саз тақта пайда болды.
Халқы. Қосөзен халқы этникалық жағынан біркелкі емес еді. Өйткені елді қоныстану екі жақтан бірдей болды. Шығыстан тіл топтарының ешбіріне жатқызуға болмайтын тілде сөйлейтін шумерлер келді. Батыстан және солтүстік-батыстан Қосөзенге семит тайпалары келді. Олардың Отаны деректер бойынша Аравия түбегі мен Слотүстік Африка болған, олар Палестина мен Сирия арқылы келген семит қоныс аударушыларының алғашқылары кейіннен, аккадтықтар деп аталды (Аккад қаласына байланысты). Олардың ежелгі еврей және араб тілдері тектес тілі, кейін аккад тілі деп аталды.
Қоғамдық құрылысы. Қосөзеннің ежелгі тұрғындары рулық құрылыста өмір сүрді. Өндірісте көрнекті орын алған әйелдер ру мен тайпа жиналыстарына қатысты. Бірақ, матриархат сатысына тән бұл құбылыс жаңа қатынастарға ерте кезден – ақ орын берді. Қоғамның негізгі ұясы патриархаттық жанұя болды, әке толық үстемдік жүргізіп, дүние-мүлікке де ие болды. Б.э.д. ІІІ м.ж. халық жиналысына тек қана ер адамдар (жауынгерлер) қатысты.
Шаруашылықтың дамып, суландыру жүйесінің өсуі, жер игеру техникасының күрделенуіне байланысты туыстық байланыстарға қарамастан жанұялар бірікті. Жер телімдік үлестерге бөлінді, жалпыға міндетті жұмыстар бірігіп атқарылды.
Алғашқы (рулық) қауымнан селолық (көршілес) қауымға өтер кезеңде құлдық пайда бола бастады, бұрын өндіргіш күштердің дәрежесі төмен кезде бұған жағдай болмады. Тайпа аралық соғыстарда тұтқынға түскендер де құлға айналдырылды. Оларды суландыру жұмыстарына, үй құрылыстарына т.б. пайдаланды. Шумерлер құлдарды көзін көтермейтіндер, яғни бас июшілер деп атады. Бұған қарамастан құлдардың саны аз болып, негізгі өнімді өндірушілер ерікті адамдар болды. Ерікті адамдар арасында да теңдік болмады. Ауыл шаруашылығы өнімдері мен қолөнер бұйымдарының артылуы айырбасты туғызды. Алғашқыда натуралдық (негізгі бағалау өлшемі – дән), кейін ақшалай (б.э.д. ІІІ м.ж. күміс кесегі) айырбас басталды.
2. Мүліктік теңсіздіктің, құл еңбегін қанаудың, кедейленген еріктілерді қанаудың күшеюі жаңа туып келе жатқан құл иеленуші таптың үстемдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік үкіметтің пайда болуына алып келді. Алғашқыда патша бұрынғы тайпа көсеміне ұқсас болды. Маңызды мәселелерді шешу үшін әуелі қариялар кеңесі, сосын халық жиналысы шақырылды. Тайпалық немесе К.Маркс пен Ф.Энгельс айтқандай әскери демократия дегеніміз осы болды. Елді біріктіру бірден жүзеге асқан жоқ. Ол кездегі қала бірнеше селолық қауымдардан құралды. Олар өзін-өзі басқаратын орталықтарды құрды. Әрбір орталықта жергілікті құдай храмы болып, оның билеушісі – патеси деп аталды, ол әрі әскери басшы, әрі бас абыз болып табылды. Қандай да қала күшейіп, екіншісін бағындырғанда, оның билеушісі патша атағын алды. Осылайша алғашқы қалыптасқан мемлекеттердің бастапқы формасы – ном деп аталды. Ном бірнеше селолық қауымдардың жерлері болды. Олардың әкімшілік, діни, мәдени орталығы –қала болып табылды.
Жалпы алғанда рудан патриархалдық жанұяға және селолық қауымға, тайпадан мемлекетке көшудің бүкіл процесі шамамен б.э.д. Ү м.ж. ортасынан б.э.д. ІІІ м.ж. ортасына дейінгі аралықты қамтитын ұзаққа созылған және біртіндеп жүзеге асқан процесс болды. Бұл археологияда энеолит кезеңі боллып табылды.
Оңтүстік Месопотамияда б.э.д. ІҮ м.ж. аяғы-ІІІ м.ж. І жарт. Египеттегі сияқты орталықтанған мемлекет болған жоқ, тек қана бірнеше саяси орталықтар болды және әрқайсысында 40-50 мыңдай халық өмір сүрді. Олардың ішіндегі негізгілері Аккад, Ларса, Ниппур, Эриду, Лагаш, Умма, Урук және Ур қалалары болды. Елді біріктіруде аса маңызды рөл атқарған Урук қаласы болды. Ол Евфрат бойында пайда болды. Ал, Месопотамияның орталығында, Евфратта орналасқан Ниппур бүкіл Шумердің бас қасиетті қаласы болып табылды. Олар, сонымен қатар Оңтүстік Месопотамиядағы өзге қала-мемлекеттер этникалық, діни, мәдени қатынастары жағынан біртұтас – Шумер мемлекетін құрды. Бұл жерде де Египеттегі сияқты мемлекеттік жерлердің бір бөлігі храмдарға бөлінді, қоғамдық жұмыстар кең таралды. Жерге деген мемлекеттік (патшалық) меншікпен қатар территориялық қауымдардың жеке меншігі де болды, оларда жеке шаруашылық дамыды.
Б.э.д. ІІІ м.ж. І жартысында Шумерде бірнеше саяси орталықтар құрылып, олардың билеушілері лугаль немесе энси деп аталды. Лугаль аудармасында үлкен адам дегенді білдіреді және бұлайша көбінесе патшаларды атаған. Ал, энси деп өз қарамағынды жақын адамдары бар белгілі бір қаланың өз бетінше билеушісі болған адамды атаған. Бұл атақтың шығуы дінмен тікелей байланысты, осыған орай алғашқыда мемлекеттік билік өкілі бас абыз болып табылған.
Месопотамияда орталықтанған мемлекеттер б.э.д. ІІІ м.ж. ІІ жарт. пайда болды. Шумерде жетекшілік рөлге таласушы Лагаш және Умма болды. Ұзаққа созылған күрестің нәтижесінде б.э.д. ХХІҮ ғ. Умма билеушілері (Энметена (б.э.д. 2360-2340)) Лагашты жаулап алды. Бірақ Лагаштың ішкі жағдайы тұрақты болмады. Қала халқы өзінің саяси және экономикалық құқы жағынан қысымшылық көрді. Нәтижесінде олар қаланың ықпалды азаматтарының бірі Уруинимгина төңірегіне топтасты. Ол Лугальанда деген энсиді ығыстырып, оның орнын басып алды. Уруинимгина өзінің алты жылдық (б.э.д. 2318-2312ж.ж.) басқаруы кезінде маңызды әлеуметтік реформалар жүргізді. Бұл реформалар бізге белгілі әлеуметтік-экономикалық қатынастар саласындағы көне құқықтық актілер болып табылды. Ол алғашқы болып, Күшті адам ешқашан жесірлер мен жетімдерді ренжітпесін деген ұран көтерді және бұл ұран кейіннен Месопотамияда кеңінен таралды. Оның тұсында діни қызметкерлерден алынатын салық жойылды, храм шаруашылығының патша әкімшілігінен тәуелсіздігі қайта қалпына келтірілді. Қарапайым халық үшін де кейбір жеңілдіктер жасалды: діни әдет-ғұрыптар үшін төлемақы азайтылды, қолөнершілерден алынатын кейбір салықтар жойылды, суландыру жүйесіндегі міндеткерліктер төменднтілді. Бұдан басқа, Уруинимгина село қауымдарындағы сот ұйымдарын қайта қалпына келтірді және Лагаш азаматтарының құқтарына кепілдік берді. Полиандрия (бірнеше тұрмысқа шығу) жойылды. Осындай реформалар жүргізумен айналысып жатқанда Лагаш пен Умма арасында соғыс басталды. Умма билеушісі Лугальзагеси Урук қаласының қолдауына сүйеніп, Лагашты жаулап алды және онда енгізілген реформаларды тоқтатты. Бұдан кейін Лугальзагеси Урук пен Эридудағы билікті жойып, өз үстемдігін бүкіл Шумерге орнатты. Астанасы Урук қаласы болды. Шумер мемлекетінің экономикасының негізгі саласы дамыған суландыру жүйесіне негізделген – егіншілік болды. Қолөнер де жақсы дамыды. Қала қолөнершілерінің ішінде үй құрылысшылары көп болды. Урда жүргізілген қазба кезінде табылған, б.э.д. ІІІ м.ж. жатқызылатын ескерткіштер шумер метеллургиясы шеберлігінің жоғары деңгейде дамығандығын көрсетті. Ал,Оңтүстік Месопотамияда көптеген материалдардың болмауы, халықаралық сауданың дамығандығын дәлелдейді. Алтын Үндістанның батыс облыстарынан, құтылар үшін тастар – Ираннан, күміс-Кіші Азиядан әкелінді. Бұл тауарларға айырбас ретінде шумерлер жүн өнімдерін, бидай мен құрма сатты. Жергілікті шикізаттан қолөнершілерде саз балшық, қамыс, жүн мен тері болды. Б.э.д. ІІІ м.ж. басында-ақ қола құралдар жасалына бастады және олар темір ғасырында да негізгі металл құралдары болып қала берді.
3. Б.э.д. ХХҮІІ ғ. бастап Месопотамияның солтүстігін аккадтықтар қоныстана бастады. Месопотамияда семиттіктер негізін қалаған ең көне қала – Аккад қаласы болды. Кейіннен ол осы атаумен аталған мемлекет астанасына айналды.
Аккад Евфраттың сол жақ жағалауында орналасты. Б.э.д. 2334 жылы Аккадтың патшасы Ежелгі Саргон болды. Саргон Месопотамияда 1,5 ғасырдай билік құрған (өзін қосқанда барлығы бес патша) династияның негізін қалаушы болды. Патша Саргон атын таққа келген соң алған болуы керек. Өйткені Саргон (аккадша Шарукен) шын мәніндегі патша деген мағынаны білдірген.
Бүкіл дерлік Шумер қалаларына өз үстемдігін орнатқан Лугальзагеси Саргонмен ұзаққа созылған күреске шықты. Бірнеше сәтсіздіктерден кейін Саргон шешуші шайқаста жеңіске жетті. Бұдан кейін ол Сирияға, Тавр таулы аймағына жорық жасап, көршілес Элам елінің патшасын жеңді.
Солтүстік және Оңтүстік Қосөзеннің Саргон қол астына бірігуі екі елдің құл иеленуші топтарының өкілдеріне тиімді болды. Ол тарихта алғаш рет тұрақты армия құрып, онда арнайы әскери дайындығы бар 5400 маман жауынгер болды. Месопотамияда шексіз патша билігі орнаған, орталықтанған ірі мемлекет құрды. Айтарлықтай әскери күші бар орталық династияға елді өз бақылауында ұстауға мүмкіндік туды.
Саргон және оның мұрагерлері сыртқы саясатты шебер жүргізді, әртүрлі шикізатқа бай көрші таулы елдерге әскери жорықтар жасап отырды. Саргон Орталық Евфраттағы Мари қаласын басып алып, одан әрі Сирия, Күміс тауларға дейін жетті.
Саргон басқаруы кезінде Аккад мемлекетінің экономикасы да жақсы дамыды. Патша шаруашылығының көлемі ұлғайтылып, бүкіл мемлекет көлемінде ирригациялық жүйе салынып, біртұтас өлшем және салмақ бірліктерінің жүйесі енгізілді. Аккад Үндістанмен, Шығыс Аравиямен теңіз саудасын жүргізді.
Саргонның басқаруының соңында орын алған аштық елде көтеріліс туғызды, оны Саргон өлімінен кейін, б.э.д. 2270ж. шамасында оның кіші ұлы Римуш басып тастады. Алайда ол сарай төңкерісінің құрбаны болып, таққа оның бауыры Маништушу келді. Он бес жылдық басқарудан кейін Маништушу да жаңа сарай төңкерісі кезінде қаза тауып, таққа оның ұлы Нарам - Суэн (б.э.д. 2236-2200ж.ж.) отырды.
4. Нарам-Суэн басқаруы тұсында Аккад өз дамуының шарықтау шегіне жетті. Оның билік құруының алғашқы кезінде Аккадтың күшеюіне қарсы болған Месопотамияның оңтүстігіндегі қалалар бас көтерді. Көптеген жылдардан кейін ғана ол басып тасталынды. Месопотамияда өз билігін күшейткен соң, Нарам-Суэн өзін Аккадтың құдыреті күшті құдайымын деп атай бастады. Халық құдайға қалай құлшылық етсе, дәл солай Нарам-Суэнге дн бас июге тиісті болды.
Нарам-Суэн өзін дүние жүзінің төрт елінің патшасымын деп есептеді. Ол көптеген жеңісті басқыншылық соғыстар жүргізді. Атап айтсақ, Нарам-Суэн бірнеше рет Элам патшасын жеңді, сонымен қатар тау тайпасы Загрос луллубейлеріне жорық жасап, Армян таулы қыратына дейін барды, Евфраттың орта ағысындағы Мари қала-мемлекетін бағындырды, сонымен қатар өз билігін Сирияға да жүргізді. Алайда Аккад патшалығында әлеуметтік қайшылықтар күшейіп, халық бұқарасының қозғалыстары құл иеленуші қоғамның ірге тасын шайқалтып, оны әлсіретуге жағдай жасады.
Нарам-Суэннің мұрагері Шаркалишарри (б.э.д. 2200-2176), аудармасы барлық патшалардың патшасы, тұсында Аккад державасының ыдырауы басталды. Жаңа патшаға батыстан келген аморелермен және бір мезгілде солтүстік-шығыстан келуші гутеейлерге қарсы тұруға тура келді. Месопотамияның өз ішінде халық толқулары басталып, оның негізгі себебі әлеуметтік қайшылықтар болды. Б.э.д 2170 ж. шамасында Месопотамияны Загрос тауларында өмір сүруші гутеейлер жаулап алып, тонады.
Гутеейлердің негізгі тірегі Лагаш қаласы болды. Б.э.д. ХХІІ ғ. ІІ жарт. Лагашты гутеейлердің басшылығымен Гудеа деген патеси басқарды. Оларға қарсы көтерілістің басында Ур мен Урук қалалары тұрды. Утухенгал патша басқарған Урук әскерінің кішімен б.э.д. 2109 ж.гутеейлер жеңіліп, елден қуылды. Бұл жеңістен кейір Утухенгал бүкіл Шумерге билік құрғысы келді, бірақ Оңтүстік Месопотамиядағы билік Ур қаласына көшті, онда билік құрушы Ур-дың ІІІ династиясы болды. Оның негізін қалаушы Урнамму болды, ол Шумер және Аккад патшасы деген атаққа ие болды. Қосөзен қайтадан бірікті. Урнамму тұсында патша билігі деспоттық сипатта болды. Патша жоғары сот болып табылды, сондай-ақ, мемлекеттік аппараттың басшысы болды, соғыс және бейбітшілік мәселелерін де өзі шешті.
Ел экономикасында ішкі және сыртқы сауда ісі өркендеді. Мұнда басты рөл атқарушылар-тамкарлар (патша адамдары) болды. Өндіргіш күштер жақсы дамып, қола құралдар кеңінен пайдаланылды. Патша және храм шаруашылықтарында көптеген хатшылар мен шенеуніктер болды, олар шаруашылық өмірдің барлық салалары бойынша тіркеу жасап отырды. Елде бір жүйеге келтірілген транспорт жұмыс істеді. Күшті орталықтанған басқару аппараты болды.
Урнаммудың ұлы Шульги тұсында (б.э.д. 2093-2046) патша құдаймен теңестірілді. Храмдарда оның мүсіндері қойылды және оған арнап құрбандықтар шалынуға тиісті болды. Шулиги сот жүйесі туралы заңдар шығарды. Бұл бізге белгілі болған көне заң актілері болды. Оларда көбінесе қашып кеткен құлдарды қожайындарына қайтарғандары үшін сыйақы мөлшері белгіленді. Сонымен қатар басқа да жаза түрлері қарастырылды. Кейінгі кезеңдегі Хаммурапи заңдарынан (көзге көз, тіске тіс) өзгешелігі Шульги негізінен жапа шеккенге ақшалай шығынның орнын толтыру принципін бекітті.
Ур ІІІ династия билеушілері батысқа (Сирияға) және шығысқа (Эламға) бірнеше шабуылдар жасап, ал солтүстікте Ашшурбанипалды бағындырды.
Сонымен қатар Шульги мұрагерлері тұсында Сириядан Месопотамияға шабуылдап отырған аморейлер мемлекетке қауіп төндірді. Елдің ішкі жағдайы да берік болмады. Храм шаруашылығы өте көп жұмыс қолын қажет етті. Бұл өз кезегінде қоғамның ерікті мүшелерінің құқтарынан айырылуына әкеліп соқтырды.
Осылайша б.э.д. ХХІ ғ. аяғ. Урдың ІІІ династиясы батыстан келген семиттік көшпенді-жаулаушы аморей тайпаларымен және шығыстан келуші эламиттермен күресте әлсіреп, құлатылды. Б.э.д. 2003 ж. Ур ІІІ династиясының соңғы өкілі Ибби-Суэн тұтқындалып, Эламға әкетілді. Ур храмдары тоналды, қалада элам гарнизоны қалдырылды. Месопотамиядағы орталықтанған мемлекет өмір сүруін тоқтатты. Оның орнында аморей тегінен шыққан жергілікті династиялар пайда болды.

Ежелгі Египет

Лекция жоспары:
1. Ежелгі Египет тарихының түп деректері мен тарихнамасы.
2. Египет тарихын кезеңдерге бөлу: ежелгі, орта, жаңа және кейінгі кезеңдердегі (б.э.д. І м.ж) Египет.
3. Көне және ежелгі кезеңдегі Египет. Номдарға бөлінуі.
4. Орта патшалық кезең. Гиксостардың Египетті жаулауы.
5. Жаңа патшалық және кейінгі кезеңдегі Египет. Парсылардың жаулауы.
6. Ежелгі Египет мәдениеті: діні, мифологиясы, архитектурасы, жазуы мен әдебиеті, ғылымы, өнері.
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
1. Под ред. В.И.Кузищина. История древнего мира. В 2-х т. М., 1982.
2. Г.М.Бонгард-Левин. Древние цивилизации. –М.,1984.
3. Л.С.Васильев. История Востока. В 2-х т. 1 т. – М., 1998.
4. Л.С.Васильев. История Востока. –М., 2005.
5. И.А.Ладынин и др. История древнего мира (Восток, Греция, Рим). –М., 2005.
Қосымша әдебиеттер:
1. А.М.Кондратов. Загадка сфинкса. – М., 1972.
2. Поэзия и проза Древнего Востока. – М., 1973.
3. К.Ф.Беккер. История древнего мира. Восток-Греция. -М., 2001.

Көне дүниежүзілік өркениеттердің бірі Солтүстік-Шығыс Африкада, Ніл аңғарында пайда болды. Бұл – Ежелгі Египет өркениеті еді. Египет сөзі ежелгі гректің Айгюптос деген сөзінен шыққан. Ол Хет-ка – птах қаласының (Птах құдайы рухының қорғаны) атына байланысты аталған болуы керек және бұл қаланы кейіннен гректер Мемфис деп атаған. Египеттіктер өз елін жергілікті жер түсіне қарай Та Кемет- Қара жер деп атаған.
Ежелгі Қосөзеннің тарихы сияқты, ертедегі Египеттің тарихы ХІХ ғасырдан бастап ғана бір жүйеге келтіріліп, терең зерттеле бастады. Бұған дейін Библия деректерінің және грек пен латын авторлары шығармаларының кейбір үзінділерін пайдалануға тура келді, олар Египеттің жазба құжаттарын пайдалана алмай, өзге халықтың тарихын ауыз әдебиеті бойынша баяндады.
Тарихтың атасы Геродот Нілдің бойымен Египеттің солтүстігінен оңтүстігіне дейін саяхат жасап, көне ескерткіштерді зерттеп, соғыс болған жерлерді аралап, грек тілін білетін египеттіктерден ел тарихын, салт-дәстүрлері туралы деректер жинақтаған. Б.э.І-ІІғ.ғ. Египет дінінің мәселелеріне арнап грек жазушысы Плутарх Исид және Осирис туралы кітабын жазды. Б.э.д. 332 ж. А.Македонский Египетті жаулап алған соң, ол жерде көптеген гректер қоныстанып, елдің тарихын зерттеушілер көбейді. Египет абызы Манефон грек тілінде Египет тарихын жазды. Ол хронологиялық кесте жасап, кейбір тарихи оқиғалардағы дұрыс деректерді аңызда айтылғандармен қоса баяндады.
Египет ескерткіштеріндегі таңбаларды оқып-түсіну ұзақ уақыт нәтижесіз болды. 1822 ж. ғана француз ғалымы Франсуа Шампольон египеттік иероглифтердің оқылу сырын ашты. Бұған негіз болған генерал Бонапарттың Египетке 1799 ж. жасаған жорығы кезінде табылған Розет тасындағы екі тілдегі (грек, египет) жазу еді. Онда Македоннан шыққан Птолемей патшаларының халыққа екі тілде декрет жазып қалдырғаны айтылады. Ф.Шампольон бірнеше таңбаларды анықтады. Оның шәкірттері бұл жұмысты аяқтады. Ең алдымен тасқа жазылғандар анықталса, кейін папириустардағы қара, қызыл сиялармен жазылған жазулар оқылды. Бұл жазбалардың көбісі тез жазумен (иератикамен) кейін демотикамен (стенография) жазылған. Папириус жазуларының ішінен Өлілердің кітабы деген еңбектің І-ші данасын атауға болады.
Египет тарихын зерттеуде археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Б.э.д. ІІ м.ж. ортасында Египет перғауындарын жер астындағы құпия жерлерде жерледі. Соның өзінде олардың көбісі тоналған. Бізге белгілі болып отырғаны 1922 ж. ағылшын археологы Г.Картердің ашуымен патшалар аңғарында (Фивының батысы) табылған әлемге әйгілі Тутанхамонның (б.э.д. ХІҮғ.) моласы. Оның ішіндегі төрт камераның бірінде 19 жастағы патшаның мумиясы сақталған. Ол тамаша шеберлікпен безендендірілген алтын саркофагқа салынған. Сонымен бірге қатарлап жеті табыт қойылған. Олар алтыннан, тастан, ағаштан жасалған. Табыттың жанынан сансыз көп құнды бұйымдар табылған. Бұл жерге ауа кірмегендіктен гүлдер 3300 жыл бойы шірімей сақталған. Қазір бұл ескерткіштердің барлығы Каир қаласының мұражайында сақтаулы.
Кеңестік зерттеуші Б.Б.Пиотровскийдің басшылығымен Асуан бөгетінің аймағында археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, жартастарға салынған суреттер, жазулар анықталды және көптеген құнды бұйымдар табылды.
ХІХ және ХХ ғ.ғ. зерттеу жұмыстары кезінде ашылған жаңалықтар мен табыстар Ежелгі Египеттің тарихын зерттеуге негіз жасап берді. Ең алдымен дінге, әдебиет пен өнерге, сондай-ақ сасяси өмірге баса назар аударылды. Мысалы, революцияға дейінгі Египетті зерттеуші орыс ғалымы В.С.Голенищев көптеген бағалы ескерткіштерге түсініктеме жазды. Атап айтсақ, Күйреген кеме туралы аңыз, магиялық текстер, нақыл сөздер. Египеттің діні мен әдебиетінің тарихы жайлы Б.А.Тураев Тот құдайы, Египет әдебиеті деген еңбектерін жазды.
Египетті зерттеушілер ежелгі Египеттегі әлеуметтік қатынастар мен таптық күрестің ерекшелік мәселелеріне де тоқталды. Көп еңбек еткендердің бірі ғалым В.В.Струве болды. Ол ежелгі Египеттің хронологиясы жайлы еңбек жазды. Сонымен қатар Ю.Я.Перепелкиннің Аменхотептің ІҮ төңкерісі, М.А.Коростовцевтің Ежелгі Египеттің көшірмешілері деген монографияларын, В.И.Авдиетің Египеттің әскери тарихын атап көрсетуге болады. Ғалымдар Т.И.Савельева, Р.И.Рубеншетейн, И.С.Петровский т.б. ежелгі Египеттің тарихын зерттеуде зор еңбек сіңірді.
2. Ежелгі Египет тарихы бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Атап айтар болсақ, ерте (б.э.д. ХХХ-ХХҮІІІғ.ғ.), ежелгі (б.э.д.ХХҮІІІ-ХХІІІғ.ғ.), орта (б.э.д. ХХІ –ХҮІІІ ғ.ғ., яғни б.э.д. 2050-1700ж.ж), жаңа және кейінгі (Ливия-Саис) патшалық (б.э.д. 1580-1085ж.ж) кезеңдердегі Египет.
Египет территориясында қоныстану ежелгі тас ғасырында (палеолитте) басталған. Алғашқыда олар аңшы тайпалар болса, кейіннен егіншілік пен мал шаруашылығымен айна лысушы халық болды.
Египеттіктер семит-хамит тобына жататын бір тілде сөйлеген біртұтас халық болды. Сонымен қатар оңтүстіктен мұнда кушиттер (нубилықтар) қоныс аударды. Батыстан ливиялықтар, солтүстік-шығыстан Ніл аңғарына азиялық халықтар сан рет басып кірді. Алайда бұл қоныстанушылар жергілікті халықпен араласып, олардың тілі мен салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын қабылдады және египеттіктердің антропологиялық түр-түсіне, бет-бейнесіне елеулі әсер етпеген.
Египеттіктердің батпақты Ніл аңғарын тұрақты игеруі негізінен б.э.д. Ү м.ж. жаңа тас ғасырынан басталады да, б.э.д. ІҮ м.ж. мыс-тас ғасырында жалғасады. Жоғары Египет тұрғындары б.э.д. ІҮ м.ж. аңшылық пен термешіліктен егіншілік пен мал шаруашылығына көшеді. Қолөнерде елеулі табыстарға қол жеткізілген. Мысалы, қолөнершілер жасаған бұйымдар мен әшекейленген керамика мен ғажайып тас ыдыстарды ерекше атауға болады.
Рулық құрылыстың ыдырауы, құл иеленуші қоғамның алғашқы сатысына көшуде матриархат патриархатқа орын берді. Қоғамдағы әлеуметтік қатынастардың өзгерістері (селолық қауымның пайда болуы, айырбастың дамуы, мүліктік жіктеліс) тайпалық құрылыстан мемлекетке көшуге алып келді.
2. Алғашқыда екі мемлекет: Жоғары Египет (оңтүстікте) және Төменгі Египет (солтүстік) құрылды. Жоғары Египет патшасы Мин (грекше Менес) Төменгі Египетті б.э.д. 3000 ж. шамасында бағындырып, біріккен елдің басқарушы І- ші династиясының негізін қалады. Мин патша Жоғары және Төменгі Египеттің түйіскен жерінде біріккен патшалықтың астанасын тұрғызды. Елдің астанасы – Мемфис қаласы болды.
Алғашқы екі династия басқарған кезең шартты түрде Ерте патшалық (б.э.д. ХХХ-ХХҮІІІғ.ғ.) деп аталып, 200 жылдан аса уақытты қамтыды. Египет жоғары египеттік Тина қаласынан шыққан екі династиямен басқарылды. І династия патшалары тұсында-ақ египеттіктер өз елінің шекарасынан тыс жерлерге жылжи бастады: оңтүстікте – Нубияға, батыста – Ливияға, шығыста – Синай жартыаралына. ІІ династия өкілі, перғауын Хасехем Египеттің солтүстігіндегі толқуларды басып тастап, елді бір орталықтанған мемлекетке түпкілікті біріктірді. Елдің саяси жағынан біргуі мемлекеттік көлемде дами бастаған суландыру жүйесін кеңейтуге және жетілдіруге жағдай жасады. Династияға дейінгі кезеңде-ақ, ауыл шаруашылығымен бірге бау-бақша өсіру шаруашылығы дамыды. Солтүстікте жүзім шаруашылығы мен шарап жасау, оңтүстікте құрма ағаштарын өсіру орын алды. Египет жоғары дамыған мал шаруашылығы бар мемлекет болды. Тоқыма қолөнері айтарлықтай дәрежеде дамыды. Папириусты дайындау басталды және оның зор маңызы болды. Ол жазудың кеңінен таралуына жол ашты, ежелгі Египет өркениетінен де өміршең болып, кейінгі дәуірлердің мәдениетіне зор ықпал етті.
Ерте патшалық ұзаққа созылған Ежелгі патшалық дәуірге (б.э.д.ХХҮІІІ-ХХІІІғ.ғ.) кіріспе кезең болды. Бұл кезеңде Египет ірі орталықтандырылған мемлекет болып табылып, Синай жартыаралының аймақтарына, Оңтүстік Палестинаға және Нубияға өзінің ықпалын тигізді.
ІІІ династияның негізін қалаушы – Джосер патша болды. Патша билігі күшейіп, деспоттық сипатқа ие болды. Оның құдыреті мен күші байлығына негізділді. Жердің барлығы, орасан зор жұмыс күші патшаға тиесілі болды.
Перғауын елді басқаруда уәзір, яғни жоғары бас төре басқаратын күрделі бюрократтық аппарат көмегіне сүйенді. Ол мемлекеттік мекемелер мен храмдарға бақылау жасады, жасаққа адам алуды басқарды және бас би болып табылды.
Ежелгі патшалық билеушілері әрдайым соғыстар жүргізіп отырды. Мысалы, Нубияға жасаған жорығында ІҮ династияның негізін қалаушы Снофру (б.э.. ХХҮІІІғ.) 7 мың тұтқын, 200 мың мал басын айдап кетсе, Ливияға қарсы жорықта -1100 адамды тұтқындаған. ІҮ династияның басқаруы тұсында Египет Синай жартыаралығындағы мыс кеніштеріне толық иелік етті. Құрылыс тастарын, піл сүйегін, акация және асыл тастар мен алтын, ладан, пантера терілерін т.б. әкелу үшін Нубияға сауда экспедициялары ұйымдастырылды. Библдан Египетке құрылыс үшін кедр ағаштары әкелінді.
Ежелгі патшалық кезеңде Египетте, әсіресе Төменгі Египетте бау-бақша мен жүзім өсіру жақсы дамыды. Бал арасын өсіруді де египеттіктер ашты. Жоғары Египеттің басты байлығы – бидай болды.
Ежелгі патшалық перғауындары орасан үлкен тас мазарлар (пирамадалар) салумен өз аттарын қалдырды. Мыс құралдар көмегімен тұрғызылған Джосер пирамидасынан бастап, Египет мыс ғасырына көшті. Алайда тас құралдар бұдан кейін де қолданыста болды. Пирамидалардың ішіндегі ең биігі ІҮ династия перғауыны Хуфудың (гректер Хеопс деп атаған) пирамадасы ( биіктігі 146 метр) болып табылады.
Ү династияның соңында перғауын билігі әлсірей бастайды. Мұнымен бір мезгілде ном билеушілерінің рөлі арта түсті. Пирамидалар құрылысының нәтижесінде қазынасы ортайған, әлеуметтік қайшылықтары күшейген Египет ҮІ династияның басқаруының соңында жартылай тәуелді номдарға ыдырай бастады. Манефонның дерегі бойынша ҮІІ династияның 70 мемфистік патшалары небәрі 70 күн ғана басқарды. Б.э.д. ХХІІІ ғ. ортасынан бастап ішкі бытыраңқылықтың нәтижесінде Египеттің құлдырау кезеңі басталды.
4. Египеттің саяси жағынан бөлшектенуі 200 жылға (б.э.д. ХХІІІ ғ. ортасынан – ХХІ ғ. ортасына дейін) созылды. Ежелгі патшалық кезіндегі негізгі орталық – Мемфис құлдырап кетті, ондағы билік құрушы ҮІІІ династия елді қайта біріктіре алмады. Оның есесіне өзге орталықтар – елдің солтүстігінде орналасқан Гераклеополь (ІХ-Х династиялар) мен оңтүстікте Фивы (Х-ХІ династиялар) күшейді. Гераклеопольдың номархы Хети І (Ахтой) көршілес аймақтардың билеушілерін өзіне бағындыра отырып, мұнымен бір мезгілде азиялық көшпелілермен күресті. Фивы мен Гераклеополь арасындағы күрес алғашқысының жеңісімен аяқталды. Фивы билеушісі Ментухотеп І тұсында ел біріктірілді. Фивы біріккен Египеттің астанасына айналды. Осы уақыттан Орта патшалық кезеңі (б.э.д. 2050-1700ж.ж., ХІ-ХІІІ династиялар) басталды.
Орта патшалық Египет экономикасында елеулі алғаа басушылық орын алды. Мыс құралдармен қатар қола құралдар қолданылды. Бүлік пен ыдырау кезінде құлдырап кеткен суландыру жүйесі қайта қалпына келтіріліп, ұлғайтылды. Сыртқы және ішікі сауда дамыды. Египетке криттік әшекейлі керамикалық бұйымдар әкеліне бастады. Бағаның негізгі өлшем бірлігі ретінде дәннің орнына алтын келді. Салмақ өлшемі 1 дебен – 91 г. алтынға тең болды. Азиядан күміс әкелу көбейіп, оның бағасы алтыннан екі есе азайды.
Өндіргіш күштердің өсуі мен айырбастың дамуы мүліктік жіктелуді күшейтті. Шонжарлармен қатар халықтың орта топтарынан шыққан күшті неджестер (неджес египет тілінде кіші деген мағынада) бөлініп шыға бастады. Олар дербес шаруашылықтары бар, кейде құлдарды сатып ала алатын, байыған егіншілер мен қолөнершілер болды. Неджестердің бірқатары жоғары мемлекеттік қызметке жоғарылатылып, жаңа жоғары шенді қызмет адамдары қалыптасты. Елдің негізгі материалдық байлығын өндірушілер - өндіріс еңбек құралдарын иелену құқынан айырылған – хемуу-нисут, яғни патша құлдары болды. Баку, яғни құлдың хемуу-нисуттан айырмашылығы, ол өз иесі мүлкінің құрамдас бөлігі болып табылды, сатып алынды және сатылды. Ал, хемуу-нисуттың еңбегі тәртіптеліп, реттелген. Ол еңбегі үшін заттай өнімді пайдаланды, ішінара әскер қатарына алынды.
Орта патшалық ХІІ династия басқаруы (б.э.д. ХХІІ-ХҮІІІғ.ғ.) тұсында экономикалық және саяси жағынан шарықтау шегіне жетті. Оның негізін қалаушы – Аменемхет І болды. Елдің бірлігін нығайтуда Аменемхет І патша номдар арасындағы бұрынғы шекараларды қайтадан қалпына келтіріп, солтүстік аймақтағы бақылауды күшейту үшін ресми астана – Фивымен қатар Жоғары және Төменгі Египеттің шекарасында Иттауш (екі ел билеушісі) қамалын тұрғызып, сонда өмір сүрді. Аменемхет І көршілес ливиялықтармен және Алдыңғы Азия тайпаларымен соғыстар жүргізді, Солтүстік Нубияны бағындырды. Сенусерт ІІІ тұсында Палестинаға жеңімпаз жорық жасалып, Египеттің бұл елге ықпалы күшейді. Ол Жоғары және Төменгі Нубияда бірқатар қамалдар тұрғызды. Сенусерт ІІІ Нубияда қайырымды Құдай деп саналды. ХІІ династия билігінің соңында Аменемхет ІІІ (б.э.д. ХІХ ғ. ІІ жарт.) тұсында орталықтану күшейіп, номархтардың артықшылықтарына күшті тежеу салынды. Сонымен қатар барлық құдайларға арналған пантеон ретінде аса үлкен храм салынды және оны гректер Лабиринт деп атады.
Келесі ХІІІ династияның басқаруы тұсында бүліншілік пен қырқысу соғыстары қайта басталды. Алайда, бұл көтерілістер стихиялы түрде болды және өз алдына жеке меншік пен құл иеленушілікті жою мақсатын қоймады.
Б.э.д. ХҮІІІ-ХҮІІ ғ.ғ. тоғысында бытыраңқы елге айналған Египетке Шығыс Дельта арқылы Азиядан келген гиксостар басып кірді. Олардың үстемдігі 100-150 жылға созылды және өз астанасы – Аваристі салды. Бірақ гиксостар біртұтас держава құра алмады. Оларға қарсы Фивы билеушілері (ХҮІІ династия) б.э.д. ХҮІ ғ. басында азаттық күресін бастады.
5. Бұл соғыс ХҮІІІ династияның негізін қалаған Яхмос І (б.э.д. 1584-1559ж.ж.) жеңіспен аяқталды, Дельтаның солтүстік-шығысындағы Аварис жаулап алынды. Осыдан бастап ХҮІІІ-ХХ династиялар басқарған Жаңа патшалық (б.э.д. 1580-1085) кезеңі басталды. Бұл династиялар тұсында Египет Шығыс Жерорта теңізіндегі жетекші орынға ие болды.
Жаңа патшалық кезеңде Азияның, Африканың, Европаның кейбір елдерімен қатынастар кеңейіп, шаруашылықтың барлық саласында терең өзгерістер жүзеге асты. Қола өңдеу ұлғая түсті, ол мыс, сондай-ақ қорғасын мен қалайы жеткізуді талап етті. Егіс алқабы кеңейтілді, кей алқаптарға жылына екі рет егін салынды. Жаңадан жеміс ағаштары, мысалы Азиядан алма ағашы әкелінді. Кенеп маталармен бірге тұрмысқа жүн маталары енді. Алғашқы дөңгелекті транспорт пайда болды. Ішкі және сыртқы айырбас күшейіп, натуралдық шаруашылыққа қарағанда ақша айырбасының үлес салмағы арта түсті. Бағаның негізгі өлшемі – күміс болды. Бірақ кейде алтын және мыс кесектері пайдаланылды. Экономикалық өрлеу ірі жеке меншіктің және құл иеленудің дамуына жағдай туғызды. Бұл өз кезегінде тұрғындардың кедейлене түсуімен байланысты болды.
Сыртқы саясатта Яхмос І гиксостарды өкшелей қуа отырып, Палестинаға басып кірді және Шарухен қамалын басып алды.
Б.э.д. ХҮІ ғ. ІІ жартысында, Тутмос І кезінде Египет аса қуатты державаға айналды, елдің оңтүстіктегі шекарасы Нілдің үшінші сағасына дейін ұлғайды. Ол Евфратқа жорық жасап, Солтүстік Месопотамиядағы Митанни мемлекетін талқандады. Тутмос І қайтыс болған соң (б.э.д. 1525ж.) агрессилық сыртқы саясат уақытша толас табады, Тутмос І-дің баласы Тутмос ІІ бірнеше ай ғана патшалық құрды, ал оның баласы ІІІ Тутмос жас болғандықтан барлық билікті өгей анасы (әрі апасы) Хатшепсут өз қолына алды. Ол ел билеуде Фивы құдайы Амонға сыйынатын абыздарға арқа сүйеді, ал ол абыздар әскери шонжарлармен араз болғандықтан, бейбіт саясатты қолдады. Соғыс жүргізу орнына Хатшепсут Пунт еліне (Эретрия мен Сомали) теңіз экспедициясын шығарды. Бұл сапардан кемелер алтын, піл сүйегін, мирра ағашын, жануарлар (маймылдар мен итті) алып келді.
Перғауын атағын қабылдаған Хатшепсут өзін жасанды сақалы бар ер адам түрінде бейнелеуге әмір берді.
Б.э.д. 1503 ж. Хатшепсут қайтыс болған соң, таққа отырған Тутмос ІІІ жаулаушылық сасясатқа көшті. Ол бірнеше рет Сирия мен Палестинаға жорықтар жасады, оның империясы Нілдің төртінші сағасынан Сирияның қиыр солтүстігіне дейін созылып жатты. Тутмос ІІІ азиялық жерлерді жаулап қана қоймай, оңтүстіктегі Куш патшалығының (Эфиопия) көптеген жерін өзіне қаратты. Бағындырылған елдердің тәуелділігі әртүрлі дәрежеде болды. Палестина мен Сирияда ондаған тәуелді патшалар орнында қалды. Олардың балалары Египетте кепілдікте болды. Ал, неғұрлым үлкен мемлекеттердің (Митани, Ассирия, Вавилон, Хетт) патшалары өз тәуелсіздіктерін сақтап қалды және өздерін Египет патшасының бауырымыз деді.
Б.э.д. ХІҮ ғ. І жартысында Аменхотеп ІҮ (Эхнатон) билік құрды. Ол аса маңызды діни реформа жүргізіп, өзін Эхнатон деп жариялады.
Аменхотеп ІҮ Фивы храмының иеліктерін тәркілеп, Амонға табынушыларды қудалады, оның орнына Атонға (Күн шеңбері құдайы) сыйынуды енгізді. Орталық Египетте жаңа астана Ахетатон тұрғызылды. Жаңа құдайдың ең жоғары абызы патшаның өзі болды. Ол Атонның құрметіне поэтикалық гимн шығарды.
Аменхотеп ІҮ кейінгі екі патшаның басқаруынан бастап, оның саясатынан алшақтау басталды. Семнех-келе Амонға табынуды қайта орнатса, Тутанхамон (ІҮ Аменхотептің күйеу баласы) тұсында Атон құдайы мемлекеттік маңызынан айырылды.
Египет тағына келген ХІХ династия өкілдері елдің бұрынғы қуатын қалпына келтіруге күш салды. Рамсес І тұсында Сирия үшін хеттармен ұзаққа созылған соғыстар басталды. Рамсес ІІ (б.э.д. 1315-1251ж.ж.) кезінде сириялық Кадеш қаласы түбінде хеттармен атақты шайқас (б.э.д 1312 ж.) болып, онда әрбір жақтан 20 мыңға жуық жауынгерлер соғысты. Бұл шайқасқа арнап Кадеш дастаны жазылды. Рамсес бұл шайқаста жеңіске жеттім деп жазса да, египеттіктер Кадешті ала алмады және Муваталлис патшаның басшылығымен хеттар олардың соңынан қуғынға түсті. Ұзаққа созылған соғыс б.э.д. 1296 ж. Рамсес ІІ мен хетт патшасы Хаттусилис ІІІ өзара бейбіт келісімшартқа келуімен аяқталды.
Рамсес ІІ мұрагері, оның он үшінші ұлы Мернептах және ХХ династияның негізін қалаушы Сетнахтың ұлы Рамсес ІІІ тұсында Египетке теңіз халықтары мен ливиялық тайпалардың басқыншылығы басталды.
Жаңа патшалық кезеңі Египет үшін территориялық жағынан экспансиялау ғана емес, сондай-ақ оның жоғары дәрежеде экономикалық даму кезеңі болды. Оған негізінен сырт жерлерден аса көп шикізаттың, мал басының, алтын мен әртүрлі сыйлықтардың және тұтқындар түрінде жұмыс қолының әкелінуі себеп болды. ХҮІІІ династия тұсынан қола құралдар пайдаланыла бастады. Алайда мыстың қымбат болуына байланысты тас құралдар да қолданыста болды. Темір Египетте ерте кезден белгілі болса да, бұл династияның соңғы кезінде де өте бағалы болды. Тек б.э.д. ҮІІ-ҮІ ғ.ғ. бастап еңбек құралдары темірден жасалына бастады. Бұл экономикалық дамуға жол ашты.
Жаңа патшалықта жетілдірілген соқа, тоқыма станогы қолданылды. Бұрын белгісіз болып келген жылқы өсіру дамыды. Шаруашылықта суды жоғарыға айдайтын – шадуфтың пайдаланылуы бау-бақша өсіруді дамытты. Ағаштардың жаңа түрлерін өсіру орын алды. Мысалы, Азиядан әкелінген анар, шабдалы, алма, миндаль, шие т.б. немесе Пунт елінен әкелінген мирра ағаштары. Шыны өндірісі интенсивті түрде дамыды. Мумиялау өнері өзінің шарықтау шегіне жетті. Ішкі сауданың маңызы арта түсті.
Б.э.д. ХІ ғ. басында Египетте екі патшалық құрылды: Дельтаның солтүстік-шығысында, орталығы Танис болған Төменгі Египет және астанасы Фивы болып табылған Жоғары Египет. Бұл кезеңде Сирия, Финикия және Палестина Египет ықпалынан шығып, елдің солтүстік бөлігі өз көсемдері бар ливиялық әскерлерге толы болды және олар жергілікті египеттік билеушілермен одақ құрды.
Ливиялық әскербасылардың бірі – Шешонк І (б.э.д. 950-920 ж.ж.) ХХІІ династияның негізін қалады. Бірақ оның және одан кейінгі ливиялық перғауындардың (б.э.д. ІХ-ҮІІІ ғ.ғ.) билігі берік болмады. Төменгі Египет бірнеше дербес облыстарға бөлініп кетті.
Б.э.д. ҮІІІ ғ. Нубия патшасы Пианхи Жоғары Египеттің басым бөлігін, сонымен қатар Фивыны да жаулап алды. Жергілікті абыздар өздерінің бұрынғы үстемдігін қайтарып алу мақсатында оларға қолдау көрсетті. Бірақ Төменгі Египеттегі Саистің билеушісі Тефнахт ливиялықтарға арқа сүйей отырып, басқыншыларға қарсы тұра алды. Нубиялықтарға Мемфис те қарсы тұрды.
Бірақ олар үш шайқаста да Тефнахт әскерін талқандады, солтүстікке қарай жылжи отырып, Мемфиске жетті. Тефнахт жеңімпаздарға берілуге мәжбүр болды.
Келесі Египетте билік құрған нубиялық патша Шабака болды және ол ХХҮ династияның негізін қалады. Манефонның айтуынша, Шабака Төменгі Египет перғауыны Бокхористі тұтқындап, тірілей өртеген. Б.э.д. 671ж. ассириялық патша Асархаддон нубиялық перғауын Тахаркиді талқандап, Мемфисті жаулап алды.
Бұл кезеңде Солтүстік Египеттің аса ірі орталығы болып табылған Саис басқарушыларының бірі – Псамметих І б.э.д. ҮІІ ғ. ортасында Лидиямен тығыз одақ жасап, өзін-өзі тәуелсізбін деп жариялады. Алдымен ол Төменгі Египеттегі өз билігін нығайтып алып, содан соң Фивыдағы басқыншыларды ығыстырып, жергілікті патша династияларын жойды. Псамметих І Египетті азат етіп, бүкіл елді біріктірді және ХХҮІ (саис) династиясының негізін қалаушы болды.
Келесі перғауын Нехо ІІ Сирияға өз үстемдігін орнатқысы келді. Б.э.д. 608 ж. Иудей патшасы Иосия Мегиддо (Палестинаның солтүстігіндегі қала) түбінде египет әскерінің жолын бөгеді, бірақ ауыр жараланды. Осыдан кейін Иудея Египет патшасына аса зор көлемде алтын мен күмістен алым-салық төледі. Египеттің Сирия мен Палестинаға үстемдігі үш жылға созылды, б.э.д. 605 ж. оның әскерін Вавилон өз шекарасына дейін ығыстырды.
Псамметих І ұрпақтарының бірі Априй (б.э.д. 589-570 ж.ж.) тұсында Египет Вавилонмен күресте Иудеяға қолдау көрсетті. Априй финикиялық қала Сидонның теңіз флотын жеңді. Б.э.д. 586 ж. Египет әскері Иерусалимге таяу келді, бірақ вавилондықтардан жеңіліске ұшырады.
Осы уақытта Египеттен батысқа қарай, Жерорта теңізінің ливиялық жағалауында, эллиндер өз мемлекеті – Киренаны құрды. Априй бұл мемлекетті жаулап алғысы келіп, әскер жіберді, бірақ оларды гректер талқандады. Египет әскерінің арасында Априйге қарсы толқу басталып, таққа Яхмос ІІ (Амасис,  б.э.д.. 570-526 ж.ж.) отырғызылды. Б.э.д.525 ж. Пелузия түбіндегі шайқаста Камбиз патша бастаған парсылар египеттіктерді жеңді. Бұдан кейін Камбиз Египеттің патшасы деп жарияланды (ХХҮІІ династия).
Египет парсы билеушілеріне қарсы шығып, бірнеше рет өз тәуелсіздігіне ие болды (ХХҮІІІ-ХХХ династиялар). Б.э.д. 332 ж. А.Македонский Египетті жаулап алғанда, египеттіктер оны өздерін парсы қанауынан құтқарушы деп таныды. Алайда Египет перғауындарының уақыты өтіп, эллинизм дәуірі басталды.
6. Ежелгі Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдыретті мемлекеттердің бірі болды. Оның толық билеушілері – перғауындар құдай деп санауды өмірлік қажеттілікке айналдырды. Перғауын өзін Раның (Ра-Күн) ұлымын деп жариялады. Адамдар санасында қалыптасқан аруаққа табыну – перғауындарды құдай деп танумен тығыз ұштасты. Олардың құрметіне пирамидалар (мазарлар) салына бастады.
Б.э.д. ІІІ-ІІ ғ.ғ. пирамидалар мен храмдар негізінен тастан жасалды. Пирамидалар көне дәуір ескерткіштері Әлемнің жеті кереметі аталған өнер туындыларының бірі болып саналады. Египет сәулетшілері өз есімдерін өздері жасаған ескерткіштерге, тасқа қашап жазған. Мысалы, Джосер пирамидасының сәулетшісі – Имхотептің ғалымдық, дәрігерлік, философиялық еңбектері өз заманында аса жоғары бағаланған. Сонымен қатар ол ұлы балгер, сиқыршы ретінде танымал болған. Имхотеп екі рет құдай деп танылған. Арада 2,5 мың жыл өткенде гректер оған медицинаның құдайы деген атақ берген.
Джосер пирамидасы көп сатылы, биіктігі 60 метр құрылыс болды. Ал, ең биік  146 метрлік пирамида Хеопс пирамидасы болған. Пирамиданың өте биік болып салынуы перғауындардың қарапайым халықтан артықшылығын көрсету мақсатынан туған. Б.э.д. І м.ж. басына қарай пирамидалар салынуы тоқтатылды. Ендігі жерде олар тастан емес, шикі кесектерден тұрғызыла бастады.
Египетте құдайлар өте көп болған, тіпті әрбір қаланың бірнеше құдайы болған. Ең құдыретті құдай, құдайлардың құдайы – Күн құдайы Ра болды. Одан кейін өлім құдайы – Осирис болды. Құнарлы жер мен аналықтың құдайы, Осиристің әрі қарындасы, әрі әйелі – Исида болды. Ай құдайы екінші жағынан жазу құдайы болып саналса, ал Маат – шындық пен тәртіптің құдайына айналды.
Ежелгі Египетте көп құдайға сыйынушылық мемлекетті орталықтандыру ісіне нұқсан келтіріп, басқарушы өкіметті әлсірете түсті. Осындай жағдайда Аменхотеп ІҮ діни реформа жүргізді. Оның басты мақсаты – бір құдайға табынуды жүзеге асыру болды, сөйтіп адамзат тарихында тұңғыш рет көп құдайға табынушылықтан бір құдайға табынушылыққа көшуге маңызды қадам жасалды. Ол жаңа мемлекеттік діни наным-сенім енгізіп, жалғыз құдай Атон деген ат берілген Күн шарын жариялады. Аменхотеп ІҮ өз атын құдай атына сәйкестендіріп, Эхнатон деп (Атон рухы мағынасында) өзгертіп, Египет астанасын ежелгі Фивыдан өзі салдырған Атон көкжиегі деген мағынаны білдіретін Ахетатон қаласына көшірді. Ең бастысы - өнер саласында патша бейнесін барынша дәріптеуден бас тартушылық орын алып, мәдени туындылардың ішкі мазмұнына мән беру құбылысының алғашқы нышандары байқала бастады. Атап айтқанда, Амарн өнері деген атауға ие болған бұл мәдениет мәдениетінде бейнелердің нанымдылығы, өзара үйлесімділігі көрініс тапты. Ахетатон орнында қазір Амарн шағын қыстағы бар. Ал, Эхнатонға байланысты барлық Египет тарихының кезеңі Амарндық деп аталады.
Бұл дәуірден кейін де Египет өнері айтарлықтай табыстарға жетті. 1922ж.ағылшын археологы Г.Картердің Патшалар алқабындағы ұзақ жылғы жүргізген еңбегінің нәтижесінде Тутанхамонның қабірі табылды. Бұл қабір ешбір тоналмай, барлық қазынасымен сақталып қалған.
Египет мәдениеті-сан-салалы мәдениет. Солардың бірі – Египеттің ең көне жазу текстері. Олар құдайларға құлшылық ету мен шаруашылықты жүргізуге байланысты жазбалар. Жаңа патшалық кезінде Өлілер кітабы шығарылды. Қ дүние патшасы Осиристің сарайына тап болған адам оның алдында ақталып шығуы тиіс. Бұл кітаптың 125 тарауында ақталу сөздерінің текстері келтіріледі.
Египет абыздары құдайлар туралы мифтік аңыздар шығарған. Күн құдайы Ра жоғары құдай болып табылып, оның аузынан өзге құдайлар, ал көзінен адамдар жаралған. Ол өзінің хатшылығына жазу-сызуды ойлап тапқан даналық құдайы – Тотты сайлады.
Ежелгі египеттіктерден халық ертегілері мен аңыздарынан бастау алатын көптеген көркем әдеби шығармалар жетті. Мысалы, патшалар мен ұлы даналардың ұрпағына арнаған нақыл сөздері, түрлі тақырыптағы әңгімелер т.б.
Көне Египет әдебиетінің тамаша туындыларының бірі – Өмірден түңілген адамның өз жанымен сұхбаты деп аталады. Өмірден түңілген адам өлімге бет бұрады. Бірақ оның жаны қарсылық білдіріп, бұл өмірдің қызығы мен рахатын көруге көндіреді.
Иероглифтер – көне Мысыр мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Оның оқылу сырын 1822 ж. француз ғалымы Франсуа Шампольон ашты. Кейіннен иероглифтік жазу буындық жүйеге көшті.
Египет жерінде салынған ғибадатханалардың алдына сфинкстер тұрғызылды. Сфинкстердің денесі арыстан, басы адам бейнесінде болды.Оның басы перғауынды бейнеледі. Сфинкс – Египет әміршісінің құдыреті мен күштерінің, оның даналығы мен жұмбақтығының жаршысы болды. Ең алып сфинкс б.э.д. ІІІ м.ж. салынған және Хефрен пирамидасын күзетіп тұр. Бұл сфинкстің басы адамның басынан 30 есе үлкен болса, ұзындығы 57 метр.
Ғылым саласында да Египет зор жетістіктерге жетті. Үлкен құрылыстардың жүргізілуі математика, геометрия т.б. ғылым салаларының дамығандығын көрсетеді. Б.э.д. ХХІ ғ. аяғы мен ХІХ ғ. басында шардың жоғарғы жағы үлкен дәлдікпен есептеліп шығарылды. Адамзат тарихындағы ең көне сағаттар – су және күн сағаттарын алғаш жасаушылар да мысырлықтар болды. Астрономия үлкен табыстарға жетті. Олар Нілдің арнасынан шығуы жайлы хабар беретін Сириустың пайда болатын кезін бақылады. Египетте күн күнтізбесі қолданылды. Жыл әрқайсысы 30 күннен тұратын 12 айға, әр ай 3 он күндікке бөлінді. Артылып қалатын 5 күн мереке күндері болып, есептеліп, бірде-бір айға қосылмады.
Медицина ғылымы да зор табыстарға жетті. Адам организміндегі мидың атқаратын қызметі анықталды, сонымен қатар әртүрлі ауруларға байланысты көз, тіс т.б. дәрігерлер пайда болды. Әсіресе, көз дәрігерлерінің атағы алысқа жеткен, б.э.д. ҮІІ ғ. өзінде-ақ оларды парсы патшалары сарайларына алдырған. Медициналық египет папириустарында әртүрлі шөптердің пайдалы немесе зиянды әсерлері туралы және қан айналымы туралы түсініктер кездеседі.
Ежелгі Египеттің географиялық картасы сақталған. Бес ғасырдан аса уақытты қамтитын әлемдегі ең ежелгі жылнама египеттік екені мәлім.
Б.э.д. ІІ ғ. аяғы бір мыңыншы жылдықтың басынан бастап Египет мәдениетіне Криттің, Сирияның, Қосөзен бойындағы құл иеленуші мемлекеттердің мәдениеті өз әсерін тигізе бастады. Б.э.д. ҮІ ғ. Египетті парсылар жаулап, олардың үстемдігі б.э.д.  405 ж. дейін созылды. Б.э.д. 332 ж. македондықтар Египетті өздеріне бағындырып, А.Македонскийдің құрметіне Александрия қаласының негізін қалады. Египет абыздары Александрды Құдайдың ұлы деп жариялады. Осы кезеңде Египет гректер мен египеттік құдайлардың басты қасиеттерін бойына жинақтаған жаңа Сарапис құдайының бейнесін қалыптастырды, оған халық болып табыну басталды.
Александрия – Шығыс әлемі мен Грекия халқының мәдени орталығына айналып, Египетте эллиндік мәдениет кеңінен қанат жайды. Бұл қала сәулетші Дейнократтың жобасы бойынша салынды. Мұнда өз дәуірінің талай ғұлама ғалымдары, ақындары, суретшілері еңбек етті. Бұл қалада Әлемнің жеті кереметінің бірі – атақты Александрия шырағы салынды.

Ежелгі Вавилон

Лекция жоспары:
1. Қосөзендегі ежелгі вавилондық кезең. Саяси бытыраңқылық.
2. Қоғамның әлеуметтік құрылымы.
3. Хаммурапи заңдары. Экономикасы, қоғамдық-саяси құрылысы.
4. Жаңа Вавилон державасының құрылуы және Навуходоносор тұсында өрлеу..
5. Набонид және елді парсылардың жаулауы.
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
1. Под ред. В.И.Кузищина. История древнего мира. В 2-х т. М., 1982.
2. Г.М.Бонгард-Левин. Древние цивилизации. –М.,1984.
3. Л.С.Васильев. История Востока. В 2-х т. 1 т. – М., 1998.
4. Л.С.Васильев. История Востока. –М., 2005.
5. И.А.Ладынин и др. История древнего мира (Восток, Греция, Рим). –М., 2005.
Қосымша әдебиеттер:
1. Под ред. В.И.Кузищина. Древний Восток и античный мир. –М., 1972.
2. С.А.Нефедов. История древнего мира. –М., 1996.
3. К.Ф.Беккер. История древнего мира. Восток-Греция. М., 2001.

1. Урдың ІІІ династиясы құлаған соң Қосөзенде екі ғасырдан аса уақыт қырғын соғыстар болды. Басқыншы аморейлер бірнеше мемлекеттер құрды. Б.э.д. ХІХ ғ. Месопотамиядағы мемлекеттердің арасынан неғұрлым ықпалды екі мемлекет бөлініп шықты. Бұл мемлкеттер арасында өзара бақталастық орын алды.
Оңтүстікте аморейлер астанасы Вавилон болып табылған мемлекетті құрды. Ал солтүстікте астанасы Ашур қаласы болған Ассирия мемлекеті қалыптасты. Ашур қаласы Месопотамиядан Солтүстік Сирияға, Кіші Азия, Египетке апаратын жолдар түйісетін ірі сауда байланыстарының орталығы болды.
Вавилон көршілері Киш пен Аккадтың құлдырауына байланысты экономикалық және саяси жағынан күшейіп, ірі сауда орталығына айналды. Вавилон дәл айтқанда Бабили - Құдай қақпасы деген мағынаны білдірді. Оның халқы Сирия даласынан келген аморей қоныстанушыларымен толықтырылды.
Ур ІІІ династиясы басқаруының соңғы кезеңінен б.э.д. 1595 ж. дейінгі аралықта Вавилонда кассит патшаларының үстемдігі орнап, бұл кезең көне вавилондық кезең деп аталды. Б.э.д. 1894 ж. шамасында аморейлер негізін қалаған, астанасы Вавилон болған мемлекеттің рөлі Месопотамия қалаларының арасында арта түсті. Бұл уақытта Вавилоннан басқа да мемлекеттер өмір сүрді. Мысалы, аморейлер Аккадта астанасы Иссин болған патшалықты құрды, ол Вавилонның орта бөлігінде орналасты. Ал, елдің оңтүстігінде астанасы Ларса болған мемлекет болса, Месопотамияның солтүстік-шығысында орталығы Эшнуннде болған мемлекет өмір сүрді.. Б.э.д. 1894-1595 ж.ж. Вавилонды дербес династия басқарады, ол белсенді сыртқы саясат жүргізіп, Қосөзен бойын өз қол астына біріктіруге тырысады.
Алғашқыда ерекше рөлге ие болмаған Вавилон Хаммурапи (б.э.д. 1792-1750) патша тұсында күшті елге айналады. 1785 жылы Хаммурапи Ларсадағы эламдық династия өкілі Римсиннің көмегімен Урук және Иссинді жаулап алды. Бұдан кейін ол Мариде билік құрушы ассириялық патша Шамши-Адад І –нің ұлын қуғындап, оның орнына көне жергілікті династияның өкілі Зимрилимнің келуіне ықпал етті. 1763 жылы Хаммурапи Эшнуннді жаулап алып, өзінің бұрынғы одақтасы, құдыретті патша Римсинді жеңіп, астанасы Ларсаны жаулап алды. Бұдан кейін ол, кезінде өзін білімді де тәжірибелі дипломат ретінде көрсетіп, Жерорта теңізіне шығатын сауда жолын билейтін Мари мемлекетімен тығыз одақ құрса, енді Маримен достық қатынасын жойып, б.э.д. 1760 ж.оны да басып алды. Б.э.д. ХҮІІІ ғ. І жарт. Хаммурапи бүкіл оңтүстік Месопотамияны басып алып, Ассирияны да бағындырды. Осылайша өте күшті патша билігі орнаған қуатты держава пайда болды. Жаңа мемлекеттің заңдары шығарылды. Хаммурапидің басқаруы-б.э.д. ІІ м.ж. Вавилонның гүлденген кезеңі болды.
Хаммурапи қайтыс болған соң, оның ұлы Самсуилуна (б.э.д. 1749-1712) Вавилон патшасы болды. Оған Вавилоннан шығысқа қарай, таулы аймақтарда өмір сүруші кассит тайпаларының шапқыншылығына қарсы тұруына тура келді. Б.э.д. ХҮІІ ғ. ішкі дағдарысқа ұшыраған Вавилон Орталық Азияның саяси өмірінде маңызды рөл атқара алмады және сыртқы шапқыншылықтарға қарсы тұра алмады. Б.э.д. 1594 ж. вавилондық династияның билігі тоқтады. Вавилонды хетт патшасы Мурсили І жаулап алды. Хеттар бай олжамен өз еліне келгенде, Парсы шығанағы жағалауындағы Приморья патшалары Вавилонды басып алды.
Осыдан кейін б.э.д. 1518 ж. елді касситтер жаулап алды және олардың билігі 362 жылға созылды. Бұл кезең касситтік немесе ортававилондық кезең деп аталды. Алайда кассит паташалары жергілікті тұрғындармен сіңісіп кетті.
2. Б.э.д. ІІ м.ж. Вавилон экономикасында түбегейлі өзгерістер орын алды. Қоғамның әлеуметтік құрылымы негізінен ерікті адамдар мен құлдардан құралды. Бір өзі ғана билік құрушы патша және өзге де қоғамның үстем тап өкілдері болды.
Бұл кезеңде құқық мәселелеріне зор маңыз берілді. Б.э.д ХХ ғ. басында аккад тілінде құрастырылған Эшнунн мемлекетінің заңдары баға және еңбекке ақы төлеу, отбасы, неке және қылмыстық құқық баптарын қамтыды. Мысалы, егер де әйел адам некеден тыс байланыс жасаса, тұрмыстағы әйелге күш көрсетіп, зорлық-зомбылық жасау, ерікті адам бала ұрласа ол өлім жазасына кесілді. Заң бойынша құлдарға арнайы таңба басылды және олар қожайынының рұқсатынсыз қаладан шыға алмады.
Б.э.д. ХХ ғ. ІІ жартысына Липит-Иштара патшаның заңдары жатқызылады. Оларда негізінен құлдар мәселесі қарастырылған. Қожайынынан құлдың қашып кеткені үшін, сондай-ақ қашқын құлды жасырғаны үшін жаза түрлері белгіленді. Егер күң ерікті адамға тұрмысқа шықса, онда бұл некеден туған балалар да, күңнің өзі де ерікті адамдарға айналды.
3. Ежелгі Шығыстың құқық саласындағы аса көрнекті ескерткіші Хаммурапи заңдары болып табылды.
Хаммурапи заңдары базальт бағанаға жазылып, күн, шындық және әділеттілік құдайы Шамаш тағының алдында патша ең жоғары өкімет билігінің белгісі-аса таяқ пен құрсауды құдайдың қолынан алып тұрғаны бейнеленген. Заңдар жинағының кіріспесінде патшаға шексіз билік берген құдайдың өзі деп жазылған. Заңдар жинағы 282 бапты қамтиды, олар сол кезеңдегі Вавилон қоғамдық өмірінің барлық саласын (азаматтық, қылмыстық және әкімшілік құқық) қамтиды. Бұл кодекстің ең соңында қорытынды жасалған. Хаммурапи заңдары өзінің мазмұны мен заңнамалық ой-пікірдің даму деңгейі жөнінен бұғанға дейінгі шумерлік және аккадтық құқықтық ескерткіштерден әлдеқайда алға басушылықты көрсетті.
Хаммурапи заңдарында Вавилон қоғамының әлеуметтік құрылысы көрініс тапты. Халықтың үш негізгі категориясы белгіленді: 1. қауым мүшелері-толық құқылы, ерікті адамдар (қауымдастар); 2. ерікті, бірақ толық құқылы еместер, яғни қауым мүшелеріне жатпайтын, патша шаруашылығында жұмыс істейтіндер; 3. құлдар.
Заң бойынша кінәлі адамға жаза қолдануда, оның әлеуметтік жағдайы ескерілді, құлдар өте қатаң жазаланды. Сондай-ақ, өзге біреудің құлын ұрлаған немесе жасырған адам өлім жазасына кесілді.
Заңдарда жауынгерлердің ерекше жағдайы аталды. Олар патшаның бірінші шақыруымен жорыққа аттануға тиісті болды. Әскери қызметі үшін мемлекеттен жер үлесін алды және бұл жерді мұраға қалдыра алды. Сондай-ақ бұл жер қарызы болса да өзгеге берілмеді.
Еркін халықтың арасында заңдық категориялар болды: тең құқылы ерінің ұлы - мар-авелим және келімсектер - мушкену болды. Мушкену меншік иесі, тіпті құл иеленуші де болды, бірақ оның заңдық құқыларына шек қойылды. Өйткені олар қауым мүшелері болып табылмады. Мушкенуге зақым келтіргендер айып төлесе, ал мар-авелимге зақым келтірген қылмысты адам талион приципі бойынша жазаланды.
Егер мар-авелимге жасалған сәтсіз операцияға дәрігер кінәлі болса, онда оның қолы кесілді. Ал, егер құлға дәл осындай зақым келсе, онда оның иесіне құлдың құны төленген.
Егер құрылысшының кінәсінен үй құлап, оның қирандысында үй иесінің баласы қаза тапса, онда құрылысшы өз баласының өлімімен жазаланды.
Егер кімде-кім мушкенудің дүниесін ұрласа, онда шығын он есе артық көлемде қайтарылды. Ал, егер патша немесе храм мүлкі ұрланса, оны отыз есе артық қайтаруға тиіс болды.
Кімде-кім басқа біреудің құлын өлтірсе, құл беруге тиісті болды. Өзгенің құлын жарақаттаса, оның жарты құнын төледі.
Егер құл ерікті адамға қол көтерсе, оның құлағы кесілді.
Қарапайым бұқараны борышын өтей алмағаны үшін құлға айналдыруға Хаммурапи өз заңдарымен шек қойды. Өйткені жауынгерлер мен салық төлеушілердің саны азайып кетпеуі қажет болды. Заң жеке меншікті қорғай отырып, борыш пен өсімді төлеткізді. Борышты әйелі немесе баласы үш жылда еңбекпен өтеуге тиісті болды. Олардың құлдан айырмашылығы заңмен қорғалды.
Жалға алған егістік жер үшін ақы өндірілген өнімнің үштен бір бөлігіне, ал бау-бақша үшін өнімнің үштен екі бөлігіне тең болды.
Хаммурапи заңы бойынша әкесін ұрған баланың саусақтары кесілді. Әке өз еркімен баласын мұрагерліктен айыра алмады, мұны тек сот шешті.
Заңдар жинағында ауыл шаруашылығына ерекше назар аударылды. Әрбір егінші өз жер үлесіне жақын бөгетті қорғауға тиіс болды, егер оның кесірінен егісті су басса, көршісінің шығынын өтеу үшін егіншінің өзін де, мүлкін де сатқан.
Натуралдық шаруашылықтың элеметтері әлі де сақталып, уақыт өте келе ақша қатынасы өсе түседі. Құн өлшемі кесек күміс болды: 1 сикль-8 грамм, 1 мина-500 грамм, 1 талант-30 кг.
Жер үлестері сатылатын да және сатылып алынатын да болды. Урдың ІІІ династиясы тұсындағы сарайға (патша-храм) тиісті жерлер жауынгерлердің шартты жерлеріне айналып және де жер үшін заттай жарна төлейтін егіншілерге үлестірілді. Суландыру жүйесін тікелей патшаның өзі бақылады. Осылайша Хаммурапи заңдарында патшаның іс-әрекетіне ешқандай шек қойылмаған.
4. Ашшурбанапал басқаруының соңғы жылдарында Ассирия державасының ыдырауы басталды, оның жеке орталықтарының арасында өзара қақтығыстар басталды. Б.э.д. 629 ж. Ашшурбанапал қайтыс болып, Синшар-ишкун патша тағына отырды. Үш жылдан соң Вавилонда ассириялық үстемдікке қарсы көтеріліс басталды. Бұл көтерілістің басында халдей көсемі Набопаласар тұрды. Алғашқыда ол өзінің билігін Вавилонның солтүстігінде ғана орната алды. Халдей тайпаларының Эламмен дәстүрлі одағын қайта қалпына келтіріп, Набопаласар Ниппурды қоршады. Алайда қалада Ассирияны қолдау күшті болып, оны басып алу мүмкін болмады. Б.э.д. 626ж. қазанында ассириялықтар Набопаласар әскерін жеңіп, қорщауды бұзып шықты. Бірақ осы уақытта Вавилон Набопаласар жағына шығып, ол 25 қарашада таққа отырды және жаңа, халдейлік (немесе жаңа вавилондық) династияның негізін қалады. Алайда ассириялықтармен әлі де ұзақ соғысуға тура келді. Тек қана он жылдан соң вавилондықтар Урукті жаулап алды, ал келесі жылы Ниппур құлады. Енді Вавилонның бүкіл территориясы ассириялықтардан тазартылды. Ассирия державасы талқандалған соң, Таяу Шығыста көп уақыт күштердің тепе-теңдігі сақталды. Мидия мен Вавилон Ассирияның жерлерін келісе отырып, бөлісті және бұл одақты Набопаласардың ұлы Навуходоносор мен Мидия патшасы Киаксардың қызы Амитиданың некесімен бекітті. Вавилонға тек төменгі Месопотамия тұтасымен тиіп қоймай, жоғары Месопотамияның Евфраттың орта ағысындағы бөлігі де тиді. Осы арқылы Вавилонға Сирия арқылы Жерорта теңізі жағалауына жол ашылды. Вавилон Сирия мен Палестинаға өз бақылауын орнатпақшы болды. Бірақ бұл елдерде өз үстемдігін орнатуды Египет перғауына да үміт етті. Осылайша бүкіл Таяу Шығыста тек қана үш құдіреті күшті мемлекет қалды: Мидия, Вавилон және Египет. Бұдан басқа Кіші Азияда екі ұсақ, бірақ тәуелсіз мемлекеттер Лидия мен Киликия болды және Вавилон олармен достық қарым-қатынаста болды.
Б.э.д. 607 ж. Набопаласар армияны басқаруды ұлы Навуходоносорға берді, өзі мемлекеттің ішкі істерін басқарды. Ендігі жерде тақ мұрагерінің алдында Сирияны және Палестинаны басып алу мақсаты тұрды. Ол үшін ең алдымен Евфраттағы Каркемиш қаласында орналасқан құрамында грек жалдамалылары бар египеттік гарнизонды жеңу қажет болды. Б.э.д. 605ж. көктемде Вавилон әскері бірмезгілде оңтүстік және солтүстіктен Каркемишке басып кірді, египет гарнизоны талқандалды. Осыдан кейін Сирия мен Палестина вавилондықтарға бағынды. Көп уақыттан соң финикиялық қалалар да басып алынды.
Б.э.д. 605ж. тамызда Сирияда бола отырып, Навуходоносор Вавилонда әкесінің қайтыс болғандығы туралы хабар алады. Ол жедел түрде онда барып, 7 қыркүйекте патша деп жарияланды.
Жаңа Вавилон патша Навуходоносор ІІ тұсында (б.э.д. 605-562) өзінің көркею шегіне жетті. Ол әкесінің басқыншылық саясатын одан әрі жалғастырды. Б.э.д. 598 ж. Навуходоносор керуен жолдарына өз бақылауын орнату мақсатында Солтүстік Аравияға жорық жасады. Осы кезде Иудей патшасы Иоаким Египет билеушісі Нехоның ықпалымен Вавилоннан бөлінді. Навухоносор Иерусалимді қоршап, б.э.д. 597ж. 16 наурызында оны басып алды. Үш мыңнан аса иудейлер Вавилонға тұтқынға әкетілді, Иудейдің патшасы етіп Навуходоносор Седекияны отырғызды. Б.э.д. 595ж. желтоқсаны - 594 ж. қаңтарында Вавилонда толқулар басталды. Бірақ олардың басшылары жазаланып, елде қайтадан тәртіп орнатылды. Аз уақыт өткен соң жаңа Египет перғауыны Априй Финикияда өз үстемдігін орнатпақшы болып, Газа, Тир, Сидон қалаларын басып алды және патша Седекияны Вавилонға қарсы шығуға көндірді. Навуходоносор шешуші түрде қимылдай отырып, египет әскерін бұрынғы шекарасына ығыстырды және б.э.д. 587ж. 18 айға созылған қоршаудан кейін Иерусалимді басып алды. Енді Иудей патшалығы жойылып, қатардағы провинция ретінде Жаңа Вавилон державасына біріктірілді. Иерусалимнің мыңдаған тұрғындары Седекиямен бірге тұтқындалды. Оның көзі ағызылды және балалары тегіс өлтірілді.
Навуходоносор үшін Финикиямен күрес қиынға соқты. Өз теңіз әскери күші жоқ Вавилонның бұл жауын қолдап Жерорта теңізінде Египет флоты қимыл жасады. Әсіресе Тир қаласы күшті қарсылық көрсетті. Бұл екі жақтың келісімімен аяқталды. Тир Навуходоносордың жоғары билігін мойындады, оның есесіне өзінің толық автономиясын сақтады.
Невуходоносор Египетке басып кіруге әрекеттенгенменде, бұл оған үлкен жеңіс әкелмеді. Екіншіден, Египет перғауындары Палестинама мен Финикияға үстемдігімізді қайта орнатсақ деген ойларынан бас тартуға мәжбүр болды.
Навуходоносордың бассқару кезеңі Вавилонның қайта өрлеу, экономикалық және мәдени, сондай-ақ халықаралық сауда орталығына айналу кезеңі болды. Басқыншылық соғыстардан түскен көп қаржы мен байлық, жұмыс күші аса ірі құрылыстар жүргізуге пайдаланылды. Суландыру жүйесіне зор маңыз берілді. Сиппара қаласының жанынан үлкен бассейн салынып, одан көптеген каналдар бастау алды. Жаңа храмдар тұрғызылып, есілері қайта жөндеуден өтт. Вавилонда жаңа патша сарайы салынып, жеті қабатты Этеменанки зиккуратының (мұнара) құрылысы аяқталды және ол Библияда Вавилон мұнарасы деп аталды. Атақты Аспалы бақтар отырғызылды.
Өзінің зор табыстары мен қуатына қарамастан Навуходоносор ІІ күрделі халықаралық жағдайды дұрыс бағалай отырып, шығыстан қауіп күтті. Мидиямен жасалған бітіш-шарт уақытша екенін түсініп, солтүстік-шығыс шекарасын нығайтуға үлкен мән берді. Бұл жерлерде оның тұсында Мидия қорғаны, яғни бекіністер мен шлюздер жүйесі салынды. Қажет жағдайда елдің елеулі бөлігіне су жіберіп, осы арқылы басып кірген жауды бөгеуге болатын. Алайда Нвуходоносорға бұл құрылысты қолдану қажеттігі болмады, оның тұсында шығыстағы көршімен арадағы тыныштық сақталды.
5. Б.э.д. 562ж. Навуходоносор ІІ қайтыс болған соң, абыздар мен әскери шонжарлар арасындағы келіспеушіліктердің нәтижесінде Вавилонда бүліншіліктер басталды. Елде 12 жылдың ішінде 3 патша ауысты.Соңында б.э.д. 556 ж. Вавилон тағына Набонид отырды, оның өзінен бұрынғы халдей тегінен шыққан патшалардан айырмашылығы, арамей болуында еді.
Набонид діни реформа жүргізіп, Вавилонның жоғары құдайы Мардуктың орнына Ай құдайы Синаны жариялады. Осы арқылы ол Сина құдайына табынатын көптеген арамей тайпаларын өз төңірегіне біріктіріп, қуатты даржава құрғысы келді. Алайда бұл діни реформа Набонидті Вавилондағы, Борсипптегі және Уруктегі ежелгі храмдардың абыздарымен қайшылыққа алып келді.
Б.э.д. 553 ж. Мидия мен Персия арасында соғыс басталды. Мидия патшасы Астиагтың Харран қаласындағы өз гарнизонын кері қайтарып алуына байланысты, Набонид осы жылы бұл қаланы басып алды және б.э.д. 609ж. Ассириямен болған соғыс кезінде құлаған Сина құдайының храмын қалпына келтіруге бұйрық берді. Сонымен қатар Набонид Орталық Аравияның солтүстік бөлігіндегі Тейма облысын бағындырып, Тейма өңірі арқылы Египетке апаратын керуен жолдарына өз бақылауын орнатты. Бұл жолдың Вавилон үшін аса зор маңызы болды. Өйткені б.э.д. ҮІғ. ортасында Евфрат өз ағысын өзгертіп, Ур қаласынан Парсы шығанағы арқылы жүргізілетін теңіз саудасы мүмкін болмай қалды. Набонид Теймаға өз резинденциясын көшіріп, Вавилонды басқаруды ұлы Бел-шар-уцуруға тапсырды. Набонид батыстағы сыртқы саясатпен белсенді түрде айналысып жатқан кезде Вавилонның шығыс шекарасына күшті де қуатты жау таяп келді. Парсы патшасы Кир ІІ Мидияны, Лидияны және Үндістан шекарасына дейінгі көптеген өзге елдерді жаулап алып, өте үлкен, жақсы қаруланған армиясымен Вавилонға қарсы жорыққа дайындалып жатты. Набонид Вавилонға қайтып оралды, өз елінің қорғасын ұйымдастыруға көшті. Алайда Вавилонның ішкі жағдайы нашар болды. Өйткені Мардук құдайы абыздарының күші мен ықпалын төмендеткісі келген Набонидке абыздар қарсы болды. Аравия шөліндегі көп жылдық соғыстардан әлсіреген Вавилон армиясы парсыларға қарсы тұра алмады. Б.э.д.539ж. қазанда парсылар Вавилонды жаулап алды және ол мәңгіліке өзінің тәуелсіздігін жоғалтып, Ахеменидтер державасының құрамдас бөлігіне айналды.

Ежелгі Ассирия

Лекция жоспары:
1. Ассирия тарихының кезеңдері: ерте, орта және жаңа.
2. Табиғи жағдайы, халқы, экономикасы мен қоғамдық құрылысы.
3. Ерте ассириялық кезең. Б.э.д. ІІІ-ІІ м.ж. Ассирия қоғамы және мемлекеті.
4. Орта және жаңа ассириялық кезеңдегі өрлеу (б.э.д. І м.ж. ІІ жарт.).
5. Б.э. І м.ж. Ассирия. Ассирияның құлдырау себептері мен күйреуі.

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
1. Под ред. В.И.Кузищина. История древнего мира. В 2-х т. М., 1982.
2. Сост. О.Е.Непомнин. Живая история Востока ( сборник). М., 1998.
3. К.Ф.Беккер. История древнего мира. Восток-Греция. М., 2001.
4. Л.С.Васильев. История Востока. В 2-х т. –М., 1998.
5. Л.С.Васильев. История Востока. –М., 2005.
6. И.А.Ладынин и др. История древнего мира (Восток, Греция, Рим). –М., 2005.
Қосымша әдебиеттер:
1. Под ред. В.И.Кузищина. Древний Восток и античный мир. –М., 1972.
2. С.А.Нефедов. История древнего мира. –М., 1996.
3. Г.М.Бонгард-Левин. Древние цивилизации. –М.,1984.

Б.э.д. ІІ м.ж. аяғы мен І м.ж. басында Таяу Шығыста Алдыңғы Азияның және Солтүстік-шығыс Африканың бірқатар елдеріне ықпал жасап тұрған держава Ассиряның рөлі күшейді. Ассирия державасының ұйытқысы-Тигрдің орта ағысы мен оның салалары Үлкен және Кіші Забтың бойындағы шағын территория болды (Ирактың солт.-шығ.). Солтүстігінде ол Армян қыратына дейін жетіп, шығысы мен солтүстік-шығысында Загрос жотасына тіреледі. Оңтүстігінде Вавилонмен шектесіп, ал батысында жазық далалар мен шөл далалар басталады.
Ассирия өз атын Тигрдің оң жақ жағалауындағы ежелгі Ашшур қаласынан алды. Аккад құжаттарында Ассирияның байырғы халқы субарейлер деп аталады. Шамасы бұлар хуррит халықтарының бір бұтағы болып табылады. Оларға бірте-бірте Аккадтан келген семит қоныстанушылары қосыла беріп, соңында сырттан келушілер субарейлерді басып кеткен. Аккад тілінің ассириялық диалектісі ресми тіл болады да, Ашшур билеушілерінің ежелгі қысқа жазбалары сол тілде жазылған. Ассирия тарихы үш кезеңге бөлінеді: 1. Ежелгі Ассирия (б.э.д ІІІ м.ж. аяғы-ІІ м.ж. басы); 2. Орта ассириялық кезең (б.э.д ХҮ-ХІ ғ.ғ.); 3. Жаңа ассириялық кезең (б.э.д. Х-ҮІІ ғ.ғ.).
Б.э.д. ІІІ м.ж. аяғы мен ІІ м.ж. басында Ашшур қала-мемлекетінің өзіндік саяси ұйымы болды. Мұрагерлік жолмен басқарушы ишакумдардың билігі әлсіз болды. Олар діни істерді ғана жүргізді. Маңызды мемлекеттік істермен лимму деп аталған ақсақалдар кеңесі айналысты. Әрбір лимму кезекпен басқарып, қазынаға басшылық жасаған. Сол жыл басқарушы лимманың есімімен аталған. Кейіннен ишакумның билігі күшейіп, ол нағыз монархқа айналған. Неғұрлым берік әскери ұйым құруға және жаулап алушылық саясат жүргізуге б.э.д. ХХ-ХҮІІІ ғ.ғ. алғашқы талпыныс жасалды. Бұл кезде Қосөзеннің бөлшектенуі Ашшурдың Парсы шығанағына және тіпті батыстағы Жерорта теңізіне дейін жорықтар жасауына мүмкіндік берді. Алайда бұл әскери табыстар кездейсоқ болды. Б.э.д. ХҮІІІ ғ. орт. Ассирия Вавилонның, кейін Митаннидің қол астына көшті.
Орта ассириялық кезеңде (б.э.д. ХҮ-ХІ ғ.ғ.) қоғамда даму процесі жүрді. Ашурубалит басқарған кезең ұлы бетбұрыс кезеңі болды. Б.э.д. 1400 ж. шамасында тәуелсіз сыртқы саясат жүргізіле бастады. Ассирия Митаннидан тәуелсіз болып қана қоймай, батыста өз территориясын кеңейте бастады. Б.э.д. ХІІІ ғ. басында Салманасар І патша Евфраттағы ірі қала Кархемшиаға дейін жетіп, Митанни әскері мен оларға көмекке келген хеттарды жеңді. Бұдан кейін Митанни Ассирияның қол астындағы бірнеше ұсақ мемлекеттерге бөлініп кетті. Б.э.д. ХІІ ғ. Тиглатпаласар І патша Қара теңіз жағалауына дейін келді. Бұл кезде Ұлы Хетт патшалығы болмады, ал Наири тайпалар одағы Ассирияға қарсылық көрсете алмады. Тиглатпаласар І Жерорта теңізіне дейін жетті және Солтүстік Финикияны өзіне қаратты.
Б.э.д. ХІ ғ. Алдыңғы Азиядағы халықаралық жағдай өзгереді. Аравияның түкпірлерінен семит текті арамейлердің қоныс аударулары күшейеді. Олар Сирия мен Киликиядағы хетт патшалықтарын және Жоғары Месопотамиядағы Митанни державасы ыдырағаннан кейін сақталып қалған патшалықтарды өзіне сіңіріп, ішінара семиттендіреді. Бұл қоныс аударудан кейін Ассирия екі ғасырға жуық (б.э.д. Х ғ. аяғы) созылған құлдырау кезеңін бастан кешірді.
Б.э.д. Х ғ. аяғында Ассирия Солтүстік Месопотамияда қайтадан өз үстемдігін орнатып, оңтүстікке және Шығыс Жерорта теңізіне өзінің әскери жорықтарын қайта бастады. Бұл жерде ұлы державалардың әлсіреуін пайдаланып, өзге жаңа мемлекеттер өрлей бастады. Атап айтсақ, б.э.д. ІІІ-ІІ м.ж. Шығыс Жерорта теңізі территориясында қала-мемлекеттер пайда болып, олардың ішіндегі неғұрлым ірілері Сириядағы Эбла және Угарит, Палестинадағы Хацор, Финикияда Библ мен Сидон болды. Б.э.д. ХІІ ғ. Палестина территориясында Израиль мемлекеті қалыптаса бастады. Сондай-ақ Сириядағы Дамаск патшалығы, ал Финикияда Тир қаласы болып табылды.
Б.э.д. ҮІІІ ғ. ІІ жарт. Ассирияның ең бір қуатының күшейген кезі болып табылды. Ол Таяу Шығыс аймағында басым рөл атқара бастады. Белгілі бір дәрежеде Ассирияның бұл кезде өрлеуі Тиглатпаласар ІІІ-нің әкімшілік және әскери реформаларына байланысты болды. Ол Ассириядағы әскери істі түбірімен өзгертті. Барлық ер адамдардан құралған жасақпен қатар, мемлекет қарамағында болған тұрақты армия құрылды. Әрбір қос дөңгелекті әскери арбаға екі атты әскер, ал әрбір салт аттыға екі ауыр және төрт жеңіл қарумен жарақтанған жаяу әскер бекітілді. Жаулап алынған жерлердегі халыққа байланысты жүргізілген саясатта та өзгерді. Егер бұрын жауланған территорияларды тонау, салық жинау, халықты құлға айналдыру орын алса, ендігі жерде халықтарды өзге аймақтарға қоныс аударту басталды. Жауланған территорияларды жаңаша ұйымдастыру мен басқару формалары пайда болды. Жаңа аймақтардың көлемі бұрынғысынан кіші болды және де бұл басқаруды оңайлатты. Әрбір аймақ мемлекеттік қазынаға салық төледі. Нәтижесінде Ассирия жаулап алынған территорияларда өзінің қатаң орталықтандырылған билігін орнатты. Мемлекеттің экономикалық бірлігінің маңызды факторы-сауда болды. Әскери жорықтардың негізгі мақсаттарының бірі- жаңа сауда жолдарын басып алу болды. Тиглатпаласар ІІІ-нің баласы әрі мұрагері Салманасар Ү тұсында ежелгі астана – Ашшурды салықтар мен міндеткерліктерден босатуға әрекет жасады. Бірақ бекзадалар оған қарсы шығып, тақтан түсірді. Таққа туысы Саргон ІІ отырғызылды. Ол жаулаушылық саясатты жалғастырып, б.э.д.722 ж. Израиль патшалығының астанасы Самарияны басып алып, талқандады. Сирия мен Палестинаның үлкен бөлігі бөлшектеніп, Ассирияның шағын провинцияларына айналды. Б.э.д. 689 ж. Саргон ІІ Вавилонды жаулап, оның тас-талқанын шығарды. Алайда Ассириямен тығыз байланыста болған және көне мәдениет орталығы болып табылған Вавилонды қирату патшаның өз маңайындағыларының наразылығын туғызды. Мұны Саргон ІІ-нің мұрагері Асархаддон ескеріп, Вавилонды қайта қалпына келтіру шараларын жүргізіп, онымен бейбіт қатынастар орнатуға тырысты. Б.э.д. 671 ж. Асархаддон Египетті де өзіне қаратты. Бұл жерде ол египеттік билеушілердің билігін сақтап қалдырды және күшті де қауіпті Эфиоп династиясына қарсы күресте соларға сүйенуге тырысты. Тиглатпаласар ІІІ және оның мұрагерлерінің тұсында Ассирия ежелгі дүние тарихындағы алғашқы ұлы әскери империя болып табылып, Таяу Шығыс мемлекеттерінің барлығын аз уақытқа болса да біріктірді.
Б.э.д. ҮІІ ғ. ол өте үлкен территорияны қамтыды: Месопотамияны, Шығыс Жерорта теңізі өңірін, Египет, Кіші Азия, Элам, парсы және мидия тайпаларын бағындырды. Бірақ, Ассирияның соңғы ұлы патшасы Ашшурбанипал (б.э.д. 669-631\29) тұсында державаның кейбір ірі орталықтары өзара бақталас болып, ал оның өлімінен кейін б.э.д. ҮІІ ғ. ІІ жарт. ІІ бөлігінде империя ыдырай бастады. Ашшурбанипал Эфиоп патшасына қарсы күресте Солтүстік Египеттің шағын патшалықтарына және Жерорта теңізімен байланыста болған Саис қаласына қолдау көрсетті. Саис билеушісі Псамметих Ассирия көмегін пайдаланып, бірақ шешуші кезеңде оған қарсы шығып, өз елін тәуелсіздікке жеткізді. Осылайша Ассирияның Ніл алқабында бекініп алу әрекетінен еш нәтиже шықпады. Б.э.д.626 ж. Халдей басқарушысы Набупаласар басқарған Вавилонның тағы да бөлініп шығуы, Ассирияға берілген шешуші соққы болды. Ол Мидия патшасы Киаксармен одақтасып, б.э.д. 615ж. Ассирияға екі жақтан соққы берді. Олар Ашурды алып, Саргон ІІ тұсынан Ассирия астанасы болған Ниневияға бет алды. Б.э.д. 612 ж. бұл қала алынып, патша сарайы өртелді. Б.э.д. 605 ж. Набупаласар баласы Навуходоносор Кархемши түбінде Мидияның көмегімен египет-ассирия әскерін талқандады. Осылайша б.э.д. ҮІІ ғ. аяғында Мидия мен Вавилонның соққысының нәтижесінде Ассирия өмір сүруін тоқтатты.
Б.э.д. ҮІІ-ҮІ ғ.ғ. Навуходоносор ІІ тұсындағы Вавилон Месопотамиядағы ірі мемлекетке айналды. Ол Сирия мен Палестинаны басып алды. Елдің уақытша экономикалық, саяси және мәдени қайта өрлеуі басталды. Алайда б.э.д. ҮІ ғ. ІІ жарт. Вавилонды парсылар талқандап, Месопотамия парсы мемлекетінің құрамына енді.

Кіші Азия. Хетт патшалығы

Лекция жоспары:
1. Хетт тарихының түп деректері мен тарихнамасы.
2. Б.э.д. ІІ м.ж. Кіші Азия территориясында мемлекеттердің қалыптасуы.
3. Б.э.д. ІІ м.ж. елдің саяси бірігуі. Ежелгі Хетт патшалығы: ішкі және сыртқы саясаты, экономикасы.
4.Жаңа кезеңдегі өрлеу. Теңіз халықтарының шабуылы.
5.Хетт державасының күйреуі.
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
1. Под ред. В.И.Кузищина. История древнего мира. В 2-х т. М., 1982.
2. Г.М.Бонгард-Левин. Древние цивилизации. –М.,1984.
3. Л.С.Васильев. История Востока. В 2-х т. 1 т. – М., 1998.
4. Л.С.Васильев. История Востока. –М., 2005.
5. Под ред. Ш.М.Мунчаева. Из истории мировой цивилизации. –М., 1993.
Қосымша әдебиеттер:
1. Д.Ж.Мелларт. Древнейшие цивилизации древнего Востока. –М., 1982.
2. С.А.Нефедов. История древнего мира. –М., 1996.
3. К.Ф.Беккер. История древнего мира. Восток-Греция. М., 2001.

Кіші Азияның шығыс облыстарына, Солтүстік Срияға барған Еуропа саяхатшылары ХҮІІІ ғасырда-ақ түрлі суреттер мен жазуларға толы ертеден қалған ескерткіштерге, әсіресе Хаматадағы хетт иероглиф жазуларына назар аударды. Бірақ оларды зерттеу алғашқы рет тек ХІХ ғасырда ғана басталды.
Археологиялық алғашқы қазба жұмыстары ХІХ ғ. жүргізіле бастады. Бұдан кейін хеттардың көптеген жаңа жаңа ескерткіштері тек қана Кіші Азияда ғана емес, оған жақын елдерде де, Алеппада, Джерабисте және Евфратта табылды.
1872 ж. Гуман мен Пухштейн Каппадокия мен Солтүстік Сирияға, оның ішінде Амон мен Тавр аудандарында зерттеу жүргізіп, Богазкеойдың қиранды орнының толық жобасын түсіріп алды. Язылы-Кая шыңына ойылып салынған діни әрекет көріністерінің таңбасы түсіріліп алынды.
1906 ж. шығысты зертеуші неміс ғалымы Г.Винклер Богазкеой төбесінде қазба жұмыстарын жүрге бастады және оның орнынан Хетт астанасы Хаттусаның қалдығын табады. Хетт патшаларының сарайлары қазылып, одан сына жазу текстері бар ежелгі шығыс халықтарының әртүрлі тілдерінде жазылған саз балшық тақталары табылған. Олардың ішінен аккад текстерін оқу мүмкін болғанмен де, хетт тіліндегі жазуларды бірден оқуға мүмкіндік болмады.
1928-1931 жылдары Алишар төбешігінде Остен қазба жұмыстарын жүргізіп, Жаңа Хетт патшалығы тұсындағы қамалды және басқа да көптеген археологиялық ескерткіштерді тапты. Тарихшылар үшін аса құндысы – түрлі жазулар болды. Бірақ олар көп уақытқа дейін бұл жазулардың оқылу сырын аша алмады. Тек қана 1915 ж. чех ғалымы Грозный Кіші Азияның шығыс жағалауынан және Солтүстік Сириядан табылған хеттік сына жазулардың оқу тілін тапты. Ақырында, бұдан біраз кейін Б.Грозный осы аудандардан табылған хетт иероглифтік жазулардың оқу жолын ашты. Сырт көріністері жағынан олар египеттік иероглифтерге ұқсағанмен, олардың өзіндік ерекшеліктері болды. Хетт иероглифтері сирек, көбінесе шығыс аймақта қолданылған. Әсіресе, иероглифтік жазу б.э.д. І м.ж. лувиялық тілдегі текстерді жазу үшін пайдаланылған және де бұл жазу жүйесі б.э.д. ІІ м.ж. да болған.
Иероглифтік лувия тіліндегі жазулардың оқылу сырын ашуда көптеген шетел ғалымдары, атап айтсақ П.Мериджи, Э.Форрер, И.Гельб, Х.Боссерт, Э.Ларош т.б. зор еңбек сіңірді. Хетт жазуларын оқу – Хетт мемлекетінің тарихын нақтылы деректер арқылы зерттеуге көмек берді. Деректердің ішіндегі ең құндысы – хеттардың б.э.д. ХІҮ ғ. заңдар жинағы. Бұл заңдар Хетт мемлекетінің шаруашылық және қоғам құрылысы жөнінде айқын түсінік береді. Бұл кодекс әр мезгілде құрастырылған екі бөлімнен құралады. Зерттеуші ғалым В.В.Струве өз еңбектерінде хеттарда құл иеленудің үлкен рөл атқарғанына көңіл бөледі. Хетт елінің экономикасы туралы кейбір мәліметтерді жерді сыйға беру және кадастрлық жазулар (салық мәліметтері жайындағы заңдар жинағы) жөніндегі құжаттар береді.Хетт мемлекетінің тарихын зерттеуде Хетт астанасы Хаттусадағы мұарағат және Кіші Азияның солтүстік-шығысындағы Машат-Хююк тебешігінде, Зиле қаласына таяу табылған тағы бір хетт мұрағатының маңызы зор. Машат-Хююкте 150-ден астам сына текстері мен үзінділері табылса, Хаттусадан бірнеше ондаған мың сына жазулары табылған. Олардың ішінде тарихи, дипломатиялық, құқықтық (мұның ішінде заңдар жинағы), эпистолярлық (хаттар, іс-қағаздары), әдебби текстер мен діни мазмұндағы құжаттар бар. Сонымен қатар Хетт мемлекеті сыртқы саясатының тарихы үшін патша жазуларының, мысалы Анитта, Телепин жазулары мен Мурсили ІІ жылнамаларының алатын орны ерекше зор.
Хетт жазуларын зерттеуде хетт халқы әртүрлі элементтнрдің берік емес бірлестігі нәтижесінде қалыптасқаны анықталды. Олардың ежелгі этникалық түп негіздері – абхаз-адыгей тобының тілінде сөйлейтін және Кавказбен тығыз байланыста болған хеттар немесе протохеттар болған. Оларға кейін үнді-еуропа топтарына жататын тілдерде сөйлейтін өзге тайпалар келіп қосылған. Олардың лексикасында славян, чех, латын тілдерімен ұқсастық белгілері бар. Мемлекеттік бұл тіл ежелгі кезде несит тілі деп аталған. Бұл тілде хеттардың заңдары, жылнамалары және өзге де іс-қағаздары мен құжаттары жазылған.
2. Қосөзен мен Египетте бір орталыққа бағынған қуатты мемлекеттер құрылып, олар уақытша әлсіреу мен ыдырау кезеңдерін бастан кешірсе, мыңдаған жылдар бойына өмір сүрген кезде Кіші Азияда (Анатолия) жағдай басқаша қалыптасты. Үш жағынан бірдей теңізбен (Қара, Мрамор, Эгей және Жерорта) қоршалған және жерін тау тізбектері бөліп жатқан бұл түбектің табиғи жағдайы өзін мекендеген тайпалар мен ұлт топтарының бірігу процесіне оншалықты қолайлы болмады.
Бұл жерде ірі өзен алқаптары жоқ еді. Ең үлкен өзен, Қара теңізге құятын Галисті Нілмен немесе Евфратпен салыстыруға мүмкін емес еді. Шағын каналдар қазылғанмен де, жергілікті жер бедері бірыңғай суландыру жүйесін жасауға мүмкіндік бермеді. Өзен бойындағы тар алқаптарда ғана егін шаруашылығымен айналысуға мүмкін болатын. Бірақ Кіші Азия өзінің географиялық орны жағынан транзитті сауданы өркендетуге өте қолайлы еді. Өйткені ол Еуропа мен Азияның арасын жалғастырып тұрған табиғи көпір сияқты еді.
Б.э.д. ІІІ мыңжылдақта – қа, Кіші Азияда қала – мемлекеттердің болғандығңы туралы жазба деректер (Каппадокиялық тақталар) бар. Бұлар б.э.д. ХІХ – ХҮІІІ ғ.ғ.ғ өмір сүрген Кіші Азияның сауда орталықтарында табылған іс-қағаздары мен хаттар. Олар аккад тілінің көне ассириялық (ашшур)диалектісінде құрастырылған сына жазулары болды. Осы аталған құжаттарды қарап, талдау барысында саудагерлердің қызметіне жергілікті қала-мемлкеттердің билеушілері бақылау орнатқандығы анықталды. Сырттан келуші көпестер сауда жүргізу құқына ие болу үшін арнайы салық төлеген. Кіші азиялық қалалардың билеушілері тауар сатып алуда басым құқыққа ие болған. Б.э.д. ХІХ-ХҮІІІ ғ.ғ. Кіші Азиядағы қала-мемлекеттер айтарлықтай жақсы дамыған саяси құрылымдар болып табылғандықтан, бұл патшалықтардың құрылуы, Кіші Азиядағы ашшурлық сауда орталықтарының пайда болғанына дейін жүзеге асқан.
Сауда орталықтарының қызметінде жергілікті көпестер: хеттар, лувийлер, хаттар белсенді рөл атқарған. Олардың арасында Солтүстік Сириядан, Солтүстік Месопотамиядан, сондай-ақ Кіші Азиядан шыққан саудагер-хурриттер де болған. Анатолияға көпестер маталар, хитондар әкелген. Алайда негізгі сауда тауары металл болған, шығыс көпестер қалайы, ал батыс көпестері мыс пен күміс алып келіп отырған. Ашшур саудагерлері үлкен сұраныста болған, күмістен 40 есе, алтыннан 5-8 есе қымбат өзге металлға көп қызығушылық танытқан. Зерттеулерге қарағанда бұл металл – темір болып табылған. Оны қорытып алу әдісін ойлап тапқан хаттар болған. Осыдан барып темір металлургиясы Алдыңғы Азияда, ал кейін бүкіл Еуропада тараған. Анатолиядан темірді сыртқа шығаруға шамасы тыйым салынған. Оған дәлел темірді құпия түрде сыртқа шығару туралы айтылған текстер табылған. Сауда керуендер арқылы жүргізілген, жүк негізінен дамасскалық есектерге артылған. Солтүстік Месопотамия, Солтүстік Сирия және Кіші Азияның шығыс бөлігі арқылы өтетін жолдарда орналасқан 120 тірек пункттерінің атаулары белгілі болып отыр.
Ассириялық сауда орталықтарының өмір сүруінің соңғы кезеңінде (шамамен б.э.д. ХҮІІІ ғ.) Анатолия қала-мемлекеттерінің билеушілерінің арасында сасяси жетекшілік үшін белсенді күрес басталды. Алғашқыда олардың арасында жетекші рөл атқарған Пурусханда қала-мемлкеті атқарды. Осы патшалықтың билеушілер ғана Ұлы билеуші деген атқа ие болды. Бұдан кейін Пурусхандамен және өзге қала-мемлекеттермен кішіазиялық мемлекет Куссарының патшалары: Питхана және оның ұлы Анитта жүргізді. Ұзаққа созылған соғыстан кейін Анитта Хаттусу қала-мемлекетін жаулап алып, талқандалды және ол жерде қоныстануға тыйым салды. Ол Неса қаласын да өз қолына алып, хетт тілінде сөйлейтін тұрғындардың негізгі тірек пункттерінің біріне айналдырды. Осы қаланың атымен хеттар өз тілін несит тілі немесе канесит тілі деп атады. Анитта Пурусханда билеушісін де жеңді. Өз вассалитетін мойындау белгісі ретінде, ол Аниттаға өз билігінің белгілері – темір тақ пен скипетрді ұсынды.
Куссары патшалары Питхана мен Аниттаның Анатолиядағы саяси гегемония үшін жүргізген күресі туралы Каппадокиялық тақталарда айтылады. Алайда Питхана мен Аниттаның жеңімпаз күресінің тарихы, Аниттамен байланысты оқиғалардан шамамен 150 жыл кейін құрылған Хетт мемлекетінің мұрағатынан табылған, неғұрлым кейінгі құжаттардан белгілі болып отыр. Аниттаның басқаруы мен Хетт мемлекетінің құрылуы аралығындағы кезең жазбаша құжаттарда көрініс таппаған. Осылайша Хетт мемлекетінің құрылуы (б.э.д. ХҮІІ-ХІІ ғ.ғ.) әлеуметтік-экономикалық, этномәдени және саяси процестердің заңды нәтижесі болып табылды және бұл процесс б.э.д. ІІІ-ІІ м.ж. барысы мен б.э.д. ІІ м.ж. басында белсенді түрде жүрді.
3. Хетт мемлекетінің тарихы соңғы зерттеулер бойынша үш кезеңге бөлінеді:
1. Ежелгі патшалық кезең (б.э.д. 1650-1500ж.ж.).
2. Орта патшалық кезең (б.э.д. 1500-1400ж.ж.).
3. Жаңа патшалық кезең (б.э.д. 1400-1200ж.ж.).
Ежелгі Хетт мемлекетінің құрылуы хетт дәстүріне сәйкес Лабарна деген патшаның атымен байланысты. Алайда бұл патшаның атымен жазылған текстер табылмаған. Құжаттарға қарағанда өте ертедегі патша Хаттусили І болған. Одан кейін ежелгі патшалық кезеңде бірнеше патшалар басқарды, олардың арасындағы неғұрлым ірі саяси тұлғалар Мурсили І мен Телепин патшалар болды.
Елдің жоғары билеушісі – табарна (немесе лабарна) деген атаққа ие болды. Ол әскери, мәдени-діни, құқықтық және экономикалық функцияларды атқарған. Патшамен қатар, әсіресе діни салада маңызды рөл атқарған патшайым- тавананна болды. Оның жеке сарайы және қызметшілері болды. Сондай-ақ, көптеген жеке меншіктегі жер иеліктері болды. Патшайым өзінің қол астындағыларға үкім шығара алды. Мемлекеттік басқару көптеген әкімшіліктер арқылы жүзеге асырылды. Қалалар мен аймақтардағы басқару орындарына патшаның ағайын-туыстары алынды. Оларды қалалар мен облыстардың билеушілері тағайындады және олар жоғары шенді сарай қызметкерлеріне айналды. Хетт патшалары Египет перғауындары сияқты аса күшті бола алмаған. Олар маңызды істер жайлы тулиамен (ақсақалдар кеңесі), ал кейде панкуспен де (жауынгерлер жиналысы) келісуге мәжбүр болған.
Шаруашылықтың негізгі түрлері: мал шаруашылығы, жер игеру және қолөнер болды. Металлургия жақсы дамыды. Шаруашылықта маңызды рөл атқарған – сауда болды. Хетт патшалығында мемлекеттік жерлер (сарай және храм) қатар, қауымдық жерлер де болды. Мемлекеттік жерді иелену немесе пайдалану натуралдық (саххан) және еңбек (луцци) міндеткерлігін атқару арқылы жүзеге асырылды. Саххан және луцциден тек қана храм және өзге діни мекемелер босатылды. Сондай-ақ, патшадан сыйға алынған жерлер де салықтан босатылды. Мұндай артықшылықтар мен жеңілдіктер Хетт заңдарында көрініс тапты. Бірақ кейінгі кезеңде, қайта шығарылған заңдарда сыйға берілген жерлердің иелері патшаның арнайы жарлығы бойынша ғана міндеткерліктен босады. Сонымен қатар Хетт заңдары бойынша бірқатар қалалардың тұрғындарына, жауынгерлер мен қолөнершілердің кейбір категорияларына берілген жеңілдіктер жойылған. Мұндай артықшылықтарға тек қана абыздар, патша жақындары, маңызды діни орталықтарға айналған қалалардың (Аринна, Нерик, Ципланд) тоқымашылары ие болған.
Хетт мемлекетінің тарихы көптеген соғыстарға толы болды. Бұл соғыстар әртүрлі бағыттарда жүрді: солтүстікте және солтүстік-шығыста Қара таңіздегі жауынгер каска халқымен, оңтүстік-батыс пен батыста, лувийлер мен хурриттар қоныстанған Киццуватна және Арцава патшалықтарымен, оңтүстік және оңтүстік-шығыста – хурритермен (соның ішінде хурриттік Митанни патшалығымен). Хеттар Египетпен Шығыс Жерорта теңізіндегі жетекшілік рөл үшін соғыстар жүргізді. Шығыста олар Ацци патшалығының билеушілерімен күрес жүргізді.
Лабарна және Хаттусили І тұсында Хетт мемлекетінің территориясы Қара теңізден Жерорта теңізіне дейін созылып жатты. Хаттусили І Кіші Азияның оңтүстік-батысында бірқатар маңызды облыстарды жаулап алды. Солтүстік Сирияда ол аса күшті Алалах қала-мемлекетін және өзге де ірі орталықтар – Уршу (Варсува) мен Хашшуды (Хассува) бағындырды. Халпа қаласы үшін күресті бастады. Хаттусили І кейін таққа келген Мурсили І өз басқаруы тұсында жаулаушылық саясат жүргізіп, тонаушылық сипаттағы бірнеше жорықтар жасады. Ол Солтүстік Сирияның стратегиялық және экономикалық орталығы болған Халпа қаласын басып алады. Осы жерден Мурсили Евфратқа қарай жылжып, б.э.д 1595ж. Вавилонды да басып алып, талқандайды. Бірақ бұл жеңіс тұрақты болмады. Біріншіден, Хетт патшалығының өз ішінде бірнеше рет көтерілістер болса, екіншіден хетт шонжарлары орталық билікпен санасқысы келмеді. Ұзаққа созылған өзара қырқысулар мен сарай төңкерісінен кейін, б.э.д. ХҮІ ғ. аяғында елдегі басқарушы топтар арасында белгілі бір дәрежеде мәмлеге келушілікті көрсететін бірқатар реформалар жүргізілді. Телепин патша таққа мұрагер отыруының қатаң жүйесін заңмен бекітті. Ол бойынша патша қайтыс болған соң, оның орнын үлкен ұлы басады, ал егер ол да қайтса, одан кейінгі ұлы таққа отырады. Сонымен қатар ежелгі патшалық кезеңде патшаның қарындасының (әрі патшаның әйелі болуы мүмкін) ұлы мұрагер бола алды. Ал, ұл баласы болмаған жағдайда, үлкен күйеу баласы (қарындасының күйеуі) билік басына келеді. Патша өз бетінше ешкімді өлім жазасына кеспеуге, өлімге кесілгендердің дүние-мүлкін тулиа және панкустан тыс тәркілемеуге міндеттенеді.
4.Орта патшалық кезеңдегі Хетт тарихы туралы деректер өте аз табылған. Жаңа патшалық кезеңінде орталық билік едәуір күшейе түседі. Елдің түкпір-түкпірінде патшалардың меншік жерлері көбейеді және бірқатар селолық қауымдар оның құрамына енеді. Қатардағы қауымдастар өз үлесіндегі жерлерді билеу еркінен айырылып, жерді өз балаларына мұра етіп қалдыра алмайтын болды. Қауымдастар кедейленіп, тіпті борыштық құлдыққа түсті. Осылайша хетт қоғамында мүліктік жіктеліс күшейіп, жаңа патшалық кезеңдегі хетт заңдары әлеуметтік теңсіздікті заң жүзінде нығайта түсті.
Заң бойынша Хетт патшалығында кісі өлтірген адам өлген кісіні өз есебінен жерлесе және оның туыстарына төрт адам берсе (құлдардан немесе туыстарынан), жазадан босатылған. Қандай да болмасын қылмыс жасаған адам жазадан ақы төлеп құтылып отырған. Егер малы көп бай-шонжар біреудің жақсы атын ұрлап, қолға түссе, онда өз табынынан бес жылқы беруге тиісті болған. Ал, ұры кедей болса, онда ол айыбын он бес есе асырып төлеу үшін борышты болып, құлдыққа түскен. Құл біреудің үйін өртесе, оның мұрны мен құлақтарын кескен, егер де ол әлдекімге ажал шақырып, дуа жасады деп айыпталса, өлім жазасына кесілген.
Хетт патшалығы жаңахетт кезеңіндегі патшалардың тұсында өзінің гүлдену шағына жетті. Олардың арасынан Суппилулиума І, Мурсили ІІ, Муваталли және Хаттусили ІІІ ерекше орын алды. Көптеген әскери табыстар да Хетт патшалығын Таяу Шығыстағы күшті мемлекеттердің біріне айналдырды. Мысалы, Суппилулиума І тұсында Анатолияның батыс аймақтары (Арцава елдері) хеттардың қол астында болды. Сонымен қатар каскалардың қаратеңіздік одағы, Ацци-Хайаса патшалығы бағындырылды. Митаннимен күресте де Суппилилуима шешуші жеңістерге жетіп, оның тағына күйеу баласы Шаттивазуды отырғызды. Солтүстік Сирияның аса маңызды орталықтары Халпа мен Кархемиш жаулап алынды, олардың тағына Суппилилуима ұлдары Пияссили мен Телепин отырғызылды. Ливан тауларына дейінгі Сирияның көптеген патшалықтары хеттардың бақылауына алынды.
Хеттардың Сириядағы позициясының күшеюі ең соңында сол кездегі екі ірі державалар – Хетт патшалығы мен Египеттің арасында қақтығыс туғызды. Оронт өзеніндегі Кадеш (Кинза) түбіндегі шайқаста Муваталли бастаған хетт армаиясы Рамсес ІІ-нің әскерін жеңді. Перғауынның өзі тұтқыннан қашып құтылды. Алайда хеттардың мұндай ірі жеңісі күштердің арасалмағын өзгерте алмады. Бұл екі мемлекет арасындағы соғыс жалғаса берді. Ең соңында екі жақ та стратегиялық паритетті мойындауға мәжбүр болды. Б.э.д 1296ж. шамасында Хетт патшасы Хаттусили ІІІ мен Рамсес ІІ арасында хетт-египет келесім-шартына қол қойылды. Екі мемлекет арасында тығыз, достық байланыстар орнатылды және бұл бейбіт қатынастарды Рамсес ІІ-нің Хаттусили ІІІ қыздарының бірімен некесі бекіте түсті. Орта патшалықтың соңында, әсіресе жаңа патшалық кезінде Хетт патшалығының Кіші Азияның қиыр оңтүстік-батысында немесе батысында орналасқан Аххиява мемлекетімен қатынаста болды. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, бұл патшалық Эгей теңізінің аралдарында немесе материктік Грецияда орналасқан. Аххияваны Микендік Грециямен байланыстырады. Осыған сәйкес мемлекеттің атауының шығуын ахейліктер деген терминмен байланысты дейді. Ал, Гомердің айтуынша ахейліктер ежелгі грек тайпаларының одағын білдіреді.
Хетт патшалығы мен Аххияваның арасындағы қақтығыс Кіші Азияның батыс облыстары мен Кипр аралы үшін болды. Күрес жермен қатар теңізде де жүріп жатты. Хеттар Тудхалии ІҮ және Хетт патшалығының соңғы патшасы Суппилилуима ІІ тұсында Кипрге екі рет иелік етті. Осындай жорықтардың бірінде Кипрмен келісім шарт жасалды. Өздерінің жаулаушылық саясатында хетт патшалары жақсы ұйымдасқан армияға сүйенді. Онда тұрақты әскермен қатар хеттарға тәуелді халықтардан құрамалар да болды. Әскери қимылдар негізінен көктемде басталып, күздің соңына дейін жүргізілді. Кейбір жағдайларда қыс мезгілінде де жорықтар ұйымдастырылды, әсіресе оңтүстікке, ал кейде шығысқа, яғни таулы Хайаса елінің облыстарына жасалды. Армия негізінен атты арбалар мен ауыр қаруланған жаяу әскерден құралды. Атты арбаға екі ат жегілді және әрқайсысында үш адамнан болды: ат айдаушы, жауынгер және оларды қорғаушы қалқан ұстаған адам. Атты арбаларды қолдану туралы Аниттаның ежелгі хетт текстінде кездеседі. Онда Аниттаның 1400 жаяу әскеріне 40 атты арбалар сәйкес келгендігі айтылады. Кадеш түбірдегі шайқаста Муваталли патшаның әскері шамамен 20 мың жаяу әскерден және 2500 атты арбадан құралған. Қалаларды жаулауда хеттар көбінесе оларды қоршауға алып, арнайы қоршауды бұзатын қарулар қолданған. Хетт сыртқы саясатының маңызды құралдарының бірі – дипломатия болған. Хеттар Кіші Азияның және Таяу Шығыстың көптеген мемлекеттерімен дтпломатиялық қатынастарда болған. Бұл қатынастар көбінесе арнайы келісімшарттармен реттеліп отырған. Хетт мұрағаттарында Таяу Шығыстың басқа мемлекеттерінің барлық мұрағаттарын қоса алғанда дипломатиялық актлер көп сақталған. Хеттардың дипломатиялық тәжірибесіне тән тағы бір сипат – династиялық некелер болған. Египеттіктерден өзгеше хетт патшалары өз қыздары мен қарындастарын шет елдік билеушілерге тұрмысқа беріп отырған. Хетт патшасының тегінен шыққан өкіл тұрмысқа шыққанда бірінші ханшайым болған. Б.э.д. 1200 ж. шамасында Хетт патшалығы құлады.Оның екі себебі болды: біріншіден, кезіндегі ұлы державаның ішікі ыдырауы, екіншіден, өз қуатын жоғалтқан елдің Эгей дүниесінен келген теңіз халықтарының шапқыншылығына ұшырауы болды. Олар Хаттусуды талқандап, жеңді және ол бұдан кейін қайта көтеріле алмады.

Урарту және ежелгі Закавказье мемлекеттері

Лекция жоспары:
1.Ван патшалығы-Урарту мемлекетінің пайда болуы.
2.Урартудың күшеюі және Сардури І мен Ишпуини тұсындағы орталықтануы.
3.Ассириямен күрес. Саргон ІІ жорығы. Урарту мемлекетінің құлдырауы, күйреуі.
4. Экономикасы мен әлеуметтік құрылымы. Саяси құрылысы, әкімшілік жүйесі, әскери ұйымдасуы.
5.Мәдениеті мен өнері. Архитектурасы.

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
1. Под ред. В.И.Кузищина. История древнего мира. В 2-х т. М., 1982.
2. Г.М.Бонгард-Левин. Древние цивилизации. –М.,1984.
3. Л.С.Васильев. История Востока. В 2-х т. 1 т. – М., 1998.
4. Л.С.Васильев. История Востока. –М., 2005.
5. Д.Ж.Мелларт. Древнейшие цивилизации древнего Востока. –М., 1982.

Қосымша әдебиеттер:
1. И.М.Дьяконова. История древнего мира. –М., 1988.
2. С.А.Нефедов. История древнего мира. –М., 1996.
3. К.Ф.Беккер. История древнего мира. Восток-Греция. М., 2001.

Закавказье өркениетінің интенсивті дамуы б.э.д. VІ-V м.ж. бастау алады. Бұл кезде Кур және Аракс өзендерінің аңғарларында отырықшы егіншілер мен малшылардың кішігірім елді-мекендері болды. Алғашқыда олар тас және сүйек еңбек құралдарын пайдаланса, кейіннен мыстан жасалған еңбек құралдары пайда болды. Одан кейінгі мәдени-шаруашылық жаму б.э.д. ІІІ м.ж. жалғасып, Армян таулы қыраты мен Закавказьеде ерте қола ғасырының мәдениеті кең таралып, Кур-Аракс деген атауға ие болды.
Алғашқы қауымдық қатынастардың ыдырау процесі Ван көлінің жағалауында өмір сүрген урарт тайпаларының арасында басталды. Олар тілі жағынан хуррит тобына жататын халықтар болды. Б.э.д. ІХ ғ. бұл жерде ерте Урарту патшалығы құрылды.
Урарт тайпаларының тағы бір мемлекеттік бірлестіктерінің бірі Урмия көлінің оңтүстік-батысында орналасқан Муцацир болды.
Урарту көп уақытқа дейін Ежелгі Шығыс өркениеттерінің ішіндегі аз зерттелген өркениет болып қала берді.
Орыс және кеңестік шығыстанушылар М.В.Никольский, И.Н.Мещанинов, Н.Я.Марр, И.А.Орбели, Г.А.Меликишвили урарт жазбаларын жарыққа шығарып, зерттеді. Академик Б.Б.Пиотровскийдің басшылығымен көне урарт қаласы Тейшебаиниді қазу барысында (оның қирандысы Кармир-Брур) өте құнды деректер табылды. Сонымен қатар табылған заттай материалдық ескерткіштердің негізінде Урарту мемлекетінің тарихы мен мәдениетін ғылыми тұрғыдан дәуірлерге бөліп, Урарту қоғамының әлеуметтік құрылымын анықтауға мүмкіндік туды.
Біріккен Урарту патшалығының алғашқы билеушісі – Арам патша (б.э.д. 864-845 ж.ж.) болды. Оған қарсы Салманасар ІІІ армиясы жорық жасады. Ассирия алғашқы күннен бастап–ақ жас мемлекеттен қауіптенді. Бірақ бұл әскери жорықтар Урарту мен Муцацирдің негізгі орталықтарына зардап тигізбей, патшалық күшейе түсті.
Урарту патшасы Сардури І (б.э.д. 835-325 ж.ж.) өзінің күш-қуатын арттыра түсті. Урарту астанасы Ван көлінің жағасындағы Тушпа қаласы болды. Оның сырты тас қабырғалармен қоршалды. Келесі Урарту патшасы Ишпуини (б.э.д. 825-810ж.ж.) мемлекетті басқаруда белсенділік көрсетті. Сардури І тұсында қолжазбалар ассирия тілінде жазылса, енді текстер урарт тілінде жазыла бастады. Оның негізіне өзгертілген ассириялық сына жазуы алынды. Жас мемлекет өзінің тәуелсіздігі мен дербестігін бекіте түсті. Тушпа билеушісінің иеліктері Урмия өзеніне дейін жетіп, екінші урарт бірлестігі – Муцацир оның тәуелді иелігіне айналды. Жаңа мемлекетті идеологиялық жағынан біріктіру үшін діни реформа жүргізді. Ол бойынша үш негізгі құдайға ерекше мән берілді: Аспан құдайы – Халди, Найзағай мен жауын құдайы – Тейшеби, Күн құдайы – Шивини.Урарт тайналарының көне діни орталығы Муцацирдің ықпалы артты. Онда жоғары құдай – Халдидің негізгі храмы орналасты.
Урартудың күшті мемлекетке айналуы Менуа патшаның атымен байланысты болды. Оның әскери жорықтары екі бағытта жүргізілді: бірінішісі оңтүстікте Сирияға қарай, бұл жерде оның әскері Евфраттың солтүстік жағалауын бойласа, ал солтүстікте Закавказье бағыты болды. Басып алынған жерлерде кейде жергілікті патшалардың билігі сақталса, екінші бір жағдайда орталық өкіметтің қойған адамдары басқарды.
Менуа тұсында әкімшілік реформа жүргізілді. Ол бойынша Урарту мемлекеті облыстарға бөлініп, оларды орталық өкіметтің өкілдері басқарды. Сонымен қатар ірі құрылыстар да жүргізілді. Тушпа қаласының маңында ұзындығы 70 шақырым канал салынды.
Менуаның ұлы әрі мұрагері Аргишти (б.э.д. 786-764) тұсында Урарту патшалығы гүлдену шағына жетті. Урарту әскері Солтүстік Сирияға еніп, жергілікті билеушілерді өздеріне қаратты. Оңтүстік-шығыста Маней патшалығына өзінің ықпалын күшейтіп, Вавилон шекарасына дейін жетті. Нәтижесінде Ассирия Урарту иеліктері мен оның одақтастарының қоршауында қалды. Аргишти Закавказье бағытында жылжуға көп мән берді. Урарту әскері Батыс Грузиядағы Колхидаға дейін жетіп, Аракс өзенінен өтіп, оның солтүстік жағалауындағы үлкен территорияны (Саван көліне дейін) өзіне қаратты. Жаңадан қосылған территорияда шаруашылық-құрылыс жұмыстары жүргізілді. Армавир маңында ірі қала орталығы Аргиштихинили тұрғызылды. Қазіргі Ереван орнында б.э.д. 782 ж. Еребуни қаласы пайда болды. Аргиштихинилиде төрт канал қазылып, бау-бақша өсіріліп, жүзім шаруашлығы дамыды. Урарту қалаларында бидай сақтайтын қоймалар салынды, оларда мемлекеттің бидай қоры сақталды. Закавказьеде Урарту державасының екінші бір экономикалық аса маңызды орталықты тұрғызу сасяаты кейіннен өзін-өзі толық ақтады.
Аргиштидің саясатын ұлы Сардури ІІ (б.э.д.764-735ж.ж.) жалғастырды. Алайда Ассирияда ішкі тұрақтану процесі жүзеге асып, билікке Тиглатпаласар ІІІ келді. Ол Ассирия армиясының әскери қуатын күшейтті. Б.э.д. 734 ж. Ассирия Солтүстік Сириядағы Арпад қаласының маңында Урарту басқарған коалициямен соғысты. Одақтастар жеңіліп, Сардури өз жеріне шегінуге мәжбүр болды. Б.э.д. 735ж. Тиглатпаласар ІІІ Ван жағалауындағы Урарту державасының орталығына соққы берді. Орталық аймақтардың бірқатары шабылып, өртке оралды. Бірақ күрес аяқталмады.
Руса І (б.э.д. 735-713ж.ж.) Урартудың бұрынғы қуатын қалпына келтіруге тырысты. Сыртқа сасясатта ол Ассириямен ашықтан-ашық қақтығыстан бас тартқанменде, оған қарсы саясат ұстанды. Оңтүстіктегі белсенді саясаттың нәтижесінде көшпенді – киммериялықтардың Урартудың солтүстік аймақтарына енуіне кедергі жасады. Закавказьедегі Урарту иеліктері кеңейіп, жаңа қалалар пайда болды. Ван көлінің жағасында су қоймасы салынып, жүзімдіктер мен егістіктер пайда болды. Русахинили деген жаңа қала тұрғызылды.
Урартудың күшеюінен қауіптеніп Ассирия оған соққы беруге асықты. Б.э.д. 714ж. Саргон ІІ бассқарған ассирия армиясы Урмия көлінің шығысына қарай бағыт алды. Руса І өз әскерімен Саргон ІІ-нің тылынан келмекші болды. Бұл шайқас Урартудың жеңілісімен аяқталды және ол Алдыңғы Азияда өзінің саяси үстемдігін орнату жолындағы күресте Ассириядан қалыс қалды. Алдағы уақытта екі жақ та өзара қақтығысудан қашқақтады. Бұл жағдайда Аргишти ІІ (б.э.д 713-685 ж.ж.) шығысқа жорық жасап, Каспий теңізінің жағасына дейін жетті. Бұл жерде де Урарту патшасының саясаты жүргізілді, яғни жаулап алынған жерлер талқандалған жоқ, тек қана салық төеді. Аргишти ІІ державасның орталық аймақтарында ирригациялық жұмыстар жүргізді. Мұндай қалыпты жағдай Руса ІІ (б.э.д. 685-645 ж.ж.) тұсында да сақталды. Ол киммериялықтармен одақ құрып, Кіші Азияға нәтижелі жеңісті жорықтар жасады. Закавказьеде ол ирригациялық жұыстар жүргізіп, Тейшебаини қаласын тұрғызды. Бірақ Урартуға қауіп төндіргендер Алдыңғы Азияға еніп, б.э.д. 670 ж. өздерінің жеке патшалығын құрған көшпенді скиф тайпалары болды. Скифтер Урартудың одақтасы киммериялықтарға соққы берді. Онымен бірмезгілде Урартудың бір қатар аймақтары зардап шекті. Урартудың бірте –бірте әлсіреп, халықаралық аренадағы өзінің позициясынан айырыла бастайды. Құрылыстар Ван аймағы мен Закавказьеде жалғасса да, оның көлемі қысқарды. Б.э.д. VІ ғ. басында Урарту Ежелгі Шығыстағы аса қуатты, жаңадан пайда болған Мидияның тәуелді вассалына айналып, б.э.д 590ж. дербес тәуелсіз мемлеке ретіндегі өзінің өмір сүруін тоқтатты.
Урарту мемлекеті экономикалық дамуға зор мән берді. Әсіресе су қоймаларын тұрғызып, каналдар қазды, ирригациялық жұыстар жүргізді. Эконмикада патша шаруашылықтары маңызды рөл атқарды. Тейшебаиниді тұрғызуда Руса ІІ бірмезгілде канал жүргізіп, аса зор көлемде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін алқаптар пайда болды. Есептеулерге қарағанда Тейшебаинидің бидай және шарап сақтайтын қоймалары 4-5 мың гектар жерден алынатын өнімдерге есептелді. Сына жазбаларға қарағанда Русахинилидегі патша шаруашылғында 5500 адам жұмыс істеген. Патша шаруашылықтарында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу жүзеге асырылып, қолөнер шеберханалары жұмыс істеді. Патша шаруашлығына қарағанда храм шаруашылығы айтарлықтай маңызды рөл атқармады.
Урартуда өзге елдерге қарағанда әлеуметтік жіктелу кейінірек жүрді. Ауыл шаруашылығында өнім өндірушілердің негізгі ұқарасы – ерікті қауым мүшелері болды. Бау-бақша өсіруде ғана құл еңбегі басым рөл атқарды. Құлдар сонымен қатар шеберханалар мен құрылыс жұмыстарында көп пайдаланылды.
Урарту мәдени дамуда да зор жетістіктерге жетті. Қалалардың территориясы 200-300 гектар, ал Аргиштихинили 400-500 гектар жерді алып жатты. Қалалар биік таулардың етегінде тұрғызылды, ал олардың шыңында цитадельдер болды. Кейбір Урарту қалаларының жоспары тұрақты сипатта болды. Мысалы, Зернакитепте.Жоспарлаудың тік бұрышты жүйесі Тейшебаиниде де орын алды. Қалалардың қорғаныс жүйесі 1, көбінесе 2, ал кейде 3 қабырғадан тұрды. Қала қабырғаларының қалыңдығы 3,5 - 4 метр болды, оларға аса үлкен мұнаралар орнатылды. Урартулықтар әсіресе тастан қашап жасалған блоктардан тамаша ғимараттар салу жөнінен үлкен табыстарға жетті.
Тас мүсін өнері екіге бөлінді: бірінішіден, Урарту мүсін өнерінің ескерткіштері. Олар ежелгі Алдыңғы Шығыс елдері өнерімен байланыста болды. Бұл мүсін өнерінің ескерткіштері өте аз табылған. Көбінесе екінші, халықтық мүсін өнері ескерткіштері көп кездеседі. Олар қола дәуірі мүсін өнерінің дәстүрін жалғастырушы болып табылады. Қоладан көркемөнер ескерткіштерін жасауда зор жетістіктерге жеткен. Бұл негізінен урарттардың метал өңдеуде жоғары техникалық деңгейге жетуінің арқасында жүзеге асқан.
Урарту өнерінің жарқын үлгілерінің бірі – қалқандар, дулығалар мен сауыттар болды, оларды храмдарға сыйға әкелді. Қазба жұмыстары кезінде алтын, күміс әшекей бұйымдары көптеп табылған. Олар жоғары көркемдік деңгейде жасалынған.
Урарту мәдениеті Алдыңғы Шығыс мәдениетінде ерекше маңызды рөл атқарды. Оның жоғары жетістіктерін Мидия, одан кейін Ахеменидтік Иран қабылдап, Алдыңғы және Орта Шығыста кеңінен таралған.

Шығыс Жерорта теңізі өңіріндегі мемлекеттер
(б.э.д ІІІ -ІІ м.ж.)

Лекция жоспары:
1.Табиғи жағдайы, халқы, шаруашылығы. Б.э.д. І м.ж. Финикия мен Сирия.
2.Қолөнер өндірісінің дамуы. Финикия саудасы және Жерорта теңізі өңіріндегі отарлау.
3.Тир-Сидон патшалығының құрылуы. Сириядағы Дамасск патшалығы және оның Ассириямен, көршілес мемлекеттермен күресі.
4.Палестина территориясына ежелгі еврей тайпа одағының басып кіруі. Б.э.д. ІІ-І м.ж. Израиль-Иудей патшалығының құрылуы және екіге бөлінуі.
5.Шығыс Жерорта теңізі өңірі Ассирия, Жаңа Вавилон, Парсы державасының қол астында.

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
1. Под ред. В.И.Кузищина. История древнего мира. В 2-х т. М., 1982.
2. Г.М.Бонгард-Левин. Древние цивилизации. –М.,1984.
3. К.Ф.Беккер. История древнего мира. Восток-Греция. М., 2001.
4. Л.С.Васильев. История Востока. В 2-х т. –М., 1998.
5. Л.С.Васильев. История Востока. –М., 2005.
6. И.А.Ладынин и др. История древнего мира (Восток, Греция, Рим). –М., 2005.
Қосымша әдебиеттер:
1. Под ред. В.И.Кузищина. Древний Восток и античный мир. –М., 1972.
2. С.А.Нефедов. История древнего мира. –М., 1996.
3. Г.Б.Поляк. А.Н.Маркова. Всемирная история. –М., 1997.

Месопотамия мен Египет аралығындағы территория ежелгі кезде Сирия және Палестина деп аталған. Бұл аймақтың солтүстік бөлігі, сонымен бірге оған жалғас жатқан Сирия даласы (ол бірте-бірте Сирия шөліне айналады) – Сирия деп, ал оңтүстік бөлігі - Иордан өзенінің басталар жерінен Синай түбегі мен Нілдің атырауына дейінгі жерлер – Палестина деп аталды. Сирия мен Палестинаның Жерорта теңізі жағасындағы бөлігін гректер Финикия деп ерекше атаған. Шығыс халықтары Финикия, Палестина және Сирияны айту үшін Ханаан (Библия мен Египет құжаттарында) немесе Амурру (сына жазбаларында) деген жалпы атауды көп қолданған.
Түп деректері. Тигр және Евфрат өзендерінің алаптарынан Жерорта теңізі мен Египет шекарасына баратын жолда орналасқан бұл елдердің ежелгі тарихы негізінен библия кітаптары (Көне өсиет) арқылы жеткен. Иуда және христиан діншілдері қасиетті тарих деп жариялаған бұл кең көлемді жинақ ежелгі еврей тілінде жазылған. Ұзақ уақытқа дейін Көне өсиет кітабын бастырып шығару орта ғасырлық қолжазбалар негізінде жүзеге асырылған. ХХ ғ. 40-60 жылдарында Кумран үңгірінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының негізінде Көне өсиеттің неғұрлым ежелгі қолжазбалары табылған. Бес кітаптың бірін-бірі қайталай баяндалатын және қайшылықты сипаттарын ашқан тұңғыш зерттеуші, француз ғалымы Жан Астрюк – библияны сынаудың негізін қалаушы болды. Ол бұғанға дейін бес кітапты бір ғана автор Моисей жазды деген пікірді жоққа шығарып, бұл кітаптарды екі автор жазған және оларды құрамдас екі бөлікке жіктеуге болатынын анықтады. Бұдан кейін бес кітаптың төрт бөліктен тұратынын неміс ғалымы Ю.Вельгаузен анықтады. Библияны зерттеуші кеңес ғалымдары ретінде И.М.Никольскийді, А.Б.Рановичті, И.Д.Амусинді атауға болады. Бұл елдердің тарихы туралы грек ғалымы Геродот және римдік үлкен Плиний қызықты деректер келтіреді. Кейбір финикиялық шығармалар грек тілдеріндегі аударма немесе қайта жазылған нұсқалары арқылы жеткен. Мысалы, Тир қаласының жылнамасынан үзінді, ежелгі Финикия данышпаны Санхуниатан жинаған мифтер т.б. Б.э. І ғасырындағы еврей тарихшысы Иосиф Флавий грек тілінде Палестинаның өткен тарихына арналған Иуда көнелері атты шығармасын т.б. жазды. Бұл елдерде ежелгі жазудың түп нұсқалары аз табылған, әрі жалғыз-жарым және қысқа болып кездеседі. Мысалы, ай аттарының тізімі, Иерусалимде (б.э.д. ҮІІІ ғ.) су құбырының салынуы туралы жазба, патшаның салтанаты туралы жазбалар. ХХ ғ. ІІ жартысында, б.э.д. ІІІ м.ж. пайда болып, ІІ м.ж. алғашқы жартысында гүлденген Угарит қаласының орнынан мұрағат табылды. Палестинаның екінші үлкен орталығы – Иерихонды қазу кезінде б.э.д ҮІІ м.ж. басталып, бір-біріне жамала берген бірнеше қабаттар табылған. Финикия қалаларынан әсіресе Библ жақсы зерттелген, оның Угариттен айырмашылығы – Египетпен тығыз байланысты болған.
Табиғи жағдайы, шаруашылығы.. Сирия мен Палестина таулы елдер болған, үлкен өзендері болмаған. Тек Сирияның шығыс бөлігіндегі азғана жері Евфрат өзенінің орта ағысымен ұласып жатты. Жерорта теңізіне айтарлықтай ірі емес Оронт өзені және бірнеше майда өзендер мен жылғалар құяды. Палестинаны солтүстігінен оңтүстігіне кесіп өтетін Иордан өзеніне келсек, жаз күндері бұл өзеннің суы тартылып қалатындығы соншалықты, оны кешіп өтуге болады. Ол өлі теңізге барып құяды. Тау арасындағы шағын аңғарларда егіншілікке жарамды құнарлы жер үлестері болған. Әсіресе бұл жер жағдайы бау-бақша өсіруге (жүзім, зәйтүн, алма ағаштары) қолайлы. Дәнді дақылдардан арпа, бидай т.б. өсірілген. Едәуір мөлшерде орман массивтері болған. Құрғақшылық шаруашылыққа көп зиян келтіріп отырған. Көп жерлерде қолдан суару жүйесін салуға талпыныс жасалғанменде, өзен суы аз болғандықтан ол шағын алқаптарды ғана суландыра алған. Бірыңғай суландыру жүйесін жасау еш мүмкін болмаған. Жауын-шашын аз түскен жағдайда аштық та болып отырған. Бұл жерде ұсақ малдар қой, ешкі, ал кейіннен түйе өсіру негізгі шаруашылыққа айналған.
Халқы. Сирия мен Палестина Тигр және Евфрат өзендерінен Ніл аңғарына және Аравияның далалары мен шөлдерінен Жерорта теңізінің айлақтары мен Кіші Азияның тау жоталарына баратын жолдарда жатқандықтан, бұл жерлерде керуен жолдары түйісіп, әртүрлі тайпалар мен халықтар араласып кетіп отырған. Сондықтан Сирия мен Палестинаның халқы этникалық жағынан бірыңғай болмаған. Б.э.д. ІІІ м.ж. тіпті одан да ерте, бұл жерлерде батыс семит тайпалары көп болып, Ханаанейлер деген жалпы атқа ие болып, Египет шекарасынан Оронт өзені алабына дейінгі бүкіл ел солардың атымен Ханаан деп аталған. Алайда, бұл халық жергілікті негізгі халық емес, библияда кейінірек жоғалып кеткен алғашқы тұрмыстық тайпалар туралы деректер бар. Археологиялық қазба жұмыстары олардың бір-бірінен айырмашылығы бар екенін анықтады. Табылған сүйектерді зерттегенде семиттерге мүлде ұқсамайтын неолит дәуірі адамдарының бейнесі сақталған. Палестина мен Сирияға семит тайпалары Аравия түбегінен келіп, Месопотамияға жылжыған. Солтүстіктен оларға қарсы хуррит тайпалары, ал кейіннен хеттар қозғалған. Хеттар мәліметтерге қарағанда, гиксос шапқыншылығы кезінде Хеброн қаласына (оңт. Палестина) дейін жеткен және Библия оларды осы жердегі берік, отырықшы халыққа айналған кезінен суреттейді. Б.э.д. ХІІІ-ХІІ ғ.ғ. Кіші Азиядан келген теңіз халықтарының бір бұтағы – филистимдіктер Жерорта теіңізінің шығыс жағалауында, финикиялықтардың оңтүстігіне таман қоныстанып. өз тілдері мен мәдениетін көпке дейін сақтаған.
Финикия мен Сирияның қала-мемлекеттері. Сирия мен Палестинада ірі мемлекеттік құрылымдар болмаған. Бұл жерлерде пайда болған қала-мемлекеттерді паташалар басқарған. Бірақ олар Египет фараондары, Аккад пен Шумер патшалары сияқты деспоттық билікке қол жеткіземіз деп ойламаған. Өйткені бұл жерлердегі құл иеленуші шонжарлар олардың билігін шектеп отырған. Бұл қалалардың бірігуіне өлкені таулардың бөліп жатуы және де өзен қатынасының болмауы мүмкіндік бермей келген.
Б.э.д. ІІ м.ж. алғашқы жартысында Жерорта теңізі бойындағы шағын құнарлы алқапта орналасқан Угарит (Финикияның солт.) мемлекеті көзге түседі. Бұл мемлекетте экономикалық прогресс елеулі экономикалық алға басуға жол береді. Селолық қауым ыдырай бастайды. Жер үлестері саудаға түсіп, жеке меншік иелерінің қолына шоғырланады. Алдыңғы Азияның өзге орталықтарына қарағанда әлдеқайда бұрын мысқа бай Кипр аралымен, ал одан кейін Крит-Микен әлемімен де тұрақты байланыс орнатады. Эгей теңізі алабы мен Кіші Азия тауарлары (металл) Угарит арқылы Мари мен Вавилонға жеткен, ал ол жақтан мұнда Қосөзен тауарлары әкелінген және де бұл жерде Вавилон мәдениетінің ықпалы зор болған. Угаритте сына жазуы әліпбиі пайда болып, олар Вавилон сына жазуының жүздеген таңбаларының ішінен 29-н таңдап алған. Бұған керісінше оңтүстікте ораналасқан финикиялық орталық - Библде Египет ықпалы басым болып, б.э.д. ІІ м.ж. мұнда ара-тұра Египеттің саяси үстемдігі де орнап тұрған. Угарит пен Библ арасында ешбір саяси бірлік болмаған және де олар өз иеліктерін кеңейтуге ешбір талпынбаған.
Б.э.д. ІІ м.ж. басында Сирияның (Оронттан шығ. қарай) Халпа қаласы үстем болады. Бірақ б.э.д. ІІ м.ж. ортасында әлсіреп, хеттардың қол астына өтеді. Сирияның негізгі саяси орталығы - Кадеш болып табылды. Бір кезде ол гиксостардың кең-байтақ федерациясының астанасы да болуы мүмкін. Гиксостар Египеттен қуылған соң, Сирия мен Палестинаның майда патшалықтарының бытыраңқы күштерін ХҮІІІ династия фараондарына қарсы күреске Кадеш біріктіреді, бірақ одан ешбір нәтиже шықпайды. Б.э.д. ХІҮ ғ. Угарит те, Халпа да, Кадеш те хеттардың қол астына көшеді. Б.э.д. ІІ – І м.ж. арамей шапқыншылығынан кейін пайда болған Дамасск патшалығы, осы кезеңде Сирияның оңтүстік шекараларында бекініп алған Израиль мемлекетімен соғысуға мәжбүр болады, ал б.э.д. ІХ ғ. бұл патшалық Ассирия билігінің қол астына өтеді.
Б.э.д. 1400 ж. Угарит талқандалады, оның есесіне б.э.д. ІІ м.ж. ІІ жартысында Египет пен Хетт патшалықтарының арасындағы алауыздықты пайдаланып, тәуелсіздікке ие болған оңтүстік Финикия қалалары өрлей бастайды. Алдымен жетекші рөлге Сидон ие болады. Бірақ б.э.д. 1200 ж. шамасында Сидон теңіз халықтарының шапқыншылығына ұшырап, зор зардап шегеді, нәтижесінде бірнеше ғасырлар бойы басты рөл Тир қаласына көшеді. Жерорта теіңізінің жағалауындағы Финикия қалалары Азия елдерімен, Оңтүстік Европа, Африкамен сауда қатынастарын өз қолдарына алады. Егер алғашқыда олар Египетті құрылыс ағаштарымен, кепкен балықпен, шарап өнімдерімен, зәйтүн майымен жабдықтап тұрса, кейін қолөнер бұйымдары негізгі сауда тауарына айналады.
Кипрден мыс, Кіші Азиядан күміс пен қорғасын (кейін темір), Египеттен алтын ала отырып, Финикия шеберлері оларды өңдеуде де зор табысқа жетеді. Зергерлік бұйымдары жоғары бағаланады. Алғашқыда египеттіктер мен вавилондықтардан үйренгенмен де финикиялық шеберлер жасаған шыны бұйымдар ең жоғары дәрежеге жеткен.
Финикияда бояу ісі де жақсы дамыған. Теңіз түбіндегі әр моллюскадан бір тамшы сұйық алынып, онымен маталарды күрең қызыл түске бояған.
Библ, Сидон, Тир қалаларында ескекті кемелер жасалды. Ескекшілер құлдар болды және оларды кемедегі жұмыс орнына кісендеп тастап отырған. Құлдар қара жұмыс істеу, жүк түсіру, ескек есу үшін ғана қолданылған жоқ, оларды сырт жерлерге сатып отырған.
Финикияда егіншілікке жер аз болды, онда негізінен жеміс ағаштары мен жүзім өсірілді, дәнді дақылдар аз егілді. Алайда өз астығы жетпесе, оны көрші елдерден сатып алып отырды.
Финикияда экономикалық даму орын алса да, саяси бірлік болмаған, тіпті халқының ортақ атауы да болмаған. Әр қаланың тұрғындары өздерін сол қаланың атымен атаған. Әр қаланың өз патшасы болды, ол шонжарлар кеңесі мен халық жиналысына тәуелді болған.
Б.э.д. ІІ м.ж. аяғында Тир қаласы күшейеді. Оның бір артықшылығы сыртқы жаудың оған қолы жетуі қиын еді. Қаланың негізгі бөлігі (жаңа Тир) жартасты аралда орналасты, қауіп төнгенде тұрғындар сол жерге барып паналады. Б.э.д. Х-ІХ ғ.ғ. Тир қаласына оңтүстік Финикия тұтас бағынып, оның ерекше көркейген кезі болды. Тир патшаларының ішіндегі ең белгілісі – Хирам (б.э.д. 969-936) Кипр аралы мен Солтүстік Африкаға әскери-теңіз экспедицияларын шығарған. Сонымен қатар алтын, піл сүйегін, сандал ағашын және бағалы бұйымдар алып қайту үшін Офир (оңт. Аравия) еліне де экспедиция шығарған.
Бірақ кейіннен Сидон мен Тир тайталаса бастайды да, оңтүстік Финикияның бірлігі берік болмайды. Финикия қалалары бірде Ассирияның, бірде Египеттің, бірде Вавилонның, ендігі бірде парсылардың қол астына кезек ауысып отырады да, одан әрі эллиндік мемлекеттердің, одан да кейін Римнің құрамына енеді. Алайда олар өз автономияларын сақтайды және өз патшалары басқарады.
Финикиялықтардың бұрын басталған өзге жерлерді отарлауы б.э.д. І м.ж. кеңінен жүреді. Ең алдымен финикиялық сауда факториялары Кипрде және Эгей теңізі алабында пайда болады. Кейін олар негізінен Жерорта теңізінің батысына ойысады. Финикиялық қалалар Сицилия, Сардиния, Мальта, Балеар аралдарында, кейін Солтүстік Африка мен Испанияда пайда болады. Тир қаласының ең үлкен отары - Карфаген Жерорта теңізі жағалауының елеулі бөлігін біріктірген державаның орталығы болды және күш-қуаты жағынан өзін отарлаушы елден әлдеқайда асып түсті.
Палестина. Финикия өзін ауылшаруашылығы өнімдерімен жабдықтап, орнына қолөнер бұйымдарын алып тұратын көршілес Палестинамен экономикалық және мәдени жағынан тығыз байланыста болды. Палестинанаң негізгі халқы - бір бұтағы амориттер болып табылатын ханаанейлерге жататыны белгілі. Б.э.д. ІІ м.ж. орт. халықтардың жаңа қоныс аударуы басталды. Оңтүстік-шығыстан өзінің шығу тегі мен тілі жағынан ханаанейлерге ұқсас, бірақ айырмасы – көшпелі, хабиру тайпалары келеді. Б.э.д. ХІІІ ғ. хабирулар ішінен тайпалардың екі одағы: израильдықтар мен иудейлер бөлініп шығып, бұдан кейін Палестина тарихында жетекші рөл атқара бастайды. Олар біраз уақыт Синай шөлінде тіршілік еткен, бұл жерден Палестинаға өтіп, б.э.д. ХІІ ғ. елдің ерекше бекінген бірнеше қалалары (Иерусалим) мен Кіші Азиядан келген жауынгер халық-филистімдіктер өмір сүрген Жерорта теңізінің жағалауларынан басқа жерлердің бәрін өзіне қаратып алады. Палестинаның үлкен бөлігін жаулап алған соң, израильдықтар егіншілік пен бау-бақша өсіру көбірек орын алған елдің солтүстік бөлігіне қоныстанса, иудейлер отырықшы мал шаруашылығы жетекші рөл атқарған оңтүстікке ірге тепті. Жергілікті ханааней халқы жартылай қырғынға ұшырады. Бірақ көп жерлерде жаулап алушылар жергілікті халықпен қатар қоныстанып, араласып кетті және отырықшылық тұрмысқа көшті.
Рулық құрылыстың ыдырауы. Мемлекеттің пайда болуы. Б.э.д ХІ ғ. аяғына дейін израильдықтар мен иудейлер рулық-тайпалық бірлікте өмір сүрді. Сайланбалы көсемдер соғыс кезінде тайпалық жасақты басқарса, ал бейбітшілік кезеңде қылмыс жасағандарға жаза қолданып, сот істерін жүргізді.
Тәуелсіздіктен толық айырылу қаупі елдің бірігу процесін тездетті. Нәтижесінде израильдықтар мен иудейлердің бытыраңқы тайпалары филистимдіктермен күресу үшін біріге бастады, ал б.э.д ХІ ғ. аяғында тәжірибелі әскербасы Саул Израиль-Иудей мемлекетінің паишасы болып сайланады. Соғыс кезінде Саул қаза тапқан соң, оның күйеу баласы Давид патша болады, ал оны Израиль-Иудей мемлекетінің шын мәніндегі негізін қалаушы деп айтуға болады. Ол Египет фараондарына еліктеп, патшаның алдында барлығы да бас иіп, тағзым етуге тиіс деді. Алым-салық жинау үшін тұңғыш рет халық санағы жүргізілді. Давид бірқатар табысты соғыстар жүргізді. Ол филистимдіктерге бірнеше рет соққы беріп, батыстағы шекарасын қауіпсіздендіріп алды. Шығыс, Солтүстік-шығыс және оңтүстікте жаулап алушылық саясат жүргізіп, көршілес патшалықтарды өзіне қосты. Акаб шығанағындағы айлақтарға жол ашатын Эдомды алудың маңызы зор болды. Ханааней қамалы – Иерусалим маңайындағы жерлерді израильдықтар мен иудейлер жаулап алса да, ол 200 жылдан аса уақыт өз тәуелсіздігін сақтап тұрды. Давид тосыннан шабуыл жасап, Иерусалимді бағындырып, өзінің астанасына айналдырды. Оның ұлы әрі мұрагері Соломон тұсында әкімшілік аппараты нығайды, бұрынғы тайпалық бөлініс территориялық бөлінуге орын берді.
Египет пен Финикияның сауда қалаларымен, Сирия, Оңтүстік Аравия мемлекеттерімен сыртқы сауда дамыды. Құрылыс ісі кең қанат жайды. Иерусалимде Яхве құдайға арналған храм, бірнеше сарайлар салынды. Оларға жұмсалған шығын алым-салықтар мен міндеткерліктерді көбейту есебінен толықтырылды. Әсіресе жері құнарлы елдің солтүстік бөлігі көп қысым көрді. Соломон қайтыс болған соң (б.э.д.930 ж.), бұл жерде көтеріліс болып, ерекше Израиль патшалығы құрылады. Давид негізін қалаған әулет өз қол астында елдің оңтүстік бөлігін ғана сақтап қалады. Астанасы Иерусалимді қоса бұл жерлер енді Иудей патшалығы болып табылады. Бұл мемлекеттерде таптық қайшылықтар күшейе түседі. Қауымның үлестік жерлері сатылатын және сатып алынатын болады. Құлдар саны көбейеді.Абыздар күнделікті өмірде маңызды рөл атқарды, халық бұқарасы ең алдымен храм мүддесіне сай салықтар төлеп, міндеткерліктер атқарды. Тауар-ақша қатынастарының дамуы баяу қарқынмен жүрді, ел күйзеліске ұшырай бастады. Көптеген қарапайым адамдар борышкер құлдарға айналды. Жаңа тәртіпке қарсы шығушылардың бірі – пайғамбарлар болды. Олар көпшілік алдында байлық пен билік барларды әшкереледі. Олар ескі патриахтық тәртіптерді қайта орнатуды, әрбір егіншінің шағын болса да өз жері мен жүзімдігі болуға тиіс деді. Пайғамбарлардың уағызы діни сипатта болды. Олар кедейлер мен езілгендерді ашық күреске шақырмады. Яхве құдай келешектегі апаттан өз халқын сақтап қалады және өзі қалаған құтқарушы патшаны жібереді, ол жер бетінде әділеттілік орнатады деді.
Еврей мемлекетінің тәуелсіздігі бірнеше ғасырға ғана созылды. Израиль патшалығын б.э.д. 722 ж. ассириялықтар жаулап алды. Астанасы-Самария қиратылды, тұрғындары тұтқынға түсті. Олардың орнына ассириялық қоныстанушылар келді және самариялықтар деп аталып кетті. Б.э.д. 586 ж. Вавилон патшасы Навуходоносор Иерусалимді жаулап алып, талқандады, Яхве құдайының храмы қиратылды. Иудейлердің көпшілігі Вавилонға қоныс аударды. Кейінірек б.э.д 539 ж. парсы патшасы Кир Вавилонды жаулап алғанда, ол өзінің батыстағы позициясын күшейту үшін иудейлерге өз отанына оралып, Иерусалимді қайта қалпына келтіруге рұқсат береді. Бірақ патшалық билік қайта орнатылмады. Қоныстанушылар діни қауымдарға бірікті, оларды парсы патшасының бақылауындағы абыздар басқарды.

Иран және Орта Азия ежелгі кезеңде

Лекция жоспары:
1. Географиялық орналасуы, табиғи жағдайы, халқы. Түп деректері мен тарихнамасы.
2. Б.э.д. ІІІ м.ж. І жартысындағы - І м.ж. І жартысындағы Элам. Мемлекеттік ұйымдасуының ерекшеліктері. Вавилонмен күрес және Эламның гүлденуі.
3. Б.э.д. ІІІ-І м.ж. Лидия территориясындағы қоныстанулар. Шаруашылық түрлері. Мүліктік жіктеліс.
4. Мидия патшалығының құрылуы. Киаксар реформалары. Мидия парсы державасының құрамында.

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
1. Под ред. В.И.Кузищина. История древнего мира. В 2-х т. М., 1982.
2. Г.М.Бонгард-Левин. Древние цивилизации. –М.,1984.
3. К.Ф.Беккер. История древнего мира. Восток-Греция. М., 2001.
4. Л.С.Васильев. История Востока. В 2-х т. –М., 1998.
5. Л.С.Васильев. История Востока. –М., 2005.
6. Д.Ж.Мелларт. Древнейшие цивилизации древнего Востока. –М., 1982.
Қосымша әдебиеттер:
1. Под ред. В.И.Кузищина. Древний Восток и античный мир. –М., 1972.
2. С.А.Нефедов. История древнего мира. –М., 1996.
3. Г.Б.Поляк. А.Н.Маркова. Всемирная история. –М., 1997.
4. И.А.Ладынин и др. История древнего мира (Восток, Греция, Рим). –М., 2005.

Месопотамиядан Шығысқа қарай жан-жағынан тау жоталарымен қоршалған кең-байтақ Иран үстірті созылып жатыр, бұл жоталардың ішінен Иранды Тигр мен Евфрат бассейнінен бөліп жатқан, бұрын да бірнеше рет айтылып кеткен Загрос тау жотасын ерекше айтуға болады. Солтүстігінде Эльбрус тау тізбегі Каспий теңізінің оңтүстік жағалауларын алып жатса, солтүстік-шығысында Копет-Даг пен Памир Иран мен Орта Азияның шекарасын құрап тұр.
Иран оңтүстігінде Парсы шығанағы суымен ұласып жатыр, шығанақ арқылы б.э.д. ІІІ м.ж. өзінде-ақ, одан да ерте болуы мүмкін, Алдыңғы Азия Үндістанмен байланыс жасай бастаған. Дәл осы жолмен Қосөзенге Үндістанның көркем бұйымдары, ал кейін б.э.д. І м.ж. мақта жеткізіле бастаған.
Неғұрлым солтүстік аймақтарда мұз дәуірінің аяқталуына байланысты жалпы өзгеру процесі, Шығыстың өзге елдеріндегі сияқты Иранға да күшті ықпал етті. Орталық Иранның көп бөлігі және Шығыс Иранның көптеген аймағы барған сайын далаларға, ал кейбір жерлері тіпті сусыз шөлдерге айнала бастады. Мұнда көшпелі мал шаруашылығы басым орын алды, әсіресе қос өркешті түйе өсіру ерекше маңызға ие болды, бұлар б.э.д. І м.ж. осы жерден Ассирияға да тарады. Егіншілік Иранның шеткері аймақтарында, тау суларын жер суаруға пайдалануға болатын жерлерде көбірек орын алды. Орта Азияның Ираннан айырмасы, онда ойпатты жерлер көп болды. Иран өзендері ежелден бері елеусіз және суы аз болса, Орта Азияны Сырдария мен Амудария сияқты мол сулы өзендер кесіп өтетін еді. Алайда Амудария суын игеру Тигрді, Евфрат пен Нілді игеруден әлдеқайда қиын болған және бұл жерлердегі суландыру жүйесін салу жұмыстары кеш басталған (б.э.д. І м.ж.). Егіншілік мәдениетінің ежелгі ошақтары Арал теңізінің аймақтарынан емес, одан әлдеқайда оңтүстікке қарай, Иранмен шекарадағы таулы аудандардан (қазіргі Тәжік және Өзбек республикалары) табылған. Бұл жерлерде б.э.д. Ү м.ж. арпа мен бидай өсіріліп, үй жануаралары қолға үйретілсе, қазіргі Амудария алабында ол кездері аң және балық аулау негізгі кәсіп болған.
Халқы. Ежелгі кездегі Иран мен Орта Азия тұрғындарының этникалық құрамын анықтау өте қиын. Б.э.д. ІІ м.ж. дейін бұл арадағы тұрғындар тілі семиттік тілге де, үнді-еворпалық тілге де ешбір ұқсастығы болмаған. Бұлардан қазіргі кезде жақсы белгілі болып отырғаны элам тілі, ол оңтүстік-батыс Иранда көбірек тараған, ал тым ежелгі заманда ол шығысқа және солтүстік-шығысқа көбірек тараған болуы мүмкін. Тек б.э.д. ІІ-І м.ж. кезінде ғана этногенез процесі неғұрлым анықтала түседі. Орта Азия мен Иранда солтүстіктен келді деп есептелетін үнді-иран тайпалары ұшырай бастайды. Олар үнді-еуропа тайпаларының кең тараған түрлерінен бөлініп шығып, өз кезегінде үнділік және ирандық топтарға бөлініп кетті. Б.э.д. І м.ж. басында-ақ, батыс Иранда иран тілінде сөйлейтін тайпалар үстемдік құрып тұрды, бұл жөнінде бізге Ассирия жылнамашыларының жазып қалдыруы арқылы жеткен бірқатар аудандардың ономастикасы мен топонимикасы хабар береді.
Түп деректері. Иран мен Орта Азияның шаруашылығы мен әлеуметтік қатынастары жайлы негізінен археологиялық ескерткіштер арқылы білеміз. Өте ертедегі тарихтың кейбір деректері сондай-ақ, тәжік халқының ата-бабалары (зенд тілінде) шығарған Авестаның шығармаларының алғашқы нұсқаларында да сақталған. Біздің заманызға тек Эламнан ғана әртүрлі құжаттардан тұратын тұтас мұрағаттар келіп жеткен. Б.э.д. ҮІ ғасырдан бастап Ахеменидтер жазуы пайда болды. Бехистун жазуы белгілі болып, оны зерттеу сына жазуының оқылу сырын ашуға мүмкіндік берді. Көптеген мәселелерді анықтауға Геродоттың, ішінара Ктеси мен өзге де антик заман авторларының жазып қалдырған мұралары көмек көрсетеді.
Элам. Иран халықтары ішінен алғашқы болып тарих сахнасына эламдықтар шықты. Олардың елі шағын ғана Керхи және Карун өзендерінің (Парсы шығанағына құятын) алабын және бұған солтүстік жағынан ұласып жататын Анган таулы аймағын алып жатты. Эламның астанасы Керхи өзенінің жағалауында орналасқан Сузы қаласы болды. Элам Қосөзенмен байланыста болып, бұл оның экономикасы мен мәдениетіне ықпал еткен. Эламда пайда болған жазу жүйесін (жергілікті пиктографиядан басталатын эламдық иероглиф) б.э.д. ІІІ м.ж. аяғында батыстан ауысқан сына жазуы ығыстырады. Алғашқы текстер аккад тілінде болса, б.э.д. ІІ м.ж. элам тілінде жазыла бастайды. Эламның Қосөзен елдерімен саяси қатынастарында да елеулі өзгерістер болып отырды. Кейде ол Аккад (б.э.д ХХІ ғ. Ур-дың ІІІ әулеті тұсында) ықпалында болса, кейде керісінше батыс көршілерінің әлсірегенін көріп, оларға шабуыл жасап отырған. Осылайша б.э.д. ХХ-ХҮІІІ ғ.ғ. Тигр мен Евфрат өзендері алқабында ыдыраушылық пен өзара соғыстар кезінде бұл жерлерге өзінің бақылауын орнатады. Б.э.д. ІІ м.ж. ІІ жартысында Элам қайта күшейіп, Вавилонға жорықтар жасайды. Әлеуметтік қатынастарда, бұл жерде таптық қоғам қалыптасқан жағдай да матриархаттың қалдықтары Қосөзенге қарағанда ұзақ сақталды және Египетке ұқсас болды. Мысалы, жер үлестеріне әйелдер толық иелік етті, таққа мұрагерлік ету жүйесі әкеден балаға емес, ағасынан інісіне көшіп отырды (фатриархат). Б.э.д. ҮІІІ-ҮІІ ғ.ғ. Элам мен Ассирия арасында қатал шайқастар болды, ақырында ол Ашшурбанипалдың әскерлерінің Сузыны талқандауымен аяқталды. Осыдан кейін Элам дербес рөл атқарудан қалады, бірақ элам тілі парсы және вавилон тілдерімен қатар әлі де ұзақ уақыт өмір сүреді. Эламның құлдырауы енді иран тілдес жаңа халықтардың – мидиялықтар мен парсылардың өрлеуіне жағдай жасады.
Мидия. Үндіеуропалықтардың бір бұтағына жатқызылатын ежелгі ирандықтар қазіргі Иран территориясында б.э.д. ІІ-І м.ж. пайда болды және олардың қай жақтан – Кавказ территориясынан немесе Орта Азиядан келгендігі туралы қазіргі ғылымда әлі де анықталмаған. Жергілікті тұрғындар – хурриттармен, касситтармен араласа отырып, б.э.д. ҮІІІ ғ. ирандықтар үстемдік құрушы этносқа айналып, өз кезегінде екі бөлікке – солтүстіктегі мидиялықтар мен оңтүстіктегі парсыларға бөлінді. Ассирияның Урартумен соғыстары, киммериялықтар мен скифтердің жорықтары мидиялық тайпалардың бірігуіне қолайлы жағдай туғызып, оның негізінде Мидия мемлекеті құрылды және ол б.э.д. ҮІІ ғ. қуатты державаға айналды, бұл державаның Вавилонмен одағы Ассирияның күйреуінде шешуші рөл атқарды. Жоғарыда атап өткен мидиялықтардың одағы Мидияны ғана емес, Иранның өзге аймақтарын да, оның ішінде оңтүстіктегі Персияны да қамтыды және де ол кейін жетекші рөлге ие болды.
Гректердің айтуынша, Мидия державасын құрушы Дейок патша болған және ол елге өзінің толық билігін орнатқан. Елдің астанасы-Экбатананың негізін салып, оны бірнеше қорғандармен қоршалған қуатты қамалға айналдырған. Дегенмен, Мидияның өрлеген кезеңі б.э.д. ҮІІ ғ. аяғы болды. Мидия әміршілерінің ішіндегі ең көрнектісі және державаның шын мәніндегі ұйымдастырушысы Киаксар (б.э.д. 625-585 ж.ж.) болды. Ол Ассирияның Вавилонмен және Эламмен күресте әлсіреуін, бүкіл Алдыңғы Азияны басып өткен скифтердің жорығын барынша пайдаланды. Ассирия Эламды жеңсе де оны игеруге күші де, мүмкіндігі де жетпеді. Сондықтан бұл Мидияның ықпалына көшті. Киаксар Вавилонмен одақ құрды. Оның басты табысы-құрама жасақ орнына тұрақты армияны құруы болды. Ассириямен күрес тамаша жеңіспен аяқталды. Б.э.д. 612 ж. Киаксар оның астанасы Ниневияны басып алды және Вавилон патшасы Набупаласармен Ассирия жерін бөлісті. Мидияның құрамына сонымен бірге Урартудың көп бөлігі және Кіші Азияның шығыс бөлігі – Каппадокия енді.
Лидиямен соғыс Киаксар үшін өте ауыр болды. Ол шығыс және грек елдері арасындағы сауда қатынастарын өз қолында ұстап тұрған бұл қуатты мемлекеттің патшасы Алиатпен келісімге келіп, Галис өзені екі мемлекеттің арасындағы шекара болып белгіленді.
Киаксардың баласы, Мидияның соңғы патшасы Астиаг тұсында (б.э.д. 585-550 ж.ж.) Жаңа Вавилон патшалығымен достық қатынастар бұзылды. Оған себеп шекарадағы Харрон қаласын екі жақ та өзіне қаратқысы келді. Мидия әскерлері батыста Вавилон патшасы Набонидке қарсы соғысып жатқанда, Астиагқа қарсы Мидияның бұрын қол астындағы Иранның оңтүстік бөлігі – Персия көтерілді.
Көтерілісті Ахеменидтер үйінен шыққан, басқарушы патша атағы болған Кир ІІ басқарды (Геродоттың айтуынша ол Астиагқа жиен болып табылған). Кирдің көтерілісі б.э.д. 553 ж. басталып, 3 жылға созылды, 550 ж. Астиаг күресте үлкен жігер көрсеткенменде, тақтан түсірілді және біраз уақыттан соң өлтірілді. Мидия парсыларға бағындырылды.

Б.з.б. ІІІ - І мыңжылдықтағы Орта Азия
Жоспары:
1.Орта Азия территориясындағы б.э.д. V-ІІІ ғ.ғ. егінші және малшы тайпалары.
2.Б.э.д. ІІ-І м.ж. Орта Азия. Мүліктік және әлеуметтік жіктелудің басталуы және мемлекеттің қалыптасуы.
3.Ерте Бактрия мемлекеті: саяси тарихы, экономикасы және мәдениеті.
4.Орта Азия тайпаларының Персиямен күресі. Орта Азияның Ахеменидтер державасының құрамына енуі.
Әдебиеттер:
1. Под ред. В.И.Кузищина. История древнего мира. В 2-х т. М., 1982.
2. Под ред. Ш.М.Мунчаева. Из истории мировой цивилизации. -М.,1993.
3. К.Ф.Беккер. История древнего мира. Восток-Греция. М., 2001.
4. Л.С.Васильев. История Востока. В 2-х т. –М., 1998.
5. Л.С.Васильев. История Востока. –М., 2005.
6. И.А.Ладынин и др. История древнего мира (Восток, Греция, Рим). –М., 2005.
7. Ю.С.Крушкол. История древнего мира. –М., 1971.
8. Г.М.Бонгард-Левин. Древние цивилизации. –М.,1984.

Ежелгі Орта Азияның өркениеттері – Парфия, Маргиана, Хорезм, Соғды, Бактрия, Шаш және Ферғана мәдениеттерін зерттеу арқылы қола ғасыры дәуіріндегі ортаазиялық өркениет белгілі болды.
Қазіргі кезеңде ежелгі Орта Азияның тарихи дамуы төмендегідей дәуірленеді: б.з.б. ІІІ м.ж. соңы - ІІ-І м.ж. барысы – қола ғасыры өркениеті; б.з.б. ІІ-І м.ж. барысы- ерте темір ғасырының басталуы және жергілікті таптық қоғам мен мемлекеттіліктің қалыптасуы; б.з.б VІ ғ. – Орта Азияның айтарлықтай бөлігін Ахеменидтердің жаулауы; б.з.б. VІ ғ. соңы – А.Македонскийдің жаулаушылық жорықтары мен эллинистік кезеңнің басталуы, бұл кезеңнің аяқталуы әртүрлі аймақтарда әртүрлі уақытта жүрді. Мысалы, Парфияда – б.з.б. ІІІ ғ. ортасында, Бактрияда б.з.б. 130 жылдары. Бұдан кейінгі кезең ең алдымен Парфия және Кушан патшалығы сияқты ірі державалардың шеңберінде қалыптасқан Орта Азия халықтарының мәдени дамуы мен жергілікті мемлекеттіліктің қалыптасу кезеңі болды. Б.з. ІV-V ғ.ғ. дағдарыс күшейіп, ол Орта Азия тарихындағы құл иеленушіліктің аяқталуын және феодалдық дәуірдің басталуын көрсетті.
Орта Азия өркениеттері әртүрлі тарихи-географиялық аймақтарда пайда болды. Олар Қарақұм мен Қызылқұмның шөлдерінде, онымен көршілес Амудария мен Сырдариямен суарылатын құнарлы жерлерде, Тянь-Шань мен Памирдің биік таулы массивтерінде пайда болды.
Б.з.б. VІ м.ж. Орта Азияның оңтүстік-батысында, Копетдаг пен Қарақұм шөлінің аралығында джейтун неолиттік мәдениеті қалыптасты. Джейтун тайпалары отырықшы өмір сүрді, бидай мен арпа егіп, ұсақ үй малын өсірді. Егіншілік пен мал шаруашылығына негізделген экономика тұрмыстық жағдайды жақсартып, мәдениеттің дамуына ықпал етті. Бұл тайпалардың елді-мекендері сазбалшықтан тұрғызылған үйлерден құралды. Мұндай елді-мекеннің орталығы – қабырғалары безендірілген үлкен үй – қауымдық киелі, қасиетті орын болды. Әсіресе Песседжик-Депедегі аң аулау сәті бейнеленген сурет жақсы сақталған.
Б.з.б. V-ІV м.ж. ортаазиялық егінші-малшы қауымдардың одан әрі даму процесі жалғаса түсті. Олар мыс қорытуды меңгеріп, ірі қара мал, одан кейін түйе өсірумен айналыса бастайды. Егістіктерді суару үшін кішігірім каналдар қазылады.
Шаруашылық және мәдени даму процесі Орта Азияның оңтүстік-батысында алғашқы қалалардың пайда болуына және қала типтес өркениеттің қалыптасуына алып келді. Олардың ішіндегі неғұрлым жақсы зерттелген ескерткіш - Алтын-Депе деп аталады (В.М.Массон зерттеулері). Бұл өркениет шамамен б.з.б. 2300-1900 ж.ж. белгіленеді және оған Ежелгі Шығыстың дамыған мәдениет элементтері тән болды. Оның негізгі орталықтары – қала типтес қоныстар Алтын – Депе мен Намазга-Депе болды. Алтын-Депе орталығы – төрт сатылы мұнарасы бар монументальдық табыну кешені болды. Онда көптеген қоймалар, бас абыздың үйі, абыздар қауымының гробницалары болды. Гробницадағы қазба кезінде маңдайында ай формасындағы бирюза тасы бар өгіздің алтын басы табылған. Бүкіл храм кешені Ай құдайына арналған, ол Месопотамия мифологиясында қызыл от түстес өгіз түрінде көрсетіледі. Келесі бір мәдени байланыс Үнді аңғарына, Харапп қалалары мен қоныстарына апарады. Алтын-Депеде табылған заттардың ішінде, бай қабірлерге салынған, қабырғаларға жасырылған бағалы заттар көмбесінде піл сүйегінен жасалған харапп бұйымдары мен харапп типіндегі мөрлер табылған. Алтын-Депе өркениетінің қалаларын зерттеу кезінде табылған материалдарға қарағанда үш түрлі әлеуметтік топтарды атауға болады: 1.қатардағы қауымдастар, қолөнершілер мен егіншілер; 2. ауқатты қауымдастар; 3. көсемдер мен абыздар. Алғашқылардың үйлері қарапайым болса, қауымдық үстем тап өкілдерінің үйлері үлкендеу әрі әсемірек болды. Ауқатты қауымдастардың қабірлерінен жартылай асыл тас бұйымдары, күміс және қола сақиналар, мөрлер табылған. Мүліктік және әлеуметтік жіктеліс әсіресе үшінші топтағы – көсемдер мен абыздар арасында айқын көрініс тапты. Олардың үлкен үйлері жоспарлы түрде салынып, 80-100 шаршы метр көлемді алып жатты. Қабірлерінде алтыннан және күмістен жасалынған әртүрлі әшекей бұйымдар табылды. Сонымен қатар піл сүйегінен жасалған бұйымдар табылды, олар сырттан әкелінген болуы керек. Шаруашылықтарында құл еңбегі пайдаланылса керек.
Б.з.б. ІІ м.ж. орт. Орта Азиялық бұл ежелгі өркениеттердің қалалық қоныстары құлдырауға ұшырайды және негізгі орталықтар шығысқа қарай ойыса бастайды. Мұрғаб өзенінің бойында, Амударияның орта ағысымен отырықшы егіншілердің жаңа қоныстары пайда болады. Амударияның орта ағысымен бірқатар қоныстар қазылды, бірақ ірі қоныстар әзірге табылған жоқ. Бұл қоныстар мұнаралы қабырғалармен қоршалған, қоладан жасалған әскери қару-жарақ кеңінен таралған. Бұл өз кезегінде әрдайым соғыстардың жүріп отырғанын көрсетеді. Осы мәдениетке тән көптеген белгілер оның тұрғындарын Алтын-депе өркениетін жасаушылардың тікелей ұрпақтары деп санауға мүмкіндік береді.
Бірақ, мұнымен қатар олардың мәдениетінде бірқатар жаңа, өзгеше құбыластар да байқалады. Мысалы, тегіс тас мөрлер, оларда өгіздер мен айдаһарлардың күресі, тигрге шабуылдап жатқан жыландардың, жабайы аңдарды жеңіп жатқан мифологиялық батыр бейнесі үлкен шеберлікпен бейнеленген. Оларда көрініс тапқан кейбір бейнелер Месопотамия және Эламмен байланыстың арта түскенін көрсетеді. Б.з.б. І м.ж. қарсаңында Орта Азияның оңтүстігі ежелгі шығыстық сипаттағы жоғары дамыған мәдени аймақ болып табылды.
Орта Азияның оңтүстігіндегі жаңа оазистердің пайда болуымен қатар бір мезгілде солтүстік аймақтарда далалық малшы тайпалар қоныстана бастайды. Солтүстіктегі далалықтар мен оңтүстіктегі отырықшылардың өзара байланыстары жағдайында Орта Азия территориясында таптық қатынастардың интенсивті даму процесі мен мемлекеттің қалыптасуы жүріп жатты. Бұл кездегі техникалық прогресс ең алдымен темірдің таралуымен байланысты болды.
Б.з.б. Х-VІІ ғ.ғ. темір бұйымдар Орта Азияның оңтүстігінде, ал б.з.б. VІ-ІV ғ.ғ. темір еңбек құралдарын жасау үшін оның бүкіл территориясында қолданыла бастады. Оңтүстік-шығыс Каспиий мен Мұрғаб бойында күрделі ирригациялық жүйелер тұрғызылды. Оның нәтижесінде қоғамның әлеуметтік құрылымы күрделене түсіп, түрлі типтегі қоныстар пайда болды. Көбінесе оазистердің орталықтары - ірі қоныстар болды, оларда шикі кірпіштен тұрғызылған цитадельдер болды. Цитадельдерде билеушілердің сарайлары болды. Мысалы, қазба кезінде табылған Мұрғабтағы ежелгі Маргиананың Яз-Депе қонысын атауға болады. Бұған ұқсас мәдениет Бактрия территориясында таралды, сондай-ақ жаңа археологиялық зерттеулер көрсеткендей Зеравшан мен Кашкадарья алқабында, яғни ежелгі кезеңдегі Соғды территориясында таралды.
Ежелгі замандарда Орта Азияда шаруашылығы мен саяси құрылысы дамыған ірі мемлекеттің бірі – Бактрия мемлекеті болды. Ежелгі Бактрияның дамуына парсылар мен сақтардың әсері болды, отырықшы және көшпелі халықтар бірлесуі арқылы жаңа мемлекет қалыптасты.
Бұл мемлекет жайлы алғашқы деректер парсы шығармаларында кездеседі. Алайда Бактрия тарихының көптеген мәселелері ежелгі заманда терең зерттелмеді.
ХХ ғасырдан бастап археологтар Бактрия жерінде қазба жұмыстарын бастады. Қазба жұмыстары барысында бактриялық қола мөр табылған. Дөңгелек табақша тәріздес қолаға жасалған мөрдің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол ең алдымен сол кездегі діни наным-түсініктер мен дүниетанымдық көзқарастар туралы мәлімет береді. Табақшаның жиегіндегі дөңгелек шеңбер мен сызықшалар бүкіл әлем ұғымын білдірсе керек. Ал оның ортасында қанатты, алып жануар ұшып барады. Оның сырт бейнесі түйеге ұқсайтын сияқты. Алқымы алтынмен сәнделген. Астыңғы жағында бүркітке ұқсас құс бейнеленген. Мұның бәрі мөрдің иесі мықты да құдыретті деген мағына беретін еді.
Жазба әдебиеттің ішінде бұл мемлекет туралы Авестада айтылған. Онда Бактрия биік таулы ел деп сипатталған. Ежелгі сақтардың дастандарында Орта Азия халықтарының өмірі мен ерлік дәстүрлері туралы айтылған.
Бактриялықтардың негізгі кәсібі – егіншілік болды. Сонымен қатар тау бөктерінде мал бақты. Б.з.б. І м.ж. ортасында ірі қалалар мен елді-мекендер болды. Ертеректе 10-15 шаңырақтан құралған шағын қонысты ауыл деп атады, ол негізінен көшпелілерде болды, сонымен қатар егіншілікпен, саудамен айналысатындардың балшықтан, тастан, кірпіштен жасалған жүздеген үйлерден құралған ірілеу ауылдарын ірі елді мекен деп атаған. Ал қалалар олардан үлкен, көптеген үйлер, сарай, қолөнер шеберханалары, базарлары бар әкімшілік әрі мәдени орталықтар болған. Ежелгі қалалардың негізгі орталық бөлігі кірпіштен, тастан, т.б. жасалған қорғандармен қоршалған, ол сырттан келген жаудан қорғану үшін салынған.
Әшекей, сәндік үшін қолданылған лазурит атты бағалы көк тас ежелгі Шығыстағы сауданың дамуына әсер еткен. Ол негізінен Бактрия жерінде өндірілген. Көптеген алтыннан жасалған сәндік бұйымдар лазуритпен – бағалы көк таспен сәнделген.
Бактрия жері ерте замандардың өзінде мың қала елі, оның билеушілері мың қала билеушілері деп аталған. Сондай билеушілердің ішінде Евтидем сияқты қабілетті саясатшылар да болды. Оның ұлдары б.з.б. ІІғ. Үндістанға әскери жорық жасап, өз жерін оңтүстік бағытта кеңейтті. Бірақ осы кезде оларды солтүстіктен көшпелі тайпалар ығыстыра бастады.
Орта Азия жартылай Ахеменидтер державасының құрамына енгенде, Ахеменидтер көшпелі тайпалар одағының күшті қарсылығына ұшырады, ол тайпалар антик деректерде массагеттер деп аталды.
Ең соңында көшпелілердің негізгі өмір сүрген жерлері тәуелсіз болып қала берді, бірақ негізгі отырықшы аймақтар Ахеменидтер державасының құрамына еніп, бірнеше сатрпаийлерге біріктірілді. Бактрия сатрапиясының басында, аса маңыздылардың бірі ретінде, билеуші ахеменидтер династиясының өкілі отырды. Сатрапиялар орталық үкіметке салық төледі, жауынгерлер берді, ал жергілікті аристократия бұл істерді жүргізуде делдалдық қызмет атқарды. Бұл жағдай әлеуметтік жіктелісті күшейтіп, таптық қайшылықтарды шиеленістірді. Осылайша, Дарий І-нің б.з.б. 522 ж. таққа отыру кезінде көтерілістер мен сепаратистік қозғалыстар мемлекетті қамтып, соның ішінде Орта Азия да орын алды. Әсіресе Маргианадағы қақтығыстар өте күшті болды. Бұл жөнінде Дарий І Бехистун жазуларында хабарлайды. Шешуші шайқас б.з.б. 522 ж. 10 желтоқсанда болды және онда маргиандықтар жеңіліске ұшырады. Шайқаста 55243 адам қаза тапты, көтерілісшілерден 6972 адам тұтқынға алынды. Б.з.б. Үғ. бастап белгілі бір жағдайда тыныштық орнайды. Қалалар дамып, олардың ішіндегі ірі орталық – Мараканда, Соғды астанасы болды. Қолөнер түрлері дамып, тұрақты халықаралық сауда байланыстары орнайды. Неғұрлым маңызды жолдардың бірі – Бактриядан Үндістанға апаратын жол болды. Өзге елдермен байланыстар шет жерлік дәстүрлерді әкелді.
Күш – қуатынан айырыла бастаған Ахеменидтер империясына А.Македонскийдің армиясы күйрете соққы берді. Алайда оған өзінің жаулап алған жерлерін күшпен сақтап қалуға тура келді. Осындай қиындықтар Орта Азияда да туды. Бактрияның соңғы ахеменидтік сатрапы – Бесс өзін Азияның патшасымын деп жариялап, шығыс сатрапияларының негізінде жаңа мемлекет құруға тырысты. Бірақ, грек-македон армиясы жақындағанда Бесс қашып кетті, аз уақыттан соң өз адамдарының күшімен Александрға ұстап берілді. Грек-македондықтарға айтарлықтай қарсылық көрсеткен Соғды болды. Бұл жердегі халық көтерілісін соғдылық бекзада Спитамен басқарды. Көтеріліс үш жылға дерлік созылды (б.з.б. 329-327 ж.ж.). А.Македонский көтерілісті аяусыз басып тастады. Деректерге қарағанда 70 мың соғдылықтар өлтірілді.
Александр өз армиясының құрамына соғдылықтар мен бактриялықтарды қабылдады. Бактриялық үстем тап өкілі Оксиарттың қызы Роксанаға үйленуі саяси мақсатты да көздеді. Соғды, Бактрия және Парфияда қала құрылыстарына зор мән берілді. Александрия деп аталған қалалардың негізі қаланды.

Ежелгі Үндістан

Лекция жоспары:
1.Түп деректері мен тарихнамасы. Харапп және Мохенджо-Даро өркениеттері.
2.Ауыл шаруашылығы және қолөнер. Қалалар мен сауда, теңгенің шығуы.
3.Қоғамдық-саяси құрылысы. Касталар жүйесі. Брахманизм діні.
4.Нанд державасы (б.э.д. І м.ж. ІІ жарт). Грек-македон басқыншылығы.
5.Маурья империясы және оның гүлденуі. Ашок ішкі-сыртқы, діни саясаты. 6.Династиялық күрес, империяның әлсіреуі. Ауыл шаруашылығы, қолөнері, сауда.
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
1. Под ред. В.И.Кузищина. История древнего мира. В 2-х т. - М., 1982.
2. Г.М.Бонгард-Левин. Древние цивилизации. – М.,1984.
3. В.Г.Эрман. Э.Н.Темкин. Мифы Древней Индии. – М., 1972.
4. Л.С.Васильев. История Востока. В 2-х т. – М., 1998.
5. Л.С.Васильев. История Востока. –М., 2005.
6. Д.Ж.Мелларт. Древнейшие цивилизации древнего Востока. – М., 1982.
Қосымша әдебиеттер:
1. Под ред. Ш.М.Мунчаева. Из истории мировой цивилизации. – М., 1993.
2. С.А.Нефедов. История древнего мира. –М., 1996.
3. Г.Б.Поляк. А.Н.Маркова. Всемирная история. –М., 1997.
4. И.А.Ладынин и др. История древнего мира (Восток, Греция, Рим). – М., 2005

Үндістан жер көлемі және халқының саны жағынан ерте уақытта-ақ Азия елдерінің ішіндегі ең ірілеріне жататын. Табиғаттың өзі оны биік таулармен сыртқы әлемнен бөліп тастап, өзге елдермен байланысты қиындатты. Ол оңтүстікте, оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста Үнді мұхиты, Аравия теңізі және Бенгал шығанағының суларымен ұласып жатыр. Солтүстігінде дүниежүзіндегі ең заңғар биік Гималай тауларымен шектеседі. Үндістанды батысында Ираннан және шығысында Үндіқытайдан тау жоталары бөліп тұрады.
Екі ұлы өзеннің Үнді мен Гангтың аңғары ең ежелгі кезден-ақ, егіншілік аймақтары болып табылған.
Үндістан тұрғындары этникалық құрамы жағынан әрқилы болған. Оңтүстікте қараторы түсті тайпалар басым болды. Елдің ежелгі тұрғындары дравид тілінде сөйлеген. Б.э.д. ІІ м.ж. Үндістанда халықтардың үнді-европалық топтарының тілдерінде сөйлейтін тайпалар тарай бастады. Осы тілдер негізінде әдеби тіл қалыптасып, санскрит деп аталды.
Ежелгі үнділердің әдебиет, өнер, ғылым мен философиядағы жетістіктері – дүниежүзілік өркениеттің алтын қорына еніп, Үндістанның ғана емес, басқа да көптеген елдердің мәдени дамуына айтарлықтай ықпалын тигізді. Әсіресе Оңтүстік-Шығыс, Орталық Азия және Қиыр Шығыстың мәдени дамуына зор әсер етті.
Алайда Ежелгі Үндістанның тарихы жөніндегі түп нұсқалардың елеулі бөлігі жойылып кеткен. Өйткені ежелгі үнді әдебиетінің көптеген шығармалары қайыңның қабығына, құрма ағашының жапырақтарына жазылған да, ылғалды ауа-райының әсеріне шыдай алмаған.
Түпдеректердің ішінде ведалардың, Махабхарата және Рамаянаның поэтикалық шығармалары көлемі жағынан үлкен, мазмұны жағынан неғұрлым бай, құнды шығармалар болып табылады.
Ведалар – гимндердің, өлең-жырлардың, сиқырлы дұғалардың, діни ғибадат қағидалардың кең көлемді жинақтары болып табылады.
Үндістанда ведалар қасиетті мәтін деп саналып, ауызша түрде ұрпақтан – ұрпаққа жетіп отырған және сол дәуірдегі адамның өмірін, тұрмыс-тіршілігін, діни наным-сенімдерін және қоршаған дүние туралы түсінігін суреттеген. Жалпы алғанда, ол – ведизм деп аталған. Ведизм жалпы үнділік дін болып табылған жоқ, ол тек қана Шығыс Пенджаб пен Уттар-Прадеште өмір сүрген үнді-арийлік тайпа топтарының наным-сенімдері болған, олар Ригведаны, сонымен қатар басқа да ведалық жинақтардың (самхит) жасаушылары болып табылған.
Ведалық дінге тән сипаттардың бірі – политеизм, яғни көп құдайларға сиыну болған. Оларға адами қасиеттер (антропоморфизм) тән болды, бірақ кейде оларды жартылай құдай-жартылай жануар (териоморфизм) түрінде бейнелеген.
Басты құдай- Найзағай құдайы Индра, әлемдік тәртіп пен әділеттілік құдайы-Варуна, От құдайы –Агни, Күн құдайы-Сурья болды. Ведалар дәуіріндегі үндістер әлемді үшке бөлді – аспан, жер және олардың арасындағы кеңістік – антарикшу. Құдайларға арналып құрбандықтар шалынып, олардан көмек сұрап, нәресте мен байлық беруін тілеген.
Ведизмнің көптеген белгілері индуизмге енді. Индуизмде алдыңғы қатарда жаратушы-құдай тұрды және пантеонда қатаң иерархия орын алды. Ерекше орынға Брахма (әлемді жаратушы және оны басқарушы), Вишну (сақшы-құдай), Шива (талқандаушы-құдай) ие болды. Ведизмнен көп кейін Үндістанда буддизм қалыптасты, бірақ ол бірнеше жүзжылдықтардан соң, Үндістаннан сырт жерлерге, Азияның көптеген елдеріне таралып, әлемдік үш діннің біріне айналды.
Үндістан халқының ауыз әдебиетінің әдеби құндылығы және тарихи маңызы жағынан Гомердің дүниежүзіне әйгілі поэмаларымен салыстыруға болатын шығармалар – Махабхарата (Бхарата ұрпақтарының ұлы соғысы) және Рамаяна (Рамаяның ерлік істері жөніндегі аңыз) болып табылады. Бұл поэмалардың екеуі де шамамен б.э.д. І м.ж. ортасында пайда болып, соңғы нұсқасы біздің заманымыздың алғашқы ғасырында қалыптасты.
Махабхаратада Бхарата патша әулетінің екі бұтағының – кауравтар мен пендавтардың арасындағы соғыстар суреттеледі. Ал, Рамаянада өгей шешесінің қудалауымен туған қаласы Айодхияны тастап шыққан патша баласы Рамаяның ел кезген сапары айтылады. Оның әйелі Ситаны Ланк (Цейлон) аралының дәулері ұрлап кетеді. Оны құтқару үшін аюлар мен маймылдардан әскер құрып, дәулерді жеңеді. Содан соң өз еліне қайтып оралып, таққа отырады.
Сонымен қатар б.э.д. ІІІ ғ. мен б.э. ІІІ ғ. арасында құрастырылған деп есептелінетін Ману заңдары сакральдық құқықтың ескерткіші болып табылады. Онда азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі тәртәптер діни қағидалармен және тыйым салушылықпен көрсетілген. Әлеуметтік теңсіздік ақталып көрсетілген.
Аса көрнекті мемлекеттік қызметкер Каутильенің Артхашастра деп аталатын мемлекетті қалай басқару керектігі жайлы трактат құнды жазбаша ескерткіштердің бір үлгісі болып табылады.
Алғашқы буддизмді зерттеу ісінде Типитак жайлы аңыздар мен оның нақыл сөздерінің жинағы негізгі құрал болып табылады.
Антик авторларының ішінен (б.э.д Үғ) батыс Үндістан жайлы дерек қалдырған Геродоттан басқа б.э. ІІ ғ. өмір сүрген Аррианды ерекше атауға болады. Александрдың анабасисі шығармасында, оның Үндістанға жасаған жорығы айтылса, Үндістан атты арнаулы шығармада елдің географиялық жағдайы сипатталған.
Санскрит тілінде жазылған және ауызекі сөйлеу тілінде туған шығармалар ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырған.
Үнді жеріне венециялық көпес Марко Поло (ХІІІғ.) және Тверьлік көпес Афанасий Никитин (ХҮІғ.) сияқты саяхатшылар келіп, өз жазбаларында ел табиғаты, халықтың тұрмысы мен мәдениеті жайлы деректер қалдырғанмен де, Үндістан жүйелі түрде зерттелмеген.
ХҮІІІғ. Үндістанды европалық отаршылдар басып алды. Оның ескерткіштерін зерттеу осы кезден басталды. Ағылшын зерттеушісі ДЖонс үнді ежелгі жазба ескерткішін ағылшын тіліне аударды.
Ежелгі Үнді әдебиетін зерттеуге орыс филологтары И.П.Минаев, К.А.Коссович т.б. үлес қосты. Сондай-ақ, үндістан мәдениетінің тарихы үшін С.Ф.Ольденбургтің, Ф.И.Шербатскийдің, Г.Ф.Ильиннің, А.М.Осиповтың, А.А.Бенедиктовтың зерттеулерін ерекше атауға болады.
Ежелгі үнді мәдениетінің тарихында Харапп өркениетінің алатын орны ерекше. Өткен ғасырдың 50 жылдарында ағылшын генералы А.Каннингем басшылығымен ежелгі Хараппта археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, одан белгісіз таңбалары бар мөр табылды. 20-шы жылдары ғана басталған қазба жұмыстарына дейін Харапп өркениеті (қазіргі Пәкістан) белгісіз болып келді. Қазіргі кезеңде бұл жоғары дамыған, жергілікті жер негізінде пайда болған өркениет ретінде танымал. Ол өте үлкен территорияны алып жатыр, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1100, батыстан шығысқа қарай 1600 шақырым жерге созылып жатыр. Ғалымдардың есептеуінше неғұрлым ірі қалаларда 100 мыңға жуық адамдар өмір сүрген.
Бұл кезеңде қалалар сауда мен қолөнер орталықтары болып табылып, әкімшілік басқару орын алған. Бірақ халықтың басым бөлігі – егіншілер мен малшылар болып, олар селолық жерлерде қауым болып өмір сүрген.
Көптеген онжылдықтар бойы ғалымдар арасында талас тудырып отырған мәселелердің бірі – Харапп өркениетінің хронологиясы. Шамамен қазір бұл өркениет б.э.д. 2500 (2300)-1800 (1700) ж.ж. қамтыған деп есептелінеді.
Харапп мәдениеті дамуының жоғары деңгейін жоспарлы қала құрылысынан, архитектурасынан, жазу жүйесінен, өнер туындыларынан көруге болады. Негізгі орталықтарында көшелер бір-біріне параллель салынса, басты көшелерінің ені 10 метрге жеткен. Ірі қалалар 2 бөліктен құралған: цитадель және төменгі қала. Цитадельде қала билеушісі, сонымен қатар абыздардың үйлері болған. Ал, халық бұқарасы негізінен төменгі қалада өмір сүрген. Қаланың 2 бөлігі аралығындағы байланыс шектеулі болған. Цитадельде арнайы қақпалар болған.
Халықтың негізгі кәсібі – егіншілік болған. Бидай, бұршақ, арпа егіліп, бау-бақша өсірілген. Кейбір жерлерде күріш те табылған. Ирригациялық жұмыстар жүргізілген. Жылына екі рет егін жиналған, тыңайтқыштар пайдаланылған.Үй жануарларынан ірі қара мал, қой, ешкі, сонымен қатар ит, мысық т.б. қолға үйретілген.
Харапп қалалары ішкі және сыртқы саудада негізгі орталықтар болған. Қосөзен қалаларынан мөрлердің табылуы, әсіресе Месопотамиямен белсенді сауда байланыстары жүргендігін дәлелдейді. Сауда байланыстары теңізбен және құрғақпен қатар жүрген.
Харапп өркениетінің күрделі жұмбақ мәселелерінің бірі – оның тілі мен жазуы. 1 мыңға жуық жазуы бар мөрлер табылған. Жазулар керамикаға, металл бұйымдарға да жазылған. Ғалымдар 400 түрлі таңбаларды анықтаса да, Харапп жазуының шығу тегі, халқының тілі пікірталас туғызып отырған мәселелердің бірі.Харапп жазуы мен тілін зерттеуге есептеу техникасы қолданылды. Бұл жұмысты профессор Ю.В.Кнорозов басқарған кеңес ғалымдары мен үнді және фин зерттеушілері қатар жүргізді. Жазудың бағыты – оңнан солға қарай екендігі, Харапп өркениетінің халқы дравид тектес тілде сөйлегені анықталды.
Гүлдену дәуірінен кейін мәдениеттің құлдырауы басталады (ауа-райының өзгеруі, судың тасуы, эпидемия) және ол әрбәр аймақта әртүрлі дәрежеде жүреді.
Веда текстерінде үндіарийлік тайпалардың шығысқа қозғалуы, Ганга аңғарын игеруі туралы мағлұматтар кездеседі. Бұл бірнеше жүзжылдықтарға созылған процесс болды. Жергілікті жерлерде үндіарийлер алғашқыда бекініс елді-мекендерде өмір сүрген, кейін Ганг бойында қалалар пайда болған. Мүліктік және қоғамдық теңсіздік құлдықтан көрінді. Әскери тұтқындар алғашқы құлдар (даса) болса, кейін қауым мүшелері де құлдыққа түскен. Құлдық бұл кезде дамымаған, патриархалдық құлдық болған. Осы жағдайда рулық-тайпалық ұйым мемлекеттік ұйымға көбірек жол береді. Тайпа көсемдері раджалар тұқым қуалайтын шағын патшаларға айналады.
Әлеуметтік жіктелудің күшейе түсуі қоғамдық топтарға бөлінуді жеделдетті және тұйықталған варналардың пайда болуына алып келді. Жоғарғы екі варна брахмандар (абыздар) мен кшатрилер (әскери шонжарлар) үстемдік жағдайында болды. Аңызда алғашқылары жоғарғы құдай Брахманың аузынан, екіншісі иығынан жаратылған. Үшінші варна Брахманың санынан жаратылған, тұрғындардың аса үлкен бөлігі – вайшьтер деп аталды. Олар негізінен егінші-қауымдастар, сонымен бірге қолөнершілер, тіпті көпестер болып табылған. Төртінші варна – шудралар, бағындырылған жат жерліктермен және жаңа қоныстанушылармен толықтырылып отырған. Бұлар құдайдың табанынан жаратылған, сондықтан шаң-тозаңда жүруге тиіс деп саналды. Ал, варнаға енбейтіндерді кесапаттылар деп атап, оларды құдыққа да жақындатпады. Әрбір варна өкілдерінің құқықтары мен міндеттері Ману заңдарында айтылды. Әскери шонжарлар брахмандарды құрметтеуге тиіс болды, іс жүзінде екі варна билік пен дәрежені бөлісіп отырды.
Шудраны өлтіргені үшін брахман айып төлесе, брахманмен дауласқаны үшін шудраның аузына отқа қыздырылған темір салатын болды. Шудраның бір бөлігі ғана құлдық жағдайда болған. Кейбір жағдайда жоғары варна өкілі құлдыққа түссе, ол төлемақы арқылы өз бостандығын оңай қайтарып отырған.
Адамдардың варнаға бөлінуі және әртүрлі варна өкілдеріне некелесуге рұқсат етілмеуі мәңгілік, бұлжымайтын және дінмен тәртіптелген болып саналды.
Таптық және сословиелік қайшылықтардың шиеленісуі мен абыздардың күшеюі – діни сенімнің жүйеге келтірілуіне әсер етті. Пантеон басында Брахма тұрды, күшті өзгерістерге ұшыраған мемлекеттік дін – брахманизм деп аталды. Әлеуметтік теңсіздік ежелден келе жатқан және өзгермейді деп атап көрсетілді.
Б.э.д. ҮІ ғ. дейін Солтүстік Үндістан көптеген патшалықтарға бөлінетін. Бір ғана Ганг бассейнінде 16 ұсақ мемлекеттік құрылымдар болды. Солардың бірі-Магадха б.э.д. ҮІғ. бастап жылдам күшейе түседі. Ежелгі Магадха өте қолайлы географиялық, стратегиялық және сауда жағдайына ие болды. Ол Үндістанның көптеген аймақтарымен тығыз сауда қатынастарын жүргізді, пайдалы кен қазбаларына, әсіресе металлға бай болды. Елдің ежелгі астанасы – Раджагриха болды. Магадха патшасы Бимбисара (б.э.д. 543-491ж.ж.) Ганг өзенінің сағасын өзіне қаратып, Бенгал шығанағына дейін жетеді. Ал, Удаин патша (б.э.д. 461-445 ж.ж.) тұсында мемлекеттің астанасы – Паталипутра қаласы болып табылды және ол Ежелгі Үндістанның аса ірі орталықтарының біріне айналды. Бұдан кейін Магадха тағына Нанд әулетінің өкілдері отырып, ірі империя құрылды. Нанд әулеті құрған мемлекет ірі Маурья империясын ұйымдастыруға жағдай жасады.
Батыс Үндістанның бөлшектенуі ұзаққа созылуы, осы жерлерді алдымен Ахеменидтердің, кейін А.Македонскийдің жаулап алуын жеңілдетті. А.Македонский екі жылда (б.э.д. 327-325 ж.ж.) бүкіл Батыс Үндістанды жаулап, Үнді өзенінің сағасына жетті.
Батыстан келген басқыншыларға қарсы халық күресін аса көрнекті үнді қайраткері Чандрагупта басқарады. Ол Нанд әулетінің соңғы өкілі Магадхи Дхан Нанд патшаның қызметінде болады, бірақ патшамен арадағы келіспеушіліктің тууына байланысты Пенджабқа қашып, ол жерде А.Македонскиймен кездеседі. Қалған грек әскерлерімен болған соғыс нәтижелі болып, Чандрагуптаның жағдайын күшейтіп, ол Солтүстік-Батыс Үндістаннан Паталипутраға бағыт алды. Соңғы Нанд патшасымен болған шайқаста, ол жеңіске жетіп, Магадха тағына ие болды. Чандрагупта б.э.д. 321-298 ж.ж. патшалық құрды. Ол б.э.д. 314 ж. шамасында жаңа Маурья басқарушы династиясының негізін қалап, толық билеушіге айналды. Чандрагупта Солтүстік Үндістанды біріктіріп, грек-македон гарнизондарын Үнді алқабынан ығыстырды. Алайда саяси жағдай күрделі болып қала берді. Әсіресе Александр империясының орнында өз мемлекетін құрған Селевкидтермен арадағы қарым-қатынас күрделі болды. Чандрагупта мен Селевк Никатор арасында әскери қақтығыстар орын алды, сонымен қатар өзара бейбіт келісімге келу (б.э.д. 303ж. немесе 302 ж.) жүзеге асырылды. Чандрагупта оған 500 соғыс пілін сыйға тартып, қызына үйленеді. Осылайша Үнді алқабына жақын таулы өлкелерді өзіне қаратады және солтүстік-батыс шекараны нығайтады. Бейбіт келісімге келген соң, Селевк Маурья патшасының сарайына өз өкілі Мегасфенді жібереді. Чандрагуптаның ұлы, патша Биндусара тұсында Селевкидтердің елшісі – Деймах болды. Бұл уақытта Маурья империясы Птолемейлік Египетпен дипломатиялық қарым-қатынаста болды, Паталитутраға елші ретінде Дионисий жіберілді.
Биндусараның мұрагері Ашока патша болып табылды және оның тұсында (б.э.д. 273-236ж.ж.) басқыншылық сасясат өз жалғасын тапты. Атап айтсақ, Үндістанның оңтүстігіндегі Колинга паташлығы бағындырылған. Ашока жазбалары бойынша 100000 адам өлтіріліп, 150000 адам тұтқындалған.
Үндістанның әртүрлі бөліктерінен табылған Ашока патшаның жазба-эдикттері сол кездегі аса маңызды саяси оқиғалар, басқару жүйесі, патшаның саясаты туралы мағлұматтар береді. Осы жазбалар бойынша Ашоканың таққа отырып, тәж киюі б.э.д. 268 (267) жылға жатқызылады. Оның империясының шекарасы Батыс, Орталық, Шығыс және Оңтүстік Үндістанды ғана емес, сонымен қатар Пәкістанның территориясын және Ауғаныстанның кейбір аймақатрын қамтыды. Ашока патшаның жарлықтарының негізгі мәтіні империяның астанасы Паталипутрада құрастырылып, содан соң әртүрлі провинцияларға жіберілген.
Ел экономикасында өрлеу болды. Қолдан суару кең түрде қолданылды. Кейбір алқаптарда жылына екі ре тұқым себілді. Паталипутрада т.б. қалаларда қолөнершілер шоғырланып, сәндік және әшекей бұйымдар жасалынды. Олардың кейбіреулері (мақта-маталар, металл) эллиндік мемлекеттерге шығарылды. Сонымен бірге Цейлонмен, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен сауда қарым-қатынастары орнады. Теңге соғу дамыды. Күміс теңгелер б.э.д. Үғ. –ақ ерте пайда болды. Сауда ісінде патша маңызды рөл атқарды, ол тұз, ішімдіктер, інжу және т.б. сату жөніндегі билікті өз қолында ұстады.
Чандрагупта және оның мұрагерлері ел басқарудың күрделі бюрократтық жүйесін құрды, оны ұстап тұру үшін егіншілер мен қолөнершілерге әртүрлі алым-салықтар мен міндеткерліктер жүктеді.
Маурья династиясының тұсында брахманизм – басқарушы династияның талап-тілегін қанағаттандыра алмайтыны барған сайын біліне түсті. Оның ережелері тайпаларға бөлінген кезде қалыптасқандықтан, бір орталыққа бағынған қала өмірі дами бастаған мемлекет жағдайына сәйкес келмеді. Патшалар қажет адамдарды олардың шығу тегіне қарамастан қызметке ала бастады. Күшейген патша билігі дін өкілдерінің озбырлығымен келісе алмады.
Жаңа діндер арасында буддизм үлкен маңызға ие болды. Бұл діни қауымға енуде адамның шығу тегі ешбір рөл атқармады. Буддалық діни-философиялық жүйенің негізін қалаушы б.э.д. ҮІІ-ҮІ ғ.ғ. өмір сүрген және Будда (көреген) деп аталған патша баласы Сидхартха болып есептеледі. Ол өзінің жоғары дәрежесінен бас тартып, ел кезіп, уағыз айта бастайды. Оның ілімі өмір сүрудің өзі кесел екенін мойындауға негізделеді. Адамдардың кез келген тілегі қасіретке алып келеді, одан құтылудың жолы адамдардың өз басындағы бар құмарлық пен талабының бәрін тежеу. Осы жағдайда ғана өлген адам қайта тіріліп, азап шекпейтін болады. Шексіз қайта туу процесінің тоқтатылуы-нирвана, ең жоғары игілікті іс деп санаған.
Маурья патшалары үшін буддизмнің қолайлы жақтары болды. Ол адамдардың шығу тегіне және этникалық ерекшелігіне қарай ие болған артықшылықтарын жоюға қызмет көрсетті, өйткені осы артықшылықтар аса үлкен деспоттық мемлекетті басқаруды ұйымдастыру ісіне кедергі жасады.
Жаңа дін Ашока тұсында табысқа жетті. Ол буддизмді қабылдап, Паталипутрада оның ережесін бекіткен собор шақырды. Ашока өлімінен кейін империя батыс және шығыс бөліктерге бөлініп кетеді. Императордың мұрагерлері мемлекеттің бұрынғы күшін сақтап қала алмады. Б.э.д. 180 ж. Паталипутрадағы билік Жаңа Шунга династиясы өкілінің қолына көшті. Бұл династия тұсында ыдырау мен жергілікті биліктің күшею процесі тереңдеді. Брахманизм және тұйықталған варналар жүйесі қайта күшейді. Б.э. ІІІғ. Үндістан қайтадан ұсақ мемлекеттерге бөлініп кетті. Б.э. ІҮ-Үғ.ғ. Магадха қайта өрлеп, жаңадан құрылған күшті Гупт патшалығының ұйытқысы болды. Бірақ ол да б.э. Үғ. Аяғында қайта құлдырайды да, ел қайтадан біржола бөлшектеніп кетеді.
Ежелгі Қытай

Лекция жоспары:
1.Ежелгі Қытай тарихының түп деректері және тарихнамасы.
2. Инь дәуіріндегі экономика, қоғам және мемлекет.
3. Инь мемлекетінің б.э.д. ІІ м.ж. аяғында құлдырауы. Чжоу тайпасы.
4.Б.э.д. ҮІІІ-ІІІ ғ.ғ. Ежелгі Қытай. Шығыс Чжоу дәуірі. Цинь патшалығының
күшеюі. У және Юэ патшалықтары.
5. Чжаньго дәуірі. Цинь империясы - Қытайдағы алғашқы орталықтандырылған
мемлекет.
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
1. Под ред. В.И.Кузищина. История древнего мира. В 2-х т. М., 1982.
2. Г.М.Бонгард-Левин. Древние цивилизации. –М.,1984.
3. Под общ. ред. Б.И.Панкратова. Страна Хань. – Л., 1959.
4. Л.С.Васильев. История Востока. В 2-х т. –М., 1998.
5. Л.С.Васильев. История Востока. –М., 2005.
6. Д.Ж.Мелларт. Древнейшие цивилизации древнего Востока. –М., 1982.
Қосымша әдебиеттер:
1. Под ред. В.И.Кузищина. Древний Восток и античный мир. –М., 1972.
2. С.А.Нефедов. История древнего мира. –М., 1996.
3. Г.Б.Поляк. А.Н.Маркова. Всемирная история. –М., 1997.
4. И.А.Ладынин и др. История древнего мира (Восток, Греция, Рим). –М., 2005

Ежелгі Қытай өркениеті Солтүстік Қытай территориясында пайда болған. Хуанхэ өзенінің бассейні, ежелгі Қытай этникалық топтары қалыптасқан территориялардың бастысы болып есептеледі. Бұл этникалық топтар ұзақ уақыт бойы, басқа ерте әлемдік цивилизация орталықтарымен қарым-қатынасқа жүспей, оқшау дамыды. Тек, бэд 1м ж ортасынан бастап, ежелгі қытайлықтар жаңа жерлер игеріп,оңтүстікке қарай территорияларын кеңейтуге кіріседі. Бұл ежелгі Қытай цивилизациясы туралы мәліметтерді археологиялық ескерткіштер береді.
Палеолит дәуіріне жататын мәдениеттердің қалдықтары, Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Қытайдан табылды. Сондай-ақ, ондай қалдықтар, археологиялық қазба жұмыстары кезінде, Хуанхэ өзені сағасының солтүспігінен, Ордос ( немесе Хэтао ) ауданынан қөазылалынды. Бұл Ордос, немесе Хэтао мәдениеті орта палеолит кезеңіне жатады. Ерте неолит мәдениетпәзгінің қалдықтары, негізінен, солтүстік Қытайдан, кейінгі неолит кезеңінің тұрақтары Қытайдың әртүрлі аудандарынан табылды. Солтүстік Қытайдан табылған кейінгі неолит кезеңіне жататын, Яншао мен Луншань мәдениеттері бірін-бірі алмастырған. Бұл мәдениеттер кезеңінде ежелгі қытайлықтар алғашқы қауымдық құрлыс сатысында болған. Яншао мәдениетінің адамдары жер өңдеумен және мал шпрушылығымен айналысты. Аң мен балық аулау дамыды. Яншао мәдениеті, бэд ІІІ м ж ортасынан ІІ м ж ортасына дейінгі уақытты қамтиды.
Ежелгі Қытай туралы түпдеректердің бірі жазбаша ескерткіштер. Бұл кітап түріндегі, мазмұны әр алуан, тарихи шығармалар. Олардың ішінде маңызы жоғарылары, ежелгі қытай жылнамалары, әсіресе Чуньцю (көктем мен күз) жылнамасы. Жылнамада Лу патшалығындағы б.э.д. ҮІІІ-Ү ғ.ғ. оқиғалар жазылған. Чуньцю жылнамасының айналасында кейінрек комментарийлік әдебиеттер пайда болды. Солардың бірі- Цзочжуань.
Шаншу кітабы, жылнамалармен тығыз байланысты, ежелгі қытай тарихи шағармаларының басқа бір жанрына жатады. Бұл билеушілер мен олардың жақындарының сөздерінің жазбасы. Шаншу бізге алғаш жазылған түрінде жетреген оның кейбір тараулары кейін өзгертугерге ушыраған.
Қытайдың байырғы тарихи жайлы түпдеректердін ішінде Шицзин ерекше орын алады. Шицзин-өлеңдер жинағы. Тарихи шығарма болмаса да, онда ежелгі қытай қоғамының әр алуан жақтары туралы көптеген материалдар бар.
Бэд І ғ. Сыма Цяньнің (бэд 145-90 жж) Тарихи жазбалар атты тарихи шығармасы пайда болды. Бұл шығарма елдің ежелгі заманнан, бэд І ғ арағындағы жалпы тарихы. Цяньнің бұл еңбегі Қытайда және Қиыр Шығыстың басқа да елдерінде тарихиграфияның әрі қарай дамуында шешуші роль атқарды. Бұл еңбекті ХХ ғ. басында француз қытайтанушысы Э.Шаванн аударды.
Сыма Цяньнің тарихиграфиялық әдісін Бань Гу (32-92 жж) пайдаланып Хань тарихы атты еңбек жазды. Бұл Хань династиясының тарихына арналған шығарма еді. Бань Гу осы еңбегімен династиялық тарихтар деп аталған қытай тарихиграфиясының жаңа жанрының негізін салды.
Шан-Инь дәуіріндегі ежелгі қытай қоғамын зерттеуде эпиграфиялық көздердің алатын орны ерекше. Олардың ішінде, бэд ХІҮ-ХҮ ғғ болжам жазулары (гадательные надписи) бірінші орында. Олар мал сүйектеріне жазылған. Алғаш рет олалды, 1899 ж. Қытай ғалымдары ашты. Болжан жазулары Шан-Инь дәуірінің әлеуметтік және саяси тарихын біршама айқындайды. Сондай-ақ, б.э.д. Х-ҮІІ ғғ жататын, ритуалдық қола ыдыстардағы чжоу жазуларында да, құнды мәліметтер бар.
Б.э.д. ІІІ ғ-б.э. ІІІ ғ сипаты мен мазмұны әр алуан жазулар жатады. Олар әр түрлі материалдарға, көбі жібек маталар мен ағаш тақталарға жазылған. Іштерінде әр түрлі категориядағы ресми құжат нұсқаларын келтіргендер бар.
Қытай тарихын зерттеуші, орыс зерттеушілерінің ішінде Н.Я.Бичуриннің орны ерекше. Ол Қытайда он төрт жыл тұрып, көптеген қытай құжаттарымен танысты. Бичурин және басқа орыс ғалымдары өз еңбектерінде қытай мәдениетінің құныдылығын мойындады.
Кеңес ғалымдарының көпшілігі Ежелгі Қытай қоғамының құл иеленушілік сипатта болғанын және феодалдық қоғамға Батыспен бір уақытта, бірте-бірте көшкенін айтады. Осыған қатысты Н.И.Конрад, Т.В.Степугина, Л.В.Симоновская, Л.Д.Позднева т.б. еңбектерін атап көрсетуге болады.
Қытайдағы ежелгі мемлекеттік құрылымдар. Бэд Ү-III м. ж. Хуанхэнің орта ағасында неолиттік мәдениеттер қалыптасты. Олардың ең көнесі Яншао мәдениеті болды. Яншао тайпалары Хуанхэнің салаларының бірін жайлап, шығысқа және батысқа тарады. Олар өзен арнасына жақын орналасқан кішкене ауылдарда тұрып жерді өңдеумен айналасты, шошқа, ит өсірді. Ал арнаулы пеште күйдіріп, ашық түсті геометриялық және зооморфтік өрнектермен безендірілген керамика дайындауда үлкен шеберлікке жетті.
Яншао мәдениетінің орнын, б.э.д. ІІІ м. ж. екінші жартысында Луншань мәдениеті басты. Бұл мәдениет кезінде жер өңдеу дамып, боялған керамиканың орнына сұр және қара ыдыстар жасалды. Тас құралдар жетілдірілді, әлеуметтік қатынастарда да өзгерістер болды. Луншань қабірлерінен бірінші рет мүліктік теңсіздіктің іздері байқалды.
2. Бізге жеткен аңыздар бойынша, алғашқы білеушілер елге жасаған еңбегіне, ерлігіне байланысты сайланып отырған. Яо, сосын Шунь, одан кейін Юй таққа солай келген. Юйдің ұлы Циден бастап, билік мұраға қалып отырған. Ци алғашқы ежелгі қытай династиясы Сидің негізін қалаған деп есептеледі.
Си династиясының соңғы билеушісі өзінің қаталдығымен бағынышты тайпалардың көсемдерін өзіне қарсы қойып алады. Кейінірек, Чэн Тан деп аталған, тайпалардың бірінің қолбасшысы (шаны) оны тақтан құлатып, орнына отырады. Сөйтіп, Тан жаңа династия Шанның бірінші өкілі болды. Шан династиясы кейіннен Инь (б.э.д ХҮІІғ.) деп аталады.
Сыма Цяньнің айтуынша Шан тайпасы Орта Қытай жазықтығында бірнеше рет орын ауыстырған. Б.э.д. ХІҮғ. билеуші Пань Гэн тұсында соңғы рет көшіп, қазіргі Аньян ауданының территотриясына келіп, орын тебеді. Осы жерде астанасы – Ұлы Қала Шанды салады. Б.э.д. ХІҮ-ХІғ.ғ. жататын осыШан-Инь тарихының екінші кезеңінен бізге дейін археологиялық ескерткіштермен қатар, көптеген этнографиялық деректер жеткен.
Шан-Инь дәуірінің үш маңызды жетістігі: қоланың пайдаланылуы, қалалардың және жазудың пайда болуы. Жер өңдеу Лунншань мәдениеті кезіндегі сатысында қалды. Керамикада да ұқсастық көп болды. Қола негізінен қару-жарақ пен құрбандық шалуға арналған ритуалдық ыдыстар жасауға пайдаланылды. Инь кезеңінің қалалары қалың, саздан соғылған қорғандармен қоршалды. Қолөнер шеберханалары қала қабырғаларының ішінде орналасты.
Бізге жеткен Инь жазулары жануарлардың сүйектеріне, тасбақа сауыттарына, ағаш тақталарға т.б. материалдарға жазылған.
Инь дәуіріндегі қоғамның әлеуметтік құрылымын көне ескерткіштерден байқауға болады. Инь қабірлері б.э.д. ХІҮ-ХІғ.ғ. қоғамның әлеуметтік тортарға бөлінуі мен таптық қатынастардың қалыптасуын көрсетеді. Қабірлерді сыртқы белгілері: көлемі, сипаты, мүліктердің саны бойынша 4 категорияға бөлуге болады. Бірініші категорияға Инь билеушілері мен жақын туыстарының қабірлері жатады. Бұл қабірлерде өлікпен біргесарай маңындағы қызметшілер жерленген. Қола ыдыстар, алтыннан жасалған сәндік заттар, қару-жарақ, саз аспаптары, кейбірінде ат жегілген арбалар қоса көмілген. Бұл қабірлерде табыт 10 м. тереңдіктегі, ауданы 400-500 шаршы метр камераның ортасындағы, сыртқы, үлкен табыттың ішіне қойылған.
Екінші категория қабірлерінің ауданы 20-25 шаршы метр, тереңдігі 5-7 метр. Бұларда бірге жерленген адамдар жоқ. Ал, мүліктері әралуан және көп. Бұл қабірлер Инь қоғамының жоғарғы тап өкілдерінік деп есептеледі.
Үшініші категория – дөрекі саз ыдыстар, кейде еңбек құралдары бірге көмілген, қоғамның еркін өкілдерінің қабірлері. Олар тар шұңқырларға жерленген. Еріксіз қызметші, малай немесе құлдардың қабірлері төртінші категорияға жатады. Оларды ғимарат іргетасының астына, үлкен қорымдардың айналасына көме салған.
Инь билеушілері ван деп аталған. Вандар өз жеріндегі кез-келген адамға бұйрық бере алды, басқа тайпаларға қарсы жорықтарды басқарды. Егер тайпа берілсе, оның көсеміне атақ берді. Бұл- тайпаның Инь коалициясының мүшесіне айналғандығының белгісі еді.
Инь мемлекеті тайпалар одағы ретінде пайда болды. Ең көркейген кезеңі У Диннің (б.э.д. ХІІІғ.) билік еткен тұсы болды. Ол Ұлы Қала Шанда жаңа сарайлар мен храмдар салды, Инь территориясын біраз кеңейтті. У-Дин қайтыс болған соң, Инь мемлекеті құлдырайды. Кейін, б.э.д. ХІғ. соңына таман оны чжоуліктер жаулап алады.
3. Чжоу тайпасы туралы алғашқы деректер У-Дин кезіндегі Инь эпиграфиялық ескерткіштерінде кездеседі. Бұл кезде чжоу Иньге бағынышты болды. Чжоулықтардың күшеюіИнь ванының тайпа көсемі мен оның ұлына чжоулық хоу, яғни бағынышты билеуші атағын беруінен басталады. Инь мен чжоу арасындағы әскери қақтығыстар туралы деректер осы уақытқа жатады.
Бірте-бірте батыс тайпалардың қуатты коалициясы құрылады. Оны чжоулықтар басқарды. Б.э.д. 1027ж. У-ван (жауынгер билеуші) шығысқа жорық жасап, Инь әскерін жеңді. Чжоулықтар жеңілгендердің маңызды техникалық және мәдени жетістіктерін өте тез үйреніп алады. Сондықтан чжоу бұйымдарының инь бұйымдарынан айырмашылығы аз.
Чжоулықтардың өз жазу жүйесі болған деген болжам бар, бірақ онысы жетілдірілмеген болуы керек, чжоулықтар инь жазуын қабылдайды. Б.э.д. ХІ-ІХғ.ғ. чжоу эпиграфиялық ескерткіштері инть иероглифтерімен жазылған.
Иньдіктерді толық талқандаған соң, чжоулықтар бірқатар шараларды жүзеге асырды. Бұл шаралар бойынша У-ванның туыстары мен ақсүйек өкілдері өз биліктеріне тұрғындарымен қоса жер алды. Тарту көлеміне байланысты жаңа иелеріне атақтар берілді. Сондай-ақ, осындай ие (чжоухоу) деп, инь коалициясына кірген, бірақ жаулап алу кезінде чжоулықтарды қолдаған тайпа басшылары да танылды.
Жалпы алғанда чжоулық жаулап алу, ванға бағынышты территорияны басқару жүйесіне үлкен өзгеріс әкелген жоқ.
Чжоудың ерікті тұрғындары бес әлеуметтік топқа бөлінді. Иерархия баспалдағының жоғарғы сатыснда чжоу вандары тұрды. Олардан кейін – чжоухоу, мұрагерлік иелік билеушілері, жоғарғы аристократия өкілдері, үшінші – дафу, цзу басылары. Цзулар (рулық-тайпалық топтар) чжоухоудың мұрагерлік иелігінің тұрғындарын құрады. Төртінші топ иелері- шилер, үлкен отбасылардың басшылары. Соңғы топ – қара халық.
4. Б.э.д. ҮІІІғ. басында чжоулықтардың Хуанхэ өзенінің жоғарғы ағысында мекендеген жун тайпасымен қақтығысуы жиіледі. Бұл тайпа чжоулықтарға туыс болғанымен, шаруашылық түрлері мен өмір сүру салттарында өзгешелік болды. Жартылай көшпелі жун тайпаларымен шешуші айқас Ю-ван (б.э.д. 781-771ж.ж.) билеген кезде болды. Б.э.д. 770 ж. чжоулықтар астананы шығысқа, қазіргі Лоян ауданына ауыстыруға мәжбүр болды. Сондықтан б.э.д. ҮІІІ-ІІІғ.ғ кезеңінде Шығыс Чжоу деп аталды.
Б.э.д. ҮІІІғ. қытайлықтар ди деп атаған көшпелі тайпалар Хуанхэнің солтүстігіндегі чжоухоу иелігіне шабуыл жасайды. Б.э.д. ҮІІғ. Басында ди Хуанхэнің орта ағысындағы жерлерді басып алды. Содан кейін Хуанхэні жүзіп өтіп, чжоу астанасының жанындағы чжоухоу иелігіне шапқыншылық жасайды. Б.э.д. 636ж. чжоулық сян-ван диді өзіне бағынудан бас тартқан Чжэн патшалығына айдап салмақшы болады. Бірақ, ди чжэн жағына шығып, ван әскерін жеңіліске ұшыратып, оны уақытша астанадан кетуге мәжбүр етеді.
Астананы ауыстырғаннан кейін ван билігі әлсірейді. Чжоухоулар бірте-біртееркінси береді. Ванның тікелей иелігіндегі астанааймағының территориясы күрт қысқарады. Бір бөлігі, көрші патшалықтар Чжэн, Цзинь және басқаларға тарту етілсе, кейбір аудандарды Чу патшалығы басып алады. Чжоухоулардан келетін салық уақытылы түспегендіктен, ван қазынасы кедейлене бастайды.
Чжоу билеуші үйінің беделін, б.э.д. ҮІІ-ҮІғ.ғ. біренеше рет болған ішкі бүліктер де түсіреді. Вае бүлікті баса алмай, өзіне бағынышты чжоухоудан көмке сұрауға мәжбүр болады.
Көшпелілердің Орта Қытай жазықтығына баса көктеп енуі б.э.д. ҮІІғ. жаңа саяси ахуалдың тууына әкеліп соқты. Ван мен бағынышты билеушілердің ара-қатынастары өзгереді. Чжоухоулардың бірі жетекші рөлге ие болып, гегемонға айналады.
Гегемондыққа ие болған алғашқы ежелгі қытай патшалығы, Хуанхэ ойпаттарында орналасқан Ци болды. б.э.д. 650ж. билеушілер (чжоухоу) съезінде Ци билеушісі ресми түрде гегемон деп жарияланады. Ол қайтыс болған соң, Ци патшалығы гегемондықтан айырылып, оның орнына басқа ірі патшалық – Цзинь келеді. Цзинь патшалығы Вэнь-гун (б.э.д. 636-628ж.ж.) билігі тұсында өзінің шарықтау кезеңіне жетеді. Б.э.д. 594ж. көктемде Цзин ішкі алауыздақтарын пайдаланып, көшпенділерді жеңеді. Осы жеңістен кейін қытайлықтар біраз уақыт көшпенділер шапқыншылығына ұшырамайды.
Цзинь мен оңтүстік патшалық Чу арасындағы гегемондыққа талас б.э.д. ҮІІ-ҮІғ.ғ. саяси оқиғалардың негізгі желісі болды. Бұл екі патшалық кезек-кезек жеңіске жетіп, жетекшілікке ие болады.
Б.э.д. Үғ. басында У және Юэ патшалықтарының арасындағы гегемондыққа талас күшейеді. У билеушісі Юэні, Ци, Лу және Сун армияларын жеңіп, б.э.д. 482 ж. өз үстемдігін мойындатады. Шамамен он жылдан кейін Юэ қарсыласының әскерін жеңіп, солтүстік патшалықтардың көпшілігін бағындырады. Юэ үстемдігі Чуньцю кезеңін аяқтайды.
5. Цзинь патшалығының жеке-жеке үш патшалық: Чжао, Вэй, Ханьға (б.э.д 403ж.) бөлінуінен Ежелгі Қытай тарихындағы Чжаньго (соғысушы патшалықтар) кезеңі басталады.
Чжаньго кезеңінде темірдің пайда болуына байланысты экономикалық өрлеу орын алды. Б.э.д ҮІғ. бастап, темір ауыл шаруашылығы мен қолөнерге енгізіледі. Ауыл шаруашылық құралдарын темірден жасау жер өңдеуді жақсартып, егін түсімін жоғарылатады. Сонымен қатар қолөнер мен сауда да дамыды. Қолөнершілер мен саудагерлер арасынан бай адамдар шығып, мемлекеттік қызмет атқара бастады. Көптеген қалалар сауда-қолөнер орталықтарына айналады.
Б.э.д. ҮІғ. Цинь патшалығында Шан Янның ұсынысымен реформалар жүргізілді. Бұл реформалар бойынша үлкен отбасылар ұсақталып, жерді сату-сатып алуға рұқсат етілді. Әскери еңбегі жоқ аристократия өкілдері құқықтарынан айырылды. Мансаптар әскери еңбегіне қарай берілді. Армия қайта жасақталып, қаруландырылды.  Шан Янды, билеуші Сяо-гун қайтыс болған соң, құқықтарынан айырылған аристократтар өлтіртеді. Бірақ оның реформалары өз күшінде қалады. Соның нәтижесінде Цинь армиясы ең күшті армияға айналады. Ол өз қарсыластырын талқандап, барлық патшалықтарды қол астына біріктіре бастайды.
Б.э.д. 246-210 ж.ж. билік етуші Ин Чжэн Ежелгі Қытай территориясындағы барлық патшалықтарды біріктіріп, император (хуанди) атақ алып, Цинь Шихуанди (Цинь бірініші императоры) деп атала бастайды. Цинь патшалығының астанасы Сяньян империяның астанасы деп жарияланды.
Ол солтүстікте гуннуларға, оңтүстікте Юэге қарсы табысты жорықтар жасады. Көшпенділерден қорғану үшін Ұлы Қытай қорғанын тұрғызды. Көптеген сарайлар мен храмдар салдырды. Цинь Шихуандидің ішкі және сыртқы саясаты өте көп шығынға әкеліп соқтырды. Бұл шаруаларға зор ауыртпалық әкелгендіктен, б.э.д. 210 ж. Цинь Шихуанди қайтыс болысымен, шаруалар көтерілісі басталды. Көтеріліс көсемдерінің бірі Лю Бан, б.э.д. 207 ж. соңғы Цинь билеушісіні тақтан түсіріп, жаңа династия орнатты. Ол – Хань династиясы еді.
Б.э.д. ІІІғ.-б.э. ІІІғ. Хань империясы. Лю Банға таққа келген соң, елдегі құлдыраумен күресуге тура келді. Аштықтан, аурадан, соғыстан халықтың көбі қырылған еді. Ол елдің бірлігін қалпына келтірді. Қарызы немесе қылмысы үшін құлға айналдырылған көптеген адамға бас бостандығын қайырды. Ауыр салықтарды алып тастады.
Лю Баннан кейінгі бірініші Хань династиясының көрнекті өкілі – император У-ди (б.э.д140-87ж.ж.) болды Ол жергілікті төре тұқымдарын мемлкет шенеуніктерінің бақылауына қойды.
У-ди белсенді сыртқы саясат жүргізді. Солтүстік шекараға таяу жерде күшті тайпалық одақ құрған гуннулар Хань империясына үлкен қауіп төндірді. У-ди б.э.д. 139ж. юэчжи немесе кушан тайпаларымен гуннулармен соғыста одақ құру үшін Чжан Цяньді Орта Азияға жібереді. Чжан Цянь 13-14 жыл жүріп, негізгі мақсатына жете алмай оралады. Бірақ, Үнді және Орта Азия мемлекеттері, оңтүстік сауда жолдары туралы құнды мәліметтер әкеледі. Чжан Цянь экспедициясынан кейін У-ди Қытайдан батысқа баратын сауда жолдарын басып алуды мақсат етеді. Қытай әскері солтүстік-шығысқа қарай қозғалып, гуннуларға бағынышты жерлерді өздеріне қарата отырып, б.э.д. 102ж. Ферғанаға жетеді.
Б.э.д ІІ ғ. аяғында империя Батыс өлкенің (Шығыс Түркістан) қала мемлекеттерінің бірқатарын бағындырып, Орта Азиямен байланыс орнатады. Хань астанасы – Чаньань Гань-су жері арқылы Орта, одан әрі Алдыңғы Азияға шығатын Ұлы Жібек жолы пайда болды.
У-ди оңтүстікке шығатын сауда жолдарын да іздеді. Б.э.д.119-109ж.ж. Хань әскері империя шекарасын оңтүстік-батысқа қарай кеңейткенмен, Үндістанға баратын сауда жолдарын аша алмады. Б.э.д. 109-108ж.ж. Ежелегі Корея мемлекеті Чосон (Чаосянь) басып алынады. Мұндай жаулап алу жорықтары көп қаржы керек етті. Салықтар зор көлемде өсті. Халықтың жағдаай ауырлады. Б.э.д. Іғ. аяғында елдегі жағдай қатты шиеленісті. Бұл жағдайды жеңілдету үшін император Ай-ди реформа жүргізбекші болады. Бірақ құл иеленушілер оған қарсы болғандықтан, жүзеге аспайды.
Б.э. 8 ж. билікті Ван Ман басып алып, өзін жаңа Синь династиясының императоры деп жариялайды. Ол билігін нығайтып, көпшіліктен қолдау табу үшін, бірқатар реформалар жүргізеді. Ол жерді, сол жерге байланысты құлдарды сатуға тыйым салады. Жер иеліктерінің көлеміне шектеу қойып, артығын жерсіздерге үлестіріп беруге уәде етеді. 3 жылдан кейін Ван Ман бай жер иеленушілердің қысымымен жер және құл сатуға қайта рұқсат береді. Елдің қаржы жағдайын қалыпқа келтіру үшін салықты көбейтіп, жаңа ақша шығарады. Оның нәтижесінде баға көтеріліп кетеді.
Елде бірінен соң бірі шаруалар көтерілістері басталады. Олардың ең қуаттысы Шаньдунда б.э. 18 ж. басталады. Бұл көтерілісті Фан Чун басқарды. Көтерілісшілер өздерін басқалардан айыру үшін қастарын қызылға бояп, қызыл қастылар деп аталады. Б.э. 22 ж. Қызыл қастылар шешуші шайқаста үкімет армиясын жеңіп, соғыс қимылдарын жасайтын территориясын кеңейтеді. Осы уақытта елдің оңтүстігінде көтеріліс ошағы пайда болады. Олар Люйлиньшань тауларына бекінді. Сондықтан оларды Люйлинь армиясы яғни, жасыл орман армиясы деп атады. 23 ж. көтерілісшілер Ван Ман армиясын жеңіп, астанасын басып алды. Ван Ман басы шабылып, өлтірілді. 25 ж. қызыл қастылар келіп, Чаньанды басып алады да, өз адамын император етіп қояды. Бірақ көтерілісшілер астанада көп тұрақтай алмайды. Лоянь қаласында Хань үйінен шыққан – Лю Сю (Гуан У-ди) өзін император деп жариялайды. Ол қызыл қастыларға бірнеше рет соққы беріп, 29 жылы көтерілісті толық басып тастайды. Кейінгі немесе Шығыс Хань династиясы осылай пайда болады.
Осы уақиғалардың нәтижесінде құл иеленушілік құрылыс шайқалды. Аштық кезінде құлдыққа сатылған кедейлер, мемлекет құлдарының бір бөлігі өз еріктеріне жіберілді және құлдарды өлтіруге, оларға таңба салуға тыйым салынды.
Уақытша бейбітшілік пен нығаю Хань империясына шапқыншылық саясатын қайта ұстануға мүмкіндік берді. Әсіресе, гуннуларды талқандаған қытай қолбасшысы Бань Чао табыстарға жетті. Ол 90 ж. Орта Азиядағы Кушан империясына шешуші соққы беріп, Қытайға аздаған уақыт алым-салық төлеуге мәжбүр етті.
Бізідің заманымыздың басында өндірісітің жаңа өрлеуі байқалады. Күрделі су тарту құралдар, жетілдірілген ұста цехтары, су диірмендері пайда болады. Құл еңбегіне сұраныс азаяды.
Б.э. ІІ ғ. соңында Қытайда үлкен халық қозғалысының жаңа толқыны басталады. Олар Сары орамалдар (124ж.) көтерілісі деген атқа ие болады. Оны екі бауырымен талантты көсем Чжан Цзяо басқарады. Көтеріліс жиырма жылдай уақытқа созылады. Көтеріліс басылып тасталғанымен, Хань империясының шаңырағын шайқап кетеді. Ол 220 ж. үш патшалыққа бөлініп кетеді. Саяси тұрақсыздық жағдайында құл иелеушілік құрылыстың ыдырау процесі аяқталып, феодализм қалыптасады.

Ежелгі Грекия мен Рим тарихы, оның кезеңдері.
Түпдеректері мен тарихнамасы
Жоспары:
1.Ежелгі Грекия мен Римнің табиғи жағдайы, географиялық орналасуы, халқы, шаруашылығы.
2.Ежелгі Грекия мен Рим тарихының негізгі кезеңдері.
3.Археологиялық қазба жұмыстарының материалдары (Крит, Микен, Пилос, Троя, Форум).
4. Антик заман түсінігі. Ежелгі Грекия және Рим тарихының түп деректері мен тарихнамасы.
Әдебиеттер:
1. Под ред. В.И.Авдиева., А.Г.Бокщанина., Н.Н.Пикуса. История древнего мира. –М., 1972.
2. В.С.Сергеев. История древней Греции. –ОГИЗ, 1948.
3. Ю.С.Крушкол. История древнего мира. 2 т. –М., 1971.
4. К.Ф.Беккер. История древнего мира. Восток-Греция. –М., 2001.
5. А.И.Немировский. История древнего мира. (Античность) –М., 2000.
7. И.А.Ладынин и др. История древнего мира (Восток, Греция, Рим). –М., 2005.
8. Г.М.Бонгард-Левин. Древние цивилизации. –М.,1984.

Географиялық жағынан ежелгі Грекияға материктік Грекиямен қатар Эгей теңізінің аралдары, Крит, Кипр және Кіші Азияның батыс жағалауы жатқызылады. Археологиялық деректерге қарағанда Грекияны қоныстану орта палеолитке дейін созылған. Әсіресе неолиттік тұрақтар кеңінен таралған. Олардың тұрғындары жер игерумен, керамика жасаумен таныс болған. Шамамен б.з.б. VІІ-ІІІ м.ж. аралығында сан жағынан өсіп отырған тұрғындар жаңа территорияларды игеріп, еңбек құралдарын, қару-жарақ, керамика жасау техникасы жетілдірілген.
Б.з.б. ІІІ м.ж. басында Балкан жартыаралының тұрғындары қола, қорғасын мен күмісті қару-жарақ, әшекей бұйымдар жасау үшін қолдана бастады. Металдан жасалған еңбек құралдары тек қана қолөнерде пайдаланылды. Б.з.б. ІІІ м.ж. ІІ жартысынан бастап ғана Эгей теңізі өңірінде металдарды кеңінен қолдану басталды. Оларды өңдеу техникасы Шығыстан келді. Дәнді дақылдар мен жануарларды қолға үйрету Грекия территориясына Кіші Азиядан енгізілді.
Грекияда қазбалы кен рудасы қорының болуы металлургия өндірісінің дамуына жол ашты. Грекиядан солтүстікке қарайғы Фракияда өте бай алтын кені болса, Аттика мен Орта Грекияда атақты күміс-қорғасын кен орындары жатты. Эвбей аралымен Халкидика (халкос-мыс) жартыаралында мыс өндірілді. Лакония территориясында темір өндірілді. Сондай-ақ Грекия құрылыс материалдарына, мраморға бай болды. Өте жоғары сапалы мрамор Парос аралында өндірілді.
Грекия 3 бөліктен құралды: Солтүстік Грекия (батыста - Эпир- ірі таулы жер, шығыста – Фессалия- құнарлы алқап), Орта Грекия (Акаркания, Этолия, Фокида, Дорида, Локрида Опунтская, Локрида Озольская, Беотия, Аттика және Эвбей аралы), Оңтүстік Грекия немесе Пелопоннес (Ахайя, Элида, Аркадия, Коринф, Арголида, Лакония, Мессения).
Балкан жартыаралының оңтүстігін алғаш қоныстанушылар туралы нақты деректер жоқ. Гомер поэмалары мен грек тарихшыларында сақталған ежелгі грек жазба ескерткіштеріне қарағанда алғашқы қоныстанушылардың ішінде маңызды рөл атқарғандар – пеласги тайпасы болған. Аралдардағы ежелгі тұрғындардың ішінен криттіктерді де атауға болады. Археологиялық ескерткіштерге қарағанда б.з.б. ІІІ м.ж. соңында Балкан жартыаралының оңтүстігінде ежелгі ахейлік грек тайпаларын кездестіреміз. Олар б.з.б. ІІ м.ж. бойында таптың қалыптасу процесін бастан кешірді. Б.з.б. ХІІ ғ. Балкан жартыаралының оңтүстігіне ерте таптық ахейлік мемлекеттерді талқандап, тайпалардың жаңа қоныс аударуына соқтырған грек дорий тайпаларының қоныстануы басталды.
Б.з.б. І м.ж. ежелгі грек тайпалары қалыптасып, толығымен қоныстанып болды: Грекияның солтүстігінде – Фессалияда, Орта Грекиядағы-Беотияда эолийлер өмір сүрсе, Орталық Грекияның шығысын, Аттиканы, Эвбей аралын, Эгей теңізінің орталық бөлігіндегі аралдарды-ионийліктер қоныстанды. Ахейліктер-Солтүстік және Орталық Пелопоннестегі Ахайя мен Аркадияда қоныстанса, оның басқа бөліктерінде- Лакония, Мессения, Арголида, Коринфте, Элидада - дорийлер өмір сүрді. Көпке дейін ортақ тіл болмады. Көптеген диалекттердің ішінде – ионийлік, эолийлік және дорийлік негізгі диалектілер болып табылды.
Италиядағы Тибр өзенінің жағасындағы орналасқан Рим – Еуропадағы ежелгі қалалардың бірі болып табылады. Ерте заманда Рим атауы қала үшін де, сондай-ақ мемлекет үшін де қолданылды.
Рим мемлекеті гректер Италия деп атаған Аппенин түбегі территориясында пайда болып нығайды. Аппенин түбегі Жерорта теңізінің орталық бөлігіне терең ауысқан және оны екі бөлікке айыратын жер бөлігі болып табылды және де түбектің негізін Альпі таулары құрады. Түбектің батысында құнарлы Сицилия аралы және одан біраз алшақта Сардиния мен Корсика аралдары орналасты.
Ежелгі кезеңде Аппенин түбегінің үлкен бөлігін Батыс Еуропадағы сияқты қалың ормандар алып жатты. Италия ормандарында емен, жөке, бүк, каштан және Аппенин түбегіне тән қарағай типті пиний өсті. Жеміс ағаштарынан ертеден-ақ алма, анар өсті. Цитрус ағаштары, пальма, зәйтүн мен кмпаристер Италия топырағына кейінгі тарихи замандарда әкелінді.
Аппенин түбегінің жер қойнауы пайдалы қазбаларға біршама кедей болды. Альпі тауының тарамынан аздаған алтын мен күміс, Орталық Аппениннен – сұрғылт және ақ түсті мәрмәр алынды. Ильва аралында темір мен мыс өндірілді, ал өзге аймақтарда металлдың елеулі кен орындары болмады.
Аппенин түбегінде палеолит кезеңінде-ақ халық өмір сүрген. Ғалымдардың айтуынша, Аппенин түбегінің, Сардиния мен Корсика аралдарының, сонымен бірге қазіргі Францияның оңтүстік аудандары мен Пиреней түбегінің ежелгі халықтары болып табылған – Жерорта теңізі халық топтары: Италиядағы лигурлер, Сицилиядағы сикандар мен элимдер, Корсикадағы қорсылар, Сардиниядағы сардылар болды. Бірақ, б.з.б. ІІ м.ж. соңы - І м.ж. бас кезінде Жерорта теңізі өңірінде ежелгі тайпалар мен халық топтарының қоныс аударуы болды. Аппенин түбегіне шығыстан бұған дейін Иллирияда, Дунай бассейнінде, тіпті Кіші Азияның батысында өмір сүрген тайпалар қоныс аударды.
Б.з.б. І м.ж. алғашқы жартысының соңында Аппенин түбегінің ежелгі түрлі тайпалар мен халықтар тобынан құралды. Қиыр солтүстік-шығыста Иллирия халқына туыстас венеттер, ал оңтүстік-шығыста япига және мессапа халық топтары өмір сүрді. Түбектің орталық бөлігін және Сицилия аралын көптеген Италия тайпалары мен әлеуметтік-экономикалық жағынан жақсы дамыған – этрустер мекендеді. Тілі, қоғамдық құрылысы мен мәдениетінде ортақтық көп италиялық тайпалар екі: умбро-сабелль (умбр, пицена, френтон, самниттер), латын-сикуль (латындар, оскілер) топтарына бөлінді. Соңғысы егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысты. Б.з.б. І м.ж. ортасында олардың тайпалық орталықтары болып табылған – бекініс мекен-жайы – қалалар болды. Тайпа басында ақсақалдар кеңесінің төрағасы болған және абыздық міндеттерді атқарған өмірлік әскери көсемдер отырды.
Ежелгі Грекия тарихы Ежелгі Шығыс елдерінің тарихымен бір мезгілде және өте тығыз байланыста дамыды. Мемлекеттіліктің алғашқы ошақтары б.э.д. ІІІ м.ж. Балқан жартыаралының оңтүстігінде және оған жақын аралдарда пайда болды. Ежелгі Грекияда мемлекеттіліктің қалыптасуы полистің, жаңа әлеуметтік-саяси ұйымдардың пайда болуымен байланысты болды. Жерге және дүние-мүлікке жеке меншік орнады. Жер иелену құқы әрбір тұрғынның қауымда азаматтық қауымға қатынасына байланысты болды. Бірақ, азаматтық қауымда жер еркін айналымда болды. Бұл тауар-ақша қатынастарының жедел қарқынмен дамуына жол ашып, оның нәтижесінде экономикалық өрлеу жүзеге асты.
Антик дүниеде ежелгі Шығыс қоғамдарынан өзгеше қанау формалары, әлеуметтік құрылымдар мен саяси ұйымдар орын алды. Экономикалық жағдай мен сыртқы саяси факторлардың ықпалымен Шығыс тарихында деспоттық билік басымырақ рөл атқарса, ал Грекия мен Римдегі өзгеше тарихи жағдайлар республикалық саяси формалардың дамуына алып келді. Жаппай қанау мен жергілікті халықты құлға айналдырудың болмауы және Шығыспен салыстырғанда қоғамдық өмірде діннің аса зор рөл атқармауы мәдениеттің дамуына жол ашты. Осылайша, алғаш рет экономика, саясат, әлеуметтік құрылым, мемлекет, құқық, мәдениет салаларында жаңа қатынастар пайда болып дамыды және де жаңа концепциялар, түсініктер мен идеялар қалыптасып, Еуропалық өркениеттің негізін қалады.
Ежелгі Грекия тарихы төмендегі кезеңдер бойынша қарастырылады:
1. Эгей өркениеті немесе крит-микен дәуірі (б.э.д. ІІІ-ІІ м.ж.).
2. Б.э.д. ХІ-ІХ ғ.ғ. Греция.
3.Архаикалық кезеңдегі Греция (б.э.д VІІІ-VІ ғ.ғ.)
4. Классикалық кезеңдегі Греция (б.э.д. V-ІV ғ.ғ.)
5. Эллинистік кезеңдегі Греция (б.э.д. ІV ғ. ІІ жарт.-І ғ. ортасы).
Ежелгі Рим тарихы – ежелгі дүние тарихын қорытындылайтын, құл иеленушілік құрылыс дамуының ең жоғарғы сатысы болып табылады. Рим республикасы б.э.д. ІІ ғ. ортасында Италияда қалыптасқан қуатты мемлекет болды. Ол Апеннин жартыраралында өмір сүрген халықтар мен тайпаларды өзіне қаратып, Жерорта теңізі өңіріндегі мемлекеттердің ішіндегі аса күшті мемлекетке айналды. Б.э.д. І ғ.-б.э. ІІ ғ. Рим бүкіл Солтүстік Африканы, Еуропаның басым бөлігін және Алдыңғы Азияның елдерін бағындырды және аса үлкен держава құрып, шамамен 500 жыл уақыт өмір сүрді.
Ежелгі Рим тарихын төрт кезеңге бөліп қарастырамыз:
1. Патшалық кезең (б.э.д. VІ ғ.) және ерте Рим республикасы кезеңі (б.э.д.
V-ІV ғ.ғ.)
2. Кейінгі Рим републикасы (б.э.д. ІІ-І ғ.ғ.) және ерте империя кезеңі (б.э. І-ІІ
ғасырлары)
3. Жалпы құлиеленушілік құрылыс дағдарысы мен Рим империясының саяси
дағдарысы кезеңі (б.э. ІІІ ғ.)
4. Құлиеленушілк құрылыстың дағдарысының тереңдеуі (б.э. ІV-V ғ.ғ.).
3. ХІХ-ХХ ғасырлардың археологиялық зерттеулері ғылым үшін Грекия тарихының ежелгі кезеңін-Крит-Микены Грекиясын ашты. Археолог Г.Шлиман ежелгі Троя деревнясы тұрған жерде қазба жұмыстарын бастады. ХІХ ғ. 70 жылдарында ежелгі Трояның қираған қалдықтарын ашты, ал бұдан кейін Микены мен Тиринфте қазба жұмыстарын жүргізді. Ағылшын археологы А.Эванс ХІХ ғ. соңында ХХ ғ. басында Крит аралында қазба жұмыстарын жүргізіп, б.з.б. ІІІ-ІІ м.ж. өмір сүрген Криттің ғажайып мәдениетін ашты.
Біздің ғасырымыздың 30 ж. бастап, оңтүстік Грекияның батысында ежелгі қала Пилостың орнында сарайдың қалдығы, сызық жазумен орындалған микены жазбаларының үлкен мұрағаты табылды.
Архаикалық және классикалық Грекия Афины, Олимпия, Дельф аудандарындағы грек қалалары мен некрополдар қазбаларының негізінде зерттелді. Археологиялық зерттеулер эллин дәуірін қайта қалпына келтіруде өте көп жұмыс істеді. Ежелгі Пергам қазбалары ерекше маңызды болды. Ірі қазба жұмыстары сондай-ақ, Месопотамия территориясында, Грекияның өзінің, Кипрдің, Италияның және Кіші Азияның түрлі аймақтарында жүргізілді.
Кеңестік кезеңде елдің оңтүстігінде грек қалаларының, жергілікті ежелгі халықтар қалалары мен елді мекендерінің қазба жұмыстары жүргізілді. Мысалы, Боспор археологиялық экспедициясы Боспор патшалығының территориясындағы бұрын белгісіз болып келген: Тиритаку, Мирмекий, Илурат т.б. қалаларды тапты. Қазіргі Керчьтің территориясында – Пантикопейде Боспор патшалығының астанасын аршу жұмыстары жүргізілді. Солтүстік Кавказ жағалауындағы: Фанагория, Патрей, Горгиппия және Кепы қалалары да зерттелді. Меоттардың ірі қаласы Танаисті зерттеуде табылған қазбалар грек тұрғысынан алғанда да, жергілікті тұрғыдан алғанда да өте маңызды материалдар берді.
Жерорта теңізі жағаларында орналасқан елдерде Рим құрылыстарының орасан көп қалдықтары сақталған.
Республика заманындағы ежелгі Италияның археологиялық ескерткіштері типтері жағынан әртүрлі: көне қалалардың, мекендердің, жерлеулердің, киелі жерлердің, гидро-техникалық құрылыстардың, еңбек құралдарының, қорғаныс қамалдарының т.б. қалдықтары. Қазіргі заманға дейін түгелдей дерлік империя дәуірінің Помпей мен Тимгад қалалары, Иллириядағы Аполлония, Кипрдегі Саламин, Аквинка қалаларының орны сақталған. Тұтастай немесе ішінара сақталған амфитеатрлар, храмдар, көпірлер мен акведуктер бар. Саркофагтар, зират ескерткіштері, мүсіндер, қару-жарақтар мен шаруашылық құралдары көптеп сақталған. Бұл ескерткіштер ежелгі авторлар мәліметтерінің, аңызға айналған материалдардың, әдеби дәстүрлердің шынайылығын анықтауға мүмкіндік береді. Археологиялық қазбалар Аппенин түбегіндегі алғашқы мекендердің, Этрур қала-мемлекеттерінің, Италияның оңтүстігіндегі грек қалаларының, ежелгі Римнің пайда болуы мен сипатына анықтама береді, Италияның кейбір ежелгі халықтары арасындағы, олар мен Балкан түбегінің халықтары арасындағы негізгі экономикалық және мәдени байланыстарды анықтауға көмектеседі.
Рим Тибр өзенінің екі жағалауына кеңінен қанат жайып жатты. Ол Жерорта теңізі өңіріндегі аса ірі қалаға айналды. Қала көшелері Римнің ежелгі орталығына – форумға келіп түйісті. Өзінің және өз астанасының даңқын шығару үшін Цезарьдан бастап, императорлардың бәрі Рим форумында және оның қатарында ескерткіштер тұрғызды, храмдар мен сәулетті ғимараттар салды. Мысалы, театрлар, І ғасырдағы Колизей амфитеатры, Палатин төбесіндегі императорлар сарайлары, Пантеон храмы т.б. Пантеон – Римдегі барлық құдайлар храмы. Өткеннің тарихын қалпына келтіруде жазба түпдеректер мен заттай түпдеректер маңызды рөл атқарады.
Грекия тарихы бойынша ең басты жазба түп деректер антик тарихшылардың шығармалары болып табылады. Грекияның тарих ғылымы бірден пайда болған жоқ. Гректердің түсінігі бойынша тарих ғылым емес, ол - өнер және нақыл сөз. Олар тарихтың негізгі міндеті нақты сөзге үйрету деп санаған.
Алғашқыда өздерінің қалалары, туыстары жайында логографтар (логос-сөз, графо- жазамын) жазған. Олар тарихты мифтермен ұштастырған. Логографтар б.з.б. VІ-V ғ. бас кезінде өмір сүрген. Логограф Гекатей Милетский (б.з.б. VІ ғ. ІІ жартысы-V ғ. басы) өзінің жер туралы жазбасында Грекияның бірініші географиялық картасын берген. Б.з.б. V ғ. тарихтың атасы аталған Геродот (б.з.б. 484-425 ж.ж.) Кіші Азияның батыс жағалауының оңтүстігінде орналасқан Галикарнасс қаласынан шыққан. Геродот көп саяхат жасаған: Жерорта теңізінен бастап Элефантиниге дейін бүкіл Египетті аралаған, Эгей теңізінен Сузыға дейін патша жолымен жүріп өткен, Солтүстік Қара теңіз жағалауларының далаларында болып, Афиныда өмір сүрген. Геродот негізгі тақырыбы грек-парсы соғыстары болған тарихты жазды. Кіріспе ретінде Геродот Парсы мемлекетінің құрамына кіретін елдер жөнінде жазған және Грекияның бұдан бұрынғы тарихын қысқаша баяндаған. Геродоттың еңбегі грек-парсы соғыстары, архаикалық және классикалық Грекияның, Скифияның және бүкіл Алдыңғы Шығыс елдері тарихы бойынша маңызды деректер болып табылды. Лидия жөнінде тек қана геродот жазған. Пелопоннес соғысына арналған тарихтың авторы Фукидид (б.з.б. 460-395 ж.ж.) болды. Фукидидтің тарихы – антик дүниенің аса ерекше тарихи шығармаларының бірі. Ол өзінің құрылымымен, қандай да болмасын фактінің себебі мен салдарын терең зерттеуімен және оқиғаны баяндаудың дәлдігімен маңызды. Фукидид тарихты білімділікке үйрететін ғылым деп санаған бірінші адам. Тарихтың мақсаты – оқиғаны, кейінгі ұрпақтар пайдалы ұғым алатындай етіп, әділетті дұрыс баяндау, - деп жазды ол..
Б.з.б. ІV ғ. тарихшы Ксенофонттың атағы белгілі бола бастады (б.з.б. 430-355). Оның еңбектері, Геродот пен Фукидидке қарағанда, өзінің бір жақтылығына қарамастан, грекияның б.з.б. ІV ғ. тарихының маңызды түпдеректері болып табылады. Ксенофонт 120-дан астам шығармалар жазды. Еңбек сүйгіштігі үшін оны аттика арасы деп атаған. Шаруашылық туралы трактатында ол Грекияның б.з.б. ІV ғ. экономикасы жөнінде маңызды фактілер көрсетеді. Лакедемон политиясында ол Спартаның консервативтік-аристократтық құрылысын мадақтайды. Ксенофонттың дүние тану көзқарасының реакциялық ерекшелігі болды: ол Персияның монархиялық құрылысын, Спартаның аристократтық тәртібін жақтады. Бұл оның грек тарихының кейбір оқиғаларын бір жақты баяндауына әкеліп соқты.
Б.з.б. ІV ғ. aилософ Аристотельдің (б.з.б. 384-322) Афины политиясы деген тарихи еңбегінің маңызы ерекше болды. Аристотель жалпы мемлекет туралы үлкен де түбірлі еңбек – полития әзірлей отырып, сол кездегі барлық грек және грек емес мемлекеттердің саяси құрылысын зерттеуді ұйғарды. Ол өзінің шәкірттерімен бірге 158 политиялар, яғни жеке мемлекеттердің саяси құрылысының сипаттамасын жазды. Египетте грек папириустарының бірінде жүргізілген археологиялық қазбалар кезінде табылған Афины политиясы бірінші рет ХІХ ғ. соңғы кезінде басылып, жарық көрді. Афины политиясы негізгі екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде б.з.б. VІІ ғ. басталған Афины тарихы беріледі, ал екінші бөлімде Афины мемлекетін басқару ісіне шолу жасалады. Онда Афиныда қандай мекемелердің жұмыс істегендігі, сайлаулардың қалай өткендігі көрсетілген.
Б.з.б. ІV ғ. ІІ жартысында белгілі тарихшы Эфор өмір сүрді. Ол Грекияның жалпы тарихын жазды. Онда дорийліктердің шабуылынан бастап бүкіл Грекияның тарихын баяндаған. Б.з.б. ІІ ғ. грек тарихшысы Полибий (200-120 ж.ж.) Жерорта теңізі жағалауы өңірінде Жалпы тарих жазды, бізге оның үштен бірі ғана жеткен. Полибий оқиғаны терең зерттеп, болған құбылыстың себептік байланысын дәл анықтаған және өзінің баяндауларын анық және дәл жазған. Полибий тарихы эллиндік Грекияның, Македонияның, Шығыс эллиндік мемлекеттердің, сондай-ақ Рим тарихы үшін маңызды түпдерек болып табылады.
Грекия, сондай-ақ, Рим тарихын жазушы Плутарх еңбектерінің рөлі өте зор, оның еңбектері б.з. І ғ. ІІ жартысына, ІІ ғ. басына жатады. Плутарх шығармаларынан әсіресе Параллельдік өмірбаяндар деген еңбек белгілі. Мұнда алдымен гректің белгілі бір қайраткерінің, ал одан кейін соған ұқсас Рим қайраткерінің өмір тарихын жазады, соңында осы екі адамды салыстырады.
Гомердің Иллиада және Одиссея поэмасы осы уақытқа дейін ежелгі Грекияның тарихы бойынша бірден-бір ірі әдеби түпдерек болып табылады. Поэманың б.з.б. VІІІ ғ. басталуынан бұрын жазылғанына қарамастан, онда ол кезден көп бұрын болған оқиғалар баяндалған, б.з.б. ХІ-ІХ ғ.ғ. Грекияның экономикасы, қоғамдық ұйымы және идеологиясы жөнінде жазылған.
Ежелгі Грекияның ерте заманғы архаикалық дәуірдегі тарихы, әлеуметтік-экономикалық қатынастары мен идеологиясы Геслодтың Еңбек және күндер, Теогония (құдайлардың ру тарихы) поэмаларында бейнеленген. Грекияның тарихы бойынша, архаикалық дәуірден бастап, лирикалық ақындардың, Архилохтың, Алкейдің, Софоның, Солонның, Феогнидтің т.б. шығармалары маңызды түп деректер болып табылады. Классикалық кезең үшін, тарихи түпдеректер ретінде, афинының трагедиялық ұлы ақындарының – Эсхилдің, Софокл мен Еврипидтің шығармаларының маңызы зор. Аристофанның комедиялары б.з.б V ғ. соңы ІV ғ. басындағы Аттиканың саяси өмірі мен тұрмысының жарқын көріністеріне толы болды.
Шешендердің сөздері тарихи түпдеректер ретінде маңызды рөл атқарады. Демосфеннің (б.з.б. 384-322) сот істеріне байланысты және саяси сөздері Афины мемлекетінің экономикасын және Солтүстік Қара теңіз жағалауындағы саяси оқиғаларды сипаттайды, сауда, шетке шығарылған және шетелден әкелінген заттар, құл иеленушілік және құлдар шеберханалары т.б. жайындағы мәліметтерге толы. Экономиканы зерттеу үшін Лисий мен Демосфен сөздері теңдесі жоқ түпнұсқалар болып табылады.
Б.з.б. І ғ. ІІ жартысы мен б.з. І ғ. өмір сүрген географ Страбонның География деген еңбегінде әртүрлі елдердің табиғаты жайында ғана емес, сондай-ақ олардың халықтарының өмірі мен тарихы жайлы айтылады.
Крит аралында, Грекия территориясында, Пилоста және Микеныда жүргізілген қазба жұмыстары кезінде ерекше жазумен өрнектелген сызықты деп аталатын жазуы бар кішкентай таблицалар табылған. Олар тек біздің ғасырымыздың 50 жылдары ған оқылды. Таблицалар б.з. ІІ м.ж. ежелгі Грекияның экономикасы мен қоғамдық қатынасы жөнінде ерекше түпнұсқа болып табылады.
Гректер б.з.б. VІІІ ғ. бастап финикиялықтардан алынған, бірақ аздап қайта өңделген әліппені пайдаланады. 24 әрпі бар грек алфавиті сол кезде жасалған. Ерте заманғы грек жазулары сирек кездеседі. Олардың көпшілігі классикалық немесе эллиндік уақытқа жатады.
Эллин дәуірінің папириустары өте маңызды тарихи түпнұсқалар болып табылады. Бұлар-финанс есептері, қарыз тілхаттар, хаттар, мемлекеттік қаулы-қарарлар, халық және дүние санағы, бұйрықтар т.б. Оның ішінен тарихшылардың көркем шығармалары мен еңбектері жазылған папириустар табылған. Мысалы, Аристотельдің Афины политиясы. Папириустардағы текстерді зерттейтін ғылым папирология деп аталады. Ол негізінен Египет жерінде табылған Рим, Византия, араб үстемдігінің алғашқы кезеңіндегі эллин дәуірінің грек папирустарын зерттеумен шұғылданады.
Грекияның тарихы үшін күміс ақшаларды зерттеудің маңызы зор, өйткені ол сол кездегі қоғам экономикасынан мағлұмат береді. Күміс ақшаның салмағы, металдың тазалығы экономиканың өрлеуін немесе құлдырауын сипаттайды. Фежелгі Грекияның әртүрлі күміс ақша жүйесі түрлі қалалар мен елдер арасындағы сауда және саяси байланыстарды көрсетеді.
Ежелгі Грекия мен эллинизм дәуірінің тарихнамасы. Антик уақыттан кейінгі еуропа халықтарының ежелгі Грекия тарихына деген қызығушылығы орта ғасырда пайда болады. Қайта өркендеу дәуірінде алдыңғы қатарлы ойшылдар ежелгі Грекия тарихының материалдарын орта ғасырлық схоластикаға және феодалдық идеологияға қарсы күресте пайдаланып отырған. Ең алдымен Италияда табылған ежелгі грек өнері мен тілі зерттеле бастайды. ХVІІ ғ. басында Киевте Киев-Могилян коллегиясы негізделді. Онда латын тілінен басқа ежелгі грек тілі, ежелгі Грекияның әдебиеті, тарихы және философиясы оқытылды. ХҮІІ ғ. соңында Москвада Славян-грек-латын академиясы құрылды. ХVІІІ ғ. басында Италия ғалымы Джанбаттисто Вико ежелгі Грекия мен Рим тарихын келер заманның халықтарының тарихымен салыстырды. Ол Гомер дүниеде болған жоқ, Иллиада мен Одиссея поэмалары халық шығармашылығы деген болжам айтты. ХVІІІ ғ. ортасында аса көрнекті француз ағартушысы Ш.Монтескье ежелгі Грекияның мекемелерін сол кездегі Францияның абсолютизміне қарсы қойды. ХVІІІ ғ. ІІ жартысында Германияда И.Винкельманның Көне заман өнерінің тарихы шығарылып, онда автор өнердің қоғамдық дамумен тығыз байланысын көсетіп берді. Кітаптың едәуір бөлігі ежелгі Грекияға, ежелгі грек мүсіндеу өнеріне арналды. ХVІІІ ғ. соңында Ф.А.Вольф кең таралған Гомерге кіріспе деген зерттеуін басып шығарды, онда ол, Дж. Викоға қарағанда, неғұрлым елеулі материал негізінде гомер эпосы халықтан шықты деген қорытындыға келді.
Түпдеректерді зерттеуде дәйектілікпен талдау жасау әдісін ХІХ ғ. басында тұңғыш рет Дания ғалымы Б.Нибур (1776-1831) ұсынды. Ол өзінің Рим тарихы жөніндегі курсында, ал кейінірек ежелгі Грекия тарихы жөніндегі дәрістерінде сол кезде белгілі әдеби, археологиялық және этнографиялық деректердің бүкіл жиынтығын сын көзімен салыстыра талдау әдісін пайдаланды.
ХІХ ғ. І ширегінде неміс тарихшысы А.Бек жазба материалы негізінде Афинылықтардың мемлекеттік шаруашылығы деген зерттеу кітабын басып шығарды. Грек жазбалар корпусы деген төрт томдық үлкен ұжымдық еңбекті а.Бек қайтыс болғаннан кейін оның шәкірттері аяқтаған болатын.
Орыс тарихшысы В.Ф.Цых пен неміс тарихшысы И.Дройзен – эллинизм дәуірінің тарихын зерттей бастады. Эллинизм, яғни гректерге еліктеу деген терминнің өзін Дройзен ұсынған болатын. ХІХ ғ. 30-40 жылдары Дройзен А.Македонскийдің, диадохтар мен эпигондар тарихына арналған үш том шығарды. Автор 3-ші томды б.з.б. 221 ж. дейін жеткізді. Кейінірек Дройзен өз зерттеуін қайта өңдеп, барлық үш томды Эллинизм тарихы деген жалпы атпен шығарды. Ежелгі Грекия тарихы жөніндегі егжей-тегжейлі еңбек Англияда ХІХ ғ. ортасында басылып шыққан Дж. Гроттың (1794-1871) 12 томдық Ежелгі Грекияның тарихы болды. Ол архаикалық және классикалық кезеңдерді қамтиды. Автор афины демократиясын дәріптеді, бірақ А.Македонскийдің жаугершілік соғыстарын дәріптеуден аулақ болды. Грекия тарихының басты ерекшелігі ежелгі гректердің өмірін терең ұғынуға, оған терең бойлауға ұмтылу болды. Батыс еуропалықтар сияқты ежелгі Грекия мен Римнің орыс тарихнамасы ХVІІІ ғ. антик авторларының шығармаларын орыс тіліне аударумен шектелді. Антик тарихын ХҮІІІ ғ. соңында орыстың демократияшыл қайраткері А.Н.Радищев көпшілікке түсінікті тілмен, өлең түрінде ұсынды. ХІХ ғ. І жартысында орыстың буржуазия тарихнамасының прогресшіл өкілі Т.Н.Грановский түпдеректерді зерттеудің Б.Нибур ұсынған әдістерін пайдалана, жетілдіре отырып, Ежелгі Грекия тарихына назар аударды. Оның Тарихи сипаттама, Ұлы Александр деген аса көрнекті жұмысы ерекше мәлім болды.
ХІХ ғ. І жартысында және ортасында ежелгі Грекия тарихы жөнінен ірі маман М.С.Куторга (1809-1886) болды. Ол өзінің ғылыми және педагогикалық қызметін ежелгі Элладаның архаикалық және классикалық кезеңдерін зерттеуге арнады. Куторганы және оның қызметін, ХІХ ғ. ІІ жартысында өріс алған, орыстың антик-тарихшылар мектебінің негізін қалаушы деп санау керек.
Орыстың антик эпиграфиялық мектебінің іс жүзіндегі негізін қалаушы Ф.Ф.Соколов (1841-1909) көрнекті эпиграфист, кейіннен папиролог те болды. Ол негізгі назарды эллинизм дәуіріне аударды. Ф.Ф. Соколов - грек жазбаларының, мұқият жүзеге асырылған зерттеулердің авторы. Ол ежелгі гректердің бостандықты тұңғыш сезген, бірақ құлдықтың болуы салдарынан жалпыға бірдей теңдік дегенді түсінбегендер есебінде сипаттады.
Ф.Ф.Соколовтың шәкірті, аса көрнекті эпиграфист В.В.Латышев (1855-1921) Қара теңіздің солтүстік жағалауындағы ежелгі грек отарларын зерттеді. Оның неғұрлым маңызды ғылыми еңбектері Евксин-Понтының солтүстік жағалауындағы ежелгі грек және латын жазбалары және Скифия мен Кавказ туралы грек және латын ежелгі жазушыларының хабары деген жинақтары болды.
Москва университетінің профессоры Р.Ю.Виппер (1859-1954) ежелгі Грекия тарихы жөнінде бірнеше еңбек жариялады, олардың ішіндегі ең бастысы Б.з.б. ІХ ғасырдан ІV ғасырға дейінгі классикалық дәуірдегі Грекия тарихы болып табылады. Р.Ю.Виппер әлеуметтік-экономикалық мәселелерге назар аударды. Аса көрнекті эллиндік папиролог Қазан университетінің профессоры М.М.Хвостов (1872-1920) болды. Оның басты еңбектері түпдеректердің мол материалдары жинақталған Грек-Рим Египетінің шығыс сауда тарихы және Грек-Рим Египетіндегі тоқыма өнеркәсібі деген екі монографиясы болды.
30-жылдары ежелгі дүние тарихы жөніндегі кеңестік мамандардың бірлесіп күш жұмсауымен ежелгі құл иеленушілік қоғамының тұтас тарихи дамуындағы жалпы заңдылықтар және ежелгі Шығыс, Грекия эллинизм дәуірі мен Рим тарихтары зерттелді. Егер соғысқа дейінгі уақытта кеңестік антик тарихшылары басты назарды жалпы проблемаларды шешуге аударған болса, 30 жылдары құрылған база негізінде енді жеке кезеңдердің, жеке аудандардың тарихын және арнаулы тақырыптарды ойдағыдай талдай бастады. Ежелгі Грекия мен эллинизм дәуірінің тарихы жөнінде Қара теңіз бойындағы грек отарларының тарихын баяндайтын, жекелеген ежелгі грек полистеріне және олардың тарихындағы жеке кезеңдерге арналған, эллинизм дәуірін бейнелейтін т.б. бірқатар монографиялар шықты. Мысалы, В.Ф.Гайдукевичтің 1949 ж. шығарылған Боспор патшалығы, А.Б. Рановичтің (1950) Эллинизм және оның тарихи ролі, С.Я.Лурьенің Микены Грекиясының тілі мен мәдениеті (1957), К.М.Колобованың Ежелгі Афины қаласы және оның ескерткіштері (1961), М.М.Кобылинаның Милет (1965), Э.Д. Фроловтың Орыстың антик тарихнамасы (1967) деген және басқа да көптеген еңбектер.
Рим жылнамалары. Анналистері. Рим мемлекетінің сыртқы күш-қуатын идеологиялық жағынан орнықтырудың қажеттігі анналистердің (жылнамашылардың) алғашқы тарихи-әдеби шығармаларды жасауына әкеп соқты. Анналистердің шығармалары неғұрлым кейініректегі авторлардың шығармаларында кездесетін үзінділерден ғана белгілі болып отыр. Олардың дәстүрлері мен ерекшеліктерін түсіну үшін бұлардың түп деректерін – фастылар мен анналдарды сипаттау керек.
Фастылар дегеніміз жоғарға абыздар құрастырған күнтізбелік жазбалар. Оларда жекелеген және мемлекеттік істерді жүргізуге рұқсат етілген ай күндері, діни мереке күндері белгіленетін. Фастылардың пайда болуы ертеректегі республиканың (б.з.б. VІ-ІV ғ.ғ.) бастауына жатқызылады. Бұл ежелгі жазулар галл шапқыншылығы кезінде жойылып кеткен (б.з.б. 390 жыл). Басқа түпдеректер абыздардың ауа-райын түсірген жазбалары еді. Жыл сайын бас абыз өз үйінің қабырғасына ақ тақтайша іліп, онда стихиялық күйзелістерді, күн мен айдың тұтылуын, соғыстың басталуы мен аяқталуын т.б. сипаттап жазды. Б.з.б. 130 ж. шамасында аға абыз ұлы понтифик Публий Муций Сцевола понтификтердің барлық жазбаларын бірыңғайлап тұтастырды. Ол Ұлы анналдар басып шығарады. Рим тарихының ертеректегі түпдеректерінің ерекшеліктері аға анналистер деп аталған б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырлар тарихшылары шығармаларының сипатында көрінеді. Аға анналистердің ең әйгілісі Квинт Фабий Пиктор болды (б.з.б. ІІІ ғ. соңы). Ол Анналдар шығармасын грек тілінде жазды. Мұнда Италияда Энейдің пайда болған кезінен екінші Пуни соғысына дейін Рим тарихы баяндалады.
Латын тіліндегі алғашқы тарихи шығармаларды латын прозасының негізін қалаған Марк Порций Катон (б.з.б. 234-149) жазды. Ол көрнекті мемлекеттік қайраткер (консул және цензор), тарихшы, шешен еді. Катонның жеті кітаптан тұратын Начала деген тарихи еңбегі бізге дейінгі үзінділер күйінде және неғұрлым кейініректегі тарихшылардың баяндауында келіп жетті. Катон бұл еңбекте түрлі Италия қауымдарының тарихын береді. Катонның еңбегінің анналистер еңбегінен айырмашылығы ол әр италиялық мемлекеттің қайдан басталғанын түсіндірді, яғни италия тайпалары мен қалаларының тарихын баяндады. Катон анналистер үшін міндетті болған жылдап баяндаудан бас тартты. Оның шығармаларының басқа бір ерекшелігі мұнда қолбасшылардың, мемлекеттік адамдардың есімдерінің жоқтығы болып табылады.
Б.з.б. ІІ ғ. 30 ж. бастап Рим республикасында жаңа немесе кіші анналистер деп атау қабылданған авторлардың – Луций Целий, Антипатр, Семпроний Азеллион шығармалары пайда болды. Кіші анналистер төтенше оқиғалар, аңыздар туралы әңгімелер жазды. Олардың шығармаларындағы жаңалық материалды жылнамалап баяндаудан бас тарту еді. Кіші анналистер оқиғалардың себептері мен мән-жайын анықтауға тырысты.
Республика заманының тарихшылары және принципаттың басталуы. Б.з.б. ІІ ғ. ІІ жартысында Полибий Жалпы тарих жазды. Мұнда б.з.б. 264-146 ж.ж. оқиғасы баяндалады, оның еңбектері ғылыми зерттеу еді. Полибий грек тарихнамасының үздік дәстүрлерін ұстанды. Алайда оның саяси көзқарастары Рим қоғамының консервативтік жіктерінің мүдделерін білдіретін еді. Римнің Жерорта теңізі өңірінің шығыс бөлігінің өміріне араласуын қадағалай отырып, Полибий рим билігі орнауының сөзсіздігі туралы қорытындыға келді. Полибий тарих нағыз оқиғаларды түсіндіріп, олардың дамуының одан арғы жолдарын анықтауға мүмкіндік береді, яғни тарих өсиеттеп, үйрете алады, іс жүзінде де пайдалы бола алады деп жорамалдады.
Б.з.б. І ғ. республиканың құлдырау және империяның пайда болуы кезеңі болды. Бұл кезең үшін түпдеректер негізінен алғанда – Марк Туллий Цицеронның, Гай Юлий Цезарьдың, Гай Крисп Саллюстийдің шығармалары болып табылады. Саяси қайраткер, шешен, заңгер, жазушы Цицеронның шығармаларының б.з.б. Іғ. тарихын оқып үйрену үшін маңызы зор. Ол филология мен тарих жөнінде сөйлеген сөздер, хаттар, трактаттар қалдырды. Цицеронның саяси көзқарастары оның Римнің консервативтік-аристократтық, республикалық топтарына жататындығымен анықталатын. Ол монархияның, олигархияның және дамократияның аралас формасы туралы тезисті ұсынды. Басқарудың осындай аралас формасы оның пікірінше мемлекеттің беріктігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге тиіс еді.
Б.з.б. І ғ. екінші бір тарихшысы – Гай Крисп Cаллюстий Цезарьды жақтаушы болды, әрі оның консулдығында бірқатар көрнекті магистратураларды атқарады. Цезарь қайтыс болған соң Саллюстий саяси қызметтен кетіп, бар уақытын тарихи еңбектерді шығаруға арнады. Оларға: Цезарьға хаттар, Катилина заговоры, Югуртин соғысы, және тек үзінділері жеткен Тарих жатады. Бұл шығармаларында Саллюстий республиканы жақтаушылардың – нобилитет пен плебс арасындағы аралық жағдайды алып отырған орташа ауқатты плебей топтарының идеологы болып көрінеді. Цезарьға хаттар және катилина заговоры тарихи монографиясында Саллюстий Римнің бүкіл тарихын үш дәуірге бөледі: 1. патшалық дәуір- патша өкіметі зорлық-зомбылыққа айнала бастағанда аяқталады; 2. Алтын ғасыр - ІІ Пуни соғысынан б.з.б. 146 ж. Карфагеннің қирауына дейінгі уақытқа созылады. Бұл үшін өкіметтің сайланушылығы, бостандық, ізгі ғұрыптар, халықтың сенатқа бағынуы, ал сенаттың даналықпен және кемеңгерлікпен көзге түсуі тән.; 3 кезеңде мемлекеттің қауырт та тез құлдырауының негізгі себебі ғұрыптардың құлдырауы болып табылады.
Екінші дәуір – Югуртин соғысы монографиясында соғыс қимылдарының барысы плебс пен сенат арасындағы күреспен тығыз байланыста көрсетілген, мұны автор тарихи процестің қозғаушы күші ретінде алып қарастырады.
Соңғы дәуір – Тарих шығармасы б.з.б. 78 жылдан 67 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл еңбектің бес кітабының үзінділері жеткен. Мұндағы жаңа нәрсе – кемшіліктерге толы нобилитетке қарсы тұратын бірден-бір күш ретінде рим халқының маңызын атап көрсету тенденциясы.
Б.з.б. І ғ. ең жарқын саяси қайраткерлерінің бірі Гай Юлий Цезарьдың (б.з.б. 100-44) ең маңызды тарихи шығармасы б.з.б. 51 ж. жарияланған Галл соғысы туралы жазбалар деген мемуары. Б.з.б. 52-51 жылдар оқиғалары Цезарьдың досы Гирцийдің Жазбаларының VІІІ кітабында баяндалған. Алайда ол стилі жағынан Цезарь кітабынан кем соғады. Бұл мемуарлардың тарихи құндылығы зор. Олар Цезарьдың байқауларына, галлдар мен германдықтардың әңгімелеріне, ресми құжаттарға, Цезарьдың, квесторлар мен преторлардың сенатқа жазған хабарларына негізделген. Бұл еңбектерде б.з.б. 55 жылдан 51 жылғы жалпы галл көтерілісін басуға дейінгі Галлиядағы римдіктердің соғыс қимылдары сипатталады.
Ритор Тит Ливийдің Қаланың негізі қаланғаннан бергі Рим тарихында аңызға айналған уақыттан өз заманына дейінгі Рим тарихын түгелдей қамтуға тырысты. Оның күрделі еңбегі 142 кітаптан тұрады, олардыі 38 ғана және басқа кітаптардан кейбір үзінділер сақталған.
Б.з.б. І ғасырда грек жазушылары – Диодор Сицилийский (б.з.б. 90-21) мен Дионисий Галикарнасский рим тарихына шолу беруге тырысады. Сицилийскийдің Тарихи кітапханасының 40 кітабынан ХІ-ХХ кітаптары ғана сақталған. Оның шығармасында Римнің ежелгі тарихы туралы мәліметтер бар. Рим республикасындағы тап күресінің тарихы үшін құлдардың Сицилия көтерілістері туралы оның хабарының бағасы зор. Галикарнасскийдің Рим ескерткіштері еңбегінің 20 кітабынан алғашқы оны ғана жетіп отыр, қалғандары үзінділерде сақталған. Бұл еңбекте Италияның этнографиясы мен ежелгі тарихы жөнінде қызықты материал бар.
Республика кезеңінде Италияның ауыл шаруашылығын зерттеу үшін Катон мен Варронның шығармалары түпдеректер болып табылады. Катон өзінің Егіншілік туралы трактатында Италия үшін тән болып келетін орташа көлемді, рынокпен байланысқан үлгілі иеліктің (имение) сипаттамасын береді. Бұл еңбектің б.з.б. ІІ ғ. құл иеленуші имениенің құрылысын зерттеу үшін маңызы зор.
Тарихқа, риторикаға, философияға, географияға, юриспруденцияға, математикаға ынта қойған рим жазушысы Марк Теренций Варрон (б.з.б. 116-27) өз заманының әйгілі ғалымы болды. Варрон Цезарьдың тапсырмасымен Римде көпшілік кітапханасын ұйымдастырады. Оның Ескерткіштер деп талатын еңбегі энциклопедиялық сипаттағы ірі еңбек болып саналады. Сонымен қатар автордың Латын тілі туралы және Ауыл шаруашылығы туралы трактаттарының маңызы өте зор.
Рим империясы дәуірінің тарихшылары. Принципат заманында өз заманының және Рим республикасы соңғы жүз жылдығының тарихын сипаттап жазған латын және грек жазушылары өмір сүрді.
Латын авторларының бірі Веллей Патрекул (б.з.б. 20-30 жыл шамасы) өткендегі рим тарихының қысқаша шолуын, Август принципаты мен Тиберий басқаруының алғашқы жылдарының әскери және саяси тарихын толық сипаттап берді.
Иосиф Флавийдің әдеби қызметі б.з. І ғасырына (37-90 жылдар) жатады. Эллинденген иудей аристократиясының ортасынан шыққан римге қарсы қарсы көтеріліске қатынасушы И.Флабий император Веспасианның жақын адамы болып, римдіктер жағына шығады. Ол грек тілінде Иудей соғысының тарихын, Өмірбаянын, Иудей археологиясын жазды. Флавий б.з.б. І ғ. азамат соғыстары дәуірі жайында, шығыс провинциялар мен көршілес мемлекеттерге (Армения, Парфия) Август пен оның мұрагерлерінің саясаты туралы хабарлайды. Б.з. 41 ж. Римде республикалық құрылысты қалпына келтіру әрекеті туралы оның мәліметтері төтенше қызық.
Осы заманғы рим тарихшыларының ең әйгілісі Корнелий Тацит (54-120 жылдар) болды. Текті салт аттылар отбасынан шыққан Тацит жас шағында әскери адам болды, Британияда қызмет етті. Тацит б.з. 68 ж. 96 жылына дейінгі уақытты қамтитын – Тарихты, Августтың қайтыс болуынан (б.з. 14 ж.) Неронның билігінің соңына дейінгі (б.з. 68 ж.) уақыттың сипаттамасы бар Анналдарды (Жылнамаларды), сондай-ақ Рим империясының шегінен тыс жерлерді мекендеген герман және басқа Еуропа тайпалары мен халық топтарының толық этнографиялық сипаттамасын берген Германия шағын еңбегін жазды. Өзінің шығармаларында, әсіресе Анналдарда, Тацит Римнің республикалық кезеңін дәріптейді, өз заманындағы тәртіптерді, Юлий-Клавдийлер династиясы императорларының жүгенсіздігі мен деспотизмін сипаттап жазды. Ф.Энгельс Тацитті ескі Рим парасатты патрициан бейнелеуінің ақырғы өкілі деп атайды.
Тацит баяндауларының маңызды қосымшасы Светоний Транквил (70-160 жылдар) шығармасы болып табылады. Оның еңбектерінің ең әйгілісі Он екі цезарьдың өмір жазбасы (Ю.Цезарьдан Домициан Флавийге дейін) болып табылады. Светоний тарихи оқиғалардың барысын жүйелі түрде баяндап шығуға ұмтылмайды. Ол суреттеген адамдарының әдеттерін, олқылықтарын сипаттайды, оның өмірбаны күлкілі оқиғаға толы болып келеді. Плутарх та өмір тарихы туралы жазды. Бірақ оның өмір тарихынан Гальба мен Отон императорлардың өмірінің жазбалары сақталған.
ІІ-ІІІ ғасырлар межесінде ежелгі дүниеге әйгілі болған тарихшы Дион Кассий (155-235 ж.ж.) ежелгі заманнан бастап б.з. 235 ж. дейінгі толық қамтылған Рим тарихынжазып шығады.
Б.з. ІІІ ғ. саяси дағдарыс әдебиетпен шұғылдануға қолайлы болмады. Империяның саяси тұтастығы қалпына келтірігеннен кейін ғана ІV ғ. басында, жаңа тарихи деректер пайда болды. августер тарихының жазушылары жинағы осы уақытқа жатады. Осы жинаққа император тағында отырған немесе отыруға әрекет жасаған барлық адамдардың өмір тарихы орналастырылған.
Антик дүниенің көрнекті тарихшысы сириялық Антиохиядан шыққан грек Аммиан Марцеллин (330-400ж.ж.) болды. Аммиан Тацит еңбегін жалғасытыру мақсатында Іс әрекет деген атпен үлкен еңбек жазады. Оның еңбегі 96 жылдан 378 жылға дейінгі уақытты қамтыды. Аммиан саяси, негізінен алғанда әскери тарихты толығынан баяндап шығады. Автор рим қоғамы мен мемлекетінің құлдырау сипаттарын ашына атап көрсетеді. Әсіресе ол ІҮ ғ. 70 ж. соңында Рим империясының ауыр жағдайына император сарайы адамдары мен императордың өздерін кінәлап жауапты санады.
Рим империясы тарихы жөніндегі маңызды мәліметтер географтардың (Страбонның, Пампоний Меланың, Клавдий Птолемейдің) еңбектерін де бар.
І ғасыр энциклопедисі – Үлкен Плинийдің Табиғи тарихы қызықты материалдардан тұрады. ІҮ ғасырдан христиан жазушыларының еңбектері де көріне бастайды. Бұлардың ең маңыздылары – эпископ Евсевийдің (263-340) Шіркеу тарихы мен Гиппон қаласының епископы Августиннің (354-430) Тәңірі қаласы туралы кітабы еді.
Эпиграфика мен нумизматикалық түпдеректер. Эпиграфкалық материал негізінен алғанда кейініректегі республика мен империя тарихы үшін бағалы түпдерек, өйткені Тит Ливий деректеріне қарағанда неғұрлым ертедегі үскі жазбалар б.з.б. 390 ж. галл өртінде жойылып кетекн. Б.з.б. VІІІ-VІІ ғ. жазбалар негізінен этрус үскі жазбалары. Б.з.б. ІІІ-І ғ.ғ. үскі жазбалары сан алуан. Вотивті немесе арналған, қайсыбір атақты оқиғаның, тарихи адамның құрметіне қойылғанқұрметтік документальды, қабір үсті жазбалары бар. Кірпіш үстіндегі штемпелдер, таңбалар, тұрмыс қызметі заттарындағы жазулар қосымша мәліметтер береді. Үскі жазбалар жиі үзінді түрінде, бір жақты келеді, алайда ежелгі Италияның халқының этникалық құрамы туралы, Рим мемлекетінің саяси әкімшілік сот өмірі тұрғындарының идеологиясы туралы, қалалардың, селолардың, тайпалардың территория шекаралары туралы бағалы мәліметтер береді. Республика тарихын зерттеу үшін нумизматикалық түп деректер маңызды материал болып саналады. Республика кезінің үскі жазулары, қызмет адамдарының бейне суреттері, олардың күміс ақша аверсіндегі эмблемалары Римнің шаруашылық саяси тарихы туралы, кейде таптық және идеологиялық күрес туралы да ұғымдарды нақтылай түседі.
Барлық түпдеректерді - әдеби, археология, эпиграфика және нумизматика түпдеректерін кешенді салыстырып, зерттеу республикалық кезеңдегі Рим мемлекетінің орталық аймақтарында, сондай-ақ шет аймақтарын мекендеген тайпалар мен халықтар тарихының негізгі проблемаларының шынайы мазмұнын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Орта ғасырлық Еуропа мен Русьте (ІV-ХVІІІғ.ғ.) ежелгі Рим тарихын зерттеп үйрену. Рим тарихына ынта қою Византия мен Батыс Еуропа елдерінде де, Русьте де бүкіл орта ғасыр бойына сақталып келді.
Б.з. ІV ғ. өзінде-ақ Рим империясында мектеп құралдарына айналған Рим тарихының қысқаша очерктері пайда болды. Неғұрлым кейінірек Византияда рим қайраткерлерінің атаулары мен есімдерін түсіндіретін анықтама сөздіктер, ежелгі тарихшы еңбектерінің үзінділерінен, дербес тарихи хроникалардан тұратын жинақтар пайда бола бастайды.
Алғашқыда антик мәдениеттің әуесқойлары мен табынушыларының гуманистерінің қызметі – ежелгі күміс ақшаларды, өнер ескерткіштерін, қолжазбаларды жинау болды. Ежелгі қолжазбаларды ең көп жинаған гуманист Поджио Брачиолини (1380-1459) арқасында Цицеронның, Тациттің, философ материалист Лукрецийдің жоқ болып кеткен шығармалары табылды. ХV ғ. ортасында Римдегі Ватикан кітапханасында латын және ежелгі грек жазбаларының алғашқы шығармалары жиналады. Осы кезде антик рим өнері шығармаларының жинағы – Ватикан мұражайы пайда болады.
ХV ғ. соңы мен ХVІ ғ. Францияда, кейінірек Германияда, Чехияда, Польшада ежелгі дүние тарихын зерттеу орталықтары, Грекия мен Римде университтер, арнаулы мектептер (гимназилар) болады, бұларда латын және ежелгі грек тілдері, әдебиет пен тарих оқытылады.
ХVІІ ғ. соңында ағылшын Лорд Арундель Италияның оңтүстігінде ежелгі қалалардың бірінің орнын тұңғыш рет қазу ісін жүргізеді.
ХVІ ғ. соңы мен ХVІІІ ғ. рим тарихын зерттеуде француз ғалымдары мейлінше табысты жұмыс істеді. Парижде аббат Ленэ де Тиллемонның көп томдық Христиан шіркеуінің алғашқы алты ғасырында басқарған императорлар мен басқа әміршілер тарихы (1690-1738) басылып шықты. Бұл Рим империясы тарихының ең толық баяндалуы еді.
Ұлттардың ортақ табиғаты туралы жаңа ғылымның негіздері социологиялық еңбегінде (1725ж) итальяндық Д.Вико барлық халықтар дамудың түрлі сатыларынан өтетіндігін дәлелдеуге тырысты.
Француз ағартуының көрнекті қайраткері Ш.Монтескье Римдіктердің ұлылығы мен құлдырауының себептері туралы пайымдау трактатында (1734) Римнің күш-қуаты, оның нашарлауы мен құлдырауы пайда болуының себептерін қарастырады. Ф.Вольтер Тарих философиясы (1765) еңбегінде антик өркениет мәселесіне көңіл аударады. Ол халық және мәдениет тарихын жақтап, соғыстар мен әміршілер тарихына қарсы шығады. Вольтер тарихшылардан ежелгі жазушылардың баяндауларына сын көзбен қарауды талап етті.
Орыс мемлекетінің Италиямен байланысы ХV ғ. орнатылды. ІІІ Иванның София Палеологқа үйленуінен кейін Москваға ежелгі грек латын кітаптарынан тұратын кітапхана әкелінеді. 1512 ж. Москвада Үлкен жылнама немесе Хронограф құрасытырылады. Мұнда көне мемлекеттер туралы, соның ішінде Рим империясы туралы мәліметтер бар. ХVІІІ ғ. басында Ресейде антик авторлардың шығармалары басылып шықты. 1725 ж. бастап Рим тарихына арналған шетелдік шығармалар аударылады. Осылайша Батыс Еуропа мен Ресейде ежелгі Рим тарихын ғылыми зерттеп үйренудің негізі қаланады.
ХІХ ғ. Батыс Еуропа мен Ресейде Рим мен Рим империясының тарихын зерттеу. ХҮІІІ ғ. тарихшыларының зерттеу объектісі негізінен алғанда Рим империясының дәуірі болса, енді ХІХ ғ. республиканың ертеректегі кезеңін зерттеуге көңіл бөлді. ХІХ ғ. зерттеушілері түпдеректерді зерттеуге сын көзбен қарай бастады. Осындай ғалымдардың бірі – дат Б.Нибур (1776-1831) болды. Оның негізгі еңбегі рим тарихы аяқталмай қалды. Нибурдың тарихи-сын әдісі зор маңызға ие болды. Нибур зерттеулерін жалғастырушы, 1500-дей баспа жұмыстың авторы, неміс тарихшысы Т.Моммзен (1817-1903) болды. Оның ең маңызды еңбектері – Рим мемлекеттік правосы, рим қылмыстық правосы, Рим күміс ақша ісінің тарихы, Цезарьға дейінгі Рим хронологиясы еді. Ең әйгілі Рим тарихы болып қала берді. Неміс тарихшысы К.Нич (1823-1880) б.з.б. ІІ ғ. соңындағы Рим республикасында аграрлық заңдардың айналасындағы күресті зерттеумен шұғылданды. Түпдеректерді талдап шыққан К.Ничтің Рим аналитикасының шығуынан бастап Валерий Анциатқа дейін монографиясының бүгінге дейін өте зор ғылыми маңызы бар. ХІХ ғ. І жартысында және ортасында Рим тарихын зерттеген француз ғалымы А.Валлон (1812-1914) Ежелгі дүниедегі құлдық қоғам тарихы еңбегінде ежелгі дүниенің шаруашылық және қоғамдық өмірінде құлдықтың маңызын атап көрсетуде орасан көп іс жүзіндегі материалдарды жинады. Сонымен қатар Н.Фюстель де Куланждың (1830-1889) Антик қауым мен Рим колонаты еңбектері еуропада кеңінен мәлім болды. 1850 ж. ағылшын Ч.Меривальдың 8 томдық Империя дәуіріндегі римдіктер тарихы шығады. Ол Ю.Цезарьдан 180 жылға дейінгі уақытты қамтиды.
К.Маркс пен Ф.Энгельс өз еңбектерінде Рим тарихының кейбір мәселелерін қозғайды. Мысалы, Маркстің Неміс идеологиясы мен Капиталистік өндірістің алдында болған формалар қолжазбасында жеке меншіктің антик формаларының сипаты туралы мәселе талданады. Рим империясындағы әлеуметтік қатынастарды түсіну үшін Ф.Энгельстің Бруно Бауэр және алғашқы христиандық еңбегінің, ал христиандық идеологияның пайда болуын түсіну үшін оның Аян кітап еңбегінің маңызы бар. Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы деген еңбегінде ертеректегі рим қоғамының сипаттамасын беріліп, тапсыз қоғамнан таптық қоғамға өту процесінің аяқталуы қадағаланып, Рим империясының ыдырауы мен құлауын тудырған себептер талданады.
Рим тарихы бойынша маманданған алғашқы орыс ғалымдарының бірі Д.Л.Крюков (1809-1845) болды. Рим патрицийлері мен плебейлерінің діни қатынастарындағы алғашқы айырмашылығы туралы ойлар монографиясында ол патриций мен плебс сенімдерінің жүйесіндегі айырмашылықты анықтап берді. Оның мұрагері Т.Н.Грановский (1813-1855) Москва университетінде орта ғасыр тарихына кіріспе ретінде Рим империясының курсын оқыды.
В.Г.Белинский рим әдебиеті тарихының мәселелері жөнінде, сондай-ақ рим қоғамы мен мемлекетінің тарихи дамуының жалпы процесі туралы пікірлерін айта келіп, рим ақындары мен жазушыларының шығармашылығына мінездеме береді. Н.Г.Чернышевский Рим империясының құлау себептері туралы рецензия-мақала жазады. Н.А.Добролюбов Саллюстий мен Ю.Цезарь шығармаларының аудармасын рецензиялай отырып, б.з.б. 60 ж. рим қоғамының жағдайына талдау жасайды. Республикалық құрылыстың құлауы мен приципаттың пайда болу проблемасы Р.Ю.Виппердің (1859-1954) рим империясы тарихының очерктерінде толық қамтылып талданды. Кеңестік ғылыми әдебиеті дамуының келесі кезеңі рим тарихы жөнінде жалпы курстың жасалуы болды. 1936 ж. С.И.Ковалев антик қоғам тарихының дәрістерінің екі томдық курсын жариялады. В.с.Сергеевтің Ежелгі Рим тарихы жөніндегі очерктері (1938) екі бөлімді үлкен еңбегі неғұрлым жүйелі еңбек болды. 1934 ж. С.а.Жебелев пен С.И.Ковалев Б.з.б. ІІ-І ғ.ғ. құлдардың ұлы көтерілістері жинағын жариялады. Екі жылдан соң А.В.Мишулиннің Спартак көтерілісі кітабы пайда болды. 1937 жылдан бастап Ежелгі тарих хабаршысы арнаулы журналы шығады. 1947 ж. Н.А.Машкиннің Ежелгі Рим тарихы оқу құралы басылады, 1948 ж. С.И.Ковалевтің Ежелгі Рим тарихы оқу курсы жарияланады. Сонымен қатар Р.Ю.Виппердің Христиан әдебиетінің пайда болуы (1946) және Рим және ертеректегі христиандық (1954), А.Б.Рановичтің Б.з. І-ІІІ ғ.ғ. Рим империясының шығыс провинциялары (1949), Е.М.Штаерман Рим империясының батыс провинциялардағы құл иеленуші құрылыстың дағдарысы (1957), С.Л.Утченконың Рим республикасының дағдарысы мен құлауы (1965) және Республиканың құлауы қарсаңындағы Римдегі саяси-идеялық күрес атты еңбектерін атауға бола
Ежелгі Крит және б.э.д. ІІІ-ІІ м.ж. Ахейлік мемлекеттер.
Б.э.д. ХІ-ІХ ғасырлардағы Гомерлік Грекия

Жоспары:
1.Б.э.д. ІІІ-ІІ м.ж. Крит-Микен немесе Эгей өркениеті.
2.Археологиялық қазба жұмыстарының материалдары.
3.Дорийлердің қоныс аударуы және Крит-Микен қоғамының күйреуі.
4.Б.э.д. ХІ-ІХ ғасырлардағы Гомерлік Грекия.
Әдебиеттер:
1. Под ред. В.И.Авдиева., А.Г.Бокщанина., Н.Н.Пикуса. История древнего мира. –М., 1972.
2. В.С.Сергеев. История древней Греции. –ОГИЗ, 1948.
3. Под ред. А.Г.Бокщанина. История древнего мира. –М., 1982.
4. Ф. Велишский. История цивилизации (Быт и нравы древних греков и римлян). –М., 2000.
5. Г.М.Бонгард-Левин. Древние цивилизации. –М.,1984.
6. К.Ф.Беккер. История древнего мира. Восток-Греция. –М., 2001.
7. А.И.Немировский. История древнего мира. (Античность) –М., 2000.
8. И.А.Ладынин и др. История древнего мира (Восток, Греция, Рим). –М., 2005.

Ежелгі адамдардың алғаш өмір сүрген жерінің бірі Балкан жарты аралының оңтүстігі болғандығын археологиялық қазба жұмыстары анықтады. Бұл жерде адамдар палеолит дәуірінде – ақ өмір сүрген. Б.э.д. VI м.ж. бастап неолит дәуірінің орнағанын да археологиялық қазба жұмыстары анықтады. Неолиттің ең бастапқы кезеңінен – ақ өмір сүруге қолайлы аралдар, оның ішінде Крит, алғашқы адамдар мекендеген жерлер болып табылды. Б.э.д. V м.ж өзінде – ақ Крит аралына Кіші Азиядан келіп қоныстанушылар болған. Кейінірек Крит тұрғындары өзінің әлеуметтік – экономикалық дамуында Эгей дүниесінің өзге аймақтарын басып озды. Артур Эванстың басшылығымен Крит аралын археологиялық зерттеу ХIХ ғасырдың 90 жылдарында басталды және де оның ежелгі тарихын қалыпқа келтіруге мүмкіндік берді.
1900 жылдан бастап А.Эванс Крит билеушісі Миностың астанасы ежелгі Кноссты қаза бастады. Археологиялық қазба жұмыстары Криттің өзге аймақтарында да жүргізілді.
Балкан жартыаралының оңтүстігін және Кіші Азияның Эгей жағалауын археологиялық жолмен зерттеуді бұдан да ертерек қолға алған Г.Шлиман болды. 1870 жылы ол Түркия территориясындағы Гиссарлык жотасында қазба жұмыстарын бастады. Оның есептеуінше бұл жерде Гомерлік Трояның қалдықтары болуы қажет еді. Арасына уақыт салып 1870 – 1890 жылдар аралығында Шлиман Гиссарлық жотасында арнайы қазба жұмыстарын жүргізу нәтижесінде, тек қана Трояның орналасқан жерін ғана емес, сондай – ақ Эгей теңізіндегі ежелгі мәдениеттің маңызды ошағын тапты. Сонымен бірге Г.Шлиман Балкан Грекиясындағы материалдық мәдениеттің ежелгі ескерткіштерін зерттеуге жол салды. 1874 – 1885 жылдар аралығында ол Микен, Орхомен, Тиринфте қазба жұмыстарын жүргізіп, аса құнды мәдени ескерткіштерді тапты.
2. Египет түпдеректерінде Крит пен Египет арасында ежелгі кезеңде тығыз байланыстар болғандығы туралы мәліметтер кездескен. Бірқатар Египет бұйымдары Критте табылса, ал Крит бұйымдары Египет территориясынан табылған. А.Эванс Ежелгі Крит тарихын археологиялық кезеңдерге бөлді және де оның негізіне Ерте (көне), Орта және Жаңа патшалық деп бөлінген Египет тарихының кезеңдерін алды.
Б.э.д. III – II м.ж. Крит мәдениетін Эванс мифтік сипаттағы Крит патшасы Миностың атымен, Минойлық деп атады. Осылайша Ежелгі Крит тарихы мынадай кезеңдерге бөлінді : 1) Ерте минойлық кезең (б.э.д. 2800 - 2200); 2) Орта минойлық кезең (б.э.д. 2200 - 1600); 3) Кейінгі минойлық (б.э.д. 1600 - 1100); кезең. Өз кезегінде әрбір кезең үшке бөлінді (1,2,3).
Ерте минойлық кезеңде Крит аралында алғашқы қауымдық қатынастардың баяу түрдегі ыдырау процесі жүріп жатты және де мүліктік жіктеліс орын алды. Б.э.д. 2200 жыл шамасында орталықтары Кносс, Маллия және Фест болып табылатын бірнеше тайпалардың одағы пайда болды. Бұл орталықтар орта минойлық кезеңнің басында ерте таптық мемлекеттерге айналды. Кипрдің Эгей теңізі аралымен және Балкан жартыаралымен (оңт.) мыс және қола бұйымдарымен сауда жасауы Крит арқылы жүзеге асты.
Б.э.д. III м.ж. дамыған қола ғасырына өту басталды. Осы кезеңде алтын мен эмальдан жасалған атақты әшекей бұйымдары пайда болды. Өсімдік суретімен безендірілген ыдыс – аяқ ерекше көзге түскен.
Крит мүсіншісі құдайдың, адамдардың және жануарлардың тамаша мүсіндерін жасады. Сондай – ақ күнделікті тұрмысқа қажетті саздан жасалған ыдыстар дайындаған. Мөрлердің болуы жеке меншіктің орын алғанын дәлелдейді.
Б.э.д. 2000 жылы Кносста жергілікті билеушінің ертеректе салынған резиденциясының орнына қашалған тастан тамаша сарай тұрғызылды. Бұл сарай б.э.д. ХVI ғасырларға дейін өмір сүрді. Онда тұрғын жай бөлмелер, дәліз, қонақ бөлмелер, әртүрлі шаруашылыққа қажетті бөлмелер болды. Тік бұрышты орталық зал – мегарон деп аталды. Бұл жерде көпшілік жиналыстар өткізіліп тұрды. Қонақ бөлмелердің қабырғалары өсімдік, жануар суреттері бейнеленген фресктермен безендірілді.
Б.э.д. 1750 ж Критте көп өзгеріс әкелген оқиғалар болды. Кносс пен Фесттегі тамаша сарайлар қиратылып, талқандалды. Бірақ оның себебі белгісіз болып қалды. Жақын арада сарайлар қайта тұрғызыла бастады және аралда негізгі маңызға ие болған Кносс болды. Оңтүстік Крит аралының әртүрлі аймақтарынан Кноссқа қарай салынған жолдар құрылысы табылған. Б.э.д. ХVIII ғасырдың II жартысынан бастап б.э.д. ХV ғасыр аралығы Кносс билеушісі Миностың қол астына біріккен Крит мемлекетінің құдыреті күшті елге айналған кезеңі болды.
Крит мемлекетінде жер игеру, мал шаруашылығы, қолөнердің дамуы жоғары дәрежеде болды. Сарай шаруашылығында әртүрлі маман иелері болып табылатын көптеген қолөнершілер қызмет етті. Қызметшілер арасында құлдар саны да жеткілікті болды. Теңіз флотынан өзге Крит мемлекетінде жаяу армия да болды.
Мемлекет бірнеше аймақтардан құралды және де оны (аймақтарды) патша наместниктері (пасиреве) мен ақсақалдар кеңесі (керосиями) басқарды.
Жер жартылай қауым меншігінде, жартылай жалға берілді және жеке меншікте болды. Криттің қол астындағы, теңіз бойы территорияны жергілікті басшылар басқарды және Критке салық төледі.Солардың қатарында Аттика болды. Белгілі бір мерзімде Крит аралына Аттикадан бірнеше жас қыздар мен жігіттерді Минотавр деген құбыжыққа жеуге жіберіп отырған (денесі адам, басы өгіздікі). Оларды құл есебінде пайдаланған, ал кейбіреуін шын мәнінде құдайға құрбандыққа шалған. Криттің өзге иеліктерін Миностың ұлдары басқарған.
Криттіктердің діні археологиялық материалдар бойынша белгілі. Олар үлкен храмдар тұрғызбаған, тек кіші – гірім құдайға сиынатын үйлер салған. Көптеген бейнелер мен мүсіндерге қарағанда, ең бастысы Әйел құдай болған. Көп жерлерде ол өзінің ұлымен (құдай) бейнеленген.
Ерлер құдайы 2 жақты балта (лабрис) ретінде, яғни оның көктегі және жер бетіндегі билеуші ретінде сипатталған. Сондай – ақ ер құдайы өгіз бейнесінде де болған. Діни әдет – ғұрыптарды әйелдер атқарған. Б.э.д. ХV ғасырларда Крит аралындағы ерте құл иеленушілік мемлекеттерді Балкан жарты аралының оңтүстігі, Эгей теңізінің аралығы және Кіші Азияның батыс жағалауынан келген ахейліктер басып алды. Ахейлік Крит билеушісі ванака деп аталды.
Эллада мен Киклада.. Крит тарихын археологиялық кезеңдерге бөлуді негізге ала отырып, ғалымдар Балкан жартыаралының өңірін және Эгей теңізінің аралығындағы – Киклад тарихын археологиялық кезеңдерге бөлді. Б.э.д. III – II м.ж. дәуірі материк үшін – Эллада деп, ал аралдар үшін – Киклада деп аталды. Табылған жергілікті археологиялық ескерткіштерге қарағанда ерте Элладалық және ерте Кикладалық кезеңдер б.э.д. 2600 – 2000 ж. қамтыды, ал орта Элладалық б.э.д. 2000 – 1650 ж., орта Кикладалық – 2000 – 1500 ж., кейінгі Элладалық 1650 1100ж., ал кейінгі Кикладалық кезең б.э.д. 1500 – 1200 ж. қамтиды.
Материкте неолит Критке қарағанда ұзағырақ созылды. Мыс пен қалайыны игеру бәсең жүріп жатты. Ежелгі кезеңде материк және Эгей теңізінің жеке дара аралдары, сонымен бірге Кіші Азия жағалауындағы гректерге дейінгі тайпалармен, яғни пеласгилермен қоныстандырылған болатын.
Б.э.д. ХХI - ХХ ғ. шамасында көптеген ежелгі грек тайпаларының қоныс аудару процесі жүріп жатты. Бұл тайпалардың кең таралған атауы ахейліктер болғандықтан, б.э.д. II м. ж. Грекия тарихы Ахейлік деп аталды. Б.э.д. III м. ж. тайпалардың көшіп – қонып жүру процесі бізге өте аз белгілі.
Жаңадан қоныстанушылар басып алған мекен жайдың біразын қиратып, талқандады. Қалғандары ахейліктермен сіңісіп кетті. Б.э.д. II м. ж. олар аралдар мен Кіші Азия жағалауларына қоныс тепті. Криттегі сияқты Балкан жарты аралының оңтүстігінде тап пайда болу процесі жүріп жатты. Ерте таптық қоғамның неғұрылым маңызды орталықтары - Микены, Тиринф, Пеллопонесстегі Пилос, Архомен, Фивы, Афины Орта Грекиядағы, Фессалиядағы – Иолк т.б. болды. Бұл жерлердің барлығында да бекітілген қамалдар – сарайлар сақталды. Олардың жанында жергілікті тұрғындардың селолары орналасты. Материктік Грекияның халқы жер игерумен және мал шаруашылығымен айналысты. Қолөнер түрлері жоғары дамыды. Мұның бәрі б.э.д. II м. ж. I жартысында белгілі болған.
Осы кезде ерте құл иеленушілік мемлекеттің орталығы болып табылған Микены пайда болды. Микен бекінісінде және де одан тыс бірнеше ондаған патша гробницалары табылды. Тоналмағандарынан археологтар құнды бұйымдар мен алтын маскалар тапқан. Сондай – ақ Микен сарайына жақын жерлерде орналасқан бай қолөнершілердің үйлері қазба жұмыстары кезінде табылған. Олардың бірінде 39 саз балшықтан жасалған тақталар табылған. Ал мұның өзі сарайдан тыс жерлерде де жазудың болғандығын дәлелдейді.
Микен, Тиринф т.б. сарайдың ішкі қабырғалары фрескалармен безендірілген. Материктік Грекияның көркем сурет өнерінде әскери эпизодтар көп болған.
Біздің ғасырымыздың 30 жылдарында Пилос сарайын зерттеу жұмыстары басталды. Одан табылған жазулы тақталар негізінде, біз ерте құл иеленушілік Пилос мемлекетінің әлеуметтік – экономикалық, құқықтық, саяси құрылымын терең де нақты зерттеуге мүмкіндік алдық. Пилос халықтарының негізгі кәсібі жер игеру шаруашылығы болды. Жер халықтың және жеке адамдардың меншігінде болды. Әскери қызметіне сыйлық ретінде халық жер үлестерін таратып беріп отырды. Соған байлнысты жер үлестері жалға беріліп отырды, ақы ретінде бидайдың (егіннің) бір бөлігі алынып отырды. Жеке меншік иелері де жалғаға жер үлестерін беріп отырды. Жер үлестерінің көлемі бидайдың өлшеміне байланысты болды. Халық жері деп отырғанымыз – бұл қауымдық жер болған, жер бөлу халық жиналысында жүргізілген.
Пилос мемлекетінің билеушісі – ванакаға халықтан 1800 мер бидай көлемді жер үлесі, оның көмекшісі әскербасына – равакетаға – 600 мер бидайлы жер үлесі берілген. Ал, енді өзгелері бұдан төмен көлемдегі жер үлесін алған. Олардың ішіндегі көрнекті орын алғандар абыздар болды. Қарапайым ерікті мүшелер
халықтан да, жеке меншік иелерінен де жер алып отырды. Осылайша Пилос мемлекетінде күрделі де толығымен зерттелмеген жер иелену және оны игеру жүйесі орын алды. Пилос патшалығында мал шаруашылығы да дамыды. Қолөнершілер сарай шаруашылығында қызмет етті. Соған байланысты сарай иелері мен жеке адамдарда құлдар болды. Оларды жұмысшы отрядтарына бөліп, әрдайым бақылауда ұстады. Атқарылатын жұмыстардың барлығы қатаң түрде есепке алынып отырды. Пилоста теңіз флоты, жаяу армия болды. Мемлекет аймақтарға бөлінді және де Криттегі сияқты, ванаканың тәуелді адамдары пасиреве басқарды. Саз балшық тақталарда Посейдон, Гермес, Дионис, Зевс, т.б. құдайлар туралы айтылған. Табылған мәдени ескерткіштер Эгей дүниесінің белгілі бір мәдени тұтастығын көрсетсе де, ахей мәдениетінің мықты, күшті саяси бірлестігі болмаған. Өзара қырқысу соғыстарынан өзге ахейліктер алыс әскери экспедицияларға шығып отырған. Мысалы, Б.э.д. ХIII ғ. олар 2 рет Египетке шабуыл жасады, Хетт патшалығының әлсіреуіне ықпал етті. Криттіктер мен ахейліктер Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін жетіп, филистимдіктер деп аталып кеткен. Ал бүкіл территория Палестина деп аталған.
Ахейліктердің ең соңғы, ірі соғысы Илиада мен Одиссеяда жырлаған Троян соғысы болды. Соңғы археологиялық зерттеулерге қарағанда бұл соғыс б.э.д. 1240 ж болған. Кіші Азияның Солтүстік – Батыс бөлігіндегі жақсы бекінген Троя қаласы кішігірім, бірақ өте бай ерте құл иеленушілік мемлекеттің астанасы болды және Хетт державасымен шекаралас еді. Троя қаласы Кіші және Алдыңғы Азияны Эгей теңізімен байланыстырып тұрған аса маңызды стратегиялық және сауда жолдарында орналасқан болатын. Илиадада айтылғандай Трояда Кіші Азияның бүкіл батысына атағы жеткен Приам патша билік құрды. Ахейлік мемлекеттер күштерін біріктіріп, Микен билеушісі Агамемнонның басшылығымен тонаушылық және басып алушылық жорыққа шықты. Бірақ олардың оңай жеңіске жетеміз деген ойы іске аспады. Ахейліктер көп күш пен қару жұмсай отырып, ауыр да қиын 10 жылдық соғыстан кейін ғана Трояны бағындырды.
Крит – Микен дәуірінде Балкан жарты аралының оңтүстігін мекендеген халықтар өзінің әлеуметтік құрамы жағынан әртүрлі болды. Таптың пайда болу процесі барлық жерде бірдей емес, тек жеке дара теңіз жағалауындағы аймақтарда жүрді. Микен, Тиринф, Пилостағы ерте құл иеленушілік мемлекеттер алғашқы қауымдық қатынастардағы өзге көршілердің арасында саусақпен санарлықтай аз болды. Қауымдастардың селоларына құл иеленушілік мемлекеттер жиі құлдар алу үшін және салық салу үшін шабуыл жасап отырды. Сондықтан да б.э.д. ХII ғ. көптеген дорий тайпалары (алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүрген) солтүстіктен Балкан жерінің оңтүстігіне келіп, қоныстана бастағанда көп қарсылық көрмеген. Рулық селолар үшін дорийліктердің басып алуы, құл иеленуші мемлекеттерге құлдыққа түсу, салық төлеу сияқты қанаудан құтылу болып табылды. Осылайша, өздерімен өздері қалған құл иеленушілік мемлекеттерді талқандап, бағындыру дорийліктерге қиынға соқпады.
Әлеуметтік, саяси, мәдени жағынан неғұрлым жақсы дамыған Крит – Микен мемлекеттерін жеңіп, өздеріне бағындыруына мүмкіндік берген, дорийліктердің бұрынғы өмір сүрген территориясындағы қолайлы жағдай болды. Өйткені, дорийліктер келгенде, олардың қолдарында темір қару – жарақ болса, ахейліктерде қола құралдар болды.
Материктегі ахейлік Грекияны жаулаған соң, дорийліктер Критке баса - көктеп еніп, өзіне бағындырды. Өзінің тәуелсіздігін тек қана өнімді аз беретін Аттика сақтап қалды. Аттикадан қарсылық көрген дорийліктер оның жерінің құнарсыздығын біліп, Пелопоннесске тікелей өтіп кетті. Пелопонестен қашқан ахейліктер Аттикаға, ал көпшілігі Эгей жағалауына (Кіші Азияның) өтіп кетті.
Сондықтан Кіші Азиялық гректер ежелгі Крит – Микен мәдениетінің элементтерін сақтай отырып, әлеуметтік – мәдени жағынан неғұрлым дамыған болып шықты.
Балкан Грекиясы және де оған жақын аралдар дорийлерден кейін өзінің әлеуметтік жағынан, бұрынғы рулық қатынастарға көшті. Ахейлік мемлекеттер жойылды. Аттика да осы әлеуметтік процестерге байланысты рулық қатынастарға көшті. Бірақ тұрғындардың көпшілігі бұрында да рулық қарым-қатынастарда өмір сүргендіктен сол күйінде қала берді. Ендігі жерде темір құралдармен танысқан соң, Балкан жартыаралының оңтүстігі тұрғындарының әлеуметтік – экономикалық дамуы жеделдей түсті.
Б.э.д. ХI - IХ ғ ғ. Грекия. Ахейлік құл иеленушілік мемлекеттерді басып алып, талқандаған дорийлік тайпалардың қоныстану процесі Балкан жартыаралының оңтүстік және де көршілес жатқан аралдағы тұрғындарды қайтадан алғашқы қауымдық құрылысқа түсірді. Ахейлік билеушілерге тәуелді болған пасиревелер енді тәуелсіз патриархалдық тайпалардың көсемдеріне айналды және де басилей деп аталды. Халық жиналыстары аса зор маңызға ие болды. Крит – Микен дәуірі кезеңінде орын алған шығыс және батыс көршілермен тығыз байланыстар тоқталды.
Қола ғасыры темір ғасырына орын берді. Егер де Крит – Микен дәуірінде таптардың пайда болғаны кейбір ғана теңіз жағалауында орналасқан аймақтарда жүзеге асып, халық бұқарасының көпшілігі алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүрсе, ал б.э.д. ХI - IХ ғ.ғ. таптың қалыптасу процесі Ежелгі Грекияның бүкіл территориясын қамтыды.
Б.э.д. ХI - IХ ғ.ғ. Грекия тарихының кезеңін – Гомерлік кезең деп атаған (атақты, көзі көрмейтін әнші Гомердің атымен) және де оны ежелгі гректер Иллиада мен Одиссеяның авторлары деп есептеген.
Бірақ қазіргі кезеңде ХI - IХ ғ.ғ. жатқызылатын археологиялық материалдар негізінде және де 2 поэманы терең зерттеу барысында, бұл 2 еңбектің қашан пайда болғандығы және қаншаға созылғандығы анықталды. Зерттеу нәтижесінде бұл 2 поэманың әртүрлі дәуірлерді сипаттайтыны анықталды. Осылайша, гомерлік деген термин ескіріп қалды.
Гомерлік мәселе. Поэмалардың шығуы, оның мазмұны мен жалпы шығуының құндылығын анықтауда антик заманда – ақ зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Тарих ғылымының дамуына байланысты гомерлік поэмалардың шығуы туралы проблеманы б.э.д. ХVII ғасырда Италияда Дж. Вико, ХVII ғ. аяғында Германияда – Вольф алға қойды. Осылайша, тарихта Гомерлік мәселе пайда болды және де ол күні бүгінге дейін өзінің шешімін таба алмай келе жатыр.
2 поэманың да сюжеттері Микендік кезеңге сай келетінін ХIХ және ХХ ғ. ашылған археологиялық материалдар дәлелдеді.
Бұл поэмалар бірнеше ғасырлар бойында жазылғандықтан, оларда ең кемінде әртүрлі үш дәуір қамтылған: Крит – Микен (б.э.д. ХII ғ. аяғы)
Гомерлік кезең (б.э.д. ХI - IХ ғ. ғ)
Ерте архаикалық (б.э.д..VIII – VIIғ.ғ.)
Әртүрлі дәуірлерге қатысты элементтер поэмалардың мазмұнында араласып кеткен. Бірақ поэмада суреттелген қоғамдық қатынастар, негізінен дорийлік қонсстанудан кейінгі Грекияға тән екендігі толығымен анықталды.
(Илиадада - Агамемоноға қарсы фессалиялық батыр Ахилдің ашу – ызасы туралы айтылады. Одиссеяда - Грекиядағы Итаку аралының патшасы Одиссейдің туған еліне қайта оралуы туралы айтылады. Ол теңіз құдайы Посейдонның қаһарына ұшырып, 10 жыл бойы ел кезіп жүруге мәжбүр болады.) Поэма Одиссейдің Итакаға оралуымен аяқталады.
Жер иеленуші қауым. Б.э.д. II – I м.ж. Грекияда қауымдық жер иелену орын алды. Қатардағы қауымдастар сұлы мен жеміс жидек өсірді. Мал шаруашылығы дамыды. Жер үлестерін қауымдастар жребиймен бөлісті. Алайда, олардың арасында мүліктік жіктеліс пайда болып, рулық аристократия бөлініп шықты (тайпа көсемдері, яғни басилейлер). Басилейлер өз ағайындарына жақсы, құнарлы деген жер үлестерінің, яғни – темендерді бөліп берді. Темендерде аристократтар сұлы мен бидай екті. Жүзім шаруашылығы мен бау – бақша өсірумен айналысты. Соған байланысты аристократтардың жеке меншігінде ірі және ұсақ малдар болды. Бірақ, бидай өндірісіне басилейлер баса назар аударды.
Мүліктік жіктеліс. Осы кезде бай қожайындарға қызмет еткен кедейлер – феттер және де өзінің рулық қауымынан байланысын үзген адамдар – метанастар пайда болды. Осындай кезде қолөнершілер де көп болды. Оларды натуралдық ақы төлеу негізінде шеберхана қожайындары жұмысқа алды.
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау процесі жалпыға ортақ процесс болып табылғандықтан, қолөнершілердің қажеттілігі арта түсті. Тері өңдеу, ағаш жонушылар, тігіншілер, әшекей бұйымдарын жасайтын мамандандырылған қолөнершілер кең тарала бастады.
Рулық құрылыстың ыдырауы. Сауда – саттық төмен дәрежеде дамыды. Басилей шаруашылығында артық өнімдерді айырбастау орын алды. Кең тараған айырбас тауары ірі қара мал - өгіз болды. Сауда ісі құрғақтағы және теңіздегі тонаушылықпен тығыз байланысты болды. Тайпалар араларында өзара қырқысу соғыстары күшейіп кетті және де әртүрлі тайпа көсемдері – филобасилейлер (фила - тайпа) тек қана белгілі бір тайпаны ғана басқарып қоймай, сондай – ақ сол тайпаның өмір сүрген территориясындағы барлық халықты басқарды. Бұл территорияны жас жауынгерлер отряды өзгелерден қорғап тұрды. Мұндай отрядтардың басшысы да басилей болып табылды. Сондай – ақ рулық және тайпалық халық жиналыстары бірте – бірте жауынгерлер шешуші рөл атқарған жиналыстарына айнала бастады. Уақыт өте келе баслей қызметі мұраға қалдырылатын болды. Басилей және ақсақалдар кеңесі белгілі бір мәселені халық жиналысында талдап және ол шешімді бекітіп отырды. Басқарудың мұндай формасын патриархалдық қарым-қатынастардан ерте таптық құл иеленушілік қоғамға өту кезінде Ф.Энгельс өзінің Жеке меншіктің, семьяның және мемлекеттің шығуы деген еңбегінде әскери демократия деп атады. Билік пен сот ісі де халық бұқарасының шешімінде болды. Уақыт өте келе, мүліктік жіктелістің күшеюі, халық бұқарасының негізгі бөлігінің кедейленуі, рулық аристократияның баюы, кедейлердің экономикалық жағынан тәуелділігнің артуы, патриархат кезінде пайда болған құлдықтың дамуы нәтижесінде халық жиналысының рөлі төмендеп кетті.
Патриархалдық құлдық. Гомерлік қоғамда, басилей шаруашылығында кеңінен тараған патриархалдық құлдық өмір сүрді. Құлдардың негізі - әскери тұтқындары болды. Сондай – ақ құлдарды теңіз қарақшылары сатты. Көпестердің де құл саудасымен айналысқан күндері болып отырды. Соған байланысты құл иеленушінің шаруашылықтарында дүниеге келген құлдар да болды. Ер адамдарды мал бағушы немесе бау – бақша күтушісі ретінде пайдаланса, әйелдерді күң ретінде үй шаруаларына қолданды. Қожайынды тыңдамағаны үшін құлдарды қатаң жазаға тартып отырған.
Дорийлік қоныстанудан кейінгі грек тайпаларының орналасуы. Дорийлік қоныстану грек тайпаларының ең соңғы ірі орын ауыстыруы болып табылады және де бұдан соң Солтүстік Грекияны және Кіші Азияның солтүстік – батыс жағалауына Эолийліктер берік орнығып алды. Орталық Грекияның шығыс бөлігін, Эгей теңізінің аралдарының көбісін және Кіші Азияның батыс жағалауының ортасын ионийліктер қоныстанды.
Пелопоннесс Крит аралы, Эгей теңізінің оңтүстік аралдары, Кіші Азияның батыс жағалауының өңірлерін дорийлер қоныстанды. Ал, ежелгі ахейліктер Пелопоннестің Солтүстік және Орталық бөлігінде, ендігі біразы Кипрде орнықты.
Дін. Гомерлік кезеңде ежелгі грек дінінің негізгі белгілері пайда болды және де оларды Олимпиялық деп атады.(Олимп тауының атауымен). Ежелгі гректер осы таудың қарлы шыңын өзінің құдайларының өмір сүретін тұрғылықты мекен жайы деп есептеді. Олардың діни нанымдары бойынша құдайдың үш ұрпағы болған. Олардың үлкендерін төменгі құдайлар тақтан түсірген. Басып алушылық пен өзара тайпалық күрестер, ежелгі гректің санасында осылайша көрініс тапты. 3-ші ұрпақтың басшысы – найзағай мен күн күркіреуінің, табиғаттың алдындағы күштің, құдайлар мен жер бетіндегі адамдардың әкесі – Зевс болды.
Таптық қоғамның дамуымен олимпиялық құдайлар құл иеленушінің қорғаушысы болып табылды. Зевс дүние жүзін басқарды және оның пікірі шешуші рөлге ие болды. Олимпиялық құдайлар кескін – кейпі жағынан аристократтарға ұқсас болған.

Грек полистерінің пайда болуы мен қалыптасуы

Жоспары:
1. Полис ұғымы, мәні, пайда болуының алғы шарттары.
2. Ежелгі грек полисінің пайда болуы мен қалыптасып, дамуы.
3. Демос пен аристократия, олардың арасындағы күрес.
4. Тирания және оның полистің қалыптасу процесіндегі рөлі.
5. Полисті ұйымдастыру формалары: олигархия, аристократия, демократия.

Әдебиеттер:
1. Под ред. В.И.Авдиева., А.Г.Бокщанина., Н.Н.Пикуса. История древнего мира. –М., 1972.
2. В.С.Сергеев. История древней Греции. –ОГИЗ, 1948.
3. Под ред. А.Г.Бокщанина. История древнего мира. –М., 1982.
4. М.Бонгард-Левин. Древние цивилизации. –М.,1984.
5. История античности. В 2-х т. –М., 1999.
6. К.Ф.Беккер. История древнего мира. Восток-Греция. –М., 2001.
7. А.И.Немировский. История древнего мира. (Античность) –М., 2000.
8. И.А.Ладынин и др. История древнего мира (Восток, Греция, Рим). –М., 2005.

Грекия тарихындағы архаикалық кезең б.э.д. VIII – VI ғ.ғ қамтыды. Көптеген зерттеушілердің айтуынша бұл кезеңде антик қоғамның интенсивті дамуы жүріп жатты. Шынында да үш ғасыр бойында антик қоғамның техникалық негізін анықтаған көптеген аса маңызды жаңалықтар ашылып, бұл қоғамға өзге елдермен салыстырғанда өзіндік ерекшелік сипат берген әлеуметтік – экономикалық және саяси құбылыстар жүзеге асты. Атап айтсақ, классикалық құл иелену, ақша айналымы, сауда, саяси ұйымдардың негізгі формасы – полистің пайда болуы, халық бұқарасының егемендігінің концепциясы және де басқарудың демократиялық формасы. Дәл осы кезеңде антик дүниеге өзінің зор ықпалын тигізген негізгі этикалық нормалар мен мораль принциптері, эстетикалық идеалдар орын алды. Ақырында бұл кезеңде антик мәдениетінің негізгі салалары : философия мен ғылым, әдебиеттің түрлі жанрлары, театр, архитектура, спорт пайда болды
Архаикалық кезеңдегі қоғамның даму дәрежесін көрсету үшін салыстырмалы түрде бірқатар мысалдар келтірейік:
1. Б.э.д. 800 ж шамасында гректер шектеулі территорияда, яғни Балкан жарты аралының оңтүстігі мен Эгей теңізінің аралдарында және Кіші Азияның батыс жағалауында өмір сүрсе, ал енді б.э.д. 500 ж. олар Жерорта теңізінің жағалауларын, Испаниядан Левантаға дейін және де Африкадан Қырымға дейінгі жерлерге қоныстанды.
2. Б.э.д. 800 ж. Грекия өзін - өзі қамтамасыз етіп отырған кішігірім қауымдар дүниесі болып табылса, б.э.д. 500ж. Грекия дегеніміз көптеген қалалардың жиынтығы болып табылды. Олардың өзінің жергілікті саудасы, ақша қарым – қатынасы болып, бүкіл Жерорта теңізінде сауда байланыстарын жүргізді.
3. Б.э.д. 800 ж. Грекия – қарапайым, сан жағынан алғанда шаруалар басым болып табылған әлеуметтік құрылым болып табылса (құлдар саны өте аз),
б.э.д. 500 ж Грекия өз басынан көптеген әлеуметтік өзгерістер дәуірін өткізді : Құлдықтың классикалық түрі әлеуметтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі болып табылды. Сондай – ақ, саяси ұйымның әртүрлі формалары белгілі болды : монархия, тирания, олигархия, аристократтық және демократиялық республикалар.
Полистер. Дорийлік жаулап алу тудырған қоғам дамуындағы белгілі бір уақыт үзілісінен кейін, Грекияда қайтадан кішігірім құл иеленушілік қоғамдар пайда бола бастады. Олар негізінен жер иеленушілер мен құл иеленушілердің ұжымдары, өмір сүрген қамал түрінде салынған елді-мекендер болды. Құл иеленушілер мен жер иеленушілер өздерінің ортақ мүддесін барынша қорғады. Атап айтсақ, жерге жеке меншік және құлға жеке меншік. Мұндай мемлекеттік құрылымдарды ежелгі гректер полистер, яғни қала – мемлекеттер деп атады. Натуралды шаруашылық ірі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуына мүмкіндік бермеді.
Өткен кезеңдегі экономикалық дамудың одан әрі жалғасуы, темір құралдарының кеңінен таралуы қоғам үшін жан – жақты маңызы болды.
Ауыл шаруашылығы мен қолөнерде өндіргіш күштердің дамуы басы артық өнімнің пайда болуына мүмкіндік берді. Сондай – ақ, ауыл шаруашылығы саласынан босап, шығып қалған адамдар қолөнершілер қатарын көбейтті.
Экономиканың әртүрлі салалары, ауыл шаруашылығы мен қолөнер арасында айырбас пайда болып және жоғары дәрежеде дамып, жалпыға ортақ эквивалент – теңгелер болып табылды.
Байлықтың жаңа түрі – ақша, бұрынғы жер иеленумен бәсекелесе бастайды. Нәтижесінде алғашқы қауымдық қатынастардың тез арада ыдырау процесі жүзеге асып, қоғамның әлеуметтік – экономикалық, және саяси ұйымдарының жаңа формалары қалыптаса бастады. Бұл процесс Элладанның әртүрлі аймақтарында түрліше жүріп жатты. Бірақ қалыптасып келе жатқан аристократия мен халық бұқарасы арасындағы, әсіресе қауымдас шаруалармен арадағы әлеуметтік келіспеушіліктерді бүкіл территорияда тудырды.
Грек аристократтарының қалыптасуын қазіргі кезеңдегі зерттеушілер б.э.д. VIII ғ. жатқызады. Аристократия - қоғамдық өмірде жетекші рөлге ие болды. Әсіресе соғыс кезінде маңызды рөл атқарды. Өйткені тек қана жоғарғы дәрежелі жауынгерлер ғана ауыр қару жараққа ие болды. Сондықтан да көбінесе әскери қақтығыстар аристократтардың арасында болып жатты. Күнделікті өмірде аристократтар қоғамның қарапайым мүшелерін өз бақылауында ұстап, оларды қаналушы тап өкілдеріне айналдырды. Аристократтардың қатарында ірі құл иеленушілер болды.
Байып алған жер иеленушілер ендігі жерде өздеріне қарыз көршілестерін борыштық құлдыққа түсірді. Өрістеп бара жатқан мүліктік жіктеліс қоғам ішінде әлеуметтік және саяси қарама қайшылықтарды тудырды. Әсіресе, рулық аристократия (жер иеленушілер мен құл иеленушілер) мен қарапайым халық бұқарасы селолық және қалалық демос (гомерлік кезеңдегі қатардағы қауымдастардың ұрпағы) арасындағы наразылықты күшейтті.
Полистердің қалалық территориясында қолөнер мен сауда дамыды. Қала тұрғындарында ауыл шаруашылығынан өзге артық өнім алатын, кіріс келетін жаңа жолдар пайда болды. Ендігі жерде экономикалық жағынан аристократтарға тәуелсіз, формальді түрде саяси құқықтарға ие болған қалалық халық бұқарасы полистердің азаматтары әрі халық жиналысының мүшелері болып табылды.
Белгілі бір саяси құқтарға ие болған ерікті халық, грек тілінде демос деп аталды.
Экономикалық тәуелсіздіктің күшеюі қалалық демостың белсенділігін арттырды. Ендігі жерде олар полисті басқару ісіне араласуды және де аристократия билігін шектеуді мақсат етті. Қалалық демос заңдар шығарылуын, сауда ісімен, қолөнермен айналысуға мүмкіндік беруін, дүние мүлкін аристократтардан қорғауды талап етті. Теңіз саудасының дамуына байланысты қалалық демос белсенді түрде сыртқы саясатқа араластыруды талап етті. Ал, селолық демос заң жүзінде борышкерліктен қорғауды, шаруалардың жер үлестерін аристократтардың тартып алуына шек қоюды талап етті.
Аристократтардың өз ішінде де мүліктік жіктеліс орын алды. Неғұрлым кедейленген аристократтар, енді өздері сауда ісімен айналысып, шеберханалар аша бастады. Мұндай аристократтардың мүддесі қалалық демостардың мүддесімен сай келді.
Тирания. Рулық аристократияның билеуші топтары жер иеленуші қоғамдағы қайта құруларға қарсылық көрсетті. Сондықтан б.э.д. VII – VI ғ.ғ. қалалық және селолық демос реформа үшін шешуші күрес жүргізді. Көптеген сауда қолөнер полистерінде рулық аристократия билігі жойылып, өкімет билігі басқарушы – тиранның қолына көшті (қалалық демос өкілдері – тиран болып табылды және де архаикалық Грекияда тиран ұғымы кері мағынада қолданылмады. Осылайша б.э.д. VII – VI ғ.ғ. экономикалық жағынан дамыған бірқатар полистерде мемлекеттік биліктің жаңа формасы, тарихта ерте тирания деген атауға ие болған формасы пайда болды.
Тирандар көбінесе кедейленген аристократтардан шыққан өкілдер болды. Олар ескі рулық аристократтардың құқықтарын шектеу саясатын жүргізді. Олардың жерінің белгілі бір бөлігін тәркілеп, ескі тәртіпті жақтаушыларды қуғындады. Ерте тирания ұзаққа созылмады. Аристокрттардың билігін жойған соң, демостың дамуына кең жол ашылып, мүмкіндік туған соң, келешекте тиранның қажеті болмай қалды. Тирания кезінде демостардың талап – мүддесін қорғаушы тәжірибелі саяси қайраткерлер өсіп шықты. Сондықтан қоғамда қайтадан қарама – қайшылықтар пайда болды, көтерілістер басталды. Ендігі жерлерде олар тиранияға қарсы бағытталды.
Құл иеленушілік демократия және олигархия Тирания үкімет басынан құлатылған соң, неғұрлым экономикалық жағынан дамыған полистерде жеңіске жеткен демостардың жаңа басқару формалары пайда болды. Үстем тап өкілдерінің жер иеліктерін тәркілеген соң, азаматтар арасындағы мүліктік жіктеліс айтарлықтай зор болмаған полистерде құл иеленушілік демократия орнады, яғни жергілікті полистердің ерікті тұрғындарының демократиясы. Ал, енді керісінше, мүліктік жіктеліс күшейе түскен полистерде олигархия орнады.
Бұл жерде аристократия мен олигархия арасындағы айырмашылықты білу өте қажет. Аристократия рулық құрылыс ыдыраған соң, бірден пайда болған құл иеленушілік қоғамдағы билеуші болды. Жер және құл иеленуші аристократтардың билігі тек қана оның экономикалық жағдайына ғана емес, сондай – ақ шығу тегіне байланысты болды.
Ал, олигархия билік ретінде тек қана жоғары экономикалық және әлеуметтік дәрежені қажет етеді. Олигархияның билігі – олардың байлығына, онымен байланысты экономикалық және саяси құдыретіне байланысты болды. Олигархтардың қатарында неғұрлым байыған демос өкілдері, соған байланысты рулық аристократтардың бай ұрпақтары болды.
Архаикалық кезеңнің аяғында (б.э.д. VI ғ.) пайда болған, құл иеленушілік демократия мен олигархия, б.э.д. V ғасырда, яғни келесі классикалық кезеңде шарықтау шегіне жетті.
Ұлы грек отарлауы. Ежелгі Грекияның көптеген аймақтарында ауыл шаруашылығына қолайлы жердің жеткілікті дәрежеде болмауы нәтижесінде б.э.д. VIII ғ. ортасынан бастап гректер өз отанын қалдырып, басқа елдерге көшуге мәжбүр болды. Құл еңбегін пайдаланудың барған сайын күшеюі жұмыссыз азаматтардың санын көбейтті және де олардың қолөнершілерге айналуына мүмкіндік бермеді.
Полистердің кішігірім территориясы, төмен экономикалық жағдайы санаулы ғана азаматтардың белгілі бір жәрежеде өмір сүруіне мүмкіндік берді.
Гректердің басқа елдерге көшуінің б.э.д. VIII ғ. басталып, әсіресе б.э.д. VII – VI ғ.ғ. күшейгені соншалық, ол тарихқа ұлы грек отарлауы кезеңі деген атпен енді. Грек отарлауына әсер еткен 2-ші бір себеп, теңіз саудасының дамуы, ал 3-ден, грек полистеріндегі таптық және саяси күрестердің шиеленісуі болды.
Үш ғасыр бойында гректер Жерорта теңізінің жағалауында көптеген отар елдерді құрды. Отарлау негізгі 3 бағытта жүрді : 1. Батыста (Сицилия, Оңт. Италия, Оңт. Франция, тіпті Испанияның шығыс жағалауы);
2. Солтүстік (Эгей теңізінің фракиялық жағалауы, Жерорта теңізінен Қара теңізге апаратын жағалаулардағыдағы аймақтар)
3. Оңтүстік – Шығыс бағытта (Солт. Африка жағалауы және Леванта елдері)
Грек отарлауының алғашқылары болып табылғандар – б.э.д. VIII ғ. Эвбей аралындағы Халкида және Эретрия болды. Олар Грекияның алдыңғы қатарындағы қалалары және аса маңызды металлургиялық өндірістік орталықтары болып табылды. Кейінірек отар елдер қатарына Коринф, Мегары, Кіші Азиялық қалалар, әсіресе Милет қосылды.
Отарлау саясаты ежелгі грек қоғамының дамуына, әсіресе экономикалық салада зор ықпал етті. Жаңа жерлерде қолөнердің қажетті салаларын дамытуға мүмкіндіктің болмауы, тез арада отар елдердің бұрынғы Балкан жартыаралы мен Кіші Азияның ескі отарлықтарымен тығыз экономикалық байланыстарды орнатуына әкеліп соқтырды. Бұл жерлерден отар және олармен көршілес елдерге грек қолөнер бұйымдеры әкеліне бастады. Әсіресе, көркем өнер бұйымдары сондай – ақ, ауыл шаруашылық өнімдері (шараптардың ең жоғарғы сорты, зәйтүн майы т.б.
Ал, отар елдер Грекияға айырбас ретінде бидай және өзге азық – түлік өнімдері, сонымен бірге шикізат (орман ағаштары, металл т.б.) жеткізіп отырды. Осының нәтижесіндн грек қолөнері одан әрі дамып, ал ауыл шаруашылығы тауарлы сипатқа ие болды.
Осылайша, жүргізілген отарлау саясаты Грекиядағы әлеуметтік қайшылықтарды бәсеңдетіп, жерсіз қалған азаматтардың өзге елдерге барып қоныстануына мүмкіндік беріп, жалпы айтқанда грек қоғамының әлеуметтік және экономикалық құрылымының өзгеруіне ықпал етті.

Біздің заманымыздан бұрынғы VIII-VI ғ.ғ. Архаикалық Грекия
Жоспары:
1.Ежелгі Спарта-аграрлық полис ретінде. Экономика.
2.Спартадағы таптық-сословиелік жіктелу. Әлеуметтік қайшылықтардың
ерекшеліктері.
3.Спарта қоғамы мен тәрбие мәселесі. Әскери өнері. Илоттар. Пелопоннес Одағы.
4. Афины-аграрлық-қолөнер полисі ретінде. Қолөнер мен сауда. Мәдениет.
5. Драконт заңдары. Солон заңдары, оның әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалары.
6. Афины құл иеленушілік демократиясының қалыптасуы.
Әдебиеттер:
1. А.Г.Бокщанин. История древней Греции. –М., 1972.
2. В.С.Сергеев. История древней Греции. –ОГИЗ, 1948.
3. М.Вебер. Аграрная история древнего мира. –М., 2001.
4. К.Ф.Беккер. История древнего мира. Восток-Греция. –М., 2001.
5. И.А.Ладынин и др. История древнего мира (Восток, Греция, Рим). –М., 2005.
6.Тарих. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. Антикалық Грекия және Рим тарихы. –Астана, 2005.

Ежелгі Спарта. Лакониканы жаулап алып, жергілікті тұрғындарды құлға айналдырған соң-ақ, б.э.д. IX ғ. дорийліктер Спарта мемлекетін құрды.
Уақыт өте келе Пелопоннестегі ең күшті мемлекетке айналған Спарта батыста (Пелопоннестің) орналасқан Мессенияны жаулап алу үшін 2 рет соғыс жүргізді. ІІ-ші Мессения соғысы кезінде Спарта мемлекетінің ішкі жағдайы құлдырап кетті. Аристократия мен қатардағы азаматтар арасындағы әлеуметтік қайшылық шегіне жетті. Мұндай қарама қайшылықтар Грекияның өзге аймақтарында да орын алды.Спартиаттар мен аристократия арасындағы ұзаққа созылған қүрес Спарта қоғамын қайта құруға әкеліп соқтырды. Нәтижесінде Ликург деген жаңа мемлекеттік құрылыс пайда болды.
Спарта мемлекетінде біз алғашқы қауымдық қоғамға тән көптеген белгілерді кездестіреміз. Халық жиналатын орын болды және де ол апелла деп аталады. Жиналыс соғыс және бейбітшілік туралы мәселелерді шешті, бірақ дауысқа салмады. Сондай-ақ, Спартада бір мезгілде 2 патша болды. Оның 1-шісі Эврипонтид деген дорийлік тайпадан шықса, 2-шісі Агиад деген ахейлік рудан шықты. Бұл патшалар басилей немесе архагет деп аталды. Олар негізінен діни функцияларды атқарды және қасиетті деп есептелінді. Соғыс кезінде патшалар армияны басқарды және де Спарта мемлекетіндегі ен жоғарғы аристократтық орган – Герусияның мүшелері болып табылды. Герусия - неғұрлым күшті және де шын мәніндегі мемлекетті басқарушы орган болып табылады (ақсақалдар кеңесі, геронт - шал). Герусияның құрамына 60 жастағы 28 адам және 30 жасқа толған 2 патша енді. Геронттар өмір бойына сайланып қойылды және біреу қайтыс болған жағдайда, халық жиналысында жасы 60-н кем емес спартиаттар арасынан жаңа геронт сайланды. Әрбір геронт бір дауысқа ие болды, сондықтан патшалардың герусияда ешбір ықпалы болмады.
Спарта мемлекетінің саяси құрылысында өзгерістер болған соң, патшалармен, герусия және халық жиналысымен қатар, басқарудың жаңа органы – эфорот пайда болды. Оның құрамында 5 эфор болды және де ол негізінен жоғарғы бақылау органы болып табылады. Ол спартандық құрылыс принциптерін ешкімнің бұзуына жол бермеді. Оларды халық жиналысы 1 жыл мерзімге сайлады. Егер де патшаны эфор шақырған кезде, патша бармай қалса, оны күшпен әкелетін болған.
Осылайша, Спарта аристократтық мемлекет болып табылды және де онда негізгі рөлді атқарғандар герусия мен эфорлар болды.
Спарта мемлекетінде негізінен 3 топтың өкілдері өмір сүрді: спартиаттар, периэктер, илоттар. Жаулап алушы дорийліктер өздерін ең негізгі қаласы Спартаның атымен – спартиаттар деп атады. Пелопоннестің таулы жерінде өмір сүретін тайпалар, сондай-ақ дорийлерге өз еріктерімен бағынған ахейлер және Спарта азаматтарының қатарына кіргізілмей қалған дорийліктердің ұрпағы периэктер (көршілер) деп аталды. Бұлар саяси жағынан тең құқылы болмаса да, ерікті халық болды. Құнарлы территорияда өмір сүрген жергілікті халықты спартиаттар құлға айналдырды және олар илот деп аталды. Илоттың ешбір саяси құқысы болмады. Оның үстіне жылына 1 рет Криптия (гр. өлтіру) ұйымдастырылып отырды. Жас спартиаттар үстеріне ұзын плащ, беттеріне маска киіп илоттардың селоларына баратын және де илот кездесе қалса, оны өлтіретін. Әсіресе илоттардың ішіндегі ең жастарын, күштілерін өлтіруге тырысты.Спартиаттардың осындай іс әрекеті үшін илоттар бас көтеріп отырды. Әсіресе біздін заманымызға дейін 464-455 ж.ж. болған көтеріс аса ірі көтерілістердің бірі болып табылды. Илоттардың бұл бас көтеруі еж.Грекиядағы ең алғашқы құлдар көтерілісі болды және де таптық күрестің бастамасы болып табылды. Илоттар тұтас 1 село болып өмір сүргендіктен олардың, спартиаттарға қарсы қозғалысында ұйымдасушылықтың элементтері кездесіп отырды. Илоттардың өзге грек мемлекеттеріндегі құлдардан айырмасы, олар тек жалғыз ғана адамның меншігінде болып қана қойған жоқ, бүкіл спарталық қауымның меншігінде болды. Илотизм – дорийлік топтар, Пелопоннесті жаулап алуының нәтижесі болды. Дорийлер жаулап алған Фессалия мен Крит жергілікті тұрғындары құлға айналдырылды.
Әлеуметтік-экономикалық жағдай. Лаконика мен Мессениядағы бүкіл территория көлемі жағынан бірдей жер үлестеріне – клерлерге бөлінді. Әрбір спартиатқа осындай жер үлесі уақытша пайдалануға беріліп отырды. Ал оның өлімінен кейін, ол жер мемлекетке қайтарылды. Спарта қоғамында теңдікті сақтау үшін өзге де шаралар жүзеге асырылды: тәрбиелеу ісінің қатаң жүйесі, күшті жауынгер даярлау, әрбір азаматтың өмірін қатаң түрде бақылау орын алды.Спартиаттар әскери лагерьде өмір сүргендей болды. Жер игерумен, қолөнер ісімен, саудамен айналысуға тыйым салынды.Тек қана әскери өнер нағыз спартиаттардың шын мәніндегі айналысатын кәсібі болды. Күнделікті өмірде алтын мен күмісті қолдануға қатты тыйым салынды. Жалпы қоршаған ортамен көп байланыс жасауға, қарым- қатынаста болуға жол бермеді. Осылайша Спарта әскери, милитаристік мемлекет болып табылды. Кейбір зерттеуші – ғалымдар оны полициялық мемлекет деп те атайды. Өйткені, Спарта тең құқылы қауымдастар қоғамы болып табылды, яғни тең құқылы толық құқылы азаматтардың қоғамы. Олар өндірістік еңбекпен айналыспады. Барлық қажетті нәрсені Лаконика мен Мессенияның қаналушы жергілікті тұрғындары, илоттар өндіріп отырды. Ғалымдар илоттардың қоғамдағы жағдайын анықтауда әлі де бір көзқарасқа келе алмай жүр. Көбісі илоттарды мемлекеттік құлдар деп есептейді. Олардың жер үлесі, енбек құралдары болды. Әркім өз бетінше шаруаларын жүргізді, бірақ өндірілген өнімінің белгілі бір бөлігін қожайындары – спартиаттарға беріп отыруға мәжбүр болды. Барлық саяси құқықтарынан айырылған илоттар толығымен мемлекеттің қарамағында болды, олардың тек дүние-мүлкісі ғана емес, сондай-ақ жеке басы да мемлекеттің қолында болды.
Пелопоннесс одағы. Лаконика мен Мессения бағындырған Спартаға Оңтүстік Грекияның территориясындағы қалған мемлекеттер өз еркімен бағынып, Пелопоннес одағын құрды. Бұл одаққа тек қана Аргос пен Ахайя енбей, өздерінің дербестігін сақтап қалды. Оның есесіне Пелопоннес одағына Орта Грекиядағы Мегары енді. Бұл одақта негізгі рөлді Спарта атқарды. Спарта армиясы өз кезеңі үшін күшті ұйымдасқан армия болды. Ең алдымен илоттар алдыңғы қатарда жүрді, сосын жас спартиаттар, содан кейін орта жастағылар, ең соңында 60 жасқа дейінгі илоттар болды. Спартиаттарды жастайынан әскери іске үйретті, олардың қару жарағы: найза, қылыш және қалқан болды. Бұл армия б.э.д. VI –V ғасырларда Грекиядағы ең күшті құдыретті армия болды.
. Афины аристократтық полисінің құрылуы. Б.э.д. VII ғ бастап Афины мемлекеттік құрылысының даму тарихын Аристотель өзінің атақты Афинская полития деген еңбегінде жазды. Бұл кезең туралы Геродот және Фукидид өздерінің Тарихында жазып қалдырды. Архаикалық кезеңдегі Афина тарихы – бұл демократиялық полистің қалыптасу тарихы болып табылады. Бұл кезеңде саяси билік – эвпатридтер қолында болды және де олар бірте-бірте ерікті азаматтарды өздеріне тәуелді ете бастады.Екінші бір қоғамдағы әлеуметтік топ – геоморлар (жер үлестері бар жер иеленушілер), үшіншісі демиурлар (халық үшін жұмыс істейтін қолөнершілер) болды. Ежелгі кезеңде Афиныда билеуші – басилей болды. Бірте – бірте оның саяси маңызы төмендеп, әскери істі басқаратын – полемархтар пайда болды. Басилейдің әскерді басқару ісінен аластатылуы, оның дәрежесін түсірді.
Б.э.д. IХ - VIII ғ.ғ. аристократтық полистің басында – архонт (бастық немесе үлкен) отырды. Ал, екінші орынға түсіп қалған басилей, тек діни функцияларды атқарды. Алғашқыда өмір бойына, сосын 10 жыл мерзімге, ал б.э.д. VII ғ. алғашқы жартысында бұл уақыт мерзімі-1 жыл ғана болды. Заңдарды жазып отыру үшін 1 жылдық мерзімге 6 фесмофеттен құралған коллегия сайланды. Олардың алтауы да 1 жылға сайланатын судья болып табылды. Бұл коллегияға архонт, басилей және полемарх қосылып, 9 архонт коллегиясы деп атала басталды. Афинадағы халық жиналысы өзге аристократтық полистегі сияқты, өз бетінше жұмыс істемеді. Заң шығарушы және сот жоғарғы органы қызметін атқарғандар жоғарғы дәрежелілердің кеңесі (аристократтық) болды. Олар Ареопаг жотасының басына шығып, кеңескен, сондықтан да кеңесті ареопаг деп атады. Ареопаг халық жиналысына жаңа архонттың кондидатурасын ұсынды. Ал, 1 жыл өткен соң бұл архонт оның жаңа мүшесі болып қабылданды.
Демос пен аристократия арасындағы күрестің басталуы. Алғашқы қауымдық қоғамның толығымен ыдырау процесі аяқталар кезінде эвпатридтер құнарлы жердің барлығын басып алып, бұрынғы қауымдастар –геоморларға құнарсыз жер үлестерін қалдырды. Жер көлемінің аз болуы тезарада геомарларды ірі жер иеленушілерге тәуелді етті. Қарызын уақытында өтей алмаған геомарға жартылай және түгелдей жер үлесінен айырылу қаупі төнді. Егер де геомор затын алғанда кредиторға өзінің жеке басын кепілдікке берсе және де ол қарызын өтей алмаған жағдайда, ол эвпатридке борыштық құлдыққа түсті. Б.э.д VII ғ Афинада қолөнер мен сауда дамыды. Эвпатридтер арасында мүліктік жіктеліс орын алды. Олардың бірқатары қолөнер шеберханаларын ұйымдастырып, саудамен айналыса бастады. Мұндай эвпатридтердің мүддесі бірте-бірте негізгі билеуші топтың , яғни жер иеленушінің мүддесінен алшақтай бастады. Қолөнер және саудамен айналысушы эвпатридтер ендігі жерде қалалық демостың байып алған өкілдерімен жақындаса бастады.
Аристократия мен демос арасындағы қайшылықты пайдаланып , Афиныда өткен олимпиялық ойындардың жеңімпазы, эвпатрид Килон Афины тираны болғысы келді. Б.э.д 640 ж. ол Зевске арналған мейрамда өз жақтастарымен Акропольді басып алды. Бірақ, афинылық демос әлі де эвпатридтермен күреске дайын емес еді. Архонт Мегаклдің басшылығымен Акрополь қоршауға алынды. Килон қашып құтылды, ал оның жақтастары тұтқынға түсті және де оларды Мегакл қырып салды. Б.э.д VI ғ басында ел ішінде түпкілікті өзгерістер болды және де олар Солон реформаларымен тығыз байланысты болды. Солон реформаларының ең маңыздысы – “сисахфия” деп аталды. Бұл реформа экономикалық реформа болып табылды және оның нәтижесінде қарызы үшін өз жерінің арендаторына айналған шаруалар, өздерінің жеке меншік иесі деген статусын қайта алды. Онымен бір мезгілде афиндықтарды қарызы үшін құлға айналдыруға тыйым салынды. Сондай – ақ, аристократтарлың саяси билігін әлсіреткен реформалардың маңызы аса зор болды. Ендігі жерде азаматтың саяси құқы, оның шығу тегіне емес, байлығының мөлшеріне байланысты болды. Полистің бүкіл азаматтары дүние мүлікке қарай 4 разрядқа бөлінді. Мүліктік ценза негізіне жер игеруден алынатын натуралдық кіріс есептеледі. І-ші разрядқа пентакосиомедимдер жатқызылды. Олар өз жерінен ең кемінде 500 медимн сұйық және бидай сияқты өнім алуы қажет болды (медимн-көлем бірлігі 41 ден 52,5 метр аралығына тең болған). ІІ разрядқа – аттылар жатқызылды, Өйткені олар жеке өз атымен атты әскерде қызмет етуге тиіс болды. Алатын өнімінің мөлшері 300 медимн болды. ІІІ разрядқа – зевгиттер, яғни соқалы өгіздері бар азаматтар жатады. (“зевгос”) өнімнің өлшемі 200 мидимн болды. Олар жаяу әскерде қызмет етуге тиіс болды .сонымен бірге ауыр қару-жарағы болуы керек болды. ІV разрядқа – феттер жатқызылды (батрақтар), әскери армияда олар қосымша көмекші функциялар атқарды және жеңіл қаруланды. Жерінен алатын өнімі 200 мидим болуы керек болды. Пентакосиомедимндердің міндеті - әскери кемелерді жабдықтау, қажетті нәрсемен толық қамтамасыз ету және жақсы дәрежеде ұстау болды. Осындай разрядқа бөлуге байланысты Афинының әскери ұйымы қайта құрыла бастады.
Басқарудың жаңа органы – буле (кеңес) құрылды, халық жиналысының маңызы артты, онда саяси мәселелер талқыланып, архонттар сайланды және де архонттар есеп беріп отыруға міндетті болды. Мұндай халық жиналыстары – экклесия деп аталды, оның болатындығы туралы алдын – ала жаршылар хабарлап отырды. Солон жаңадан жоғарғы сотты – гелиэні бекітті. Архонттар І-ші разряд өкілдерінен ғана, буле мүшелері, алдынғы 3 разряд өкілдерінен сайланды. Экклесия мен гелиэде ғана барлық ІV разряд өкілдері қатынаса алды. Демостың төменгі сатыдағы өкілдері Солонның реформасын жеткіліксіз деп тауып, оған қарсы шықты. Солон уақытша Афиныдан кетуге мәжбүр болды. Ол кеткен соң елдегі таптық және саяси күрес өршелене күшейді. Өзара қырқысулар кезінде үш әлеуметтік - саяси және территориялық топтар пайда болды:
1. Педиэлер – (құнарлы жер тұрғынды) жер иелерінің мүддесін қорғады (Солон реформасының күшін жойғысы келген эвпатридтер)
2. Паралилер (жағалау тұрғындары) - қала мен селоның орта дәрежелі жеке меншік иелері, қолөнершілер (Солон реформасын қолдаушылар, оның қайта құруларын нығайтушылар)
3. Диакрилер – ( таулы жер тұрғындары) Солон реформасын толық емес, жеткіліксіз деушілер. Оларға қала кедейлері, яғни феттер қосылды.
Радикалдық топтық басында (диакрилер тобының) Писистрат деген тұрды.
Солон реформасы өзінің радиокалдығына қарамастан барлық мәселені шеше алмады. Афиныда әлеуметтік күрестің шиеленісуі б.э.д 560ж Писистрат және оның ұлдарының тираниясын орнатты, бұл тирания б.э.д 510 ж дейін арасында үзілістермен созылды. Писистрат белсенді сыртқы саясат жүргізді, теңіз сауда жолындағы Афинының позициясын кеңейтті және күшейтті. Қалада қолөнер гүлденіп, сауда дамыды, ірі құрылыстар жүргізілді. Афины – бүкіл Элладаның аса ірі экономикалық орталықтарының біріне айналды.
Писистрат мұрагерлерінің тұсында бұл режим құлдырап кеттіде, қоғамда әлеуметтік қайшылықтар шиеленісіне түсті. Сонымен қатар жаңадан пайда болған Парсы державасының Кіші Азияны жаулап алуы Грекияның халықаралық жағдайын нашарлатып жіберді. 2-ші жағынан аристократтық Спарта, Афиныдағы демостың күшеюінен қауіптеніп, Гиппия Писистратқа қарсы шықты. Сөйтіп жеңіске жетті, б.э.д 510 ж Гиппияны Афиныдан кетуге мәжбүр етті. Тирания құлатылды. Бірақ спарталықтардың Афиныда аристократияны орнатқысы келген әрекеті қалалық және селолық демостың көтерілісін туғызды. Демос жеңіске жетті. Афины мемлекетінің басына – Писитрат пен ескі аристократияның қарсыласы – Алкмеонид Клисфен келді. Б.э.д 509 ж кейін Клисфеннің басшылығымен жаңа реформалар жүргізілді және де бұл реформалар демократиялық құрылысты толығымен бекітті. Маңызды реформалардың қатарында – сайлау құқы туралы реформалар болды. Ендігі жерде бүкіл азаматтар материалдық жағдайына қарамастан, бірдей саяси тең құқылы болды. Территориялық жағынан бөлу жүйесі өзгертілді және де бұл аристократтардың жергілікті жерлердегі билігін жойды. Клисфен тұсында жоғарғы сот - гелиэнің рөлі артты. Гелиэге 1 жылға бүкіл азаматтар сайлануға құқылы болды. Тиранияның орнауына жол бермеу үшін Клисфен остракисмді енгізді. Жылына 1 рет халық жиналысы острокисм ұйымдастыру қажет пе немесе қажет емес пе деген мәселені шешті. Егер де қажет деп тапса, 6 мың азамат қатысқан халық жиналысы шақырылды. Әрбір адам, афины демократиялық құрылысына қауып төндіреді деген белгілі бір саяси қайраткердің атын жазатын болған. Соңында, халықтың көпшілігі кімге қарсы шықса, сол адам Афиныдан 10 жылға қуылған. Бірақ оның азаматтық құқы сақталған және дүние мүлкі тәркілеуге түспеген. Клисфеннің соңғы ісінің бірі б.э.д. 502ж 10 стратегтен құралған коллегияны құрды. Оны халық жиналысында сайлады және де 1 жыл мерзімге сайланды. Стратегтің әрқайсысы кезек-кезек афины әскери армиясын басқарды. Ескі архонт – полеморх қызметі, формальды түрде коллегияның төрағасы деп есептелді. Бірақ өзінің маңызын жойды. Клисфен реформалары афины демократиялық құл иеленушілік полисінің қалыптасу процесін аяқтады. Ф.Энгельс Клисфен реформаларын революция деп атады және де ол рулық құрылыстың қалдықтарын толығымен жойды.
Классикалық кезеңдегі Грекия. Грек-парсы соғыстары
Жоспары:
1.Соғыстың себептері мен негізгі кезеңдері. Ионий көтерілісі.
2.Парсылардың Балқан Грециясына алғашқы жорығы. Марафон шайқасы.
3.Б.э.д. 481 ж. Коринфтегі конгресс. Саламин түбіндегі шайқас.
4.Делос Одағының құрылуы. Эвримедонт тұсындағы парсылардың жеңілуі.
Соғыстың нәтижесі.
Әдебиеттер:
1. М.Бонгард-Левин. Древние цивилизации. –М.,1984.
2. В.С.Сергеев. История древней Греции. –ОГИЗ, 1948.
3. Под ред. А.Г.Бокщанина. История древнего мира. –М., 1982.
4. Ю.С.Крушкол. История древнего мира. –М., 1972.
5. История античности. В 2-х т. –М., 1999.
6. К.Ф.Беккер. История древнего мира. Восток-Греция. –М., 2001.
7. И.А.Ладынин и др. История древнего мира (Восток, Греция, Рим). –М., 2005.

Ежелгі Грекия тарихындағы классикалық кезең б.э.д. VІ – V ғасырлардан бастап, б.э.д. 338 жыл аралығын қамтиды. Бұл кезең Грекияның шарықтау кезеңі болып табылады. Сондай – ақ архаикалық дәуірдегі қалыптасқан барлық құбылыстардың гүлдену және де әлеуметтік – экономикалық, саяси ұйымдардың ерекше формасы ретіндегі полистің үстемдігінің артқан кезеңі болды. Көптеген зерттеушілердің айтуы бойынша ежелгі грек қоғамы дамуының ерекшеліктерінің негізі және де мәдениеті мен өнерінің сипаты нақ осы полис арқылы анықталады.
Полис – азаматтық қауым болып табылады және де 2 элементті қамтиды: 1) оның қауымдық сипаты болса, 2) қауым ретіндегі жеке дара ерекшелігі ( рулық, отбасылық қауымдардан ерекшелігі).
Мұндай азаматтық қауымның өзгелерден басты ерекшелігі, оның негізі – жеке меншіктің антик формасы болып табылады. Ежелгі грек полисінің негізгі белгісі осы жеке меншіктің антик формасынан көрінеді. Азаматтық құқы жоқ барлық тұрғындар жеке меншік жер иелену құқына ие бола алмады. Сондай –ақ, керісінше көптеген полистерде кімде – кім жер үлесінен айырылса, ол адам саяси құқын да жоғалтатын болды. Азаматтардың ұжымы ретінде полис – жер иеленуде ең жоғары меншік иесі болып табылды. Әлеуметтік және саяси құрылымдық принциптің сәйкес келуі азаматтардың тең құқылығын жүзеге асырды. Полисте басқарудың бірнеше формалары болса, халық жиналысы маңызды орынға ие болды, және де белгілі бір мәселені талқылауда соңғы шешімді қабылдады. Осы арқылы ежелгі грек қоғамының дамуындағы демократиялық тенденция анықталады. Полистің тағы бір ерекшелігі, оның саяси және әскери ұйымының сай келуі. Азаматтық қауымның қарулы күші – бұл полис азаматтарынан құралған армия. Ал, енді жеке меншік иеі болып табылатын азамат онымен бір мезгілде жауынгер болып табылады. Полистің эканомикалық базасы – негізінен ауыл шаруашылығы болып табылады және де полистің негізгі экономикалық принципі - автаркия деп аталады. Автаркия – тәуелсіздіктің экономикалық негізі болып табылады, яғни ол өзін - өзі қажетті нәрсемен қамтамасыз ету деген мағынаны білдіреді.
Осы дәуірге тән аса маңызды құбылыстардың бірі – Грекияда құлдықтың классикалық түрінің кең етек алуы болды. Құлдардың негізгі екі формасы болды: Спарта және өзге де жер игерумен айланысатын аймақтарда орын алған илоттар және неғұрлым экономикалық жағынан жақсы дамыған орталықтардағы құлдықтың классикалық түрі. Құлдықтың классикалық түрінде құлдар еңбегі құралдары мен өндіргіш құрал жабдықтарынан ғана айырылып қойған жоқ, сондай – ақ өз бас бостандығынан айырылып, қожайындардың тікелей меншігі болып табылды. Құлдардың балалары да өз кезегінде құлдыққа түсіріліп отырды.
Классикалық құлдар негізінен соғыстар және қарақшылық шапқыншылықтар кезінде қолға түсірілген өзге елдер азаматтары болып табылды. Сосын олар құл базарына әкелініп, жанды тауарға айналды. Полис бірте бірте құл иеленушілердің құлдарға үстемдігін орнатуға жағдай жасайтын машинаға айнала бастады.
Элладаның табиғи жағдайының ерекшеленуіне байланысты қалыптасқан және де өзіндік әлеуметтік – экономикалық және саями даму дәрежесіне байланысты полис Таяу Шығыстағы ежелгі өркениеттер дүниесіне белгісіз құбылыс болып табылды. Полистің қалыптасуы мен дамуының дүние жүзілік тарихи маңызы болды. Өйткені полистер дүниесі жаңа өркениет және де құл иеленушілік құрылыс дамуының жаңаша түрі болып табылды.
Грек парсы соғыстары. Ең алғашқы кезеңдерден бастап – ақ, полистер өз бостандығы мен тәуелсіздігі үшін дүние жүзілік Ахменидтер державасымен күресуге мәжбүр болды. Соғыстың басталуына себеп болған жағдай б.э.д. 500 ж Кіші Азиядағы грек қалаларының (Милет) парсы биілігіне қарсы көтерілуі еді. 5 жылға созылған бұл соғыс гректердің жеңілісімен аяқталды. Көтерілісшілерге Балкан жартыаралындағы Афина және Эретрия полистерінің көрсеткен аз ғана көмегін сылтау етіп, парсы патшасы І Дарий Балкан Грекиясына өзінің алғашқы жорығын бастады. Б.э.д 492 ж парсы патшасының күйеу баласы Марданияның басшылығымен сансыз жаяу әскер мен әскери – теңіз флоты Грекияны жаулауға бағыт алды. Эгей теңізінің Фракиялық жағалауымен жылжи отырып, жаяу әскер жолда кездескен барлық қалалар мен елді-мекендерді талқандады. Ал, әскери теңіз флоты Фасос аралын басып алды. Жауынгер фракиялық тайпалар ерлікпен күресіп Халкидика жарты аралына жақын келген парсы армиясын әлсіретті. Актэ бұғазының солтүстігінде, теңіз үстінде дауыл басталып, парсы флотының басым бөлігін жойып жіберді. Мардания аман қалған жаяу әскерімен және флотымен Грекияға жете алмай кері шегінуге мәжүбір болды. Б.э.д. 490 ж. парсы армиясы Аттикадаға Марафон түбегіне келіп түсті. Бірақ ауыр жараланған Афина жауынгер- гоплиттері мен жеңіл қаруланған көмекші әскердің күшімен парсылар жеңіліс тапты. Б.э.д 480 ж. Ксеркс патшаның басшылығымен өте көп парсы армиясы мен флоты Грекияға шапқыншылық жорыққа шықты. Гректердің жартысы парсының үстемдігін мойындаса, ендігі бір бөлігі 2 жақты саясат ұстанды. Тек ғана Спарта мен Афина басшылығымен бірқатар ғана санаулы полистер өзінің тәуелсіздігі үшін күрес жүргізді. Фермопиль түбінде патша Леонидтің басшылығымен спартандықтар ерілікпен шайқасып қарсылық көрсетсе де, парсылар Орталық Грекияға бұзып – жарып енді. Афина тұрғындары жан – жаққа қашты, басқыншлар қаланы жаулап алып, тонады. Бірақ парсылардың одан әрі жылжуы Саламин аралында грек флотның жеңіске жетуі нәтижесінде тоқтатылды. Бұл шайқаста шешуші рөл атқарған б.э.д 490-480ж.ж. аралығында аса көрнекті Афина қайраткері Фемистоклдың ұсынысымен құрылған Афина теңіз флоты болды. Аса маңызды оқиғалар б.э.д. 479ж. болды, яғни парсы армиясы мен флоттардың құрғақта және теңізде 2 рет жеңіліс табуы болды. Парсы армиясы Грекияны қалдырып, Кіші Азияның грек қалалары бостандығын алды.
Бұдан кейін әскери шайқастар әлі де 30 жылға созылды. Бірақ соғыстың барысы түпкілікті өзгерді. Осылайша Грекия өзінің тәуелсіздігін сақтап қалып, полистер дүниесі өзінің өміршеңдігін дәлелдеді.
Грек – парсы соғысынан кейінгі әлеуметтік экономикалық даму. Грек – парсы соғыстары Элладаның әлеуметтік – экономикалық дамуына күшті әсерін тигізді. Әсіресе соғыстың ІІ-ші кезеңі маңызды болып табылды. Өйткені гректер жеңіске жетіп, көп әскерлерді құлға айналдырды. Құлдарға деген сұраныс төмендеп, орта дәрежелі азаматтар құл сатып алуға мүмкіндік алды. Осылайша грек - парсы соғыстары Грекияда құлдықтың кеңінен таралуына мүмкіндік берді. Сондай – ақ, бұл соғыстар әсіресе Афинаға күшті әсер етті.
Келесі кезең Афинаның шарықтау кезеңі және де Жерорта теңізі дүниесіне ықпалының күшейген кезі болды. Афинаның дамуын өзара тығыз байланысты үш бағытты қарастыру керек: 1)сыртқы саяси жағдайы ( Афина теңіз державасының құрылуы); 2) экономикалық жағдайы ( Афина мемелекетінің Эллладаның аса ірі экономикалық орталыққа айналуы); 3) ішкі саяси жағдайы ( Афина құл иеленушілік демократияның күшеюі).
Соғыс жылдарында парсыға қарсы күрес жүргізу үшін орталығы Делос аралы болып табылатын тең құқылы полистердің одағы құрылды және ол Делос теңіз одағы деп аталынды. Бара – бара бұл одаққа Афинаның бақылауы күшейе түсті. Одақтың құрамында теңіз жағалауында және аралда орналасқан мемлекеттер басым болды. Олардың экономикасы теңізбен және теңіз саудасымен тығыз байланысты болды. Афиндықтардың теңізде үстемдік етуі олардың тәуелсіздігін арттырды. Уақыт өте келе афиндықтар одақтық қазынаға биілік етіп, одақтастардың төлейтін жарнасын белгілеп отырды. Делос теңіз одағы бірте – бірте Афина теңіз державасына айнала бастады. Өзінің гүлдену кезеңінде оның құрамында 250 полис болды. Одақтық қазынаға сүйене отырып, Афина Ұлы державалық саясат жүргізіп отырды. Бірақ кейбір қарсылық көрсеткен одақтастарды басып тастауға мәжбүр болды.
Грекиядан парсылар қуылған соң экономика көтеріле бастады. Афинада құл еңбегі кеңінен қолданылып, әрбір шаруашылықта құлдар пайда болды. Алайда ірі құл иеленушілік шаруашылықтарды есептемегенде негізгі өндіргіш күштер – орта шаруалар болып табылды. Шаруашылық заттық сипатқа ие болып, дәнді дақылдар егілетін жер көлемі қысқарылып, жүзім шаруашылығына қажетті жер көлемі ұлғайды. Өнімнің жартысы ішкі саудада болса, жартысы экспортқа шығарылды. Аса ірі орталық ретіндегі Афинаның жағдайы қолөнерде көптеген өзгерістер туғызды. Сондай – ақ, кеме тұрғызу және және де онымен байланысты қолөнер салалары жедел қарқынмен дамыды. Аса ірі құрылыстар жүргізілумен қатар Афина экономикасының маңызды саласы тау – кен ісі болды. Аттика территориясында Лаврион кен орнында күміс өндірілді. Зерттеушілердің есебі бойынша Лаврион кен орнында өндірілген рудаларды өңдеу үшін шеберханаларда ең кемінде 33 жұмысшы қажет болған. Құлдар өте қымбат бағаланған жоқ. 2-3 жыл жұмыс істеген соң, оның құны толығымен өтеліп отырды. Ал белгілі бір мамандыққа оқытылған құлдардың құны қымбат болды. Үлкен шеберханаларда негізінен құлдар еңбек етті. Ауыл шаруашылығы мен қолөнердің дамуы айырбастың пайда болуына және дамуына әсер етті.
Афина құл иеленушілік демократиясының гүлденуі
Жоспары:
1.Афиныдағы саяси партиялар және олардың өзара күресі.
2.Эфиальт және Перикл реформалары. Афинының мемлекеттік құрылысы.
3.Перикл - Афины демократиясының көсемі.
4.І-ші Афины теңіз одағы, оның Афиналық архэге айналуы.

Әдебиеттер:
1. Под ред. В.И.Авдиева., А.Г.Бокщанина., Н.Н.Пикуса. История древнего мира. –М., 1972.
2. В.С.Сергеев. История древней Греции. –ОГИЗ, 1948.
3. Под ред. А.Г.Бокщанина. История древнего мира. –М., 1982.
4. Ю.С.Крушкол. История древнего мира. –М., 1972.
5. М.Бонгард-Левин. Древние цивилизации. –М.,1984.
6. К.Ф.Беккер. История древнего мира. Восток-Греция. –М., 2001.
7. А.И.Немировский. История древнего мира. (Античность) –М., 2000.
8. И.А.Ладынин и др. История древнего мира (Восток, Греция, Рим). –М., 2005.

Афины мемелекетінің сыртқы саясатындағы табыстары мен аса ірі орталық ретінде рөлінің артуы – Афины демократиясының одан әрі дамуына жағдай жасады. Б.э.д. V ғ ортасында бірқатар саяси реформалар жүргізіліп, оның нәтижесінде Афиныда демократиялық құрылыс толығымен орнады. Ежелгі грек, оның ішінде Афины демократиясы адамзат тарихындағы ерекше құбылыс болып табылды. Өйткені демократия ұғымы ең алғаш рет пайда болып қана қоймай, ол шын мәнінде жүзеге асырылды. Бірақ бұл демократия тек қана полис азаматтары арасында таралды. Өйткені бұл кезеңде қоғамдағы әйелдер мен жат жұрттықтардың (метек) саяси құқы болмады. Сондай – ақ, құлдардың да ешбір саяси құқылары болмады. Ең соңында, демократия - құл иеленушілік ұйымның бір формасы болып табылды.
Грек-парсы соғыстарының соңғы жылдарында-ақ аристократиялық және демократиялық партиялар арасында саяси күрес жүріп жатты.
Б.з.б. 462 жылы демократиялық партия көсемі Эфиальт реформа жүргізді. Оның негізгі мақсаты саяси мекеме ретіндегі ареопагтың маңызын жою болды. Бірақ, ареопаг халық бұқарасы арасында беделді болғандықтан Эфиальт оның мүшелерінің пара алғандығы туралы деректер жинақтайды. Осының нәтижесінде Эфиальт тағы бір реформа жүргізеді. Ареопаг өзінің саяси бақылау органы ретіндегі билігінен айырылады. Ешбір сот істерін жүргізбейтін болды. Барлық іс-қағаздарды жүргізу жоғарғы сот – гелиэге тапсырылды. Бұл реформаны жүргізгені үшін Эфиальт өлтірілді.
Эфиальттың өліміне қарамастан Афины демократиялық партиясы мен афиналық демос ареопагты әлсіретіп, өзінің саяси жағдайын бекіте түсті.
Бұл кезде аристократиялық партияның көсемі, тәжірибелі саяси қайраткер Фукидид болса, демократиялық партия көсемі – Перикл (б.з.б. 490-429 ж) болды.
Афинының гүлденуі, антик дүниедегі аса ірі қайраткер Периклдің атымен тығыз байланысты болды. Өте талантты, оқыған білімді, тамаша оратор болған Перикл тыңдаушыларына өз сөзінің дұрыстығын жеткізе білген.
Перикл Афиныда демократия мен әскери-саяси жағдайды күшейтіп қана қоймай, сонымен бірге Элладаның көркейген орталықтарының біріне айналдырғысы келді. Оның үйінде сол дәуірдегі атақты мәдени қызметкерлер жиі-жиі бас қосып отырған. Перикл тарихшы Геродотпен жақын дос болған, трагик Софокл және мүсінші Фидиймен де жақын араласып тұрған. Өз Отанына шын берілген Перикл демос арасында аса зор беделге ие болған.
Перикл бүкіл Афиныға әйгілі Ксантип пен Агариста отбасында дүниеге келді. Оның әкесі Ксантиптің аты грек-парсы соғыстары кезінде-ақ белгілі болды. Ол афины теңіз флотын басқарып, Кіші Азия жағалауында жеңіске жеткен. Ал, Агариста атақты Алкмеонидтер әулетінен шыққан. Периклдің ұстазы әйгілі философ Зенон болды. Афинының барлық тұрғындарына тиісті музыкадан және өлең шығарудан басқа, Кіші Азиядан Афиныға келген Анаксагордың басқаруымен Перикл ғылыми істермен де айналыса бастайды. Анаксагор ең бірінші болып Күн мен Ай құдайлардың басқаруымен емес, табиғи заңдар бойынша қозғалады деген.
Бұл кезде Афиныда атақты саяси қайраткерлер аз еді. Аристид (б.з.б. 540-467 ж.ж.) қайтыс болса, ал Фемистокл (б.з.б. VІ-V ғ.ғ.) елден қуылған еді.
Периклдің қарсылығына қарамастан ол мемлекеттік істерге араластырылып, жоғарғы лауазымға ие болады. Атақты отбасынан шыққанмен де, ол демосқа сүйене отырып, оған өмір бойы сенімді болған. Ол өз туыстарымен, атақты достарымен байланысын үзеді. Периклдің жас кезінен бастапқы досы болған Эфиальт аристократтардың қастандық жасауымен б.з.б. 462 ж. өлтірілген соң, демократиялық партияны басқарушы Перикл болды.
Аристократтар көсемі – Кимон илоттармен соғысушы Спартаға қарсы көмек көрсетпекші болғандықтан Афиныдан қуылды. Кимонның мерзімі аяқталмай жатып, Спарта мен Афины арасында соғыс басталып кетеді. Спарта әскері Аттикамен шекаралас Беотияға басып кіреді. Бұл жағдайды естіген Кимон елге өз еркімен қайтып оралады. Б.з.б. 457 ж. Беотия мен Аттика шекарасы маңындағы шайқаста афиндықтар жеңіліске ұшырайды. Олар талантты қолбасшы Кимонды қуғынға ұшыратқандарына өкінеді, мұны түсінген Перикл Кимонды қайтарады. Кимон Спартамен келісімге келіп, бір мезгілде Кипр аралы үшін парсылармен соғыспақшы болады. Бірақ, Кипр жорығы кезінде ол ауырып, қаза табады. Ендігі жерде аристократтар Периклге қарсы Кимонның күйеу баласы (Мелисияның ұлы) – Фукидидті қояды. Ол жақсы әскери басшысы болмаса да, күшті оратор болып, аристократтарды біріктіре алды және халық жиналысында олардың мүддесін қорғай білді. Фукидид Кимон сияқты сайлау алдында азаматтарды сыйлық беру арқылы өз жағына шығарып отырған. Ал, демократтар болса кедейлер де, бай адамдар да тең құқылы болуды жақтаған. Афиныда қоғамдық жұмыстарға кедей адамдар да қатыса алды. Периклдің ұсынысымен кедейлерге мемлекеттік міндеттерді атқару үшін күнделікті ақы төленген, бірақ барлығына бірдей емес. Кедейлердің қалған бөлігінің жағдайын жақсарту үшін Перикл 60 кеме жабдықтаған, оның экипажы ерікті тұрғындардан құралған және олардың кемеде атқарған жұмысы үшін ақы төленген.
Афины одағына енген мемлекеттер территориясында афиндық қоныстар, яғни клерухтар пайда болды. Кез келген афинылық бұл жерден игеру үшін белгілі бір мөлшерде жер ала алды. Мұндай қоныстардың пайда болуымен екі мәселе шешілді: Аттикадан өзге жерлерде гарнизондар жасақталды және қарапайым халықтың жағдайы жақсартылды.
Өз басқаруы тұсында Перикл Афиныда демократиялық құрылысты күшейтіп қана қоймай, оны аса ірі қолөнер мен сауда орталығына айналдырмақшы болды. Сондай-ақ Перикл ірі құрылыстар жүргізіп, сәулетті ғимараттар мен храмдар, сарайлар тұрғызуға көп күш пен қаржы жұмсады. Нәтижесінде Афины гректердің, әсіресе афиндықтардың мақтанышына айналды. Бірақ аристократтар Перикл мемлекеттік қаржыны шектен тыс көп және дұрыс пайдаланбады деп кінә тақты. Алайда Перикл халық жиналысында барлық қаржыны қайтарып беретінін жариялай отырып, Афиныдағы әрбір құрылысқа өзінің атын жазуды талап етті. Әрине бұған афиндықтар қарсы шықты. Өйткені бұл құрылыстарға көптеген әйгілі архитекторлар мен құрылысшылар қатысқан болатын.
Фукидид және оның жақтастары Периклге қарсы күресті күшейте түсті. Олардың арасындағы күрес халық жиналысында шешілетін болды. Жақтастарының көп болуына байланысты Перикл жеңіп, Фукидид елден қуылды. Аристократтар көсемін жоғалтып, халық жиналысында күші әлсіреді. Халық Периклдің барлық істерге басшылық етуіне қарсы болмады. Ол әскермен, флотпен, мемлекеттік істермен айналысуға құқықты болды. Перикл б.з.б. 445-430 жылдары аралығында 15 жыл бойы І-ші стратег болып сайланды.
Периклдің ғылыми істермен айналысуының арқасында ол философ Аспасиямен танысады. Ол Милеттен ғылыми және мәдени орталыққа айналған Афиныға көшіп келеді. Көп кешікпей Перикл мен Аспасия үйленеді.
Перикл әрдайым Афинының күш-қуатын көрсеткісі келді. Ол б.з.б. 437 ж. алыс теңіз жорығын ұйымдастырды. Үлкен және жақсы жабдықталған Афины эскадрасы Қара теңіз жағалауымен жүзіп жүрді. Бұл эскадра Қара теңізі жағалауындағы гректерге көмек көрсетті. Мұны көрген көшпелі варвар тайпалары Афины полисінің күштілігін түсінді. Перикл әскери күшін басып алған одақтастар мемлекеттеріндегі бүлік пен көтерілістерді басуға жұмсады. Мысалы, б.з.б. 446 ж. Эвбей аралындағы көтерілісті үлкен әскермен басты.
Аристократтар Периклге қарсы келе алмады. Сондықтан олар оның туыстары мен достарын қудалай бастады. Атап айтсақ, Фидий өтірік айыппен түрмеге жабылып, сонда қаза табады. Анаксагор шәкіртінің ұсынысы бойынша Афиныдан қашуға мәжбүр болады, әйелі Аспасияға айып тағылып, қудалансада Перикл оны құтқарып қалады. Спарталықтар Периклді биліктен кетірмекші болады, бірақ оны бүкіл халық жақтай түседі.
Көп кешікпей Пелопоннес соғысы басталады. Спарта одақтастарымен б.з.б. 431 ж. Аттикаға жорық жасады. Спарталықтар қалаларды ала алмайтынын білген Перикл бекіністерге бекінді. Спарта әскері тек жазық жерлерде ғана соғыса білді. Перикл теңіз флотын жасақтап, Мегары аймағына жорық жасайды. Бұл жорық Спартаға ауыр тиді. Соғыстың 2-ші жылында Афиныда жұқпалы ауру басталады. Көптеген адамдар қайтыс болады. Перикл елді саябырлату үшін 150 әскери кеме алып, Пелопоннеске жорыққа аттанады. Бұл жорық аса маңызды болмады. Келесі жылы Перикл стратег болып сайланбады. Афиныда кең таралған аурудың нәтижесінде Перикл 2 ұлынан айырылады. Бұл кезде Афиныда Перикл сияқты өте талантты да қабілетті, шебер саяси қайраткер болмағандықтан халық жиналысы оны қайтадан 1-ші стратег етіп сайлайды.
Перикл ауыр дертке шалдығады. Оның қайтыс болары алдында туыстары мен достары оның мемлекетті басқарудағы, саяси күрестегі, шайқастардағы жеңістерін айтып отырғанда, Перикл басып көтеріп, Сендер мені өзгелермен бірігіп атқарған халық алдындағы қызметім үшін мақтап отырсыңдар, ал менің жеке ісімді айтпайсыңдар, мен басқарған жылдар бойы менің бұйрығым бойынша бірде-бір азамат өлтірілмеген еді деп жауап береді.
Перикл б.з.б. 429 ж. қыркүйек айында қайтыс болады. Осылайша тарихта өз атын қалдырған Перикл Афины құл иеленушілік демократиясының көсемі болып табылып, сондай-ақ Афиныны эллиндік әлемнің аса ірі экономикалық-саяси және мәдени орталығына айналдыруға зор үлес қосты.
Афины демократиясының саяси құрылысы. Афины мемлекетінің негізгі басқарушы органы – халық жиналысы – экклесия болды. Ол 10 күнде 1 рет шақырылып отырды және оған қатысуға 20 жасқа толған барлық Афина азаматтары құқылы болды. Афиныда өмір сүретін, бірақ өзге грек қалаларында туғандар – метектер және құлдар халық жиналысына қатыстырылмады.
Экклесия барлық саяси мәселелерді және қаржы мәселелерін шешті, соғыс пен бейбітшілік мәселелерін қарастырып, өзге елдерден келген дипломаттардың баяндамаларын тыңдады, тағы да мәселелерді шешті.Бұдан басқа демократиялық мекемелердің қатарында – Клисфен негізін қалаған – буле (кеңес) және жоғарғы сот – гелиэ болды. Жоғарғы сот 10 палатадан тұрды және дикастерия деп аталып, бірнеше комиссиялардан құралды. Сонымен бірге стратегтер, яғни әскери басшылардың коллегиясы болып, ол 10 адамнан құралды. Әрбір стратегтің өз міндеті болды. Б.з.б. 444-429 жылдары 1-ші стратег дәрежесінде Перикл болды.
Афины құл иеленушілік демократиясы оның азаматтарына көптеген құқықтар берді. Әрбір афины азаматы өзінің материалдық жағдайына және білім дәрежесіне қарамастан халық жиналысына белсенді түрде араласуға құқылы болды. Уақыт өте келе мемлекеттік қызметке сайлану құқысына да ие болды.
Әрбір афины азаматы халық жиналысына өзінің заң жобасын ұсынуға құқылы болды. Бірақ оны талқылау және бекіту өте қатаң түрде жүргізілді. Егер де бұл заң жобасы демократиялық құрылысқа қарсы бағытталған болса, оның авторы өлім жазасына кесілді. Перикл тұсында мемлекеттік қызметке ақы төлеу енгізілді. Тіпті театрға баратын күнге де ақы төленді. Мысалы, афины азаматы арнайы театрлық ақша алатын және де бұл ақшаға сол күнге қажетті азық-түлік сатып алатын еді. Б.з.б. Vғ. және б.з.б. ІV ғ. І жартысында барлық мемлекеттік қызмет орындарына, тіпті халық жиналысына қатысқаны үшін де ақы төленді.
Алайда Афины құл иеленушілік демократиясының шектеулі жағы да болды. Жоғарыда аталған саяси құқықтар тек қана Афины азаматтарына берілді. І Афины теңіз одағы бірте-бірте – Афинылық архэге, яғни Афины теңіз державасына (архэ-билік, үстемдік ету) айнала бстады. Мүшелік жарна төлетуден басқа афиндықтар одақтастардың территориясына кедейленген өз жерлестерін орналастырып, клер етіп қойды. Осылайша афиндықтар 2 мәселені шешті: өз ішінде жер жетіспеушілігін жойды және осы арқылы одақтастар территориясында тірек пункттерін құрды.

Біздің заманымыздан бұрынғы IV ғасырдағы Грекия

Жоспары:
1.Грек полистерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси жағынан дағдарысы.
2.Коринф соғысы: себептері, басталуы, барысы мен нәтижесі.
3.ІІ Афины теңіз одағы мен Пелопоннес одағының ыдырауы.
4. Б.э.д. ІV ғ. Грекияның халықаралық жағдайы.

Әдебиеттер:
1. Под ред. В.И.Авдиева., А.Г.Бокщанина., Н.Н.Пикуса. История древнего мира. –М., 1972.
2. В.С.Сергеев. История древней Греции. –ОГИЗ, 1948.
3. Под ред. А.Г.Бокщанина. История древнего мира. –М., 1982.
4.Под ред. И.М.Дьяконова., В.Д.Нероновой., И.С.Свенцицкий. История древнего мира ( упадок древних обществ). –М., 1988.
5. М.Бонгард-Левин. Древние цивилизации. –М.,1984.
6. К.Ф.Беккер. История древнего мира. Восток-Греция. –М., 2001.
7. А.И.Немировский. История древнего мира. (Античность) –М., 2000.
8. И.А.Ладынин и др. История древнего мира (Восток, Греция, Рим). –М., 2005.

Балкан Грекиясындағы полистің әлеуметтік – экономикалық, саяси дағдарысы. Ежелгі дүние тарихындағы б.э.д. ІV ғасыр ежелгі грек полисінің дағдарысқа ұшырау кезеңі деп қарастырылады. Әсіресе, бұл дағдарыс Афиныда өте күшті байқалды. Ең бірінші мұндай құбылыстар полистің әлеуметтік – экономикалық құрылымы мен оның шаруашылығының арасындағы қарама – қайшылықтың пайда болуынан көрінеді. Жер иеленуші адамдардың қауымы ретінде пайда болған полис ақша тауар қатынасының дамуында кедергі болды. Азаматтық қауым мүшелері болып табылмаған Афинының бай тұрғындарына полистік принциптер кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік бермеді. Өйткені олар азаматтық жеке меншіктің негізгі формасы болып табылған - жер үлестеріне ие бола алмады. Сондай – ақ Афинының бай тұрғындарына Лавриондағы жер үлестерін қанауға және пайдалануға тыйым салынды. Қолөнер, сауда, несие - метектердің негізгі кәсіп ету салалары болып табылды. Осындай қарама – қайшылықтар экономикалық прогрестің нәтижесі болды және де жеке меншіктің сипатын өзгертуге әсер етті. Егер ертеде полисте жеке меншіктің антик формасы орын алса, ал енді оның жаңа формасы – толық жеке меншік қалыптасып келе жатты.
Қоғамның саяси саласында да да өзгерістер болды. Олигархия мен демократияны жақтаушылар сияқты, азаматтар арасында топқа бөлінудің жаңа формалары пайда болды. Әрбір топ Афины полисінің саясатын өз мүдделеріне сай бағыттағысы келді. Афиныда азаматтардың арасындағы өзара күрес халық жиналыстарында көрініс тапса, ал сот процестерінде саяси қайраткерлер өз қарсыластарын елден қуғындап жатты. Өзге полистерде тіпті мұндай өзара күрес азамат соғысына айналып кетіп жатты. Әрбір мемлекетте өзара қырқысушы 2 мемлекет болды. Біріншісі кедейлер, екіншісі байлар – деп атап көрсетті Платон.
Б.э.д ІVғ. Грекияда тирания қайта пайда болып, бұрынғы формасынан өзгеше кіші тирания деп аталды. Тираниялық басқару жүйесінде жалдамалылар үлкен рөл атқара бастады. Оларды ұстау үшін көп қаражат қажет болды. Финанс жағыннан қиындыққа түскендер тирандар ғана емес, сондай – ақ, өзге полистердің де жағдайы ауыр болды. Әсіресе соғыс кезінде мұндай қиыншылықтар қатты байқалды. Адамдардың соғысқысы келмеді, және де соғысуға жағдайы болмады. Бірқатар полистердің қарулы күштерінде жалдамалы жауынгерлердің саны артты және де оларға ақша төлеп отыру қажет болды. Осындай жалдамалы әскер ұстау дағдарысқа ұшыратудың ең жарқын көрінісі болып табылды. Полистің көрнекті идеологы афиналық оратор Исократ жалдамалы әскерді Элладаның язвасы деп атады.
Полистің саяси дағдарысы Пелопонесс соғысынан басталып, қоғамның барлық салаларына шешуші ықпал етті. Спартаның бұл соғыста жеңіске жетуі жағдайды күрт өзгертті. Элладада спарталық үстемдік көпке орынағандай болды. Бірақ әлеуметтік – экономикалық саяси жағдайынан артта қалған өз бетінше ешқандай байланыссыз жеке дара өмір сүру нәтижесіндегі Спарта б.э.д ІV ғ. Грекияда жетекші рөл атқара бастады. Керісінше экономикалық жағдайынан неғұрлым жақсы дамыған аймақтар Спартаға ықпал ете бастады. Б.эд. V – ІV ғ.ғ. күшейе түскен мүліктік жіктеліс Спарта заң жобасында көрініс тапты. Ең алғаш рет Спарта тарихында Эфор Эпитадейдің заңы бойынша жер үлестерін мұраға қалдыру және сыйға тартумен бірге оларды сатуға және сатып алуға рұқсат етілді. Спарталықтар арасында күміс тіпті алтын ақша кең тарала бастады.
Пелопонесс одағында әрдайым орын алған таптық күрес Спартада шегіне жетті. Б.э.д 399 ж Спарта биілігіне қарсы шығып оны құлатқысы келген илоттардың, периэктердің және кедейленген спартиаттар- гипомейондардың ұйымдастырған қастандығын эфорлар біліп қалып, оларды өте күшті жазаға тартты. Бұл қастандықты ұйымдастырушы гипомейон Кинадон болды. Осындай ішкі қарама қайшылықты пайдаланып, афиндықтар демократиялық құрылысты қайта орнатты. Сонымен қатар Спарта Афинамен соғысып жатқан кезде ақшалай көмек көрсеткен Персияға Кіші Азиядағы грек полистерін беремін деген уәдесін тез арада орындамағаны үшін 2 ел арасында ашықтан ашық наразылық туды. Парсылардың ақшалай жіберген көмегі, Спарта гегемониясының қарсыластары болып табылған – Фивы мен Афины жетекшілік ететін Беотиялық (б.э.д. 379 ж.) одақтың қарулануына мүмкіндік берді.
Спарта мен Персия арасындағы Кіші Азиялық грек қалалары үшін соғыс б.э.д 399-394 жылдары болды. Парсылар Грекияда Спарта гегемониясының болуына қарсы шыққан Фивы, Афины, Коринф және Аргосты ақша қаражатымен қамтамасыз етті. Б.э.д 395 ж. Спартаға қарсы әскери жорық басталған коалиция құрылды. Бұл антиспарталық коалицияның негізгі соғыс қимылдары Коринфке жақын Истмада жүргізілгендіктен көбінесе оны Коринф соғысы деп атайды және де ол 395-387 ж.ж. дейін созылды. Спартаның өте күшті әлсіреуі Персияның жоспарына енбеді. Оның мақсаты Грекияны бытыраңқы және де өзара қырқысушы соғыстар жүргізуші ретінде көргісі келді. Сондықтан Персия өзінің саясатын өзгертіп, Спартаға қолдау көрсете бастады. Персияның қысымымен Коринф соғысы тоқтатылып, б.э.д 387 жоның астанасы Сузыда бейбіт келісім шартқа қол қойылды және де ол Анталкидов бейбіт келісім шарты (Спарта елшілігінің басшысы – Анталкида атымен) деп аталды. Кіші Азиялық грек қалалары Персияның қол астына көшті. Парсы әскери – теңіз флоты Эгей теңізіне шығуға мүмкіндік алды. Грекияда Пелопоннесс одағынан өзге ешбір одаққа рұқсат етілмеді.
Тез арада Спарта Элладада өзінің үстемдігін орнатуға тырысты. Олар б.э.д 382 ж. Фивыны басып алып, демократияны олигархиямен ауыстырды. Бірақ Спартаның күшеюі Афиныда қарсылық тудырды. Фивыдан қашып шыққан демократтарға Афины төңкеріс ұйымдастыруға көмек берді. Төңкерісті ұйымдастырушылар түнде Фивыға еніп, олигархтарды өлтірді. Сөйтіп б.э.д 379 ж. Фивыда демократия орнап, оның басқаруымен беотиялық полистердің одағы қалпына келтіріледі. Оны басқарушы бірнеше беотархтан құралған Кеңес болды және де оның ішіндегі ең көрнектілері Пелопид пен Эпаминанд болды.
Спартаның ауыр жағдайын пайдаланып, Анталкидов бейбіт келісім шартын бұза отырып, Афина б.э.д 378 ж. ІІ Афиналық теңіз одағын құрды. Кіші Азиялық грек қалалары енбегендіктен бұл ІІ Афина теңіз одағының құрамындағы полистің саны алғашқыдан аз болды. Одақтастар сонымен бірге келісім шартта Афинының ұлы державалық саясат жүргізуіне мүмкіндік бермейтін жолдарды алдын ала қарастырып бекітті. Одақтың қайта құрылуы Афинының Спартаға соққы беруіне жағдай жасады. Бірақ Спарта гегемониясына соңғы шешуші соққы берген Фивы болды. Б.э.д 371 ж. беотиялық қала Левктрыдың түбінде болған соғыста фивылықтар Спарта армиясын толығымен талқандады. Жеңіліске ұшыраудың зардабы өте ауыр болды. Пелопоннесс одағы ыдырап кетті.
Спарта ендігі жерде өзінің қауіпсіздігін ойлауға мәжбүр болды. Мессения өзінің дербестігін жариялады. Итома таулы жотасында Мессена қаласы пайда болды. Спартаның иеліктері Лаконикаға дейінгі жерлермен қысқартылды және де оның ықпалы азайды. Бірақ жеңіске жеткенменде фивылықтар Грекияда жетекші рөлге ие бола алмады.
Фивының Эллада да өз гегемониясын орнатуға әрекет жасағанында, кешегі одақтастар оған қарсы шығып, бұл әрекетті жүзеге асырмады.
Өз кезегінде Фивы мен Спартаның әлсірегенін пайдаланып, Афины ұлы державалық саясатын жүргізбекші болды. Бірақ бұған жауап ретінде одақтастар қарсы шықты. Нәтижесінде б.э.д 357-355 ж.ж. аралығында одақтастар соғысы басталып, соңында Афина толығымен талқандалды. ІІ Афины теңіз одағы жойылды.
Осылайша б.э.д ІV ғ. ортасында ішкі соғыстардың нәтижесінде Грекия әбден әлсіреп, оның жетекші одақтары ыдырап, бірде – бір мемлекет гегемондыққа ие бола алмады. Бұл процесс полистік жүйенің дағдарысқа ұшырауы барысында жүріп жатты және де автономия, автаркия принциптеріне қарамастан классикалық полис өзінің күні өткендігін байқатты.

Македонияның өрлеуі және Грекияда македон гегемониясының орнауы
Жоспары:
1.Б.э.д. V-ІV ғ.ғ. Македония. Егіншілік пен мал шаруашылығы.
2.Саяси құрылысы. Филипп ІІ және оның реформалары.
3.Грецияда македон үстемдігінің орнауы.
4.Панэллиндік конгресс. Филипп ІІ-нің өлімі.
5.А.Македонский державасының құрылуы және ыдырауы.
Әдебиеттер:
1. В.И.Авдиев., А.Г.Бокщанин., Н.Н.Пикус. История древнего мира. –М., 1972.
2. В.С.Сергеев. История древней Греции. –ОГИЗ, 1948.
3. Под ред. А.Г.Бокщанина. История древнего мира. –М., 1982.
4.Под ред. И.М.Дьяконова., В.Д.Нероновой., И.С.Свенцицкий. История древнего мира ( упадок древних обществ). –М., 1988.
5. И.Ш.Шифман. А.Македонский. –Л.,1988.
6. К.Ф.Беккер. История древнего мира. Восток-Греция. –М., 2001.
7. А.И.Немировский. История древнего мира. (Античность) –М., 2000.

Б.э.д. ІV ғасырда Грекиядан солтүстікке қарай, Балкан жартыаралында орналасқан Македон патшалығының экономикасы өрлеп, саяси жағдайы күшейіп, грек қала-мемлекеттерін өзіне бағындырды. Әсіресе Македония Филипп ІІ-ші патша тұсында, оның жүргізген реформаларының нәтижесінде аса күшті мемлекетке айналды. Ал, бұған керісінше б.э.д. ІV ғасырда Грецияның экономикалық-саяси жағдайы құлдырып, ел дағдарысқа ұшырайды.
Бұл кезеңге дейін ежелгі құл иеленушілік мемлекеттердің арасында көрнекті рөл атқарып, аса маңызды орынға ие болған Грецияның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайының құлдырауына, ал македон патшалығының өрлеуіне қандай себептер болды?
Б.э.д. V ғасырда македон тайпаларының одағында рулық құрылыстың ыдырау белгілері пайда болды. Тайпаны көсемдер басқарды. Македонияда патша билігі б.э.д. VІғ. аяғы-Vғ. басында пайда болды. Патша негізінен ауқатты шаруалардан шыққан жауынгерлерге арқа сүйеді. Алғашқыда патша билігі әскери демократияға тән сипатта болды. Уақат өте келе патшаның ықпалы күшейіп, рөлі арта бастады. Патшаны жауынгерлер жиналысы бірауыздан бекітпесе, ол таққа отыра алмады. Құл иеленушілік қатынастардың дамуы нәтижесінде бұрынғы әскери демократия монархияға жол берді.
Грек-парсы соғысы кезінде Македония Персияға бағынуға мәжбүр болды, ал гректер жеңіске жеткен соң Афины теңіз Одағының құрамына енді. Б.э.д. V-ІV ғ.ғ. грек мәдени ықпалы арта түсті, бірақ экономикалық-саяси жағынан Македонияның күшеюі Афинамен келіспеушіліктерді туғызды. Б.э.д. ІV ғасырда Македония халқының негізгі бөлігі жаяу әскерде қызмет ететін ерікті шаруалар болды. Филипп ІІ-ші патша әскери реформа жүргізіп, өз армиясын Балкан жартыаралындағы күшті армияға айналдырды. Патша төңірегіне талантты әскери қолбасшылар жиналып, армия көптеген жорықтарға қатысып, шыңдала түсті.
Пангей кен өндірілетін орындарды басып алған соң, Филипп алтын теңге соғуды бастады. Осының нәтижесінде әскери жорықтар мен саяси мәселелерді шешуде Македония қаражат жағынан ешбір қиындық көрмеді. Македония позициясының күшеюі, Филипп ІІ-нің грек істеріне көптеп араласа бастауы Афины және басқа полистерде жікке бөлінушілікті туғызды. Филипп ІІ-мен күресті Афины басқарды және оның ұйымдастырушысы көрнекті оратор Демосфен болды.
Ежелгі Греция бірнеше қала-мемлекеттерден, яғни полистерден құралды. Олардың ішіндегі ең бастылары Афины мен Спарта, Фивы, Мегары және Коринф т.б. полистер болды. Б.э.д. ІV ғасырда осы полистер арасында грек дүниесіндегі жетекші рөлге ие болу жолында өзара қырқысу соғыстары жүріп жатты. Осындай соғыстардың нәтижесінде біріншіден, шаруалар мен қолөнершілер күйзеліске ұшырап, екіншіден, қанаушылар мен қаналушы тап өкілдерінің арасында таптық күрес шиеленісе түсті. Нәтижесінде Грецияның ішкі саяси жағдайы әлсіреді.
Ал, бұл кезде экономиканың құл иеленушілік қоғамның дамуымен және де құл саудасының күшеюімен Македонияның Грециямен және өзге де алдыңғы қатарлы мемлекеттермен байланысы нығая түсті. Құл иеленушілік қоғамның дамуы құл иеленушілік мемлекеттің пайда болуына жағдай жасады. Осылайша, б.э.д. V ғасырдың аяғы-ІV ғасырдың басында Македония күннен-күнге күшейіп, Грецияның ішкі істеріне белсенді түрде араласа бастады. Сонымен қатар әрбір грек полисінде Филиппті қолдаушы ірі құл иеленушілер мен жер иеленушілер болды. Олардың ойынша Македон гегемониясы Грециядағы құлдар мен кедейлер көтерілісін басып тастап, елдің саяси-әлеуметтік жағдайын тұрақтандырады. Сондай-ақ, келешекте Парсы державасымен соғысуға көмек береді деп есептеді.
Осылайша шаруалар мен қолөнершілердің күйзеліске ұшырауы, тап күресінің шиеленісуі, грек полистерінің билік үшін өзара қырқысу соғыстары және де ірі құл иеленушілердің сатқындық әрекеті Грецияның құлдырап, тәуелсіздігінен айырылуына әкеліп соқтырды. Б.э.д. 338 жылы Херонея түбіндегі шайқастан кейін Греция ұзақ мерзімге өзінің тәуелсіздігі мен саяси маңызынан айырылды.
Б.э.д. 337 жылы Коринфте өткізілген панэллиндік (бүкіл гректік) конгресте Филипп ІІ-ші Македония мен Грецияның атынан парсы державасына қарсы күрес жариялады және де одақтас грек-македон армиясының бас қолбасшысы болып тағайындалды. Бірақ б.э.д. 336 жылы Македонияның ежелгі астанасы Эш қаласында Филипп ІІ-ші қызының ұзатылу тойында қастандықпен өлтірілді. Филипп ІІ-ші өлтірілген соң, оның ұлы әрі мұрагері Александр Македонский таққа отырды. Таққа келген Александр ең алдымен әкесін өлтірушілерді және таққа таласушыларды жазалады. Жас патшаға солтүстіктен фракиялық және иллириялық тайпалардың шапқыншылығы, ал оңтүстіктен гректердің көтерілісі қауіп төндірді. Бірақ Александр өте тез және батыл қимылдап, Орта Грецияға баса-көктеп еніп, Фивының жанынан өз әскери лагерін құрды және бірқатар шайқастардан кейін көтерілісшілерді өзіне бағындырды. Осылайша гректерді өзіне толық бағындырған соң, Александр негізгі мақсаты-парсыларға қарсы соғысын бастады.
Б.э.д. 334 жылы көктемде македон армиясы мен одақтас грек армиясы Кіші Азияға бағыт алды. Македон армиясы сан жағынан парсылардан аз болғанмен, тамаша әскери дайындықтан өткен, жақсы қаруланған және қатаң тәртіпке салынған армия болды.
Кіші Азиялық сатраптардың әскерімен алғашқы шайқас Граник өзенінде болды және ауыр соғыс қимылдары нәтижесінде парсы армиясы талқандалды. Бұл жеңіс Александрдың Кіші Азияны жаулауына жол ашты. Оның мақсаты парсы әскери теңіз флотын Кіші Азия жағалауындағы тірек пункттерінен айырып, олардың Эгей теңізіндегі соғыс қимылдарын қиындату болды. Сондай-ақ, Александр өз алдына саяси мақсат қойды: Ол Кіші Азиядағы грек полистерін парсы қанауынан азат етіп, олардың қолдауына ие болғысы келді. Александр Кіші Азияда құл иеленушілік демократияны орнатты. Кіші Азиялық қалалар оны түрліше қарсы алды, демократиялық тәртіп орнаған қалалар қарсылық көрсетпей, өз еріктерімен қақпаны ашса, ал парсылардың бақылауындағы өзге қалалар қарсылық көрсетті. Әсіресе македон армиясы Милет қаласы тарапынан күшті қарсылыққа ұшырады. Бірақ, Александр армиясы Милетті құрғақтан және теңізден қоршап, өзіне бағындырды. Өз позициясын нығайту үшін Александр Кіші Азияға ішкерілей еніп, Каппадокияға жетті. Парсы державасының құрамдас бөлігі болып есептелгенменде жергілікті тайпалар парсылардан тәуелсіз өмір сүрді. Сондықтан олар македон армиясын жақсы қарсы алды.
Б.э.д. 333 жылдың қыс мезгілін Александр Кіші Азияда өткізді. Өйткені, жергілікті жердің ауа-райы қатты суық болғандықтан, македон армиясы соғыс қимылдарын жүргізе алмады.
Кіші Азияны толық жаулаған соң, Киликия арқылы Солтүстік Сирияға келген Александр Дарий ІІІ-нің өзі басқарған парсы армиясымен кездесті. Б.э.д. 333 жылдың күзінде Жерорта теңізінің солтүстік-шығыс жағалауындағы Иссы атты елді мекенде қарсыластар арасында өте ауыр шайқас болды. Көп шығынға ұшырай отырып, македондықтар жеңіске жетті. Дамаскіде Александр парсы патшасының қазынасын қолға түсірді. Осы жеңістен кейін Александр бүкіл парсы державасын жаулап алуды ойлады. Бұдан кейін македондықтар Сирия және Финикияны басып алды. Ең күшті қарсылық көрсеткен Тир қаласы б.э.д. 332 жылы қоршауға алынып, қала талқандалды, тұрғындары жазаланды.
Финикиядан Александр оңтүстікке қарай бет алды. Палестина оған қарсылық көрсеткеніне қарамастан бағындырылды.
Б.э.д. 332 жылы Александр армиясымен Египетке бағыт алды. Қарсылық көрсетуге күші жетпейтінін түсінген Египет билеушілері Александрға өз еркімен берілді. Парсы үстемдігінен азат етушілер ретінде египеттіктер македон армиясын құшақ жая қарсы алды. Македонский Ніл аңғарында қала тұрғызып, оны өз атымен атады. Александр Амон құдайына құлшылық етіп, бас иді. Египет абыздары Александрды перғауын деп жариялады. Ежелгі әдет-ғұрып бойынша перғауын Күн құдайы Амонның ұлы болып табылғандықтан, Александр құдай деп жарияланды.
Б.э.д. 331 жылы көктемде А.Македонский солтүстікке қарай жылжыды. Евфрат пен Тигрді кесіп өтіп, Гавгамелла деген жерде б.э.д. 331 жылы 1қазанда шешуші шайқас болды. Бұл жолы да македондықтар жеңіске жетті. Ендігі жерде Александрдың алдында ешбір қорғаныссыз парсы державасының орталық аймақтары жатты. Ешбір шайқас жүргізбей-ақ ежелгі Вавилон мен Ахеменидтер державасының қазынасы орналасқан Сузы қаласы бағындырылды. Парсы патшалары жинаған мол байлық жаулап алушылардың қолына көшті. Ахеменидтердің ежелгі астанасы Персеполь мен Экбатана да бағындырылып, аяусыз тоналып, талқандалды. Осылайша дүниежүзілік Ахеменидтер державасы күйреді. Шығыс сатраптарды жаулау, әсіресе Орталық Азияның оңтүстік аймақтарын бағындыру Александр жорығындағы күрделі де қиын шайқастар болып табылды. Өйткені жартылай тәуелді және тәуелсіз жергілікті тұрғындар басқыншыларға күшті қарсылық көрсетті. Бұл жерде Александр Шығыспен өзінің байланысын нығайтып, бекіту үшін Бактрия князінің қызына үйленеді. Жорық кезіндегі өткізілген тойдан кейін, македон армиясы Соғдианаға келді. Бұл жердегі Мараканд қаласында Александрге ұзақ уақыт өмір сүруге тура келді. Өйткені жергілікті тұрғындардың оған қарсы соғысы басталып, үш жылға созылды және оның ішіндегі ең ірісі Спитамен басқарған көтеріліс болды. Ол соғды тайпаларын біріктіріп, Александрмен соғыс жүргізді. Бұл соғыста ұзаққа дейін кімнің жеңіске жететіні белгісіз болды. Бірақ Спитамен сатқындық әрекеттің нәтижесінде қолға түсіп, оның армиясы ыдырап кетті. Македон патшасы соғды қалалары мен елді мекендерін өртеп, жойып жіберді. Ендігі жерде А.Македонский дүние жүзіне үстемдігін орнатуды армандады және де бұл арманы Үндістанды жаулап алсам жүзеге асады деп сенді. Оның армиясы алдымен Үнді аңғарына келіп түсті. Александр бірқатар үнді князьдерін өз жағына қаратып алды. Бірақ оған қарсылық көрсеткендер де болды. Үнді патшасы Пора македон армиясымен Гидаспе түбінде соғыс жүргізді. Үнділер македондықтарға қарсы әскери пілдерді жіберді. Бірақ пілдерге қарсы соғысудың тәсілі табылды. Македондықтар жәймендеп пілдерге жақын келіп, олардың аяқтарын тіліп жіберіп жарақаттады. Бұл соғыста А.Македонский жеңіске жетсе де үнді билеушілеріне өз патшалықтарын қалдырды. Өйткені ол алыстағы Македонияда тұрып, бұл аймақты басқара алмайтынын түсінді. Бұл мемлекеттер Македонияның вассалдарына айналдырылды. Александр Ганг аңғарына бағыт алмақшы болғанда, жауын-шашын басталып, армия қатарында әртүрлі ауру таралып, оның үстіне әбден шаршап-шалдыққан армия қарсылық көрсетіп, алға жылжудан бас тартты. Осылайша А.Македонский Үнді жорығын толық аяқтай алмады. Б.э.д. 324 жылдың бас кезінде Александр қалған армиясымен Вавилонға оралып, бұл қаланы өзінің орасан зор державасының астанасы деп жариялады. Қайтып оралған Александр патша бірқатар кедергілерге кездесті. Александрды Үнді жорығынан қайтып оралмайды деп сепген сатраптар тәуелсіз билеушілер ретінде өз армиясын құрады. Бірақ патша мұндай қарсылықтың барлығын басып тастап, орасан зор державаны біріктіру мақсатын ұстанады. Ол македондықтар мен жаулап алынған парсыларды жақындастыру мақсатында б.э.д. 324 ж. Сузыда үйлену тойын жасап, бір күнде оның 10 мың жауынгері жергілікті жер қыздарына үйленеді. Александр өз армиясына 30 мың парсы жауынгерлерін қабылдады. Сондай-ақ, грек істеріне белсенді түрде араласа отырып, Александр қуғынға ұшырағандардың қайта оралуына және де олардың жеке меншік иесі деген құқығын қалпына келтіретін бұйрық шығарады.
Жаулап алынған жерлерде жаңадан қала тұрғызу ісі кеңінен қолға алынды.
Сонымен қатар А.Македонский жаңа соғыс қимылдарына дайындық жүргізеді. Бірақ дәл осы дайындық жұмыстары кезінде б.э.д 232 жылы Александр 33 жасында қайтыс болады. Оның денесі жерленбей жатып-ақ, Александрдың қолбасшылары мен көмекшілері арасында патша тағы мен билікке таласу басталады. Ең соңында Александрдың жеке қорғаушыларының бірі Пердикка регент болып сайланып, уақытша мемлекетті басқару ісін өз қолына алады. Өзара қырқысу соғыстарының нәтижесінде Александрдың қуатты мемлекеті бірнеше патшалыққа ыдырап кетті. Бұлардың ішіндегі ең бастылары Македония, Египет және Сирия болды. Египет пен Алдыңғы Азияның халықтары парсылар езгісінен құтылғанымен грек-македон шапқыншыларының езгісіне түсті.

Эллинистік мемлекеттер

Жоспары:
1.Диадохтар күресі және жаңа (эллинистік) мемлекеттердің құрылуы.
2.Ірі эллинистік мемлекеттер: Селевкидтер мемлекеті, эллинистік Египет,
Македония, Пергам патшалығы. Эллинизмнің мәнісі.
3.Эллинистік мемлекеттердің қоғамдық-саяси құрылысы мен әлеуметтік құрылымы.
Әдебиеттер:
1. Под ред. В.И.Авдиева., А.Г.Бокщанина., Н.Н.Пикуса. История древнего мира. –М., 1972.
2. В.С.Сергеев. История древней Греции. –ОГИЗ, 1948.
3. Под ред. А.Г.Бокщанина. История древнего мира. –М., 1982.
4.Под ред. И.М.Дьяконова., В.Д.Нероновой., И.С.Свенцицкий. История древнего мира ( упадок древних обществ). –М., 1988.
5. М.Бонгард-Левин. Древние цивилизации. –М.,1984.
6. К.Ф.Беккер. История древнего мира. Восток-Греция. –М., 2001.
7. А.И.Немировский. История древнего мира. (Античность) –М., 2000.
8. А.Г.Бокщанин. История древней Греции. –М.,1972.

Эллинистік мемлекеттердің пайда болуы мен эллинистік өркениеттің қалыптасуы. Жерорта теңізінің шығысындағы елдер тарихының б.з.д. 334 жылдан 30 жылға дейінгі – А. Македонский жорықтарынан бастап, римдіктер Египетті жаулап алғанға дейінгі кезеңді шартты түрде – Эллинистік кезең деп атаймыз. Бұл терминді ХІХ ғасырдың 30 жылдарында неміс тарихшысы И.Г.Дройзен енгізді.
Эллинизм тарихы мына кезеңдерге бөлінеді.
1. Эллиндік мемлекеттердің пайда болуы немесе диадохтар күресі (б.з.д. IV ғасырдың аяғы – ІІІ ғасырдың басы).
2. Эллиндік мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық, саяси құрылысының қалыптасуы мен өркендеуі (б.з.д. ІІІ ғ. – ІІ ғ. басы).
3. Экономикалық құлдырау, әлеуметтік қайшылықтардың өрістеуі және Римге бағынуы (б.з.д. ІІғасырдың басы – І ғғасырдың аяғы).
А. Македонский қаза болған кезде (б.з.б 23 жылы) оның мемлекеті Балкан түбегін, Эгей теңізі аралығын, Кіші Азияны, Египетті, бүкіл Алдынғы Азияны, Орта Азияның оңтүстік аймақтары мен Орталық Азияның Үнді өзенінің төменгі сағасына дейінгі бөлігін қамтыды. Осыншама территория тарихта тұңғыш рет саяси бір жүйенің көлеміне шектелді де, жаулап алынған жерлерді отарлауға жол ашылды. Бірақ жаңа жерлерді бейбіт игеруге бірден қол жеткен жоқ: алғашқы он жылдықтар Александрдың қол басшылығымен оның мұрасын бөлісу үшін күрескен диадохтар арасындағы тартыстарға толы болды. А. Македонский мемлекетінің аса маңызды саяси күші мен материалдық тірегі армия еді. Ол дүние салған соң үкімет билігі іс жүзінде оның әскери және сарай қызметкерлерінің, ауқатты македондықтардың қолына көшті. Регент іс жүзінде Пердикка болды, сондай- ақ ол әскери армияның бас қолбасшысы болып танылды және оған шығыс саптраптардың билеушілері бағынды. Грекия мен Македонияны басқару Антипатор мен Кратерге, Фракия Лисимахқа берілді. Ұлы Фригия сатрапы Антигонның Кіші Азиядағы ықпалы күшейді. Египет Птоломей Лагтың басқаруына, Сирия Лаомедонтқа, Мидия - Пифонға берілді.
Антипатор балалары Селевк мен Кассандр маңызды қолбасшылық қызметтер алды. Осы иеліктерді бөлісу және қайта бөлісу барысындағы қайшылықтар тудырған диадохтардың өзара соғыстары жарты ғасырға созылды. Диадохтардың әрқайсысы ішкі және теңіз жағалауындағы аймақтарды өз қол астына бағындыруды, маңызды жолдарда, сауда орталықтарында, порттарда үстемдігін нығайтуға, өз үкіметінің бірден-бір тірегі болып табылатын күшті армия құруға тырысты. Армияның негізгі құрамы, әдетте бұрынғы патша әскері мен Александр жорықтары кезінде қамалдарға қалдырылып отырылған гарнизондардағы македондықтар мен гректерден, сондай-ақ Грекия жалдамалыларынан тұрды. Оларға қаржы Александр және диадохтардың өзі тонаған қазынадан төленді.
Македониядан өзге барлық территориядағы диадохтардың алдында жергілікті тұрғындармен қарым-қатынас мәселесі тұрды. Оны шешудің екі бағыты болды: 1) грек-македон және жергілікті шонжарлардың жақындасуын, әлеуметтік және саяси ұйымдастырудың жергілікті дәстүрлі формасын пайдалануды көздейтін А. Македонскидің саясатын жалғастыру; 2) бағындырылған тұрғындардың барлық топтарын қанау.
Жауланған жерлерде өкіметті экономикалық және саяси жағынан нығайту құралының бірі - жаңа полистер салу болды. Олар стратегиялық пункт ретінде де, әкімшілік және экономикалық орталық ретінде де қызмет етті. Бір ерекшелігі – жаңа полистер эллиндік дүниенің барлық аймақтарында пайда болды, бірақ олардың саны, орналасуы мен пайда болу әдісі жергілікті аймақтардың тарихи ерекшеліктері мен уақыт өзгешелігін танытты.
Диадохтар Египет пен Алдыңғы Азияның халық тығыз қоныстанған ішкі аймақтарында стратегиялық жағынан аса маңызды пункттерде ғана жекелеген полистердің негізін салды. Солтүстік Грекия мен Македонияда жаңа портты қалалар пайда болды. Полистер Кіші Азия мен Сирияның теңіз жағалауларындағы аймақтарда көбірек салынды.
Диадохтар қызметінде, түптеп келгенде Шығыс Жерорта теңізі мен Алдыңғы Азияның б.э.д. ІV ғасырда –ақ белгілі болған тарихи дамуының объективті бағыттары көріне бастады: ішкі аймақтардың теңіз жағалауымен тығыз экономикалық байланыстарын және Жерорта теңізі жекелеген аймақтарының өзара байланысын орнату, сонымен қатар қалыптасқан этникалық бірлестіктері мен жекелеген аудандардың саяси және мәдени тұтастығын сақтау қажеттігі; сауда қатынасының қауіпсіздігін және жүйелігін қамтамасыз ету, сауда мен қолөнер орталықтары болып отырған қалаларды дамыту қажеттігі, мәдени қатынасты өрістету қажеттігі.
Эллинизм тарихының 2-ші кезеңінде маңызды эллиндік мемлекеттер тұрақтанды, әскери қақтығыстар тоқтамасада, жергілікті сипатта болды. Эллинистік қоғамның экономикалық дамуының айырықша сипаты тауарлы өндіріс пен сауданың өрістеуі еді. Аса ірі жаңа сауда мен қолөнер орталықтары – Египетте Александрия, Оронтада, Антиохия, Тигрде Селевкия, Пергам т.б. пайда болды. Египет, Сирия, Кіші Азия, Грекия мен Македония арасында жүйелі теңіз байланыстары орнады. Қызыл теңізде, Парсы бұғазында, одан әрі Үндістанға дейін сауда жолы қалыпқа келтірілді. Египеттің Қара теңіз жағалауындағы елдермен, Карфагенмен, Риммен сауда байланыстары орнады. Шығыста пайда болған полистерге қолөнершілер, саудагерлер т.б. мамандар көптеп келе бастады. Гректер мен македондықтар құл иеленушілік тәртіпті ала келді, сөйтіп полис тұрғындары құлдар есебінен едәуір өсті.
Жаңа полистерді азық-түлікпен қамтамасыз ету қажеттігі сатылатын ауыл шаруашылығы өнімдерді ұлғайтуды талап етті. Ақша қатынастары тіпті Египет комасына (деревня) ене бастады да, дәстүрлі қатынастарды бұзып, село тұрғындарын қанауды күшейте түсті.
Сауданың дамуы эллиндік мемлекеттердің экономикалық салмағының айтарлықтай өскендігін көрсетті. Осыған орай ауыл шуруашылығы өндірісінің, қолөнердің көлемі артып, техниканың дәрежесі жоғарылады. Соғыс және сауда кемелері жасалды, қалалар көптеп салынды, жер суландыру қолға алынды, құрылыс материалдары мен металлдарды өндіру дамыды, әсемдік бұйымдар жасайтын арнаулы қолөнер өрістеді. Сөйтіп эллиндік мәдениттің негізгі белгілері осы кезде қалыптасты.
Б.э.д. ІV ғасырдың аяғы – ІІІ ғасырдың басындағы тарихи тәжірибе әлеуметтік саяси ұйымдардың жаңа формасын – эллиндік монархияны жасады. Бұл шығыс деспотизімінің элементтері – тұрақты армиясы мен орталықтанған әкімшілігі болған мемлекеттік өкімет билігінің монархиялық формасы мен село территориялары қосылған қалалар түріндегі полистік құрылыс элементтерін ұштастырды. Олар ішкі өзін-өзі басқару органдарын сақтағанымен, белгілі дәрежеде патшаға тәуелді болды. Бірақ, олардың сыртқы жаулардан қауіпсіздігі қамтамасыз етілді, әлеуметтік жағынан нығайып, мемлекеттің өзге бөліктерімен экономикалық қатынас орнады. Өз кезегінде патша өкіметі қала тұрғындарынан әлеуметтік тірек тапты, армия қатары солардан толысты, басып алынған территорияда үстемдігі қамтамасыз етілді.
Полистер территориясында жер қатынастары: азаматтардың жеке меншігі және қаланың бөлінбеген үлестерге меншігі әдеттегіше қалыптасты. Қалаларға бөлінбеген территориядағы барлық жер патшаныкі деп есептелінді. Египет жазба деректеріне қарағанда ол 2 категорияға бөлінді: патша меншігіндегі және патшаның өз жақындарына сыйлаған, жауынгер-клерухтарға, катэктерге шағын үлестермен берілетін қалдырылған жерлер. Бұл жерлердің барлық категориясында да болатын жергілікті жер тұрғындары өздерінің мұрагерлік иеліктерін сақтай отырып, алым-салық төледі.
Жер қатынастарының бұлайша күрделі болуы эллиндік мемлекеттердің әлеуметтік құрылымның көп топтылығынан еді. Жоғары топқа патша үйі, жоғары әскери және азаматтық әкімшілік, ауқатты қала адамдары мен жоғары абыздар енді. Орта топқа: саудагерлер, қолөнершілер, патша әкімшілігіндегі адамдар, алып-сатарлар, клерухтар, катэктер, жергілікті абыздар, интеллигенттер (архитектор, дәрігер, философ, суретші) жатқызылды. Өздерінің дәулеті мен мүддесінің алшақтығына қарамастан, жоғары және орта топтағылар Египет жазбаларында Эллиндер деген билеуші тапты құрады. Ал, бұларға жатпайтындар Эллин еместер деп аталып, мүліксіз жергілікті тұрғындар, лаойлардан құралды. Лаойлар негізінен тәуелді немесе жартылай тәуелді егіншілерден тұрды. Олар арендалық қатынас негізінде патшаның, бай шонжардың, әскербасының жерін өңдеді. Лаойлар арасында селолық қауымдастықтың кейбір белгілері сақталды. Лаойларға патша монополиясындағы жұмысшылар гипотелейстер де жатты. Лаойдың жеке басы ерікті деп есептелді, бірақ олар өздері тұратын жерге, белгілі бір шеберхана мен мамандыққы бекітілді, әлеуметтік сатыда олардан төмен тек құлдар ғана тұрды.
Грек-македон жаугершілігі, диадохтар соғысы, полистік құрылымның ыдырауы - өзінің классикалық көне формасында құл иеленушілік қатынастарының дамуына күшті әсер етті. Құл еңбегі эллиндік қалаларда грек полистерінен кем болған жоқ. Бірақ ауыл шаруашылығында құл еңбегі, әсіресе патша жерлерінде жергілікті тұрғындар еңбегін ығыстыра алмады. Эллинистік мемлекеттің бір ерекшелігі – мұндағы негізгі ауыртпалық жергілікті село тұрғындарына түсті де, осының нәтижесінде қаланың жағдайы көп жақсарды. Қаланың тез өсіп, көркеюі осыдан болуы керек.
Ал, Грекия мен Македонияда әлеуметтік дамудың басқа да түрі орын алды. Бұларда әскер, флот ұстау үшін ауыртпалық қала мен село тұрғындарына бірдей түсті. Гректер мен македондықтар, қалалықтар мен селолықтар мүлкіне қарай бөлінді, еріктілер мен құлдар арасында сословиелік – таптық жіктелу жүріп жатты. Экономика құл иеленушілік қатынастарды одан әрі өрістету негізінде дамыды. Полистердің Македонияға қосылуы оларға айтарлықтай экономикалық артықшылық әкелмеді.
Демократиялық топтар арасында македон езгісіне қарсылық күшейді. Тәуелсіз ұсақ полистер федерациялар құра бастады. Бір ерекшелігі федерация құру Грекияның ежелгі саяси орталықтарында емес, құл иеленушілік қатынасының даму жолына кейін түскен аймақтарда басталды. Б.э.д. ІІІ ғасырдың басында Этолия одағы, б.э. 284 жылы Ахейя одағы пайда болды. ІІІ ғасыр Грекияның барлық полистерінде әлеуметтік жіктелу күшейді, әлеуметтік күрес шиеленісе түсті. Грек полисінің билеуші тап өкілінің мейілінше күшті мемлекеттік өкіметтен тірек іздеуі Македонияның ықпалын (саяси) күшейтуге қолайлы жағдай жасады.
Бірақ 192 жылы басталған римдіктермен соғыста Македония сәтсіздікке ұшырады. Эллиндік мемлекеттердің бірде бірі бұдан былай Шығыс Жерорта теңізіне үстемдік ете алмады. Вифиния, Каппадокия, Понт, Пергам сияқты ұсақ мемлекеттердің маңызы өсті.
Эллинизм дәуірінің 3-кезеңі – бір елден соң бір елдің Римнің үстемдігін мойындауымен сипатталады. Бұған бір жағынан көне қоғамның экономикалық даму қажеттілігі, екінші жағынан эллинистік мемлекеттің ішкі әлеуметтік-саяси әлсіздігі себеп болды. Жерорта теңізінің батысындағы елдердің Рим қол астына бірігуі сауда жолдарын, экономикалық орталықтарды қайта өзгертті. Италия мен жауланған территория тұрғындарын жаппай қанау басталып, құл саудасы мен құл еңбегін пайдалану өрістеді.
Эллинистік қоғам ақсүйектері арасында күрес күшейді. Сарай төңкерістері жиілеп, әлеуметтік алауыздықтар күшейді. Халық бұқарасының алым-салыққа, қанауға күресі кейде азамат соғысына ұласты. Мұның бәрі мемлекеттің экономикасы мен әскери қуатын әлсіретті. Македония мен Кіші Азия мемлекеттерін жаулауда Рим дипломатиясы табысқа жетті.
ІІІ Македон соғысы қарсаңында (б.э.д. 171-168) римдіктер Македонияны өзге мемлекеттерден толық бөліп тастады. 168 ж. Пидие түбегінде македон армиясын талқандаған соң, римдіктер Македонияны 4 округке бөлді, рудниктердің жұмысына, тұз өндіруге, сыртқа ағаш шығаруға әртүрлі округ адамдарының некелесуіне тыйым салынды.
Грекия мен Македонияны бағындырған соң, Рим Кіші Азия мемлекеттеріне шабуыл бастады. Б.э.д. 64 ж. Селевк әулетінің патшалығы Сирия провинциясы ретінде, 1 ж. соң Иудей Римге қосылды. Антиох IV – нің жорықтарынан кейін Египетте халық қозғалысы өріс алды, әулеттер арасындағы күрес шиеленісе түсті. Елдің экономикалық жағдайы ауырлай түсті. Оның үстіне Римдіктер Египеттің сыртқы саяси жағдайын әлсіретуге бар күшін салды. Б.э.д. 96 ж. Римге Киренайка, б.э.д. 58 ж. Кипр қосылды. Римдіктер енді Египет шекарасына келді, бірақ Римде басталған азамат соғысы оны бағындыруды кейінге қалдыруға себеп болды. Б.э.д. 30 ж. ең соңғы эллиндік мемлекет күйреді.
Саяси жүйе ретіндегі эллиндік дүниені Рим империясы жойды, бірақ эллинистік дәуірде қалыптасқан әлеуметтік- экономикалық құрылыс элементтері Жерорта теңізінің шығысындағы елдердің одан әрі дамуына аса зор ықпал жасап, едәуір дәрежеде оның ерекшелігін белгілеп берді.

Ежелгі Италия және этрусс өркениеті

Жоспары:
1.Римнің пайда болуы туралы аңыз.
2.Италияның ежелгі тұрғындары, шығу тегі. Этрусс Одағы.
3.Патшалық кезеңдегі Рим. Әлеуметтік құрылым. Патриархалдық құлдық.
Әдебиеттер:
1. Под ред. А.Г.Бокщанина. История древнего мира. В 2-х т. –М., 1982.
2. С.Н.Ковалев. История Рима. –Л.,1986.
3. К.Ф.Беккер. Древний Рим. –М., 2001.
4. А.И.Немировский. История древнего мира (античность). –М., 2000.
5. И.А.Ладынин и др. История древнего мира. (Восток, Греция, Рим). –М., 2005.
6. Под ред. Ш.М.Мунчаева. Из истории мировой цивилизации. -М.,1993.
7.Под ред. В.И.Кузищина. Хрестоматия по истории древнего Рима. -М.,1980.

Ежелгі кезеңде Римнің пайда болуы туралы аңыз-әңгімелер халық арасында көптеп тарады. Бұл аңызда Рим пайда болмай тұрған кездегі көне заман туралы айтылады. Тибрдің сол жақ жағалауының төменгі сағасында латындар тайпасы өмір сүрді. Осы латын қаласының бірі Альба-Лонгада Нумитор патшалық құрды. Оның ұлы мен Рея Сильвия атты қызы болды. Нумитордың қатыгез інісі Амулий Альба-Лонгтегі билікті басып алғысы келеді. Қарулы жасақпен Амулий сарайға еніп, Нумиторды тұтқындайды. Оның ұлын өлтіріп, қызын от құдайы Веста қызметшісіне айналдырады. 1 жыл уақыт өтпей-ақ Рея екі ұлды дүниеге әкеледі де, олардың әкесі соғыс құдайы – Марс деп жариялайды. Амулий балаларды Тибрге тастауға, ал анасын тірілей көмуге бұйрық береді. Балалар салынған себет суда жүзіп бара жатып, ағаш бұтағына ілініп қалады. Оларды қасқыр өз сүтімен тамақтандырып, денесімен жылытады. Сол күні қойшылардың бірі көріп қалып, себетті үйіне алып келеді. Әйелі екеуі балаларға Ромул және Рем деп ат қояды. Ер жеткен соң Ромул мен Рем Амулийді өлтіреді де, атасы Нумиторды таққа отырғызады. Сөйтіп өздерін қасқыр тамақтандырған жерді тауып, қала тұрғызбақшы болады. Ромул Тибр жағалауындағы Палатин жотасын ұнатып, өз атымен аталатын қала тұрғызуды бастайды. Рем оған қарсы шығып, қала менің атыммен аталсын және көрші жотаға тұрғызылсын дейді. Ромул мен Рем өзара қақтығысып, ашуы келген Ромул Ремді ұрып құлатқанда, ол тасқа соғылып қаза болады. Ромул қала тұрғызып, өз атымен атап (лат.Рома), оның алғашқы патшасы болады. Қаланы басқару үшін ақсақалдар кеңесін құрады.
Ежелгі этрускілер. Ежелгі Италияның ең дамыған халық тобы этрустер болды (римдіктер оларды тускілер деп атады, гректер тирреналар деді, олар өздерін рассеналар деп атады). Б.з.б. VІІІ-VІ ғ.ғ. этрустер Аппенин түбегінің едәуір бөлігін алып жатты. Олардың қалалық мекен-жайлары Падус өзенінің сағасы мен оңтүстік жағлауының төменгі ағысынан Италияның батыс жағалауына дейін, Арнус өзенінің теңізге құятын жерінен Тибр өзенінің жағалауларына дейін созылып жатты. Бұдан басқа Корсиканың шығысын, Ильва аралын, Компанияның бір бөлігін басып алды. Бұлар саяси бірлестіктерден гөрі діни сипаты бар одақтарға біріккен тәуелсіз қала қауымдары болып табылды.
Этрус қалаларының орнында және олармен көршілес жерлерде ирригация құрылыстары және аристократтардың камералық табыт-қабірлер деп аталатын, қашалған жартастарда көптеген түрлі заттар жиі жиналатын. Құрылыс ісінің техникасында этрускілер ірі табыстарға жетті. Олар үлкен тас ғимараттар тұрғызды және тас күмбездер мен дарбазаларды бірінші болып сала бастады. Этрускілердің гректерден айырмашылығ қыш ыдыстарды шимайламай, дөңгелектеп безендірді. Олар балшыққа күйе араластырды, осының арқасында олардың керамика бұйымдары металдан құйылған бұйымдардай әсер тудырды.
Жағалық жерлерде этрускілер кеме жасау техникасын жақсы игерді және финикийліктермен әсіресе гректермен бәсекелесе отырып тәжірибелі теңізшілер болды. Гректер Тиррендік деп атаған, Аппенин түбегінің батыс жағалауын шайып жатқан теңізде этрускілер үстемдік етті. Олар теңіз қарақшылығымен де айналысты. Этрускілердің кемелері Грекия мен Африканың жағалауларына дейін жетті. Этрускілер карфагендермен б.з.б. VІғ. келісім шарттарымен бекітіле түскен достық қатынастар орнатты.
Б.з.б. І м.ж. ортасында этрускілердің өз жазу-сызуы болды. Олардың алфавиті осы заманғы зерттеушілердің пікірі бойынша финикий алфавиті негізінде құралды. 9 мыңға дейін этрускі үскі жазулары сақталғанмен де, осы уақытқа дейін олар әлі түгел оқылмаған. Этрускілер тілі зерттелмей қалып отыр. Материалдық мәдениет ескерткіштерін зерттеу және ежелгі тарихшылардың хабарлары этрускі қоғамының таптық құл иеленушілік құрамы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Этрускі шонжарлары құлдар мен тәуелді халықтың еңбегін қанады. Этрускі қоғамының үстемдік етуші жігі лукомондар деп аталды. Олардың арасынан әскери көсемдер мен ақсақалдар сайланды. Тәуелді адамдар лаутнялар деп аталды. Этрус қоғамы б.з.б. VІІ-VІ ғ.ғ. өзінің гүлдену шағына жетеді. Осы уақытта олар Кампанияны бағындырды да, Капуя қаласының негізін қалады. Осы кезеңде-ақ олар Тибр өзенінің төменгі ағысында пайда болған маңызды орталық – Рим қаласы мен Лацияның бір бөлігіне ие болды. Бірақ, б.з.б. VІ ғ. соңында этрус қалалары құлдырай бастайды. Солтүстік-шығыстан Италияға кельт жасақтары (галлдар) басып кіреді және этрус қалаларын талқандайды. КЕйінгі кездердің ішінде галлдар этрускілерді оңтүстікке, ал лигурларды батысқа, аппенин сыртына ығыстырып, Падус өзені аңғарының үлкен бөлігін басып алады. Галл тайпаларының бірі-сеноналар-тіпті умбрлер мекендеген аймақтарға да басып кіреді. Б.з.б. Vғ ІІ жартысында-ІVғ. басында галлдар Италияның орталық аймақтарына бірқатар тонаушылық жорықтар жасайды.
Б.з.б. VІ ғ. соңында гректер де этрустерге қарсы шығады. Б.з.б. 524 ж. Кума қаласының тираны Аристодем этрустерді талқандайды. Сонымен бірге Аристодем Лациядағы этрустерді жеңеді. Б.з.б. 474 ж. этрустер Кумалар жанындағы теңіз ұрысында да жеңіліс табады. Осы кезден бастап олар Кампания мен Орталық Италияның басқа бөліктеріндегі иеліктерінен айырылады. Қалалардың этрус одағының күштері ыдырап, күйрей бастайды. Алайда италия халқының мәдени дамуында этрускілер көрнекті рөл атқара берді. Б.з.б. ІV-ІІІғ.ғ. бейнелеу өнері: қабырға бетін көркемдеу мен әсіресе портреттік мүсін өнері гүлденді. Этрускі дінинанымдары, атап айтсақ о дүниедегі ызалы рухтар туралы ұғымдар, құстардың ұшуына, құрбандыққа шалынған малдың ішек-қарнына қарап бал ашуы көршілес халық топтарына тарады. Бірақ кейінгі кезде саяси тәуелсіздігінен айырылып, этрускілер қалған италиялық тұрғындармен біртіндеп ассимиляцияланады. Б.з. І ғ. латын сөзінен толық ығыстырылған этрус тілі де ұмыт болады. Ежелгі авторлар: Геродот, Страбон, Тацит этрускілерді Кіші Азияның батыс бөлігінен ауып келгендер деп санады. Алайда б.з.б. І ғ. өмір сүрген грек тарихшысы Дионисий Галикарнасский оларды Италияның байырғы тұрғындары деп атайды. Еуропа тарихшылар этрускілерді Италияға қоныс аударған халық тобы ретінде ішінара алып қарайды., бірақ олардың ата-мекенін әртүрлі анықтады. Этрускілердің Шығыстан келгендігін, орыс тарихшысы В.И.Модестов (1839-1907) нанымды дәлелдеп берді. Сонымен қатар рим тарихынан кеңестік мамандардың көпшілігі (В.С.Сергеев, Н.А.Машкин, С.И.Ковалев) этрускілердің шығу тегінің шығыстығын, яғни кіші азиялығын мойындады. Ең ықтималы, С.И.Ковалев жазғандай, Кіші Азияның батыс бөлігінен қоныс аударған тиррен мен жергілікті умбр және лигур халқының қосылып, бірігуінен этруск халық тобы пайда болған. Б.з.б. ІV ғ. ортасында этрус қалаларының федерациясы құлдырауға келіп, галлдар Падус өзенінің аңғарына орнығып, Аппенин түбегінің орталығына тонаушылық соғыстар жүргізе бастағанда, италиялық тайпалар оларға тойтарыс беру үшін жаңа саяси және әскери орталық – Рим қаласының төңірегіне бірігеді. Осы күшті құл иеленуші қауымның басшылары көршілес тайпалар мен қауымдарды бағындырып, галлдардың басып кіруін тоқтатты да, солтүстікке ығыстырды. Кейінгі жылдары Рим қауымының басшылары өз ықпалын Этрурияның көп бөлігіне, сонымен бірге Кампанияға, Орталық Италияның өзге де аймақтарында күшейтіп, б.з.б. ІІІ ғ. бас кезінде әскери жағынан Жерорта теңізі дүниесінің ең күшті құл иеленуші державалардың бірі болып табылды.
Әлеуметтік құрылыс. Ежелгі Римде тайпалар – трибалар, ал ру бірлестіктері – курия деп аталды. Триба куриялардан құралды. Әрбір курия – 10 рудан, әрбір триба – 10 куриядан тұрды. Римде барлығы 3 триба болып, оның әрқайсысы – 100 рудан, ал бүкіл қауымның халқы 300 рудан құралды. Ру бірлестіктеріне (курияға) енетін азаматтар халықтың басым бөлігін құрады және қауымның алғашқы мүшелері болып табылды. Олар патрицийлер деп аталды. Осы патрицийлер ғана алғашқы толық құқылы азаматтар тобын құрды. Рудың басшысы, ақсақалдар кеңесіне, атап айтқанда сот функциясын жүзеге асыратын сенатқа енді. Әуел баста Рим қауымы үш жүз рудан тұрғандықтан, ежелгі сенат үш жүз сенатордан тұрды. Сенат өмірлік көсемді (гех-патша) сайлады. Патша сенаттың төрағасы болды, бүкіл қауым атынан құрбандық шалды, азаматтардан құралған жасақ – легионды басқарды. Көршілес қауымдармен бітімге келу немесе соғыс жариялау, сенат шешімдерін бекіту т.б. мәселелер – курия өкілдерінің жиналысы куриат комицияларында шешілді. Уақыт өте келе Римде еркін халықтың басқа жігі – плебейлер пайда болды. Олар патрицийлердің рулық бірлестіктеріне енбеді. Ежелгі заманда олардың қала жерін иеленуге құқы болмады және жас патрицийлер сияқты қоғамдық танаптардан басы артық жер үлесін ала алмады. Плебейлердің көбісі қолөнермен, саудамен айналысты, ал екіншілері жеке патрицийлерге немесе патриций руларына жалданып, жер үлесін алды. Плебейлер көбінесе еркін қоныс аударушылардан, бас бостандығын алған құлдардан, күшпен бағындырылған көршілес қала тұрғындарынан құралды. Олардың азаматтық құқтары болмады, бірақ уақыт өте келе Рим әскери жасағының құрамына алына бастады. Рим халқының ең төменгі бөлігі – құлдар болды. Олардың санының артуының маңызды көзі – кіріптарлық құлдық болды. Қатал борыштық құқ плебейлердің наразылығын тудырды. Бұл әсіресе, рим және оның аймағы этрускі жаулап алушыларының қол астында болған кезде күшейе түсті. Зерттеушілер б.з.б. VІІғ. соңында этрускі қаласы Тарквинийдің билеушілері Римді өзіне бағындырды деп санайды. Соңғы үш Рим патшасы (Тарквиний Приск, Сервий Туллий, Тарквиний Суперб) нақтылы адамдар болды деп санауға негіздер бар. Тарихи дәстүр патша Сервий Туллийге таңылатын аса маңызды реформаны б.з.б. VІғ. орта шеніне жатқызады.
Сервий Туллий реформалары. Тит Ливийдің хабарына сәйкес Рим патшасы Сервий Туллий плебейлерді халық жиналысына қатыстырды. Ол трибаларды ежелгі ру одағынан территориялық бөліністерге айналдырды. Сервий бұрын тек әкімшілік округтары ғана болған төрт территориялық трибалар құрды. Кейін де осындай трибалардың саны бірте-бірте өсе отырып, б.з.б І ғ. 35-ке дейін жетеді. Азаматтардың куриялар бойынша ежелгі жиналысымен қатар плебейлерді Рим жасағына қабылдауға жол берген Сервий Туллий жауынгерлердің жиналысы – центуриат комициясын құрды. Жауынгерлер мүлкіне қарай 5 тапқа бөлінді. Бірініші тапқа дүние-мүлкі 100 мың жез ассыға бағаланған неғұрлым дәулетті азаматтар жатқызылды. Олар толық қаруланған 18 атты және 80 жаяу әскерден құралған жүздікті беруге тиісті болды. Екінші тапқа әскері жеңіл қару-жарақпен қаруланған және дүние-мүлкі 75 мың ассыға жететін азаматтар, үшінші, төртінші және бесінші таптарға – материалдық жағдайлары төмен, яғни мүлкі 50 мың, 25 мың және 12,5 мың ассы болатын, әскерде жеңіл қарланып қызмет ететін азаматтар жатқызылды. Центуриат комициясында дауыс жүздіктер (центурия-жүздік) бойынша берілді. Бір жүздік 1 дауысқа ие болды. Сұрақ қою бірінші таптың азаматтарынан басталды, мұның 98 дауысы (жүздік санына қарай), ал қалғандарының 95 қана даусы болды. Ең кедей азаматтар ақырғы центурияға біріктірілді. Бұл балаларынан басқа ештеңесі жоқ адамдар, яғни пролетарийлар болды. Оларды әскери қызметке жібермеді. Халықтың ең ауқатты бөлігінен тұратын бірінші таптағы жүздіктердегі адам саны аз болды, небары 10-20, ал екінші таптағы адамдар саны 100-ден асты, ең ақырында ақырғы центурияда, яғни қарапайым халық саны 4000-ға жетті. Сондықтан жиналыста дауыс берген кезде, халық басым дауысқа ие болды. С.Туллийдің бұл реформасы Рим патрицийлерінің наразылығын тудырды. Осыны пайдаланып Тарквиний Суперб тақты күшпен тартып алып, патшаны өлтіреді. Рим тарихында барлығы 7 патша болса, оның соңғысы болған Тарквиний өте қатыгез, қатаң, халыққа көп қысым көрсеткен соң, өзіне деген наразылықты тудырды. Б.з.б. 509 ж. римдіктер оны елден тақтан алып, елден қуды және басқа патша сайламай, республика жариялады. Осы кезден бастап сенат қаулысы бойынша Римде патша патша билігі жойылды. Патрицийлер қаланы басқаруды өз қолына алды. Бұл сайланбалы басқару ісі ортақ іс, яғни республика деп жарияланды. Антик тарихшылардың айтуынша Тарквиний Суперб Этрурияға қашып кетеді де, этрускі патшасы Порсенаның көмегіне сүйеніп, Римдегі өз өкімет билігін қалпына келтіруге әрекеттенеді. Римдіктердің мызғымайтындығын көріп, Порсена Суперб үстемдігін қалпына келтіруден бас тартып, Римнен (б.з.б. 509 ж.) шегінеді. Алайда, қазіргі зерттулерРимдегі этрускі патшалары өкіметінің құлауы мен оның Лациядағы әлсіреуін Кампания жағалауларында этрускі флотының гректерден жеңіліс табуынан деп санайды.
Б.з.б. І ғ. соңына дейін өмір сүрген Рим республикасы (аристократиялық) осылай орнады.

Рим республикасы

Жоспары:
1.Ерте Рим Республикасы кезеңі. Рим қоғамының құрылысы.
2.Патрицийлер мен плебейлердің күресі, оның негізгі себептері.
3.Ерте Рим Республикасының мемлекеттік құрылысы. Сенат, Комиция.
4.Рим армиясын ұйымдастыру.
Әдебиеттер:
1. Под ред. А.Г.Бокщанина. История древнего мира. В 2-х т. –М., 1982.
2. М.Бонгард-Левин. Древние цивилизации. –М.,1984.
3. С.Н.Ковалев. История Рима. –Л.,1986.
4. К.Ф.Беккер. Древний Рим. –М., 2001.
5. А.И.Немировский. История древнего мира (античность). –М., 2000.
6. И.А.Ладынин и др. История древнего мира. (Восток, Греция, Рим). –М., 2005.
7. Под ред. Ш.М.Мунчаева. Из истории мировой цивилизации. -М.,1993.
8. Ю.С.Крушкол. История древнего мира. 2т. –М.,1971.

Б.з.д. V-ІІІ ғ.ғ. Ерте Рим республикасы. Рим республикасының жариялануы Ежелгі Римнің қоғамдық құрылысында айтарлықтай өзгерістер туғызбады. Римдегі саяси билік бұрынғысынша патрицийлердің қолында болды. Рим плебейлері патшалық кезеңдегі сияқты саяси және экономикалық жағынан ешбір құқыққа ие бола алмады. Алайда патша билігінің жойылуы, республикалық конституцияның қалыптасуы мен дамуы, б.з.д. V-ІV ғ.ғ. Римнің белсенді сыртқы саясаты оның саяси рөлінің артуына ықпал етті. Ерте Рим республикасының алғашқы ғасырларында плебейлер қоғамдық жерлерді бөлуге араластыруды талап етіп, патрицийлермен тең құқылы болу жолындағы күреске шықты. Сондай-ақ борышкер құлдықты жоюды талап етті. Плебейлердің патрицийлермен күресі жеке меншік пен құлдықтың дамуына ықпал ете отырып, қоғамдық дамудың қозғаушы күшіне айналды.
Ерте республикалық кезеңде Рим полис, яғни азаматтар қауымы болып табылды және оның құрамында құл иеленушілер болды.
Рим қауымының өмірінде негізгі қоғамдық және шаруашылық рөлді атқарушы туысқан адамдардан және олардың құлдарынан құралған жанұя болды. Жанұя басы отбасылық меншікке жарлық етті, үй тәртібінің абызы міндетін атқарды, жанұя мүшелерінің тағдырын шешетін (құлдыққа сатып, өлтіре де алатын) бірден бір төреші болды. Мемлекет жанұяның ішкі істеріне араласа алмады.
Рим халқы жер өңдеумен, мал шаруашылығымен, қолөнермен айналысты. Римдіктер астық дақылдарын, жүзімдерді, зәйтүндерді егіп өсірді, бақша шаруашылығымен айналысты. Егіншілер темір еңбек құралдарын пайдаланды.
Патшалық кезеңде басталған қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөлінуі б.з.д. V - ІV ғасырларда жалғасты. Сауданың дамуы қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөлініп шығуының салдары болды. Римнің негізгі алаңы - форум жеті сайын халық жиналатын базарға айналды. Қалада мал және құлдар сататын арнайы орындар пайда болды. Жыл сайын діни мереке күндері жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Римнің Тибр өзенінің бойында орналасуы римдіктердің латын қалаларымен, этрускілермен, финикиялықтармен және гректермен делдалдық сауда байланыстарын жүргізулеріне мүмкіндік берді. Б.з.д. ІVғ. Тибр сағасында Римнің Остия деген порты пайда болды. Ақша жүйесі пайда болды. Мыс және қола кесектері алғашқы ақша баламасы болып табылған – малды ығыстырып шығарды. Ал, күміс теңгелер тек қана б.з.д. ІІІ ғ. ортасында пайда болды.
Плебейлердің патрицийлермен күресі. Плебейлер көптеп шұғылдана бастаған қолөнер мен сауданың дамуы, олардың арасында жіктелу процесін туғызды. Бұл жағдай бір жағынан, бай сауда-қолөнер шонжарларын туғызса, екінші жағынан, мүліксіз, кедей плебейлердің санын көбейтті. Патрицийлердің рулық ұйымдарынан тыс бола отырып, плебейлер жеке меншігінде өте шағын жер үлестерін иеленді. Соғыстардың үздіксіз жүргізілуі, жаулап алынған аймақтағы тұрғындардың Римге қоныстануы, жер тапшылығы жағдайында халық санының өсуі Римде жерсіз плебейлердің санын көбейтті. Борышкер құлдар саны да артты. Оларды патрицийлер мен бай плебейлер Тибр сыртына, Рим қауымынан тыс жерге құлдыққа сатуға құқылы болды. Плебейлердің осылай жіктелуі тап күресінің шиеленісуіне әкеп соқтырды.
Б.з.б. V-ІVғ. Рим плебсі бүкіл рим қауымына тиісті болып келген жердің қоғамдық танабын бөлуге, еркін кіруге рұқсат алуға ұмтылады. Қоғамдық танап жеңілген халықтардан римдіктер тартып алған жер есебінен өсіп отырды. Алайда патрицийлер ғана жердің қоғамдық танабын ала алатын еді. Қоғамдық танапқа ие болудың осындай құқын алу үшін плебейлер саяси құқтарда патрицийлермен теңдікке жетуге тиіс болды. Осылайша плебейлердің патрицийлермен экономикалық тұрғыдағы күресі жер үшін күрес болды. Бұл кедейленген плебейлердің аграрлық мәселелерді борыштық кіріптарлығымен қоса жою талаптары арқылы қиындай түсті.
Б.з.д. V-ІV ғасырларда плебейлер экономикалық және саяси қатынастарда патрицийлермен теңдік жолындағы күреске шықты. Олар магистратура мен сенаттан орын берілуін талап етті. Бұл күрес б.з.д. 494 ж. басталып, 200 жылдан аса уақытқа созылды. Осы жылы латын қауымдарымен соғыс басталғанда плебейлер Қасиетті тауға ( плебстің алғашқы сецессиясы) кетіп қалып, соғысудан бас тартты. Олар өз араларынан плебейлердің мүддесін қорғайтын-халық трибундарын сайлау құқына ие болған кезде ғана қайтып оралды. Б.з.д. 493 жылдан бастап плебейлер өз ортасынан жыл сайын екі лауазымды адам - халық трибундарын сайлайтын болды. Халық трибундары плебейлердің мүддесіне қайшы келетін сенат пен магистраттардың шешімдеріне тыйым салу құқына ие болды (veto-лат.). Алғашқы кезде халық трибундарының саны екеу болса, кейіннен төртеу, ал ең соңында онға дейін жетті.
Аграрлық мәселелерді шешуге жасалған плебейлердің алғашқы әрекеттері б.з.б. Vғ. І жартысына жатады. Б.з.б. 486 ж. консул Спурий Кассий соғыс кезінде басылып алынған жерлерді плебейлер арасында бөлгісі келді. Патрицийлер консулды күштеуге ұмтылды деп айыптады. Алайда, б.з.б. 456 ж. халық трибуны Ицилий Авентин төбесіндегі жерлерді кедейлер арасында бөлу туралы заң жүргізді. Плебейлер б.з.д. V ғ. орт. үлкен жеңіске жетті. Б.з.д. 451 ж. он патрицийлерден (децемвир) құралған комиссия заңдар жинағын құрастыруға тиісті болды. Бірақ олар мұны бір жылда жасай алмағандықтан, б.з.д. 450 ж. 10 децемвир (5-патриций, 5-плебей) қайта сайланды. Олар қолданылып жүрген құқылық нормаларды жинақтап, бір жүйеге келтірді. Б.з.д. 449 ж. он екі мыс тақтаға ойылып жазылған заңдар орталық алаң - форумға қойылды.
ХІІ кесте заңдарын қабылдау Рим плебсінің үлкен жеңісі болды. Жер мен жылжымалы мүлік заңдарда жеке меншік ретінде алынып қаралды, бұл өсиет бойынша мұраланып беріле алатын еді. Бірақ, жеке баптарда рулық меншіктің кейбір сипаттары тіркелді. Мысалы, егер римдік азамат өсиет қалдырмай қайтыс болса, онда когнаттар мұрагері болып қалады. Егер де олар да жоқ болса, онда агнаттарға, ең соңында агнаттары да жоқ болса, онда меншік туыстарына ауысады. Заңдар квириттік меншіктің, жердің, жемістердің қол сұғылмайтынын ескертіп, бұзушыларды қатаң жазалады. Бөгденің өңделген егісін түнде таптап кеткені үшін айыпты өлім жазасына кесілді, күндіз ұрлағаны үшін айып салынды. Сондай-ақ, заңдар қоғамдық жер пайдалануды қорғады: учаскенің меншік иесі қолдан суару жүйелерін тұрғыза алмады да, осы арқылы табиғи су ағысын өзгерте алмады. Жер меншігіне қатысты баптардың ортақ сипаты б.з.б. Vғ. жерге ұсақ меншіктің басымдылығының кепілі болып табылды.
Заңдар қатал борыш құқының әрекетін тұжырымдайды. Несие беруші өзінің борышкерін қауымнан тыс жерге, Этрурияға сата алатын. Бұдан басқа борышкерді өлтіруге де болатын. Заң-жобалар құлдар мен құлдардың қатарына кірмейтін тәуелділер: еркін жіберілгендер, клиенттер сияқты адамдардың жеке категорияларының арасында нақтылы айырым орнатуға мүмкіндік бермеді. Мысалы, құлдың мүшесін зақымдағаны үшін төленетін айып еріктінің мүшесін зақымдағаны үшін төленетің айыптың жартысына тең, яғни құл мен ерікті адам біршама тең жағдайға қойылды. Басқа бапта да осындай сипатта болды, мұнда зақымның орнын толтыру оның иесіне емес, құлға салынады. Бірақ, заң-жобаларда иесінің жүгенсіздігінен құлды қорғап қалатындай баптар жоқ еді. Ол оның мүшелері хақында жанұя басының шектеусіз билігін орнықтыра берді. Осылай, әкесі өзінің ұлын құлдыққа үш рет сатуға құқылы болды. Осыдан кейін ғана ол, оның билігінен азат бола алатын. Рим жанұясында әйелдер адамдар мүлде құқысыз болды. Сонымен б.з.б. 450 ж. заң-жобалар құлдықтың патриархалдық сипаты туралы мәліметтер береді.
ХІІ кесте заңдары рим азаматтарының құқтарын қорғады. Бұлар оны сотсыз жазалауға тыйым салды: әлем жазасы туралы үкім тек центуриат комицияларында ғана шығарыла алатын. Азаматтық және қылмыс құқтары заңдары алдында патрицийлер мен плебейлердің теңдігі орнатылды, әйтсе де сословиелік қатынастар өте аз қозғалған болатын.
ХІІ кесте заңдары басталғаннан кейін плебейлердің патрицийлермен күресі жаңа күшпен сабақтаса түсті. Б.з.б. 449 ж. Валерий мен Граций консулдар кезінде плебейлер саяси жаңа құқтар алған жаңа заңдар қабылданды. Өлім жазасына кесілген әрбір адам халық жиналысына өтініш арыз бере алатын. Халық трибундарының жеке басының дербес құқылығы арта түсті. Патрицийлердің талабымен бұл заң алғашқыда плебейлермен некеге отыруға тыйым салса, б.з.б. 445 ж. халық трибуны Канулей ұсынған заң қабылданып, плебейлердің жаңа сецессиясынан кейін бұл неке тыйымы жойылды. Б.з.д.444 ж. бастап жоғары магистратура - консульдік билігі бар әскери трибундар сайлана бастады. Олар өзара тең коллегиялық билікке ие болды.
Ұсақ меншіктердің жұтауымен, борышкерліктің, кіріптар құлдықтың өсуімен қосарланған жер иеленудің шоғырлануы б.з.б. 376-367 ж.ж. плебейлер мен патрицийлер арасындағы күрестің жаңа шиеленісуін туғызды. Халық трибундары Лициний мен Секстий жыл сайын күрестің барысын көрсететін заң жобаларын енгізіп отырды. Б.з.б. 367 ж. халық жиналысында қабылданған, сенат бекіткен, жаңа заңдарға айналған бұл жобалар қоғамдық танапқа иелікті шектеді. 500 югерден (125 гектар) артық жерді ешкім иемденіп, қоғамдық жайылымға 100 бас мүйізді ірі қара мен 500 бас ұсақ малдан артық ешкім шығара алмады. Борышкерлердің жағдайы біраз уақыт жеңілдеді. Борышкердің төлемдері борыш есесіне кірді. Қалған борыш үш жыл бойында төленетін болды. Екі консул сайлауы қалпына келтірілді. Консулдардың бірі міндетті түрде плебейлерден сайлануға тиіс болды. Бірақ бұл заң плебей кедей топтарының қолдауын таппады.
Б.з.д. 326 ж. плебейлер жаңа заңды бекіттірді, ол бойынша “борышы үшін борышкердің денесі емес, оның мүлкі жауап беруге тиіс” болды. Рим азаматтарын борышы үшін құлдыққа сатуға мүлде тыйым салынды. Б.з.д. 312 ж. цензор Аппий Клавдий плебейлердің сауда-қолөнер тобының мүддесін қорғай отырып, жеке меншігінде жері жоқ азаматтардың қалалық және селолық трибаларға тіркелуіне рұқсат етті. Қалалық плебс пен еркіндікке жіберілгендер жері бар ма, жоқ па оған қарамастан мемлекеттің саяси өміріне араласу құқына ие болды. Б.з.д. ІVғ. аяғында плебейлер барлық қызметті, тіпті абыздықты да атқаратын болды. Саяси және экономикалық құқықтар жолындағы күрес б.з.д. 287 ж. ғана аяқталды. Барлық саяси құқықтарды алған плебей-шонжарлар патрицийлермен жақындасып, жоғары сословие-нобилететті құрды. Б.з.д.3ғ. плебейлер арасында да жаңа сословие-салтаттылар пайда болды. Олар саудамен айналысты. Салтаттылар алтын жүзік тағып, жіңішке қызыл жолағы бар киім киді. Алайда нобилдер саяси билікті өз қолдарында ұстады. Олар құқы жағынан еркін азаматтармен қатар болды, бірақ бай болғандықтан, жоғарғы магистраттарды алып, сенатқа енді.
Ертедегі Рим республикасының мемлекеттік құрылысы. Б.з.д.V-ІІІғ.ғ. Рим мемлекеттік құрылысының қалыптасу процесі жүрді. Мемлекеттік басқару органдары: халық жиналысы, магистратуралар және сенат болып табылды. Жоғарғы өкімет иесі - толық құқылы Рим азаматтары болды, оларға ата-анасының азаматтық құқылары барлар жатқызылды. Рим азаматтары халық жиналысына қатысуға, мемлекеттік лауазымдарға сайлануға, жеке меншікке ие болуға, Рим әскерінде қызмет етуге құқылы болды.
Халық жиналысы Рим азаматтарынан - патрицийлер мен плебейлерден құралды. Жоғарғы қызмет адамдарының центуриат жиналыстары қаланың шегінен сырт, Марс алаңында шақырылды. Магистрат жиналыс алдында шешілетін мәселені қойды, дауыс беру ісін жүргізуді биледі. Алғашқыда дауыс беру центурия ішінде өтті. Содан соң төтенше есепші центуриялар жақтап немесе қарсы дауыс берушілер санын есептеп шығарды. Басым көпшілік мәлім болған соң, дауыс беру мүлде тоқтатылды.
Халық жиналысына (центуриаттық) жоғары мемлекеттік билік берілді. Ол халық трибундарын, консулдарды, преторларды, цензорларды т.б. сайлады, соғыс немесе бейбітшілік жариялады, қылмыс істерін айырды, заңдар қабылдады. Римде заң жобаларын тек қана халық трибундары, консулдар т.б. лауазымды адамдар ұсына алды. Бұл заң жобасын халық жиналысы – комиция (трибут комициясы) ешбір талқылаусыз дауысқа салды.
Трибут комициялары (трибалар бойынша жиналыс) тек б.з.б. ІІІ ғ. ғана Гортензийдің арнаулы заңдық құқтарын бекітісімен-ақ, зор маңызға ие болды. Олар центуриаттық комициямен салыстырғанда неғұрлым демократиялық болды, өйткені оларға өздерінің ценздік орнына қарамай барлық рим азаматтары қатысты. Трибут жиналыстары әдетте заң-жоба мәселелерін шешті, төменгі қызмет адамдарын сайлады, кейбір қылмыс істерін айырды. Римде мемлекеттік лауазымдарға жалақы төленбеді. Сондықтан бұл орындарда тек патрицийлер отырды.
Атқару өкімет билігі магистраттарда – халық жиналысы бір жылға сайлаған қызмет адамдарында болды. Магистраттар, азамат үшін құрметті, азаматтық міндеттерін орындағаны үшін сыйлық алмады. Рим магистарттары тек коллегиялық түрде әрекет жасап, яғни бірауыздан шешім қабылдай алатын еді. Өз коллегияларының шешімдерімен магистрат келіспеген жағдайда, магистратқа наразылық көрсету құқы (вето) берілді, бұдан кейін шешім заңсыз деп саналды. Магистраттың жеке басы құқтарына қол сұғылмайды. Оның өкілеттік мерзімі өткенше ол жауапқа тартылмайтын еді. Тек халық ғана өзінің өкілеттілігін қалдыруға ұсыныс айтуға құқылы еді.
Магистратура экстраординарлы (төтенше) және ординарлы (дағдылы немесе тұрақты) болып бөлінеді. Экстрординарлы магистраттар (диктатор, триумвирлер, децемвирлер) мемлекетке қандай болсын қауіп төнген ерекше жағдайларда сайланады немесе тағайындалады. Диктаторды тағайындау туралы сенат ғана шешім шығара алатын. Кейде центуриаттық комициялардың диктаторды тікелей тағайындау құқы болды.
Диктатура бірден-бір коллегиялық емес магистратура еді. Диктатордың алты ай бойына әскери және азаматтық өкімет билігі болды, сотқа тартыла алмайтын, халық трибундарының вето әрекеті жүрмейтін. Алайда диктатура құрған кезде магистраттардың бұрынғысынша өз құқтары болды. Диктатордың жоғары айрықша белгілері болды- оны 24 ликторлар ертіп жүрді.
Жоғарғы ординар магистратуралары – 2 консул, преторлар, цензорлар, халық трибундары, төмендегілері – эдилдер, квесторлар болды.
Консулдар – Рим республикасының жоғарғы қызмет адамдары - мемлекетті басқарушылар болып табылды, жыл сайын центуриат комицияларына сайланды. Оларға әскери және азаматтық өкімет билігі тиісті болды. Олар Римді басқарып, комицияны, сенат, шақырды,олардың шешімін орындады және оған кезек-кезек төрелік етті, жаңа заңдар ұсынды, әскерге жауынгерлер қабылдады. Консулдар өкіметі коллегиялы еді. Екі консулдың екеуі де өзара тең билікке ие болып, бірі екіншісінің шешімін өзгерте алды. Сондықтан белгілі бір мәселені шешу барысында, бірігіп ортақ келісімге келулері керек болды. Соғыс кезінде бір консул Римді басқарып қалса, екінші консул жорыққа аттанды. Егер төнген қауіп өте зор болса, екеуі бірдей соғысқа аттанды және кезекпен легионға басшылық етті.
Жоғарғы магистратура өкілдерінің бірі-преторлар сот комиссияларына төрелік етті, провинцияларды басқарды. Консул болмаған жағдайда оның функциясын атқарды, сенаттың тапсыруымен легионды басқарды.
Екі цензор (бұрынғы консулдар) бес жылда бір рет он сегіз ай мерзімге сайланды. Олар бес жылда бір рет ценз жүргізді: барлық азаматтардың тізімін жасады, олардың материалдық жағдайын анықтады және оған сәйкес мүліктік разрядқа жатқызып, трибаға тіркеді. Цензорлар бес жылға саудаласып мемлекеттік мүліктерден түсетін кірістерді және баж салықтарын жинау құқын жүргізді. Рим азаматтарының ғұрып тазалығын қадағалау да олардың міндетіне жатады.
Төменгі магистраттар-эдилдер мен квесторлар болды. Эдилдер қаладағы тәртіпті сақтап, қала күзетшілеріне басшылық жасады, көркейту істерін бақылап отырды, халықты үздіксіз азық-түлікпен қамтамасыз етуге жауапты болды және әртүрлі ойындар мен мерекелер ұйымдастырды.
Квесторлар казначей міндеттерін атқарды, мемлекеттік мұрағатты, туды күзетті, әскери қазынаны басқарды. Сондай-ақ провинция билеушілерінің көмекшілері болып табылды.
Әрбір магистраттың көптеген жеке хатшылары, лекторлары, жаршылары және де еркін жіберілгендер мен мемлекеттік құлдары болды.
Мемлекетке аса зор қауіп төнгенде уақытша мерзімге – диктатор, триумвир, децемввир сайланды. Диктаторды тағайындау туралы шешімді тек қана сенат қабылдады. Рим республикасындағы жоғарғы мемлекеттік орган - сенат болды. Б.з.д.Іғ. бас кезіне дейін оның құрамында 300 мүшесі болды. Сенаторларды цензорлар қатаң тәртіп бойынша тағайындады: алғашқыда диктаторлар, содан соң консулдар, преторлар т.б.
Сенатты тек жоғарғы магистраттар шақыра алды. Олар мұның мәжілістеріне төрелік етті. Сенат комиция шешімдерін, оның ұсынған лауазымды адамдарын бекітті, сыртқы саясатқа басшылық жасады, қаржы мәселесімен айналысып, мемлекеттік мүлікке ие болды, дін тәртібін бақылады. Сонымен қатар сенат легионның құрамын анықтап, оған жауынгерлерді қабылдау уақытын белгіледі, әскери басшылардың өкілдігін белгіледі, бақылау мақсатын көздеп, өзінің елшілерін соғыс жүргізіп жатқан магистратқа жіберіп отырды, жалпы әскери істі басқарды.
Осылайша Рим республикасы-аристократтық республика болып табылды. Онда халық жиналысының маңызы төмен болып, магистратураларға жалақы төленбеді, сенаттың рөлі басым болды.
Рим армиясы және оны ұйымдастыру. Рим республикасының әскери жүйесі б.з.д. ІVғ. үздіксіз соғыстар жүргізу жағдайында қалыптасты. Алғашқыда бүкіл рим жасағы легион деп аталды. Б.з.д.ІVғ. консул әскері екі легионға бөлініп, барлығы армияда төрт легион болды. Консулдар алдын-ала халық жиналысында белгіленген күні цензорлар жасаған тізім бойынша жауынгерлерді легионға қабылдады. Әрбір легионда үш мың ауыр қаруланған және бір мың екі жүз жеңіл қаруланған жауынгерлер болды. Легионға одақтастардың жасақтары (бес мың жаяу әскер, тоғыз жүз салтаттылар) қосылды.
Легион отыз манипулға, ал манипул өз кезегінде құрамында алпыс және отыз адамы бар екі центурияға бөлінді. Бірінші сапта гастаталар (найзашылар) деп аталған 1200 жеңіл қару-жарақты, екінші сапта 1200 ауыр қаруланған жауынгерлер (принцепстер-алғашқылар, бастылар) болса, үшінші сапта 600 триарилер (ауыр қаруланған, неғұрлым тәжірибелі ұрыстарда сыналған әскерлер) болды. Ұрысты әдетте әр центурияны қосарлаған жеңіл қаруланған сақпаншылар, найза лақтырушылар жасақтары бастады. Содан кейін гастаттар, принцепстер және ең қауіпті кезде шайқасқа триарлар араласты.
Ауыр қаруланған жауынгерлердің тастар мен лақтырылған снарядтардың соққыларынан қорғайтын мата қапталға,. бұзау терісі бүркелген, оған темір тіліктері дәнекерленіп бекітілген тақтайдан жасалған қалқандары болды. Жауынгерлер дулыға, мыс кеудеше, кейде сауыт киіп, аяқтарына былғары орап жүрді. Легионшы мықты берік семсермен, ауыр да жеңіл найзалармен қаруланды. Б.з.б. ІІІ ғ. соңында лақтыратын найза – пилум – ұшты, жұқа темір таяқ, негізгі қару болып табылды. Ол жаудың қалқаны мен панцирін тесе алатын.
Консулдар, легаттар (консулдың көмекшісі), әскери трибундар легиондарды басқарды. Қамалдарды қоршау кезінде римдіктер таранды, жебелер мен бөренелер атқылайтын катапульттер мен баллисттерді қолданды. Римдіктердің әскери өнерінің бірі- жорық барысында әскери лагерьлер құра білуі еді. Ол төртбұрышты формада болды. Лагерь ортасында легион басшысының палаткасы тұрды. Оның сыртынан ор қазылып, күзет қойылды. Ал легионерлер арасында өте қатал тәртіп орнатылды.
Консул шайқаста ерлік көрсеткен жауынгерді әскери жиналыста мадақтады. Олар құрмет найзаларымен, алтын, күміс білезіктермен, қалқандармен марапатталды. Рим азаматтарының өмірін құтқарып қалған жауынгерлерді емен венокпен, қоршалған қаланың қабырғасына, жау кемесіне, жаудың лагеріне бірініші болып барғандарды алтын венокпен марапаттады. Ең жоғарғы сый –жер үлесі болып табылды. Сондай-ақ әскери басшылар кінәлі жауынгерлерді жазаға тарта алды. Егер шайқаста жауынгер қаруын жоғалтып алса, оны трибундар кеңесі өлім жазасына кесе алды. Артқа шегінсе немесе бас көтерсе “децимация” өткізілді, яғни әрбір оныншы жауынгер жазаланды.
Ұсақ жер иеленушілермен толықтырылып отырылған Рим республикасының армиясы тәртіпті әрі жақсы қаруланған армия болды.
Б.з.б. ІІІ - ІІ ғасырларда ол эллинистік мемлекеттердің армиясын талқандай алды.

Рим Республикасының гүлденуі
Жоспары:
1.Б.э.д. ІІІ ғ. І жарт. Жерорта теңізі өңіріндегі мемлекеттер.
2.Карфаген – батыс Жерорта теңізі өңірінің аса күшті мемлекеті.
3.Римнің Карфагенмен күресі, оның себептері.
4.І Пуни соғысы. Б.э.д. ІІІ ғ. ІІ жарт Римнің күшеюі. ІІ Пуни соғысы, оның барысы мен нәтижесі.
5. ІІІ Пуни соғысы. Рим державасы - Жерорта теңізі құлиеленушілік қоғамының орталығы.
Әдебиеттер:
1. Под ред. А.Г.Бокщанина. История древнего мира. В 2-х т. –М., 1982.
2. М.Бонгард-Левин. Древние цивилизации. –М.,1984.
3. С.Н.Ковалев. История Рима. –Л.,1986.
4. К.Ф.Беккер. Древний Рим. –М., 2001.
5. А.И.Немировский. История древнего мира (античность). –М., 2000.
6. И.А.Ладынин и др. История древнего мира. (Восток, Греция, Рим). –М., 2005.
7. Ю.С.Крушкол. История древнего мира. –М., 1971.
8.Под ред. Ш.М.Мунчаева. Из истории мировой цивилизации. -М.,1993.

Б.э.д. ІІІ ғ. ортасына қарай Батыс Жерорта теңізінің ең күшті мемлекеттері баяғыдан осы жерде үстемдік еткен Карфаген державасы мен жаңа құрылған Рим құл иеленуші конфедерациясы болды. Карфаген де Рим де агрессияшыл сыртқы саясат жүргізді, ол үшін әскери экспансия, оның дамуының қажетті шарты болды. Бұлардың әрқайсысы Батыс Жерорта теңізі дүниесінің гегемоны болуға тырысты. Б.э.д. ІІІ ғ. ортасында бұл қайшылықтар І Пуни соғысының басталуына алып келді. Римдіктер карфагендіктерді пунилер деп атады.
Карфаген І Пуни соғысы алдында. Карфаген немесе Кар-Хадашт б.э.д. ІХ ғ. аяғында пайда болған ірі Финикия қаласы Тирдің отары болды. Карфагеннің мақтанышы екі – сыртқы (сауда) және ішкі (әскери) айлақтары бар порт болды. Карфаген державасында да Рим кнфедерациясының ерекшеліктері: оның құрамына енетін қалалардың, аймақтардың, тайпалардың экономикалық және саяси біртектілігі тән еді. Кейбір қалалардың Карфагенмен тең құқылы болды, 2- ші біреулері отар жағдайында болды. Карфаген қолөнер орталығы болып табылды. Сауданың гүлденуіне байланысты өзге елдегі қолөнершілер мен саудагерлер қалаға қоныс аударды. Карфаген экономикасында ауыл шаруашылығының өте үлкен маңызы болды. Орасан үлкен плантацияларда мыңдаған құлдар жүзім өсірді. Ерікті егіншілердің саны онша көп емес еді.
Құл иеленуші олигархия – ірі құл иеленушілер мен егіншілер, сауда шонжарлары, ірі қолөнер шеберханаларының иелері – мемлекет тағдырын шешіп отырды. Олардың экономикалық және саяси жағынан басым болуы- олигархиялық иеленуші республиканы орнатуға әкеп соқтырды.
Карфаген республикасында халық жиналыстары өмір сүрді, бірақ үлкен маңызы болмады. Жоғары мемлекеттік оргон үш жүздік кеңес болды, бұлардан күнделікті істерді басқаратын отыздық кеңес, сонымен бірге сот пен бақылау органы болып табылған Жүз төрттік коллегия бөлінді. Атқару өкіметінің басында 2 жоғарғы магистрат-суффеттер болды. Оған ақы төленбеді және 1 жылға сайланды. Олигархиялық республиканың тірегі армия мен күшті әскери флот болды. Б.э.д. ІІІ ғ. ортасында Карфагенде ішкі қайшылықтар күшейе түсті.
Олигархтар арасында ала ауыздықтар пайда болды: сауда шонжарлары, бай қолөнершілер, кеме иелері агрессияшыл сыртқы саясат жүргізуді, ірі жер иеленушілер Сицилиядағы Карфаген позициясын нығайта түсуді талап етті.
І Пуни соғысының себебі Сицилия үшін Рим мен Карфагеннің күресі болды, мұның үлкен бөлігі (батыс) Карфагеннің қолында болды, ал аралдың кіші (шығыс) бөлігіне Сиракузы тираны Агафокл ие болды. Соғыстың салдары мамертиндіктердің (Марс ұлдары), яғни Кампаниядан шыққан жалдамалылардың Сицилия қаласы Мессананы басып алуы болды. Сыртқы сауданы ұлғайтуға ынталы топтардың қысымымен халық жиналысы мамертиндіктерге қолдау көрсету туралы, шындығында Карфагенмен соғысты бастауға шешім қабылданды.
І Пуни соғысы басталды, бұл 23 жылға созылды (б.э.д. 264-241). Рим әскері алғашында үлкен табыстарға жетті. Сицилияға өтіп, Мессанананы басып алды, Акрагантты алды. Сонымен бірге ІІ Гиеронмен (Сиракуздың жаңа билеушісі) одақтасады. Дұшпанды құрлықта жеңгенмен римдіктер теңіз шайқасында үнемі жеңіліске ұшырап отырды, оңтүстікте олардың флоты болмады. Карфаген кемелері Италия жағалауларына шабуыл жасап, Сицилия мен Оңтүстік Италияны оқшаулады. Рим сенаты флот құруға шешім қабылдады. Мила қаласының түбіндегі (Сицилияның слот. Жағасы) ұрыста консул Гай Дуилий б.э.д. 260 ж. 1-ші рет Карфаген флотын жеңді. Енді римдіктер Карфаген территориясында соғысуға бел байлады. Б.э.д. 256 ж. 2 консул басқаруымен 330 рим кемелері Африка жағалауына қарай бет алды. Бірақ бұл жорық Римнің жеңілісімен аяқталды. Осы оқиғадан кейін соғыс ұзаққа созылды. Сицилияға Гамилькар Барка – жас талантты қолбасшы келгенде римдіктердің жағдайы нашар еді. Ол Сицилияның солтүстік жағалауының бір бөлігін және оның ішкі аймақтарын ғана алды.
23 жылдық соғыс екі жақтың күшін сарықты. Сондықтан да бітім келіссөзін бастауға Карфаген ұсынысын Рим сенаты қабыл алды. Б.э.д. 241 ж. бітім-шарт бойынша Карфаген 10 жыл бойына Римге 3200 талант мөлшерінде контрибуция төлеуге, тұтқындар беруге, өзінің армиясына Аппенин түбегі тайпаларынан жауынгерлер жалдамауға келісіп, Сицилиядағы өз иеліктерін Рим билігіне беруге тиіс болды.
ІІ Пуни соғысы (б.э.д. 218- 201ж.) өзінің көлемі мен тарихи маңызы жағынан ежелгі дүниенің ең ірі соғыстарының бірі болды. Мұның сылтауы Иберияда, Ибер өзенінің оңтүстігін ала теңіз маңына орналасқан Сагунт қаласымен байланысты оқиғалар болды. Сагунт Риммен одақ шарт жасады. Б.э.д. 219 ж. Карфаген Ибериясының жаңа бас қолбасшысы Ганнибал Сагунтты қоршап, басып алды да, тонайды, ал тұрғындарын құлдыққа сатады. Сагунтты талқандау Римге қозғау салу еді. Рим сенаты Ганнибалды беруді талап етіп, Карфагенге елшілік жібереді. Бас тартқан жағдайда Рим Карфагенге соғыс ашады.
Рим сенаты ұзаққа бармайтын соғысқа әзірленді. Консулдардың бірі Сицилия жағалауынан жүзіп шығып, Африкаға әскер түсіруге тиіс болды. ІІ –ші консул – Публий Корнелий Сципион Ганнибалмен шайқасу үшін Иберияға бетеді. Бірақ Ганнибалдың Альпі арқылы солтүстіктен Иберияға басып кіруі римдіктерді өз жоспарынан бас тартуға мәжбүр етті.
Ганнибал б.э.д. 218 жылы көктемде армиямен және көптеген пілдермен жаңа Карфагеннен шығып Италияға беттейді. Ол Аппенин түбегінде күтпеген жерден Карфаген әскерінің пайда болуымен Рим конфедерациясын ыдыратуды көздеді. Солтүстік Италияның галлдары оған көмек көрсетуге уәде береді. Ганнибал Родон (Рона) арқылы кешіп өткен соң, шығысқа қарай бұрылып, Альпі арқылы өзінің атақты 33 күндік асуын бастайды. Азап шеккен жауынгерлер Альпіден өтіп, Цизальпі Галлиясы жазығына түскенде тек 20000 жаяу әскер, 6 мың атты әскер мен аздаған пілдер қалған еді. Бірақ оларға кельт тайпалары қосылып, армия қатарын толықтырды. Италиядағығы алғашқы ұрыстарда карфагендер жеңіске жетеді. Оның ең маңыздылары солтүстік Италиядағы Требия өзені жанындағы ұрыс болды, мұнда Сципион мен Семпроний жеңіліске ұшырады.
Италияның оңтүстігінде, Апулияда, Канны жерінің маңында, Ауфид өзенінің сағасында б.э.д. 216 ж. жазда ежелгі дүние жүзі тарихындағы ең маңызды ұрыстың бірі болды. Рим әскерінде 80 мың жаяу әскер, 6 мың атты әскер бар еді. Карфагенде 40 мың жаяу әскер, 14 мың салт атты өте тамаша әскері болды. Бұл шайқаста римдіктер барлық жағынан карфагендер қоршауында қалды. Рим әскерінің 58 мыңы қаза тауып, 18 мыңы тұтқынға түсті. Консул Эмилий Павел (216ж сайланған аристократ) өлтірілді. 2-ші консул (плебс) Терренций Варрон әскерінің қалдығымен Римге оралды. Канны түбіндегі жеңілістен кейін солтүстікте галлдардың көтерілісі етек алды. Ганнибал жағына бай Капуя, Сиракузы шығып кетеді.
Македония патшасы V Филипп онымен одақ жасады. Ганнибалға Карфаген 25 мың әскерін берді және олар Сицилияға түсті. Дегенмен Ганнибалдың жағдайы ауыр еді. Рим сенаты иелерінен құлдарды сатып алып, оларды армияға алды. Римдіктер Фабий Максимнің тактикасын қолдана өтіп, дұшпанның күштерін ұсақ қақтығыстармен қалжыратып, ірі шайқастардан қашқалақтады.
Соғыстың барысы Рим пайдасына бетбұрыс болды. Б.э.д. 215 ж. Рим сенаты Пергам патшасы І Атталмен, Этолия одағымен т.б. грек мемлекетімен шарт жасасып, Ганнибалдың одақтасы Македония патшасына қарсы соғыс жүргізеді.
І Македон соғысы б.э.д. 205 ж. Македонияның толық жеңісімен аяқталды. Осы кезде жас қолбасшы Публий Корнелий Сципион Иберияға сенат етіп жіберілді. Ол жаңа Карфагенді – Испаниядағы Карфагеннің негізгі пунктін басып алады. Б.э.д. 204 ж. римдіктер соғыс қимылдарын Карфагеннің Африкалық территориясына ауыстырады. Карфаген кеңесінің шешімі бойынша Италия жеріндегі 15 жылдық соғыстан кейін Ганнибал Карфагенге келеді. Африкада б.э.д. 202 ж. Зама деген жердің маңында ақырғы шешуші ұрыс болды. Ганнибал тұңғыш рет талқандалды.
Карфаген кеңесі Сципионнан келісімге келуді жалынып сұрайды. Б.э.д. 201 ж. карфагендер аса ауыр шартқа қол қойды. Ол Африкадан тыс өзінің иеліктерінен айырылды, Римнің рұқсатынсыз өзінің көршілерімен соғыс жүргізбейтін болды. Карфаген 50 жыл бойы 10 мың талант контрибуция төлеуге, 10 сақшы кемелерді қоспағанда римге өз флотын, барлық пілдерді, тұтқындарды, олжаны беруге, армияны таратып, рим армиясын өз қаржысына ұстауға, Карфагеннің ерекше құрметті отбасыларынан 100 кепіл беруге тиіс болды. Ганнибал б.э.д. 195 ж. Карфагеннен Сирияға қашып кетеді.
ІІ Пуни соғысынан кейін Карфаген Жерорта теңізі дүниесіндегі қандайда болсын маңызынан түпкілікті айырылды. Рим батыс Жерорта теңізі өңіріндегі ең күшті құл иеленуші державаға айналды.
Б.э.д. ІІІ ғ. аяғы Эллиндік мемлекеттер. ІІ Пуни соғысында римдіктер Карфагенді жеңгеннен кейін эллиндік шығыс мемлекеттерге біртіндеп ене бастайды. 50 ж. созылған римнің басқыншылық соғысының нәтижесінде Рим өкімет билігі астында аса қуатты Жерорта теңізі құл иеленуші державасы құрылады. Эллиндік мемлекеттердің ішкі және сыртқы жағдайы римнің агрессивтік саясатының табысты болуына көмектесті. Б.э.д. ІІІ ғ. Балкан түбегі мемлекеттерінде ауыл шаруашылығының құлдырауы байқалады: бос жерлер пайда болды, қолөнер өндірісі, ішкі сауда қысқарады. Ең күшті эллиндік державалар Македония мен Сирия – эллинистік дүниеде 1-ші орын алу Египеттің теңіз сырты иеліктерін бөлісу жолында соғысты.
ІІ Македон соғысы. Б.э.д. 200 ж. римдіктер ІІ Македон соғысын бастады (б.э.д. 200-197) олар күшті антимакедондық коалиция құрды, бұған Пергам, Родос, Афины, Дарданы, Этолия және Ахей Одағы кірді. Сирия патшасы Антиох ІІІ бейтараптық позициясын ұстанды. Бұл соғыстың себебі Македонияның Сириямен одақтасып, Египеттің теңіз сырты иеліктерін бөлісуге үміттенуінен қауіптенген Египеттің, Пергамның, Родостың Римнен көмек сұрауы болды. Рим консул Тит Квинкций Фламинин басқарған легиондарды Грекияның солтүстігіне аттандырды. Шешуші шайқас б.з.б. 197 ж. Фессалияда болды. Македония әскері толық жеңілді. Б.з.б. 197 ж. бітім бойынша Македония Кіші Азияда, Эгей теңізінде, Грекияда басып алынған бұрынғы аймақтарынан айырылды., 6 кемеден өзге барлық флотын берді, 1 мың талант контрибуция төлеуге, армияны 5000-ға дейін қысқартуға, Рим сенатының келісімінсіз соғыс жүргізбеуге міндеттенді, грек қалаларының еркіндігін мойындады.
ІІІ Македон соғысы (б.з.б. 171-168 ж.ж). Филипптің ұлы, Македон патшасы Персей антирим коалициясын құрмақшы болды, бірақ одан ешбір нәтиже шықпады. Б.з.б. 171 ж. ІІІ Македон соғысы басталғанда, македон патшасының сенімді одақтасы одристер патшасы Котис болды. Б.з.б. 168ж. әскерибасшы Луций Эмилий Павел басқарған рим әскері македондықтарды талқандады. Персей қашып құтылды, бірақ кейін римдіктерге берілді де, тұтқында қайтыс болды. Македон соғысында римдіктердің жеңіске жетуі тек қана Римнің экономикалық-әскери жағынан қуаттылығы емес, сондай-ақ жергілікті билеушілердің қолдауы нәтижесінде жүзеге асырылды. Македония талқандалған соң, оның территориясы әрқайсысы дербес 4 бөлікке бөлінді және де бөлек-бөлек республика деп жарияланды. Бұл бөліктердің тұрғындарының арасындағы барлық қарым-қатынастарға – некеге тұруға, сауда байланыстарына, экономикалық қатынастарға тыйым салынды. Барлық тұрғындар Римге салық төлеуге тиісті болды. Көптеген құнды дүниелер Римге алып кетілді. Македонияны күшпен бөліске салу б.з.б. 149 ж. Римге қарсы азаттық күресінің өрістеуін туғызды. Көтерілістің басшысы Қолөнерші Андриск болды. Ол өзін Персейдің ұлы Филиппін деп жариялады. Лжефилипп көптеген әскери күш жинақтады. Соның нәтижесінде бүкіл Македония Лжефилипптің қол астына көшті. Бұл қозғалыс Грекияның көп қалалары мен Визснтияда қолдау тапты. Алғашқыда көтерілісшілер жеңіске жетті. Бірақ Македонияға жіберілген римдіктердің жаңа армиясы Лжефилиппке күшті соққы берді. Фракиялықтар Андрискті Римге ұстап берді.
Б.з.б. 146 ж. Римге қарсы Ахей Одағы күрес бастады. Бірақ Рим армиясы антирим қозғалысының орталығы – Корифті басып алды және оны талқандап, өртеді. Римдіктер грек қалаларының одағын таратып жіберді. Олигархтардың билігін қайта орнатты. Грек қалалары Ахейя провинцияларындағы рим билеушілеріне бағындырылды. Тек қана Афины мен Спарта белгілі бір дәрежеде тәуелсіздігін сақтап қалды.
ІІІ Пуни соғысы. Испаниядағы соғыстар. Б.з.б. 149 ж. Римнің бастауымен ІІІ Пуни соғысы басталды. Соғыстың себебі Нумидия мен Карфаген арасындағы қарым-қатынас болды. Рим қолдауына сүйене отырып, Нумидия патшасы Карфаген территориясын басып ала бастады. Нәтижесінде 2 ел арасында қарулы қақтығыстар басталды. Рим сенаты Карфагенді б.з.б. 201 ж. бейбіт келісім-шартты бұзды деп, оған қарсы соғыс жариялады. Ол бойынша Карфаген Римнің рұқсатынсыз соғысуға құқы болмады. Карфаген қандай да болсын келісімге қол қоятынын жариялады. Олар Римнің талабымен бүкіл қаруды беруге келісім берді. Бірақ Рим карфагендіктерден қаланы босатуын және теңізден 15 шақырымы жерге алшақ кетуін талап етті. Карфаген соңына дейін қорғануға шешім қабылдады. Б.з.б. 149 ж. рим легионы Африка жағалауына келіп түсті. Алғашқы әрекет Рим үшін нәтижесіз болды. Содан соң ұзаққа созылған қоршау басталды, бірақ ол да жеңіс әкелмеді. Б.з.б. 147 ж. Африкаға консул Публий Корнелий Сципион Эмиллиан келгенде ғана жағдай өзгерді. Ол Карфагенді толығымен қоршап, б.з.б. 146 ж. жазда оны алу үшін соғыс басталды. 6 күнге созылған шайқас нәтижесінде 50 мың карфагендіктер өз еркімен римдіктерге берілді және құлға сатылды. Карфаген территориясы болып табылғанжерде енді Рим провинциясы Африка пайда болды.
Мұнымен бірмезгілде б.з.б. ІІ ғ. І жартысында Рим Испанияда да соғыстар жүргізді. Б.з.б 206 ж. Рим Испанияның жағалаулық территориясын өзіне бағындырды. Бірақ Римге қарсы Иберия тайпалары: лузитандар мен кельтиберлер көтерілді. Б.з.б. 154 ж. Испанияда антирим қозғалысы басталды. 2 жылғы күрестен кейін ержүрек тайпаларды Рим әскері талқандады. Бірақ антирим қозғалысы тоқтамады. Б.з.б. 150 ж. бұл қозғалысты талантты ұйымдастырушы, көрнекті әскери басшы, бақташы Вириат басқарды. 9 жыл бойы Вириат басшыларымен Лузитан жасақтары жеңіске жетіп отырды. Б.з.б 141 ж. римдіктер көтеріліс көсемі Вириатты Лузитания патшасы деп тануға мәжбүр болды. Бірақ б.з.б. 139 ж. Вириат сатқындық әрекет нәтижесінде ұйықтап жатқан жерінде өлтірілді. Вириат қаза болған соң көтерілістің орталығы Нуманция қаласы болды. Тек б.з.б. 133 ж. Испанияға Публий Корнелий Сципион келген соң ғана, Нуманция Римге бағындырылды. Бұдан соң қала талқандалып, тұрғындары құлдыққа сатылып, жер көршілер арасында бөліске түсті.

Рим тарихындағы азамат соғыстары кезеңі. Рим Республикасының күйреуі
Жоспары:
1.Б.э.д. ІІ ғ. ІІ жарт. Рим қоғамындағы әлеуметтік күрестің шиеленісуі.
2.Сицилиядағы І құлдар көтерілісі және оның нәтижесі.
3.Аграрлық реформалар үшін күрес. Тиберий және Гай Гракхтар.
4.Б.э.д. 130-120 ж.ж. күрестің нәтижесі, оның қоғам өміріне ықпалы.
Әдебиеттер:
1. Под ред. А.Г.Бокщанина. История древнего мира. В 2-х т. –М., 1982.
2. С.Н.Ковалев. История Рима. –Л.,1986.
3. К.Ф.Беккер. Древний Рим. –М., 2001.
4. А.И.Немировский. История древнего мира (античность). –М., 2000.
5. И.А.Ладынин и др. История древнего мира. (Восток, Греция, Рим). –М., 2005.
6. М.Вебер. Аграрная история древнего мира. –М., 2001.

Б.э.д. ІІ ғ. басқыншылық соғыстар Римде төңкеріс туғызып, қоғам өмірінде жаңа бетбұрыс басталды. Қоғамның әлеуметтік-саяси құрылымында өзгеріс болды. Қоғамның жоғары билеуші тап өкілдерінен құралған нобилитет бөлініп шықты. Сондай-ақ, салт аттылар деген екінші топ пайда болды. Оның құрамында дәулетті, атақ-дәрежелері жоғары адамдар болды. Кейде бұл топқа әскери трибундарды, Италия қалаларының көрнекті азаматтарын, атақты ораторлар мен заңгерлерді жатқызды. Сенаторлар мен салтаттылар бір топқа, яғни ірі жеке меншік иеленушілерінің қатарына жатқанменде, олардың арасында жаулап алынған провинциялар үшін күрес басталды.
Сонымен қатар мұнымен бір мезгілде плебейлердің де арасында жіктелу басталды. Селолық плебейлер басқыншылық соғыстардың нәтижесінде жер үлестерінен айырылып, кедейленіп, борышкер құлдыққа түсті. Қолөнермен, ұсақ саудамен, құрылыс істерімен айналысушы қалалық плебейлерді жер мәселесі, оған байланысты туындап отыратын қиындықтар толғандырмады. Қалалық плебейлер үшін аса маңызды болып табылған мәселе – халық жиналысы мен халық трибундарының билігін күшейту және де керісінше сенат пен нобилитет үстемдігін әлсіретіп, шектеу болып табылды.
Әлеуметтік топтар арасындағы қарама – қайшылықтар құлдар санының өсуімен және оларды қанаудың күшеюімен шиеленісе түсті. Б.э.д. ІІ ғ. олардың арасында бірқатар толқулар мен көтерілістер орын алды. Құл иеленушілер үшін аса күшті қауіп тудырған б.э.д 138 жылы басалған Сицицлиядағы құлдар көтерілісі болды. Бұл жердегі ірі жер иеленушілер құлдарды, әсәіресе Сирия мен Кіші Азиядан шыққан құлдарды қатты қанады. Сириялық Эвеннің басқаруымен құлдар бас көтерді. Эвен Антиох деген атпен патша болып сайланды. Екінші құлдар көтерілісін киликиялық Клеон басқарды және де ол өзінің әскери күшін Эвен әскерімен біріктірді. Көтерілістің орталықтары – Энна және Тавромений қалалары болып табылды. Шаруалардың есебінен көтерілісшілердің саны тез артып отырды. Эвен мен Клеонға қарсы жіберілген Рим армиясы жеңіліске ұшырап отырды. Тек б.э.д.132 жылы ғана сатқындық әрекеттің нәтижесінде көтеріліс орталықтары болып табылған қалалар басып алынды.
Құлдар Делоста, Хиоста, Аттикада бас көтерді. Оларды басып тастауға үлкен әскери күш пен мол қаражат керек болды. Құлдар мен село кедейлерінің көтерілістері Рим республикасына қауіп төндірді.
Нобилдердің бірқатары жаңа реформа жүргізу қажет екендігін түсінді. Ол арқылы шаруалар армиясын қайта құрып, азаматтарды біріктіру мақсаты алға қойылды. Нобилитет өкілдерінің бірі – Тиберий Гракх (белгілі отбасынан шыққан, анасы жағынан Сципионның немересі, грек философы Блоссийдің шәкірті) Испаниядағы соғыстарға қатысып, Рим армиясының тәртібі де, жалпы жағдайы да құлдырап кеткенін білді.
Б.э.д. 133 жылы халық трибуны болып сайланған соң, Тиберий Гракх заң жобасын ұсынды. Ол бойынша әрбір азамат қоғамдық жерден 500 югер жер үлесіне ие болды. Сондай-ақ, оған қоса отбасында екі ер жеткен ұлдары болса, олардың әрқайсысына 250 югерден жер үлестері тиісті болды. Ал, артық қалған жер 30 югерден кедейлер арасында бөліске түсті. Тиберийдің заң жобасы қоғамдық жердің жоғары меншік иесі болып табылған азаматтық қауымдардың мүддесіне қайшы келмегенменде, сенат мүддесін қорғайтын ірі жер иеленушілердің қарсылығын туғызды. Бірақ өте көп шаруалар қатысқан халық жиналысы бұл заңды қабылдады және оны жүзеге асыру үшін арнайы комиссия құрды. Алайда Тиберий Гракхтың екінші мерзімге халық трибунына өз кандидатурасын ұсынғанда, оның қарсыластары бар күштерін жинап, Тиберийді патша болғысы келеді деп кінәлады. Сайлау күні екі жақ арасында үлкен қақтығыс болып, Тиберий және оның үш жүз жақтастары өлтірілді.
Б.э.д.124 жылы халық трибуны болып Тиберийдің бауыры Гай Гракх сайланды. Ол әртүрлі әлеуметтік топтар өкілдерінен құралған біртұтас сенатқа қарсы майдан ұйымдастырмақшы болды. Қалалық плебейлер үшін Гай Гракх бидайдың бағасын төмендету туралы заң қабылдады. Сондай-ақ, жаңадан жол салу құрылысы жобасының бекітілуі жұмыссыздарға табыс табуға мүмкіндік берді. Шаруалар үшін әскери қызметті 17 жылмен шектеу, жауынгерлерді мемлекет есебінен қаруландыру туралы, тағы да басқа заңдар қабылданды. Сонымен бірге Гай Капуяда, Тарентте, Карфагенде отар елдердің негізін қалауды ұсынды. Ең соңында Гай Гракх Римнің одақтастарына Рим азаматтығын беру қажеттігі туралыы жариялады. Дәл осы ұсыныс, өзінің саяси құқтары мен кейбір артықышылықтарын жат жерліктермен, яғни италиктермен бөліскісі келмеген қалалық плебейлердің қарсылығын туғызды. Карфаген жерінде қала тұрғызуға, адамның өмір сүруіне тыйым салынған жағдайға қарсы шықты деп оппозиция Гайға қарсы үгіт-насихат жүргізе бастады. Халық жиналысында Гайдың жақтастары мен қарсыластары арасында қақтығыс басталды.
Консул Опимий жалдамалы Крит атқыштар жасағын Гайдың жақтастарына қарсы қойды, 3 мың адам қаза тауып, Гай Гракх өз құлына өзін өлтіруді бұйырды.
Бұл кезеңде жер бөлетін комиссия 50 мыңнан 75 мыңға жуық отбасыларына жер үлестерін бөліп берген болатын. Б.э.д. 111 жылы заң бойынша комиссия шешімімен бөлінген жерлер, сондай-ақ осы кезеңге дейін Италия мен оның провинцияларындағы басып алынған жерлер көлеміне қарамастан жеке меншік деп табылып, қайта бөліске түспейтіндігі жарияланды. Фрументарлық және сот туралы заңдар сақталды. Сот істеріне салтаттылардың араласуы сот процестерін әртүрлі топтар арасындағы күрестердегі құралға айналдырды. Ендігі жерде Тиберий мен Гай Гракхтар мақсат еткен шаруалар мен жауынгерлердің Рим қауымын қайта құру ешбір мүмкін емес еді.
Б.э.д. 146 жылы бұрынғы Карфаген иеліктерінің едәуір бөлігі Риммен одақтас Нумидия патшалығының құрамына енді. Б.э.д. 111 жылы Нумидия (Алжир) патшасы қайтыс болған соң, Рим салтаттылары Нумидияны саяси ыдырату, өз істерін жүргізу үшін неғұрлым қолайлы деп снап, қайтыс болған патшаның үш немересіне патшалықты бөліп беруді талап етті. Алайда ел халқы мен патша балаларының бірі – Югурта Римнің толық үстемдігін орнатуын қолдамады. Б.э.д. 111 жылы Югуртамен басталған соғыс Рим армиясы мен оны басқарушы құрамының дағдарысқа ұшырай бастағанын көрсетті. Әскери тәртіп құлдырап, армияның жауынгерлік қабілетінен айырылғаны соншалық, Рим қолбасшылары Югурта үшін тиімді жағдайда бітім шарт жасасуға мәжбүр болды.
Бұл соғыс кезінде Рим республикасының өмірінде аса маңызды рөл атқарғандар Гай Марий мен Луций Корнелий Сулла болды.
Арпин маңындағы Рим отарларының біріндегі орта жер иеленушінің отбасынан шыққан Гай Марий Нумантин соғысы кезінде көзге түсті. Б.э.д. 119 жылы ол халық трибуны болды, ал біраз кейінірек текті, патриций Юлийлер руынан шыққан Юлияға үйленіп, саясиқайраткерлер тобына енеді де, претор болады. Барлық магистратурадан өте отырып, б.э.д. 107 жылы Г.Марий консул болып сайланды. Бұдан кейін де ол 7 рет консул болып табылды. Гай Марий әскери реформа жүргізді. Ендігі жерде армия қатарына цензге байланыссыз тілек білдірушілердің барлығы да қабылданатын болды. Жауынгерлер мемлекет есебінен қаруланып, әскери қызметі үшін жалақы алатын болды, сондай-ақ соғыс олжаларының бір бөлігіне ие болды. Әскер қатарында 20 жыл қызмет еткен соң жер үлестерін беруге уәде етті. Сонымен қатар Гай Марий Рим легиондарының құрамы мен техникалық жарақтануын қайта ұйымдастырды. Армияда қатаң тәртіп орнатылды. Аграрлық мәселе төңірегінде өзгерістер болды. Армия қатарындағы қала кедейлері де жер үлестері үшін күресті. Ал, армия болса, халық жиналысына қарағанда өз мүддесін қорғай білді. Жауынгерлердің азаматтық қауыммен байланысы барған сайын үзіле бастады. Оның есесіне өздерінің әскери қолбасшыларына тәуелділігі арта түсті. Өйткені олар мемлекет алдында өз армиясының талап-мүддесін қорғай алды. Ендігі жерде жауынгер және азамат деген ұғымдардың дәстүрлі байланысы жойылды. Азаматтардың барлығы бірдей жауынгер болуға тиісті болмады. Ал, мұның өзі азаматтық қауым ретіндегі Рим республикасының дағдарысын көрсетті. Негізгі күш тек қана армия болып табылды. Әскери реформалардың нәтижесінде Рим армиясы күшейді. Югурта Мавритан патшасынан (өз қайын атасы) баспана іздеді. Бірақ мұнда оны Г.Марийдің квесторы, атақта патриций Л.К.Сулла тауып алып, қолға беруді талап етті. Б.э.д.105 жылы Сулла Югуртаны ұстап, Рим лагеріне алып келді. Африкадағы соғыс аяқталды. Нумидияның бір бөлігі Мавритан патшасына, ал қалғаны Нумидия патшасының балаларының біріне өтті. Сонымен бірге Г.Марий армиясы Галлия мен Солтүстік Италияға баса көктеп енген герман тайпалары кимврлар мен тевтондарға қарсы соғысып, оларды талқандады. Нәтижесінде 150 мың жауынгерлер римдіктерге тұтқынға түсті.
Б.э.д.101 жылы Г.Марийдің әріптесі, консул Аквилий 3 жылға созылған (104-101ж.ж.) Сицилиядағы ІІ құлдар көтерілісін басып тастады. Көтерілістің көсемдері Сальвий және киликиялық Афенион болды. Триокала деген тау лагері көтерілістің орталығы болды. Көтерілісшілер Трифон деп атап, Сальвийді патша сайлады. Ал, Афенион жаяу және атты әскерлерден армия құрды. Б.э.д. 101 жылы Трифон патша Сицилияға келген Аквелий көтерілісшілерді талқандап, тұтқын құлдарды гладиаторларға айналдырды.
О.Август принципаты. І-ІІ ғ.ғ. Рим империясы
Жоспары:
1.Ю.Цезарь өлімінен кейінгі Азамат соғыстары. ІІ триумвират.
2.Антоний мен Октавианның билік үшін күресі.
3.Принципат жүйесі. О.Августтың билікке келуі, оның ішкі-сыртқы саясаты.
4.Римнің мемлекеттік шекарасының кеңеюі.
Әдебиеттер:
1. Под ред. А.Г.Бокщанина. История древнего мира. В 2-х т. –М., 1982.
2. М.Бонгард-Левин. Древние цивилизации. –М.,1984.
3. С.Н.Ковалев. История Рима. –Л.,1986.
4. К.Ф.Беккер. Древний Рим. –М., 2001.
5. А.И.Немировский. История древнего мира (античность). –М., 2000.
6. И.А.Ладынин и др. История древнего мира. (Восток, Греция, Рим). –М., 2005.
7 Ю.С.Крушкло. История древнего мира. –М., 1971.
8.Под ред. Ш.М.Мунчаева. Из истории мировой цивилизации. -М.,1993.

Ю. Цезарьға жасалған қастандық нобилдердің республикасын сақтап қала алмады. Қастандық жасаушылар Цезарьді тиран деп жариялап, халық бұқарасы өздерін тираннан құтқарушы деп есептеп, Цезарьдің денесін Тибрге ағызып жібереді деп ойлады. Бірақ Ю.Цезарь ардагерлер мен плебейлер үшін жеңімпаз император болып қала берді. Сондықтан да популярлар көсемі, сенат қолынан таза тапқан батыр Цезарьдің өлімі үшін кек алу басталды. Қорыққан оптиматтар өз үйлерінде, қастандық жасаушылар Капитолийде жасырынды. Соңында олар Цезарьдің досы, Рим консулы Антониймен келісім жасасты. Келесі күні сенат мәжілісі шақырылды. Онда Цезарьді тиран деп жариялауға тыйым салынды. Оның барлық заңдары мен бұйрықтары өз күшінде қалдырылды. Бірақ оны өлтірушілер Брут пен Кассий Римнен қудаланып, оларға Крит және Киренаика провинциялары берілді.
Бұл кезде Римде аты шығып, белгілі бола бастағандардың бірі – Цезарьдің сүйікті апасының немересі Октавиан болды. Ол өзінің досы Випсаний Агриппамен Аполлония қаласындағы әскери оқуда болатын. Октавиан өзінің туысы Цезарьдің атын алып, кейіннен (б.з.б. 44 ж.) Гай Юлий Цезарь Октавиан деп аталды. Өйткені Цезарь оны өзінің өкіл ұлы әрі мұрагері деп жариялап, оған өзінің байлығының ¾ бөлігін қалдырды. Аполлониядағы Цезарь армиясының жауынгерлері және Агриппа Октавианды Цезарь мұрасын қабылдауға және Италияға баруға көндірді. Римге келген Октавиан Антонийден Цезарь қазынасын беруді талап етті. Ал, Антоний оған Цезарь қазынасы бос деп жауап берді. Октавиан өзінің жас болғанына қарамастан (18 жаста) өте ақылды және айлакер болды. Ол Цицеронды әке деп атап, одан ақыл-кеңес сүрап отырды. Ал, Цицерон болса, Октавианды Антонийге қарсы қоюға болатынын түсініп, оны барынша мақтап-мадақтап, көмек көрсетті. Цицерон арқылы сенаттан алған қаржыға Октавиан Антоний жауынгерлерін сатып алып, өзіне қаратты.
Б.з.б. 44 ж. Соңында Антоний Галлияға аттанды. Сенат оған қарсы армия жіберді. Мутина тұсында Антоний армиясы талқандалды. Ендігі жерде сенат Октавианның қажеті жоқ деп тауып, оған уәде етілген консулдықты бермеді. Осы кезде Октавиан Антониймен және Нарбон Галлиясының наместнигі Эмилий Лепидпен одақтасты. Олар триумвират деген келісімге келіп,қиындықсыз Римді басып алды. Октавиан консул болып сайланды, ал триумвирлар халық жиналысының шешімімен республиканы қайта қалпына келтіру үшін ерекше құқықтарға ие болды. Цезарьға қастандық жасағандарға жарияланған амнистия күшін жойды. Цезарь жауларымен және республиканы жақтаушыларға қарсы күресу үшін көп қаражат керек болды. Сол үшін Антоний мен Октавиан Цезарьдің және өз жауларының тізімін жасап, оларды заңнан тыс деп тауып, жазалау керек деп жариялады. Ол тізімдегі алғашқылардың бірі етіп Антонийдің бұйрығымен Цицерон көрсетілді және б.з.б. 43 ж. 07.12. өлтірілді. Бұл бұйрық бойынша 300 сенатор, 2000 салтаттылар өлтірілді. Жазаланғандардың басын кесіп алып Римге әкеліп, ол үшін сый алды. Октавиан мен Антоний олардың жерін, байлығын өздеріне алды. Бұл кезең Рим үшін өте қорқынышты кезең болды.
Билік құру үшін Антоний Шығысқа аттанды да, ал батыс провинцияларға ие болған Октавиан Италияда қалды. Помпейдің ұлы Секста Сицилияда бекініп, өз флотына оптиматтар мен құлдарды қабылдады. Б.з.б. 36 ж. Агриппа оны талқандады. Оның әскеріндегі 30 мың құл өз иелеріне қайтарылды, иесі жоқтары жазаланды. Осы әрекеті арқылы Октавиан үстем тап өкілдерімен арақатынасын жақсартты. Триумвирлердің қарсыласы Тиберий Клавдий Неронның бұрынғы Октавианның үйленуі оны сенатпен жақындастырды. Тізім бойынша жазалау, дүние-мүлкін тәркілеу тоқтатылды. Октавианның беделі артып, бүкіл Италия оған шын берілгенін жариялады.
Бірақ, шығыста билеуші болып Антоний қала берді. Ол Египет патшайымы Клеопатраға үйленіп, оны патшалардың патшасы деп жариялады. Ол египет астанасы – Александрияға көшіп, сол жерден бірнеше жылдар бойы шығыс провинцияларды басқарды. Антоний Клеопатраға және өзінің ұлдарына Рим провинцияларын сыйға тартты. Өз кезегінде Октавиан Римде Антонийді Рим қолбасшысы ретіндегі борышын ұмытты деп кінәлап, римдіктерді оған қарсы қойды. Антоний мен Октавиан арасындағы соғыс б.з.б. 31 ж. Басталды және осы жылдың 2 қыркүйегінде аяқталды. Батыс Грекиядағы Акцияда болған теңіз шайқасында Антоний мен Клеопатраның флоты жеңіліске ұшырады. Олар Египетке қашты, Антоний армиясы Октавианға көшті. Б.з.б. 30 ж. Октавиан Египеткен келіп, оны ешбір қиындықсыз өзіне бағындырып, Рим провинциясына айналдырды. Антоний мен Клеопатра өздерін өздері өлтірді. Осылайша, Рим тарихында жаңа кезең – жеке билік жүргізу кезеңі, яғни империя дәуірі басталды.
О.Августтың Принципат жүйесі. Октавиан Август (б.з.б. 23.09.63. - б.з. 19.08.14.) – Рим императоры (б.з.б. 27 ж.- б.з. 14 ж.) болып табылды. Ол б.з.б. 22 жылға дейін Гай Октавий, 44 жылдан бастап Гай Юлий Цезарь Октавиан, 27 жылдан бастап Гай Юлий Цезарь Октавиан Август деп аталды. Августтың басқару жүйесі принципат деп аталды. Принцепс - сенаторлар тізімі деген мағынаны білдірді, ал бұл тізімде 1-ші болып Август тұрғандықтан, оның басқару жүйесі де осылай аталды.
Б.з.б. 29 ж. Римге оралған Октавиан өзінің жеңісін тойлады. Ол сенат пен комициядан өмірлік император деген атақ алды. Цензор ретінде Октавиан сенат қатарында тазарту жұмыстарын жүргізді. Ең алдымен Марк Антоний жақтастары мен өз қарсыластарын сенаттан шығарды. Б.з.б. 28 ж. соңында Октавиан өзінің денсаулығының нашар екенін жариялады, ал 1 жылдан соң жазылып, б.з.б. 27 ж. 13 қаңтарында алдын ала даярланған сенат мәжілісін шақырды. Мәжілісте ол Азамат соғысының толығымен аяқталғанын, рим провинцияларында, Римнің барлық иеліктерінде бейбітшілік орнағанын жария етіп, өзінің атқарған істері туралы есеп берді. Содан соң денсаулығына байланысты мемлекетті басқаруды сенат пен халыққа қайтарып беретінін жариялап, өзін босатуды сұрады. Бірақ сенат Октавианның мемлекетті басқару ісінен кетуіне тыйым салу туралы бұйрық шығаруға шешім қабылдады. Ол Сенат шешімі бойынша Август - қасиетті, ұлы деген атаққа ие болды. Республикалық мекемелерді формальды түрде ғана сақтап, іс жүзінде принцепс – тізімдегі 1-ші сенатор, яғни О.август болды. Август құрған принципат деген мемлекеттік жүйе осылай пайда болды. Октавиан 1-ші сенатор, жалғыз ғана проконсул және легионның қолбасшысы деп жарияланды. Сенат одан ең бай әрі әскери-саяси жағынан аса маңызды провиянциялар Галлияны, Иллирияны, Македонияны, Сирияны басқаруды талап етті. Египет бағындырылыған соң, ол Октавианның жеке иелігі деп жарияланды.
Бүкіл провинцияларда Август тағайындаған наместниктер – император легаттары билік етті. Жеке дара аймақтарда басқарушылар – император прокураторлары болды. Проконсул ретінде Август тек армияны ғана басқарып қойған жоқ, сондай-ақ ол армияға жауынгерлер қабылдады, мемлекеттермен келіссөздермен жүргізді, соғыс жариялап, бейбіт келісім-шарттарға қол қойды. Жауынгерлерге әскери қызметі үшін жалақы төлеу үшін Август фиск деп аталған император қазынасын қазынасын құруға құқық алды. Ол үшін алтын және күміс теңгелер соғыла бастады. Осылайша Август әлеуметтік-азаматтық және әскери биліктің маңызды функцияларын өз қолына алды. Аса зор байлыққа ие болған Октавиан Рим державасының бірден-бір билеушісіне айналып, оның ішкі қоғамдық өмірімен сыртық саясатының негізгі бағыттарын анықтап отырды. Азамат соғыстары аяқталған соң, Октавиан тұрақты армия құрды. Бұрынғы 75 легионның орнына 28 легион құрылды. Әрбір легионда 10 когорт жаяу әскер ( 1-ші когортта – 1000, ал қалғандарында- 500 адам), техникалық когорт, 300 салтаттылардан құралған атты әскер жасағы және көмекшінемесе одақтас когорт болды, ол провинция тұрғындарынан құралды. Осылайша Август және оның мирасқорларының тұсында Рим легионындағы жауынгерлердің жалпы саны 10 мың адам болды. Легиондардың нөмірлері және атаулары болды. Мысалы, ІІІ-Август, ІҮ- Македонский т.б. Легион басшылары-легаттар мен аға командир - әскери трибундарды император тағайындады. Легионерлер 20 жыл қызмет етті.
Қызмет ету барысында жауынгерлер жылдық ақы алып отырды, ал отставкаға шыққан кезде ерекше сый-донатива мен жер үлесіне ие болды.
Өзінің жеке қауіпсіздігі мен билігін күшейту үшін Август 9 когорт претоиандықтар армиясын құрды (1 когортта 300 салтатты, 700 жаяу әскер). 3 преториандық когорт Римде, ал қалғандары Солтүстік Италия қалаларында тұрды. Преториан – жауынгерлер өзгелерден 3 есе артық жалақы алды және 16 жыл қызмет етті. Император гвардиясы болып табылған преториан корпусының басында 2 префект- преторий тұрды. Жерорта теңізінде қарақшылар пайда болмас үшін теңіз сауда жолдарын қорғау мақсатында әскери кемелердің тұрақты 2 эскадрасы құрылды. Рим империясының қарулы күштерінің жалпы саны Август тұсында 300 мыңға жетті. Август құрған тұрақты Рим армиясы шамамен 400 жылдай өмір сүрді. Бұл Рим императорларының негізгі тірегі болып табылған тарихтағы ең алғашқы тұрақты армия болды.
О. Августің ішкі саясаты таптық сипатта болды. Ол императорлық атақ пен әскерге қолбасшылық етуді сақтай отырып, Римде өзінің жеке дара билігін орнатты. Халық жиналыстары жыл сайын консулдарды, халық трибундарын, т.б. лауазымды адамдарды сайлады. Императордың келісімінсіз консулдыққа өз кандитатурасын ұсынған римдік түрмеге қамалып, сонда қайтыс болды.
Консулдар мен трибундар Октавианның бұйрығын мүлтіксіз орындады. Сенат мәжілісінде дауыс берерде Август өз ұйғарымын бірінші жариялады да сенаторлар императорға тиімді қаулы қабылдады. Кейінірек О. Август сенат арқылы құлдарды 20-жылға дейін бостандыққа жіберуге тиым салу туралы қаулы қабылдады. Ал құлдарды босатқан қожайын салық ретінде құлдардың құнының 5% төлеуге тиісті болды.
Б.з.б. 10 ж. сенат Август ұсынысымен ұмыт қалған ескі заңды жаңарту, қалпына келтіру деген сылтаумен егер құл мырзасын өлтірсе, онда өлген қожайынның үйіндегі барлық құлдарды дарға асуға бұйыратын заң шығарды.
Август сенат мүшелерінің санын қысқартты, оның құрамына ену үшін сенатордың 1 млн сестерций мүліктік цензісі болуы тиісті болды. Ежелгі патрицийлер тегінен шыққан ұрпақтарға әртүрлі жеңілдіктер беріп, тіпті материалдық көмек берді. Август өзінің тірегіне Рим салтаттыларын айналдырмақшы болды. Ол салтаттылар үшін 400 мың сестерций мүліктік ценз белгіледі. Августтың туыстары салтаттылардың басшылары болып тағайындалды. Олардың арасынан Август әскери басшылар мен провинцияларға прокураторлар сайлап отырды.
Рим плебейлеріне тегін нан мен азық-түлік, ақшалай сыйлықтар тартып, бірнеше рет гладиаторлар сайысын ұйымдастырып Август рим азаматтарының кедей тобының жағдайы мен көңіл-күйін бақылап отырды. Ол Римде тыныштық пен тәртіпті сақтау үшін, сондай-ақ өрт сөндіру үшін 3 когорт ұйымдастырды. Бұдан басқа ерекше түнгі күзет ұйымдастырылды.
Август Италия қалаларының тұрғындарына неғұрлым көп көңіл бөлді. Аппенин жартыаралы түгелдей Альпі тауларына дейін Италия деп аталды. Италиялық тұрғындардың үстем тап өкілдері Рим азаматтарының құқықтарына ие болды, ал кейбіреулері тіпті салтаттылар мен сенатқа енді. Италия көпестері Рим империясының барлық провинцияларында және одан тыс жерлерде сауда жүргізді. Римде және мемлекеттің өзге аймақтарында үлкен құрылыс істері жүргізілді. Август тұсында 82 храм реставрацияланып, қайта тұрғызылды, тамаша театр салынды. Осылайша Римді өкімет билігін мұрагерлікпен қабылдаған және әскердің күшімен басып алған император басқарды. Римде республикалық лауазымдар сақталса да, іс жүзінде монархия орнаған еді. Рим монархиясы империя деп аталды. Империяның орнауы Римнің өзінде және провинцияларда құл иеленушілердің үстемдігін нығайтты.
І-ІІ ғасырдағы Рим империясы.
1. Юлий Клавдий династиясының императорлар тұсындағы принципат жүйесінің күшеюі мен дамуы. І ғасырдағы Рим империясы.
2. 2-ғасырдағы Рим империясы. Алтын ғасыр
Б.з. 14 жылы О. Август қайтыс болған соң, оның өгей ұлы Тиберий ( әйелі Ливияның алғашқы некедегі баласы; б.з.14-37 ж.ж.) император болып тағайындалды. Ол өз жағдайын үшін преториан когорттарының барлығын біріктіріп, қаланың шетінде олардың лагерін құрды. Сондай-ақ, центуриат және трибут комицияларын шақыруды тоқтатып, магистраттарды сайлауды сенатқа берді. Ақша қаражатын үнемдеу мақсатында халық бұқарасына таратылатын азық-түлікті және әртүрлі гладиторлық сайыстар мен театр қойылымдарын қысқартты. Есесіне олардан жиналатын салықты көбейтті. Бұл әрекет Римде және провинцияларда төменгі тап өкілдерінің бас көтеруін туғызды.
Б.з. 17-24 жылдарға дейін римдіктер Африкадағы халықтың көтерілістеріне қарсы күрес жүргізді. 21 жылы Галлия мен Фракияда көтеріліс басталды. Бірақ бұлардың барлығы басып тасталынды. Халық бұқарасының наразылығын рим аристократтары пайдаланып қалмақшы болды. Олар Тиберийге қарсы аристократ Германикті қойды. Ол Сирияда өлген кезде, бұл наразылықты басқарушы оның әйелі, Августтің немересі Агриппина болды. Оған жауап ретінде Тиберий билеушіге тіл тигізді деген заң шығарып, Агриппа Италия аралдарының біріне жер аударылды. Сол жерде өлді, ал үлкен ұлдары жазаланды. Басқаруының соңғы жылдарын Тиберий Капрея аралында өткізді және 37 жылы сол жерде өлді.
Сенат және префект Германиктің аман қалған кіші ұлдарының бірі - Гай Цезарьді император деп жариялады. Калигула деп аталған Гай Цезарь 4 жыл ғана билік құрды (37-41 ж.ж.).
Рим халқының қолдауына ие болу үшін Калигула мерекелер өткізіп, кедейлер мен жауынгерлерге азық-түлік, ақша таратты. Алғашқы билік құрған жылдарының соңында ол қатты ауырып, оның психикасына әсер етті. Ол біресе Британияға жорық жасап, біресе қажеті жоқ құрылыс жүргізіп, қазынаны толтыру үшін әртүрлі зұлымдық, тонаушылық әрекеттер жасады. Өзін жер құдайымын деп есептеп, өзінің мүсінін Иерусами храмындағы Яхве құдайының жанына қоюға қарсылық білдірген Иудей тұрғындарын өлтірілсін деген жарлық шығарды. Ал, бұған сенат қарсы болады деген кезде, онда мен өзімнің атымды сенатор етемін деді. Қазынаны толтыру үшін сенаторлардың дүниесін, жерін тәркілеп, өздерін жазалай бастады. Құлдардың өз қожайынының үстінен арыз айтуына жол берді. Сөйтіп, сенат аристократтары мен преториан гвардиясының басшыларының арасында қастандық ұйымдастырылып, 41 жасында Калигула өлтірілді.
Сенат республика жариялағысы келді, бірақ преториандар шешуші түрде қарсылық көрсетті. Олар Германиктің кіші інісі – Клавдийді император деп жариялады.
Клавдий принципаты (б.з.41-54ж.ж.) Клавдийге қарсы бірнеше қастандықтар ұйымдастырылса да, олар нәтижесіз болды. Клавдий репрессия жүргізіп, сенаторлардың Римнен императордың рұқсатынсыз кетуіне тыйым салынды. Клавдий сенат оппозициясына қарсы күресте армия мен провинциядағы құл иеленушілерге арқа сүйеді. Халық үшін ол әртүрлі мерекелер ұйымдастырып отырды. Клавдий Остиядағы Рим теңіз айлақтарын қайта құрып, кеңейтті. Оның тұсында Рим империясына Мавритания мен Британия бағындырылды. Фракия патшалығы рим провинциясына айналдырылды. Империяның Дунаймен шекарасының қауыпсіздігі күшейтілді. Клавдий басқаруының соңында Боспор патшалығы Римге толық тәуелді болды. Парфиямен соғыс болып, І ғ. 60 жылдарының ортасында аяқталды.
Әкімшілік бюрократтық аппараттың құрылуы, провинциядағы құл иеленушілерге қолдау жасалып, сенаторлардың қарсы шыққандарын репрессиялау үстем тап өкілдерінің наразылығын туғызды.
Клавдийге қастандық ұйымдастырылып, сатқындық жасады деп, оның әйелі Мессапина өлтірілді. Содан соң, ол ағасы Германиктің қызы - кіші Агриппинаға үйленіп, (атақты сенатор Домиций Агенобарба жесірі) оның ұлын өзіне бала етіп, Луций Домиций Агенобарба деген атын Нерон Клавдий Цезарь деп өзгертті. Содан соң ол, Клавдий өзінің туған ұлы Британикке обал жасағанын түсініп, шешімін өзгертпекші болды. Оны түсінген Агреппина күйеуін уландырып өлтіртіп, өз ұлы Неронды б.з. 54 жылы император деп жариялады (б.з. 54-68 Нерон принципаты).
17 жылы Нерон император болған соң, сенатқа деген құрметін көрсету мақсатында бүкіл мемлекеттік маңызы бар істерді шешуді сенатқа берді. Өзіне тек провинцияларға қатысты мәселелерді қалдырды.
Алғашқыда Нерон ойын - тойдың арасында жүріп, басқаруға араласпады. Ол театрларда өлең айтып, әнші болды, актер болды, өлең жазды. Алайда жас император өзінің маңайындағылардың әсерінен билік үшін күреске тартылып, оның барысында Клавдий ұлы Британикті, өз әйелі мен қызын, тіпті өз анасы Агреппинаны өлтірді. Талан-таражға салу нәтижесінде бос қалған қазынаны толтыру үшін Нерон бай жеке меншік иелеріне кінә тағып, олардың байлығы мен жерлерін тәркіледі. Халықтың төменгі тап өкілдерімен бірге үстем тап өкілдері Неронға қарсы шығып, әр жерде көтеріліс басталды. 68 жылы император наместнигі Аквитаний Юлий Виндекс өзгелерді Нерон үкіметін құлатуға шақырды. Бұл көтеріліске Пирений жартыаралының провинция наместниктері қосылды. Бұл көтерілісті басып тастаған герман легионерлері жаңа император сайлау қажет деп тапты. 68 ж Нерон өзін-өзі өлтірді. Оның өлімімен Август негізін қалаған Юлий-Клавдий династиясының билігі күйреп жойылды.
Нерон өлімінен кейін Азамат соғысы басталып, бұл күресте Тит Флавий Веспасиан жеңіске жетті. Ол текті отбасынан шыққан, талантты, тәжірибелі қолбасшы болып, 66 жылы басталған Иудейдегі көтерілісті басып тастады. Бұл көтерілісті толық аяқтаған оның ұлы Тит болды. Веспасиан армиясы Римді басып алды және сенат оны император деп тағайындады. Ол өзі сияқты Италия қалаларынан шыққандарды сенат құрамына енгізе бастады. Бірақ Веспасиан да сенат оппозициясына ұшырайды.
Принципаттың соңғы кезінде Веспасиан империяның финанстық жағдайын жақсартып, армиядағы тәртіпті күшейтіп, шығыстағы қауіпті көршісі - Парфиямен қарым-қатынасын жақсартты. Бірақ империяның тұрғындарының барлығы дерлік Веспасианды қолдамады. Ол батыстағы Испания, Галлия, Африкаға көп көңіл бөліп, провинциядағы құл иеленушілердің жағдайын жасаса , керісінше Жерорта теңізінің шығыс бөлігі қиын жағдайда болды.
79 жылы Веспасиан өлді. Оның орнына ұлы –Тит Флавий император болып, небәрі 79-81 жылдары аралығында билік құрды. Тит өлген соң, Веспасианның 2-ші ұлы Домицианды (81-96ж) преториандықтар император деп жариялады. Бірақ ол әкесі мен ағасынан өзгеше сенатпен ешбір шатаспады. Өзін мырза және құдай деп атауын талап етті. Өз төңірегіне арызқойларды жинады. Ол қайта елге азық-түлік пен ақша таратып, мереке өткізді. Қазынаны толтыру үшін бай сенаторлар жерін, дүниесін тәркілеу басталып, қарсылық күшейе түсті.
96 жылы Домициан өлтірілді және тиран деп жарияланып, оның барлық заңдары мен бұйрықтары күшін жойып, мүсіндері қиратылып, тақтадағы аты өшірілді.
Домициан өлген соң 96 жылы көне сенаторлардың бірі Кокцей Нерва император деп жарияланды. Бірақ бұл преториандықтардан басқа провинция мен шекарада тұрған легионерлердің қарсылығын туғызды. Бұдан қорыққан император жоғары Германия легионының легаты - Марк Ульпий Траянды ұлым деп жариялады. Ол ұлты жағынан испандық болды және рим тарихы тағындағы алғашқы шетелдік болды. 96-98 жылдар аралығында Траян Нерваның көмекшісі болды да, ол өлген соң 98 жылы император болды.
98-117ж.ж. Марк Траян. Б.з. 115-117 жылдарында Дунай өзенінің жағалауындағы жеңістерімен даңқы шыққан тәжірибелі қолбасшы, император Траян Азияға жорыққа аттанды. Оның әскері бірқатар жеңістерге жетіп, Қосөзенге баса-көктеп енді де Парсы бұғазына жетті. Бұған дейін Рим императоры шығысқа қарай мұншама ұзақ жорыққа шығып көрмеген еді. Жаңадан басып алған елдерді де, көне провинцияларды да жаулап алушыларға қарсы көтеріліс басталды. Рим армиясы ауыр шығындарға ұшырай отырып, шегінуге мәжбүр болды, осы шегіну кезінде Траян қаза тапты. Рим империясы Азиядағы жаулап алған жерлерінің бәрінен дерлік айырылды.
Траян жорықтары Римнің ең соңғы жаулап алу жорықтары болды. Көтерілістерді басу үшін және өз шекарасын қорғау үшін империяға көп әскер керек болды. Римнің жаңадан жер жаулап алуға күші жетпеді. ІІ-ші ғасырдың ортасында империя жаулап алудан гөрі өзінің орасан зор иелігін қорғауға көшуге мәжбүр болды.
117-138 жылдары - император Адриан -Траян әйелінің туысы Публий Элий Адриан болды. Траян өлген соң, Адриан императордың асырап алған баласы әрі мұрагері деп жарияланып, шығыс армия легионерлері оны император етіп сайлады. Өзінің басқаруы кезінде Адриан агрессиялық сыртқы саясат нәтижесінде ауыр дағдарысқа ұшырау зардаптарын жоюға кірісті. Ол қандай да болмасын басқыншылық соғыстар жүргізуден бас тартты. Көршілес мемлекеттермен арадағы қайшылықтарды бейбіт келіссөз жүргізу арқылы шешуге тырысты. Дәл Адриан тұсынан Рим империясы стратегиялық қорғаныс саясатына көшті. Бейбіт қатынастарды сақтай отырып, Адриан империясының әскери күшін бекіте түсті. Британияда, Германияда, Дунай шекарасында солтүстік Африкада шекаралық бекіністер тұрғызып, шекаралық гарнизондарды аралады. Римде мемлекеттік мекеме ретінде принцепс кеңесі құрылды, оның міндеті император үшін әртүрлі бұйрықтар мен заң актілерін даярлау болды. Сондықтан да кеңес қатарына сенаторлармен бірге атақты заңгерлер қабылданды. Бірақ император кеңес шешімінің бәрімен бірдей санаспады. Өзінің саяхаты кезінде ол бірнеше рет Афиныда болды. Оның тұсында ежелгі Акрополь дұрысталып, жаңадан Зевс храмы тұрғызылды. Ол Египетте болып, Александрияда өмір сүрді. Ал, Фракияда Адрианополь деген қала салынды. Император 138 жылы қайтыс болды және үлкен кесенеде жерленді. Бұл кесене орта ғасырларда папа бекінісіне және түрмеге айналды.
Өзінде бала болмағандықтан, қайтыс болар алдында Адриан атақты әрі бай сенатор Тит Аврелий Антонинді мұрагерім деп жариялады. Бірақ оның алдына мынадай талап қойды: Тит Антонин өз кезегінде Адриан әйелінің інілері Марк Анний Север және Луций Элий Верді өзінің мұрагері етуге тиісті болды.
Адриан өлген соң Тит Аврелий Антонин Антонин Пий деген атпен император деп жариялады. 138-161-жылдары Антонин принципатын римдік, содан соң еуропалық тарихшылар Алтын ғасыр деп атады. Бірақ б.з. ІІ ғасырдағы Рим империясының экономикалық-әлеуметтік және саяси жағдайын ескеретін болсақ, бұл атау шартты түрде болды. Өйткені бұл кезде Риммен шекаралас аймақтарда және Рим провинцияларында соғыстар жүріп жатты. Сонымен бірге табиғи стихиялық қауіп-қатерлер қиындық туғызып, Шығыс Жерорта теңізі өңірін күйзеліске ұшыратты. 152 жылы бірмезгілде Египет пен Палестинада көтеріліс бұрқ ете түсті. 161 жылы Антоний Пий қайтыс болған соң, Марк Аврелий мен Луций Вер өлгенге дейін 2 мұрагер Римді бірге басқарды. Бірақ шын мәнінде империяны басқарған Марк Аврелий болды. 180 жылы рим армиясында эпидемия басталып, ауруға ұшыраған император Виндобон (Вена) атты шекаралық рим бекінісінде қаза тапты. 180-192 жылдары Марк Аврелий ұлы Коммод император болды. Ол қатыгез, нашар болды. Көпшіліктің толқуын әлсірету үшін Коммод жауынгерлердің жалақысын көбейтіп, рим халқына азық-түлік таратып, әртүрлі мерекелер ұйымдастырды. Оған қажетті мол қаражатты бай адамдардың дүниесін, жерін тәркілеу арқылы жүзеге есырды. Б.з. 192-жылы 31 желтоқсанда Коммод қастандықпен өлтірілді. Оның өлімімен Антониндер династиясы аяқталды. Сондай-ақ Рим Жерорта теңізі империясының тарихи дамуының бейбіт, тыныш кезеңі аяқталып, экономикалық әлеуметтік және саяси қайшылықтарға толы дағдарыс кезеңі басталды.
Ежелгі Римдегі өнер мен ғылым. Римдіктер эллин сәулет өнерінің тәсілдерін кең пайдаланды. Олар арка, күмбез, шаңырақ қалау өнерін де меңгерді. Сондай-ақ, римдіктер бетонды ойлап тапты. Осының бәрі сәулетті де өте берік ғимараттар салуға мүмкіндік берді. Мүсін өнері. Римдіктер шығыс пен Грекияға көптеген статуяларды әкетіп қана қойған жоқ, ол статуяның мрамор және қола көшірмелерін де жасады. Императордың жеңістерін дәріптейтін статуялар, бедерлі суреттер, аркалар, колонналар император билігінің құдыреттілігінің қуаттылығын көрсетуге тиіс болды.
Рим поэзиясының Алтын ғасыры. Б.з.б. І ғасырдың соңы б.з. І ғ. басын рим тарихының Алтын ғасыры дейді. Император билігін нығайтудағы өнердің маңызын түсінген Август ақындарды өз жағына тартуға тырысты. Әйгілі ақын Вергилий Эллида дастанын жазды. Оған 10 жыл кетті. Вергилий грек және рим мифтерін зерттеді. Дастанда Троя қорғаушылырының бірі әйел құдайдың баласы Әней туралы айтылады. Ол өртке оранған қаладан қартайған әкесін арқалап алып шығады. Шым-шытырық оқиғадан кейін Әней Италияда қоныстанды. Ол өлген әкесімен дидарласу үшін өлілердің жер астындағы патшалығына түседі. Сол арада дана қарттың рухы Энейге оның ұрпақтары Римнің негізін қалайтынын және халықтың аса күшті әміршілері болатынын болжап айтты. Вергилий дастанда ерлікті, өз борышына адалдықты, үлкендерге деген құрметті дәріптейді. Ақын гректер мен римдіктердің діни нанымдарын, ежелгі аңыздарын империяны және Августты мақтап мадақтау үшін шебер пайдаланды.
Римде ондаған, жүздеген дана кітаптар шығарылып, баспалар жұмыс істеді. Гректер мен римдіктердің мәдениеті - антик мәдениеті деп аталды. Ол Жерорта теңізінің елдеріне кең қанат жайып, шығысқа дейін тарады. Антик мәдениеті Еуропа ғана емес, бүкіл дүние жүзі мәдениетінің дамуына негіз болды.

ІІІ ғасырдағы Рим империясының дағдарысы

Жоспары:
1.Империяның саяси дағдарысы және 193-197 ж.ж. азаматтық соғыс.
2.Северлер әулеті. Септимий Севердің әскери-саяси реформалары.
3.Император билігінің күшеюі. Сенат реакциясы.
4.Аврелиан және оның мұрагерлерінің басқаруы.
5.ІІІ ғасырдағы Рим экономикасының дағдарысы.

Әдебиеттер:
1. Под ред. А.Г.Бокщанина. История древнего мира. В 2-х т. –М., 1982.
2. Под ред. И.М.Дьяконова., В.Д.Нероновой., И.С.Свенцицкий. История древнего мира (упадок древних обществ). –М., 1988.
3. С.Н.Ковалев. История Рима. –Л.,1986.
4. К.Ф.Беккер. Древний Рим. –М., 2001.
5. И.А.Ладынин и др. История древнего мира. (Восток, Греция, Рим). –М., 2005.
6. М.Бонгард-Левин. Древние цивилизации. –М.,1984.
7.М.Вебер. Аграрная история древнего мира. –М., 2001.

Б.э. ІІІ ғасырының бірінші жартысындағы Рим императорларының ішкі саясаты. Рим қоғамының үстемдік етуші топтарының әлуметтік қайшылықтары салдат және сенат императорлары дейтінің күресінде өз көрінісін тапты. Біріншісі армиядағы қалың муниципаль топтардың, екіншілері ірі жер иленуші шонжарлардың мүдделерін білдірді. Б.э.II ғасырының аяғында өкімет басына Северлер династиясы (б.э.193-235жылдары) келді. Династияның негізін қалаушы Септимий Север (б.э.193-211 жылдары) шаруалар басым болып келетін шамалы ромаанданған Рейін маңы,Фракия және Дунай маңы аймақтарынан салдат жинау есебінен армияның сан құрамын арттырды. Бұл провинциялардың құл иеленуші топтардың өкілдері рим армиясында жоғары командалық қызметтерге қойылады. Осының арасында Септимий Север арқа сүйеген провинциялық муниципйлердің пұрсатты сословиесі толыға түсті. Рим провинциялары муниципаль топтарының империяның саяси өміріне араласуы б.э. 212 жылы шыққан қала территориясының барлық еркін халқына рим азаматтығы праволарын беру туралы эдикте тұжырымдалды. Бұл эдикт Септимий Севердің ұлы – Каракалла деп аталған Аврелий Антониннің тұсында шығарылған еді (б.э 211-217 жылдары). Рейндегі, Дунайдағы және басқа аймақ территорияларының селолық тұрғындарында бұл праволар болмады.
Армиядағы ұсақ және орта жер әрі құл иеленуші провинциал муниципийлердің қалың тобына сүйене отырып, Северлер император үкіметінің беделін нығайтуға тырысты. Олар династиялық байланыстарын сақтады, өз үкіметінің қасиетті сипатын баса көрсетіп отырды. Септимий мен оның ұлдары билеген кезде сенат пен сенаторлық сословие өзінің қандай да болмасын саяси маңызынан айырылды. Ірі жер иесі шонжарлар қудаланып, мал-мүліктері кәмпескеленді. Сенаторлық идеологияны білдірушілер императорлар жоғары қызмет орнын өмірін, еңбегін, жасын, тегін, іс-әрекетін ешкім білмейтін жаңа адамдарға сатып жібергенін қайғыра айтып көрсетті. Сословиелік айырымдарға немқұрайлы қарау Рим империясы саяси ұйымдарының негіздерін шайқалтты. Императорларды жариялау армияда жүргізілді. Өз кандидатын ұсынған әскерге императорлардың тәуелділігі тіпті замандастардың өзін де таң қалдырды: Түрпідей семсерлер төбеден қатер төндіреді, барлық жақтан сүңгі найзалар, тіпті күзетшілер зәрені ұшырып, жақын адамдар да үрейлендіреді. Тамақ та рақатқа батырмайды, жолға да өз қалауыңмен шыға алмайсың, қаруды да өз ырқыңмен қолға алмайсың. Күдіктену мен тұрлаусыздық императордың жеке басына таңба-табын түсірді. Әлеуметтік қайшылықтармен қаныққан күрделі саяси жағдай б.э. ІІІ ғасырындағы императорлардың ішкі саясатына мейлінше қарама-қарсы сипат берді. Бір жағынан, декуриондарды муниципальдық міндеттерге бекітіп қою арқылы қалалық ұйымды сақтап қалуға әрекет жасайды. Екінші жағынан, декуриондардың мейлінше көп санды жігі – сарбаздар босатылады. Мұндай саясат ірі жер иесі аристократтардың да, армиядағы жоғары әскри топтың да, жауынгерлердің негізгі бұқарасының шұғыл наразылығын тудырды. Осыншама қарама-қайшы күштердің арасында әрекет жасау б.э. ІІІ ғасырларының императорлары үшін жиі қауіпті зардапқа соғып отырды: олар жауынгер-легионерлердің қолынан қаза таба берді.
Северлер династиясының ақырғы өкілі Александр Север (б.э. 222-235) империяның ішкі саяси жағдайын орнықтыруға елеулі әрекеттер жасады. Ол билеп отырған кезеңде көрнекті юристер мемлекетте жоғары қызметтерді істей отырып, рим правосының негіздерін жасады және заңдардың басты саяси принципі императорға жағымдының заң күші бар деген қағиданы тұжырымдады.
Александр Север әсіресе қалаларды қамқорлығына алды. Қала ішкі қызметін жандандырып, қалалардың сырт бейнесін жаңарту мақстын көздеп, ол саудагерлерге, суретшілерге жеңілдіктер берді, ал қалалардан алынған төлем сомаларының бір бөлігін теремдер салуға, қала құрылысына және қала кедей-кепшігіне жұмсады. Финанс істерін түзетуге тырысып, Александр Север өзінің жеке бас шығындарын да қысқартты.
Александр Север сословиелік айырымдарды қалпына келтірді де, ірі жер иесі шонжарлар хақындағы жау саясаттан бас тартқаны былай тұрсын, керісінше, оған император жерінің үлкен бөлігін берді. Ол армияны қосалқы отрядтармен және жергілікті милиция отрядтарымен толықтырып, мұндағы ірі жер иеленушілердің мүдделеріне тиіспей, шекара аймақтарындағы жерлерді жауынгерлерге бөліп бере бастады. Бұл енгізілген жаңалықтар; жер бөлініп берілмей отставкаға шығудан қорыққан, тұрақты әскер легионерлердің қатты наразылығын тудырды. Александр Северді, бір лақап бойынша сарбаздар, екінші лақап бойынша жаңадан алынғандардың әскери бастығы Максимин өлтіреді.
Рим империясы саяси дағдарысының шиеленісуі. Александр Север қаза тапқаннан кейін жауынгерлер фракийлік Максиминді император жариялады (б.э. 235-238). Бұл жауынгерлер императоры деп аталғандардың біріншісі болды.
Максиминнің саясаты сенат провинциялардың егіншілік және муниципийшілік шонжарлар тарапынан ұйымдастырылған оппозицияға кезікті. Азамат соғысының барысында император өліп, оның басы Римге әкелінген кезде сенат алғыс тағзымдарын тағайындайды. Бірақ сенат императорларының саясаты да муниципийлік топтар арасында шұғыл наразылыққа кезігеді.
Үстемдік етуші таптың күресуші топтанулары арасындағы қайшылықтардың еселеп өсе түсуінің салдары б.э. ІІІ ғасырының 30 жылдарының аяғында басталған күшті саяси дағдарыс болып табылады. Сенат, провинциялар, легиондар өкімет билігін бірінен-бірі жұлып алып, бір императорды екінші император ауыстырып отырды. Б.э. 235-284 жылдары кезеңіне 19 заңды император және 30-дан астам узурпатор келеді екен.
Әлеуметтік-саяси дағдарыстың шиеленісуі рим армиясының жауынгерлік қабілетіне әсер етті. Императорлар дарынсыз командирлерге әскери қызмет орнын сатып берді, ал сарай маңы адамдары дұшпанға римдіктердің соғыс жоспарын ашып беріп, императордың жарлықтарын саудаға салды. Рим еарноизондарының түгелдей берекесі қашты. Ешқандай қоршау қраулары жоқ тағы скифтер екі қабат қорғаныс қабырғасымен қоршалған Трапесунтты, понтий флотының басты базасын оп-оңай алды. Шығыста парсы әскерлері Месопотамияны, Сирия мен Кіші Азияны үнемі тонап, қаңыратып отырды. Б.э. ІІІ ғасырының ортасында Армения жойылады. Парсы әскерлері шығыстың інжу-маржаны мен метрополиясы Антиохияны басып алады. Рим армиясы мұнда ешқандай қарсылықсыз тізе бүгеді. Парсылардың осы жеңісінің бейнесін – ат үстінде қоқырайып отырған Жаңа Персия державасының патшасы Шапурге Рим императоры қорлана тізе бүгіп, жалынып, рақымшылық сұрағаны туралы орасан үлкен рельеф көрсетеді.
Б.э. ІІІ ғасырының екінші жартысында герман және дунай тайпаларының қысымы күшейе түседі, бұл рулардың, тайпалардың қосылу процесімен, әрі варвар халық топтарының құралуымен түсіндірілетін еді. Африкадағы бұратан бербер тайпалары Мавритания мен Нумидияны басып алды. Рейнде франктер мен маркомандар, сарматтар мен готтар Дакияның үлкен бөлігін басып алады. Төмендегі Дунай тайпалары Мезия мен Фракия арқылы Македонияға басып енеді. Сарматтар, аландар, ертеректегі славян тайпалары Қара теңіз жағалауларына, Балкан және Кіші Азия провинцияларына қаңыратқан шапқыншылық жасады. Бұл оқиғалар заманалас адамдарға апат сияқты болып көрінеді.
Өте қабілетті әрі әмірші император Галлиенің Рим мемлекетін дағдарыстан шығарып алу әрекеті табыссы болып шықты. Муницийийлерді қолдап армияның ролін күшейтуге бағытталған, Галлиенің саясаты сенат пен ірі жер иелерінің оппозициясын тудырды, ал оның варвар шонжарларын қызметке тартуы тіпті пұрсатты армияның бөлімдерінде де жауыздықпен қарсы алынды.
Рим империясының саяси ұйымдарының әлсіреуі және варварлардың қысымы провинциялардың үстемдік етуші топтарының пұрсатты жағдайы мен шекара қорғанысын қамтамасыз ете алатын сепаратизмдік мемлекет құру жолын іздестіруді мәжбүр етеді. Басқа аймақтардан бұрын Шығыс оқшауланады. Шығыс провинциялардың экономикалық маңызы империя шегіндегі олардың екінші дәрежелі саяси өміріне сай келмейді. Б.э. ІІІ ғасырында шығыс провинция сенаторлары саны 30-35 проценттен аспады. Бүкіл армияны дерлік империяның солтүстік және батыс шекараларына топтастырылған императорлар шығыс аймақтарды парсыларға тонауға беріп қойды.
Б.э. ІІІ ғасырының басынан бастап Шығыстағы сеператизмдік қозғалыстың орталығы Пальмира болады. Б.э. ІІІ ғасыры екінші жартысында Пальмира державасының құрамына Египет пен Шығыстағы Рим иеліетерінің үлкен бөлігі кіреді.
259 жылы Галлия, Британия және Испания территориясында, Трирде орталығы бар, Галл империясы құрылды. Жер иелігі ғана қалыптаса бастаған Дунай провинцияларында сепаратизм нашарырақ болды.
Рим үкіметіне қарсы бағытталған сепаратизмдік қозғалыс рим езгісіне қарсы күреске аттанған халық бұқарасының арасында қолдау табады. Жерорта теңіздік Рим державасы құлдырап бара жатты.
Б.э. ІІІ ғасырындағы халық бұқарасының қозғалысы. Материалдық күйзелістер, жауынгерлердің жүгенсіздігі, варварлардың қаңырата басып енуі мұқтаждықты шиеленістіріп, езушілермен белсенді күреске тәуелді және еркін адамдардың түрлі жіктерін топтастырды. Құлдардың, колондардың және кіріптар қауымдастардың жаппай қашуы кең қозғалысқа ұласады. Провинцияларда қарақшылармен күресу үшін арнаулы әскери күзет орындары ұйымдастырылды. Осы мақсатпен қалаларда жергілікті шонжарлардан шыққан жастарды соғыс ісіне бейімдеу ұйымдары құрылады.
Б.э. ІІІ ғасырларында территориялық қауымдарға шабуыл жасап, еркін шаруаларды кіріптарлыққа ұшыратқан ірі жер иелігі аудандарындағы халық қозғалыстарының күші мен көлемі едәуір болды. Нумидия мен Мавританияда балталармен және сойылдармен қаруланған колондар мен құлдар чиновниктерді өлтіріп, легионшылдардықуып шығады. Галлияда багаудтар – көтеріліс жасаған шаруалар, колондар мен құлдар өздерінің көсемдері Аманд пен Элианды императорлар деп жариялайды.
Орталықтан билеу әлсіреген саяси дағдарыс жағдайларында рим қоғамының үстемдік етуші жіктері халық бой көрсетулерінің лап қойған толқыны алдында дәрменсіз болып шығып, императорлық үкіметпен бітісуге көнеді, өз кезегінде б.э. ІІІ ғасырының аяғында билеген әскерлер императорлары Аврелиан, Проб жер иесі аристократияның материалдық мүдделерімен санаса бастайды да, бұларды шекара жерлеріне орналастырып, жергілікті тайпалардан жауынгерлер жинайды. Қол жеткен ымыра нәтижесінде көп ебек жұмсап, провинциялардың сепаратизмін тойтарып, халық қозғалысын басып, империяның бірлігін қаопына келтіре алды. Аврелиан готтарды Дунай маңы провинцияларынан қуып шығады және Италияға басып кіргісі келген алемандарды серпіп тастайды.
Империя астанасының қауіпсіздігін нығайтуды көздеп, римді Аврелиан ішінара біздің заманға дейін сақталып отырған, орасан үлкен бекініс қорғанымен қоршайды. 273 жылы Аврелианның әскерлері Шығыс сепаратизмдік мемлекеттің орталығы, Пальмираны басып алады да, бұл бай қаланың күл-талқанын шығарады. Пальмираның орасан үлкен құлаған орны біздің күндерімізге дейін сақталған. Багаудтардың өрістеген қозғалысынан қорыққан галл сепаратизмдік мемлекеттің әміршісі Тетрик бейбітшілікті қалпына келтіруші асқақ титулын қабылдаған Аврелианаға еркімен бағынады.
275 жылы Аврелианды заговоршылар өлтіреді. Оның саясатын жалғастырушы Рим империясының шекарасын ойдағыдай қорғаған проб болды. Бірақ жауынгерлердің өзіндік ырқын жеңе алмаған ол сайып келгенде армиядағы тәртіпті нығайту әрекеті үстінде өлтіріледі.
Құл иеленушілік экономиканың дағдарысы. Б.э. ІІ ғасырының аяғынан рим экономикасы үлкен қиындықтарды бастаг өткізе бастады. Тәуелді халықтың барлық жіктерінің күшейтілген қанауы, шонжарлар мен чиновниктер тарапынан қолданылған зорлық-зомбылық тікелей өндірушілердің өз еңбегінің нәтижелеріне ынтасын жойды. Қатал эпидемия құлдар мен еңбекші халық жіктерінің арасындағы жаппай өлім-жітімге әкеп соқты. Еркін шаруалардың жұтауы және құлдар мен колондар санының қысқаруы салдарынан жұмысшы күндігінің жетімсіздігі қатты сезілді, орасан көп өңделмеген жерлер пайда болды. Батыс провинцияларының кейбір аймақтарында қауымдық байланыстардың нашарлауы жерді суландырып игеру жөніндегі біріккен жұмыстардың қысқаруына, оларды өңдеудің нашарлауына әкеп соқты. Ұсақ жеке-дара шаруашылық қымбат қаруларды пайдалана алмады. Қауымдық жарамды жерлерден айырылу да ұсақ шаруашылық жүргізу негіздерін күйретті.Галлияда, Испанияда батпақты жер ұлғайып, жыртатын жерді орман басады.
Қала қолөнершілері шеберханаларын тастап, өз еңбек құралдарын ірі поместьелерде қолданбақ болды. Мәрмәр мен кен шығару азаяды. Жерорта теңізі өңірінің Шығыс пен Орталық және Шығыс Европамен дәстүрлі сауда байланыстары сақталғанымен сауда қысқарады. Рим экономикасында натуральды элементтің күшею тенденциясы байкалады. Б.э.ІІІ ғасыр бойына ақша айналымында асыл металдардың жетімсіздігі сезіледі. Бай адамдар алтын мен күмісті құпия жерлерге тықты. Рим үкіметі үнемі күміс ақшаларды бүлдіріп отырды. Б.э.ІІІ ғасырының ортасына қарай рим динарында не бары 11 процент қана күміс болды. Ақшаның құнсыздануы нарықтың өсуімен қосарланып отырады. Рим экономикасындағы елеулі өзгерістер құл иеленушілік системаның ыдырауынан көрінген терең әлеуметтік дағдарыспен тығыз байланыста болды. Өнімді ебекте істейтін құлдардың саны азайды. Біреулері босатылып жіберілді, екіншілері жерге таңылып, колондарға айналдырылды. Б.э. ІІ ғасырының аяғында жеңілгендерді құлдарға емес мемлекеттік жерлердегі колондарға айналдыру тән болды.
Колонаттың дамуы қанаудың құл иеленушілік системасы дағдарысының айқын көрсеткіштерінің бірі болды. Колондарды өз еңбегіне ынталы қызметкер ретінде пайдалану антик экономиканың негізгі саласы – ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін бір уақыт өсіруге мүмкіндік берді. Бірақ б.э. ІІІ ғасырында колондарды қанау күшейді; жылына тегін жұмыс істейтін күн 12 болады.
Колонаттық қатынастар ықпалымен құлдарды пекулийге шығару кеңінен қолданылды. Құлдарға дербес шаруашылық жүргізуге мүмкіндік берілді. Құлдың пекулиймен байланысы күшейді. Іс жүзінде пекулийсіз құл, құлсыз пекулий сатылмады. Өз мүлкімен құл жеке өз басының қылықтары үшін айып төледі, ал мырзалардың контрактасына жауап бермеді.
Құлдардың шаруашылық дербестігінің артуы құл иеленушілерді құлдардың тұрақты семьялық байланыстарын мойындауға көндірді: поместьелер бөлінгенде құл семьялары бөлінбейді. Байыған құлдар өз бостандығын сатып алды да, патрондарына тек сый-құрметі мен берілгендігін ғана көрсетіп барлық материалдық міндеттерден босатылды. Еркін жіберілгендер қолөнермен және саудамен шұғылданған қала тұрғындарының едәуір бөлігін құрады. Алайда бүтіндей алғанда құлдық рим экономикасында әлі де болса, едәуір роль атқарды. Қолөнершілердің, жер жыртушылардың, шошқа бағушылардың арасында құлдар көп еді. Құл иеленушілер құлдардың мамандығын арттыру есебінен құл еңбегінің өнімділігін арттыруға тырысты. Техниканы жақсартудан гөрі құлды үйрету анағұрлым тиімді саналды. Бірақ бұл бақылауды күшейтуді керек етті. Б.э. ІІ ғасырының аяғындағы заңдар құлдардың қандай да болсын өжеттік көрсетуін ерекше қатал жазалады. Қашқындар гладиаторларға айналдырылды. Мырзаның денсаулығы мен өмірі туралы бақсыдан құлды асуға үкім шығарылып, бақсы кен орындарына немесе аралға жер аударылды. құлдың жанын бұзғандар яғни мырзаға жер көрініштілік тудырғандар, құлдарды өжет қылықтар мен ойларға итермелегені үшін арнаулы жазалар қарастырылды. Сонымен бірге мырзаның құлдарды жазалауының ерекше қатаң формаларына: өлтіруге, эргастулдарға қамауға, өмір бойына бұғау салуға тыйым салынды. Құлдарға неғұрлым адамгершілікпен қарау, құлдар мен еркіндердің рухани жақындалуы ұсынылған моральдік өсиеттер тұжырымдалды.
Кейініректегі Рим империясы дәуірінде құлдардың еркіндерге жақындалу тенденциясы әлеуметтік өмірдің өзіне тән ерекшелігі бола түседі. Б.э. ІІІ ғасырының өзінде-ақ жерге отырғызылған құлдардың, еркін жіберілгендердің, қашқын куриалдардың және ерікті қоғамдық шаруалардың есебінен тәуелді жер иеленушілердің мейлінше едәуір жігі құралады. Еркін қауымдық шаруа жер иеленудің қауымдық формалары сақталған аймақтардың ауыл шаруашылығында едәуір роль атқарды. Қаладан тыс және тайпалық территориялар жеке қолға өтті немесе мемлекеттік меншікке айналдырылды, ал қауымдық шаруалар қаналушы колондар болды. Рим қоғамының үстемдік етуші жіктері б.э. ІІІ ғасырында күресуші екі топтану: ірі жер иеленуші шонжарлар мен едәуір елеулі орта және ұсақ жер әрі құл иеленушілердің жіктері болып келеді. Алғашқылар көбіне колондарды қанады, екіншілер бұрынғысынша шаруашылықты құлдардың көмегімен жүргізді. Ірі жер иеленушілер негізінен құл иеленушілердің негізгі тобы – қала жеке меншіктілерінің, куриалдардың жұтауы есебінен олардың қалалық жерлерін зорлап басып алып немесе сатып алып өз иеліктерін ұлғайта түседі. Қалалық жер меншігінің қысқаруы және жердің ірі жеке меншіктілерінің қолына шоғырлануы жер иеленушілер мен құл иеленушілердің коллективі ретінде антик қалалардың әлеуметтік бейнесін өзгертті. Қалаларда шүғыл әлеуметтік қарама-қарсылық пайда болды. Бай муниципиальдар азық-түлік нарқын арттырып, сауда-саттықпен байи түсті. Олар бұрынғысынша өз балаларын Римге оқуға жіберді, жабайы аңдарды адаммен алыстыруды ұйымдастырды, тегін үлестер жасады, той-думан ұйымдастырып отырды. Муниципиальдық шонжар мунципиаль міндеттерінен босатылуға жете отырып, декуриондар сословиесінің негізгі бұқарасынан бөлінді. Тіпті кейбір сенаторлар өздерінің провинциалдық иеліктерінде тұрақтап, сенат мәжілістеріне де қатыспады. Алымдар мен литургиялар еңсесін басқан қала жеке меншік иелерінің негізгі бұқарасы күйзеліске ұшырады. Декуриондар өздерінің курияларын тастап жеке меншік имениелердегі колондар тобына ауысуды артық санайды.
Жер қоры мен қала қала халқының қысқаруы муниципиальдық ұйымдардың нашарлауына әкеп соқты. Ірі имениелердің иелері селоларда шаруашылық, саяси және діни орталықсымақтар жасады: қолөнер өндірісін ұйымдастырды, моншалар, қонақ үйлер, дүкендер, храмдар, бекініс мұнараларын жасады, рыноктар құрды. Қала қаңырап өзінің экономикалық және саяси маңызынан айырылды. Құл иеленуші шаруашылық дамыған аймақтарда – Италияда, оңтүстік-шығыс Испанияда Галлияның орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығысында әлеуметтік-экономикалық дағдарыс күштірек сезілді. Рим империясының басты орталықтарында өндірістің қысқаруы шет аймақтарда шаруашылық тіршілігінің жандануына әкеп соқты. Италиядағы аграрлық дағдарыс, атап айтқанда жүзімдіктердің қысқаруы, бұл дақылдың галлияда, Британияда, Иллирияда дамуына әкеп соқты. Б.э. ІІІ ғасырында Рейнде шыны және керамика қолөнері дамыды. Жауынгерлер мен вилла иелеріне қызмет көрсететін сауда жандана түсті.
Африкада дағдарыс белгілері біраз кейінірек көрінді. Мұндай ирригациялық жүйелердің коллективтік иелігіне негізделген қалалық ұйым анағұрлым мықты болып шықты. Императорлық және жеке меншік сальтустері негізінен Нумидия мен Мавританиядағы қоғамдық территория есебінен өсіп отырды.
Құлдықтың нашар даму салдарынан Дунай маңы провинцияларында дағдарыс аз дәрежеде көрінді. Шығыста әлеуметтік дағдарыс созылмалы сипатта болды. Шығыс провинциялар дәстүрлі сауда байланыстарын сақтады да, транзиттік сауда муниципаль шонжарларға орасан зор табыстар беріп отырды. Б.э. ІІІ ғасырында Шығыста әлеуметтік қарама-қарсылықтар бұрынғыдан да гөрі қатты білінді, тап күресі шиеленісе түсті.


Доминат. Батыс Рим империясының күйреуі

Жоспары:
1.Рим империясының ІІІ ғасырдағы дағдарыстан шығуы. Доминат жүйесінің қалыптасуы.
2.Диоклетиан және Максимилианның басқаруы, олардың әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалары.
3.Константиннің діни саясаты. Константинопольдің құрылуы және оған император резиденциясының көшірілуі.
4. Рим империясының екіге бөлінуі: Батыс және Шығыс.
5.476 жылы Батыс Рим империясының күйреуі.
Әдебиеттер:
1. Под ред. А.Г.Бокщанина. История древнего мира. В 2-х т. –М., 1982.
2. Под ред. И.М.Дьяконова., В.Д.Нероновой., И.С.Свенцицкий. История древнего мира (упадок древних обществ). –М., 1988.
3. Ю.С.Крушкол. История древнего мира. 2т. –М., 1971.
4. К.Ф.Беккер. Древний Рим. –М., 2001.
5. А.И.Немировский. История древнего мира (античность). –М., 2000.
6. И.А.Ладынин и др. История древнего мира. (Восток, Греция, Рим). –М., 2005.
7. М.Бонгард-Левин. Древние цивилизации. –М.,1984.
8.Под ред. Ш.М.Мунчаева. Из истории мировой цивилизации. -М.,1993.

Диоклетиан және доминат жүйесінің пайда болуы. 284 жылы жауынгерлер гвардиясының командирін Диоклетианды таққа отырғызды. 305 жылға дейін билеген Далмациядан шыққан еркін жіберілгеннің ұлы – Диоклетиан табиғи ақылды, мемлекеттік қызметке керемет қабілетті болды. Бір өзінің орасан үлкен Рим империясын басқаруы мүмкін еместігін түсіне отырып, ол өзіне қосалқы әмірші тағайындап алды. Бұлардың бірі Максимиан Галлиядағы багаудтар қозғалысын және Африкадағы ең қатыгез мавритан тайпаларының көтерілісін басады. Диоклетиан мен оның қосалқы әміршілері белгілі бір территорияда өкімет билігін иеленіп, әрқайсысының өз резиденциясы болды. Диоклетиан мен оның досы Максимиан – августар, ал бұлардың екі көмекшісі цезарьлар деп аталды. Цезарьлар августтардың мұрагерлері саналды, яғни императорлық өкіметтің мұрагерлік сипаты белгіленді. Диоклетианның ойы бойынша мұндай жүйе империяның бірлігін сақтап, провинцияларда өкіметтің узурпациолануын болдырмауға, сондай-ақ рим иеліктерінің шекара қозғалысының міндетін жеңілдетуге тиіс болады.
Диоклетиан шалқыған сарай маңы ресми салтын орнатып, император өкіметінің беделін нығайтуға тырысты. Императорға сәлем берудің ерекше тәсілі – пурпурды сүю және оған dominus (үй иесі, мырза) сөздерін айту енгізілді.Осыдан келіп, Диоклетиан жасаған басқарудың бүкіл жүйесі тарихта доминат деп аталады.
Доминаттың саяси негізін монархиялық өкімет пен басқарудың дамыған бюрократтық аппараты құрады. Оның орталығы императордың сарайы және ұйықтайтын орны болды. Жалпы мемлекеттік және жеке императорлық ұғым бөлектенбеді. Жоғарғы чиновниктер комиттер яғни императордың серіктері аталды. Әр жоғарғы чиновниктің өз канцелярасы мен штаты болды. Тек Африка проконсулының канцеляриясында 400 чиновник қызмет атқарды. Қатаң шен құрметтелу сақталды. Сенат саяси маңызынан айырылды, бірақ сенаторлық сославие ең құрметті саналды, бұған жоғарғы чиновниктер жатты.
Доминаттың әлеуметтік тірегі Диоклетианды алтын ғасыр атасы деп атаған провинциялардың ірі жер иесі шонжарлары еді. Осымен бірге провинциял шонжарлардың өсіп келе жатқан ықпалын бейтараптау үшін үкімет муниципийлік жер меншіктеріне қолдау жасады. Император нұсқаулары – эдиктілер ұсақ иеліктерді күштеп басып алуды тежеді, борышкердің учаскесін кредитордың өз еркімен иемденуіне тыйым салды, тым төмен нарық бойынша сату дауға салынды.
Үкімет қала тіршілігін қалпына келтіріп жандандыруға шаралар қолданды. Азық – түлікке бағаның өсуінен қалалық толқуларды болдырмау мақсатын көздеп 301 жылы тұтыну заттарына және еңбектің сан алуан түрлеріне ақы төлеудің жоғарғы бағасы туралы эдикт шығарады. Эдикт экономикалық нәтижелер бермеді, өйткені жалпы бағалар жергілікті ерекшеліктерді ескермей бүкіл империя көлемінде құрастырылған еді.
Диоклетиан реформалары. Жалпыға ортақ құлдану жүйесін жасау. Империяның ішкі бірлігін нығайту үшін Диоклетиан бірқатар реформалар жүргізді. Жаңа әкімшілік бөлінісі бойынша Италия өзінің ерекше жағдайынан айырылды, империяның бүкіл территориясы 12 диоцезге бөлінді, ал диоцездер 104 провинцияға бөлінді. Салық салыну тәртіпке келтірілді. Жан басы алымымен қатар жер, жұмысшы күші мен мал санын есепке алып, жаңа жер салығы алынды. Диоклетианның финанс формасы бағаның өсуін тоқтатпады, өйткені айналуға шығарылған толық құнды күміс ақша айналымынан жоғалып кетті.
Халықтың моральдық бірлігін нығайту мақсатын көздеп Диоклетиан манихейлік пен христиандық (303 ж) уағыздауларға тыйым салды. Христиан храмдары жабылды, шіркеу мүлкі кәмпескеленді, христиан қауымдарының мыңдаған қатардағы мүшелері мен көптеген клиршілері рудниктерге айдалды, ал кейбіреулері айуандықпен жазаланып өлтірілді. Алайда жария емес жағдайға көшкен христиан қауымдары сақталды, тіпті өз мүшелерінің санын көбейтіп те алады. Диоклетианның діни саясаты толық сәтсіздікке ұшырады.
Диоклетианның саясаты Рим империясының саяси ұйымын нығайтуға жол ашса да әлеуметтік – саяси дағдарыстың тереңдеуіне байланысты қайшылықтарды шешіп жеңе алмады. Әсіресе үкіметке шығыс провинцияларда оппозицияның өсе түсуі 305 жыл Диоклетианды өкіметтен бас тартуға көндірді.
Христиандықтың жеңісі. Константиннің билеуі. Осыдан кейін болған тақ үшін күресте цезарьлардың бірінің ұлы Константин (306-337) жеңіп шықты. Ол шығыс провинциал шонжарға сүйенеді де христиан қауымдарынан қолдау іздей бастады. 313 жылы өзінің негізгі дұшпанын талқандағаннан кейін келесі жылы император Медиалонда христианға жаңа қуғындау мүмкіндігін болдырмайтын дін уағызының бостандығы туралы эдикт жарияланды. Ф. Энгельстің сөзіне қарағанда намысқой Константин осы ... дінді қабылдауды рим дүниесінің дара әміршісі жағдайына дейін шалқу үшін үздік құрал деп көрді.
Император өкіметімен келісімге барған ресми шіркеудің саясаты мен идеологиясы ертеректегі христиан принциптеріне адал демократиялық пиғылдағы элеметтер тарапынан қатты сынға ұшырады. Күрес дін ілімімен шіркеу ұйымының құрылымы мәселелері бойынша діни даулардың формасына барып ұласты. Ресми шіркеуге оппозициялық, жау бағыттар ересь деп жарияланды. Қалың халық бұқарасы қуаттаған ересьтер езушілермен таптық күрестің ерекше формасы болып алды. Ересьтер бірінен кейін бірі пайда болады да б.э.IV ғасырының аяғына қарай бұлар 150- ден аса саналады. Еретиктермен күресте үстемдік етуші шіркеудің беделін орнықтыру міндетін шіркеу соборлары, эпископтар жиналысы атқарды. Дербес зерттеуге ауысып отыруды шіркеу аталары жалған кемеңгерушілік деп санап, олар пайымдауға емес, сенуге үйретті.
Императорлық үкімет үстемдік етуші шіркеудің ілімін қолдап отырып, діни дауларға белсене араласты. Император Константин Африкада кең таралған донатизмді (епископ Донат есімінен) тудырған Карфаген шіркеуіндегі бөлінуді жоюға тырысты.
Ресми шіркеудің саясатын Рим үкіметінің саясатымен теңестірген сепаратизмдік пиғылдағы жер иеленуші шонжар мен халық бұқарасы арасында бірсыпыра донатизм жақтаушылары болды. Император бекіткен шіркеу соборларының шешімдері де донатист епископтарына қарсы қудалауда ересьтің түбіне балта шаба алмады.
Христостың табиғаты туралы дау негізінде ересь Александрияда туады. Оның негізін қалаушы Александр пресвитері Арий епископтар билігіне, оразаға, өліктерге дұға қылуға қарсы шығады. Император Арийдің ілімін айыптаған Никей соборы епископтарының шешімін (325 ж) бекітеді де, пресвитермен оның жақтастарын жер аударып жібереді. Алайда арианттықтың таралуын тоқтата алмады. Кейінірек ол тіпті Константиннің ұлы ІІ Констанций болып танылады.
Христиан шіркеуі ресми идеологиясын қалыптастыруда Никей соборы едәуір роль атқарады: мұнда христиан шіркеуі әкімшілігінің системасы мен Никей сенімінің символы дейтін қабылданды (христиан дін ілімінің негізгі принциптерінің қысқаша баяндамасы). Римнің, Александрия мен Антиохияның епископтары патриархтар болып жарияланды. Алғашқы екеуі папа құрметті титулын алды. Кейінде Иерусалим мен империяның жаңа астанасы Константинополь болып жарияланды.
Императордағы әлеуметтік, саяси және идеологиялық езгіні ақтап, қолдау жолына түскен христиан шіркеуі атқарған реакцияшыл ролімен христиан дінінің маңызы тынып қалмайды. Мұның белгілі бір дәрежеде прогрессивті маңызы болды, өйткені халық арасында туған еңбекке құрметті орнықтырып, барлық адамдардың рухани теңдігін жариялап құл иеленушілік құрылыстың идеологиялық негізіне зиян келтірді.
Христиан діні кең таралса да ежелгі мәдениет пен идеология кейініректегі Римнің саяси және мәдени өміріне күшті ықпал етті. Кейбір ежелгі құдайлардың ғибадаттарын, мысалы, императорға табыну, күнге табыну, жеңіс тәңірісі Викторияға табынуды саяси тұрғыдан император Константиннің өзі қолдады. Рим тұрғысында ежелгі салттар мен той – думандар ұзақ сақталды.
Ежелгі ғибадаттардың, салттардың, идеологияның ұзақ сақталуы, христиандар пұтқа табынушылық деп атаған, осы ғибадаттардың христиан дініне ішінара ену проблемасын түсіндіреді. Христиан шіркеулері ежелгі храмдардың үлгісі бойынша салынып, әдет – ғұрып салттары жеке дауыстағы және хор әнімен, музыкамен қосарлана бастайды.
Барлық пұт құдайлары христиан әулиелеріне айналады. Шіркеу мерекелері, пұт құдайларына табыну күндері жасалды. 354 жылдан бастап 25 декабрь (Митрдің туған күні) Иисустың туған күні ретінде аталады.
Бүтіндей алғанда Константин саясаты байырғы Италия консервативтік аристократиясының да, шығыс провинцияларының ірі христиан шонжарларының да мүдделерін еске алды. Император жер иесі шонжарлардың мүдделерін қорғау жолына батыл да дәйікті келіп түседі, ол үлес беріп, мемлекеттік жерді, борыштанған куриалдардың жеке иеліктерін сатып, жер иесі шонжар мен христиан шіркеуін байыта түсті. Куриалдар сославиесіндегі жарылуды тереңдете отырып, Константин жер иеленуші шонжармен қосылып кеткен және батыс аристократиясымен тең жағдайға үміттенген шығыс қалалары сауда – финанс жіктерін көтермелеуге жол ашты.
Грек отары Византияның орнына Константин жаңа астананың негізін қалады (33 ж), бұл шығыс саудасымен байланысты жер иеленуші шонжардың саяси және экономикалық орталығына айналды. Қаланы 10 жылға жуық салды. Орасан үлкен құрылыстар тұрғызылды: император сарайы, теремдер, кітапхана, үлкен ипподром. Император есімімен аталған үй ұстау шартымен Константин Жаңа астанада Каппадокидегі мемлекеттік жерлерден мұрагерлік имениелер үлестірді. Константинополь сенаты құрылды, бұған өзінің игілігі үшін Рим императорына борышты жаңа шонжар өкілдері кірді. Константинопольдің негізін қалау саяси мақсатты да көздеді: біріншіден, жаңа астана Боспордағы стратегиялық тірек пункті болды, екіншіден, бұл Италия мен Рим басқару жүйесіндегі өзінің артықшылық жағдайынан айырылған, ал Шығыс өзінің экономикалық, саяси - әлеуметтік және діни ерекшеліктерімен империяда Батыспен тең жағдай алған империяны әкімшілік жолмен қайта құруды аяқтады.
Константин тұсында доминаттың бюрократтық жүйесін жасау аяқталды. Империяның бүкіл территориясы бірыңғай әкімшілікке бөлінді: диацездер мен провинцияларға бөлінген төрт префектура құрылды. Қызмет бабы адамдардың іс - әрекетіне бақылау жасау күшейе түсті. Азаматтық өкіметтің әскери өкіметтен бөлінуі өкімет узурпациясы үшін әскери күшті пайдалану мүмкіндіктерінен айырды. 325-326 жылдары қалалардың (куриалдардың) халқы тұрған жері бойынша бекітіледі. 332 жылы колондар өздерінің учаскесіне мәңгіге бекітіледі. Қолөнершілер армия мен әкімшілікті өз бұйымдарымен жабдықтауға, ал саудагерлер Рим мен Константинопольге нан және басқа да азық – түліктер әкеліп тұруға міндеттенді. Императордың сапары кезінде халық оның нөкерлерін, елшілерін және өтпе әскерлерді бағып – қақты. Куриалдар қоғамдық ғимараттарды жөндеуге және түзелмейтін салық төлеушілердің борыштарын төлеуге міндетті болады.
Зосимнің айтуына қарағанда, варварларға рим халқына үстемдік етуге еркін жол ашып берген әскери реформаның үлкен маңызы болды. Бір провинциядан екінші провинцияға қажеттігіне қарай ауыстырып отыруға болатын ішкі жинақты әскерлерден басқа шекараны күзету шартымен рим территориясында мекендеген варварлардан рекруттелген шекара әскерлері құрастырылды. Езілген шаруа халықты әскерге қызметке тартудан қауіптеніп, рим өкіметі варварлардан шекараны қорғауға олардың, өз күштерін тартуға мәжбүр болады.
Б.э. IV – V ғасырының бірінші жартысындағы империяның экономикалық жағдайы. Диоклетиан мен Константин жасаған жалпыға ортақ крепостнойлау жүйесі б.э.IV ғасырының бірінші жартысында Рим империясы экономикалық өмірін біраз жандандырды. Батыста экономикалық орталықтың жеке поместьлерге ауысуына байланысты ұсақ қалалар бұрынғы маңызынан айырылды, бірақ батыс провинцияларды шығыспен қосатын ірі сауда қалалары, мәселен, Медиолан, Турин, Верона қайтадан жандана түсті. Ауыл шаруашылық өндірісінде өзінің ролін сақтаған провинциялар аграрлық дағдарыс аудандарына өнім тапсырушыларға айналды. Африка – астық пен олив майын, солтүстік Италия – астық (мұнда астық шаруашылығын дамытуға 400 жылдан бастап дөңгелекті плуг пайдаланылатын) беріп отырды. Бұл аймақтарда товар – ақша қатынастары түгелдей өзінің маңызынан айырылмады. Сауданың жандануы салық жүйесінде ақша элементін біраз күшейтуге әкеп соққанымен, алайда негізгі жер салығы натуральды болып қала берді.
Экономика күйін жақсартуға жеңілдік шарттарымен арендаға берілген мемлекеттік қордың бос жерлерін игеру (эмфитевзис) мүмкіндік берді. Арендатордың иелік праволарын алуы алғашқы жылдары төтенше міндеткерліктер мен аренда ақысынан босатып, содан соң тұрақты аренда ақысы пайдасын арттырды.
Бүтіндей алғанда Рим империясының экономикалық жағдайы б.э. IV ғасырында да ауыр болып қала берді. Бұл жөнінде еңбекшілер бұқарасының күйзелген жағдайлары, көп қалалардың құлдырауы, финанс дағдарысы, бос жатқан жердің орасан үлкен көлемі (Кампания мен Сицилияда бұлар 0,5 млн.югер болатын) кепіл бола алады. Егіннің шықпай қалуы немесе астық беріп отырған провинциялардағы бүкіл империяның көптеген аймақтарына аштық болып шарпыды. Үкімет фискалдық езгіні бірте – бірте күшейте түсті. Аммиан Марцелиннің сөзіне қарағанда, императорлар өтірік – шыны аралас барлық жерден ақша жинап алуға тырысты, бірақ төлемшілердің сарандығы ақшадан гөрі көбірек жек көрушілік туырды. Салықтардың неғұрлым тұрақты түсіп тұруын көздеп ұсақ меншіктілерді өздерінің міндеттері мен борышкерліктеріне бекітіп қоюды жүргізді.
. Жаңа жер иеленуші шонжарлар. Кейініректегі Рим империясында ірі жер иеленуші шонжарлар үстемдік етуші жағдайға ие болады. Оның құрамына рим аристократиясының, жоғары азаматтық және әскери бюрократияның, қалалық төбе топтың өкілдері кірді. Олар бұларды эмфитевсиз праволарында сатып алып, немесе жеңілдік шарттарымен алып, мемлекеттік жер есебінен өз иеліктерін ұлғайтты. Сатып алу құнымен салыстырғанда біршама көп сомаға бұл иемениелердің салықтан толық босату азаттығын алуға болатын еді. Қалалық жер меншігін қысқарту жалғаса түсті. Мемлекет қалалық қоғамдық жерлерді экспропрациялады. Мұның нәтижесінде жаңа шонжар өзінің позициясын күшейте түсті, бұл еркін жер өңдеушілердің еңбегін кейіннен пайдалана отырып шаруашылықты жаңаша жүргізуді ұйымдастырды.
Христиан шіркеуі ірі жер иесіне айналды. Шіркеу иеліктері барлық салықтардан босатылды, сондықтан да жұмысшы күштерін тартуға мүдделі шіркеу егіншілерге жеңілдік жағдайларын жасады, құлдармен салыстырғанда қанаудың неғұрлым жұмсақ формаларын пайдаланады. Мінез-құлық мәнері мен тіршілік сатысында епископтар шонжарлардан кем соқпады. Өте сәнді киімдер киіп, экипаждармен жүріп, сән-салтанатты той-думандар жасады.
Кейініректегі Рим империясының дәуірінде ірі жер иелері шонжарлар үстемдік етуші төбе тобының арасында қайшылықтар шиеленісе түсті. Рим сенат шонажарлары мемлекетке жаңа адамдардың көтерілуі және жаңа астананың негізделуі нәтижесінде өз ықпалының жойылуымен сайыса алмады. Ол қарапайым халық арасында жақтастары көп болған пұт дінінің көмегімен өзінің артықшылығын қайтаруды армандады. Пұт діни храмдарының жанында көптеген тақыр кедей адамдар: қақпақшылар, қызметшілер, музыканттар, қолөнершілер күнін көрді. Гаруспиктер мен басқа да балгерлер өз кәсібімен тіршілік қаражаттарын тауып жүрді. Жаңа шонжар жек көрінішті аристократияны құртып, пұт дініне қарсы шығу арқылы баюды армандады. Ескі және шонжарлар арасындағы күрес христиан мен пұт діндерінің діни күрес формасына айналды.
Пұт реакциясының әрекеті. Константиннің мұрагерлерінің бірі, оның жиені император Юлиан (361 – 363) білімді адам, антик мәдениетке бас июші және берілген пұтқа табынушы. Ескі заңдар мен ежелгі ғұрыпты талқандаушы ретінде Константинді жақтырмай жоғарғы сановниктер, шығыс провинциялардың қалалық төбе тобы мен варварлардың қатарынан шыққан жаңа және муниципаль шонжарлар қақпайлап келіп екінші қатарға ығыстырған рим аристократиясын Юлиан өз жағына тартады. Жаңа жер иелері шонжарларға қарама – қарсы ол муниципийлік ұйымды нығайтуға тырысты: қалаларға кәмпескеленген жерді қайтарып берді, мерзімінде төленбеген қарыздарды кешірді, муниципийлік міндеткерліктен азат етуді жоя отырып курияларды толықтырды. Император құл иеленуші қоғамның идеологиялық негізі – пұт дінін де христиан шіркеу ұйымының типі бойынша қайта тудыруға тырысты. Осы үшін христиан тарихнамасы Юлиан парсылармен соғыс үстінде қаза табады.
Юлианның әлеуметтік және діни саясаты табысты болмады. Оның барлық нұсқаулары жойылып христиан шіркеуі өзінің үстемдік жағдайына қайта оралады. Император І Валентиннан (364 – 375) тұсында христиандықтың пұт дінімен күресі ескі рим аристократия мен муниципийлік шонжар өкілдеріне қарсы жаппай қудалау жүргізу үшін сылтау болады. Келесі императорлар пұт дініне батыл шабуыл жасады, өйткені оның жолын қуушылық рим аристократиясының император үкіметіне қарсы тұру сылтауы болады.
Б.э.IV – V ғасыр басында антихристиандық насихат формаларының бірі Римде антик құдайлар мен батырлардың, шешендер мен философтардың, ақындардың, мифологиялық сахналар мен көріністер суреттері бар күміс ақша типіндегі мыс белгілер шығару болды. Мұндай пұт насихатының саяси мәні Рома тәңірі храмының альтары үстінде табынудың салтанатты ғұрып суреті мен жазуын: VRBS Poma Heterno, яғни Рим мәңгі қала дегенді ашып беру.
Батыс Рим империясының күйреуі. Ұсақ жер өңдеушілерді қанаудың күшеюі. Жер иеленуші шонжар доминат кезінде өзінің позициясын нығайтып алып, еркін және тәуелді село халқының түрлі категорияларын қанауды күшейте түсті. Ірі иеліктерде құлдардың қосалқы маңызы болды. Олар көбіне байлықтың көрсеткіші ғана болды. Арасынан рим территориясында өмір сүрген жұтаған көп шаруалар, еркін жіберілгендер мен варварлар пайда болған колондар қанаудың басты объектісіне айналды. Колондар өте кедей болды, оларды өлшеусіз қанады.
ІVғ. колондар еркін адамның азаматтық және саяси құқынан айырылады: оларды, енді патрон деп емес, колон мырзасы деп аталған, жер иесінің келісімінсіз мемлекеттік қызметке пайдалануға болмады. Колонның барлық мүлкі мырзаның меншігі саналды. Колон сотта мырзаға қарсы шығуға, еркіндегілермен некелесуге құқы болмады. Жаза беру жүйесі жағынан колондар құлдарға таяды. ІVғ. ІІ жартысында жер иеленушілер олардан мемлекеттік салық алу құқына ие болды. Бұл акт колондардың тәуелділігін бұрынғыдан да күшейтіп, оларды қанау мүмкіндіктерін ұлғайтты. Қоныстану үшін неғұрлым жеңілдік шарттары бар құқтарын таңдап алудан айырылған колондар жерге отырылғызылған құлдармен қосылып кетті.
Кейінгі Рим империясындағы таптық күрес. ІVғ. 40 жылдарынан бастап таптық күрес қайта шиеленісті. Рим құлиеленушілік мемлекеті тарапынан қатты қысым көріп, қанауға түскен егінші тұрғындар көтерілісі зор күшке айналды. Әсіресе христиан шіркеуіне деген наразылық күшті болды. Діни формадағы халық қозғалысының негізгі мақсаты таза дін үшін күресу болды.
ІVғ. 30-40 жылдарында Африкада күшті халық қозғалысы басталды. Бұл провинцияның экономикалық жағдайының жақсы болғанына қарамастан, село тұрғындары мен ұсақ жериеленушілердің жағдайы ауыр болды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттайтын саудагерлер бидай мен майды село базараларында арзан бағаға сатып алса, зор пайда түсіруге ұмтылған ірі жер иеленушілер тәуелді колондарды қанауды күшейтті.
Нумидиядағы құлдық пен қанауға қарсы күрескен ерікті жериеленушілердің қозғалысын ІІІ ғ. пайда болған донатистердің христиандық сектасы басқарды. Бұл сектаның мүшелері өздерін Христос жауынгерлері – агонистиктер, зұлым күштермен күресушілер деп атады. Агонистиктер әділдік орнап, байларға жаза тартқызу үшін, олардың бидай және шарап қоймаларын талқандады, байлығын, қарыз туралы қолхаттары тартып алды, құлдарды азат етті, байларды ұрып-соғып, үйлерін өртеді. Олар әділетсіз дүниені жою үшін отқа да, суға да түсті, жалаң қылышқа да өз басын тікті. өздеріне соққы бергізу үшін өзгелерді өліммен қорқытты. Сонымен қатар олар некеден, отырықшы өмір сүруден, еңбек етуден де бас тартты. Село еңбекшілерінің арасында бұл жерге бекіту мен міндеткірлектер атқаруға қарсылық көрсету түрінде қабылдынды.
ІVғ. 70 жылдарының басында Мавретанияда көтеріліс болды. Провинция тұрғындары көтеріліске шыққан берберлердің көсемі деп Фирманы жариялады. Рим әскерінің бір бөлігі оның жағына шықты. Бұл көтеріліс зор күшпен басып тасталынды. Сатқындық әрекет нәтижесінде Фирма қолға түсті.
Vғ. басында агонистиктер қозғалысы қайта күшейді. Рим билеушілері оларға қарсы күресте дәрменсіз болды, жергілікті билеушілер бұл аймақтарда салық жинай алмады.
Галлиядағы багаудтар қозғалысы басқа сипатта болды. Ол ІІІ ғ. басталып, Vғ. дейін созылды. Багаудтардың қарулы жасақтары рим магистраттарын таратып, өзін-өзі басқару органдарын құрды, қауымдық ұйымдарды қайта қалпына келтірді. Қозғалыстың негізгі күші еркін шаруалар болды, оларға құлдар мен колондар көптеп қосылды. Рим қанауына қарсы, қауымдық тәртіпті қайта орнатуға бағытталған қозғалыс сепаратистік сипатта болды. Көтеріліс ежелгі ибериялық қауым қалдықтары сақталған Испания аймақтарына ауысты.
ІVғ. 60 жылдары Рим империясының шығыс аймақтарында тап күресі күшейе түссе, ІVғ.ІІ жартысында Римде, Константинопольде, Антиохияда, Алексаедрияда және тағы да басқа ірі қалаларда қалалық төменгі таптардың толқулары болып отырды. Рим билеушілері үшін неғұрлым қауіптісі азық-түлік жетіспеушілігінен туындаған бас көтерулер болды. Қалалық ұсақ меншіктің қысқаруы және жер иеленуші-куриалдардың күйзеліске ұшырауы азық-түлік көлемінің азаюына алып келсе, ірі жер иеленушілер, қалалық үстем таптар және саудагерлер бағаны өсіре берді. Кейінгі Рим империясындағы таптық күрестің ерекшелігі еркін адамдар мен құлдардың ынтымақтастығы болды, ол егінші тұрғындардың түрлі категорияларын өзара жақындастырды. Таптық күрестіңқозғаушы күші колондар, қанауға түскен қауымдастар болды. ІV-Vғ.ғ. халық қозғалыстары империяның қаналушы бұқарасының варварлармен одағын көрсетті және Рим мемлекетінен бөлініп шығу мақсатын білдірді. Империяның әскери күштерінің назарын аудара отырып, олар варварлардың империяны жаулауын жеңілдетті.
ІVғ. 40 ж. бастап империяда қайтадан ауыр саяси дағдарыс басталды. Император тағы үшін өзара күрес жүріп жатты. Қосар билеушінің тағайындалуы әскердің шешіміне байланысты болды. Императорлар өздеріне сенімсіз болды, олар бақталастары мен узурпаторлардан үрейленді. Кейбіреулер өз басқаруының алағашқы күндерінен-ақ барлық туыстарын қыра бастады. Император тағынан үміткерлер Галлияда, Британияда, Иллирияда жиі-жиі бас көтерді.
Жоғары лауазымды адамдар мемлекет мүддесіне қарсы әрекеттер жасады. Жеке басының даңқын ойлаған әскер басшылар варварлармен өз бетінше соғыс жүргізіп, ауыр жеңілістерге ұшырап жатты. Жоғары лауазымдылардың канцелярияларында қазынаны ұрлау, пара алу, қызмет бабын пайдаланушылық өрістеді. Кейінгі Рим империясындағы ішкі қайшылықтардың өрістеуі сыртқы жаудан қорғану қабілетін әлсіретті. Шығыс провинцияларды парсылар тоқтаусыз тонап жатты.ейн үшін франктар мен алемандар, Дунай үшін квадалар мен сарматтар, Солтүстік Африкада маврлар тайпалары басқыншылығы орын алды.
ІVғ. соңында варварлар түгелдей дерлік қозғалысқа келді. Империяның ең қауіпті жауы-готтар болды. Ғұндардың қысымымен готтардың германдық тайпалары (ІІІ ғ. Скандинавиядан Солтүстік Қара теңіз жағалауына қоныстанған) Батысқа бағыт алды. Готтардың бір бөлігі – остготтарды ғұндар бағындырса, вестготтар рим императоры Валенттің рұқсатымен Мезия мен Фракияны қоныстанды. Бұл дәстүрлі әскери жорық болған жоқ, ол негізінен тұтас халықтың жаппай көшіп келуі келді. Вестготтардың басым көпшілігі еркін адамдар болды, олар текті рулардан корольдарды, сот және діни функция атқаратын әскери басшыларды сайлады. Олардың дружиналарын Рим жалдамалы әскери күш ретінде пайдаланды. Рим өкіметі вестготтардың империя шекарасының бойына қоныстану процесіне жайбарақат қарады. Варварлар салық төлеуге және қосалқы жасақтар беріп отырулары қажет болды. Салықты жинай отырып, рим әкімшілігі варварларға уәде етілген азық-түлікті бермей қойды. Өз жағдайларын пайдалана отырып, рим әскери басшылары азық-түлікті ең жоғары бағамен сатты, құнды дүниелерге, құлдарға, тіпті жас балаларға айырбас жасады. Бір үзім нан үшін готтар өздерін құлдыққа сатуға мәжбүр болды, олардың арасында аштық басталды. Готтардың наразылығы күшейіп, ол көтеріліске ұласты. Көтерілісті Фритигерн мен Алавива басқарды. Көтерілісші готтарға құлдыққа сатылған отандастары, колондар, кен орындарының жұмысшылары қосылды.
Бірнеше шайқастардан кейін император Валент ең үздік рим армиясының бөлігімен көтерілісшілерге қарсы шықты. 378 жылы Адрианополь түбіндегі шайқаста рим әскерлері талқандалды, негізгі жауынгерлер мен көптеген әскери басшылар, отыз бес трибун жне императордың өзі де қаза тапты. Фритигерн варвар тайпаларының үлкен бірлестігін құрып, ғұндар мен аландарды одақтас етті. Оның армиясы бүкіл Балкан жартыаралын алып, Константинопольге аяқ басты. Бұл уақытта герман тайпасы – алеманндар Галлияға басып кірді. Император деп жарияланған әскери басшы Феодосий готтармен бейбіт келісімге келіп, олардың Иллирияға қоныстануына рұқсат беруге мәжбүр болды. Ал, ол өз кезегінде стратегиялық маңызы зор, Италияға жол ашатын кілт болды. Готтар рим армиясына әскери жасақтар беріп отыруға міндеттенді.
ІVғ. соңынан бастап варварлармен соғыс үздіксіз әрі өте қатал болды. Рим әскери басшылары жергілікті варвар тұрғындарын қырып, егістіктерді өртеп, малды айдап алып кетті және аман қалған адамдарды тобырымен құлдыққа түсірді. Бірақ бірте-бірте рим императорлары варварлардың провинцияларға ішкерілей енуіне келісуге мәжбүр болды. Бұл провинцияларды тонау мен күш көрсетуден сақтау үшін императорлар варварлармен келісімге келіп отырды. Рим өкіметі варварлардың қоныстануын мойындады, ал варварлар рекруттар беріп отыруға және мемлекет үшін пайдалы қызмет көрсетуге міндеттенді. Рим халқының варварлармен одағы, олардың империяға енуін жеңілдетті, тіпті жауынгерлер олардың жағына шығып кетіп отырды.
Кейінгі Рим империясының варварлануы. Рим провинцияларының территорияларында варвар елді-мекендері көптеп пайда бола бастады: Фракия мен Иллирияда – гот және сармат, Галлида, солтүстік Италияда – франк және алеманн, Паннонияда вандал және аландар.
ІVғ. соңында Рим армиясы негізінен рим шекараларында өмір сүрген варварлардан және жалдамалы варвар жасақтарынан құралды. Алғашқылары өздері өмір сүрген провинцияларда қызмет етсе, екіншілері одақтастық туралы келісім бойынша қызмет етті және федераттар деп аталды. Уақыт өте келе варвар корольдері мен әскери басшылары басқарған федераттар армиясы Рим мемлекетінің негізгі әскери күшіне айналды. Рим армиясының басқарушы құрамында және император сарайының жоғары лауазымды адамдарының арасында варварлардан шыққандар көп болды. Vғ. басында варварлар партиясы айтарлықтай күшейіп, император тағына өз кандидаттарын ұсына бастады. Империяда қызмет ететін варвар қолбасшыларына консул және патриций құрметті атақтарын берді.
Рим жерінде еркін варварлардың пайда болуы варварлық әлеуметтік ұрылыстың ерекшкліктерімен санасуға мәжбүретті. Қауымдастардың негізгі бұқарасын қанау формасы жеңілдеді. Рим империясының варварлануы варвар лардың өз қоғамдық құрылысына кері әсерін тигізді. Егіншілік кәсіпке көшу және жергілікті халық өкілдерімен некелесу көршілермен байланысы бар егінші қауымдарды туғызды. Варварлардың үстем таптары байып, римдік өмір-салтын қабылдай бастады. Бұл варварлардың өз арасында әлеуметтік жіктелісті күшейтті, таптардың қалыптасып, мемлекеттіліктің дамуына әсер етті. Рим империясының мемлекеттік ұйымына варварлардың енуі, ішкі және сыртқы қауіпке қарсы күрес жүргізуге дәрменсіздіктің нәтижесі болды.
Рим империясының ыдыруы. Рим империясының варварлануы провинциялардағы сепаратизмдік қозғалысты бұрынғыдан да гөрі күшейтті, үстем таптардың арасында қайшылықтарды тереңдетті және едәуір дәрежеде империяның ыдырауын әзірлеп берді.
Батыста пұтқа табыну оппозициясын бастаған рим аристократиясы ІVғ. 90 жылдарының басында таққа өз адамын ұсынды. Империяның батыс жартысында император І Феодосий (379-395) өз үкіметін зор күш жұмсап қалпына келтіре алды. Ол қайтыс болғаннан кейін, 395 жылы империя астанасы шығыста Константинополь болып, ал батыста әуелі Медиолан, содан соң Равенна болып біржолата бөлінеді. Феодосийдің ұлдары: Гонорий батыста, ал Аркадий Шығыста император болады. Рим империясының ыдырауы Батыс пен Шығыс арасындағы әлеуметтік, саяси және мәдени айырмашылықтармен шарттасып келетін еді.
Рим пұт аристократиясының ІVғ. экономикалық және саяси жағынан үстемдік еткен жаңа Константинополь шонжарлар тобымен күресі шиеленісе түсті. Батыстың оқшаулануына варварлардың күшті қысымы себепші болды, өйткені варварлар мен парсылардың, шекара қорғану міндеттері көп дәрежеде жалпы мемлекеттіктен гөрі жергілікті мүдделерді көздеуге мәжбүр етті.
Рим империясының ыдырау процесі шиеленіскен саяси жағдайды бұрынғыдан да гөрі шиеленістіре түсті. Шығыс императорлары Батыс иеліктеріне көз салды. Батыстың билеуші топтары дәстүр бойынша империяның бүкіл империяға жоғары басшылық етуге үміттенді. Гонорий мен Аркадий сарай маңы шонжарлары варвар элементтерінің күшті ықпалында болды. Сенат өкілдерінің жағдайы өздеріне лайықсыз болды. Іс жүзінде өкімет билігі армия магистрларының қолында болды, Батыста үкімет қамқоршысы ретінде вандал Стилихон, Шығыста – Руфин басқарды. Шығыс үкіметі король Аларих бастаған вестготтарды Италияға бағыттап, Стилихонның агрессияшыл әрекетінің алдын ала білді. Вестготтардың Батысқа қарай жылжуы варвар тайпаларының жаңа қозғалысын тудырды. 406 жылы вандалдар мен аландар бүкіл Галлияны жаулады. 409 жылы оларға қоса свевтер Испанияға келді, ал 429 жылы Африкаға ауысып өтті. Vғ. басында вестготтардың көсемі Аларих Италияға үш жорық жасады. Стилихон Аларихтің жолын бөгеп, бітімді сатып ала алғанымен империядағы варварларға қарсы рим аристократиясына қарсы тұра алмады. Стилихон варвар көсемдерімен тығыз байланыс орнатып, оларды басты әскери қызметтерге жоғарылатты. Бұл сенімсіздік пен наразылық тудырды. Стилихонға қарсы армияның едәуір бөлігі көтерілді де, 408 ж. оны ұлымен бірге жазалап өлтірді.
Стилихон құлағаннан кейін күшейе түскен антиварварлық партия Аларихпен шартты жойды. Осы кезде вестготтар Италияға қайтадан басып кірді де, 408 жылы Римді қоршады. Римді қоршаған кезде вестготтарға Аларихтың талап етуі бойынша 40 мың құл жіберіледі де, орасан көп контрибуция төленеді.
Бірақ 410 жылы Аларих тағы Римге тақап келді. Аңызға сәйкес құлдар қақпаны ашып, вестготтарды кіргізіп жібереді. Үш күн бойы варварлар мен оларға қосылған құлдар қаланы тонайды. Содан кейін вестготтар орта және оңтүстік Италия аймақтарын қаңыратады. Бруттияда Аларих кенеттен қайтыс болады. Вестготтар Аларихтің денесін көптеген қазынамен өзен арнасына жерлейді де, Атаульф бастауымен мың мұрагері Римге қайта оралып келеді, мұнда аман қалғандардың бәрін тонайды. Римнен вестготтар оңтүстік Галлия мен Испанияға беттейді. Рим үкіметі Атаульф жорығына қарсы тұрмайды, оның Галлия мен Испанияны басып алуына көнеді. Осы территорияда ертеректегі варвар мемлекеттерінің бірі - Вестгот корольдығы құрылады.
Іс жүзінде вестготтар Италияға басып кіріп Римді талқандағаннан кейін Батыс империя өзінің өмір сүруін тоқтатты. Провинциялар рим императорының билігінен сытылып шығып кетті.V ғасырдың ортасында Африкадан, Британия мен Паннониядан айырылды. Рим императорының империяның ыдырауына қарсы қоя алатын қанша да болсын ұрысқа қабілетті армиясы болмады; Италияда федераттардың варвар жасактарының басшылары қожалық етті.
Шығыстан осы кезде жаңа қатер төне бастады: Аттила біріктірген гунндар мен басқа да тайпалардың қалың қолы өзінің әдет-ғұрып және қылық қатыгездігімен тұрғындардың зәресін ұшырып Еуропаға қарлы борандай лап қойды. Шығыс империясының әміршісі алтын беріп Аттиладан босанады да, гунндар Галлияға басып кіреді. Варварлармен соғыс жүргізу тәсілдері туралы жақсы хабардар батыс империяның талантты қолбасшысы патриций Аэций Аттилаға қарсы шығады Аэций шебер саясатшы еді. Ол гунндарға қарсы одаққа империяның көптен бергі жаулары: вестготтарды, франктерді, сарматтарды, бургундарды, секстерді, аландарды және басқа да тайпаларды тартты. 451 жылы Каталаун алқаптарында коалиция отрядтарымен гунн одағы арасында ұрыс болды. Иордан, ұрыс қаттыгез, ауыспалы, мейірімсіз, өте қатты болды, деп хабарлайды. Гунндер ұрыс алаңын тастап өз лагеріне барып жасырынады. Бірақ антигунндық одақ осыдан кейін көп кешікпей ыдырап кетеді.
452 жылы Аттила Италияға басып енеді. Солтүстік Италияның қаларын тонап, ол Дунай сырты аймақтарына қайтып оралады. 453 жылы Аттила қайтыс болғаннан кейін өзі бағындырған тайпалар көтеріліс шығарады да, гунн одағы өзінің өмір сүруін тоқтатады.
Римдегі император сарайы жанындағы партия күрестері тоқталмады. 455 жылы вандалдар Римді қаңыратып, тонап шығады. Варварлардың бұл шапқыншылығы жайында халық ұзақ ұмытпады. Вандализм адамзат жасаған мәдени және материалдық құнды дүниені мән-мағынасыз құртудың синониміне айналды. V ғасырдың екінші жартысын заманаластары варварлардың қатал билеп-төстеу заманы деп атады, барлық жерде бүлдіргіш күштер әрекет етті... деп жазды тарихшы Павел Дьяков. Екі жүз жылдан кейін Батыс империяның императорлары тіпті империяда қызметте жүрген варварларға да қарсы тұра алмады. Соғыс қимылдары варвар әскери басшыларының қалауынша жүргізілді. Императорларды сайлау, мейлінше күшті де, ықпалды әскери жетекшілердің өкіметті басып алуы дәстүрге айналды.
50-70 жылдары варвар көсемдері, рим аристократиясы және шығыс императоры арасында батыс Рим императорларының тағы үшін күрес күшейе түседі. Батыс Рим империясынан жалаң аты ғана қалады. Провинцияларда езушілерге қарсы күреске аттанған әлеуметтік төменгі топты көрсететін варварлар мен қарақшылар үстемдік етті. Италияны варварлар қаптап кетті. V ғасырда варварлар отрядтарынан тұратын әскерлер жалақы алмай, қоныстануға жер беруді талап етті. 476 жылы өзінің жетекшісі Одоакраны король етіп жариялайды, бұл соңғы рим императоры, он бес жасар бала Ромул Августулды ысырады да, император лауазымының белгілерін Константинопольге жібереді. Осы арқылы Батыс Рим империясының көлеңкесін болса да сақтауға жасалған әрекет аяқталады.
Батыс Рим империясының құлауымен бірге құл иеленуге негізделген қоғамдық қатынастар жүйесі - құл иеленуші қоғамдық формация да өз өмір сүруін тоқтатады. Бұрынғы Рим империясының территориясында қалыптасқан, жаңа таптық қоғамдар басқаша феодалдық типтегі таптық қоғамдар болатын.


Скачать


zharar.kz