Ұлттық тәлім – тәрбиенің басты, бағыттарына шолу жасау

Скачать

Ұлтжандылық дегеніміз - өз ұлтын сүю және өз халқы үшін аянбай еңбек ету, ұлттық мүддені қорғау, қайда жүрсе де өз ұлтының баласы екендігін ұмытпау, сонымен қатар басқа ұлттың өкілдеріне құрметпен қарап, өз халқының мүддесіне сай саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени мәселелерді шешуге атсалысу.

Ал, отансүйгіштікті ұлтжандылықтан бөліп қарауға әсте болмайды. Бұл екі үғым бірін-бірі толықтырып отырады.

Отансүйгіштік дегеніміз - өз жеріне, өз халқына деген сүйіспеншілік қана емес, сонымен қатар өз Отанын анам, жаным, жүрегім, өмірім, қаным деп қарап, өмірін қиюға даяр бола алу.

Әрбір жас өзінің нақты сенімін, ұлты мен жеріне деген сөнбес сүйіспеншілігін дұрыс қалыптастырып, еліміз бен ұлтымызда қызмет деп саналмайтын әрбір істі бос, пайдасыз деп ұғып, бұларды санасы мен көңіліне орнықты етіп орналастырған жағдайда, оның көңілі мен рухы сергелдеңге салынбай, өзін сақгап қала алады.

Достық тәрбиесі


Достық –адамдарды бір-біріне туғандай бауыр етіп, жақын ететін, араларын кіршіксіз таза етіп, байланыстыратын ізгілікті қарым-қатынас.

Достық сезімі адамдардың бойында жаратылғаннан бар. Қандай болмасын адамның өз сырын айта алатын, дертін сөйлей алатын, жарылып шынын жасырмайтын, еш нәрсесін бүкпелемейтін адамдары болады. Міне, ол — дос адам.

Дос болу дегеніміз адамдардың танысқаннан кейін бір-бірлерімен жай ғана араласуы емес. Дос болу — танысқаннан бастап шынайы тілектестікпен араласу, керек кезінде қол ұшын беру, басына қиын жағдай туындаған кезде жанынан табылу, оны қажетсіну, сыйлау, құрметтеу, алдамау.

Достық сезім өмірдің өзінен туындайды. Кісі күнделікті араласып жүрген адамдарының ішінен өзінің жанына жақын, өз табиғатымен үндес, өзін сатып кетпейтін, адалдығына шүбә келтірмейтін жанды кездестіреді. Содан онымен өте жақын араласа бастайды. Уақыт оза бір-бірлері арасында мызғымас достық орнайды.

Халық педагогикасында жігіттің жақсы-жаман болмағы өскен ортасы, жора-жолдасы және жанүясындағы достыққа байланысты деп бағаланған.

Оны "Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа", "Жаманмен жолдас болсаң, кесірі жұғар, жақсымен жолдас болсаң, несібі жұғар"- деген сияқгы мақал-мәтелдерден айқын көреміз.

Осындай халықгық мақал-мәтелдерді тілге тиек ете отырып Базар жырау:

Жолдас болсаң жақсымен, Жетеді қолың мақсатқа. Жолдас болсаң нәмәртпен, Аунатар бір күн батпаққа. Есің болса ертерек, Күн ілгері күтініп, Бәледен аулақ бас сақта. Екі талай жерлерде, Адамға қайыр қылмайтын, Ақшаның татын жалаған, Түспесін ісің ақымаққа, -

деп, дүние үшін, мал үшін дос болатын ақымақ, арсыз, алдампаз адамдардан аулақ бол дегенді нұсқайды.

"Бір адамның жаны мен екінші бір адамның жаны барлық мінездерімен үйлесетін болса, сонда достық сезімі пайда болады", — деп түжырымдаған Мағжан Жұмабаев өз ойларын ары қарай былай жалғастырады:

"Бала біраз есейіп, басқа балалармен ойнай бастаған кезде, онда достық сезімі оянады. Бірге ойнайтын балалардың ішінен бала өзіне дос тауып алады.

Достық сезімнің балаға көп пайдасы бар. Досының көңілін тауып үйренген бала өзімшілдік мінездерден аулақ болады. Өзінің дос баласының сөзін бала үлкен адамның сөзінен де артық тыңдағыш келеді. Сондықган тәрбиеші баланың достарының дұрыс балалар болуына қамқор болуға міндетті".

Әлбетге, өзінің жан досы бар адам бақытгы ғой. Өйткені адамның досы барда өмірі — той, жаны — жай, үйі — қызық, түзі — думан, уайымы жоқ. Қазақ үшін досы бөліспеген куаныш — қайғы. Доссыз көрген қызьгқ —шыжық. Дос ортақгаспаған байлық — итке тартқан табақгай қадірсіз.

"Адам өмірі адаммен" деген бар емес пе? Ешбір адам жеке өзінше өмір сүре алмайтыны анық. Ол міндетті түрде айналасындағылармен санасуға мүдделі. Бұл санасу адамды еріксіз кейбіреулермен достыққа итермелейді.

Кісі осындай жанды өзінің мемлекетінде табуы да, я бөтен елден табуы да мүмкін. Не болмаса өз ұлтынан, я өзге ұлттан таба алады. Демек, достықгың шегі болмайды. Адамның тіліне, дініне, нәсіліне, ұлтына қарамастан достық орнайды. Өйткені, достықтағы ең маңызды нәрсе — өзара үғысып-түсінісу, жарасып жақын жүре алу, бүкпесіз болу және риясыз болу.

Әлбетте, достық — еріккендердің ісі емес. Бір-бірлеріне пейіл-ықыластары түскен, жан-жүрегі қалаған, көзқарастары мен ой-ниеті үйлескен, мінездері сыйымды адамдар ғана дос бола алады.

"Сен досыңның кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтып берейін" деген мәшһүр сөз достардың жан дүниесінің, ой-өрісінің, талғамы мен әлеуметтік көзқарастарының бір-бірлеріне жақын болу керектігін меңзейді.

Адам өз өмірін достарымен баянды етеді.

Өйткені баратын немесе шақыратын досы болмаған адамның өмірі — еш қызығы жоқ бейшара өмір. Бұл орайда халқымыздьң: "Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын" деген нақыл сөзін еш жадымыздан шығармағанымыз жөн болады.

Салт-дәстүрімізде ұрпақган ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани өсиет бар. Ол — достыққа адалдық. Аталарымыз керек кезінде жалғыз атын досынан аямаған, жалғыз жейдесін досы үшін шешіп берген екен. Иә, досы үшін суға түсіп, отқа күю, кеудесін оққа төсеу осы болар.

Адамгершілік тәрбиесі

Қазақ тілінде әдептілік, сыпайылық, ізеттілік деген сөздердің түп мағынасы бір. Ол — адамгершілік. Яғни ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, шыншыл және әділетті болу, сондай-ақ адамның көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуі.

Адамгершілік адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасып, әрбір дәуірдің өзіндік қайшылықтарымен біте қайнасып, әлі де жетіліп келеді.

Жомарттық, батылдық, шыншылдық, сыпайыгершілік, әділдік пен достық, ар мен намыс және тағы басқа да адамгершілік категориялары сонау көне дәуірден басталып, күні бүгінге дейін өз маңызын еш жоғалтпай келеді. Сондай-ақ, адамзаттың ішкі рухани адамгершілік дүниесінің негізгі формалары — үміт, сенім және махаббат үнемі даму үстінде.

Адам... Адам болу — қасиетті атақ. Адам атың болған соң, сен — ата-анаңның, еліңнің, Отаныңның перзентісің. Отан алдындағы қарызың мен парызың — ең ұлы жауапкершілігің. Адам болу үшін Абай атамыз айтқандай:

Сүймек, сезбек, кейімек, Харекет қылмақ, жүгірмек. Ақылмен ойлап сөйлемек... Ақыл керек, ес керек, мінез керек...


Скачать


zharar.kz