Ветеринариялық пропедевтика пәнінің студенттерге арналған оқу әдістемелік бағдарлама кешенінің (ПОӘК 042. 18-24. 1. 1302-2014) № 2 модуліндегі дербес жүйелер қызметінің морфофункциональдық қабілетіне клиникалық диагностикалық таным тарауына енгізілген тақырыптар қамтыла отырып - іс жүзінде теориялық-практикалық тұрғыда меңгеру деңгейін анықтауда келесідей тақырыптар қосымша қарастырылады:
1. Жануарларда сыртқы ортаның био және абиотикалық факторлар әсерінен организмнің дербес жүйесінде туындайтын патологиялық үрдістің ғылыми негіздемелерін сипаттау;
2. Малдың физиологиялық жағдайына, жасына, жынысына, салмағына байланысты диспансеризацияны жүргізудің алғы шарттарын игерудегі тұжырымдамаларды дұрыс пайдалану дағдыларын меңгеру;
3. Дербес жүйеде туындайтын патологиялық үрдістің туындау ықтималдығы басым мәселелерді болжау және шешу қабілеттілігін көрсете білу.
4. Клиникалық диагностикалық семиотикалар ажыратылып, балауды қоюдың негізгі алғы шарттары;
5. Мамандық этикасы мен деонтологиялық қағиданы сақтау.