Магистранттың ар-намыс кодексі – бұл әрбір магистранттың оқу барысында ұстайтын ережелері мен нормаларының жиынтығы болып табылады. Бұл ережелерді магистрант қатал түрде ұстау керек.
Магистрант- магистр дәрежсін алуға мақсатталған, төрт жылдық жоғарғы оқудан кейінгі арнайы мамандандырылған университеттің оқушысы.
І –бап. Магистратураны таңдаудың мақсаты.
Ең алдымен әрбір магистрант магистратураны неліктен таңдады, магистратура оған не беретінін нақты анықтау қажет. Себебі осы мақсаттарға жету ынтасы жоғары магистран қана белгілі бір нормалар мен ержелерді ұстай алады.Сонымен, әрбір оқушы магистратураның нақты қажеттілігін анықтау ең басты ереженің бірі болып табылады.
ІІ -бап.
Сабаққа бар ықылас зердесін қойып қатысу. Яғни, сабақ барысында барлық ойын берілген тақырыпты түсіну үшін бағыттау.
ІІІ –бап.
Әр берілген тапсырманы толық және дер уақытысында өткізіп отыру.Әр өтікізген тақырыпты оқушы жадында сақтап қалу үшін берілген тапсырманы орныдау үлкен әсер береді.
ІV –бап.
Сабаққа дер уақытысында келу, кешікпеу. Магистратура бағдарламасында көптеген оқушылар жұмыс жасайтындықтан, сабаққа кешікпей келу мәселесі біраз қиындық әкеледі. Бірақ қосымша тақырыптар бойынша тапсырма алып, оларды орындап отырса, оқушының бұл кемістігін жабуға болады. Сабаққа кешігіп келген жағдайда, мұғалімнің рұқсатын алып сабаққа кіру.
V –бап.
Оқылып жатқан тақырып бойынша әлемде болып жатқан жаңылықтарды мейлінше ортақтасып, пікір талас жүргізіп, өз ойын білдіру әрбір оқушының құқығы.
VІ -бап.
Сабақ барысында басқа оқушыларға кедергі келтірмеу.
VІІ –бап.
Сабаққа қажетті барлық заттардың (дәптер, қалам және т.б.) бар болу қажет.
Осы және сабақ барысында тағы да пайда болатын ережелерді ұстау әрбір магистранттың міндетті түрде ұстайтын ережелері болып табылады. Осы ережелерді мүмкіндігінше толық ұстаған оқушы ғана семестр соңында жақсы бағаға ие болады.