Адрестің екілік жүйеден ондық жүйеге аударылуы

Скачать

1.5 Интернет желісіндегі адрестеу

Интернет желісінде жұмыс істейтін станцияларға арнаулы талаптар қойылады. Ол үшін әрбір компьютер үшін екі адрес көрсетілуі қажет:
1. Цифрлы адрес немесе оны – IP адресі;
2. Домендік адрес.
Цифрлы адрес деректерді компьтерде өңдеуге қолайлы. Ал доменді адрес пайдаланушы үшін қажет.
Цифрлы адрес IP – бұл компьютердің желіде ерекшеленуіне көмек беретін екілік сандардың 32 разрядтық тізбектілігі. Жеңілдік мақсатында ол 8 биттен тұратын 4 бөлікке бөлінген. Бұл адрес компьютерді идентификациялау үшін қажет. Мысал ретінде:
10010010 10010011 – барлығы 32 бит
8 символ 8 символ 8символ 8 символ
- алғашқы 2 бөлік желі адресін көрсетеді.
- 3-ші блок ішкі желі адресін көрсетеді.
- 4-ші блок компьютер адресін көрсетеді.
Доменді адрес – белгілі ережелерге негізделіп жасалады. Мысалы:
Қазақстан - kz;
Россия - ru;
Франция - fr;
Америка - usa.
Адрестер типтері:
физикалық (MAC-адрес)
желілік (IP-адрес)
символдық (DNS-атау)
TCPIP желісіндегі компьютердің үш деңгейдегі адрестері болуы мүмкін (бірақ, екеуден кем болмайды).
Компьютердің жергілікті адресі. Жергілікті желіге кіретін түйіндерге (желіге қосылған компьютерге) арналған адрес - бұл желілік адаптердің МАС-адресі. Бұл адрестер құрылғыны шығарушылармен тағайындалады және ерекшеленген өз алдына жеке адрес болып табылады.
4 байттан тұратын IP-адрес, мысалы, 109.26.17.100. Бұл адрес желілік деңгейде қолданылады. Ол компьютерлер мен маршруттау құралдарын конфигурациялау уақытында басқарушымен (администратор) тағайындалады.
Символдық атау (DNS-атау), мысалы: www.kstu.
IP-адрестер бірнеше бөлімнен тұрады:
IPv4 – адрес Интернеттегі IP-интерфейстің ерекшеленген 32-биттік атауы болып табылады.
IPv6 – адрес Интернеттегі IP-интерфейстің ерекшеленген 128-биттік атауы болып табылады, кейде оны Internet-2 деп атайды, IPv4 адрестік кеңістіктің жетіспеушілігі болғандықтан, біртіндеп жаңа стандарттар енгізілуде.
IP-адрестерді октеттерге (8) бөліп жазу қабылданған, әрбір октет ондық сан түрінде жазылып, ондық сандар нүктемен ажыратылады. Мысалы, келесі адрес 10100000010100010000010110000011 төмендегідей жазылады
10100000.01010001.00000101.10000011 = 160.81.5.131 (1.15-суретке қараңыз).

1.15-сурет. Адрестің екілік жүйеден ондық жүйеге аударылуы

Хосттың IP-адресі адрестің үлкен облысын алатын IP-желінің нөмірінен тұрады, және хосттың нөмірі осы желіде кіші бөлігін алады:
160.81.5.131 - IP-адрес; 160.81.5. – желі нөмірі; 131 – хост нөмірі.


Скачать


zharar.kz