Мониторингінің ерекшеліктері

Скачать

Педагогикалық іс-әрекет сапасын талдау әдістері
02.12.2011 Просмотров: 463 Комментариев: 0

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 2007 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты Қазақстан халқына жолдауында Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек деп атап көрсетті.

Сапалы білім беру қызметін көрсету – білім мекемелері мен педагогтар алдында тұрған міндет. Білім сапасы ең алдымен мақсаттың және нәтиженің сапасы, одан кейін басқарудың, ұстаздың, педагогикалық іс-әрекеттің, оқушының сапасы, ең соңында педагогикалық үрдістің сапасы. Осындай сапалылықты қамтамасыз ететін сапалы мұғалімдер шығармашыл болуы керек.
Білім беру сапасын басқарудың оқу үрдісіндегі негізгі тетіктері: бақылау, талдау, бағалау, бағдарлау және нәтижелердің динамикалық үрдістерін салыстыру болып табылады. Бүл үрдісте оқу-тәрбие сапасына жасалатын жүйелі бағалаудың бірден-бір көзі – мониторинг.
Мониторинг дегеніміз белгілі бір нәрсенің жай-күйін бақылау, бағалау, талдау және болжау жүйесі, белгілі параметрлерді анықтаудағы бақылау құралы. Мониторинг ішінде бас-
қарудың өзіндік қызметі, педагогикалық іс-әрекет барысындағы бағалау жүргізіледі. Педагогикалық мониторинг педагогикалық жүйенің дамуын болжау, сонымен қатар оның жағдайын үздіксіз бақылауын қамтамасыз етуді көрсетеді.
Мониторингтің мәні әр тоқсанның не әр тараудың соңында шыққан графиктен осы тұстағы алған білімнің кем тұстары, жетістіктері айқын көрініп тұрады. Даму мониторингіне қарап білім деңгейін оқушы өзі бақылап отырады. Бағалаудағы әділетсіздік мәселесі шешіледі.
Мониторингінің ерекшеліктері:
1. Оқушының белгілі бір тақырыпты төмендеу меңгергенің, аздау алғанын байқап, білімдегі олқылықтарды жою мақсатында тапсырмалар жүйесі ұсынылады.
2. Шәкірт өз кемшілігін байқайды, өз қатарласынан қалмау үшін не істеу керектігін аңғарады.
3. Өз зейінін тәрбиелейді.
4. Білім жүйелігі мен тізбекті байқайды.
5. Ойланып оқуға дағдыланады.
Білімділік мониторинг көп деңгейлі жүйе.
1-деңгей (жеке, дара және дербес) оны мұғалім жүзеге асырады.
2-деңгей – мектепішілік. Мұнда оқушы білімінің дамуын мекеменің әкімшілігі жүзеге асырады. Сыныптардың даму динамикасы бақыланады. Тоқсан, жартыжылдық, жыл бойында анықталған критерий бойынша бақылау жүргізіледі.
3-деңгей. Білім мекемесінің даму динамикасын байқау.
Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің мониторингі оқу процесінің негізі болып табылады.
Мұғалімнің іс-әрекетін бағалаудағы мониторингінің негізгі мақсаты: педагог кадрлардың шеберлік біліктілігінің артуы, инновациялық тапсырмаларды іске асыру жолдарын меңгеру көрсеткіштері.
Педагогикалық іс-әрекетті бағалаудағы мониторингтің 3 кезеңі бар:
1-кезең. Дайындық кезең.
Мақсат қойылады. Бақылау объектісі таңдап алынады. Бақылау жоспарланады.
2-кезең. Практикалық кезең. Ақпараттар жинақталады:
- нормативті құжаттар таңдау;
- сабаққа қатысу;
- білім, білік дағдыларын бақылау;
- сауалнама жүргізу;
- тест алу;
- өзін-өзі бағалау.
3-кезең – талдау, яғни алынған мәліметтерді өңдеу:
- ақпараттарды талдау, жинау;
- бақылаудың қорытындысын шығару, ұсыныстар енгізу.
Мониторинг жүргізу не береді?
-Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін нақ-
тылайды.
-Мұғалімнің педагогикалық мүмкіндігін анықтайды.
-Мұғалімге нақты көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
-Мектепішілік басқару процесін жүзеге асырады.
Сонымен бүгінгі күннің мұғалімі – шығармашылық адамы. Ол өздігінен қаншалық ізденсе, болашақ ұрпаққа соншалықты сапалы білім бермек. Ендеше мұғалімнің күш-қуаты, көңіл-күйі жоғары болуы керек, сонда сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі жанады.


Скачать


zharar.kz