Лепті сөйлем

Скачать

Айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатымен айтылған сөйлемді лепті сөйлем дейміз.
Лепті сөйлемнің мағыналары қуаныш, сүйсіну, көксеу, аяу, өкіну, шаттану, қорқу, зерігу, жирену, мысқылдау, таңдау, ризалық білдіру тағы сол сияқты мақсатта айтылады да, ай-тылу әуені, интонациясы өте асқақ көтеріңкі болады. Жазуда лепті сөйлемнің соңына леп белгісі қойылады. Мысалы: О да бір қызық дәуір екен-ау! Шіркін, қайта айналып келер ме еді! Япырмай, мына жерге ауыл орнап, дүкен құрылғаны жақсы болды-ау!
Лепті сөйлемнің мақсатына сай айтылған кез келген хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдер лепті сөйлемге айналып кете алады. Мысалы:

Хабарлы Лепті
Мынау қой жепті ғой. Мынау қоян жепті ғой!
Сұраулы Лепті
Не күдігіңіз бар еді? Не күдігіңіз бар еді!
Қандай айғақ таптыңыз? Қандай айғақ таптыңыз!
Бұйрықты Лепті
Телғара күшіктің оянба- Телғара күшіктің оянба-
ғанын қарашы. ғанын қарашы!

Лепті сөйлеп ерекше эмоциямен, сезіммен айтылады. Лепті сөйлемнің жасалуына ерекше интонациямен бірге түрлі одағай сөздер, демеуліктер қатысады.
Мысалы: Қап, әттеген-ай! - деп өкіндім мен, - аттың нашар-лығын-ай.
Кейбір сөйлемдер әрі лепті, әрі сұраулы болып айтылады. Мұндай сөйлемнің соңына әрі сұрақ, әрі леп белгісі қатар қойылады. Мысалы: Осы ма еді, осындай ма ең мені тосқан қу ажал!

517-жаттығу. Мәнерлеп оқығаннан кейін сұраулы лепті және бұйрықты сөйлемдердің тиісті тыныс белгісін қойып көшіріңіз.

1. - Ал мына бір сурет нені бейнелейді...- деп сұрадым, -Колхозымыздың жайлауы ғой. 2. Коллектив қуанышының дәмін қаршадайынан татқан жас ұланның тәтті қылығы, тамашасын-ай сен. 3. Жеңінің ұшын қалай дейсіз, осылай бүріп келтірген қонымды ма. Өңіріне, етегіне беліне дейін аударыңызшы. Келісе ме Белбеуі тым жалпақтау емес пе?
4. - Сіздер алмайтын болдыңыздар ма олай болса, маған рұқсат етіңіздер - деді бір жас әйел.
- Маған чек жазып беріңізші - деді әйел үстінен пальтоны шешпестен дүкеншіге барып.
Дәл осы минутта ол не ойлады, нендей қиялға шомды. Оншасын мен біле алмадым. Мүмкін, ол әр семьяның қалауы бұлбұлы болғысы келді ме екен. Әлде тіпті ән емес, өз бойында бар өнерден әдемілік іздеп, соның ләззатын татсам-ау деген сезімнің шырынын жұтып отырмағанын да кім білсін.


Скачать


zharar.kz