Балаларға патриоттық рух беруде Махамбет өлеңдерінің тәрбиелік мәні

Скачать

Махамбет—балалар әдебиетінің өкілі емес, бірақ өлеңдерінің бір сыпырасы балалар мен үлкендерге бірдей ортақ мұра. Ерлікті дәріптейтін шығармаларды көп оқу балалар психологиясына тән нәрсе. Олар мұндай шығармаларды өте тез түсінеді, тез қабылдайды. Балалар әрқашан патриоттық күш-қайрат беретін өздерін, өздерін жігерлендіре түсетін шығармалардың ішіндегі кейіпкерлерге үнемі еліктеп отырады. Мазмұны қызықты және оқушысын патриоттық идеяға баулитын шығармалар жастың үлкен, кішілігіне қарамай бәрәне бірдей қызмет етеді. Біз « баланың зейіні нашар, ақылы өткір емес деп ойлаймыз, жоқ, олай емес, баланың тек тәжірибесі ғана жоқ, ал ақылы өткір, қиялы жүйрік екеніне сеніңіз.Үлкен кісілердің кез-келгеніне ұғындыра алмайтын алгебраның қиын есептерін он екі жасар бала оқып үйренеді ғой...»-- деген Н.Г. Чернышевскийдің қорытынды пікірі әбден орынды .
Махамбеттің « Ереуіл атқа ер салмай », «Тарланым», « Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзі», « Ерлердің ісі бітер ме?», « Қызғыш құс» деген өлеңдері балалардың ойына қозғаусалатын, патриоттық рух беретін, оң мен солын танытатын тәрбиелік күші басым шығармалар. Сонымен қатар балалардың жаттап алуына жеңіл, орамы күшті, әсерлі сөздер мен жанды теңеулер бар. Өлеңнің құрылыс өлшемі шағын, қысқалығы жағынан да балалар үшін ұтымды.
Махамбет өлеңдерінің балалар әдебиетіне жақын, ұғымға жеңіл тиетін тағы бір өзгещелігі—онда ллитерация мен ассонанстрдың жиі кездесуі деп бағалаймыз. Өткені қайталанып айтылған сөз көңілге қандай қонымды болса, сөз басындағы жеке дыбыстардың қайталанып айтылуы да балаларға сондай әсер береді.
Мыс: Ереуіл атқа ер салмай
Егеулі найза қолға алмай
Еңку-еңкц жер шалмай
Ерлердің ісі бітер ме?
Жас кезінен –ақ бір беткей боп өскен өр мінезді, әділет пен еркіндік дүниесіне талпынған Махамбет Жәңгір ханның өзінен де тайсалмай, оның жауыздық әрекеттерін халық алдында әшкерелеп береді. Ханның озбырлық ниеттерін бірде қасқырға, бірде қарашұбар жыланға,кейде айыр құйрық шаянға теңеп, оның қара ниетті типтік образын жасауы да балаларды таң-тамаша қалдырады. Болашақ жастарды, ол халық игілігіне айналуға тиісті екенін де айта білген . Қ.Жұмалиев бұл турасында; « Жұртшылықты күреске үндеу, келешектегі игілікке сендіру -- бәрі де халық көзқарасының аодан үміт күтіп, жақсылыққа жетем деп көзденіп тұрған кездерін аңғартады» -- дейді.
Махамбет өлеңдерінің біздің қазіргі жастарға рух беретін және тарихи жағдайлармен таныстыратыны осында.
Махамбет өзінің үлкен, кішіге бірдей қызмет ететіні және өлеңінің балалар үшін басты қасиеті адам- өмірі туралы дұрыс ұғым беретіндігінде. Ақын өлеңдерінің балалар ұғымына жақын тағы бір пайдалы жағы – мұнда тарихи шындық, болған іс баяндалады.
Үйге тапсырма.
Ақынның « Хан емессің қасқырсың», « Баймағамбет сұлтанға айтқаны», « Жайық үшін жандастың», өлеңдерін оқып талдау.
Бұл өлеңдердегі балалар ойына қозғау салып, лоарды қызықтыратын бір өзгешелік – Махамбет өз басына түскен қуғын-сүргінді, азапты кісі ұғымына дәл тиетін екінші бір жәндіктер ортасында болатын оқиғаға салыстыра суреттеу арқылы көрсетуінде дейміз. Оқуға да, түсінуге де, жаттуға да соншалық икемді жазылған


Скачать


zharar.kz