Табиғаты тамаша, көрікті жерлер мен қорықтарға бай өлке

Скачать



Шығыс Қазақстанның (флорасы мен фаунасы)

Тезисі: Табиғаты тамаша, көрікті жерлер мен қорықтарға бай өлке.
Аргументтері: 1 Ақын Сырым Мәуленовтың өлеңі;
2. Жануарлар мен өсімдіктердің қорғайтын екі қорық;
Қорытынды: Әлем қызығар шығыстың табиғаты.

Табиғат – бәріміздің ортақ үйіміз. Табиғат таңғажайып құбылысымен, әдемі, әсем жерлерімен таңқалдырады.Оның әсемдігін, көріктігін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Керемет көріністері жанынды тербетеді де, ертегі әлеміне түсіп кеткендей боласын. Менің ертегі әлемімді Шығыс Қазақстан облысынан көруге болады. Бұл жердің табиғаты тамаша, көрікті жерлер мен қорықтарға бай өлке.
Бұл өлкенің ең көрікті жерлерінің бірі Тарбағатай тауы.
Жалаң аяқ жарысқа
Айналаның тал бәрі,
Айдалада арыстан-
Тарбағатай таулары деп жас ақын Сырым Мәуленов өзінің өлеңімен Тарбағатай тауының табиғи ерекшелігін бізге жеткізіп тұр. Шыныңда да таудың биіктігі сонша, көкжиекпен ұштасып, көз жетпейтін аумақты алып жатыр. Ну орманында ақ қайыңдар мен қарағайлар көптеп өседі. Тарбағатай тауының ауасы сондай таза және тамаша. Таудың биігіне шығып, табиғатына қарап тұрсаң аспанда саңқылдап жүрген бүркітті, жерде жүгіріп жүрген тиін, қоянды, тауды жағалап секіріп жүрген арқарлар мен тау ешкілерді көресін. Жалпы айтқанда табиғаты керемет.
Өлкемізде жануарлар мен өсімдіктердің қорғайтын екі қорығымыз бар. Олар: Батыс Алтай мен Марқакөл қорықтары. Марқакөл қорығы – Оңтүстік Алтайдың шығысында орналасқан. Қорықтың жалпы ауданы жетпіс бір мың гектар, оның қырық төрт мыңын көл айдыны құрайды. Тегіс орманы шипалық мәні бар, тоқталсақ, самырсын және Сібір қарағайының жаңғағы дейтін өсімдіктер бар. Сібір Қарағайы жаңғағының пайдалы, себебі 65% пайдалы май алынады, оны кесуге тиым салынған. Бауырымен жорғалаушылардан сұржылан көп мекендейді. Дымқыл шоқ қайыңды, шыршалы ормандарда және мүкті майқарағайлы ормандарда тірі туатын кесіртке, далалы тау беткейлерінде сұр кесіртке кездеседі. Көлдердің түршелік деңгейдегі жергілікті түрге жататын Сібір майқаны балығын айтуға болады. Бұл балық қорықтың символы мен эмблемасы болып табылады. Жарқанаттар, сұр шілдер, сұр құрдар, ақ қояндар, маубас жапалақтар қорғауға алынған.
Шығыс Қазақстанның табиғаты өте бай, ерекше және тамаша, бірақ оны бағалайтын, қорғай алатын адам азаймаса екен. Осындай тамаша байлығымызды қазір бағаламасақ кейін кеш болып, барлығы құрып кетуі де мүмкін. Сол себепті әлем қызығар шығыстың табиғатын, ең басты мақсат табиғатты қорғау болса деймін.


Скачать


zharar.kz