Қазақстан жері қыс маусымында Сібір антициклонының тармағы мен жаз айларында азорлық антициклондық ядросының ықпалына жиі ұшырап отырады. Осыған байланысты республиканың солт-нде оңт.-батыс және батыс, ал жазда солт.-батыс бағыттан соғатын жел басым келеді. Қазақстандағы атмосф. процестер Солт. жарты шардың Атлантика – Еуразия секторының 3 ірі аумақты айналымы ықпалымен қалыптасады. Егерде циклондар мен антициклондардың алмасу жолдары ендік бағытпен өтсе, онда ол ендік бағыттағы айналым делінеді. Ендік бағыттағы айналым кезінде Қазақстанның көпшілік бөлігінде жауын-шашынның мөлш. кеміп, ауа темп-расы жоғарылайды. Республика климатының қалыптасуына оның жер бетінің әр тектілігінің де әсері болады. Қазақстандағы атмосф. циркуляциялық процестерге оңт. және оңт.-шығыстағы тау жүйелері (биікт. 4000 – 5000 м-лік) мен Каспий және Арал т-дері сияқты су айдындары да ықпалын тигізеді. Табиғи кедергі саналатын тау жүйелері атмосферадағы ендік бағыттағы шептік белдемін солт.-шығыс бағытқа қарай ойыстырып, ауа массасының заулама ағынын күшейтеді. Осы ауа массасы сонымен бірге тау бөктеріндегі жергілікті климатты қалыптастырушы тау аңғарлық ауа айналымын тудырады. Қазақстанның таулық және тау етегіндегі өңірлерінің термиялық режимі жапсарлас жатқан жазықтар жағдайына қарағанда мүлдем басқаша келеді. Таудағы темп-ра жазық жердегіден төмен келеді. Тау беткейлері төңірегіндегі ауа қабатының радиациялық салқындауынан және беткеймен төмен қарай ойысқан ауаның жылынуынан таулы аудандарда темп-раның ауытқу амплитудасы кеміп, темп-ра инверсиясы (жалпы биіктікке байланысты ауа темп-расының көтерілуі) қалыптасады. Инверсия қыс маусымында Еуропалық айналым кезінде республикаға суық ауа массаларының енуі жиілейді, темп-ра шұғыл төмендейді, жауын-шашын молаяды, жел күшейеді. Сібірлік айналымда – оңт-тен тарайтын жылы ауа массалары ұлғайып, ауа темп-расы жоғарылайды, жауын-шашын кемиді. неғұрлым күштірек қалыптасады. Тау жоталарына жақындаған сайын тік бағыттағы ауа ағыны күшейіп, жауын-шашын шұғыл артады. Орташа жылдық жауын-шашын мөлш. жазықта 100 – 200 мм болса, тау бөктерінде 500 – 600 мм-ге дейін артады. Жазық өңірлерде жылдық жауын-шашынның максимумы жаз айларында, ал тау бөктерінде жылына 2 рет (наурыз – сәуір және қараша – желтоқсан) байқалады. Су айдындары бриздік айналымды тудырады, ол құрлықта ондаған километрге ғана таралады. Орта ендік бойындағы су айдындарының солт.-шығыс жағалауында жазда жылы ылғалды ауа ағыны үстемдік етсе, оңт.-батыс жағында атмосф. суық серпіліс пайда болады. Бұл құбылысты Арал т. мен Каспийдің солт.-шығыс бөлігінен жиі-жиі байқауға болады. Су айдындарының оңт.-батыс бөлігіне қарағанда солт.-шығысында жауын-шашын 2 – 3 есе көбірек түседі. Аумақты Каспий айдыны климаттың қалыптасуына қыста ғана ықпал жасайды. Керісінше, Арал т. атмосфера айналымына жаз айларында ғана қатысады. Көлемі шағын Балқаш көлінің де атмосфера айналымына және бұлттылыққа тигізетін әсері мол. Қазақстан жеріндегі соғатын желдің орташа жылд. 4 – 4,5 мс, Каспий т-нің жағалауында 6 мс-тан астам, ал Жетісу қақпасында соғатын Ебі желінің жылд. 70 мс-қа жетеді.
[өңдеу] Климаттық белдеулерҚазақстан аумағын 4 климаттық белдеу (орманды дала, дала, шөлейт, шөл) қамтиды.
Орманды дала климаттық белдемі республиканың ылғалы ең мол бөлігі. Орташа жылдық жауын-шашын мөлш. 242 – 315 мм-ге дейін, оның 80%-ы жылдың жылы мезгілінде жауады. 10°С-тан жоғары орташа тәуліктік ауа темп-расының жылдық жиынтық мөлш. 2100°С. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақт. 160 – 170 тәулік. Ең қысқа жыл маусымы – көктем, ұзақт. 1,5 ай, жазы 3 айға созылады. Қысы ұзақ, қазаннан сәуірдің соңына дейін. Қуаңшылықтың орташа жылдық мөлш. 37 күн, кейбір жылдары 110 – 113 күнге дейін созылады.
Далалық климаттық белдем республиканың солт-ндегі біраз аймақты қамтиды. Жылдық жауын-шашын мөлш. 200 – 300 мм, оның 70 – 80%-ы жаз айларына тән. Тұрақты қар жамылғысы 140 – 160 күнге созылады, қардың орташа қалыңд. 30 см-дей. Дүлей желді күндер көп және эрозиялық процестер күшті дамыған. 10°С-тан жоғары ауаның орташа тәуліктік темп-расының жылдық жиынтық мөлш. 2100 – 2300°С. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақт. 170 – 180 тәулік. Қуаңшылықтың орташа жылдық мөлш. 69 күн. Орманды дала климаттық белдеміне қарағанда қысы және көктемі қысқа, жазы ұзақ, күзі 1 айға жуық (қыркүйектен басталады).
Шөлейт (шөлейтті дала) климаттық белдем немесе қуаң дала Қазақстанның орта бөлігіндегі жазық өңірді алып жатыр. Жылдық жауын-шашын мөлш. оңт-ке қарай 279 мм-ден 153 мм-ге дейін кемиді, оның 43 – 27%-ы жылдың суық маусымында түседі. Тұрақты қар жамылғысы 120 күндей сақталады. Қар жамылғысының қалыңдығы батыстан шығысқа қарай 20 см-ден 60 см-ге дейін артады. Ауаның орташа тәуліктік темп-расы 25°С-тан жоғары күндер саны 30 – 45, 35°С-тан жоғарғысы – 10 – 20 күн. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақт. 170 – 200 тәулік. Қысы қатал, ауа райы құбылмалы келеді, жазы ыстық, радиацияның жиынтық мөлшері тым жоғары. Аңызақ лебі кейбір жылдары айына 27 – 29 күнге созылады.
Қазақстанның таулы және тауалды аудандарының термикалық жүргісі оларға іргелес жазықтардың термикалық жүргісінен күрт ерекшеленеді. Әдетте, таулардағы температура жазықтарға қарағанда төмен және де биіктеген сайын темп-раның амплитудасы азаяды (кемиді). Сонымен қатар тауалды және таулы белдемдерде қыста, негізінен, радиац.-орограф. инверсиялар дамыған. Оған тіктеме бойынша ауа темп-расының кері жүрісі мәжбүрлейді, яғни белгілі бір биіктікке дейін темп-ра өседі. Мыс., Тянь-Шань тауларында қаңтардағы орташа инверсия теңіз деңгейінен 1300 – 1500 м биіктікке дейін таралады, одан биікте ауаның қалыпты үлестірімі қалыптасады, яғни биіктеген сайын ауаның температурасы төмендейді. Батыс Алтай тауларында көбінесе инверсиялық қабаттың жоғ. шекарасы теңіз деңгейінен 700 – 900 м биіктікте жатады, алайда таулы қазаншұңқырларда инверсиялық қабат жоғары орналасады. Жылы жарты жылдықта мұнда климаттың жергілікті ерекшеліктері айқын көрініске ие – таулық-аңғарлық айналым және фен секілді жылы желдер, олар ауа темп-расының тәуліктік жүргісіне өзіндік сипат енгізеді. Тау беткейлерінің биіктігі мен экспозициясы, бедердің тілімдену сипаты, тау аңғарларының тереңдігі мен ені, олардың өзара орналасуы және бірқатар өзге де факторлар мұндағы әр түрлі микроклиматтар мен жергілікті термикалық жағдайлардың өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасуына жағдай жасайды