Сел тасқыны

Скачать

Дүлей зілзала – көптеген адам өліміне, айтарлықтай материалдық зиян және басқа да ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін табиғи құбылыс (немесе процесс).
Дүлей зілзалалар – бұл табиғат күші әрекетінің нәтижесі болып табылатын, адамның ырқына көнбейтін апатты қауіпті табиғи процестер немесе құбылыстар. Дүлей зілзалалар – әдетте кенеттен туындайтын, көптеген адам топтарының күнделікті өмір тіршілігін бұзуға алып келетін, көбіне адам өлімі мен материалдық құндылықтарды жоюға алып келетін апатты жағдайлар.
Дүлей зілзалаға жер сілкінісі, вулкандардың атқылауы, көшкіндер, опырылып құлаулар, су тасқыны, құрғақшылық, циклондар, урагандар, құйындар, қар борасындары мен көшкіндері, ұзақ жауған нөсер жауындар, қатты аяздар, кең орман және шымтезек өрттері жатады. Дүлей зілзалаға сонымен бірге эпидемия, эпизооттар, эпифитопттар, орман және ауыл шаруашылығы зиянкестерінің көптеп таралуы да жатады.
Дүлей зілзаланың себептері мыналар:
заттардың жылдам алмасуы (жер сілкінісі, көшкіндер);
жердің ішкі энергиясын босатуы (жанартау, жер сілкінісі);
өзен, көл және теңіз сулары деңгейінің артуы (су тасқыны, цунами);
кенеттен қатты жел тұру (урагандар, торнадо, тропикалық циклондар).
Кейбір дүлей зілзалалар (өрт, опырылып құлау, көшкін) адамның іс-әрекеті нәтижесінде туындауы мүмкін, бірақ көбіне дүлей зілзаланың бастапқы себебі табиғат күші болып табылады.
Дүлей зілзалалардың зардаптары аса ауыр болып келеді. Ең көп зиян келтіретіндері су тасқыны (жалпы шығынның 40 %-ы), урагандар (20 %), жер сілкінісі және құрғақшылық (15%), жалпы шығынның 10 %-ын дүлей зілзаланың басқа түрлері құрайды.
Дүлей зілзалалар кез келген мемлекет, әсіресе, олар туындаған аудандар үшін үлкен қайғы болып саналады. Дүлей зілзананың салдарынан елдің экономикасы зардап шегеді, себебі мұнда өндірістік кәсіпорындар қирайды, материалдық құндылықтар жойылады, адамдар қаза болады. Бұған қоса, дүлей зілзалалар халықтың тіршілік әрекетіне қолайсыз жағдай тудырады, бұл өз кезегінде жаппай инфекциялық аурудың туындауына себепші болуы мүмкін. Дүлей зілзаладан зардап шеккен адамдардың саны айтарлықтай көп, ал зардаптың сипаты сан түрлі болуы мүмкін.

Аса қауіпті дүлей зілзалалардың сипаттамасы

Жер сілкінісі – жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын, ғимараттардың, құрылыстардың қирауына, өрт пен адам өліміне алып келетін сейсмикалық құбылыс. Рихтер шкаласы бойынша үдемелілігі 7-12 балл аралығындағы жер сілкініс қиратушы, 5 баллдан жоғары жер сілкінісі қауіпті болып табылады. Жыл сайын Жер шарында 1500-ге жуық жер сілкінісі болады, олардың 300-ге жуығы қиратушы сипатқа ие. Соңғы он жыл ішінде аса ірі қиратушы жер сілкіністері 1988 жылы Арменияда болып, 25 мың адам қаза тапты; 1995 жылы Жапонияда болды, 6336 адам қаза тапты; 1995 жылы Нефтегорск қаласы толығымен қирады, 3000 адамнан 2000 адам қаза тапты.
Жер сілкінісі – жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы.
Қазақстанның 6 млн.-нан астам халқы тұратын және республиканың өндірістік әлеуетінің 40%-ы орналасқан аумағының 30%-ы тұрақты қиратушы жер сілкінісі қаупін сезінеді. Жоғары әлеуетті сейсмикалық қауіп Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағына тән.

Өндірістің дамуының жоғарғы деңгейі, әлеуетті қауіпті объектілер санының көптігі, сейсмикалық қауіпті аудандарда тұрғындардың молынан шоғырлануы себепті қазіргі уақытта тек күшті жер сілкіністері ғана емес орта дәрежедегі жер сілкінісі де қауіп төндіреді.
Соңғы он жыл ішінде көмірсутекті шикізатты қарқынды өндірумен байланысты Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында орналасқан мұнай өндіруші аудандарда техногендік сипаттағы күшті жер сілкінісінің туындауы айтарлықтай қауіп төндіруде. Бұл аумақтардың бұрынғы геологиялық жағдайында күшті жер сілкінісі болып тұрған, бұл олардың көптеген қалдықтарының бар екендігін (палео жер сілкінісі) куәландырады. Ғалымдардың көзқарасы бойынша мұнайды қарқынды өндіру сейсмикалық жағдайға ықпал етуі мүмкін.
Жер сілкінісі кезінде мыналарға тыйым салынады: лифтті пайдалану, сіріңке жағу.
Толқынды сезінген кезде жасалатын іс-әрекеттер:
1. Тез арада ғимараттан шығу.
2. Қабырғалардан, қоршаулардан, бағаналардан алшақ болу қажет, ғимаратқа кірмеу: толқын қайталануы мүмкін.
3. Екінші және жоғарғы қабаттарда кіру немесе балкон есіктерінің ойықтарында тұру, терезелерден алшақ болу және негізгі қабырлағалардың бұрыштарына орналасу.
Адамның іс-әрекеттерімен байланысты жер сілкісінің салдарларына мыналар жатады:
Ғимараттардың, көпірлер мен басқа да құрылыстардың қирауы немесе құлауы;
Бөгеттер мен су құбырларының жарылуы кезіндегі судың басып қалуы;
Мұнай сақтау қоймаларының зақымдануы мен газ құбырларының жарылуы кезіндегі өрттер;
Көлік құралдарының, коммуникацияның, жылумен және сумен қамтамасыз ету желілерінің, сондай-ақ канализация құбырларының зақымдануы;
Ядролық реакторлардың зақымдануы кезіндегі радиоктивті жылыстау (ағып кету).

Жер шарында болатын жер сілкіністерінің орташа саны

Жер сілкіністерінің сипаттамасы
1 жылдағы саны
Апаттық
кемінде 1 рет
Кеңге жайылған қиратушы
10-ға жуық
Қиратушы толқындармен
100-ге жуық
Жекелеген зақымдануды тудырушы
1000
Жер сілкінісін тудырмайтын
10000
Қазіргі аспаптармен тіркелген
100000
Жер сілкінісінің зардаптарын жою
Айтарлықтай кең аумақтағы тұрғын-үй және қоғамдық ғимараттарды жаппай қирату, жолдарды, теміржолдарды бүлдіру, жылумен қамтамасыз ету және коммуналдық желілерді, телефон байланысың істен шығару, адамдар мен жануарлардың үлкен бөлігінің қаза табуы – осылардың барлығы жер сілкінісінің зардаптарын жою жөніндегі күрделі өзара байланысты міндеттерді шешуді талап етеді.
Кез келген жер сілкінісінің зардаптарын жою барысында негізгі екі кезеңді бөліп көрсетуге болады:
1. Іздеу-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар.
2. Зілзала аймағының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін қайта жандандыру.
1-кезең. Жер сілкінісінен кейін алғашқы сағаттарда және тәуліктерде қысқа мерзім ішінде қираған қимараттар мен құрылыстардың үйінділерде қалған адамдарды құтқаруға арналған барлық жергілікті күштер мен құралдардың мақсатты іс-әрекеттерін ұйымдастыру және қатаң бақылауға алу қажет. Бұл үшін басқаруды қайта қалпына келтіру, қалыптасқан жағдайды жер сілкінісі зардаптарының көлемін бағалау, коменданттық қызмет пен қоғамдық тәртіпті сақтауды күшейту, бөгде адамдарды зардап шеккен ауданнан босату, күш топтарын құру және іздеу-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру, зілзала ауданындағы адамдардың тіршілік етуі үшін қажетті жағдайды қамтамасыз ету қажет.
Тез арада жер сілкінісі зардаптарын жоюға қатысатын қоғамдық және шаруашылық басқарудың барлық құрылымдық топтарының қызметтерін ұйымдастыруға қабілетті басқарудың жаңа жүйесін құру міндетті. Мұндай жағдайда басты шарт кешенді жұмысты мүмкіндігінше тым қысқа мерзімде жүргізу болып табылады.
Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар кезінде, сондай-ақ халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар кезінде негізгі міндеттер мыналар болып табылады:
Құтқару жұмыстары бойынша:
- түрлі ғимараттар мен құрылыстардың зақымдану көлемі мен деңгейін анықтау, үйінділер астында қалған зардап шегушілердің барынша көп шоғырланған орындарды анықтау және оларды құтқару үшін негізгі күштер мен құралдарды шоғырландыру;
- зардап шегушілерді үйінділер астынан іздеу және шығарып алу, оларға алғашқы медициналық және одан әрі стационарлық емдеу мекемелеріне эвакуациялаумен алғашқы дәрігерлік көмек көрсету;
- үйінділер астынан қаза болған адамдарды алып шығу, оларды тіркеу және жерлеуді ұйымдастыру.
Басқа шұғыл жұмыстар бойынша:
- жеткізілетін техниканы орналастыру үшін кіру жолдары мен алаңдарды тазалау, жүру жолдарын салу және қозғалыс бағдарларының жай-күйін қалпында ұстау; қираған теміржол магистральдарын қайта қалпына келтіру;
- өрттерді сөндіру және жою, аварияларды және олардың коммуналдық-энергетикалық және технологиялық желілердегі зардап шегушілердің өміріне қауіп төндіретін және құтқару жұмыстарын қиындататын зардаптарын жою;
- опырылып құлау қаупі бар ғимараттар мен құрылыстардың конструкцияларын құлату, жұмыс процесінде орын ауыстыру кезінде пайда болған үйінділердің төзімсіз бөліктерін бекіту;
- қалалардың және елді мекендердің, сондай-ақ құтқару жұмыстары жүргізілген объектілердің негізгі көлік магистральдарын жарықтандыру үшін стационарлық электр желілерін қайта қалпына келтіру;
- жұмыс объектілері мен жақын маңайдағы автомагистральдарда көлік қозғалысын реттеу мақсатында коменданттық қызметті және қоғамдық тәртіпті қорғауды (ҚТҚ) ұйымдастыру;
- техниканы тиісінше қолдануға, сондай-ақ ұрлық және тонаушылықты болдырмау үшін бақылауды жүзеге асыру;
- жұмыс барысында табылған құндылықтарды (ақша, облигациялар, зергерлік бұйымдар және т.б.) есепке алу және тиісті органдарға тапсыру;
- құтқару жұмыстарына тартылған жеке құрам арасында аурудың алдын алу мақсатында эпедемияға қарсы және санитарлық-гигиеналық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру;
- жер сілкінісі кезінде қаза болған жануарларды жерлеуді ұйымдастыру.
Материалдық және техникалық қамтамасыз ету бойынша:
- құтқару қызметтері құрамаларын автокрандармен, экскаваторлармен, жүк тиеушілермен, бульдозерлермен, автосамосвалдармен және шағын механикалық құралдармен жасақтау;
- техникаға техникалық қызмет көрсету және оны ағымдағы жөндеу, жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету;
- құтқару қызметі жеке құрамын ауыстыру киімдерімен, жеке қорғау құралдарымен, қажетті құрал-саймандармен және құрылғылармен уақытылы қамтамасыз ету;
- құтқару қызметі жеке құрамының өмірін, орналасуын, тамақтандыруды, монша-кір жуу және медициналық қызметпен, байланыс пошта жұмысымен қамтамасыз ету.
Қираған қалалар мен елді мекендер тұрғындарының өмірін қамтамасыз ету бойынша:
- жапа шеккен аудандардан еңбекке жарамсыз халықты, ең алдымен әйелдер мен балаларды, зақымданбаған аудандар мен облыстарға уақытша көшіру;
- жапа шеккен халықты жылы киімдермен және алғашқы қажетті заттармен қамтамасыз ету, тамақтануды және сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, шатырлар мен үйлерге және сейсмикалық төзімді сақталып қалған ғимараттарға уақытша орналастыру;
- психологиялық травмалар мен ақылдан адасу жағдайын жою жөніндегі іс-шаралар кешенінің алдын алу, қаза тапқандарды жерлеу орны мен уақыты туралы анықтамалық-ақпараттық қызметті ұйымдастыру, зардап шегушілерді емдеу мекемелеріне және халықты эвакуациялаған орындарға орналастыру.
2-кезең. Жер сілкінісінің зардаптарын жою кезінде жапа шеккен аудандарды экономикалық және әлеуметтік қайта қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар өрбітіледі: өнеркәсіп пен инфрақұрылым объектілерінің өндірістік қызметін жандандыру, зардап шеккен аудандардағы халықтың тіршілігін қамтамасыз ету.
Құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қатар мынадай жұмыстар жүргізіледі:
- үйінділерді аршу және зақымданған конструкциялар мен құрылыс қалдықтарын шығару;
- қалаларды және елді мекендерді санитарлық тазалау;
- жүк түсіру станцияларынан вагон-үйшіктерді белгіленген орындарға жеткізу;
- темір-терсектерді жинау және өткізу;
- халықтың тіршілігін қамтамасыз ету мүддесіндегі басқа да жұмыстар.
Жер сілкінісі туралы кейбір деректер 3 кестеде көрсетілген.

Жер сілкінісі туралы деректер

Рихтер шкаласы бойынша магнитуда
1 жылда болатын жер сілкінісінің орташа саны
Топырақтың тітіркену ұзақтығы, с
Күшті жер сілкінісі болған ауданның радуисы, км
8,0 – 8,9
1
30 – 90
80 – 160
7,0 – 7,9
15
20 – 50
50 – 120
6,0 – 6,9
140
10 – 30
20 – 80
5,0 – 5,9
900
2 – 15
5 – 30
4,0 – 4,9
8000
0 – 5
0 – 15

Су тасқыны – қар еріген немесе нөсерлі, жел әсерінен судың көтерілуі кезеңде, кептеліс, судың тоқтауы кезінде судың мол көлемін тудыратын өзен, көл немесе теңіз сулары деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жергілікті жерді су басып қалу.
Көктемгі не көктемгі-жазғы су толуынан туындаған су тасқыны негізінде Қазақстанның барлық өңірлеріндегі өзендерде байқалады. Су тасқынының бұл түрінің туындауы Оңтүстік Қазақстан облысының өзендерінде ақпан-маусым айлары аралығында, Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Қазақстан облыстарында наурыз-шілде айлары аралығында, республиканың жазық далаларындағы өзендерде наурыз-маусым айлары аралығында болуы мүмкін. Ертіс, Орал, Тобыл, Есіл, Нұра, Ембі, Торғай, Сарысу және басқа өзендердегі, сондай-ақ олардың көптеген арналарындағы су тасқындары үлкен залал келтіреді.
Жел әсерінен судың көтерілуімен байланысты апаттық су тасқындары Қазақстан аумағында Орал өзенінің атырабында және Капийдің солтүстік-шығыс жағалауында байқалады. Қауіпті кезеңдер қазан-желтоқсан айлары және наурыз айы болып табылады, бұл кезде судың көтерілу деңгейі 2,0-2,5 м дейін жетеді және теңіз суы аумаққа ондаған шақырым тереңдікке енеді.
Соңғы жылдары антропогендік факторлар тудыратын су тасқынының саны күрт өсіп кетті. Мысалы, Сырдария өзенінде Шардара су қоймасынан қысқы мерзімде аса көп мөлшерде суды босату кезінде (босату кестесінің сақталмауынан) су тасқыны болады. Республиканың сарқынды суларды жинайтын ірі қалаларына (Алматы, Ақтөбе, Тараз және басқалар) қауіп төнеді. Кейбір ірі су тоғандарының бөгеттері авариялық жағдайда болып табылады (мысалы, Тазаөткел, Теріс Ащыбұлақ, Шардара, Сергеев және басқалар), бұл апаттық су басудың туындау себебі болуы мүмкін.
Себептері:
- толассыз жауын-шашын, жаңбыр;
- қардың қарқынды (тез) еруі;
- кептелістің (көктемде мұздың кептелуі), судың тоқталуының (күзгі ұсақ қар, мұз) қалыптасуы;
- гидротехникалық құрылғылардың қирауы;
- жерасты жер сілкінісі (үлкен толқындарды тудырады – цунами);
- теңіз жағалауларында және теңізге құятын өзендердің сағаларында жел әсерінен судың көтерілуі.
Су тасқыны қауіп тудырған кезде жасалатын іс-әрекеттер:
1. Үнемі болып жатқан жағдай және әрекет ету тәртібі туралы ақпаратты тыңдау.
2. Азық-түлікті, бағалы заттарды, киімдерді, аяқ киімдерді жоғарғы қабаттарға тасу.
3. Қауіпті аудандардан халықты эвакуациялау.
4. Малды биіктеу орындарға айдап апару.
Су тасқыны процесінде:
1. Қай жерде болмасын адамдарды құтқару.
2. Су басып қалған аймақтан ең алдымен балаларды алып шығу.
3. Суда қалған адамдарға жедел көмек көрсету.
Техникалық шараларға арнайы құрылыстарды алдын ала жобалау және салу енгізіледі. Оларға мыналар жатады:
- өзен арнасындағы ағымды реттеу:
- сарқынды суларды босату;
- сутастағыштағы артық ағымды реттеу;
- опырылып құлау;
- өзен арналарын түзету және тереңдету;
- жағаны қорғайтын құрылыстарды салу;
- құрылыс аумағын толтыру;
- су тасқыны болуы мүмкін аймақтарда құрылысты тоқтату және т.б.
Қорғану тәсілдерін таңдау факторларға байланысты: су ағымының гидравликалық режимі, жергілікті жердің рельефі, инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық жағдайлар, арнада және жайылмада инженерлік құрылыстардың болуы, су тасқынына қауіп төнетін экономикалық объектілерінің орналасуы.
Су тасқыны қаупі төнген кезде атқарушы билік органдарының іс-әрекеттерінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
- жағдайды талдау, су тасқыны көздері мен ықтимал мерзімдерін анықтау;
- ықтимал су тасқындарының түрлерін, мерзімдері мен көлемін болжау;
- су тасқынының алдын алу жөніндегі іс-шаралар кешенін жоспарлау және әзірлеу;
- су тасқыны болуы мүмкін аймақтарда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді жоспарлау және әзірлеу.
Сел тасқыны. Сел (араб тілінде сайль – қарқынды ағыс) – үдемелі жауын-шашын, қардың жылдам еруі және т.б. жағдайларда аяқ асты тасқынның салдарынан тау өзендері жағасында болатын кенеттен туындайтын лайлы немесе лай мен тас аралас ағыс.
Сел тасқыны жиі туындайтын қауіпті табиғи процестердің бірі. Қазақстан аумағында сел тасқыны ықпал ететін аймақтарға толығымен игерілген және халық тығыз шоғырланған аудандар жатады, бұл жерлерде 6 млн-нан астам халық тұратын Алматы, Талқорған, Шымкент, Жамбыл секілді ірі қалалар орналасқан. 1920-1999 жылдар аралығында мұнда сел тасқынынан 1000-нан астам адам қаза тапты.
Жекелеген таулы өңірлерде белгілі бір қауіпті кезеңде селдің бірнеше рет туындауына себепші болатын сел ошақтары бар. Қазақстан бойынша сел қауіпті кезеңнің ұзақтығы орташа есеппен 2,5 айдан 4 айға дейінгі аралықта (негізінде мамыр-тамыз айлары аралығында) өзгеріп тұрады. Жоғары сел қауіпті кезең негізінде жылдың жылы кезеңінде 2-3 аптаны құрайды.
Сел көбінесе Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай және Алтай жүйесіне енетін ірі таулы жоталардың оңтүстік-шығыс аудандарында болады.
Сел процестері Қазақ ұсақшоқылары аумақтарында және Үстірт жотасының жекелеген жазық учаскелерінде салыстырмалы түрде өте аз болады. Бұл аталған аумақтарға толассыз жаңбыр жауу өте сирек оқиға болып табылатындықтан, селдің қайталануы мен көлемі, әдетте, үлкен емес.
Республика аумағында Қазақстандық Алтай, Тарбағатай, Саура, Кетмен, Жоңғар, Теріскей, Күнгей, Іле Алатауы, Қырғыз жотасы және Батыс Тянь-Шань аймақтарында 5140 сел ошақтары мен 300-ден астам сел бассейндері анықталды. Қолда бар деректерге сәйкес, бақылау жүргізілген кезеңде ХІХ ғасырдың ортасынан бастап республиканың таулы және тау етегі өңірлерінде түрлі себептермен туындаған 700-ден астам ірі сел тасқындары тіркелген. Селдер негізінде толассыз жаңбыр жауған, қар тым жылдам еріген, тау көлдері бұзылған кезде және жер сілкінісі кезінде үдемелі жерасты дүмпулерінің ықпалынан туындайды.
Сел құбылыстарының көлемі, селдердің жиілігі мен апаттық зардаптары бойынша Қазақстан Орталық Азия мен ТМД елдері арасында көш басында келеді. Қолда бар бағалау есептеріне сәйкес, ықтимал сел тасқындарынан келетін материалдық залалдың тікелей жалпы есебі Қазақстанда сел қауіпті кезеңде 700 миллион АҚШ долларын құрайды.
Қауіпсіздік шаралары:
1. Ақпарат алғаннан кейін сел тараған аймақтың шекарасынан тез арада эвакуациялану.
2. Биіктеу орындарға кету. Сел тасқыны кезінде біртіндеп шетке ығыса отырып, селдің қозғалу бағыты бойынша шығарылған барлық қолда бар құралдармен көмек көрсету.
Сел тасқынының зақымдау әрекеттері:
- сел массасының адамға тікелей соққы әсері;
- механикалық асфикацияға, дене салмағының аспирациясына алып келетін суық уландырғыш заттардың тыныс алу жолдарын бітеуі;
- ішінде адамдары бар ғимараттардың, құрылыстар мен басқа да объектілердің қирауы;
- тіршілік қауіпсіздігі жүйесінің бұзылуы.
Селдерден және көшкіндерден қорғау жөніндегі
инженерлік-техникалық іс-шаралар
Сел кезіндегі негізгі қорғану шаралары. Сел тасқынының тікелей қауіп-қатері және сел тасқыны болған кезде халықты қорғау үшін мынадай іс-шараларды орындау қажет:
- халықты алдын ала көлікпен эвакуациялау;
- халықты алдын ала жаяу тәртіпте эвакуациялау;
- халықты шұғыл эвакуациялау;
- халықты ғимараттардың, құрылыстардың жоғарғы қабаттарына, жергілікті жердің су жайылмайтын учаскелеріне жасыру;
- құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар;
- қысылтаяң және басқа да жедел медициналық көмек көрсету.
Селдер қатты заттарды жылжыту көлемі бойынша да жіктеледі.
Сел қаупі туындаған жағдайда халықты қорғау жөніндегі барынша тиімді шара халықты қауіпті аймақтан тыс жерге алдын ала эвакуациялау болып табылады. Дер кезінде және ұйымдастырылған эвакуацияны жүргізу кезінде халықты ғана емес, азаматтардың жеке мүліктерін, сондай-ақ мемлекеттік материалдық құндылықтарды толығымен құтқарып қалуға мүмкіндік туады. Тиімді эвакуациялаудың қажетті шарттары – қысқа мерзімдік болжамдарды дер кезінде жасау (бірнеше сағаттан бастап 1-3 тәулікке дейінгі аралықта) және оларды республикалық және аумақтық табиғи ортаны гидрометеорологиялық басқару және басқылау қызметтерінің шешім қабылдайтын басшыларына жедел жеткізуі.
Халықты автокөлікпен не жаяу тәртіпте алдын ала эвакуациялау кезінде қауіпті ауданды тастап шығады және тұрғылықты жерге жақын маңдағы уақытша орналасу орнына бағыт алады, мысалы, белгілі бір елдімекеннің сел тасқыны болуы ықтимал аймағынан тыс бөлігі. Уақытша орналасу орны ретінде осы мақсатқа жарамды қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар (санаторий, демалыс үйлері, мектептер) пайдаланылуы мүмкін.

Селдің өлшемі
Селдің көлемі
Шағын
0,1-1,0 мың м3
Біршама үлкен
1,0-10 мың м3
Үлкен
10-100 мың м3
Өте үлкен
0,1-1,0 млн м3
Аса үлкен
1-10 млн м3
Орасан зор
10-100 млн м3

Сел тасқыны өтетін аймақта орналасқан ғимараттар мен құрылыстар, әдетте, толығымен қирауға ұшырайтындықтан, алдын ала эвакуациялауды жүргізу кезінде қауіпті аймақтан азаматтардың жеке мүліктерін алып шығу мүмкіндіктерін қарастыру қажет.
Халық уақытша орналасу орындарында сел тасқыны аяқталғанға дейін не дабылдық ескерту күшін жойғанға дейін болуы қажет. Автокөлікпен эвакуациялау кезінде халық хабарландыру берілгеннен кейін жеке заттарын жинап, автокөліктер тұрған орындарға барады. Егер уақыт жеткілікті болса, адамдарды жеке мүліктерімен бірге эвакуациялауға болады.
Көшкіндер. Көшкін – ауырлық күшінің әсерімен топырақ массасының төбе, тау, өзен, көл және теңіз кемерлерін қалыптастыра отырып төмен қарай көлденеңінен сырғуы.
Көшкінге қарағанда опырылып құлау көбіне таулы аймақтарда болады және оның құлау биіктігі тіп-тік болып келеді.
Көшкіндер мен опырылып құлау себептері – жерасты және жерүсті сулар, беткейлердің желі, жер сілкінісі, адамның шаруашылық әрекеттері және тағы басқалар.
Көшкіндер мен опырылып құлау республиканың таулы аймақтарына тән құбылыс. Қауіпті аймақтарда 150 мыңнан астам адам мекендейді. Қайталануы жағынан тау жыныстарының аса ірі жылжуы көп таралған сел тасқынынан кейінгі орынды иеленеді, алайда көшкіндер мен опырылып құлаулар өздерінің көлемдері бойынша және күрделі шұғыл жағдайлар туғызу жағынан бірнеше есе артық.
250-300 млн.м3 көлемге дейін жететін ірі көшкіндер мен опырылып құлаулар үйінділер қалыптастыра отырып, тау аңғарларын ішінара немесе толығымен жауып қалуы мүмкін. Мұндай үйінділер тау көлдері үшін табиғи бөгет қызметін атқарады. Мысалы, олар Іле Алатауындағы Үлкен Алматы, Ыссық және Ақкөл; Күнгей Алатаудағы Өрікті, Көлсай, Саты және Қайыңды; Жоңғар Алатауындағы Хоргос, Жасылкөл секілді бұзып жарылған жағдайда төменде орналасқан аңғарларға қауіп төндіретін биік тау өзендерінің қалыптасуына себепші болды.
Көптеген ірі көшкіндер мен опырылып құлаулардың туындауы ірі жер сілкіністерімен байланысты.
Көшкіндер мен опырылып құлаулар тұрақсыз баурайларға тікелей жанасатын шектеулі кеңістікке ғана қауіп төндіреді. Алайда тау жыныстарының мұндай жылжу түрі уақытша бөгетті су қоймаларымен байланысты басқа да апаттық құбылыстарды – сел тасқындары мен тасқындардың туындауына себепші болуымен қауіпті болып табылады.
Соңғы жылдары тау беткейлерін шаруашылық қызметке қарқынды пайдалану нәтижесінде Іле Алатауының төменгі таулы аймақтарында көшкін проблемасы өзекті орын алып отыр. Бұл орман жыныстары суларының нормаларын бұзумен және бақылаусыз қалдырумен байланысты, мұндай жағдай беткейлердің төзімділігінің бұзылуына, көшкіндер мен құлаулардың туындауына алып келеді.

        

Көшкін болған орында жоғарғы жағынан кемер қалыптастыра отырып, тостаған пішімді терең сай қалады.
Сырғыған көшкін беткейдің төменгі бөлігін не адырлармен, не сатылы қатпарлармен жауып қалады. Көшкін өзінің алдында беткейде көшкін толқынын қалыптастыратын жұмсақ жыныстарды итеріп алып кетеді.
Қауіпсіздік шаралары:
1. Жағдайды, жануарлардың мінез-құлықтарын, жауын-шашынды бақылау.
2. Көшкіннің алғашқы белгілері пайда болған кезде адамдарды, жануарларды, материалдық құндылықтарды тез арада эвакуациялау.
3. Көшкін кезінде ғимаратқа кірмеу, құрылыстарға жоламау, топырақ жылжыған ауданнан тыс жерде болу.

Көшкіндерді тудыратын белсенді себептер
Іс-шаралар
Қарсы күресу шаралары
Сазды жыныстардың қысымдық жағдайының өзгеруі (қысымның төмендеуі)
Баурайлар мен еңістерді жоғарылату
Еңістің жоғарғы бөлігіндегі жер массасын ойып алып, оны болуы ықтимал дүпу орнына салмақ түспеу үшін етегіне төсеу
Жерасты сулары
Көшкіннен жоғары жатқан жерасты суларын қосып алу
Тік және көлденең кәріз, тігінен қию, кәріз галереясы, тік бұрғылаулар-кәріздер
Жерүсті сулары
Жағалауларды қалыптасулардан қорғау
Толқынға қарсы қабырғалар. Жылжымалы және су асты толқын тосқылары, жағажай материалдарын жеткізу
Атмосфералық жауын-шашындар
Ағыстың жоғарғы бетін реттеу
Микрожоспарлау. Науалар, қыртыстар, арналар, жолдар
Желге мүжілу
Баурайлардың жоғарғы қабатындағы топырақты қорғау
Шым төсек, шөп егу, ағаш отырғызу, топырақты ауыстыру
Бірнеше себептердің жиынтығы
Жер массасының қозғалысына механикалық қарсы тұру. Топырақ құрамының физикалық-техникалық өзгеруі
Тежеуіш қабырғалар, бағалар қою. Шпунттар. Жер контрбанкеттері. Саз балшықтарды құрғату және күйдіру, топырақты электрохимиялық бекіту
Адамның кейбір іс-әрекеті түрлері
Көшкінді аймақтардағы арнайы режим
Баурайларды төзімді күйде сақтау. Құрылыс жұмыстары өндірістерін шектеу. Түрлі құрылыстарды пайдаланудың қатаң режимі
Су құбырлары мен канализация құбырлары суының ысырап болуы
Жоғары сенімділікті қамтамасыз ету
Көшкінді аймақтарда құбырлар аса берік материалдардан немесе жейде түріндегі құбырлардан орнатылады

Урагандар, циклондар, тайфундар, дауылдар, құйындар, борандар
Ураган – жойқын қиратушы күшті және айтарлықтай ұзақ жел. Урагандар экономикалық шығын көлемінің үлкендігі бойынша су тасқыны, жер сілкінісі, құрғақшылық секілді төтенше жағдайлармен бірге алдыңғы қатардағы топқа кіреді.
Бұл ТЖ жоғары жылдамдықтағы әуе массасының қозғалысынан туындайды. Ураган кезінде желдің жылдамдығы 30-40 мс, боран кезінде 15-30 мс, тайфун кезінде 50 мс жоғары болады. Циклондар мен тайфундар нөсер жауындармен бірге болады. Құйын – жоғары жылдамдықтағы, кейде дауыс жылдамдығынан артық болатын, диаметрі бірнеше ондаған метрден жүздеген метрге дейін жететін қара түсті бағана тәрізді ауаның алай-дүлей қозғалысы. Ураган берік құрылыстарды қиратады, жеңілдерін ұшырып алып кетеді, алаңды ойран қылады, сымдарды үзіп, бағаналарды құлатады және ағаштарды тамырымен қопарып, кемелерді тереңге батырады, көлік құралдарын зақымдайды.
Урагандар мен борандардың зардаптарын азайту бойынша жұмыстарды табысты жүргізу үшін ураганды бақылау және ураган қаупі туралы хабарлау қызметін дұрыс жолға қоюдың маңызы зор.
Жақындап қалған ураган немесе қатты боран туралы құлақтандыру алған кезде төзімділігі нашар конструкцияларға, құбырларға, шатырларға басты назар аудара отырып, тез арада ғимараттар мен құрылыстарды бекітуге кірісу қажет. Ғимараттың есіктерін, терезелерін, шатыр үй-жайларын, желдеткіш тесіктерін жабады. Қажет болған жағдайда коммуналдық-энергетикалық желілерді ажыратады, сумен қамтамасыз ету желілерін тексереді.
Жеңіл салынған құрылыстардан адамдарды айтарлықтай төзімді ғимараттарға, кейде азаматтық қорғаныс баспаналарына көшіреді. Сыртқы құрылыс жұмыстарын және көтеру-түсіру қызметтерін тоқтатады, ал құрылыс крандарын жинап, бекітіп қояды. Рейдте тұрған ірі кемелер ашық теңізге шығарылады, ал кішігірім кемелер аңғарларға не арналарға орналастырылып, қосымша бекітіледі. Ауыз су, медициналық көмек құралдары, азық-түлік қорлары құрылады.
Ураган немесе күшті боран жақындаған кезде автомагистральдардағы қозғалысты реттеуді күшейтеді, кейде көлік қозғалысын толығымен тоқтатады.
Ураган немесе боран ауданында өртті болдырмау жөніндегі жұмыстар жүргізіледі.
Дабылдық ескерту алған кезде міндетті түрде:
- терезелерді, есіктерді, шатыр үй-жайларын жабу;
- балкондар мен лоджалардан ураган ұшырып алып кетуі мүмкін заттардың барлығын алып кету;
- газды өшіру, пештегі отты өшіру, қол шамдарын, балауыз шамдар мен лампаларды дайындау;
- үйдің ішкі бөлмелерінде терезелерден алшақтау отыру;
- су, азық-түлік қорын жинақтау, радионы, теледидарды, қабылдағышты қосулы күйде ұстау;
- ашық жерлерде орға, шұңқырға, өзектерге жасырыну;
- қорғану құрылыстарына жасырыну;
- дәрі-дәрмектер мен таңғыш материалдарды дайындау;
- авариялық жарықтандыруды, электр қолшамдарын, балауыз шамдарды, керосин лампаларын дайындау;
- жануарлардың жем-шөп пен су қорларын қамтамасыз ету;
- үй-жайды жылыту қажет.
Бораннан кейін:
- жолдар мен көшелерді үйінділерден тазартуға қатысу;
- көшкін туындауы мүмкін орындарда ескерту белгілеріне мұқият назар аудару;
- егер боран сіз жолда болған кезде басталса, сырыққа (антенаға) ашық мата байлап, көмекке шақыру белгісін беріңіз. Машинаны жүйелі түрде жылытып отыру қажет.


Скачать


zharar.kz