Нәтижесінде білімгер

Скачать

Менің дипломдық жобамның тақырыбы: Автоматтандырылған жүйенің ақпаратпен қамсыздандырылуын құру және жүргізу пәнінен интерактивті оқу құралы
Қазіргі таңда оқыту әдістемесінің заман талабына сай болуы үшін, компьютерлік технологияларды пайдалануды жетілдіру көзделген. Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау қазіргі заманның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар, олардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және кәсіби құзырлығын қалыптастыру мәселесі қарастырылып отыр.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандандыру қоғамында электронды оқулықтар мен оқу құралдарын пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Соның нәтежиесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік туғызады.
Қазіргі уақытта электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық студенттің уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмайды, өтілген және студенттің ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.
Студент үшін электрондық оқулық бұл күнделікті дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе.
Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электрондық оқулықтардың атқаратын рөлі зор. Электорндық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әр түрлі суреттер, сұлба тәсілдері арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түсініп және мида бекіту үрдістері ұтымды болады.
Ұйымдастырылған жүйеде күрделі жұмыс болып ақпаратты өңдеумен байланысты процестер жатады. Ол ақпараттарға – жинау, қайта өңдеу, бейнелеу, сақтау, жіберу, тасымалдау және шығару жатады. Осы процестерді тездету және мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер көмектеседі.
Аталмыш Автоматтандырылған жүйенің ақпаратпен қамсыздандырылуын құру және жүргізу пәнінен интерактивті оқу құралы 3ші курстың ЕТ және АЖ бағдарламамен қамтамасыз ету мамандығының типтік оқу бағдарламасына сәйкес әзірленді. Электронды оқулық Borland Delphi 7.0 программалау тілінің көмегімен жасалды.
Электронды оқулық модульдік оқу бағдарламасы бойынша компьютерлік технологиялар ортасын толық қамтыған, айта кетсек, желілік технологиялар, қолдандабы бағдарламалар мен AutoCad графикалық бағдарламасы модульдері қарастырылған. Әрбір модульдің жеке зертханалық жұмыстары, тапсырмалары мен тесттік бақылау жұмыстары бар.
Дипломдық жобада теориялық материалдарды визуалды түрде көріп, түсіну мүмкіндігі қамтылғандықтан, білімгерлерге тақырыпты түсіну едәуір жеңіл болады деп есептеймін.
Қорыта келгенде қазіргі кезде түрлі мекемелерде және жеке пайдаланылатын компьютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби ақпараттық технологияларды пайдалана білудің аса қажеттігін көрсетті. Назарларыңызға ұсынылып отырған бұл дипломдық жобаның мақсаты – білімгерлерге компьютерлік технологиялармен жұмыс жасау тәсілдерінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде көмек көрсету және нақты жұмыс істеуді үйретеді.
Ақпараттық техологиялардың дамуы дәріс берудің таптырмайтын жаңа мүмкіндігін – электрондық оқулықтарды қолдануды берді. Біріншіден, ол оқушыға өзіне оқудың уақытын және орнын таңдауға мүмкіндік береді, екіншіден, әйтеуір бір жағдайлармен дәстүрлі ала алмай қалған адамдарға білім алуға мүмкіндік береді, үшіншіден, оқу саласында жаңа ақпараттық технологиялар қолдану, төртіншіден, белгілі бір дәрежеде оқуға кететін шығынды қысқартады.
Автоматтандырылған жүйенің ақпаратпен қамсыздандырылуын құру және жүргізу пәнінен интерактивті оқу құралы арқылы оқып меңгеруде білімгерлердің пәнге деген қызығушылығы артып, үлкен ізденіспен шығармашылыққа жетелеуге негіз болады.
Нәтижесінде білімгер:
Компьютерде еркін жұмыс жасайды;
Компьютерлік желілермен байланыс жасайды;
Ақпараттарды ала алады, өңдейді, сақтайды;
Интернет желісімен тұрақты байланыс туғыза алады;
Электрондық поштаны қолданып түрлі ақпараттар алмаса алады;
Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;
Қолданбалы бағдарламалармен жұмыс өнімділігі жоғарылайды;
Autocad графикалық бағдарламасымен жұмысты жетілдіреді;
Ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.
Дипломдық жобаны жазу барысында пайдаланылған әдңбиеттер
1. Ермеков Н.Т. Информатика негіздері: Оқулық. Астана: Фолиант, 2007. – 176б.
2. Коксеген А.Е. Периферийные устройства ЭВМ: Учебное пособие. – Астана: Фолиант, 2008. – 184 с.
3. Ермеков Н.Т. Операциялық жүйелер: Оқу құралы. Астана: Фолиант , 2007. – 176 б.
4. Яворский В.В., Смайлова Ә.С., Әміров А.Ж. Компьютерлік желілер: Оқу құралы. Астана: Фолиант , 2008. – 151 б.
5. Ермеков Н.Т. Компьютерлік графика: Оқулық. Астана: Фолиант, 2007. – 172б.
6. Грузин В.В. Информатика: Учебник. – Астана: Фолиант, 2007. – 272с.
7. Назаренко Е.Ф. Ниформационные технологии: Учебник. – Астана: Фолиант, 2007. – 312с.


Скачать


zharar.kz