Қазақстанның ежелгі қалалары...Ескіден жеткен қолжазбалардың уақыт өте сарғайып кеткен беттерінде олардың көбінің аттары сақталмаған.Алайда олар із-түссіз жоғалып кеткен жоқ.
Қазақстан ұшы-қиырсыз кең-байтақ ел.Оның осынау жалпақ төсінеТянь-Шаньның тәкаппар,ақбас шыңы да,Сарыарқаның кең жазира даласы да,Сарыесік-Атырау мен Маңғыстау шөлдері де,ну орманды Алтай таулары мен Орал жазығы да сыйып жатыр.Олардың біразы ескі шаһарлардың маңына немесе тура солардың үстіне салынған.Осылайша кешегіміз бен бүгінгшіміз сабақтасып жатыр.Ата-бабаларымыздың тарихы мен мәдениеті-бізге,олардың ұрпақтарына,бұрын-соңды жасалған тамаша туындылардың мирасқорларына өте қызық әрі құнды дүние.
Археологиялық деректер Қазақстан жерінде,Отанымыздың кең-байтақ даласында сан алуан мәдениеттің болғанын,әр түрлі мәдениеттің тоғысып жатқанын көрсетті.Олар бірін-бірі толықтырып,байытып қана қоймай,қоғамның дамуына септігін тигізген.Археологиялық мәліметтер бойынша орталығы Қазақстан жерінде орналасқан ортағасырлық Батыс Түркі,содан кейін Түргеш,Қарлұқ қағанаттарының,Қарахандар мен Қыпшақ мемлекеттерінің мәдениеттерінде көшпелілер мен отырықшы халықтардың дәстүрлері,қала мен даланың үйлесім тапқаны анықталды.
Қазақстан жеріндегі көне қалалар Отырар,Испиджаб,Тараз,Түркістан.Құлан, Қаялықтың орындарында қазба жұмыстарын жүргізуге тек біздің елімізде ғана емес,әлемге әйгілі көптеген археологтар қатысты.Олардың ішінде көрнекті ғалым Ә.Марғұлан,ресейлік С.Толстов,А.Бернштам,өзбекстандық Массон,қазақстандық Е.Агеева,К.Ақышев,Т.Сенигова,К.Байпақов,М.Қожа және Н.Алдабергенов болды.
Орта ғасырлық қалалардың ежелгілердің бірі-Тараз,яғни Талса туралы орта ғасырлық географ,саяхатшы,тарихшылардың бәрі жазған.Себебі,қаланың орналасқан жері-Ұлы Жібек жолындағы маңызды орындардың бірі еді.Сондықтан да авторлар Тараз жайлы жазған кездерінде,ең алдымен оның сауда саласындағы маңызы туралы айтады.Қытайлық саяхатшы Сюань-Цзянь:Таластың аумағы 8-9 ли.Бұл арада көптеген елдердің аялдап, түрліше заттар әкеліп сатады.деп жазды.
Араға үш ғасырдан астам уақыт салып Ибн Хаукаль да қаланы дәл осылайша,яғни: Тараз-мұсылмандардың түркілермен сауда жасайтын қаласыдеп суреттесе,Әл-Макдиси:Тараз-бақтары мол,тұрғындары тығыз орналасқан үлкен қала.Ол қамалмен қоршалған,әрі оның сыртын айналдыра ор қазылған.Қаланың 4 қақпасы бар.Халқы рабадта көп шоғырланған.Қала қақпасының алдында үлкен өзен ағып жатыр,қаланың бір бөлігі сол өзеннің келесі бетінде орналасқан.Өзен арқылы жол өтеді,базардың ортасында үлкен мешіт бар,-деп жазады.
Алайда ертедегі авторлардың бірде-біреуі Тараздың орнын дәл көрсете алмаған.Сондықтан да археологтар бұл қаланы ұзақ уақыт бойы әр жерлерден іздестірді.Өйткені оны біреулер Талас өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан Түймекент қаласының орны десе,екіншілері Қарабура өзеніндегі Талас мекені дейді,ал кейбіреулері оны атақты ортағасырлық Садыр-қорған қаласы деп түсіндіреді.Академик В.Бартольд ортағасылық Тарз Әулие-ата қаласының орнында болған деген пікірге ден қойды.Себебі Қазан төңкерісіне дейін қала осылай аталған.Ол бұл пікірді ұстануда Макдисиге сілтеме жасайды.Ал Макдисидің жазбаларында қаланы жарып өтетін үлкен өзеннің бар екені аталып өтеді.Мұндай өзен тек арнасы толып ағатын Талас болуы мүмкін.
Аса көрнекті шығыстанушының бұл болжамы кейіннен археологтар М.Е.Массон,А.Н.Бернштамның зерттеу жұмыстарының нәтижесінде толықтай дәлелденді.Қазіргі Тараздың орталығында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде қолға түскен құнды да бай жәдігерлер осы жерден табылғанқалашық пен ежелгі Тараздың бір қала екендігін растады.
Еліміздің маңызы зор өндірістік және мәдени орталығы болып табылатын қазіргі Тараз қаласы орналасқан жерде Тараз деген атпен белгілі Қазақстанның ең үлкен ортағасырлық шаһарларының бірі орын тепкен.Бұл қала жайлы мәліметтер 4 ғасырдың аяғында византиялық жазбаларда кездеседі.
Ертедегі қытай жазба деректерінде кездесетін жер-су,қала аттары қатарында Талас бір жағынан жағырапиялық өңір ретінде,тағы бір жағынан өзен және бекіністі қала ретінде жиі аталып отырған.
Орта ғасырлардағы ірі мемлекеттердің бірі Византия шығысы Тынық мұхиттан батысы Қара теңізге дейін созылып жатқан түркілер қағанатымен келісім жасауды ойға алады.Император Юстиниан 2 Византия империясының шығыс бөлігінің әскербасы Земарх бастаған елшілерді түркілер қағаны Дизабулдың ордасына аттандырады.Византиялық тарихшы Менандрдың суреттеуі бойынша Земарх сапар барысында Талас қаласында және сол қалаға жақын бір жерде үлкен мемлекеттің әміршісі,түрік қағанының ордасында қабылдауда болады.
Тараздың іргетасы дәл қашан қаланғаны жайында көзбен көріп,қолмен қойған құжат жоқ.Археологтар жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесінде,қала тұрған орынның алтыншы мәдени қабатында,алғашқы жер бетіндегітұрақтардан табылған мүліктерге қарағанда,осы жерде екі мың жылдан астам бұрын қаланың іргетасы қаланған деген тоқтам жасалған.
Кейбір зерттеушілердің зерттеулеріне қарағанда,қамал қаланы тұрғызуға жергілікті халықтан 500-ге жуық адам қатысқан.Құрылыс фергониялық және парфилік,яғни грекиялық шеберлердің басшылығымен жүргізілген.Қаланы салуда Рим-грек құрылысшыларының көмегі аз болмаған.Қала екі жылда бой көтерген.Ол сондағы дәстүр бойынша ішкі қамал,рабад және шахристан.Ішкі қамал парсыша арк немесе кухендиз деп аталған.Қаланың берік қорғалған бұл тұсында билеушілер сарайы орын тепкен.Қамалға жапсарласа қабырғамен қоршалған шахристан салынған.Бұл арада бай көпестердің,ақсүйектердің,қолөнершілердің тұрғын-жайлары,сонымен қатар рабадта қаланың кедей тұрғындарының үй-жайлары орналасқан.
Тараз тұрған жер жасыл алқапты болған.Бұл төңіректе Тараздан басқа үлкенді-кішілі ондаған қалашықтар,елді қоныстар,жеке үй қожалықтары, сарайлар өмір сүрген.Қазіргі кезде олардың тек орны мүжіле-мүжіле төбешікке айналған үйінділері ғана қалған.
Іле,Шу өзендерінің алқабында ежелгі заманда-ақ бой түзеген қалалар сияқты,Тараз да тек сауда орталығы ғана емес,сонымен қатар үлкен стратегиялық маңызға ие шаһар болған.Қала ірі феодал-шонжарлардың ордасы негізінде және тұрақты қыстау ретінде қалыптасты.Мұнда егіншілікпен қатар қолөнер мен сауда,сондай-ақ құрылыс дамыды.
Ғалымдар анықтағандай,қала шекарасы тұтқиыл шабуылдан берік қорғалған.Алқапты тұрақты әскери бөлімдер орналасқан бекеттер қоршап тұрған.Жазба деректерге қарағанда,9 ғасырдың аяғында Орта Азиядағы құдіретті саманаидтер әулетінің негізін қалаушы Исмаил ибн Ахмед Тараз өңіріне соғыс ашқан кезіндеоны ұзақ уақыт бойы ала алмай,көп қиындыққа кезігеді.Қайтпас қайсарлық көрсеткен Тарз әмірі тек әбден қажығандықтан ғана беріліп,диқандарымен бірге Ислам дінін қабылдаған.
Тараз қаласының Орта Азияға қосылуы мен ірі орталықтар –Бұқара,Самарқандтан сауда-экономикалық қарым-қатынас орнатуы қала өміріне игі әсер еткені сөзсіз.
Бұл кезеңге тән нәрсе-сыртын ақ,жасыл,сары түсті шыңылтырмен жалтыратқан керамиканың кең таралуы.Қыш ыдыстардың сыртына жүргізген шыңылтырдың астынан бұрын ойықты өрнектер жасалатын болса,енді әр түрлі бояулармен,яғни ақ