Экономикалық цилдар және инфляция.
Қазіргі нарықтық өндіріс бір қалыпты әрі үзіліссіз еместігімен айқындалады.Өндірістің экономикалық өсуі және бір қалыптылығы үнемі оның құлдырауымен алмасып отырады.Экономикалық дағдарыс бұл өндіріс көлемінің кенеттен төмендеуі.Өндіріс көлемінің төмендеуіне экономикадағы сәйкесссіздіктер себеп болады.Қоғамның тұтынбай отыра алмайтыны сияқты,ол өндірмейде отыра алмайды.Сондықтан өндіріс бір мезетке тоқтамайтын үздіксіз қимыл,қайталау болып табылады.Ұдайы өндіріс-мәңгілік қоғамдық процесс.Капитализм өндіргіш күштерді өте жедел қарқынмен дамытқан қоғамдық формация.Капиталистік ұдайы өндіріске тән белгі-бұл процестің жоғары қарқынды және ұлғаймалы түрде болуы.Бірақ бұл айтылғаннан капитализм тұсында өндіріс бірқалыпта,ешбір кедергі-бөгетсіз өрлей береді деген қорытынды шықпауы тиіс.Қайталанып отыратын экономикалық дағдарыстар ұдайы өндірістің айырылмас серігі.Капитализмнің экономикалық негізі-өндіріс –құралдарына жекеменшік болғандықтан ,капиталистік ұдайы өндіріс жекелеген капиталдардың өзара бәсекелесуі,стихиялық күресі арқылы жүзеге асады.Бұл күресудің түпкі мақсаты мол пайда табу.Үлкен бәсеке жағдайында өнімді өткізумен қатар оны айырбастау,нарықта өткізу өте қиын.Кәсіпкер өз кәсіпорнында тауар өндіріп жатқанда ,қанша адам,қай мөлшерде сондай тауар өндіріп жатқанын біле бермейді.Тауардың нарықта сатып алушысын табар-таппасына толық көзі жетпейд.Осыдан келіп нарықта тауарлар саны мен сатып алушылардың арасында алшақтық туады.Сұраныс пен сұраныстың арасында ауытқу,экономикалық дағдарыстарды тудырады.
Қоғамдық экономикалық процестер өндіру-бөлу-айырбастау-тұтыну сызбасымен көрсетсек,осы байланыста белгілі бір сәйкестілік ,қатаң пропорционалдық бар.Теориялық тұрғыда пропорцияларды сақтауға болады.Бірақ күнделікті өмірде олар қатаң сақтала бермейді,үнемі бұзыып отырады.Капиталистік өндіріс –жоғары дәрежеде қоғамдастырылған өндіріс.Бұл-өндіріс салалары арасында қатаң тәуелділіктің орнауы деген сөз.Қоғамдастырылған өндірісте бір затты шығаруға көптеген кәсіпорындары мен шаруашылық салалары қатысады.Осындай қатаң байланысқан шаруашылық жүйесіндегі бір кәсіпорынның жұмысында бір себептен кідіріс болса ол бүкіл жүйені қамтиды.Ұдайы өндірістің қалыпты қимылын бұзады.Бұрынғы экономикалық өрлеу өндіріс көлемінің тоқырауымен алмасады.Мұндай жағдай экономикалық дағдарыстар түрінде көрініс береді.Экономикалық дағдарыстар жекелеген кәсіпкердің білместігінің,есептен жаңылып,қателесуінің нәтижесі емес,ол стихиялы дамудың заңды салдары.Экономикалық дағдарыстар капитализмге дейінде болды ,бірақ экономикалық дамудың іштен туған құбылысы емес,сыртқы күштердің әсерінен болатын\соғыс,жер сілкіну,қуаңшылық,су тасқыны\Мұндай жағдайларда өндіріс қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыра алмай,құлдырап кетеді.Капиталистік өндіріс жоспарсыз,стихиялы түрде дамиды дегенде онда ешқандай реттеу ,үйлестіріп отыру жоқ деп ұғынуға болмайды,керісінше ,өз кәсіпорнының жұмысын ұйымдастыруда,жұмсалатын шығын мен пайда мөлшерін жоспарлап,болжам жасауда капиталист өте есепшіл,әрі ұқыпты.Бірақ жеке капиталистің жасаған жоспары қоғамдық көлемде үнемі жүзеге аса бермейді.Себебі оларды орталықтан реттеп үйлестіретін мемлекеттік орган жоқ.Сондықтан қайшылықтың туындауы сөзсіз.
Артық өндіру немесе жеткіліксіз өндіру өндіріс пен тұтыныс арасындағы байланысты бұзады.\үйлеспеушілік,сәйкессіздік,сатып алу қабілетінің өндірістен қалып қоюы.Қазіргі нарықта фирмалар маркетингтік зерттеулер кеңінен қолданғанмен,лардың ешқайсысы өзінің өндірістік және комммерциялық қызметінің барлық салдарларын дәл есептей алмайды. \
1\Тауар және ақшаның қайшылығы.Ақша айналысының формуласы т-а-т десек осы байланыс үнемі жүзеге аса бермейді.т-а немесе а-т түрінде қалып қойып байланыс болмай қалуы мүмкін.байланыс міндетті түрде болуы қажет
сатып алу мен сатудың арасының үзілуі,төлемге қабілеттлікті жояды,яғни өндірістің дамуын тоқтады.мыс:Америкадағы самолет шығару зауытының өнімі Боинг сұраныс төмендеді , ол самолеттің қосалқы бөлшектерін шығаратын Германия зауытынан сатып алуды тоқтатты, ол өз кезегінде алюминий жасайтын Ресейдің түсті металлдар зауытынан алюминий алуды тоқтатты,Ресейлік зауыт Павлодардан жартылай өңделген алюминийді алуды азайтты,ол өз кезегінде алюминийдің басты шикізаты бокситті Арқалықтан алуды шектеді,бұл Арқалықтағы басты өндіріс ошағының жұмысын қысқартты .1990ж.ТМД елдерінде жеткіліксіздік кризисі болды, бұл бұрынғы біртұтас елдердің экон. ажырауымен байланысты болды.
2\Бағалы қағаздардың тауар нарықтарындағы бағалардың үзіліссіз тербелуі,осы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздіктің пайда болуы.
3\Капиталдың артық шоғырлануы , өндірістің ұлғаюы төлем сұранымымен салыстырғанда тым артық болып кетеді.
Кризис гр:шұғыл бетбұрыс,қалыпты өндірістің ,бұзылуы,басқа кезеңге өтуі.
Экономилық дағдарыстарды әртүрлі 3 негіз бойынша сыныптауға болады:
1.Шаруашылық жүйелерінің тепе-теңдігінің бұзу масштабы бойынша
-Жалпы дағдарыс-барлық ұлттық шаруашылықтарды қамтиды.
-Ішінара дағдарыс экономиканың белгілі бір саласына ғана таралады.Қаржы дағдарысы-бюджеттік дефицитмемлекеттің шығысы табысынан асып кетсе.
Биржалық кризис-бағалы қағаздардың курстарының төмендеуі.
2.Экономиканың тепе-теңдігін бұзу жиілігі боынша
-Кезеңдік дағдарыстар белгілі бір уақыт аралығында тұрақты түрде қайталанады.
-Тұрақты емес дағдарыстар өзінің шығуы бойынша ерекше себекптерге ие болуы мүмкін.Бір салада басталған дағдарыс барлығын қамту кетуі мүмкін.Шикізат немесе мұнай,энергетикалық тапшылық т.б.
3.Ұдайы өндірістің пропорциясын бұзу бойынша екіге бөлінеді
Артық өндіру-өтпейтін артық пайдалы заттардың көп шығарылуы.
Жеткіліксіз өндіру-төлемге қабілетті сұраныстың тұтыну тауарларымен қанағаттандырылмауы.
Капиталистік өндіріс үнемі дағдарыс жағдайында болмайды.Ол ұдайы өндіріс барысындағы бір кезең ғана.Дағдарыстан кейін өндірісте тоқырау,одан кейін жандану,ақыры өрлеу пайда болады.Белгілі бір уақыт өткен соң қайтадан дағдарысқа түседі.Капиталистік өндірістің осылай кезекті даму жолы –экономикалық цикл деп аталады
.
Әр кезеңнің өзіне тән ,бірінен-екіншісіне өту жолдары мен шартты жағдайлары бар. бар.Энгельс циклдың даму барысын шапқан аттың қимылымен салыстырып сипаттады.Арынды шабысқа дейін ат аяңдау,желу,жорыту кезеңдерінен өтеді.Ол шабыспен аяқталады.Экономикалық циклдың барысы да осы сияқты.
Экономикалық циклдар проблемасымен К.Маркс,К.Жугляр,Д.Китчин, И.Шумпетер,Н.Кондратьев сияқты атақты ғалымдар айналысқан.Бірақ бұл проблема адамзаттың негзігі экономикалық проблемасы болып қалуда.
Инфляция бұл тауар айналымының қажеттілігінен ақшалардың көбейіп кетуі,құнсызданып бағаның өсуіне әкелуі.
Инфляцияның себептері:
1.Мемлекеттік кірістер мен шығындардың тепе-теңдігінің жоқтығы.Бюджет дефициті.Ақшаның шығарыла беруі,популистік мақсатта халықтың оң көзқарасын тудыру үшін.
2.20ғасырдағы нарықтық құрылымның өзгеруі.
3.Экономиканың ашықтығы.
4.Өндірістік емес шығындардың көп болуы.әскери шығындар.
5.Тауар тапшылығы,ұсыныс пен сұраныстың сәйкеспеуі,соған байланысты бағалардың өсуі.
6.Экономикада жоғары бағалар орнататын монополиялардың көбейіп кетуі.
7.Жалақының еңбек өнімділігінен алшақтығы
8.Инфляциялық күдіктердің өсуі.
Тұтыну бағаларының индексі -тұтынушының алатын тауарлар мен қызметтерінің жалпы құнының көрсеткіші.ТБИ- мен инфляция қарқынын анықтағанда мыңдаған тауарлар мен қызметтердің бағасы пайдаланылады.Бұл көрсеткіштерді түсіну үшін 2 тауарды ғана мысалға алайық.
Базистік жылды анықтауымыз қажет ,яғни салыстырылатын жыл.ТБИ анықтау үшін бқаралып жатқан жылды базистік жылға бөліп 100 көбейту керек. біздің мыс:ТБИ 2006ж,-100,2007-129,2008-188 тең,бұл бағалардың өсуінің көрсеткіші.Соңғы қадам –инфляция қарқынын анықтау,бұл ТБИ-нің пайыздық өзгерісін көрсетеді.Біздің мысалымызда 2007ж 2006- мен салыстырған да и. қарқыны 29% ,2008 ж. 45% тең.
Бағалардың өсу қарқынына қарай и. үшке бөлінеді:
1\Төменгі немесе ұстамды инфляция.бағаның өсуі жылына 10% дейін.Мұндай и.экономика үшін қауіпті емес,ақша өз функциясын толық атқара береді.
2\Желістік бағаның өсуі жылына 20% дейін 200 бұл и.әлеуметтік-экономикалық салдары ауырөндіріс құлдырайды,кәсіпорындар жабылады,өмір деңгейі төмендейді.
3\Әсіре инфляция\гипер\бағаның өсуі 500-1000%дейін ақша жүйесі жойылады,мүлдем құнсызданады.Бартерлік жүйе кең таралады.Ақшадан қашу басталады,тұрғындар өз қорларын ақша формасында ұстаудан бас тартып материалдық құндылықтарға айналдыруға тырысады.
И.ықпал ететін факторлар сұраныс пен ұсыныс.
1\Сұраныс и.жалақының жаппай өсуі,жаппай несие алу салдарынан тұтынушылық тауарға сұраныстың өсуі,өндірістің мүмкіндігі қолдағы көп ақшаны қамтамасыз ете алмайды.
2\Ұсыныс и.нарықтағы үлкен сұраныс жағдайында,өндірушілердің бағаны көтеру үшін өндірісті әдейі шектеуі.\мыс:70жылдары ОПЕК елдері өзара келісу арқылы өндірісте кенет шектеп,бірден мұнайдың бағасы өсіп кетті.Кәсіпорындардың барлығы мұнайдан алынатын өнімдерді пайдаланатындықтан көптеген салаларға жанама әсер етті.\
И. әлеуметтік-экономикалық салдары:
-Халықтың салымдары құнын жоғалтады.
-Нақты кіріс азаяды,жалпы өмір деңгейі төмендейді.
-ақша жинауынтасының түсуі. және пайызға несие беру тоқтайды.
-ғтп тежеледі.
-макроэконмикалық саясаттың тиімділігінің төмендеуі.
-жемқорлықты тудырады
ШЫҒЫНДАР, ПАЙДА, ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА.
Өздерінің қызметі барысында кәсіпорындар экономикалық мазмұны және мақсатты бағыттары бойынша өнімді өндіру және өткізу бойынша түрлі шығындар жібереді.Сондықтан шығындарды есептеу кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуінің негізгі шарттарының бірі.
Шығындар –бұл кәсіпорынның өнімді өндіру мен өткізуге жұмсалған ақшалай қаражаттары.
Маркс:шығындарды екіге бөледі:
1\Өндіріс шығындары өзіне шикізат,материал ,жанармай,электрэноргиясы, амортизациялық ,жұмыс күшіне жұмсалған шығындарды енгізеді.Яғни өндіріс шығындары бұл тұрақты капиатал мен өзгермелі капиталдың қосындысы с+ v.
2\Айналым шығындары өндіріс процесінің айналым саласында жалғасатындығын көрсетеді,тауардың өлшеп оралуын,сортталауын,тасымалдануын және сақталуын енгізеді.
Қазіргі батыс мектебі өкілдері өндіріс шығындарын екіге бөледі:тұрақты және өзгермелі.
Тұрақты шығындар:бұл сыртқы өндіріс факторларын тікелей қолданумен байланысты шығындар.Жабдықтар үшін шығын,жер арендасы,қызметкерлер жалақысы,амортизациялық төлемдер,несие пайыздары.Тұрақты шығындар өндіріс көлеміне байланысты емес.Яғни кәсіпорын ештеңе өндірмесе де осы шығындар өтелуі қажет.
Өзгермелі шығындар:бұл ішкі ресурстарды қолданумен байланысты шығындар.Олар шикізатты,материал мен жұмыс күшін және т.б өндіріске қатысты қажеттіліктерді сатып алуға жұмсалған шығындардан тұрады.Өзгермелі шығындар өндіріс мөлшеріне тікелей байланысты өзгереді.
Жалпы шығындар тұрақты және өзгермелі шығындардың жиынтығы.
Өзіндік құн-өнімді өндірудегі кәсіпорын шығынының ақшалай көрінісі.
Кәсіпорынның пайдасы мен табыстары өініммен қызметтерді өткізуден құралады.Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның экономикалық дамуының негізін пайда құрайды.Кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалайтын негізгі көрсеткіш –пайда болып табылады.Пайда –кәсіпорынның өмір сүруінің қайнар көзі.
Әрбір дәуірдің экономистері пайда теориясына әртүрлі анықтама береді.Пайданың қайнар көзін Смит пен Рикардо өндірістен таба білді.Смит:Жұмысшылардың материалға қосқан құнының өзі екі бөлікке бөлінеді –біреуі олардың жалақысын төлеуге,екіншісі кәсіпкердің пайдасын төлеуге кетеді.Смит пайданы кәсіпкердің жалдамалы жұмысшы еңбегін өнімнен шегеру ретінде қарастырған.
Д.Рикардо :Жалақы мөлшері мен пайда бір-біріне кері қатынаста болатындығын дәлелдеуге тырысты.Кәсіпкердің пайдасы жоғарылаған сайын жұмыскердің жалақысы төмендеген.К.Маркс пайданың қайнар көзі ретінде жалдамалы жұмысшыға төленбеген қосымша еңбекті есептеген.Пайда түсім мен жалпы шығындар арасындағы айырма немесе жалпы табыстан шегерілген экономикалық шығындар.
Материалдық өндірісте жыл сайын қоғамның өмір сүріп дамитын жиынтық қоғамдық өнім мен ұлттық табыс жасалады.
Трансферттік төлемдер –зейнетақы,стипендия,көп балалы отбасыларға жәрдемақы,білім беру мен денсаулық саласындағы тегін қызметтер.
Сонымен қатар нарықтық елдерде табыстарды еңбектік және еңбектік емес деп бөледі:
а\еңбектік табыстар еңбекке қатысу және кәсіпкерлік қызмет арқылы алынған табыстар\жалақы және пайда.
б\еңбектік емес табыстар.заңды жолмен алынған табыстар:дивиденттер,банк несиелері бойынша пайыздар,меншікті тен алынған табыс,трансферттік төлемдер.
3-сұр.Макроэкономика-мемлекет деңгейінде экономикалық дамудың заңдылықтары мен ағымдарын зерттейтін экономикалық теорияның бір бөлігі десек,макроэкономиканың басты категориялары жұмыссыздық пен инфляция,экономикалық өсу,экономикалық дағдарыс және ұлттық байлықтың құралуы,ұлттық өндіріс көрсеткіштерін болжау ұлттық есеп-шот жүйесін жүргізу арқылы шешіледі.
Ұлттық есеп-шоттардың жүйесі –елдің өндірісі мен экономикалық жағдайын өлшейтін статистикалық көрсеткіштер жиынтығы.Бұл көрсеткіштер арқылы ұлттық экономиканың даму деңгейін бағалауға болады.
Ұлттық экономика-шаруашылықты ұйымдастыру формасы және қатынастары негізінде қоғамда әрекет ететін барлық экономикалық процестердің жиынтығы,мемлекет масштабындағы шаруашылық субьектілерінің ұлттың қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған қызметі.
Ұлттық экономиканың мынадай субьектілері бар:с
1\Үй шаруашылығы 2\Кәсіпкерлік сектор-бизнес.
3\Мемлекеттік сектор. 4\Шетелдер.
Ұлттық экономиканың өндіріс құрылымының мынадай секторлары бар:
1\Өндіруші өнеркәсіп.
2\Өңдеуші өнеркәсіп
3\Қызмет көрсету.
Аталған секторлардың белсенді қызметі ұлттық байлықты қалыптастырады.ҰБ-қоғам меншігіндегі барлық материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы.Ұб құрамы:
-Негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар.\еңбек процесінде қолданылатын барлық құралдар,шикізаттар жатады,өндірістік емес қорлар өндірістік емес салалардың құралдары,ғимараттары.білім,ғылым,
мәдениет,денсаулық сақтау\
-материалдық резервтер мен сақтандыру қорлары.\төтенше жағдайлар мен эконмикадағы диспропорцияарды шешуге арналады.\
-тұрғындар мүлкі.жиһаз,автомобиль,үй,саяжай,мал,құралдар.
-жер,табиғи ресурстар
ҰБ-ты құрамы бойынша екіге бөледі:
Ұлттық мүлік-белгілі бір ұлтың барлық ұрпақтары еңбегінің нәтижесінде жасалған материалдық игіліктері.
Табиғи ресурстар:барлық табиғи байлықтар.
Табиғи байлыққа барланған қорлары анықталған ресурстар ғана кіреді. Мемлекеттердің ұлттық байлығын салыстыру макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі көмегімен жүзеге асады.
Маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерге мыналар жатады:
Жалпы қоғамдық өнім-бір жыл ішінде қоғамда өндірілген барлық материалдық игіліктер.Бұл экономикалық көрсеткіш шикізаттар мен материалдарды тіркеуге алуда қайталауға ұрындырады.
Ұлттық табыс-барлық өндіріс факторларынан түскен табыстар.\рента,жалақы,пайыз,жекеменшік табыстары,пайда\
Ұлттық табыс былай анықталады:
ҰТ=ЖҚӨ-МШ
ҰТ-Ұлттық табыс
ЖҚӨ-жалпы қоғамдық өнім
МШ-материалдық шығындар.
Таза ұлтттық өнім бір жылда елдің ішінде ғана емес,ұлттық тауар өндірушілер өндірген соңғы тауарлар мен қызметтердің шығындарын алып тастағандағы нарықтық құны.
ҰТ=ТҰӨ-жанама салықтар
Осы ұлттық табысты ел тұрғындарының санына бөлсек маңызды экономикалық көрсеткіш тұрғындардың жан басына шаққандағы табысы шығады.Жан басына шаққандағы табыс тұрғындардың өмір деңгейінің көрсеткіші.
Жалпы ішкі өнім-бір жылда елдің ішінде ұлтына байланыссыз тауар өндірушілер өндірген соңғы тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны.с
Экспорт пен импорттың айырмашылығы таза экспорт,ЖІӨ көбейтуші негізгі фактор,ЖІӨ арту үшін экспорт импорттан асып түсуі қажет.
ЖҰӨ есептеудің қағидалары:
1\Біртұтастық барлық өндірілген және сатылған тауарлар есепке алынады.
2\Соңғы бұйым есепке алынады.
3\Жалпы ішкі өнім мемлекет ішіндегі барлық өндірілген өнім құнын есепке алады.
4\Жалпы ішкі өнім бір жылға есептеледі.ЖІӨ мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігімен жалпы өмір деңгейінің өлшеуіші.Бұл көрсеткіш жоғарылаған сайын ұлттың өмір деңгейі өсе түседі.
Жалпы ұлттық өнім-бір жылдың ішінде елде ғана емес,шет елде де ұлттық тауар өндірушілер өндірген соңғы тауарлар мен қызметтердің түрі
ЖҰӨ халықтың әл-ауқатын көрсететін дәл экономикалық көрсеткіш емес,көлеңкелі экономика,өзін-өзі қызмет көрсету,экология мәселелрі ескерілмейді.
Жеке табыс салықтар төленгеннен кейінгі жеке қажеттіліктерді сатып алуға арналған барлық табыстар.Ұлттық табыстан салықтар мен әлеуметтік жарналар ұсталған соң,оған таза трансферттік төлемдерді қосып жеке табысты шығарамыз.
Қолда бар табыс жеке табыс салығы төленгеннен кейінгі тұрғындар иелігіндегі қаражаттар.
ҚАРЖЫ.БАНК.НЕСИЕ.
Мемлекет- мынадай белгілері бар саяси ұйым:
-билік пен басқару аппараты
-мәжбүрлеу аппараты бар армия,полиция,қауіпсіздік қызметі,ішкі істер,әділет ,соттар т.б.
-салықтар салатын органдары бар.Осы құрылымдарды ұстап тұру үшін үлкен қаржы көзі керек.Жұмасайтын қаржы болу үшін оны ең алдымен қалыптастыру қажет.\финанс лат:төлем,кіріс мағына береді 13-15 ғасырда Италияда қолданыа бастаған\ Ұлттық шаруашылыққа мемлекеттік ықпал етудің маңызды құралы қаржы болып табылады.Қаржы экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған белгілі бір қоғамның ақша ресурстары.Кез-келген мемлекетте қоғамдағы ақша ресурстарының құрамына мемлекеттік қаржы,шаруашылық жүйесінің қаржысы, кәсіпорындардың және тұрғындардың қаржысы енеді.
1.Мемлекет қаржысы-тұрғындардың әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз ету,заңдылық пен құқықты сақтауға ,қорғаныс пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалатын ақша ресурстары.\мембюджет,экономиканы тұрақтандыру қоры,зейнетақы қрлары,валюта қорлары,министрліктер қаржысы т.б.\
2.Шаруашылық жүйелерінің қаржылары мемлекеттік және мемлекеттік емес компания ,акционерлік қоғамдардың ақшалай қаржысы.
3.Тұрғындар қаржысы.шаруашылық,еңбек қызметінің негізінде жиналған және банктерде сақтаулы ақша қаражаттары.
Нарық жағдайында қаржы негізінде төрт қызметті атқарады:
1.бөлу едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа ,әлеуметтік-мәдени шараларға,мемлекеттік басқару мен қорғанысты дамтуға бағыттауын қаржының бөлу қызметі атқарады.
2.реттеу .эконмикалық дамуды реттеуді мемлекеттің жанама тәсілімен жүргізгенінде пайда болады.М. оны салық салғанда ,несие саясатында әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация кезінде жүзеге асырады.
3.ынталандыру қызметі кәсіпорынның экономикалық дамуына стимул береді.мемлекеттің өмір сүруі мен қалыпты іс-әрекет жасауына материалдық негіз болу.
4.бақылау қызметі бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады.
Қаржы жүйесінің негізгі буыны мемлекеттік бюджет болып табылады.Мемлекеттік бюджет мемлекеттің қаржылық жоспары.Ол мемлекеттің шығын және табыстарының көрсеткіші,мемлекет табысын жинақтау мен алынған қаржыларды барлық шығындар түрін жабуға пайдаланудың жиынтық жоспары.
М.б табыстары: салықтар,инвестициялық қор түсімі,мемлекеттік кәсіпкерлектен түсетін пайда,сыртқы экономикалық қызмет,жекешелендіруден түсетін пайда,ұлттық банктің пайдасы.
М.б шығыстары: экономиканы қаржыландыру,мәдени-әлеуметтік бағдарламалар,мемлекеттік аппарат пен бюджеттік мекеме қызметтерін қаржыландыру,қорғаныс,сыртқы экономикалық қызметтерді қаржыландыру,несие және өзге елдерге көмектесу.
Бюджет фр.тілінен аударғанда: табыс пен шығысдарды бөлу деген мағына береді.Егер шығыстар табыстан асып кетсе бюджет тапшылығы пайда болады,б.т-ның себептері мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметтерінің кеңеюі,әскери шығындардың өсуі,мем. аппараттың көбеюі,дағдарыс жағдайында ұлттық табыстың төмендеуі.
Б.тапшылығын жою үшін ақша шығару,бюджеттің шығындарын қысқарту қажет.Сонымен қатар мемлекет тұрғындардың банктегі салымының белгіленген бөлігін алып отырады, кейін орнын толтырады,осы сома мемлекеттің ішкі қарызын құрайды.Бюджет тапшылығын жою үшін мемлекет қайтару кепілдігімен сырттан қарыз алу мүмкіндіктерінде пайдаланады,бұл мемлекеттің сыртқы қарызы болып есептеледі.
Несие-банк жүйесі бұл ақша қаражатарын қайтарымдылық шартында несиеге беретін мекемелердің жиынтығы.
Банк-пайда табу мақсатында заңды негізде ақша салу,қарыз беру және басқа да қызмет көрсетуге құқығы бар қаржылық ұйым.
Банк қызметінің қағидалары:жеделдік,қайтарымдық,кепілділік.
Банктің атқаратын қызметтері:
-қаржылық активтерді сақтау,несиелік операцияларды жүргізу,ақшаның жүйеленуі,ақша шығару,ақшасыз есеп айырысуды жүргізу,консалтинг коммерциялық кәсіпорындарға кеңес беру.
Банктік операциялардың түрлері:
1\пассивті депозиттерді тарту солар бойынша пайыздарды төлеу.
2\активті тікелей несиелеу,банктік инвестициялар, лизинг,аудит өткізу т.б.
Осы қызметтердің пайыздық төлемдер бойынша айырмасы банк пайдасын құрайды.Банк пайдасы-маржа деп аталады.
Депозит иесі 20% жылдық ставка
10000
пассивті
Банк
10000
активті
13000
Несие алушы 30%жылдық ставка
Бір жылдан кейін
12000
Депозит иесі
Банк
Несие алушы
1000 Маржа-банк пайдасы.
Банктік жүйе екі деңгейден тұрады.
Бірінші деңгей ұлттық банк\орталық банк\ елдің ақша- несие саясатын жүргізетін басты институты.
Ұлттық банктің қызметі
-ақша эмиссиясы\эмиссия лат:шығару\
-мемлекеттің алтын валюталық қорын сақтау
-басқа несиелік мекемелердің қорын сақтау.
-экономиканы ақшалай несиелік реттеу.
-мемлекеттік мекемелерге кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру.
-есеп айырысу мен аудару операцияларын орындау
-ақша-несие мемекемелерінің қызметіне бақылау жасау.
-айналымға жаңа ақшаларды шығару.
Қалған банктердің барлығы екінші деңгейге жатады.
әлемдік тәжірибеде екінші деңгейлі банктер іс-әрекетінің сипаты бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:
-коммерциялық банктер заңды және жеке тұлғалардың капиталын қорландырады,тікелей банктік несиелеумен айналысады.
-инвестициялық банктер,құрылысқа несие берумен айналысады.
-инновациялық банктер жаңа технология мен техника алуға несие береді.
-жинақ банктері депозитерді сақтайды.
-ипотекалық банктер.кепілдікке мүлік алып несие береді.
Ақшаның айналымы кезінде кейбір бөлімшелерде ақша қоры пайда болады,ал қалған бөлімшелерде ақша қорына қажеттілік туып отырады.Осы жағдай несиенің өмір сүруіне негіз болады.Несие- қайтарымдылық,төлемділік, және мерзімділік шартымен тауарлық немесе ақшалай формада берілген құндылықтар.Банк ұсынатын несиелер қысқа,орта,ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
1\қысқа мерзімді несие айналым қорларын қалыптастыру үшін 1жылға беріледі.
2\орта мерзімді несие екі-үш жылға жаңа құрылысқа өндірісті технологиялық қайта қаруландыру мен жаңғыртуға беріледі,үш жылда қайтарымы болуы міндетті.
3\ұзақ мерзімді несие он жылға дейін немесе одан да көп уақытқа беріліп,кәсіпорынның негізгі қорларын ұлғайтуға жұмсалады.Бұл несие тұрғындардың пәтер сатып алуы үшінде беріледі.
Несиенің формалары.
Коммерциялық несие-кәсіпорындарға берілетін несие
Тұтыну несиесі жеке тұлғаларға берілетін несие. тұтынушыға тауар мен қызмет төлемдерін соза орындау үшін қажет.
Халықаралық несие сыртқы экономикалық байланыстарға қызмет жасайды.Несие өз қызметін банк арқылы жүргізеді,экономикалық көзқарас тұрғысынан ,банктер несие-қаржы мекемесі.
CАЛЫҚТАР.
Салықтар қоғамдық қатынастар біртіндеп дамып келе жатқан адамзат өркениетінің бастапқы кезеңдерінде пайда болды.Еж. Үндістан мен ,көне Грецияда салықтар мен алымдар жинаудың әр алуан тәсілдері мен түрлері б.д.д 7-6 ғасырларда ауқаттылардың өкілдері табыстың 10\1 және 20\1 бөлігін қазынаға алу қажет белгілеген.Салықтар ежелгі уақыттан біздің кезеңге дейін үздіксіз алынып келе жатыр және кез-келген мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі-қаржыларды қалыптастыратын ең басты қайнар көзі.Салық салу жүйесі адамзат өркениетінің ,әр қилы кезеңдерінде туындап, қалыптасып дами отырып бүгінде әрбір мемлекеттің мызғымас атрибуты,сол мемлекеттің қандайда болмасын мұқтаждықтарын қанағаттандырудың және әлеуметтік-экономикалық салаларын реттеудің таптырмас құралы.
Салықтар –тауарлы өндіріспен бірге ,қоғамның тапқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен ,оған мемлекеттік аппаратттың қызметін қамтамасыз етуге қаражаттың қажет болуынан туындады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде бекітілген белгілі бір мөлшерде,мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың мазмұны мынадай:
Материалдық категория жағынан-бұл белгілі бір ақша сомасы.
Экономикалық категория ретінде –бұл мемлекеттің табысы.
Заңдық категория жағынан заң жүзінде белгіленген міндеттеме.\яғни салық төлеуден жалтарудың құқықтық салдары бар,мемлекет тарапынан жауапқа тартылады\
Салықтың экономикалық белгілері:
Салық мемлекетке тиісті жиынтық қоғамдық өнімді бөледі.\мемлекеттік аппарат мемлекетке тиісті ақша сомасын өндірмейді,халықтың өндірілген кірістерін есептеп алып,қажет соманы өзіне айналдырып алады.\
Салық ақшалай нысанда төленеді.\натуралдық сипаттада болуы мүмкін соғыс жағдайында,экономикалық дағдарыс кезінде\
Салық баламасыз сипатта болады.\салық ақшалай нысанда бір-ақ бағытта қозғалады халықтан-мемлекетке,мемлекет балама негізде сізге ештеңе қайтармайды,яғни ақшаның өтеусіз алынуын көрсетеді.
Алымдар-салық төлеушілерге белглі бір құқықтық мәртебе бергенде төленеді,мемлекет заңды іс-әрекет түрінде тұлғаларға қызмет ұсына отырып,сол қызметіне төлем қабылдайды мыс:заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым ,белгілі бір қызмет түрін ашу үшін лицензия аласыз,құқық ,мәртебе беріп тұр.
Салықтың құқықтық белгілері:
Салықты тек мемлекет белгілейді.
Салық құқықтық негізде жиналады.
Салық мәжбүрлеме сипатта болады.
Салықтың мәжбүрлеме сипаты 3 кезеңде байқалады:
1к:мемлекет салық төлеушілердің еркінен тыс белгілейді және енгізеді.
2к:салық төлеуші өзінің кірісінің белгілі бір бөлігінен мәжбүрлі түрде айырылады.
3к:салық төлеуші міндеттемелерін орындамаған жағдайда мемлекет заң және күшпен мәжбүрлі түрде өндіріп алады.
Салықтар туралы алуан еңбектер ,пікірлер жарияланған ортағасырлық философ Ф.Аквинский салық бұл-ерік берілген тонау формасы десе.
Б.Франклин: өмірде екі нәрседен салықтан және өлімнен қашып құтыла алмайсың ,мемлекет барда,салық ешқашан жойылмақ емес,АҚШ-та екі мейрам бар туылған күн және салық төлеген күн,әрбір азамат салық төлемеудің экономикалық салдары ауыр болатынын біледі ,уақытында төленбеген салықтың айыппұлы өте жоғары және азматтар бұны борыш мемлекеттің қалыпты қызметінің материалдық негізі деп есептеп,салық төлеу белгілі дәстүрі қалыптасқан. Маркс: Салық-бұл меншік,жанұя,тәртіп және дінмен қатар жүретін бесінші құдай
Салық мемлекетттің қаржы ресурстарын құрайды ,сол себепті барлық мемлекеттердің қаржы саясатының маңызды буыны.ҚР-ның конституциясының 35-бабында :заңды түрде белгіленген салықтарды,алымдарды және өзгеде міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы,әрі міндеті болып табылады.-деп жазылған.
Салық салуды ұтымды ұйымдастырудың класссикалық қағидаларын А.Смит ұсынды.Ол салық салудың 4 принципін анықтаған:
1\Әділеттілік принципі-салық салу төлеушілердің табысына сәйкес алынуы тиіс.
2\Анықтылық қағидасы-салықтың мөлшері,оны төлеу мерзімі,сомасы алдын-ала және дәл анықталуы тиіс.
3\Қолайлылық қағидасы-әрбір салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және тиімді әдіспен алынуы керек.
4\Үнемділік қағидасы-салық алудың шығындары өте аз болуы тиіс.
Бұл принциптердің қолданылуы салық салудағы кемшіліктерді жойып,салық жүйесін ретке келтірді.Сондықтан Смит:салық –төлеушілер үшін құлдықтың емес,бостандықтың белгісі деп жазды.
Салық салудың қазіргі қағидалары мынадай:
-қарапайымдылық қағидасы.салық механизмі халыққа түсінікті болуы тиіс.
-салықтың анықтығы- елдің барлық аумағында және барлық шарушылық жүргізуші субьектілер үшін түсіндіру мен қолданудың біркелкілігі.
-салық салудың экономикалық бейтараптығы.салықтар экономиканың жұмыс істеуін жақсартуға және инвестициялардың өсуіне кедергі жасамауы тиіс.
Экономикалық категория ретінде салықтың функциялары:
1\Фискалдық функция ақшаны қазынаға жинау , жұмылдыру қызметі.Осы функция көмегімен бюджет қалыптасады.салықтар,мемлекеттік бюджеттің кірістерін арттыра отырып,экономикалық,әлеуметтік –мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
2\Реттеу функциясы мемлекет экономиканы дамыту жолында салықтың ретту функциясы арқылы экономиканың кейбір салаларын ынталандырады және қажет жағдайда тежеп отырады.
3\Бақылау функциясы .мұнда кәсіпорындар мен тұрғындардың қаржы қоры көлемін,табысын есептеуді жүзеге асырады..
4\Бөлу функциясы мемлекет халықтан салықты жинап ,қажет деп тапқан салаларға,болыстарға,аудандарға қайта бөледі.мақсатқа сай жұмсалуын қадағалайды.Бюджет саясатын жүзеге асыра отырып,мембюджетті толықтыруды көздейді.Бюджетке түсетін салық түсімдеріне қайдан келеді,және қайда кетеді жөнінде бақылау жасайды.Бюджетттік қаражаттарды ,жалпы мемлекеттік мәселелерді шешуге бағыттайды.
Салық элементтері.
Салық субьектісі салық төлеу міндеті жүктелген тұлға.
Салық обьектісі яғни салық есептелетін база,яғни салық не үшін төленетінін қарастырады. табыстар және мүліктер.(жалақы,пайыз, қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер)
Салық ставкасы.салық есептеудің шамасын білдіреді.
Салықтарды салу обьектісі бойынша олар тікелей және жанама болып бөлінеді.
Тікелей салықтар.салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленетін салықтар.Мұнда салық обьектілері:пайда,жалақы,пайыз.жер,көлік.
Жанама салықтар.бағаға немесе тарифке үстеме түрінде қосылады,тауарды тұтыну немесе сату кезінде салынады.,белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар.
Салық ставкаларының өзгерісіне байланысты салықтар мынадай түрлерге бөлінеді:
Пропорционалды салық.табыстың шамасына қарамастан ставка өзгеріссіз қалады.
Прогресивті салық табыс өскен сайын ставкасы қоса өседі. 20 ғ. АҚШ президенті болған Рейган салықтық реформа ұсынды,бұл бағдарламаның негізгі теориясы ретінде экономист Артур Лаффердің есебі алынған.
Ол салықты азайтудың нәтижесінде мемлекеттің экономикалық өсуі мен табыстың көбеюін дәлелдеді,табысқа салынатын жоғары салық кәсіпкерлердің белсенділігінің төмендеуіне ,өндірістің тоқырауына,халық байлығының төмендеуіне әкеледі деп тұжырымдады.Лаффер қисығы салықтардың бюджетке түсуі мен оның ставкасы арасындағы тәуелділікті көрсетеді.Лаффердің пайымдауынша салық ставкасын белгілі бір деңгейге дейін ғана жоғарылату мембюджет табыстарын өсіреді.Шектен тыс тым жоғары салықтық ставкалар адамдардың жұмысқа деген ынтасын түсіреді,салықты 50 пайыздан асыру көлеңкелі экономиканың дамуына жол береді,адамдар салықтан жалтара бастайды,бұл бюджеттің кіріс бөлігін азайтады,салықтар ставкасын үздіксіз өсіру арқылы мемлекет табысын көбейте алмайды,салықтық түсімдер максималды дәрежесіне барып тұрып қалады,ары қарай төмендейді,жұмыс істеп табыс жинау пайдасыз мемлекетке кетіп қалады.Шартты түрде N және l деп алсақ ,бюджет үшін аз болсада l жағдайы тиімді,N жағдайында түсімдер аз болады,себебі жалтарушылар көп.Лаффер өз еңбегінде салықтың ставкасын тұрақты деңгейден асырмай,бір дәрежеде ұстау мемлекет үшінде ,салық төлеушілер үшінде тиімді ,олар салық төлеуден қашпайды,уақтылы төлейді,мембюджетіне түсетін түсім мөлшері белгілі қалыпта сақталады деген қорытындығы келеді.
Регрессивті салық табыс өскен сайын ставкасы төмендейді.
ҚР-ның салық жүйесі реформалаудың үш кезеңінен өтті:
1\1991жылы мемлекеттік салық инспекциясы құрылды16 мемлекеттік және 27жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілері қабылданды.
2\ҚР-ның үкіметі 1995жылдың басында салық реформасын жасады,мақсат салық жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру,салық саны 11 дейін қысқарды
3\2001жылы 12маусымда ҚР-ның жаңа салық кодесі қабылданып,2002жылы 1қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.Кодекске сәйкес салықтың тоғыз түрі белгіленді.
1\Жеке табыс салығы жеке тұлғалардың бірінші кезекте төлейтін салығы болып табылады.ЖТС-салық салу обьектілері бар жеке тұлғалар төлейді.салық алынатын табыстардың негізгің құрамына:еңбекақы,сыйақы,кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс т.б
2\Корпарациялық табыс салығы.Заңды тұлғалардың табысына салынатын салық,яғни белгілі бір табыс көзі бар заңды тұлғалар компания,кәсіпорындардың таза пайдасынан алынады.ҚР-да ктс салықтардың ішіндегі ең күрделісі және салық сомасы жағынан ең ауқымдысы,бюджеттік түсімдердің 27% құрайды.
3\Әлеуметтік салық ҚР негізгі салықтардың бірі.Бұл салық бюджеттік түсімнің 15% құрайды.ҚР-ның заңды резидент тұлғалары,шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері , жеке кәсіпкерлер,нотариустер мен адвокаттар ә.салықты төлеушілер болып табылады.
4\ Акциздер бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларға салынатын салық.акциздер көбіне мелекеттің экономиканың кейбір салаларындағы мол табыс табатын тұлғалардың шамадан тыс байып кетпеулерін ,сондай-ақ зияны тиетін тауарлардың шамадан тыс тұтынылуын шектеуді көздеп жиналатын салықтар.акциздер нарықтық экономикалы елдердің бәрінде қолданылады: және олардың атқаратын рөлі мынадай:
акциз-пайдасы жоғары тауарларды сатушыларды табысының бір бөлігімен бөлісуге мәжбүрлейді.
акциз-әлеуметтік зиянды тауарлардың пайдаланылуына шектеу қояды.
Көбіне халық жаппай тұтынатын тауарларға салынатындықтан ,акциз-бюджет кірісіне өте мол қаржы түсіреді.салық кодексіне сәйкес мынадай тауарлар акцизделеді:алкоголь өнімдері,темекі бұйымдары,алтын,күміс,платинадан жасалған зергерлік бұйымдар, бензин, дизель отыны,қару-жарақ,бекіре тұқымдас балықтар жеңіл автомобильдер т.б.
5\ҚҚС салықтардың ішіндегі ең күрделісі ҚР-да 1992жылы енгізілген,қосылған құнның 20 пайызы мемлекетке төленеді, бірақ салық төлеуші жіберген шығының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салық төлеуді сатып алушыға аударады.
6\Жер салығы ҚР-да жер салығы 1992жылы енгізілген.
Жер салығын төлету мынадай мақсаттарды көздейді:
-жерді ұтымды пайдалану
-тұлғаларды жерге орналастыру
-жерді қорғау шараларына қаржы табу үшін төлемдерді енгізу.
-аумақтың әлеуметтік мәдени дамуы үшін бюджет кірістерін қалыптастыру,барлық жерлер салық салу мақсатында олардың арналған нысанына қарай мынадай топтарға бөлінеді:Ауыл шаруашылығы—мақсатындағы жерлер,өнеркәсіп жерлері.жер учаскесіне ие болған тұлғалар салық салу обьектісіне ие болады.Жердің бәріне бірдей ставкамен салық салынбайды жердің сапасы 5-100 балл аралығындағы бонитет балымен анықталады,ең төменгі 5 балл шөлді аймақ,шөлейт,таулы аймақтар т.б.
7\Көлік құралдары салығы жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі көлік құралдарына салық төлейді,салық жеңіл автомобильдердің двигатель көлеміне қарай есептеледі,соңғы жетістіктегі және қуатты көліктердің салық сомасы жоғары болады.
Жүк машиналары жүк көтергіштігіне қарай,жолаушы таситын көліктерге орындық санына қарай көлік салығы есептеледі.
8\Мүлік салығы қр-ның аумағында меншік,шарушылық жүргізу,басқару құқығында салық салу обьектісі бар азаматтардың міндетті төлемдері.
9\Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары.мұнай және жер асты қойнауын пайдалану жөнніндегі операцияларды жүзеге асырып пайда табатын жеке және заңды тұлғалардан жиналады.
Экономикалық өсу.
1.Әлем елдерінің экономикалық даму деңгейіне назар аударсақ тұрғындардың өмір деңгейіндегі орасан айырмашылықты көреміз.Жан басна шаққандағы табыстардан АҚШ,Жапония,Германия сияқты елдер Индия,Индонезия,Нигерия сияқты елдерден он есе артық .Елдің табыстары өмір деңгейін халықтардың әл-ауқатын айқындайды.Табысты елдер тұтыну тауарларын көп пайдаланады,неғұрлыым сапалы тамақтанады,жайлы үйлерде өмір сүреді,жақсы білім алады,дамыған денсаулық сақтау жүйесіне ие,демалысқа көп уақыт бөледі,нәтижесінде ұзақ өмір сүреді.АҚШ –та өткен ғасырда ЖІӨ есеппен жылына 2% өсіп отырған,35 жылда табыстар 2еселеніп отырған .Жан басына шаққандағы табыстар әр елде әрқилы.Шығыс Азия елдерінде мыс:Гонконг,Сингапур,Оңт.Корея,Тайванда соңғы онжылдықта жыл сайынғы өсім 7% тең болған,әр он жыл сайын еке еселену,бір ұрпақтың кезінде азия жолбарыстары, кедей елдерден әлемнің бай және гүлденген елдеріне айналды.Ал,кейбір елдерде мыс:Чад,Эфиопия,Нигерия жан басына шаққандағы өсім ұзақ жылдар бойы бірқалыпта төменгі деңгейде.Үлкен айырмашылықтың себебі неде? Бай елдерге жоғарғы экономикалық өсімді ұстап қалу үшін не істеу керек? Кедей елдерге экономикалық өсуді тездету үшін не істеу қажет ? Бұл сұрақтарға жауапты макроэкономика іздейді.
Ұзақ мерзімді өсуді бақылау үшін соңғы жүз жылдағы 13 елдің ЖІӨ назар аударсақ,АҚШ-та жан басына шаққандағы өнім Қытайдан 8 есе,Индиядан 15 есе жоғары ,кедей елдердегі деңгей АҚШ-тың осыдан 100 жыл бұрын өткен деңгейіне жетпейді. АҚШ 1870ж.3188 –дан 1997ж. 28740 жетті яғни 120жылда жылына 1,75% өсіп отырған.Жапонияның орташа экономикалық өсімінің қарқыны 2,82% ең жоғарғы көрсеткіш 100 жыл бұрын Германия, Канада, Аргентинадан артта тұғын,экономикалық ғажайып өсімнің нәтиесінде АҚШ- пен теңесті.Кестенің соңында Бангладеш орналасқан 20ғасырда экономикалық өсімі өте төмен болды,1 ғасыр өткен соң да азаматтарының өмір деңгейі мардымсыз өскен.
Экономикалық даму әр елдерде бірдей емес,Жапония бірден аз уақытта көшбасшыға айналса,Англия өз позициясын жоғалтқан,1870жылы ол әлемдегі ең бай ел еді ,жан басына шаққандағы табыс Канададан екі есе,АҚШ-тан 20% жоғары болды.Канада және АҚШ-тан да бұл көрсеткіш бойынша артта қалған,көрсетілген мәліметтер экономикалық қуатты мемлекеттерге болашақта да экономикалық гүлденуіне кепіл жоқ,ал артта қалған кедей елдер мәңгілік аутсайдер болып қалады деген сөз емес.Бірақ осындай өзгерістердің себебі неде? Қандай жолдармен бір елдер әлемдік көшбасшыға айналады,ал қалғандар барған сайын қала түсуде?
Еңбек өнімділігі және оны анықтаушы факторлар.
Бай және кедей елдердің өмір деңгейіндегі айырмашылықтың себебі еңбек өнімділігінде.Экономикалық өсу мен еңбек өнімділігі проблемасын қарапайым мысалмен түсіндірейік:Р.Крузо аралда жалғыз қалғаны белгілі,ол өзі ас дайындауға ,егін егуге,үй-жайын салуға мәжбүр болды.Робинзонның еңбек әрекеті-экономиканың ең қарапайым моделі.Робинзонның өмір деңгейін қалыптастыратын не?Жауап белгілі оның өзінің жеке еңбегі-ол неғұрлым көп балық аулаған ,бидай өсірген,мүлік жасаған сайын ол жақсы өмір сүре түсті.Өзі өндірген затты өзі тұтынғандықтан,өмір деңгейі толығымен өзінің еңбегіне тәуелді болды.Еңбек өнімділігі-бір сағат уақытта жұмысшының дайындайтын тауарлар мен қызметтерінің саны.Робинзон бір сағатта неғұрлым көп балық ұстаса,оның сол күнгі асы соғұрлым құнарлы және басқа істерге көп уақыты қалады.Яғни шығатын қорытынды мемлекеттің өмір деңгейі өндірілген тауарлар мен қызметтердің санына тәуелді.АҚШ тұрғындары ,Қазақстандыққа қарағанда жақсы өмір сүреді, себебі американ жұмысшысының еңбек өнімділігі біздікіне қарағанда жоғары.Халықтың өмір деңгейі экономиканың тауарлар мен қызметтерді өндіру мүмкіндігіне тәуелді
Экономикалық өсу бұл қоғамдық өнімнің сандық ұлғаюы және сапалық жағынан жетілуі ,соның нәтижесінде ЖІӨ артуы.
\Экономикалық өсуге қалай жетуге болады,бұған нақты жауап жоқ,әр елдің ұлттық,географиялық,ресурстық ерекшелігі бар,соған сәйкес дамуыда өзгеше мыс:әлемде Англия өнеркәсіптік төңкерісті бірінші жүзеге асырды,бу двигателін,темір жолдар салды,еркін сауданы енгізді.э
Экономикалық өсу жарысына кейін қосылған Жапонияның жүріп өткен жолы мүлдем өзгеше,сырттан технологияларды көшіріп,өзіндік жаналық қосып,импорттық тауарлардан отандық өндірушілерді қорғап,өңдеуші өнеркәсіп саласында ғажап табыстарға жетті.Бүгінгі Қытай мен Үндістанның өсу қарқыны күшті,таңғаларлық ,кешегі КСРО елдерінің бүгінгі даму жолы әрбасқа,бірақ барлық елдерде экономикалық өсуге қол жеткізетін факторлар ортақ, арбаның төрт дөңгелегі сияқты ,қатар алып жүрмесең экономикаңыз алға баспайды.\
Неге елдерде тауарлар мен қызметтер өндіру деңгейі әртүрлі? Экономикалық өсудің алғышарты экономикалық өсудің факторлары:
1\Физикалық капитал.машина.фабрика.жолдар.барлық елде жұмысшылардың қолы бірдей ,күші тең ,бай елдердің жұмысшылары озық құралға ие сондықтан оның жұмысы өнімдірек.Мыс:жиһаз шығаруда аралар,станоктор қолданылады ,қолдағы құралдардың мүмкіндігі жоғары болған сайын ,соғұрлым жұмыс жылдам орындалады.
2\Адам капиталы.ресурстары.еңбек ұсынысы,білім,тәртіп,мотивация.көптеген экономистер жұмыс күшінің сапасы,білімі,дағдысы,тәртібі экономикалық өсудің маңызды элементі деп санайды .Адам капиталын қалыптастыру мектепте коледждерде,жоо-да жүзеге асады.Білім мен дағдылар қол ұсталатын материалдық зат болмаса да маңызы физикалық капиталдан кем емес,физикалық капиталға күшті адам капиталы біріксе қоғамның өндірістік мүмкіндіктері еселеп артады.Адам капиталын қалыптастыру үшін мұғалімдер,кітапханалар,оқу үшін уақыт қажет.Батыс елдерінде студенттерге болашақта қолданылатын елдің экономикалық өсімін қамтамасыз ететін адам капиталын жасап жатқан жұмысшы есебінде қарайды.Экономикалық саясат білім жүйесін дамытуға білім алуға ынталанушыларды қолдау бағытында.Артта қалған елдерде балалар мектеп жасында бірден еңбекке араласады,табыс тауып отбасына көмектесу үшін,батыс елдерінде үздіксіз білімін жетілдіреді,ал осылардың ішінен жаңа идея әкелуі мүмкін қаншама адамдар бар.Дамушы елдерде ақылдың қашуы деген құбылыс жиі байқалады,яғни білікті мамандардың дамыған елдерге кетуі,америкада білім алады,сол елде қалып қоймасына кепіл жоқ. Өндірістің басқа кез-келген компоненті капиталдық игіліктер,шикізат пен технологияны,комьпютер,қазіргі заманғы телекоммуникация,әскери құрылғылар шетелден сатып алуға болады,бірақ бұл жабдықтарды білікті мамандар арқылы ғана тиімді қолдануға болады.
3\Табиғи ресурстар.жер,минерал,су,қоршаған орта.маңызды фактор бірақ шешуші емес,табиғи ресурстарға бай мемлекеттердің барлығының халқы бай емес,мұнайы көп Сауд Арабиясының өмір деңгейінің жоғарылығын табиғат сыйы деп бағалауымыз керек,қазіргі ғаламдық экономика да ресурсқа бай болу,міндетті түрде әлемдік экономида көшбасшы болудың кепілі емес, Жапония табиғи қорларсыз капитал мен еңбек,ақыл арқылы гүлденуге қол жеткізді.Сыртқы сауданы ұтымды ұйымдастыру шикізаттың бәрін импорттайды,дайын өнім қылып бірнеше қымбатқа сатады. Еңбек ресурстары сапалы 35жасқа дейінгілердің 51% жоғары білімді, әлемдегі капиталды сыртқа ең көп шығаратын және несиені көп беретін мемлекет, 1957-90жж. аралығында жаңа технологияларға 55мың лицензия алынған,12млрд.доллар жұмсалған.Жер көлемі жағынан ресурстарға бай Ресейден млн. есе кіші Гонконгтың халықаралық саудасының көлемі аталған алып елден кем түспейді.
4\Технология.білім ғылым.инженерлік өнер,басқару,кәсіпкерлік.Экономикалық өсу бұл бірдей көптеген фабрикалар мен зауыттар салу емес.Үнемі өнертапқыштық,жаңалық,технологиялық жағанан ілгерлеп өзгеріп отыру.техникалық прогрес арқылы аз шығын жіберіп үлкен көлемде өнім алуға қол жеткізуге болады.Фундаменталдық технологиялық өзгерістер:двигатель,электрэнергиясы,телефон,радио,телевидение,самолет,атом өндіріс көлемін болып көрмеген дәрежеге көтерді.Компьтерлік революция жалғасуда,бүгінгі шағын ноутбук өзінің параметрі бойынша 60 жылдардағы ең күшті компьютерді артқа тастайды. АҚШ-та жылына 3млн. жаңа технол. патент алынады.Жаңа технологиялар патентеледі,жасаған фирмаға ғана шығаруға рұқсат етіледі Түрлі технологиялық білім экономика үшін маңызды факторлардың бірі.Технологиялық білім мен адам капиталының түсініктері жақын болғанмен,айырмашылық бар:технологиялық білім бұл кітаптың сапасы, адам капиталы оны қалай игеру.Бүгінгі АҚШ-тың әлемде үстемдік етуінің өзі де технологиялық жағынан озықтығы 1991ж.Парсы шығанағында соғыс кезінде орасан айырмашылық көрінді.Бүкіл әлем АҚШ - тың озық жоғарғы технологиялы армиясына куә болды.Көрінбейтін самолеттер,ақылды бомбалар,қанатты томагавк қуалайтын ракеталары, бірнеше онжылдыққа қалып қойған қарсыластарды тас-талқан етті.
Экономикалық өсудің типтері:
1\ Экстенсивтік өсу.ұлттық өнімді өндіріске қосымша өндіріс факторлары тарту арқылы ұлғайту,өнім шығаруды екі еселеу үшін екі есе өндірістік қорлар мен жұмысшылар санын көбейту керек.
2\Интенсивтік өсу.ұлттық өнімді техника мен технологияны жетілдіру арқылы ұлғайту.екі есе өсуге жұмысшылар мен өндірістік қорларды тиімді пайдалану арқылы қол жеткізеді.
3\Аралас өсу.қосымша факторлар мен технологияны жетілдіру арқылы өндірістің нәтижесін арттыру