Оқу үдерісінде оқушыларды не ынталандырады және оларға жеке оқу тәжірибесін қалыптастыруға қалай көмектесуге болады?
Ким Истон және Рон Руни (Kim Easton and Ron Rooney) 100-ден астам оқушы қатысқан зерттеу нәтижелеріне сипаттама береді.
Мұғалімдер оқушыларды оқыту мүмкіндіктерін жоспарлауға көп уақыт жоғалтады. Олар оқушылардың танымдық және жеке тұлғалық дамуына бастама жасауға, күшейтуге және нығайтуға бағытталған күштер және тапсырмалармен толықтырылатын бағдарламаны әзірлейді. Ең ізгі ниеттері мен жылдар бойы жинақталған дағды, тәжірибелерінің болуына қарамастан, мұғалімдер шынайы өмірде өз жұмысының оқытуға әсерін көре алмайды, өйткені оқыту көбінесе оқушылардың миында көзге көрінбей, жасырын қалпында қала береді.
Мұғалімдер үшін түсіністікке қол жеткізудің ең үздік тәсілі – олардың оқуының ерекшеліктері туралы оқушылармен әңгімелесу. Бұл мұғалімдерден талап етілетін ең маңызды кәсіби дағды болғанына қарамастан, әрбір мұғалім осындай әңгімелесуді жоспарлау және оны өткізу оңай деп есептемейді. Сонымен бірге оқушылардың өздерінде оқыту тілін пайдалануға тәжірибесі мен дағдылары болмағандықтан, көбіне күнделікті өмірде қолданатын тілге ауысады. Оқушылардың оқуға байланысты екі сүйікті сөзі бар, бұлар – оң және кері сезімдерді қорыту үшін үнемі пайдаланатын қызықты және онша емес сөздері. Осы сөздерді олар оқыту мәнмәтінінде пайдаланған кезде нені меңзейді? Олардың пікірлерін білуден бізге не түседі?
Неліктен оқушылардың пікірлері маңызды болып табылады
Егер біз оқушыларға олардың өздері де өзінің оқуы үшін жауап беретініне және оқу – бұл өздері бұған қолданылмайтын, керісінше оған қатысуға тиіс ерекше дүние екендігіне көздерін жеткізгіміз келсе, олардың өздерінің оқыту тәжірибесін айта алуына көмектесуіміз және, өз кезегінде, олардың не айтатынын тыңдауымыз қажет. Оқыту өте ме, өтпей ме – оны оқушылар шешеді. Олар бұның неге ұқсайтынын және қандай әсер қалдыратынын сезеді. Осындай кезеңдерді басқалармен жүйелі және құрылымды талқылау кезінде олар өтіп жатқан өзгерістерді айқындау үшін өз тілін дамытатын болады. Мұғалімдер оқытуды екінші қолдан көреді. Олар оқушылардың қалай жұмыс істейтінін қадағалайды, олардың талқылауын, сұрақтары және неден сескенетінін тыңдайды, оқытудың соңғы нәтижесін бағалай алады және оқуға тиетін әсерді бағалауға ұмтыла алады. Осындай бағалау оқушы пікірін рет-ретімен, жүйелі және рефлективтік талдау арқылы жетілдіріледі.
Оқушылар өздерінің оқуы туралы пікірталастарда белсенді рөл атқарғанды жақсы көреді және біреу олардың пікірлеріне шын қызығушылық білдірген кезде жиі таңырқайды. Бәрінен маңыздысы – олардың ынтымақтасуға ниет білдіруі, оның үстіне олардың бастамалары ақпаратқа толы болуы мүмкін. Оқу сипаты туралы әңгіме өткізудің көптеген жолдары бар. Оқушылардың пікірі сауал парақтардың көмегімен, шағын топтарда немесе жеке көзбе-көз әңгімелесу өткізу арқылы, сондай-ақ оқушылар арасында талқылау және өз қорытындыларын басқаларға ұсыну арқылы алынады. Оқушылардың пікірлерін анықтау іс-шаралары әртүрлі және интерактивті болған сайын, көпшіліктің өзара әрекеттесу мен қатысу деңгейі соншалықты жоғары болады. Бірақ қандай әдіс таңдалғанына қарамастан, әңгіме сабақ беруге немесе мұғалімге емес, оқуға қатысты болуға тиістігі маңызды.
Үдеріс
Мұғалімдер сабақтарды жоспарлау және өткізу жөніндегі қиындығы мол жұмысы оқытуға әкелетінін-әкелмейтінін білуге тиіс. Осы сұраққа жауап беру үшін 2010 ж. орта мектеп жасындағы оқушылардың 16 жеке тобының жазғы семестрі ішінде өздерінің көзқарастары бойынша тиімді оқыту не екенін анықтау үшін шағын топтарда сауал жасалды. Атап айтқанда, біз қызықты оқыту деген сөз тіркесімен не айқысы келетінін анықтауға тырыстық. Біздің әңгімеміз екі әртүрлі блок бойынша өткізілді. Әңгімелесу шарасының екі блогын да Дарема білім беруді дамыту қызметінің мүшелері өткізді.
Сабаққа қатысуды Дарема мектептеріндегі негізгі мектеп бөлімдерінің маманы – арнайы оқу инспекторы жүзеге асырды. Осындай сапарлардың мақсаты жалпы алғанда бөлімнің даму бағыттары мен әлеуеті туралы суммативтік және формативтік кері байланыс алу болды. Сабақтарды қадағалау, пән мұғалімімен әңгімелесу және оқушылардың жұмысын талдау жасалды. Оқу күні ішінде оқушылардың топтары белгілі бір пән бойынша оқыту туралы пікір алмасу үшін кездесіп отырды. Олардың пікірлеріне жасалған шолу директорға арналған бір күн ішінде жиналған деректерге негізделген ресми есеп етіп жазылды.
Оқушылар бұның тест емес екенін білген кезде осындай әңгімелесулерге қызығушылықпен қатысады. Егер олар өздерінен жекелеген мұғалімдерді сынау туралы сұрамайтынын түсінсе, өздерін еркін ұстап, барынша оңай жауап береді. Дегенмен, олар өздері тамаша оқыту ретінде қарастырып отырған нәрсе мен соншалықты толқытпайтын нәрсенің арасын айыра алады. Шамамен төрт-сегіз оқушыдан тұратын шағын топтардағы оқушылар оқытудағы жақсы тәжірибе не екені және керемет оқыту үшін қандай жұмыстар жасалып жатқаны және жасалмай жатқаны туралы өз пікірлерімен бөліседі. Соңында олар өздері оқығысы келетін және қазіргі кездегі оқыту тәжірибесінен ерекшеленетін үш әдісті анықтайды. Оқушылар өздерінің пікірімен сәйкес келетін сөз орамдарымен үнемі келіседі, яғни сауал өткізген үлкен кісінің түсіндіріп бергенін емес, өздерінің сөздерімен пікірін құрастырғанын ұнатады.
Сонымен қатар, топтарда әңгімелесу кезінде мынадай сұрақтар қойылды:
Оқыту жақсы жүргізілген кезде не болады?
Өзіңізге қалай оқыған ұнайтынына мысалдар келтіріңіз.
Сізге неге тура осылай оқыған ұнайды?
Бәрінен де қалай оқыған қызықтырақ?
Оқуға қатысты айтылған қызықты деген сөз Сіз үшін нені білдіреді?
Берілген пән бойынша өз оқуыңызды қалай бағалайсыз деп бағалау шәкілін, яғни 1-ден 10 дейінгі шәкілді (10 ең үздік дегенді білдіреді) пайдалану осындай әңгімелесуді бастаудың ең тиімді тәсілі болып табылады. Оқушылар 10 балды өте сирек қоятындықтан (біздің тәжірибеміз бойынша), сізде 10 балл қою үшін не қажеттігі туралы пікір білдіруді ұсыну мүмкіндігі пайда болады.
Жақсы оқуды сипаттау үшін оқушылардың пайдаланатын басты сөздерінің бірі қызықты деген сөз болғандықтан және осы сөзбен не айтқылары келетінін анықтау үшін 2010 ж. жазғы семестрге қатысу барысында мол пікір алу үшін қосымша сұрақтар қойылды.
Біздің әңгімелесулеріміздің екінші кезеңі белгілі бір уақыт ішінде мектептегі оқыту және оқу сапасына қадағалау жасайтын білім беруді дамыту жөніндегі басшымен (мектеп оқытуын жақсарту жөніндегі инспектор) жұмыс істеген мектептерде өтті. Жұмыстың бұл кезеңінде 8, 9 және 10 жастағы оқушылар оларды оқуға ұмтылдыратын факторларға қатысты сауал парағын толтырды. Осындай сауалдың нәтижелері тиімді оқытуды, әсіресе оқушылардың жауаптарында жиі кездесетін қызықты деген сөзбен не айтқысы келетініне қатысты түсініктерін барынша терең анықтау үшін оқушылардың үздік топтарымен бұдан әрі жұмыс жасаудың негізі болды.
Оқушыларға өз оқуы туралы барынша жүйелі айтуларына мүмкіндік беру үшін, бірнеше пайымдаулар (төменде кестеде берілген) дайындалды және 20 оқушыға (екі және үш оқушыдан шағын топтарда жұмыс істейтін) өздерінің үздік сабақтарын барынша дәл сипаттайтын бес пікірді таңдап алу тапсырылды.
Жаттығуда пайдаланылған және ең жиі кездесетін жауаптан бастап тәртіппен берілген пайымдаулар
Ең жақсы сабақтар – мыналар ...
Жауаптар саны
ойынды немесе жарысты қамтиса
8
сабақ үстінде бізге үнемі бірдеме жазуға тура келмесе
7
сабақ үстінде біз әртүрлі тапсырмалар орындаймыз
7
сабақ үстінде мен өз бастамаларымды басқалармен талқылай аламын
4
сабақ үстінде мен бүгін оқитын тақырыбыма қатты қуаныштымын
3
сабақ үстінде біз шынайы өмірге жататын нәрселемен айналысамыз
3
сабақ үстінде маған ойлануға уақыт беріледі
3
сабақ үстінде мен өткен сабақ пен келесі сабақ арасында байланысты көре аламын
3
сабақ үстінде мен жетістікке қол жеткізгенімді немесе қиын бір нәрсені орындағанымды көремін
2
сабақ үстінде менің алдыма шешілуі керек нақты проблемалар қойылады
2
сабақ үстінде мен тапсырманы немесе өз жұмысымды қалай көрсететінімді таңдай аламын
2
сабақ үстінде мен әртүрлі адамдармен (міндетті түрде достарыммен емес) жұмыс істеймін
1
сабақ үстінде менің пікірімді сұрайды
1
сабақ үстінде өзің үшін бір нәрсе жасауға рұқсат беріледі
1
сабақ үстінде менің қатты ойлануым керек
1
сабақ үстінде мен сасып қаламын
0
сабақ үстінде біз мұғалімге тәуелді емеспіз
0
Бос карточкаларға оқушылардың өздері қосқан пайымдаулар
сабақ үстінде біз достарымызбен жұмыс істейміз
сабақ үстінде біз практикалық заттармен айналысамыз
сабақ үстінде біз сыйлық немесе дәм алу үшін жұмыс істейміз
сабақ үстінде біз бір сабақтан артық уақыт алатын жұмыс немесе жоба орындаймыз
сабақ үстінде біз бұрын ешқашан айналыспаған нәрсемен айналысамыз
Әр пайымдау жеке карточкаларға басылды, ол бір бірімен талқылау кезінде оқушыларға пайымдауларды басымдығына қарай, пайымдаулардың қайсысы олардың көзқарастарын аса дәл көрсететіндігіне қарай таңдауға және бөлуге ыңғайлы болды. Егер басып шығарылған пайымдаулар олардың қажеттілігіне жауап бермесе, оқушыларға бос парақтарға өз жауаптарын жазу ұсынылды.
Жаттығуды орындауға дайындық кезінде нақты пән туралы емес, жалпы ойлау қажеттілігін оқушылардың есіне салу қажет. Бұл, біздің ойымызша, оларға ойларын барынша жинақтауға және де нақты пәндер немесе мұғалімдерге ауысып кетпеуге көмектеседі.
Нәтижелер
Жалпы, біздің жұмысқа үш жергілікті үкімет органдарын қамтыған және әртүрлі әлеуметтік-экономикалық топтарға жататын алты мектептен 100-ден аса оқушылар қатысты. Жағдайларының қандай болуына қарамастан, оларда оларды оқыту үшін не жақсы болғанын анықтаумен аздаған қиыншылықтар туындап жатты, сондай-ақ олар қызықты оқытуға маңызды ықпал ететін мынадай факторлар анықтады:
жұмысынан қуанышты болу; оқытуға берілу.
оған құштар болу.
белсенді және қатыстырылған болу
рахаттану; бірге күлу және оқу.
айналадағының барлығы ашық жарқын және тәртіпті.
қамқорлық әртүрлі қырынан көрінеді.
тек қажет жағдайда ғана және қажетті деңгейде ғана күш салу.
бұдан әрі не боларын білмеу.
Олар оқыту көңілді немесе қызықты болуға тиіс екенінен басқаны көбірек айтады; олар бізге сабақ қиялға берілетіндей болуға тиіс екенін, олар қызықты бірнәрсені істеуге тиіс екенін және атмосфера қауіпсіздік сезімін беруге тиіс екенін, және қажетсіз қысымның болмауға тиіс екенін айтты.
Олардың пікірінше қандай тапсырмалар оқытуды қызықты жасайды? Бұл жерде ұзын әрі күрделі емес тізім көрсетілген (келесі бетті қараңыз). Оқушылар тамаша оқытуға жетелеген тапсырмаларды оңай атады, және әрқашан да баға берілетін позитивті тапсырмаларға көбірек көңіл бөлді.
Бұл жерде олар теріс пікір айтпауға тырысты. Әйтсе де олар үнемі бірнәрсені жазу, парақтан немесе кітаптан бірнәрселерді көшіру, тыныштықта жұмыс істеу, не үшін қажет екені түсініксіз тапсырмаларды орындаған ұнамайтыны жөнінде тапжылмай еске түсірді.
Біз жұмыс істеген оқушылар өздерінің пәніне және сабақ беруіне құштарлана қарайтын мұғалімдерді бағалады. Сондай-ақ олар әзілшіл сезімі, жас адамдарға сенетін қабілеті бар, әрқашан қатаң болмайтын, оқушыларға барлық көңілін бөлетін және көмектесуге әрдайым дайын тұратын қызметкерлерді бағалады. Әңгімелесуде тек қана мұғалім мен оқушы арасындағы жеке қатынастар туралы ғана емес, сыныптастар арасындағы жеке қатынастар туралы да егжей-тегжейлі әңгімеледі.
Оқушылар оларға тек қана тапсырмалар ықпал етіп қоймай, мұғалім тұлғасы да зор әсер ететінін мойындады. Олар оқыту ортасының негізгі жағдайлары туралы жиі айтты. Қызықты оқыту тапсырмалармен өзара байланысқан мынадай белгілердің нәтижесінде жиі туындайды:
қауіпсіз және сенімді жеке қатынастар.
мұғалім ізеттілік көрсетеді.
жұмысқа мұқият және мақсатты түрде қарайды.
мұғалім ынталылық танытады және оқушылардың қажеттіліктеріне қарай әрекет етеді.
мәжбүрлемеу атмосферасы.
оқушылар жұмыспен жеке байланысты сезіне алады.
Тағы да теріс пікірге қарағанда, оң нәтиже көп болғанын атап өтпекпіз, бірақ егер мұғалімдер өздеріне оқушыларға айқайлауға жол берсе немесе оқушылар жаман қылық жіберсе, онда оқушылардың өздері айтқандай, бұл олардың оқуына теріс әсер ететінін атап өту қажет.
Оқушылар оқытудың барлығы қызықты болуы тиісті емес деп санайды. Олар жігерлене жұмыс істеу қажеттілігін, ережелерге бағыну, жетістіктерге жету, емтихандарды тапсыру қажеттігін мойындайды, бірақ олар оқытудың нақты бір әдістері бұған оңай жетуге көмектесетіндігіне, мұны қуанышты және ұғынықты іске айналдыруға болатынына сенімді. Олар нақты нәрселер пайда болған жағдайда жақсы оқулары мүмкін екенін анықтай алды.
Оларға бөтен адаммен мұндай әңгімені жүргізу үшін терминологияны білу міндетті емес, бірақ олар мынадай эмоциялық нәтижелер туралы қызыға айтты:
оқытудың есте қалатын тәжірибелері туралы естелік.
олар бірнәрсеге жеткенін немесе бірнәрсеге үйренгенін білу сезімі
оқуды зердесінде еске түсіру қабілеті
бірнәрсені жақсы түсінуден қанағаттану мүмкіндігі
жұмысқа қатысты жағымды қарбаласты мойындау.
жұмысты аяқтағысы келмеу, жұмысқа берілу.
Оқушылар жүргізген оқытуды талдау аса қиын болды. Олар жылдам нәтижелер туралы айтуға тырыспады. Олар сыныпта немен айналысатынын, дамытатын дағдыларын, олардың өз оқуын таңдаудағы және дамытудағы орнын – бұлардың бәрін бірдей маңызды элементтер ретінде қарастырды. Олар біздің сұрақтарымызға жауап беріп, тапсырмаларды тыңғылықты және түпкілікті орындады. Олар жалпы алғанда, өз мектептерін қорғап және оң көзбен қараса да, мұны өз мектептерін немесе жекелеген адамдарды сынау мүмкіндігі ретінде санаған жоқ.
Егер мұғалімдер бұндай нәтижелерге қызығушылық танытса, онда оқушылардың басқа топтарына оқытуды зерделеу үдерісіне қатысуға мүмкіндік берудің көптеген жолдары бар. Олардың өз көзқарастары бар, және егер де олармен кеңескен болса, олар оны бағалай алар еді. Алайда оқушы көзқарасы нәтиже әкелуі үшін бір маңызды нәрсе қажет. Сұрақтарды қойғаннан кейін және кері байланысты алғаннан кейін мұның нәтижесі ретінде біз шара қолдануға тиіспіз. Біз енді басқаша істейтіндігімізге жауап беруге тиіспіз, және келесі сатыда біздің әрекетіміз бірнәрсені өзгерткенін анықтау үшін біз олардан өз пікірін тағы да сұрауға тиіспіз.
Оқыту туралы диалог үнемі жүруге тиіс. Ол тек білім саласындағы стандарттар жөніндегі комитеттің құстұмсық белгісін қоюы үшін жүргізілмеуге тиіс. Керісінше, бұл – жас адамдарда ізеттілікті тудырудың және оларға оқу жолында сенімді серіктес болуға мүмкіндік берудің тәсіл.
Ким Истон және Рон Руни Білімді дамыту қызметінің оперативті басшылары болып табылады, Дарем графтығы