Сөздердің байланысу ерекшелігіне, сөйлем мүшесіне және жай сөйлемнің мағыналық-құрылымдық ерекшеліне кешенді сатылай талдау жаса:
1) Үш күндік жолдың бүгінгі, соңғы күніне бала шәкірт барын салды.
2) Қорықтан күн шыға атқа мінейік деп асыққан-ды.
3) Бұны қаладан алып қайтқалы барған ағайыны Байтасты да таң атар-атпастан өзі оятып тұрғызып еді.
4) Күнұзын аттан да түспей, өзге жүргіншілерден оқ бойы алда отырған.
5) Кей-кейде өзіне таныс Көкүйірім мен Буратиген, Тақырбұлақ сияқты қоныс-құдықтардың тұс-тұсына келгенде бала оқшау шығып, астындағы жарау құла бестісін ағызып-ағызып та алады.