Алматы – Респебликасының мәдени астанасы ғана емес, табиғи таланттардың шеберлігін шындап, рухани байлығымыздың басын тоғыстырған өнер ордасы. Кәсіби өнер халқымыздың ұлттық мұрасымен қатар кеңпейіл, қонақжай қазақ даласын мекендеген түрлі ұлттар мен ұлыстардың мәдени жетістіктері арқасында қалыптасып дамыды.Бұл процесте Ұлы отан соғысы жылдары Москва мен Ленинградтан Алматыға қоныс аударған творчество қайраткерлерінің де ролі зор. Олардың көпшілігі Қазақстанды екінші отан санайды. Атақты өнер адамдарын қазақстандықтар әлі күнге дейін құрметпен еске алады. Мәселен, опера және балет театрының мұражайында әйгілі мерей тойы ұлттық салтанат ретінде аталып өтті, Александр Пушкин ескерткішін ашу жалпы халықтық мерекеге айналды.Муның бәрі шекара мен тілдік кедергілерге бағынбайтын біртұтас рухани кеңестіктің айғағы болып табылады.
Бейнелеу өнерінің даму тарихы 1920 жылы Верный қаласында суретші – этнограф Николай Худовтың басшылығсмен алғашқы кәсіби мектептің ашылу кезеңінен бастау алады. 1929 жылы Жетісу суретшірлерінің тұнғыш көрмесі өткізілді. 1935 жылы Мәскеуде қазақстандық суретшілердің республиканың 15 жылдығына арналған көрмесі болып өтті. Көрме экспозициялары бейнелеу өнері туындыларын жинап, картина галереясын құруға негіз болды. Кейіннен бұл галерея Кастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайына айналды. 1936 жылы Москва мен Ленинград мұражайлары қорына 200 жұық шығарма сыйлады. Қазіргі кезде мұнда Қазақстан өнерімен бірге Батыс Европа және орыс мектептерінің ежелгі шеберлері мен қазіргі суретшілерінің барлық жанрлар мен бағыттағы туындылары қойылған.
1990 жылдардың басында қалада түрлі бағыттағы 15 жеке галерея пайда болып, жыл сайын көрмелер өткізу дәстүрге айналды. Алматыда өнерді жан-тәнімен сүйіп, табынатын жандармен қатар көркемөнер туындыларын жинап, оны насихаттаумен айналысатын коллекционерлер көптеп саналады. Солардың қатарында Юрий Кошкин мен Ричард Спунер бар.
Қазіргі заманғы өнерді қолдап, насихаттауда Сорос ұйымы жанындағы мемлекеттік емес қазіргі өнер орталағы біршама жұмыстар тындыруда. Бұл орталық гранттар арқылы суретшілердің сас қызғылықты эксперименттерін жүзеге асыруға көмектесіп, семинарлар мен конференциялар өткізіледі.
Қазқстан зергерлік өнерінің тарихы алтын және қымбат металдар мұражайының экспозициясында кейіннен көрініс тапқан. 1994 жылы ашылған мұражай қорында зергерлік өнерінің маңнан аса туындылары сақталады.
Фильмдері байқаулар мен фестивальдерде үнемі жақсы бағаланатын Сатыбалды Нарымбетов, Болат Шәріп, Ардақ Әмірқұлов, Серік Апырымов тәрізді талантты режиссерлердің есімі шет елдерде жақсы танымал. 1999 жылғы XXI халықаралық Мәскеу кинофестивалі шеңберінде өткен Балтық және ТМД елдерінің кинофорумында қазақ ктносы үздік жетістіктерге жетті. Мұнда Қазақстанның 5 фильмі арнайы көрсетіліп, «Қазақ киносы : стилі және өзгерістер мазмұны» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Алматыда кинотеатрларды жаңартып, қайта жабдықтауда белсенді жұмиыс жүргізілуде. 1998 жылы І-ші халықаралық Евразия кинофестивалі қарсаңында оңтүстік астананың 4 кинотеатры соңғы техника үлгілерімен жарықтандырылды.
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының қызметі дәл осы мерзімнен (1935 ж) басталады, кейіннен, 1944 жылы, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы шаңырақ көтерді.
Қаладағы филармония мен Қазақконцерт ұжымдары тұрғындарға мәдени қызмет көрсетеді. Жақында концерт өткізумен қатар, қазақ музыканттарының шет елдерге гастрольдік турнирлерге шығуын ұйымдастырумен айналысатын «Классика» агенттігі құрылды. 1989 – 1999 жылдары агенттік бастамасымен «Париждегі Қазақстан маусымдары » өткізілді.
«Отырар Сазы» фольклорлық – этнографиялық оркестрі, Қазақ академиялық симфониялық оркестрі, мемлекеттік хор капелласы, «Камерета - Қазақстан» камералық оркестрі, «Әншілер академиясы» камералық ансамблі – республика тұрғындарының ілтипаты мен қошеметіне бөленген белгілі өнер ұжымдары. Оқушылар мен студенттерге арналған жылдық абонемент циклдары халыққа кеңінен танымал, мұнда алыс және жақын шет ел орындаушылары да жиі өнер көрсетеді. Шет мемлекеттердің елшіліктері концерттер мен кездесулер ұйымдастыруға көмек көрсетіп, қаланың музыкалық өміріне өзіндік үлес қосуда. Қалада Орталық концерт залында және консерваторияның үлкен залында екі орган бар.
Жеке студия мен дыбыс жазу кешеніне ие «Азия дауысы» корпорациясы республикадағы ірі музыка орталығы және «Азия дауысы» мен «Жас қанат» фестивальдерін ұйымдастырушы болып табылады.
Қаланың театр өмірі бай әрі сан қырлы Қазақстан мәдегниетінің айқын айғағы іспеттес. 1870 жылы Верныйда «Драмма өнері әуесқойлары қоғамы», ал 20-шы жылдардың бас кезінде Алматыда азшылық ұлттар клубының жанында ұйғыр драмма үйірмесі жұмыс істейді. Бұл кейіннен ұйғыр музыкалық комедия театрына айналды. 1928 жылы Қызылордадан Алматыға қоныс аударған Қазақ драмма театры, қазіргі М. Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драмма театрының қабарғасынан қазақ сахнасының айтулы шеберлері – актерлер мен режисерлердің шоқ жұлдыздары тәрбиеленіп шықты.
Абай атындағы қазақ академиялық опера және балет қойылымдарын жүзеге асыратын, кәсіби шеберлігі толысқан іргелі өнер ұжымына айналғанға дейін қалыптасу мен кемелденудің үлкен мектебінен өтті .
Алматыда шет елдерге кеңінен танымал Неміс драмма және Корей музыкалық- драмма театрлары жұмыс істейді. Мемлекеттік құыршақ театры мен «Зазеркалье» құыршақ театрлары ең таңғалпаз көрермендерге – балаларға қызмет көрсетеді.