Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті салық комитеттерінің көптеген сұрауларын қарап, сондай-ақ лицензиясыз кәсіпкерлік қызметтен алынған табысты алып қою жөнінде "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі ҚР Заңының нормаларын қолдануға қатысты қалыптасқан сот практикасын ескере отырып, сіздерге мынаны хабарлаймын:
Заңның 24-бабында салық органдарына лицензиясыз кәсіпкерлік қызметтен алынған табысты алып қою міндеті жүктелген. Сонымен бірге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 137-бабына сәйкес 26.01.2001 ж. бастап тиісті лицензиясыз қызметпен айналысқаны үшін азаматтардың да, заңды тұлғалардың да әкімшілік жауапкершілігі көзделген.
Шаруашылық субъектісін "Бағдарламамен қамтамасыз ету" - деп субъектінің алдағы уақыттарда атқарылатын жұмыстарына қатысты табыс әкелетін ақпараттар мен мәліметтерді айтады. "Бағдарламалық қамтамасыз етуді кедендік рәсімдеу туралы" ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 1.02.2003 ж. № 3-1-9/886 хатына сәйкес тұрақты пайдалануға арналған бағдарламалық өнім "Тауарларды еркін айналымға шығару" кеден режимінде кедендік ресімделуге тиіс.
Патенттер. Патент оны ұстаушысының патент қамтыған нәрсесін, проце сін немесе кызмет түрін және дәл сондай әрекетті басқа тұлғаның жүзеге асыруы- на тиым салатын, бақылайтын, сататын,өндіретін және пайдаланатын құқық бо- лып табылады. Патенттің күші оны берген мемлекеттің аумағында ғана жүреді. Патенттің кызмет мерзімі (15-20 жыл) ұлттық заңдармен белгіленеді. Сонымен қатар, патент деп белгілі кәсіппен, саудамен, тауар сатып алумен шұғылдана- тын тұлғаларға берілген құжат саналады. Патент берілгенде патенттік алым (пошлина) ұсталынады. Патентті алуға көптеген ірі кәсіпорындар мүдделі болып келеді.Себебі,патент сатып алуға да, патенттелінген жаңалықтарды өндіріске енгізуге де қаржысы болуы керек.
"Ұйымдастыру шығындарына" - шаруашылық субъектісін жаңадан ашу, құру кезінде жұмсалған шығындар, яғни субъектіні тіркеуден өткізуге жане оны тіркеуден өткізу үшін заң орындарына төленген төлемдер,банктерден есеп айырысу немесе валюталық,басқадай шоттар ашу үшін жұмсалған шығындар, жарнамалар үшін төленген төлемдер және басқа да жұмсалған шығындар жата -ды.
"Гудвилл” немесе "Фирма бағасы" материалдық емес активтер шотында есептелініп және сонымен қатар ол бір шаруашылық субъектісі екінші бір шаруашылық субъектісін толығымен, түгелдей сатып алған кезде ғана пайда болады. Егер де сатылып алынған шаруашылық субъектісінің барлық активтерінің сатылып алынған кұны олардың баланстық құнынан артық болса, онда кұндар арасындағы айырмашылық "жағымды гудвилл", ал кем болған жағдайда "жағымсыз гудвилл" деп аталады.
МЕА бағалау бух есеп теориясына күрделі жағдайларды туғызады.Бұны мынамен түсіндіруге болады,яғни сол объектілердің құнының анықталмауы және тәжірибеде есеп айырысу әдісінің болмауымен, және ол ешқашан бағаланбаған және сату сатып алу объектісі болмаған , нақты бағалау тікелей инфляциялық процеспен байланысты ,яғни объектінің қаржы-экономикалық шартында функцияланады.
Қазақстанның БЕС сай 28 «МЕА есебі» жүргізіледі және оларды бағалаудың келесі түрлері бар: бастапқы, баланстық, есептен шығару құны, сатылу құны .Әрбір бұл әдіс экономикалық мәнге ие және соған сәйкес шаруашылық қызметті атқарады.
Бастапқы құнды толық анықтау қаржының есебіндей керек.Бастапқы құн бойынша амортизациялық аударымдар есептелінеді,рентабельділігі және басқа- да көрсеткіштер жатады.Бірақ бұл бағалау динамиканы үйренуге қажет емес, сол баяғы объектілер болғандықтан, әр түрлі уақытта иеленген, әр түрлі құнды игеруі мүмкін.
Қазіргі уақытта МЕА бастапқы құнын анықтау проблемасы тұр-гудвиллде осы көрсеткіш нақты әдісті талап етеді.Гудвиллді бағалаудың бірнеше әдісі бар. Батыстық аналитикалық есептік тәжірибеде оның бастапқы құнын анықтау үшін біраз тәжірибе батыстық мамандармен ( Б.Нидлз, Х.Андерсон, Д.Колдуэлл) жинақтаған.
Гудвиллді бағалаудың үш әдісі бөлінген:
1) Жалпы бағалау ( master valuation approach)
2) Қосымша табыстар әдісі (excess earning power)
3) Капиталдандыру әдісі күтілетін таза табыс орташа табыстың нормасы.