ҚОСЫМША А DataBase Desktop көмегімен кестемен жұмыс істеу

Скачать

ҚОСЫМША А DataBase Desktop көмегімен кестемен жұмыс істеу
DataBase Desktop көмегімен кесте құру үшін келесі қадамдарды орындаймыз:
1) Delphi 7 негізгі менюінен Tools Database Desktop таңдаймыз.
2) DataBase Desktop терезесі пайда болған соң File New қадамдрын орындаймыз.
3) Мәліметтер қорын басқару жүйесінің (МҚБЖ) түрін таңдаймыз (Мысалы, Paradox7) (Сурет А.1)

Сурет А.1 МҚБЖ таңдау терезесі

4) Кестенің құрылымын анықтаймыз:

Сурет А.2 Paradox кестесінің құрылымын жасау терезесі
Өріс аты – бұл мәліметтерді басқару үшін әр түрлі бағдарламаларда қолданылатын идентификатор. Ол кез-келген идентификатор құру ережелері сияқты құрылады, яғни латын әріптермен жазылып, бір сөзден құрылады және т.б. Мысалы, кесте үшін кестесінен келесі тіркеулер үшін өріс атауын енгіземіз. Num, Dep, Fam, Nam, Par, Year_b, Sex, Charact, Photo.
Өріс типі осындағы мәліметтер типін сипаттайды. Бұған жол, сан, түрлі белгілер, кең көлемді текст және т. б жатады. Кестенің әр түрлі жолы бір ғана обьектіге сәйкес келеді. Ол жазба деп аталады және берілген обьектіні сипаттайтын барлық өріс мәні болып келеді. Мәлімет қорының кестесін құру кезінде ақпарат дұрыс болуы керек. Әдетте ол кілттік өріс енгізумен жасалады. Кілттік өріс бір немесе бірнеше өріс болуы мүмкін. Жоғардағы келтірілген мысалдарда Fam, Nam, және Par өрістер жиынтығын кілттік деуге болады. Бірақ, бұл жағдайда кестеге аты–жөні бірдей фамилияларды, немесе есімі және тегі сәйкес болмауы керек. Сондықтан кестеге бірінші өріс Num өрісі енгізілген.
5) Secondary Indexes – екінші индекстерін қою терезесі Define... батырмасы арқылы ашылады.

Сурет А.3 Екінші индексті тағайындау терезесі.
Аталған қадамдарды орындай отырып, тағы бір кесте құрамыз нәтижесінде Pers.db және Dep.db кестелерінің құрылымын анықтап, жазбаларын енгіземіз:

Сурет А.4 DataBase Desktop көмегімен құрылған Pers.db және Dep.db кестелері.


Скачать


zharar.kz