Демографиялық қауіпсіздік - үздіксіз табиғи ұрпақ жалғасуының және өмір сүрудің қорғалуы. Демографиялық қауіпсіздік мемлекет пен қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси, құқықтық, өнегелік-психологиялық және басқа да тектік қорды қорғау мен дамытуға, ұлт саулығын сақтау мәселелеріне қатысты шараларды жүзеге асыруы.[1]
Қалай десек те, демографиялық қауіпсіздік мәселесі заңмен реттелуі тиіс. Мысалы, елімізде халықтың табиғи өсімі төмендеп барады. Бұл, мамандардың есебінше, демографияға төндіретін ең үлкен қауіп. Екіншіден, қазақ қартайып барады деп дабыл қаққанымызға да біраз жылдың жүзі болыпты. Яғни, табиғи өсімнің төмендеуі тиісінше халықтың қартаюына себеп болуда. Үшіншіден, ішкі және сыртқы көші-қон ағынында тепе-теңдік сақталуы тиіс. Төртіншіден, отбасылық құндылықтар жойылып, ажырасу, кәрі қыздар мен сүр бойдақтардың мәселесі де шешімін таппай келеді. Жалпы, елдің демографиялық қауіпсіздігі жайлы сөз бола қалса, әлем ғалымдары жоғарыда аталған төрт мәселені үнемі ескеру керектігін айтады.
Соңғы жиырма жылдағы халық санына қатысты мәліметтерге көз жүгіртсек, ел тәуелсіздігінің алғашқы онжылдығында халықтың табиғи өсімінің күрт төмендегенін көруге болады. Ал, кейінгі он жылдың бедерінде халық саны ойдағыдай өскен. Мысалы, 2009 жылғы ұлттық халық санағында 16 миллион 10 мың адам есепке ілінген. Одан бергі бес жылда 1 миллион адамға тағы өсіп отырмыз. Әрине, жаман жетістік емес. Алайда, халықтың бұлай көңілдегідей өсуіне табиғи өсімнен гөрі шетелдегі қандастарымыздың атажұртына оралуының ықпал жасап отырғанын естен шығармаған жөн.
Қазақстан халқының саны 17 миллионнан енді ғана асты. Алда Елбасы Н.Назарбаев бекіткен 20 миллиондық меже бар. Егер 2020 жылы 20 миллион қазақстандық болсын десек, демографиялық қауіпсіздік мәселесін кешеуілдетпеуіміз керек. Қазіргі уақытта 1980 жылдың екінші жартысында дүниеге келгендер бала сүйетін жасқа келіп, ел демографиясына айтарлықтай үлес қосуда. Алайда, бір-екі жылда бұл көрсеткіш күрт төмендеуі мүмкін. Яғни, 2015 жылдан ары қарай, 1990 жылдан кейін өмірге келген жастар отбасын құрып, бала сүйіп, халық санын көбейтуге өз үлестерін қоса бастайды. Бірақ, өздеріңіз білесіздер, бұл жылдарда өмірге келген балалардың саны тым аз. Сол бір тоқырау жылдары көптеген әйел бала тууды тоқтатқан-ды. Демек, алдағы жылдарда демографиялық ахуалымыз мақтанарлықтай болмайды. Сондықтан, демографиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін заң қабылдайтын кез келді. Бұл заң жастарды мейлінше көпбалалы болуға ынталандырып, олардың дендерінің саулығы мен әлеуметтік әлеуетін арттыруды көздеуі тиіс. Әсіресе, көпбалалы отбасылардың баспана мәселесін шешудің оңтайлы жолдары қарастырылса деймін. Өйткені, бүгінгі күндері бала санын шектеу кең етек алып барады. Негізі, бала туу көрсеткіші ауыл жақта оң бағаға ие. Сондықтан, жастарымыздың жаппай қалаға қарай ағылуына жол бермеуіміз керек. Осының бәрі жаңа заңда көрініс тапса деймін. Заң болмаса да, демографиялық саясатымызбен айналысатын ұлттық бағдарлама қажет сияқты.
1988 жылдың күзінде Казахстанская правда газетіне осындай тақырыппен көпшілікке арналған О чем не ведали обществоведы деген ғылыми мақала әзірленді. Ондағы мақсат ұлттық республиканың шыққан этнодемографиялық тегіне балта шапқан Қазақстандағы қаралы кезеңнің қасіретін орыс тілді оқырмандарға жеткізу еді. Бірақ оның орнына 1989 жылдың 14-17 қаңтары аралығында газеттің бетінде ресми түрде сірескен тақырыппен партия тарихшыларының үлкен мақалалары жарияланды. Онда Голощекиннің қасақана ұйымдастырған ашаршылығы кезінде құрбан болғандардың саны әдейі екі еседей азайтылып көрсетілді. Былайша айтқанда орталық партократия өкілінің қазақ халқының алдындағы ауыр кешірілмес күнәсін екі еседен артық жеңілдетті деген сөз.
Мұндай үлкен ғылыми оғаштықты СОКП тарихшылары демографиялық зерттеу әдісін білмегендіктен ғана жіберген деу шындыққа жанаспайды. Себебі, олар бұдан да, қазіргі кезеңнің өзінде де Қазақстандағы ашаршылық жылдарында 2,5 миллион адамның (оның 2,3 миллионы тек қазақтар) жазықсыздан қырылуына себепкер болған сол кездегі ВКП (б)-ның өлкелік партия ұйымы мен Орталық комитеттің кінәсін енді жасыра алмаса да, қалайда жеңілдетуге тырысып келген болатын. Тіпті, партия тарихшылары ғылыми-санақ (статистика) есебін айлакерлікпен әдейі бұрмалап, әміршілдікпен асығыс жүргізілген саяси-әлеуметтік науқан кезіндегі адам шығынын екі есе төмендетіп көрсетуге тырысты. Олар жариялылыққа дейін де осындай партия жолын дәріптеуге әбден машықтанған қолжаулық ғалымдар тобын құрады.
Кейінгі кезде ізденімпаз жас зерттеушілеріміздің (Ә.Ғалиев, Т.Омарбеков, М.Қойгелдиев т.б. арқасында көптеген архив деректері табылды. Ол деректер бойынша біздің бұрынғы ғылыми демографиялық талдауларымыз расқа шықты. Мысалы, 1924 жылғы болжам бойынша 1932 жылы Қазақстандағы ауыл-село халқының саны 4,2 миллион адам болуға тиіс еді. Ал 1933 жылдың ортасында жүргізген ресми сынаққа республика басшылары қанша қосып жазуға тырысып, өлген адамдардың санын азайтқысы келгенімен, ауылдық жерде тірі қалғаң адамдардың санын 1,5 миллионнан асыра алмады. Қазақстанда ашаршылықтан 2,54 миллион адам өлді деген дерек шындыққа өте жақындайды. 1926 жылғы халық санағынан кейін құрбан болған адамдардың санын 1937 жылға дейін қалпына келтіре алмаған қазақстандық төрт ұлт туралы мынадай деректер келтіруге болады. 1926-1937 ж.ж. қазақтар — 3,627,6 мыңнан 2,181,5 мыңға дейін, украиндар-860,2 мыңнан 549,6 мыңға дейін, ұйғырлар-63,4 мыңнан 33,4 мыңға дейін өзбектер 129,4 мыңнан 110,0 мыңға дейін кеміп кетті.
Ал басқа ұлттарға келетін болсақ (орыс, неміс, татар, белорусь), олар ашашылықтан кейін қаңырап бос қалған қазақстан жеріне күштеп қоныстандырылды. Сөйтіп, бұрынғы олқылықтарының орнын толтырып қана қоймай, келімсектердің саны онан сайын қаулап өсе түсті. Алайда, біздің қоғамтанушы ғалымдарымыз күні бүгінге дейін орталықтың ерікті коллективтендіру, жедел индустрияландыру саясатының кесірінен Қазақстанның байырғы халқының мүлдем азшылыққа айналғандығын түсінгілері келмеді.
Сталин мен Голощекин бір халықты қырып-жойып құрту арқылы екінші халықтың өркендеуіне ашықтан-ашық жол ашты. Соның бір мысалы, қазақтың малын конфискелеп, бүкіл орта Азияны отырықшы тұрақты егіс алқабына айналдыру болып табылады.
Қорыта айтқанда бірқатар қоғамтанушы ғалымдарымыз Голощекиндік геноцид-әміршіл зұлматтың зардабынан күні бүгінге дейін қазақ халқының ұлттық дамуы демографиялық детерменизм, яғни санға тәуелділік жағдайында қалып қойғанын өз мақалаларында дұрыс ұғына алмаған. Сол демографиялық кәріптікті жеңіп, дертті жазбайынша қазақты ұшпаққа шығара алмаймыз. Қазақстан республикасының жан-жақты дамуы демографиялық детерменизм жағдайында тұр.
Қазақстандағы ерлер мен әйелдер саны салыстырмалы түрде тең дәрежеде. Ер балалардың дүниеге келуі басым болғанымен, әйелдер саны 30-34 жастан бастап айтарлықтай көбейеді, 60-69 жаста бір жарым есе, 70 жаста 3 есе артады. Тұтастай алмағанда, республикада әйелдер саны ерлерден басым.
Қазақ халқы жас ұлтқа жатады. Оның жас айырымдық құрылымында 9 жасқа дейінгі балалар 22,0 %, ал тұтастай алғанда, 19 жасқа дейінгі жастар 43,9 %; 60 және одан жоғары жастағы тұрғындар үлесі-6,1%. Орташа арифметикалық жас небәрі 25 жас. Басқаша айтқанда, қазақ халқының басым бөлігі-балалар мен жастар.
Қазақстан тұрғындарының бейімділік индексі және сауаттылық көрсеткіші өте биік деңгейде. Мысалы, 19901991 оқу жылы Қазақстандағы 55 жоғары оқу орнының саны 163-ке, ал ондағы оқитындар саны 365,4 мың адамға жетті.
Соңғы онжылдықта жергілікті тұрғындардың білім алуында серпіліс пайда болды. Әрбір 1000 адамның 126-сы жоғары білімді. Әсіресе, студенттер санының қазақ жастары есебінен күрт өсуі 90-жылдардың басынан басталды. Қазіргі кезде жоғары оқу орындарындағы қазақ студенттер саны тұрақтанып келеді. Бұл күнде олардың жоғары оқу орындарындағы үлесі 67 %, бұдан жоғары өсуі онша көп емес.
Қазақстан тұрғындары білімінің жоғары деңгейі, бір жағынан, еңбекке орналастырудың шектеулі мүмкіндігін, екінші жағынан, бәсекелестікті тудырып, халық шаруашылығында жұмыс істейтін мамандардың кәсіптік деңгейінің көтерілуіне ықпал етті. Экономика саласында еңбек ететіндер арасындағы жоғары және орта арнаулы білімділер үлесі айтарлықтай өсті: егер 1989 ж. 1000 адамға шаққанда жоғары білімділер саны орта есеппен 130 адам болған болса, 1999 ж. — 212; орта арнаулы білімділер тиісінше 234 және 296 болды. Тек орта немесе толық емес орта біліммен еңбек ететіндер саны бір жарым есе азайды.
Қазіргі кезде мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерде 3101,4 мың оқушы оқиды, олардың 1661,3 мыңы ауылдық жерлерде білім алуда.
1997 ж. республикадағы жалпы білім беретін жеке меншік (мемлекеттік емес) мектеп саны 124 болды, онда 13,5 мың оқушы оқиды.
Қазіргі кезде Қазақстанда 3455 мектеп мемлекеттік тілде жұмыс істейді. Онда 1530,1 мың оқушы оқиды. Сонымен бірге 2522 сабақ орыс тілінде жүргізілетін мектеп (1461,4 мың оқушы); 78 өзбек (77,2 мың оқушы); 14 ұйғыр (22,3 мың оқушы); 3 тәжік (2,5 мың оқушы); 1 украин (0,1 мың оқушы) тілдерінде сабақ жүргізілетін мектептер және аралас тілде оқытатын 2112 мектеп бар.
Қазақстан үшін табиғи өсім тұрғындар саны өсуінің негізгі көзі болып табылады.
Табиғи өсім қазақ халқы өсімінің басты факторы болып қала береді. Мысалы, қазақтардың табиғи оң өсімі 1989 ж. Қазақстан тұрғындарынан бүкіл табиғи өсімінің 63,5% -ін құраған болса, 1991ж.-72,4%, 1993ж.-88,2%, 1995 ж. -88,0 % болды.
Отбасы құрамына жасалған талдау көрсеткеніндей жұбайлардың, әсіресе жастардың әлеуметтік-білім деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым аз балалы болуға деген ұмтылыс айқын байқалады. Әдетте орта арнаулы немесе жоғары білімі бар әйелдер тек отбасылық міндеттермен шектеліп қалмай, өздерінің жұбайларымен тең құқылы болуға ырысады, соған орай өндіріс саласына көп уақытын жібереді. Олар бос уақыттарында өздерінің жұбайлары сияқты және шамаларына қарай білім алуға және баларларының дұрыс дамып жетілуі үшін олардың тәрбиесіне көңіл бөлуге барынша тырысады.
Қазақстан экономикасындағы өзгерістер еңбек рыногының қалыптасуына айрықша ықпал етті. Экономикалық реформа жылдары республикада жұмыс күшін пайдаланудың жаңа шартары анықталды. Қазіргі кезде экономика саласында еңбек етушілерге акционерлік қоғамдарда, мемлекеттік кәсіпорындарда (мекемелерде, ұйымдарда), меншік түріне қарамастан шағын және біріккен ұйымдарда, шаруа қожалығында жұмыс істейтіндер, сондай-ақ, жеке еңбек қызметімен, жеке қосалқы шаруашылықтарда және жеке адамдарға қызмет ететін адамдар жатады.
Нарықтық экономика барысында қосымша жұмыс істеу үрдісі кең тарала бастады. Қоғамда бірнеше жұмысты ұштастыра шектеусіз атқару, жұмыстарды үйде орындау, қосымша табыс көздерін табу мен іздестіру мүмкіндіктері пайда болды.
Қосымша жұмыс бастылық, әсіресе, шағын кәсіпорындарда кең таралған. Мәселен, 1997 ж. мұнда 26,5 мың адам немесе барлық жұмыс істеушілердің 12%-і, есепті жылдың қаңтар-маусым айларында 23 мыңнан астам адам немесе 11%-і шарт бойынша және қосарлы жұмыс істеген.
Қазіргі уақытта қоғамда ең алдымен меншік нысанының өзгеруі мен еңбек ұжымдары мүшелерінің меншік қатынастарына қатысуына байланысты жаңа еңбек қатынастары қалыптасып дамып келеді.
Республикада жұмысшы күшін қайта бөлу үрдісі жүруде, яғни, жалдамалы жұмысшылардың саны азайып, өзінің жеке ісінде (жалданбай жұмыс істейтін) қызмет атқаратын немесе дербес жұмыс істейтін адамдар саны артуда. Мәселен, 1995-1999 ж.ж. аралығында бұл категорияның саны 2,5 есе өскен, егер 1995 ж. олар еңбек қорларының 11,7% -ін құраса, 1999 ж. 3 1,9 %-ке жеткен.
Ұлттық байлық дегенiмiз адам капиталы, табиғи капитал және қаржы капиталы деп аталатын үш құрамдас дүниеден тұратыны жалпы жұртқа белгiлi. Кеңестiк кезеңде еңбек ресустарын ұдайы дамытуға назар аударылып, ақшаны аяған жоқ. Кез келген мемлекеттiң тұрақты дамуы экономиканың дамуы мен адам адам дамуының арасындағы теңестiрiлуi ақылға қонымдылығы мен айқындалады.
Бiздiң елiмiзде адам әулетiнiң дамуының индексi бойынша дүние жүзiнде 76 орында болды, ал 2005 жылғы индексi бойынша бiз 61 орынға тұрақтадық. Президентiмiздiң биылғы жылғы жолдауы бойынша елiмiз дамығын 50 мемлекеттiң қатарына қосылуы тиiстi. Бұл жетiстiкке жету мына үш компоненттентке байланысты: бiрiншiден өмiрiнiң орташа ұзақтығының көрсеткiшiнен; екiншiден бiлiмдiлiктің деңгейiнiң көрсеткiшiнен; үшiншiден халықтың жан басына шаққандағы ЖlӨ көрсеткiшiне байланысты. Егер өмiрдiң ұзақтығы деңгейiнiң көрсеткiшi және халықтың жан басына шаққандағы ЖlӨ көрсеткiшiн алатын болсақ онда бiзде iргерiлеушiлiк бар, ал өмiрдiң алдыңғы орташа ұзақтығы көрсеткiшi бойынша кейбiр дамушы елдердiң өзiнен де қалып келемiз. Осы проблеманы жалпы әлемдiк үрдiс призмасы арқылы талдау жасау жаңа мың жылдықтың басында әрбiр елдiң демографиялық проблемасы негiзiнде дербес, олардың өзiндiк даму ерекшелiктерiне сай жүргiзiлуде.
Дүние жүзiлiк банктың болжамы бойынша әлем халқының саны 2030 жылға қарай 8,5 миллиард адамға өседi. Шет елдердiң ғалымдары атап көрсеткендей Дүние жүзiлiк банктың бұл болжамындағы қорқытатын мәселе- әлем халықтарының санының айтарлықтай өсуi емес, жоғарыда айтылған 8,5 миллиард адамның 2 миллиарды күндiк табысы 2 доллардан аспайтын елде туылуы едi. Бұл арзан жұмыс күшiнiң дамыған елдерге ағылуына әкелiп соқтырады. Бұл әлемде демографиялық, экологиялық, жұмыссыздық деңгейiнiң өсуiне әкелiп соқтырады
Қазақстан аумағы жөнiнен дүние жүзiндегi аса iрi елдердiң ондығына кiредi, ал халқының саны жөнiнен шағын елдердiң санатына жатады. 2003 жылғы бiрiншi қаңтардағы жағдай бойынша халықтың саны—15000000 адамға жеттi, ал халықтың тығыздығы бiр шаршы шақырымға небары 5,4 адамнан ғана келедi.
Айтарлықтай ұзақ кезең iшiнде ,1960 жылдардан бастап, Қазақстанның демографиялық даму тұрақтылығымен, халық санының жоғары өсуiмен сипатталды. 1992 жылы республикадағы халықтың саны ең жоғарғы деңгейге жетiп 16 миллион 452 мың адамға жеттi. Алайда соңғы жылдарда мемлекетiмiздiң демографиялық дамуында келеңсiз үрдiс байқалуда.
Тек соңғы санақ кезеңi аралығында (1989-1999жж) Қазақстан халқының саны 1 миллион 246 мың адамға азайды. Қазақстан Республикасының статистика агенгттiгiнiң деректерi бойынша 1991 жылмен салыстырғанда 2002 жылы халық санының айырмашылығы 1 миллион 495,7 мың адам болды.
Егемендiкке қол жеткiзу қоғамды демократияландыру және елiмiздiң өмiрiнiң әр түрлi саларында реформалардың басталуы демограиялық ақуалдың саяси фактор ықпалында болуына себепшi болды. Оның демографиялық ақуалға ықпалы, атап айқанда, еркiн кiрiп-шығу, әртүрлi үкiмет аралық келiсiмдер Қазақстаннан немiстердiң және басқа ұлттардың өкiлдерiнiң айтарлықтай көп кетiп қалуына ықпал жасады.
Елiмiздiң демографиялық ақуалына әлеуметтiк-экономикалық факторлар тобыда айтарлықтай ыєпал еттi. Бұған, бiрiншi кезекте, материалдық әл-ауқат, денсаулық сақтау және бiлiм беру деңгейiн жатқызған жөн. жұмыссыздық салдарынан тұрмыс деңгейiнiң төмендеуi, тiршiлiк етуге қажеттi материалдық қаражаттың азаюы, елдегi демографиялық ахуалға айтарлықтай әсер еттi, соңғы жылдар iшiнде бала туудың азаюы, өлiмнiң көбеюi және халықтың көшi–қон жағдайымен кетiп қалу қолайсыз деп бағаланып отыр.
Бала туу көрсеткiшiне неке отбасы қатынасы күштi әсер етедi. Статистика деректерi некенге тұру азайып бара жатқанын көрсетедi. Мысалы 1990 жылы неке қию саны 164 мың болған болса, ал 2002 жылы 99 мың болып едауiр азайды.
Ажырасу саны да көп болып отыр, 2002 жылы оның саны 31200 болды. Ең көп ажырасу қалаларда тiркелген, бұл орайда ерлi-зайыптылардың екеуiде өсiп-өнетiн жастағылар, мұның өзi бала туудың өсуiне терiс әсерiн тигiзуде.
Бала туудың шырєау шыңы 1987 жылға тура келедi, ол жылы 417000 сәби дүниеге келдi немесе 1000 адамға 25,7 –ден келедi. 1999 жылы ХХ ғасырдың соңғы 10 жылында бала туудың ең төменгi деңгейi байқалды., Бала туу коэфицентi 1000 адамға 8,2 дан 10,1-ге өстi.(2002 жылы-10,2)
Қазақстанда табиғи өсiм қарқынды төмендеуi байқалады. Соңғы жылдарда некеге тұру жасы едәуiр ұлғайды. Осы жаңдайлардың барлығы табиғи өсiмдi тежейдi.
Бала туудың азаюы және өлiмнiң көбеюiнiң салдарынан соңғы 12 жылда (1990-2002ж.ж.) халықтың табиғи өсiмi 3 есе азайып кеттi.
Халықтың жынысы бойынша құрылымы негiзiнен демографиялық немесе әлеуметтiк-экономикалық факторлардың әсерi мен қалыптасады. Қазақстанда жыныстық арақатынас әйелдер үлесiнiң аздаған басымдылығы мен қалыптасып отыр.
Қазақстан Республикасының бiрiнші ұµлттыє санағының қортындысы республикада бұрынғыша әйелдер санының еркектер санынан басымдығы және 77751343 әйел бар немесе олар халықтың 51,8 пайызы екендiгiн көрсетедi. 2002 жылы республикада өмiрдiң орташа ұзақтығы 65,5 жас болды. Бұл көрсеткiш еркектер ұшiн-59,5жас, әйелдер үшiн 71,3 жас, яғни еркектер әйелдерге қарағанда онбiр жарым жас кем жасайды. Бұл өлiм деңгейiнiң жоғарылығын көрсетедi. Ал Қазақстан Республикасында өлiмнiң көптiгiне еркектер өлiмiнiң көрсеткiшiнiң жоғарылығы себепшi болып отыр, әйелдердiң өлiмiне қарағанда еркектер өлiмi жарақаттану, улану, жазатайым жағдай салдарынан 4,9 есе, тыныс органдары ауруларынан 3,9 есе, қан айналысы жүйесi ауруларынан 1,4 есе көп, Еңбекке қабiлеттi жаста қайтыс болған еркектер өлімi себебiнiң 80 пайызы осы көрсеткiштерiнiң үлесiне тиедi, Кiсi қолынан өлу себептерi жөнiнен Қазақстан Еуропада, Орталық Азия аймағында (Ресейден кейiн) 2-орында , сыртқы жағдайлармен уланудан 3-орында. өзiн-өзi өлтiру себептерi бойынша өлiм көрсеткiшi жоғары. Сондықтан бiздiң халықтың тектiк қорын сақтау, оның iшiнде еркектердiң денсаулығына ерекше назар аудару мемлекетiмiздiң бiрiншi дәрежелi мiндетi болмақ. Оның үстiне бiздiң еркектер дамушы елдердегi еркектерге қарағанда 3 жас, дамыған елдерге қарағанда 11 жас кем өмiр сүредi.
Ана өлiмi де алаңдаушылық туғызады. Дүние жүзiнiң денсаулық сақтау ұйымының анықтауы бойынша ана өлiмi дегенiмiз—әйелдердiң жүктiлiк кезеңiндегi немесе қандайда бiр себеппен жүктiлiктен кейiнгi 42 күннен соң қайтыс болуы. Ана өлiмiнiң деңгейi Қазақстанда 1999 жылы 10000 тiрi туғанның 105-i өлі болды. Бұл көрсеткiш өткен жылмен салыстырғанда бiршама азайғанымен әлiде жоғары қалпында қалып отыр. Жүктiлiк пен бала туу ауруының асқынуы ана өлiмiнiң негiзгi себебiне айналды, ол барлық өлiмнiң 29 пайызы. Қазақстанда аборт жасату саны Еуро Одақ елдерiнендегiден орташа алғанда үш есе көп.
Сәбилер өлiмiнiң коэфициентi 1996 жылғы 25,4 тен-2002 жылғы 17-ге едёуiр азайды. Сонымен қатар бiрқатар облыстарда сәбилер өлiмi орташа республиалық деңгейден асып кететiн деңгейде болып отыр. Неғұрлым алаңдататын жағдай Қызылорда (24,1), Павлодарда (21,5), Маңғыстауда (21,0) облыстарында қалыптасуында бұл медициналық және әлеуметтiк қамтамассыз етудiң, әсiресе ауылдық жерлерде жеткiлiксiз деңгейi жағдайында бала туудың көптiгiмен байланыста. Салыстырмалы түрде сәбилер өлiмiнiң аздығы байқалып отырған Алматы облысында, дүниеге келген әрбiр мың сәбидiң бiр жас кезiнде 11,3-i, Ақмола облысында-12,9-ы шетiнеген. Сәбилер өлiмiнiң себептерiнiң iшiнде бала туатын кезеңде туындаған жағдай 1-орында, тыныс органдары аурулары 2-орында, туа бiткен аномалия-3-орында.
Елде қалыптасқан демографиялық ақуалға бала туу, өлiм, табиғт өсiм, неке және ажырасу сияқты демографялық факторлар ғана емес, КСРО тарағаннан кейiн жандана түскен көшi-қон процесi елеулi әсер етедi.
Көшi-қон қозғалысының шырқау шыңы –республикада 480,8 мың адам көшiп кетiп небары 70,4 мың адам көшiп келген бұл 1994 жылғы санақ бойынша. 1995 жылдан бастап көшi-қон белсеңдiгi бәсеңдей бастады, 1997 жылдың өзiнде көшi-қон сольдосы-261,4 мың адам болса, ал 2000 жыы бұл көрсеткiш—123,2 мың адамға тең болды, 2001 жыл iшiнде көшi-қон сальдосы-94,249 мың адам болды, бұл 2000 жылмен салыстырғанда 28591 мың адамға аз. Эмигранттар құрамында ТМД шегiнен тыс жерлерге кетушiлер едәуiр азайды. Көшiп келуде байырғы емес ұлтар өкiлдерi санының көбеюi байқалды. Халықтың эмиграциясы, бiрiншiден халықтың жалпы санын азайтады, екiншiден еңбек және генеративтiк әлеуеттi төмендетедi.Өйткенi эмиграцияға кетушiлердiң үштен – екiсi жас және еңбек жасындағы қабiлеттi адамдар. Сондықтан демографиялық процесттердi дамытуда сыртқы және iшкi көшi-қон шешушi роль атқарады.
Эмингрантар саны азайып келе жатыр, Қазақстаннан көшiп кетушiлер саны 1994 жылмен салыстырғанда 2002 жылы 360,7 мыңға азайып, ол 120,1 мың адам болды. Сырқы көшi-қонның маңызды бөлiгiн Қазақстанның геосаяси және экономикалық жағдайынан туындаған көшiп келу құрайды.
Егер өткен жылдарда көшiп-келушiлердiң негiзгi легi оралмандар болса, ендi қайтып көшiп келушiлер (реэмигранттар) көбейiп келедi. 2002 жылы көшiп келушiлер 57965 адам болса , бұл көрсеткiш 2001 жылмен салыстырғанда 8 пайызға көп.
Елiмiзге оралмандардың келуiн реттеу және оларды одан әрi жайластыру мақсатында жыл сайын көшiп келу квотасы бекiтiледi. Президентiмiздiң жарлығы мен 2003 жылғы 5 мың отбасыға квотва бөлiнсе , 2004 жылға арналған квота 10000 отбасыға, 2005 жылы квота 15 000 отбасыға бөлiндi. Көшi-қон саясатының маңызды аспектiсi барған сайын жанданып, iшкi көшi-қонды реттеуге болады. Адамдар ауылдық жерлерден қалаға көшуде, экологиялық қолайсыз жерлерден қолайлы аймақтарға көшуi артуда.
Көшу әркiмнiң өз күшiмен мемлекеттiң қолдауынсыз жүрiп жатыр.
Халықтың әсiресе жастардың қалаларға қоныс аударуы олардың өсiп-өну жағдайының келеңсiз өзгерiстерге ұшырауына алып келедi.
Демографиялық дамуда қазiргi үрдiс сақталған жағдайда елдiң қорғаныс қабiлетiн және мемлекеттiк қауiпсiздiгiн қатамассыз етуге қатер төнедi.
Демографиялық саясаттың көкей кестiлiгi-ең алдымен, оның елдiң экономикасы мен әлеуметтiк саяси қауiпсiздiгiне әсер ететiн аса маңызды факторлардың бiрi екендiгiнде онда мемлекетiң қоғамның және адамның өмiрлiк маңызды мүделерi тығыз астасқан. “Қазақстан 2030” стратегиясында күштi демографиялық саясат елiмiздiң ұлттық қауiпсiздiгiнiң басым дәрежесi деңгейiнде көтерiлдi.
Елiмiздiң президентi Нұрсұлтан Назарбаевтiң 2003 жылғы жолдауында 2015 жылға қарай Қазақстанның халқының санын 20 миллионға жеткiзу мiндетiн қойды.
Жоғарыда баяндалғанды негiзге ала отырып Қазақстанның демографиялық саясатының преспиктивасын қалай жасау керек? Демография саласында, оның стратегиялық мақсаттарын негiзге ала отырып, қандай көзқарасты таңдауымыз керек?
Қазақстан Республикасының көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi өзiнiң құзыретiндегi және мүмкiндiгi шегiндегi демографиялық және көшi-қон саясатының күрделi проблемасын шешу жөнiнде жұмыстар жүргiзiлуе.
Елiмiзде қалыптасқан демографиялық ақуал, демографиялық даму заңды тұрғыдан қамтамассыз етудi талап етедi. Осыған байланысты “Қазақстан Республикасының демографиялық қауiпсiздiгi туралы” Заң қабылдаған дұрыс болар едi. Ол елiмiздiң демографиялық қауiпсiздiгiн қамтамассыз етудiң құқтық және ұйымдық негiзiн қалыптастыратын едi.
“Демографиялық қауiпсiздiк” деген ұғымдағы мемлекет пен қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуының демографиялық қатерден қорғалуының жай күйi деп түсiнген жөн, бұл орайда елдiң дамуы оның демографиялық мүддесiне сәйкес қамтамассыз етiледi.
Депопуляция халықтың қартаюы, реттелмеген көшi-қон процестерi, отбасы институтының азып тозуы сияқты ықтимал демографиялық қауiпсiздiгiне әсер етуi және тұрақты дамуына терiс ықпал ету мұмкiн екендiгiн атап көрсеткен жөн.
Елдегi өте қолайсыз демографиялық ахуалды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Көшi-қон және Демография жөнiнде агенттiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк демографиялық саясатының тұжырымдамасын әзiрледi, Оны Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демографиялық агенттiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк демграфиялық саясатының тұжырымдамасын әзiрледi. Оны Қазақстан Республикасыныңүкiметi 2000 жылғы 17 тамыздағы N1272 қаулысымен мақұлдады.
Бұрын демограияны дамыту жөніндегі тұжырымдаманы да, бағдарламаны да іс-қимыл жоспарыда болмаған. Тұжырымдама дегеніміз- демографиялық дамудың ғылыми негізделген идеологиясы, онда демографиялық процестердің мәні мен маңызы , ұғымы және біріңғай мемлекеттік демографиялық саясатты қалыптастыру ашып көрсетілген .
Демографиялық саясат тұжырымдамасы елдегі ахуалға байланысты қамтиды және демографиялық саясатты іске асырудың өзара байланысқан принциптерінің байланысқан басымдықтары негізгі бағыт болып табылады. Бұнда еліміздің қазіргі заманғы геосаяси ақиқаты ескеріле отырып , демографиялық процестерді реттеудің мақсаттары мен міндеттеріне негіздеме беріледі.
Тұжырымдама негізінде Агенттік Қазақстан Республикасы Демографиялық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы жүргізілді. Ол Қазақстан Республикасы үкіметінің 2001 жылғы 20 қазандағы N1380 қаулысымен бекітілді.
Агенттік Қазақстан Республикасының Демографиялық және көші-қон дамуының 2004-2010 жылдарға арналған бағдарлама жасады.
Бағдарламаның негізгі мақсаты-еліміздегі демографиялық ақуалды тұрақтандыру мен жақсарту, елдің мемлекеттік қауіпсіздігін нығайту, мемлеттің бұдан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуын адам әулетімен қамтамассыз ету.
Бағдарламаның міндеті –демографиялық процестердегі келеңсіз үрдістерді еңсеру үшін кешенді шешімдерді әзірлеумен іске асыру және осының негізінде барлық демографиялық көрсеткіштердің оңды өзгерістеріне қол жеткізу. Бұлар:
—Ана мен баланы қорғау, бала туу мен оның өсуін тұрақтандыру;
—өлімді азайту, халықтың денсаулық жағдайын жақсарту;
—отбасы институтын нығайту;
—бұрынғы отандастарымыздың елге оралыуына және олардың бейімделуіне жәрдемдесу. Қазастанның қазіргі заманғы демографиялық саясаттың мақсаттарының ішінде халық өлімінің деңгейін төмендету, оның денсаулығын жақсарту, балалардың және ересектердің өмір сүру қабілетін қолдау , өмірдің ұзақтығын арттыру басым мақсаттар деп есептелуге тиіс.
Демографиялық ақуалды жақсартуда бала тууды ынталандырудыњ едәуір маңызы зор. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Демографиялық және көші-қон саясатының бағдарламасында мынадай шаралар көзделген:
Кезең-кезеңі мен экономикалық ынталандыруды қолдану арқылы бала тууды өсіру:
—Бала туылған кезде 15 еселенген АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы төлеу;
—Екінші бала туылған кезде-25 АЕК;
—үшінші және одан кейінгі балалар туылғанда-35 АЕК;
—баланы күтіп бағуға бір жарым жылға дейінгі жәрдемақы-айына үш АЕК мөлшерінде:
—жүкті әйелдерге негізгі тағам өнімдерін сатып алу үшін тоқсан сайынғы жәрдем ақы-екі ең төменгі жалақы мөлшерінде;
—Ерте жүктілік мерзімінде есепке тұрғандарға бір жолғы жәрдемақы-ең төменгі жалақы мөлшерінде;
—үш жєне одан көп баласы бар әйелдерге баласы 12 жасқа толғанға дейін ай сайынғы жәрдемақы—бір ең төменгі жалақы мөлшерінде төлеу;
—жас отбасыларға әрбір бала туылғаннан кейін бір бөлігін есептеп шығарып отыру тәртібімен тұрғын үй кредитін беру-әрбір бала туғаннан кейін кредиттің алғашқы сумасының 20 пайызы мөлшерінде алып тастау;
—бес және одан көп баласы барларды табыс салығынан босату;
—баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған адамды табыс салығынан босату;
—үш және оданда көп балалы отбасыларды көп балалы отбасы деп есептеу;
—жүктілігіне, тууына және баланы күтіп бағуына байланысты әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін (20АЕК дейін) және демалыс мерзімін ұлғайту;
—бала ауырып қалған жағдайда ауырғандығы туралы параққа төлемақы беру.
Бағәарламаны іске асыру әлеуметтік-демографиялық саясат мәселелерді жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді көздейді. Елімздің демографиялық жағдайын түбегейлі жақсартуға бағытталған заң актілері қабыданған болатын. “Қазақстан Республикасының демографиялық қауіпсіздігі туралы” Қазақстан Республикасы заңының жобасы әзірлеу жосапарланып отыр,
“Халықтың көші-қоны” туралы Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер енгізілді.
Бағдарламаның іске асырылап жатқан әлеуметтік салалары, үкімет қаулысының қабылдануына мүмкіндік туғызды.
Бағдарламаның іске асыру процесін оралымды басқаруды Қазақстан Республикасы Көші-қон демография жөніндегі агенттігі қамтамассыз етеді.
Бағдарламаны толық іске асыру және онда көзделген барлық шараларды қолдану нәтижесінде барлық демографиялық көрсеткіштерді тұрақтандыруға қол жететін болады. Халықтың саны жағынан да сапасы жағынан да одан әрі өсуі жүзеге асатын болды және сол арқылы Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы қамтамассыз етіледі. Бағдарламаның іске асырылуы 2015 жылға қарай Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетуіне негіз қалайды.
Экономикалық қауіпсіздік - тұрақты экономикалық өсу, қоғамдық қажеттердің тиімді түрде қанағаттандырылуы, басқарудың жоғары сапасы, экономикалық мүдделердің ұлттық және халықаралық деңгейлерде қорғалуы қамтамасыз етілетін жай-күйі. Экономикалық қауіпсіздік - ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі, оның іргетасы, материалдық негізі. Тарихи және қисынды тұрғыда Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттіліктің қалыптасуымен, қоғамның экономикалық мүдделерін сезінумен катар пайда болады. Экономикалық қауіпсіздік объектілері - жалпы елдің экономикалық жүйесі, сондай- ақ оның құрамдас элементтері: табиғи байлықтары, өндірістік және бейөндірістік қорлары, жылжымайтын мүлік, қаржы ресурстары, адами ресурстар, шаруашылық құрылымдар, отбасы, адамның жеке басы, т.б. Экономикалық қауіпсіздікке төнген қатер - елдің шаруашылығына келеңсіз әсерін тигізетін, жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің экономикалық мүдделеріне нұқсан келтіретін құбылыстар мен үдерістер.
Экономикалық қатерлер ең жалпы түрде алғанда ішкі және сыртқы қатерлер сиякты біріккен белгілері бойынша жіктелуі мүмкін. Экономикалық қауіпсіздік көрсеткіштері - жалпы экономикалық жүйенің жай- күйі, оның орнықтылығы мен жұмылғыштығы туралы жалпы түсінік беретін ең елеулі параметрлер. Оның маңызды көрсеткіштері: жалпы ішкі өнімнің өсуі, тұрмыс деңгейі мен сапасы, инфляция қарқыны, жұмыссыздық нормасы, экономиканың құрылымы, халықтың мүліктік жағынан жіктелуі, экономиканың қылмыстық сипат алуы, шаруашылыктың техникалық базасының жай- күйі, бәсекелесуге қабілеттілік, импортқа тәуелділік, ішкі және сыртқы борыш, т.б. Экономикалық қауіпсіздіктің шекті мәні - сақталмауы экономиканы күйрететін, елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайды ушықтыратын шекті шама. Бұл орайда Экономикалық қауіпсіздіктің нақты жай-күйін сипаттау үшін көрсеткіштердің өзінің емес, оның шегінің маңызы зор. Бұл шектің шамасы экономиканың дамуы деңгейіне, қалыптаскан дәстүрлерге, ағымдағы шаруашылық жағдайға байланысты. Көрсеткіштер жүйесі мен олардың шекті мәнін әзірлеу - экономика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары - қауіпсіздікке төнген ішкі және сыртқы қатерлерге жол бермеуге бағытталған тәсілдердің, саналы іс-қимылдардың жиынтығы. Экономикалық қауіпсіздіктің мемлекеттік стратегиясында мынадай шараларды бөліп көрсетуге болады: Экономикалық қауіпсіздікке төнген қатерлерді айқындайтын факторлардың мониторингі; қауіпсіздік өлшемдер мен параметрлерін әзірлеу; елдің Экономикалық қауіпсіздігін мемлекеттің қамтамасыз етуі жөніндегі қызметі. Бұл мәселені шешу үшін арнаулы әдістер де қолданылады. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекеттің айрықша міндеті.[1]
Кез келген мемлекет үшін өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қашан да өзекті. Жаһандану үрдісі күшейген сайын ұлттық қауіпсіздік, әсіресе экономикалық қауіпсіздік мәселесі ерекше маңызға ие болып отыр:
Экономикалық қауіпсіздікөйткені оны қамтамасыз етудің бірден-бір көрсеткіші – ұлттық экономиканың даму деңгейі. Жаһандану үрдісінің ұлттық экономикаға тигізетін оң ықпалын барынша тиімді пайдалану және оның теріс әсеріне тойтарыс беру мемлекеттің белсенді іс-әрекетімен жүзеге асады. Сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының 2010-2015 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жобасын талқылауда: Қауіп-қатерлерді алдын ала анықтап, жоюға, тұтастай алғанда, елдің дағдарысқа қарсы әлеуетін арттыруға бағдарланған осы заманғы тиімді ұлттық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру қажет, бұл ретте аталған жүйе халықаралық қауіпсіздік саласындағы осы заманғы әлемдік үрдістерге бейімді келіп, икемді, қауіпсіз ішкі және сыртқы ортаны қалыптастыру жөніндегі белсенді іс-әрекетке қабілетті болуы тиіс,— деп көрсеткен болатын.
Ал: Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі құрамына не кіреді?— десек, ол экономикалық, қорғаныс, білім, ақпараттық т.б. құрамдас бөліктердің басын біріктіреді. Қазақстан Республикасына ұлттық экономикалық мүдделерді қалыптастырып, оны қорғау мен жүзеге асыру, сондай-ақ, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының жүйесін жасақтау қажеттігі күн тәртібінен ешқашан түскен емес. Шынтуайтына келсек, республиканың экономикалық өсуі қазіргі жаһандану процесі кезеңінде әлемдік экономикалық кеңістікке кірігусіз (интеграцияланусыз) өтуі мүмкін емес. Осы процестің өтуі барысында ел экономикасы оң нәтижелерін, ұтымды тұстарын, қауіпсіздігін жоғалтып алмауы керек.
Бұл тұрғыдан алғанда елдің экономикалық қауіпсіздігін макро, мезо, микродеңгейлерде қамтамасыз ету бүгінгі күннің өзекті талабы деңгейіне көтерілді десек, артық айтқандық емес. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы ұлттық қауіпсіздіктің іргетасын бекемдеуге болады. Кәнігі саясаткерлер оны іске асыратын құрал протекционистік саясат дей отырып, бүгінгі таңда экономикалық қауіпсіздіктің ұлттық негіздерін қамтамасыз ету мен оның ұлттық күш-қуатты нығайтудағы маңызы жете зерделенбегенін алға көлденең тартады. Қолды жүрек тұсына қойып тұрып айтар болсақ, ондай зерттеулер елімізде жоқтың қасы деуге тура келеді. Экономикалық қауіпсіздік – елдің экономикалық тәуелсіздігі мен тұрақты дамуына қауіп төндіретін ішкі және сыртқы факторлардан, үдерістерден, жағдайлардан қорғау болып табылады. Экономикалық қауіпсіздікке әсер ететін факторларға табиғи, техногендік және экологиялық сипаттағы төтенше жағдайларды жатқызуға болады.
Экономикалық қауіпсіздік жүйесі – экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатына қол жеткізуге бағытталған нормативтік актілердің жиынтығы. Ал, ұлттық қауіпсіздіктің өзі мемлекеттің тұтастығы мен өмірін қамтамасыз етуден, елдің қажеттіліктерінің жиынтығын білдіретін ұлттық мүддемен айқындалады. Кез келген мемлекеттің негізгі ұлттық мүдделері:
1. елдің аумақтық (территориялық) тұтастығы;
2. мемлекеттің егемендігі;
3. елдің және халықтың экономикалық өркендеуі;
4. әлемдік қауымдастықта лайықты орынға ие болуы, — десек, қазіргі жағдайда ұлттық қауіпсіздікке қол жеткізу ең алдымен экономикалық қауіпсіздікке арқа сүйейтінін бөле-жара айтып өткен жөн. Мемлекет өмір-тіршілігіндегі экономикалық және саяси тұрақсыздық тек еліміздегі әлеуметтік экономикалық байланысқа ғана емес, сонымен қатар көршілес мемлекеттердегі ұлтаралық шиеленістерге, республикадағы басқа да кешенді жағдайға теріс ықпалын тигізеді.
Осы тұжырымды жүйелесек, экономикалық қауіпсіздік — азаматтардың әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында аз еңбекті шығындай отырып, шикізат ресурстары мен қоршаған ортаны табиғи тұрғыда қорғап, пайдалану арқылы елдің экономикалық дамуын қамтамасыз ету, ұлттық мүддені қорғау ғана емес, сондай-ақ, Үкімет институттарының отандық экономиканы дамытудағы және қоғамның әлеуметтік саяси тұрақтылығын сақтап тұрудағы ұлттық мүддені қорғауға қабілеттілігі және даярлығы деуге болады. Аталған мәселелерді оң шешу аясында экономикалық қауіпсіздіктің басты қауіп-қатерлердің тереңдеуіне және дамуына жол бермеу мақсатында тиісті басымдықтар мен стратегиялық міндеттерді айқындап алудың маңызы зор. Экономикалық қауіпсіздік саласындағы басты мақсат — ұлттық экономиканы жаһандану жағдайында жұмыс істеуге бейімдеу, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудан тұрады. Осы қауіп-қатерлердің дамуына жол бермеу мақсатында экономикалық қауіпсіздік саласындағы алдағы уақыттағы негізгі басымдықтар:
1. Экономиканы әртараптандыру (диверсификациялау).
2. Экономикадағы салалық және өңірлік алшақтықты азайту.
3. Қазақстанның әлемдік экономикалық кеңістікке кірігуінің тиімді тетігін жасау.
4. Қаржы тұрақтылығын нығайту.
5. Бәсекеге қабілетті ғылыми-зияткерлік әлеуетті дамыту.
6. Әлеуметтік тұрақтылықты нығайту.
Қазақстан-2050 стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты 2013 жылғы Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауында экономикалық қауіпсіздік мәселесі 10 сын-қатермен айқын көрсетілген. Жаңа сын-қатерлерге төтеп беру үшін ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағыты жасалды. Сол бағытқа сәйкес, экономикалық қауіпсіздік дегеніміз — тұрақты экономикалық өсу, қоғамдық қажеттердің тиімді түрде қанағаттандырылуы, басқарудың жоғары сапасы, экономикалық мүд-делердің ұлттық және халықаралық деңгейлерде қорғалуы қамтамасыз етілетін жай-күйі. Төңкерісте жеңу бар да, сол жеңісті қорғап қалу барын ескерсек, экономикалық қауіпсіздік өз-өзінен іске асырыла қалатын шаруа емес, ол үшін аталған мәселені шешу жолдары жан-жақты қарастырылуы қажет.
Ол — экономикалық қауіпсіздікке төнген ішкі және сыртқы қатерлерге жол бермеуге бағытталған тәсілдердің, саналы іс-қимылдардың жиынтығы. Сол себепті де экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — мемлекеттің басты міндеті. Жалпы, әлемдік тәжірибеде мемлекет экономикасының қауіпсіздігі төмендегі көрсеткіштер бойынша анықталады:
1. Өмір сүрудің сапасы мен деңгейі;
2. Инфляция деңгейі;
3.Жұмыссыздық деңгейі;
4.Экономикалық өсу;
5.Бюджет тапшылығы;
6.Мемлекекет қарызының мөлшері;
7.Алтын-валюталық резерв жағдайы;
8.Көлеңкелі экономиканың деңгейі;
9.Экологияның жағдайы;
10.Азық-түлік қауіпсіздігі.
Жалпы, экономикалық қауіпсіздік — ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі, оның іргетасы, материалдық негізі. Тарихи тұрғыдан алсақ, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттіліктің қалыптасуымен, қоғамның экономикалық мүдделерін сезінумен катар пайда болатын құбылыс. Экономикалық қауіпсіздік нысандары — жалпы елдің экономикалық жүйесі, сондай-ақ, оның құрамдас элементтері: табиғи байлықтары, өндірістік және бейөндірістік қорлары, жылжымайтын мүлік, қаржы ресурстары, адами ресурстар, шаруашылық құрылымдар, отбасы, адамның жеке басы т.б. Экономикалық қауіпсіздікке төнген қатер — елдің шаруашылығына келеңсіз әсерін тигізетін, жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің экономикалық мүдделеріне нұқсан келтіретін құбылыстар мен үдерістер. Экономикалық қатерлер жалпы түрде алғанда ішкі және сыртқы қатерлер сияқты біріккен белгілері бойынша жіктелуі мүмкін. Экономикалық қауіпсіздік көрсеткіштері — жалпы экономикалық жүйенің жай-күйі, оның орнықтылығы мен жұмылғыштығы туралы жалпы түсінік беретін ең елеулі параметрлер. Оның маңызды көрсеткіштері: жалпы ішкі өнімнің өсуі, тұрмыс деңгейі мен сапасы, инфляция қарқыны, жұмыссыздық нормасы, экономиканың құрылымы, халықтың мүліктік жағынан жіктелуі, экономиканың қылмыстық сипат алуы, шаруашылықтың техникалық базасының жай-күйі, бәсекелесуге қабілеттілік, импортқа тәуелділік, ішкі және сыртқы борыш т.б.
Экономикалық қауіпсіздіктің шекті мәні — сақталмауы экономиканы күйрететін, елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайды ушықтыратын шекті шама. Бұл орайда экономикалық қауіпсіздіктің нақты жай-күйін сипаттау үшін көрсеткіштердің өзінің емес, оның шегінің маңызы зор.
Бұл шектің шамасы экономиканың дамуы деңгейіне, қалыптасқан дәстүрлерге, ағымдағы шаруашылық жағдайға байланысты анықталады. Ал, сол көрсеткіштер жүйесі мен олардың шекті мәнін әзірлеу — экономика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары — қауіпсіздікке төнген ішкі және сыртқы қатерлерге жол бермеуге бағытталған тәсілдердің, саналы іс-қимылдардың жиынтығы. Экономикалық қауіпсіздіктің мемлекеттік стратегиясында экономикалық қауіпсіздікке төнген қатерлерді айқындайтын факторлардың мониторингі; қауіпсіздік өлшемдер мен параметрлерін әзірлеу; елдің экономикалық қауіпсіздігін мемлекеттің қамтамасыз етуі жөніндегі қызметі сынды шараларды бөліп көрсетуге болады: Бұл мәселені шешу үшін арнаулы әдістер де қолданылады. Қазақстан-2050 стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты 2013 жылғы Елбасының Жолдауында экономикалық қауіпсіздік мәселесі 10 сын-қатермен айқын көрсетілген. Жаңа сын-қатерлерге төтеп беру үшін ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағыты жасалды. Сонымен, экономикалық қауіпсіздік дегеніміз — тұрақты экономикалық өсу, қоғамдық қажеттердің тиімді түрде қанағаттандырылуы, басқарудың жо-ғары сапасы, экономикалық мүдде-лердің ұлттық және халықаралық дең-гейлерде қорғалуы қамтамасыз етілетін жай-күйі. Экономикалық қауіпсіздік — ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі, оның іргетасы, материалдық негізі.
Тарихи және қисынды тұрғыда Экономика-лық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәсе-лесі мемлекеттіліктің қалыптасуымен, қоғамның экономикалық мүдделерін сезінумен қатар пайда болады. Эко-номикалық қауіпсіздік құрылымына кіретін технологиялық қауіпсіздік бәсекеге қабілетті ғылыми-техникалық өнім өндіру негізінде халықаралық технологиялық нарықтарда ұдайы қатысумен анықталатын болса, азық-түлік қауіпсіздігі сапалы тамақ өнім-дерін өндіруге арналған табиғи-шикізат ресурстарын қолданумен және осы тамақ өнімдерін халықтың жаппай тұтыну мүмкіншілігімен өлшенеді.
Қаржы-несиелік қауіпсіздік қаржы жүйесінің тұрақтылығымен, ұлттық валюта тұрақтылығымен, алтын-валюта қорларының жеткіліктілігімен немесе тұрақты экономикалық өсуге жағдай жасаумен ескеріледі. Өндірістік қауіпсіздік индустриялық күш-қуаттың дамуында, техникалық өнім өндірудің тұрақтылығында және тиімділігінде, мемлекеттің экономикалық тіршілік әрекетін қамтамасыз ету қызметінің керектігінде көрінеді.
Экологиялық қауіпсіздік
Экологиялық қауіпсіздік мәселесі — бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды проблемаларының бірі болып отыр. Аталмыш проблеманың пайда болуының басты алғышарты — қоршаған ортаға адамзат перзентінің антропогендік және техногендік ықпалдарының ұзақ жылдар бойы тигізіп келген әсері деп тұжырым жасауымызға болады. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында адамзаттың шаруашылық әрекеттері мен өндірістік қатынастарының ғылыми-техникалық жаңару биігіне көтерілуі — экономикалық реформалардың ерекше сипат алуына (модернизациялануы мен интеграциялануына) түрткі болды.
Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi мен жағдайлары бүгiнгi таңда маңызды орын алып тұр. Мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiмен бiрге жаңа экологиялық қауiпсiздiк жүйелерiн басқару да бой көтерiп келедi. Дұрыс басқару қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттiк саясатын уағыздап, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет. Өкiнiшке орай Қазақстанда көптеген жылдар бойы өндiрiсте табиғи шикiзаттарды өндiргенде, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығару көп мөлшерде болды. Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық қауіпсіздік мәселелері оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Себебі, өндірістік қоғамның табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық қауіпсіздіктің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, экологиялық тазалықты сақтай отырып, адамдардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады. Осындай экологиялық қауіпсіздік мәселелерінің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, құқықтық мәдениеті, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс [1. 1-2].
Елiмiзде экологиялық қауiпсiздiктi және тұрақты экономикалық дамуымызды қамтамасыз ету мақсатымен, 2003 жылдың 3 желтоқсанында Президенттiң Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауiпсiздiк концепциясы жарияланды. Бұл концепция қабылдағаннан бастап көптеген маңызды өзгерiстер болып жатыр. Қоршаған ортаны қорғау заңдылықтар негiзi құрылды. Бiрқатар халықаралық келiсiмдерге қол қойылды. Қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесi құрылды. Концепция қоршаған ортаны қорғау мониторингiнiң бiркелкi жүйесiмен iске асыруды ұсынады. Экологиялық қауiпсiздiк ол – халық қауіпсiздiгiнiң маңызды бiр бөлiгi.
Экологиялық қауіпсiздiк бағытында Мемлекеттiк саясаттың мақсаты, ол – табиғи жүйенi тиімді қолдану және оның заңмен қорғалуы, сондай-ақ, адам өмiрiндегi ең маңызды жағдайларды ескере отырып, табиғатқа зиян тигiзбеу. Өндiрiстi дамытумен қатар ғылыми-техникалық зерттеулердi күшейту. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін технологиясы бар мемлекеттің келешегі зор. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2006 жылғы Жолдауында халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде тоқтала келіп: 2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экология кодексі қабылдануға тиіс. Тұтас алғанда, біз 2010 жылы қоғамның тұрлаулы дамуының негізгі экологиялық стандарттарын жасауға тиіспіз — деген болтын. Осыдан келіп арада бір жыл уақыт өткеннен соң ҚР Экологиялық кодексі қабылданды. [2. 1-2].
Экологиялық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде мемлекеттің тұрақты дамудың міндетті шарттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алған күнінен бастап экологиялық мәселелерге маңызды көңіл бөліп келеді. Ел Президентінің басшылығымен дүние жүзіне танымал әлемдегі ірі ядролық полигонды өз еркімен жабуы, Арал теңізін сақтау және Каспийді қорғау бағдарламаларын халықаралық деңгейде ынталандыруы, сондай-ақ Қазақстанның басқа да халықаралық деңгейде орын алатын қоршаған ортаны залалды әсерлерден қорғауға арналған тәжірибелі еңбектері соның бірден-бір айғақтары болып табылады.
Елбасымыздың жыл сайынғы жолдаулары әдеттегідей жетістіктерімізді саралап, келешегімізді бағдарлауға, ең бастысы, баршамызға ортақ ұлы мақсаттарға бірге жетудің дұрыс жолын айқындап отырады. Мысалы, Елбасымыз өзінің 2007 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты халыққа жолдаған Жолдауында табиғи ресурстарды тиімді және ұтымды пайдаланудың технологиялары мен бағдарламаларын ендіруде экономикалық, әлеуметтік және экологиялық үдерістердің үндестігін сақтауымыздың тиістілігі айтылған болатын. Яғни, экономика мен экология арасында теңдікті қалыптастыра алмаған мемлекеттің болашағы да бұлыңғыр болатыны сөзсіз. Өйткені, бүгін қайтсек те экономикалық көрсеткіштерді арттырамыз деп, ертеңгі күні соның салдарынан келетін залалды жою үшін тапқан пайдамыздан он, тіпті, жүз есе артық қаражат жұмсауымызға әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан, Қазақстан даму жолында өзін орнықты дамудың қажеттілігімен ұштастырып келеді, — деген болатын. Сонымен қатар, Елбасы 2011 жылғы 28 қаңтардағы Болашақтың іргесін бірге қалаймыз атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында Үкіметке тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ететін жаңа принциптегі бағдарлама әзірлеуді және оны қабылдауды тапсырған болатын. Қазіргі таңда, республика тұрғындарының 20 пайызы нормативтік стандарт сапасына сәйкес келмейтін суды пайдаланады. Елде жыл сайын су пайдаланушылар көлемі ұлғаюда. Негізгі су пайдаланушылар ауыл шаруашылығы (75%) және өндірістер (20%) болып табылады. Бұдан басқа, өзен суларының жартысынан көбі көршілес елдердің аумақтарынан келетіндігін, транс-шекаралық сипаты және климаттың өзгеруі салдарынан болашақта проблема туындайтынын атап кеткеніміз дұрыс. Еліміз жер асты суларына, гидротермалды энергияның минералды көздеріне және ресурстарына бай. Казіргі таңда өнеркәсіп кәсіпорындарын айналмалы су жабдықтарымен қамтамасыз ету жөніндегі заң жобасы әзірленуде. Ол су ресурстарын ұтымды пайдалануға септігін тигізетін болады. Елбасының және Үкіметтің министрлікке жүктеген тапсырмаларын орындау қазақстандықтардың сапалы өмір сүру деңгейін арттыру үшін қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз етудің экологиялық қауіпсіздігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Біздің табиғи ресурстарымыз – орасан зор. Алайда, мұның өзі қаншалықты кереғар көрінгенімен, әлемдік тәжірибе табиғи байлығы бар көптеген елдердің оны дұрыс игере алмағандығынан, кедей елдердің қатарынан шыға алмағанын көрсетеді. Осының бәрі жетекші фактор – адамдар, олардың ерік-жігері, күш-қуаты, табандылығы, білім-білігі екенін тағы да дәлелдей түседі [3. 1-2].
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жасыл өсу жоспарлары мен бағдарламаларын іске асыруда Азия және Тынық мұхит, Еуропа елдеріне серіктестік жәрдемдесу жолындағы Жасыл көпір атты Астана бастамасы жүзеге асырылуда. Бастама сектораралық, ішкі аймақтық және аймақаралық бекініске бағытталған. Қазіргі заманғы құралдар байланысымен сараптамалық және ақпараттандыруды қамтамасыз ететін Жасыл өсу кеңсесі құрылды. Жасыл өсу кеңсесі Қазақстан және Орталық Азия, Еуропа аймағында қызмет бағыттары тәжірибелері жөнінде толық ақпарат таратуға мүмкіндік береді. Қазақстанның энергиялық тиімді және төмен эмиссиялық технологияларды қолдану арқылы Жасыл даму жолын таңдауы қоршаған ортаға антропогендік әсерді азайтады, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуының жаңа сапалық деңгейіне шығуға өз септігін тигізеді деп айтуға болады. Осы мақсатта Үкімет 2010-2014 жылдарға арналған Жасыл даму бағдарламасын бекітті. Бағдарлама жасыл экономиканы дамытуға, қоршаған орта мен денсаулыққа зиян келтіретін антропогендік ықпалды азайтуға, табиғи экожүйені қалпына келтіру мен сақтауға, қоршаған ортаның сапасын жақсартуды басқару жүйесін дамытуға бағытталып отыр. Жасыл даму бағдарламасы шеңберінде шешілетін тағы бір мәселе – Каспий теңізінен өндірілетін мұнайдың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл Мексика шығанағындағы соңғы жаңалықтармен өзекті екендігі баршамызға мәлім. Осындай мәселелер көп елдердің қызығушылығын танытып, оны бірлесіп шешуге мүмкіндік тудырады. 2007 жылы барлық Каспий жағалауындағы мемлекеттермен арадағы Каспий теңізінің су айдынын қорғау жөніндегі Негіздемелік конвенция күшіне енді. Осы Конвенция Каспий теңізіне антропогендік ықпалды реттеудің негізгі бағытын анықтау, Каспий теңізінің биологиялық және басқа коммерциялық ресурстарын қалпына келтіру, сонымен қатар, Каспий бойы мемлекеттерімен бірлесіп, кешенді мәселелерді шешу мақсатында қабылданған бірінші аймақтық конвенция болып табылады [4. 5-6].
Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен өткен V Халықаралық экологиялық конгресс (Жапония, 1990), Қоршаған ортаны қоғау жөніндегі конференция (Бразилия, 1992), ХХҮІІ Халықаралық географиялық конгресс (АҚШ, 1992) және Йоханнесбург (ОАР, 2003) қаласында өткен бүкілдүниежүзілік экологиялық форум — аталмыш мәселенің өзектілігін көрсетіп отыр. Жарқын болашаққа қадам басу жолында Еуразияның жүрегінде орналасқан Қазақстан Рио-92 декларациясына, Йоханнесбург декларациясына (2002 ж.) қол қойып, экология мен даму салаларындағы 25 халықаралық конвенцияны және Киото хаттамасын ратификациялады. Сондай-ақ, Еуропа және Азия елдерінің жаһандық үдерістерінің орнықты дамудағы белсенді қатысушысы болып белгіленді. Елбасымыздың Халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғауды және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деген сөзі Қазақстан Республикасының экологиялық саясатын дамытудың негізі болып қалыптасты. Дүниежүзілік қауымдастық дамуын соңғы 60 жылда экономикалық және келесі 60 жылда жасыл деген идеологияға бөліп қарауға мүмкіндік беретін Жасыл даму – бұл қазіргі таңдағы халықаралық стандарт [5. 8-9].
Әлемдік дағдарысты ескере отырып, бағдарламамыздың негізгі тірегі ретінде біз экономикалық құралдарды табиғат қорғауға пайдалану, экологиялық стандарттарға сәйкес экологиялық қауіпсіздікке қол жеткізу мақсатына оңтайластыруды қарастырдық. Бұл бағыт 2006 жылы 14 қарашада республика Президентінің Жарлығымен қабылданған Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдар аралығында орнықты дамуға көшу тұжырымдамасына сәйкес орындалды. Осы бағдарлама шеңберінде күрделі экологиялық мәселе – қалдықтарды өңдеу мен тұтыну мәселесін шешудің жолдары қарастырылды.
Қазақстан 2007 жылы Стокгольм конвенциясын бекітіп, 200 мың тоннаға дейін жинақталған берік органикалық ластаушыларды жоюды өз міндетіне алды. Премьер-Министр К.Мәсімовтің тапсырмасы бойынша түрлі саладағы қалдықтармен жұмыс мәселесін реттейтін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге тексеріс жүргізілді және қалдықтарды өңдеу бөлігі бойынша қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізуге ұсыныстар әзірленді. Сонымен қатар, барлық облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларының коммуналдық тазалау құрылыстары құбырларының ағысын тазалау мәселесі де күрделі жағдайда. Еліміздің көптеген аймақтарында су шаруашылығы жағдайы қиын кезеңді кешуде. Себебі, көптеген су нысандары өздігінен тазару және өздігінен қалпына келу сияқты табиғи қасиеттерін жоғалтқан. Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогрестің қарыштап алға басуы адамзат өмірін жақсартуға тікелей игі ықпал етумен қатар, қоршаған орта-табиғатқа орны толмас орасан зор зиян да тигізіп келеді. Осы тұста Бэконның: Адам табиғатты бағындырумен бірге оған бағыну керек,- деген сөзін еске алсақ болады. Біздер осы қағиданы есте сақтамағандықтан қазіргі таңда табиғатты қорғау мен экологиялық қауіпсіздік мәселелері ұлттық дәрежеден көтеріліп, бүкіл дүниежүзілік аса маңызды проблемаға айналып отыр. Әлі де болса адамзаттың экологиялық зияны ескерілмей, бірыңғай қоршаған ортаны қорғау шаралары оң бағытта дамымай отыр. Жалпы санамызда табиғат байлығын ешқашан таусылмайтын, шексіз жатқан мол дүние деп бағалаудың басым болғандығынан оны экстенсивті түрде игерумен келе жатқанымыз бәрімізге белгілі. Осыған орай, Республикамыздың реформа жағдайында әлеуметтік-экономикасының қайта құрылу процесінің одан әрі жүзеге асырылуы экологиялық проблемаларды талдау мен бағалауды, қоршаған орта проблемаларын зерттеуді талап етеді, яғни осы проблемалар оның әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің маңызды бір бөлігі болып табылады. Экономикалық әлует сипаты, экономикалық және әлеуметтік сипаттағы нақтылы шешімдер қабылдау, көптеген экологиялық және экономикалық процестерді болжау үшін негіз болды.
Қазақстанның қазіргі кезеңдегі даму жағдайында экономикалық қауіпсіздік пен экологиялық қауіпсіздікті сақтаудың маңызы ерекше. Сондықтан да, экологиялық қауіпсіздік тұрғысынан Қазақстанның дамуындағы экономикалық өзгешеліктер және әлеуметтік ерекшеліктерді бөліп көрсете отырып экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кешенді іс-шаралар қолдануымыз қажет деп, ойлаймын.