Бірінші ағымдық бақылау тапсырмалары.
Физика-5В060400,Математика-5В010900, Информатика-5В060200, 5В011100 және География-5В011600, Биология-5В011300, Алғашқы әскери дайындық-5В010400, Дене шынықтыру және спорт-5В010800 мамандықтары студенттеріне арналған
Тақырып №1: Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс.
1. Тас ғасыры үш кезеңінің бір-бірінен айырмашылықтары қандай?
2. Орталық Қазақстанда қандай қола мәдениетінің ескерткіштері бар?
Тақырып №2: Ерте Темір дәуіріндегі көшпенділер.
3.Ертедегі мемлекеттер құрылымы жайлы қандай ежелгі дереккөздер бар?
4.Авеста мен Геродот жазбаларында сақтар қалай суреттеледі?
5.Сыма Цянь Ши цзи (Тарихи жазбалар) еңбегінде ғұндардың саяси тарихы?
6.Үйсін,қаңлы тайпаларының ғұндармен қарым-қатынастары жөніндегі қосымша деректер?
Тақырып №3: Қазақстан жеріндегі ерте ортағасырлық мемлекеттер.
7.Түркі мәдениетінің әлемдік мәдениетке қосқан үлесі қандай?
8.Қыпшақтардың қазақ және басқа түркі халықтарының қалыптасуына қатынасы?
9.VI-XIII ғғ.. Түркі халықтарының рухани мәдениеті. Наным-сенімдері, әдет-ғұрыптарының қазақ халқы мәдениетіне ұқсастығы неде?
Тақырып №4: Қазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттер.
10.Қарахан мемлекетіндегі саяси құрлымы, қалалардың өсуі және сауда қатынасы?
11.Қарақытайлардың Мәуренахрға жорықтары және сельджуктермен соғысы жайлы не білесіз?
12.Күлтегін дастаның қазақтың қандай эпостарымен салыстыруға болады?
13.Найман, Керей тайпаларының Жетісу жеріне қоныс аудару себептері?
Тақырып №5:Қазақстан жеріне моңғолдардың шапқыншылығы. Алтын Орданың құрылуы және ыдырауы. ХІV- XV Феодалдық мемлекеттер.
14.Моңғол шапқыншылығынан кейін қай жерде қандай ұлыстар қалыптасты?
15.Өзбек хан (1312 – 1342) Жәнібек хан (1342-1357) және тұсындағы Алтын Орда мемлекетінің саяси тарихы.
16.Ақ Орда мемлекеті қалыптасуының Қазақ хандығының құрылуына қандай себебі болды?
17.Батыс Сібір үшін Едіге мен Тоқтамыстың қақтығысы жайлы қандай жыраулар жырлайды?
18.Сібір хандығы және оның Қазақстан аумағындағы мемлекеттермен қарым-қатынасы.
19.Моғолстан, Әбілхайыр хандығы мен Ноғай Ордасының территориясын көрсетіңдер?
20.Көшпенділердің мәдениетінің ерекшеліктері?
Тақырып №6. Қазақ ханлқының қалыптасуы және Қазақ хандығының құрылуы(XIV-XV ғғ.)
21.Орта ғасырдағы хандықтар жайлы қандай тарихи деректер бар?
22.Мырза Хайдар Дулаттың (1499-1551) Тарихи Рашиди шығармасы жайлы айтыңыз.
Тақырып №7 : ХVІ- ХVІІ ғасырлардағы Қазақ хандығы.
23.Тәуке хан тұсында билердің ықпалының күшеюінің себебі неде?
24.Тәуекел хан тұсындағы орыс- қазақ қатынастары қандай?
25.ХVІ- ХVІІғғ.Ақын жыраулар .Асан қайғы, Шалгиіз, Қазтуған, Достамбет, Жиембет, Ақтамберді т.б.
26.Қайырғали Жалайырдың Жами-ат-Тауарих туралы айтыңыз.
Тақырып №8 : Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі .
27.Қазақстанның тәуелсіздігі жолындағы күресте Абылайдың (1731-1781 ) тарихи орны қандай?
28Жоңғар шапқыншылығынан кейінгі қазақ жүздерінің жағдайын баяндаңыз.
29.Қазақстанның Ресейге қосылу алғышарттары қандай?
30.Отарлау саясатын, әкімшілік реформалардың жүзеге асуын сипаттаңыз.