Мұқан Иманжановтың балалар әдебиетіне қосқаны

Скачать

Иманжнов Мұқан 1916 жылы Қарағанды облысының қазіргі Ұлытау ауданында туған. Ауыл мектебінде, Қарсақпайдағы Фзо мектебінде және Алматыдағы Есеп-санақ техникумында оқыған. Жоғарғы білімді Қазақтың Еңбек Қызыл Ту Орденді С.М. Киров атындағы Мемлекеттік университетінде алды. 1938 жылдан бастап Иманжанов журналистік қызметпен шұғылданады. Ол республика баспалары редакцияларында, Қазақ радио комитетін.де жауапты қызмет атқара жүріп, әдебиетіміздің проза және драмматургия салаларында аса жемісті еңбек етті.
Мұқан Иманжанов қазақтың үздік публицистерінің бірінен саналады. Ұлы Отан соғысы кезіндегі совет адамдарының күнделікті еңбегі мен ерліктері туралы оның мақалалары өткірлігі, мақсаттылығы, айқындылығы және тілінің қарапайым, көркемдігімен көзге түседі.
Өзінің айнасында не болып жатқанына көзін жұма қарайтын парықсыз, тоғышар балалар емес, өмірге шөліркей аңсап қарайтын, өмір қозғаласына сай қимыл жасайтын оптимист балалар болып суреттеледі. Басты кейіпкерлердің бәрінде совет балаларының еркіндік дүниесіндегі еркін өмір бар. Олар өздерін үлкенм өмірдің кішкентай кірпішіндей сезінеді. « Жас шебер » деген очерктегі 7- класты жаңа бітіріп, тігінші даярлайтын қолөнер училищесіне түскен Фарузаның коллектив арасына келгенде, өзін мүлде басқаша сезінгені суреттелген.
Фаруза сияқтылар – сана, жңа ой, жаңа мақсат иелері. Бұлар – коммунизм құрылысының жаңа қайраткерлері, жалынды жастық өмірдің мұрагерлері. Жас өспірімдер де жасқануды білмейтін қандай күш, қандай жігер болса, Мұқан соны табиғи қалпында көз алдына келтіреді. Мұқан әңгімелеріндегі кішкентай кейіпкерлердің іс-әрекеті.
1948 жылы оның « Жастық » деген әңгімелерінің бірінші жинғы жарыққа шықты , жасөспірімдер театрында « Жас өспірім» деген пьесасы қойылды. 1950 жылы « Алғашқы ойлар» повесін жазды.
1955 жылы тың игеріп жатқан аудандарға барып, әдебиетімізде ең алғаш тың жайында « Тыңдағылар» деген атпен әңгімелер жинағын жазып шығарды.
1958 жылы Москвада өткізілген онкүндікте М. Иманжновтың әңгімелер жинағы орыс тілінде шығарылды. Мұнда « Кондуктор», « Таныс қыз», « Кішкентай көрші», « Есеновтың тағдыры» т.б. бар.
Балаларға арналған шығармаларын М. Иманжанов пионер журналында істеп жүрген жылдарында жазған.
Мұқанның « Талап», « Ораз бен Боря», « Жол үстінде» т.б. әңгімелері , 1952 жылы шыққан « Таныс қыз» атты жинаққұа енгізілген .
Мұқанның кейіпкерлер күресе де еңбектене де біледі « Адам туралы аңыз» әңгімесіндегі Петя мен оның қарт әкесінің және « Жыртық дәптер» әңгімесіндегі фашистер қоолынан қаза тапқан қазақ жігітінің ерлік істерін келтірсек те жетерлік.
М. Иманжановтың « Алғшқы ойлар» повесі – үлкен дайындық, мол ізденіс, зерделі зерттеудің жемісі, повесте мектеп жұмысын өндірістік оқумен байланыстыра жүргізу мәселесін көтереді де, соны ең бірінші болып әдебиетін аренаға шығарады. Бұл балалар әдебиетіндегі жазушының жаңашылдығы


Скачать


zharar.kz