ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Мұхтар Әуезов
Қазақ халқының эпосында батырлар жыры – ең бір мол сала. Бұл дастандар көбінесе сонау бір бағы заманда Орта Азияны, Қырым мен Еділ бойын жайлаған көшпелі тайпалар бастан кешірген нақтылы тарихи оқиғалардың поэтикалық көрінісі болып табылады. Батырлар жырының кейіпкерлері – Қобыланды, Қамбар, Тарғын сияқты аға батырлар мен Алпамыс, Сайын тәрізді іні батырлардың есімдері тарихи оқиғаларға байланысты. Ондай оқиғалар – ХҮІ ғасырларда Қазан хандығының құлдырауы («Қобыланды жыры»), ХҮ-ХҮІ ғасырларда Қырым хандығында рулық соғыстар («Ер Тарғын» жыры), қазақтар мен ноғайлының ХҮІ ғасырда бірлесіп жасаған жорықтары («Ер Сайын», «Алпамыс» жырлары), қазақтар мен өзбектердің жорығы («Қамбар» жыры).
Батырлар жырының қаһармандары қазақ деп аталмайды. Ноғайлы нәсілінен делінеді. Өйткені, негізінде бұл жырлар қазақтың дербес саяси одағы құрылмаған кездегі дәуірді сипаттайды. Кейінірек қазақ халқының эпикалық негізін құраған рулар ол кезде Алтын Орда, Қырым, Қазан хандықтарының және Орта Азия хандықтары саяси одақтарының құрамында болатын. Солардың бәрінің жалпы аты «Ноғайлы» болып келетін. Бұл жырлардың желісін ол баста кім шығарғанын табу мүлде мүмкін емес. Барлық жырдың да оны шығарған жыршының аты аталмайды. Тіпті орыс эпосындағы «Әулие Баян» деген тәрізді атау да жоқ. Беймағлұм жыршының атынан баяндалатын эпикалық жырдың стилі ғасырлар бойына өзгермеген. Өткен ғасырда өмір сүрген, «Қобыланды» мен «Тарғынның» үздік көркем варианттарын айтып жаздырған атақты жыршы Марабай да осы дәстүрді бұзбаған. Сол варианттарды өңдеуге, сұрыптауға Марабайдың қатысыболғанын оны тыңдаған замандастары ғана айтқан. Ал Марабай дастанның еш жерінде өз есімін атамайды. Сол сияқты, басқа жырлардың кейінгі айтушыларының да есімі беймағұлым.
Сөйтсе де, талай буын жыршылар айтып таратса да осы жырлардың стиль тұтастығы бұзылмаған. Ол жырлырдың барлық нұсқасы да асқақ, көтеріңкі күйге толы, образдық құрылысы өзгеше әсем.
Бірақ негізгі сюжеттік желісін ежелгі қалпында сақтағанымен, сол жырларға әр дәуірдің, әралуан әлеуметтік топтардың әсер етпеуі де мүмкін емес еді. Жырдың алғашқы кездегі халықтық негізіне керіағар кейін қосылған жамаулар – рулық ақсүйектік идеологиясы таңған белгі-бедерлер ұшырасатыны да осыдан. Көп жырларда дін иелерінің жүретіні – бұған дәлел. Бұл кейінгі кездегі – қоспасы. Өйткені ол жырлар қазақ ислам дінін қабылдамай тұрған кезде шығарылған.
Аға батырлар жайындағы жырларда жеке бастың қамынан гөрі әлеуметтік сарын басым. Мұнда рулық коллективтің қуат-күші батырдың бірегей, тұтас образы арқылы бейнеленеді, ол өзінің қайрат – жігерін сыртқы жауларға ғана қарсы көрсетеді. Ол бірде ел шетіне тиген жауға қарсы шықса, енді бірде өш руға қарсы кек алуға өзі аттанады. Барлық жағдайда да батыр - өз руын бастап шығушы әрі соның қайтпас қажырының көрінісі. Олар жорыққа жеке бастың намысын іздеп шықпайды. Ал Сайын, Алпамыс сияқты іні батырлар өздері үшін жорыққа аттанады, не кегін қуады, не қалыңдық үшін аттанады. Олардың туған ауылна жорық жасаған немесе қалыңдыққа таласқан бақастары да – солардың өздері сияқты іні батырлар.
Қазақтың батырлыр жыры соңғы кезде, яғни өткен ғасырдың аяғынан бері жазылып алына бастады. Бұл жұмыс қазір де жүргізілуде, жаңа жырлар да табылуда.
Эпостық дастандардың шығу тегі сөз болғанда олар тұрмыс - салт жырларының негізінде туды деп айтуға кәміл болады.
Батырлар жорыққа аттанғанда айтылатын «Қоштасу» жыры, ол қалыңдық әкелгенде айтылатын үйлену салт-жыры, ол өлгенде жанкүйерлері жылап- сықтап айтатын «жоқтау» жыры сол батыр жайында эпостық жырдың негізін құрамауы мүмкін емес. Мәселен, бір кезде болған Сайын деген батырдың жайына байланысты туған «қоштасу» жыры, ол өлгенде туған «естірту» жыры, әйелінің «жоқтау» жыры кейін бір тұңғыш нұсқасын жасауы ықтимал. Басқа ақындар оған тағы да қоса түскен. «Ер Сайын» жырында Сайынның өлер алдында қырық жігітпен бақылдасқан «қоштасуы» да, қырық жігіттің Аюбикештің «жоқтауы» да бар.
Эпостық дастан осылай тумақ керек деген жорамал басқа батырлық жырларда да тұрмыс- салт жырлары бар болуына байланысты айқындала түседі. Мәселен, «Қобыланды батыр» жырындағы Қобыландының жауға аттанар алдындағы үй ішімен қоштасуы, Алшағыр шауып әкеткеннен кейін бұғауға түскен батырдың ата-анасының жоқтауы, «Ер Тарғын» жырындағы Тарғынның ел-жұртымен қоштасуы осындай. Ал «Қыз Жібек» дастанында «қоштасу» да, «жоқтау» да, «естірту» де бар.
«Қозы Көрпеш –Баян сұлу» дастанын алсақ, онда тек «жоқтау», «қоштасу», «естірту», «көңіл айту», «жар-жар», «сыңсу» ғана емес, эпоста аса сирек ұшырасатын «сүйінші» жыры да, яғни тұрмыс-салт жырларының түр-түрінің бәрі бар. Халық творчествосының кіші формаларының ірі формаға ауысуын, ұлан-ғайыр эпос қалай туатындығын қазақтың ең көне, ең ескі дастанын анық көреміз.
Тұрмыс-салт жырлары болашақ эпостық дастанның алғашқы өзегін қалай құрайтындығын байқау қиын емес. Сөйтіп, бір жағынан ақындар ұрпақтан ұрпаққа айтып таратып келе жатқан, бірақ дербес дастанға айналып дамымаған кәдімгі талай-талай «жоқтау» барын, екіншіден, тарихта аты мәлім ақындар шығарған әрі о бастағы тексті сақталған тарихи дастандардың әралуан нұсқалары арқылы сол шағын формалы «жоқтау» дастанға қалай айналатындығын аңдап сеземіз.
Батырлық жыр мен эпостық дастанның туып-қалыптасуы жайындағы бұл ойды басқа халықтардың әдебиетіндегі мысалдар да анықтай түседі. Мәселен, «Одиссеяда» Демодоктың Алкин-ой сарайында Одиссейдің ғайып болғанын, қайғылы халін баян ететін жыры эпопеяның өзегін құраған. «Шахнамада» әкесінің Рустемді жоқтауы, «Игорь полкы туралы жырдағы» Ярославнаның дастандағы оқиғаны қысқа түрде баяндайтын жоқтауы да осындай.
Қазақ халқының батырлық эпосының ішіндегі ең тамашаларының бірі – «Қобыланды батыр». Көлем жағынан ұлан-ғайыр мол, эпопея дерлік бұл дастанның кей нұсқасының ұзақтығы бес мың жолға жетеді.
Жырдың бір варианты революцияға дейін Қазанда басылған. Ал революциядан кейін қазақ фольклоры мен эпосын жинаушы аты мәлім Әбубәкір Диваев бастырды. Алғашқы варианттың оқиғасы да, көлемі де мол. Ол Тоқтарбай мен Аналықтай қартайған баласыз жандар перзентті болып, болашақ батыр дүниеге келгенін баяндаудан басталады. Екіншіжыр Қобыландының балалық шағын және оның сиқыр кемпір Көкіланның қызы сұлу Құртқаға үйленгенін сипаттауға арналған. Бұдан әрі екі вариант ұқсас та үйлес. Екеуінде де Қобландының жер қайысқан қалың қыпшақты бастап, Қазан ханға аттанып, Қазан батырмен соғысқаны баяндалады.
Жырда Қазан қаласының ауызға алынуы дастанның тарихи төркіні барлығын байқатады. Ол «Қара Қазан», «Сырлы Қазан» деп аталады.Қазан қаласы алғаш Гзань өзені бойында, яғни қазіргі Қазаннан қырық километрдей жерде салынғаны, ал кейін ХҮ-ХҮІ ғасырларда Еділ өзені бойына көшірілгені тарихтан аян. Егер жырдың оқиғасы екі қаланы қоса қамтитын болса онда Қобыланды жорығының мерзім уақытын анықтау қиынға соқпайды. Сонда ол Қазан (Еділ) хандығына, Алтын Орда құлағаннан кейін соның орнына құрылған Қырым хандығына қарсы жорыққа қатысқан болуы ықтимал.
Одан әрі дастан Қобыландының елі-жұртына қайтқанын ұйықтап жатқанда оны қалмақ батыры Көбікті бұғаулап алғанын баян етеді. Көбіктінің қызы Қарлыға Қобыландыға ғашық болады. Ол Қобыландының өашып құтылуына себін тигізеді. Қобыланды жоқта оның ауылын Алшағыр батыр жаулап алып, оның ата-анасын жұбайы мен қарындасын тұтқындап әкеткен. Қайтып келген соң Қобыланды Алшағырды іздеп барып оның қалың қолын жайратып салады. Дастанның соңғы тарауы соны баяндауға арналған,
«Қобыланды батыр» жырының (жалпы қазақтағы батырлық жырдың) басқа халықтар эпосынан айырмашылығы сол- онда батырдың ата-анасы жұбайы серіктері тұлпар аты қару – жарағы ерекше суреттеледі. Қазақтың батырлық жырында әсіресе «Қобыланды батырда» кіріспе тарау қартайған ата-ананы қайғылы тағдырын суреттеуге арналған. Олар мойындарына бұршақ салып тілеп жүріп, барып перзент көреді. Батыр өмірінің келесі үлкен кезеңі-оның үйленуі. Оған дейін батыр көп бой көрсетпейді. Үйлену оның күші толысып жетілгендігінің белгісі әрі оның болашақ батырлық қасиетіне алғашқы сын есепті. Өйткені сүйікті қызына, таңдап алған жарына үйлену батырға оңайға түспейді. Сөйтіп талай қиындықты бастан кешіріп алған жары батырдың өз басының образын толықтыра түседі. Егер жастығының батырдың ақылы толысып жетпесе оның жары дан, ақылды болып шығады(Құртқа). Егер баты аршыл намысқой болмаса, оның жары нағыз ар-намыс жоқшысы болып шығады (Тарғын мен Ақжүніс).
Батырдың тағдырына оның серіктері, әсіресе тұлпар аты да көп ортақтасады. Тұлпар ат-батырдың ең жақын серігі, яғни ер қанаты. Ол батырдың образын толықтыра түседі. Батырлар мен бірге олардың тұлпар аттары халы арасында аңыз болып кеткен (Қобыландының Тайбуырылы, Тарғынның Тарланы).
«Қобыланды батыр» жырының көркемдігі мен түрінен қазақтың батырлық эпосына тән көп ерекшеліктер аңғарылады. Дастан жеті-сегіз буынды жыр үлгісімен жазылған. Мағынасына қарай шумақтағы жол сандары алмасып отырады. Ұйқас та айнымалы, тұрақсыз болып келеді. Бірақ, дыбыстың