Қазақ халқы - өте қонақжай

Скачать

Қонақжай халық

Қазақ халқы – өте қонақжай. Қонақжайлық қазақ халқының салт-дәстүрінің бірі. Ежелден қазақ халқы қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Сондықтан қазақта мынандай мақалдар бар Қонақты қусаң- құт, ырыс қашады, соған қарасақ халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген. Қонақ келсе дастарқан жайылып, дәмді тағамдар дайындалып, қазанда бауырсақ пісіп, ет асып жатады. Үй иесі әңгіме-дүкен құрып, қонақпен бірге отырады. Реті келсе, ауылдағы әнші, күйшілерді шақыртып, әңгіме арасында қонақтардың көңілін көтереді. Үй иесінің балалары да аяғынан тік тұрып қонақтарға қызмет көрсетеді. Осының бәрі үй иесінің адамгершілігін, имандығын, сыйластығын көрсетеді Қазақ халқының қонақ-жайлылық қасиетін саяхатшылар мен ғалымдарды қатты таң қалдырғаны тарихта жазылып қалған.
Қазақ халқы танымаса да, құдайы қонақпын деген адамды құрметпен қарсы алады. Жол жүріп келе жатқан адам кез келген ауылға, үйге қонақ бола береді. Қазақ үшін қонақты қарсы алмау, күтпеу – ұят. Қонақ күту – қазақтың ең жауапты ісі. Келген қонақты риза етуге тырысады. Ең алдымен, қонақтарға сусын ұсынылады. Содан кейін шай ішіледі. Шайдан кейін қонақтардың көңілді отыруына үй иесі бар жағдайды жасайды. Ауылдағы әнші, күйші, өнерлі адамдарды шақырып, қонақтардың көңілін көтереді. Халқымызда қырықтың бірі қыдыр деген сөз бар. бұл сөздің мағынасы өте терең. Ата-бабаларымыз қонақпен бірге құт, ырыс келеді, қонақты қусаң, құт, ырыс, қашып кетеді деп ырымдаған.
Құдайға шүкір, біздің елде қонаққа шыққан шығынның есебі жоқ. Жұтын емес, құтын ойлап, мейлі алыстан келсін, жақыннан келсін, үйіміздің төрінен орын беріп, жылы-жұмсақты аузына тосып, қонақтың разылығына шат-шадыман қуанамыз. Себебі, қазақ - қонаққа жайлы қонақжай халық. Сонысымен де қашан да мәртебесі биік, елінде дәйім тыныштық.


Скачать


zharar.kz