Байқоңыр айлағының экологиялық мәселелері

Скачать

ХХ ғасырдағы ұлы оқиғалардың бірі де бірегейі – адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа адам ұшырған Байқоңыр ғарыш аймағының дүниеге келуі. Оның тұңғыш қазығы 1955 жылы қаңтардың 12–де қағылды. Байқоңыр – ғарыш аймағы – Қызылорда облысының Қармақшы ауданы аумағында орналасқан.
1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол дүние жұзіндегі ең бірінші жердің жасанды серігін орбитаға шығарды. Байқоңырдан тұңғыш рет Ю.А. Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңырға одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық өрнегіне айналды.
1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров «Союз Т - 13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтеріледі. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта екі рет (1994,1998) болды. Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандақтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасында Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ.Тоқмұхамедов, В.Мәжіғұлов, Т.Уәлиев, Қ. Әбілғазин, полк Ә. Исмаилов, М. Құлымгеров, Қ. Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б.Ешімов, Қ.Нұрмұқанов, Р.Құлмырзаев, М.Мұқанов тағы басқа болды.
Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 жылы Қазақстан Республикасының қаласына қайтарылып, 1993 жылы Ресей Федерациясына берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптаы байқалды. Байқоңыр кешенінен Қ.Р-сы аумағында 30-35 мың тонна ұлы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтіреді.
Ғарыш аймағынан зымырындар ғарыш кеңістігіне қарай басты – басты 5 түрлі мақсатпен ұшырылатынын білеміз.
Біріншісі: зерттеу жұмыстарына арналған ғарыш кемелері. Негізінен алғанда онда зерттеушілер жұмыс істейді.
Екіншісі: тасымал кемелері. Онымен құрал – жабдықтар мен аппаратуралар, адамдардың өмір сүруіне қажетті азық – түлік, су, киім – кешек, ең аржағы оттегіне дейін осы зымырандармен жерден тасымалданады.
Үшіншісі: әскери мақсаттағы зымырандар. Олардың не зерттеп, не тындырып жатқаны, әрине, бізге құпия. «Зымыран құралдарымен жерде жатқан «Правда» газетінің тақырыптарын оқуға болады» дегенді талай – талай естідік. Демек, ол жердегі қыбырлап жүрген адамдар, әсіресе әскери адамдар не істеп, не тындырып жатыр деген сұраққа жауар алу үшін таптырмайтын құрал. Оның сыртында ғарыш кеңістігінен шапқын салатын лазерь қаруы дегеннің пайда болғанын, отты басы ғарышқа шығып алған соң онға, отызға бөлініп, әрқайсысын өз алдына дербес қаруға айналатын зымырандарды тағы білеміз. Міне, соның бәрінің бабын тауып, аясына келтіретін осы әскери зымырандар.
Төртіншісі: байланыс – жер серіктері. Біздің түрлі – түрлі құрлықтармен телефон байланысымызды былай қойғанда, үйіміздегі телефондар арналарына дейін осы жер серіктері арқылы жұмыс істейді. Мұны дәлелдеп жату бүгінде көзіқарақты адамға артық.
Бесіншісі: Планетааралық ғарыш кемелері. Осы жерден жеті айлық ғарыш жолы бар Марсқа әлденеше зымырандардың ұшырылғанын білеміз. Айға да алғаш зымырандар осы Байқоңырдан қонып, зымыранның айдан ұшып шығып, жерге қайтып оралуы дер едік. Бұл өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында жүзеге асырылған шаруа. Сондай – ақ, «тисе терекке, тимесе бұтаққа» дегендей ғарыш кеңістігіне еркін самғауға қоя берген және текте бір мәлімет алып тұратын зымырандар да болды. Олардың ғылым үшін не бергенін Ресейдің ғарыш кеңістігін зерттеу орталығы біледі, біздің білетініміз – жылма – жыл жүздеп ұшырылып жатын, зымырандардың әрқайсысы Сыр бойының экологиясына белгілі дәрежеде кері әсерін тигізетіндігі.
Байқоңыр – біздің космодром. Сонау 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағанда әрбір одақтас республика өзінің жерінде тұрған техникалық құрал – жабдықтарға ие болып қалғанда Байқоңыр түгелдей (бүкіл одақ болып салған біздің меншігімізге көшкен. Сонда оның бары дүние – мүлкінің бағасы 51 миллиард $ болатын. Ресей мен екі арада шарт жасасып, оны жиырма жылға жалға берген едік. Жылына ол үшін Қазақстан 115 миллион $ алып тұрады.
Сондай – ақ, Байқоңырдың болашағы туралы айтатын болсақ. Байқоңыр космодром айналаны қоршаған ортаға зиян келтірумен қатар адамзат баласына пайда келтіретіні де ғылыми тұрғыдан дәлелденіп отыр.
Қазақстан ғарышты игеруге мүдделі. Неге? гәп сонда. Ғарыштық мемлекет мәртебесіне ие болған ел өзі қалаға алып отырған базбір бағдарлманың маңызы мен мәтін басқаларға түсіндіріп, оның бейбіт мақсатты көздейтіндігін ант – су ішіп дәлелдеп жатпай – ақ (мысалы, анау иран секілді) алаңсыз жұмыс істей бере алады. Биылғы жылы, яғни 2006 жылдың 18 - маусымында Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресейдегі М. В. Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми – зерттеу орталығының мамандары жасаған «Kazsat» атты қазақстандық байланыс спутнигі ұшырылды. Біз «Kazsat» арқылы біздің ел орталықтан шалғай орналасқан ауылдық жерлерге отандық қана емес, тіпті, спутник қабылдайтын басқа шетелдік хабарларды да тарата алады. Сонымен қатар «Kazsat» сенімді телефон жүйесін қамтамасыз етеді. Спутник Оралдың арғы жағында жатқан өңірді де, тіпті Саратов пен Орынбор тәрізді Ресей облыстарын да қамтиды. Егер Ресей жағы біздің техникамызды аз мөлшерде болса да жалдайтын болса, онда олар да Сібір мен Орал өңіріндегі өзеннің байланыс мәселелерін оң шешетін болды
Ресей Федерациясының Президенті В. Путин: «Kazsat» спутнигін ұшыру, әлбетте, теңдесі жоқ оқиға. Қазақстанның ғарыштық держава ретінде қалыптасу жолындағы қызметінің жаңа кезеңі. Біз ғарышты игеру саласындағы ынтымақтастықтың бірлескен үлкен бағдарламасына жолсалудамыз» - дегенді айтты. Ал Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевшын мәнінде ғарыштық державаға айналған еліміздегі бұл тараптағы келешегінің кемел болатынына зор сенім білдірді. Бұл идея Қазақстанның әлемдегі бәсекелестікке қабілетті 50 елдің құрамына кіру жөнінде алға қойып отырған мақсатын орындауына дәлме – дәл келеді.
Байқоңырдың болашағы туралы сөз қозғалғанда, сол қалада тұратын жерлестеріміздің әлеуметтік тұрмысын жақсарту мен құқығын қорғау мәселесін шешуді де назарда ұстаған жөн болмақ. Өйткені, бұл қаланың Қазақстан меншігі бола тұрып, Ресей елінің заңымен тіршілік ететіні баршамызға белгілі. Қазақстан заңының күші ол жерде жүрмесе, байырғы халық қалай ашынбасын?



Тақырыбы: Тіл және мәдениет.

Мәдениеттің бастауы тілдің пайда болуымен тұспа-тұс келеді. Басқаша айтқанда, тіл-адамның нақтылықты азаматтық тіршілігі өтіп жатқан әлем ретінде жасайды. Ал адамзаттың тіршілігі-мәдениеттің жемі екені белгілі. Әрине, тіл физикалық нақтылықты қалыптастырады дей алмаймыз, өйткені ол әлемнің бейнесін жасау барысытнда осы нақтылықты әлеуметке жеткізуші ғана. Дегенмен де біз тілдің көмегінсіз болмысты толықтай тани алмаймыз. Мәдениет тілі дегеніміз оның кең мағыналығы сәйкес алар болсақ, бұл-адамдардың коммуникативтік байланыс жасап, мәдениет кеңістігіндегі бағдарын айқындауға мүмкіндік беретін құралдар, таңбалар, рәміздер мен мәтіндер.
Тілдің осы бір бөлігі мәдениетті зерттеуде маңызды орын алады. Адам өмірінің дамуы оның ғылымы мен техникасының дамуымен оның жаңа сөздерінің пайда болуы, тілдің одан да лексикасының бай болуына әсерін тигізеді.
Тіл-халықтың жаны, сәні. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Өйткені халқымыз дәрежеге емес, дәстүрге бағынған.
Тілдің көмегімен өнер-білімге, мәдениет, ғылымға жетіп, өткен-кеткенімізді әлемге танытамыз, сөйлейміз, оқимыз, жазамыз, қоғам-халықты, ел-жұртты, мемлекетті меңгереміз. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Ежелден, атам заманнан тіл-елдің мәдениеті, әдебиеті, өсіп-өніп от басындағы тіршілігінен бастап, қоғам, халық, ел-жұрттың, жалпы мәдениеттің арнаулы құрамы екендігі даусыз.
Тіл негізгі коммуникация (байланыс) құрамы болғандықтан, тілге, ауызекі сөзге негізделген салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар кеңінен дамыды және ұрпақтар мирасқорлығының негізі де сол болып табылады.
ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында бүкіл д.ж. елдерінің соның ішінде орталықтан босаңсыған, тәуелсіз алған мемлекеттер елдеріндегі ұлттардың сана-сезімінің күрт өсуі тілге деген қажеттіліктің артуын, оның рухани байлығын жете меңгеруге алып келіп отыр.
Мәдениет адам қолымен жасалатын құндылық болғандықтан, ол таза табиғи процесс ретінде таныла алмайды. Тіл-адам баласының әлеуметтік тарихында жасалған дүниетанымыын негіздейді, сондай-ақ, тіл-адамның биологиялық табиғатымен байланысты да қарастырыла алады.
Қазақ ғалымы Ахмет Байтұрсынұлы: «тіл-адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі»,- деп жазады. Тілдің табиғаты, тіл мен жазудың пайда болуы – адамзат тарихында сыры ашылмай келе жатқан құпия. Ерте тарихта болған халықтар тілі мен ежелдеен жеткен жазудың жасырынып жатқан сырлары, оның ішінде қазақ даласында ғажайып өркениет үлгілерін қалдырған бабаларымыздың да көне тілі мен қолданған жазуы – адамзат мәдениетінің ерекше құбылысы. Тіл хабарды сақтаушы, әрі таратушы жүйе. Оның екі түрлі қасиеті бар:
• Тіл - сөздердің семантикалық және грамматикалық жүйесі арқылы ақпарат сақтауға қабілетті.
• Тілдің көмегімен ауызша және жазбаша айтылған пікір, ақпарат сақталып тарайды.
Президент Н. Назарбаев бір сөзінде: «Қазақ қазақпен қазақ тілінде сөйлессін» деп атап көрсетіп еді. Шынымен де, қазақ пен қазақтың, әке мен баланыңі әріптестерінің жұмыста қазақ тілінде сөйлеспеуі көңілге қонымсыз-ақ жайт. Ұлы да, құдіретті осы бір даралар мен даналар сөйлеген ұлық тілімізді, тіпті тоталитарлық зорлық-зомбылықтар да адамдардың ана тіліне деген құрмет – ілтипатын біржолата жойып жібере алмады. Мәселен, 1994-1995 жылдары Алматы қаласында «Адам. Мәдениет. Кітап» айдарымен жүргізілген социологиялық зерттеуімізде ұлттық тілдік құрылысқа да байланысты бірнеше сұрақтар бар еді. Солардың біреуі «Республика мәдениетінің болашағын қалай елестетеміз?» деген сұраққа жауапты халықтан іздеген болатын. Сұраққа жауап берген 759 респонденттің жартысына жуығы (47,43%) болашақта ұлттық мәдениеттердің нағыз теңдігі орнайды деген болжам құрыпты. Ширек бөлігінен астамын (26,48%) қазақтың ұлттық мәдениеті үстемдік құратынына сенім білдіріпті. 43 респондент мәдениеттің ұлтсыздануы орын алады деген екен. Ал 61 (8,04%) алда мәдениеті америкаландыру күтіп тұр деп жауап береді.
Ұлттық тіл жоқ жерде ұлт та, ұлттық мемлекеттік те жоқ. Ұлттың барынша қадір – қасиеті – оның ғасырлар бойы тірнектеп жинаған рухани тәжірибесі, ақыл – ойы мен сана - сезімі, салт – дәстүрі, тарихы мен дүниетанымы, бір сөзбен айтқанда, бүкіл рухы нақ осы тілінде жатыр. Сондықтан дүние жүйзінің барлық өркениетке ұштылған мемлекеттері секілді. Қазақ елі үшін де өзінің ұлттық тілін дамыту тек рухани ғана емес, саяси, әлі экономикалық мәселе де болып табылады. Өйткені тілі, әлсіз, әлжуаз халықтың рухы да әлсіз, әлжуаз, ал рухы осындай күйге ұшыраған ұлттың өркендеген тәуелсіз мемлекет, дамыған экономика құруы екі талай. Түбінде рухы биік елдер ғана өз тәуелсіздігіне ие болып қана аймақ.
Ал, енді бәрін айт та бірін айт демекші, сөздің тоқетер түйсісіне көшсек, қазақ тілінің алдағы тағдыры ол күнкөріс тіліне, яғни іс- қағаздарын жүргізу тіліне айнала ала ма, жоқ па деген ең басты мәселелеге келіп тіріледі.
Мемлекетіміздің Ата заңында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде танылуына шовинистік пиғылдағы орыс зиялылары қарсылық білдіріп, орыс тілінде де осындай мәртебе беру талабын қойды. Президентіміз Н. Назарбаевтың салиқалы ұлттық саясатының арқасында мұндай бұра тартулар сабасына түсті. 1997 жылғы 11 шілдеде празидент Н. Назарбаев «ҚР Тіл туралы ҚР Заңына » қол қойды.
Қазақ тілі бүкіл дүние жүзі таныған қазақ ұлтының, Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданған ҚР-ның мемлекеттік тілі болып табылады.
Тіл-ұлттың ұлт екенін көрсететін ең негізгі белгі, әрі онымен сол ұлттың психологиясы өзіндік дүниетанымы, салт-дәстүрі тығыз байланысты. Әрбір тіл-тұнып тұрған мәдениет, мөлдіреген рухани бастау. Ішмең мейірімің қанады, сөйлесең рухың көтеріледі, абыройың асады. Ендеше, мемлекеттік міртебеге ие қазақ тілі тек қазақ халқының ғана емес, тәуелсіз елдің ақ тілеуі болып отырған қазақстандықтардың тілі.
Біз осыны ұмытпасақ екен. Мемлекеттік тілді білу арқылы өзгені емес, өзіңді құрмет бергенің екенін естен шығармағанымыз жөн.

Тақырыбы: Орта буын оқушыларының эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.

“Эстетика” термині гректің – сезім, түйсік деген мағына береді. Бұл сөз ХVІІІ ғасырда, әсіресе 1750 жылдан кейін, немістің өнер зерттеушісі, идеалистік философ Александр Бумгартеннің “Эстетика” атты еңбегі шыққан соң эстетика ғылымын анықтайтын термин болып қалыптасты.
Эстетикалық көзқарастар, эстетика ғылымының өзі тарихи – әлеуметтік түрлі жағдайларға байланысты туды. Эстеика ғылым ретінде жалпы өнерді зерттеу барысында қалыптасты. Біз өнердің алуан түрлі салаларының мыңдаған жылдық тарихы бар екенін жақсы білеміз. Тіпті алғашқы қауымдық қоғамның өзінде поэзия, музыка, би, сурет өнері болғаны белгілі.
Алайда ол кезде адамдардың эстетикалық көзқарастарын, оның даму заңдылықтарын жинақтап зерттейтін теориялар да, бұл жөнінде арнаулы ғылым да болған емес. Тіпті Демокрит, Эпикур, аристотель, Сократ, Платон сияқты ерте замандағы Грецияның ұлы ой иелері де эстетиканы өз алдына дербес, өзінің ерекшеліктері бар ғылым деп таныған жоқ.
Енді, қазіргі демократиялық қоғамдағы эстетикаға тоқталатын болсақ, қазіргі күнде эстетикалық тәрбие дегенде көпшілік ұстаздар мұны тек ән салып, ақын өлеңдерін өту және одан көріністер әзірлеп сахналық қойылымдар көрсету деп ойлайды және сол сипатта іс – шаралар өткізіп жатады. Бұлар педагогикалық, психологиялық жақтан және сондай-ақ эстетикалық тәрбиенің философиялық іргетасы – эстетикалық санаттарға негізделмегендіктен, көбінесе, сыңыржақты әрі үстірт сипатқа ие болып қалатынын көріп жүрміз.
Оқушылардың эстет икалық тәрбие берудің мәні.
Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді.
Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым рухани күш ретінде көрінеді. Балаға бөбектік кезеңнен бастап әсемдікке ұмтылу тән нәрсе. Ол әрдайым бойларында әсемдік құндылықтары бар қатар – құрбыларына, ересектерге еліктейді. Балалардың өз ең іс – әрекеті тиімді және сапалы болуы үшін оның ұйымдастырылуы толысып, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне жеткені жөн.
Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі ашылады.
Оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу дамыған және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған процесі. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу оқушыны жан – жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс - әрекеттің барлық түрлерінде әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының дамуы, білім алуы, қалыптасуы құралына айналдырады.
Әсемдікке тәрбиелеудің оқушыны жан – жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде жанама қызметі де бар.
Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның іс – әрекетінің белсенді және тиімді ден берушісі де болады. Оқушы өнегелігінің әсемдігі, оның жан дүниесінің байлығы, шешендігі оны басқа адамдарға тартымды етеді.
Сондай-ақ қазіргі кезеңде сынып оқушыларының эстетикалық талап – талғамдарын қанағаттандыратын ең негізгі құралдар: оқушыларды Еңбек арқылы эстетикалық талғамды қалыптастыру, табиғат арқылы эстетикалық талғамды қалыптастыру және қазақ балалар фольклоры.
Орта буын оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің түпкі мақсаты – эстетикалық іс – әрекетке жетелеу, түрткі беру, ояту. Егер олай болмаған күнде эстетикалық тәрбиенің нәтижелігі де жеткіліксіз болмақ. Ал эстетикалық іс – әрекет дегенде тек қана көркем туындылар жарату дейтін болмақ, көпшілік қауымның эстетикалық тәрбиелену құқығына шек қойған болар едік.
Сондықтан бұл ретте эстетикалық іс – әрекетті адамдар арасындағы қарым – қатынас эстетикасын этикамен, адамгершілік, имандылық көріністерімен ұштастыру тиіс. Ал бұл мәселелер педагог мамандығы кәсібіндегі аса маңызды компонент болып табылады. Педагог жарататын басты туынды оның алдындағы оқушысы.
Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің бірі – баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу . Ол әдемілікті сезіп және оның заңдарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға өзгеріс жасауы қажет. Өмірге енген эстетика (еңбек, табиғат эстетикасы, адамдар қатынасы және жай – жағдай эстетикасы) адамды сүйсіндіреді.
Қазақстан мектептеріндегі эстетикалық білім беру әдісінің негізгі кемшілігі – өнер пәнінің жүйелі оқылмауы және өнердің табиғи мүмкіндіктерін ескерілуімен, оның математика, физика, география, тарих пәндері секілді жүргізілмеуі.
Жалпы, қорыта айтқанда орта буын оқушыларының эстетикалық талғамдарындағы ең бір көрінетін қасиеті – бұл оқушылардың жалпы мәдениеті, яғни эстетикалық тәрбиенің маңызды жақтары ізеттілік, ұқыптылық, жылы шырайлылық, қайырымдылық, тазалықты сақтау т.б. болып табылады.


Скачать


zharar.kz