Мәдениетке түсініктеме

Скачать

Бұл екі термин бір-бірімен тығыз байланысты. «Kultur» латын сөзі, адамзат тарихынан бастау алады. Сол себептен жан-жақты және көптеген зерттеулер жасалып, анықтамалар берілген. Адамзат тарихындағы түрлі дамулар мен өзгерістерде мәдениет өзгермелі және дамушы процесс болып табылады. Мәдениет ежелгі ілгері адамдық техникалық, тұрғылықты, рулық, мәдениет, киіз үй мәдениеті және шаруашылық мәдениеті болып өз ішінде түр-түрге бөлінеді. Мәдениет термині ғалымдар тарапынан зерттеліп, түрлі анықтамалар берілген. Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары мыналар:
1. Мәдениет – білімді, имандылықты, өнерді, сана-сезімді, құқықты, салт-дәстүрді және адамды қамтитын түрлі әдет-ғұрыптар мен құндылықтар жиынтығы.
2. Белгілі бір қоғамның өмір сүру тәсілі.
3. Адамдар жаратқан түрлі материалдық және рухани туындылар.
4. Белгілі бір қоғамдағы салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, әрекет ету тәсілдері, ұйымдар мен құрал-жабдықтар.
5. Адамдардың нанын-сенімдері, тілі, рухани құндылықтары, салт-дәстүрлері, қызығушылықтары, қысқаша айтқанда, адам тарапынан жасалатын және өмір сүретін әрбір нәрсе.
Бұл анықтамалардан шығатын мәдениеттің ортақ ерекшелігі әрбір қоғамның өзіне тән өмір сүру, ойлау және әрекет ету тәсілінің болуы. Осыны пайдаланып мәдениетке нақты түсінік бере аламыз. Мәдениет – белгілі бір қоғамға қатысты әлеуметтік және техникалық құрылыстар тудыратын процес.
Мәдениеттің өзгермелі және дамушы ерекшеліктеріне байланысты динамикалық сипаты бар. Мәдениеттің бұл ерекшелігі, яғни динамикалық сипаты болмаса дамуын тоқтатады, Басқаша айтқанда өледі. Осындай мәдениеті бар қоғам өмір сүру ерекшелігінен айрылады, өзіміз өлі мәдениет деп атаған тарихқа сіңіп, жоқ болады. Мұндай мәдениеттердің бірден-дір сақталатын орны – мұражайлар. Мәдениет қоғамның немесе бар екендігін көрсетеді. Егер мәдениет жанды, яғни өзгермелі және дамушы сипатқа ие болса, осындай мәдениетке тән қоғам да бар болады. Мұндай қоғамға тән мәдениеттердің бар екендігінің бір дәлелі – сол қоғамға қатысты сәулеттік туындылар.
Мәдениетке, өзіне қатысты қоғамдар, өмір сүрген аймағының климат шарттары, сауда-саттық жағдайы т.б. секілді шарттар әсер етеді. Қорыта келгенде, мәдениетті қоғам өмірінде туындаған өзгерістермен бірге қатарласа ілгері, жоғары, төмен немесе дәуірлес мәдениет ретінде қарастыруға болады. Яғни, бірдей мәдениетке тән қоғам ілгері, төмен немесе дәуірлес болуына байланысты уақыт және аймақ шарттарына қарай өзгеріп отырады. Сондықтан бір қоғамның мәдениетін жоғары, басқаларын көне, төмен және т.б. деп болу дұрыс емес. Әрбір мәдениет өзі қатысты географиялықортасына, адамға және қоғамға байланысты өзгеріп отырады. Қоғамдағы даму және өзгеріске қарай жаңаша сипаттар алып отырады. Ең маңыздысы - әрбір мәдениеттің сыртқы әсерлерге қарсы өз болмысын жоғалтпай белгілі бір уақыт ішінде өзі қатысты қоғамның қажеттіліген қамтамасыз ете алуы.
Өркениет ұғымына келер болсақ, оны ұлтаралық ортақ құндылықтар дәрежесіне көтерілген, түсінік, әрекет, көзқарас және өмір сүру тәсілдерінің жиынтығы дей аламыз. Өркениеттің бастау алар қайнар көзі мәдениет болып табылады. Мысалы, «Батыс өркениеті» діни тұрғыдан христиандық қоғамдардың рухани-әлеуметтік құндылықтары мен нақты ғылымға сүйенген техникалық дамуларын қамтиды. Олай болса, Батыс өркениетіне тәуелді ұлттардың әрбірі жеке бір мәдениеті бар қоғамдар (француз, неміс және ағылшын мәдениеті). Бұл ұлттардың тілдері, әдет-ғұрыптары, дәстүрлері, молальдік түсініктері, әдебиеті, көркем өнері, тіпті киім кию салты да бірдей емес. Христиан болғандарына қарамастан, діни әрекеттері де әр түрлі. Міне осы жеке-жеке сенім, ой-пікір және өмір сүру тәсілдері ұлттың мәдени әлементтерін құрайды. Мұндай жағдайда әрбір ұлттық қоғам жеке бір мәдениет иесі болып табылады. Мәдениет және өркениет ұғымдарын салыстырар болсақ:
1. Мәдениет сипаты жағынан ұлттық, яғни өзіне тән ұлттық ерекшелігі бар.
2. Өркениет ұлтаралық, яғни жалпылық сипаты бар.
3. Өркениет мәдениеттен туындайды.
4. Кез келген бір ұлт өмір сүрген географиялық ортасы мен уақыттың ерекшеліктеріне байланысты бірнеше өркениетке тәуелді өмір сүреді.
Өркениеттердің пайда болуы және дамуы үшін кейбір шарттарға қажеттілік туындайды. Бұлар:
1. Географиялық және аймақтың шарттары.
2. Қоғамда белсенді топтың болуы.
3. Аымақ пен адам арасындағы қарым-қатынастардың жалғас табуы.
Егер аймақтың өмір сүру шарты нашар болса, алып өркениет пайда болмайды, пайда болса да айтарлықтай дамымайды. Аймақтың өмір сүру шарты өте қолайлы болса, табиғатқа деген адамнаң мұқтаждығы азаяды, мұндай жағдайда да өркениет дамымайды.
Бұл жағдайда өркениетті туындататын мәдени құндылықтардың пайда болуында маңызды үш фактор бар:
1. Географиялық шарттар.
2. Адамзат.
3. Қоғам.
1.Географиялық шарттар: Бір ұлт мәдениетінің пайда болуында климат, көлдер, теңіздер, ағынды сулар, өсімдік атауы, кендер т.б. маңызды рөл атқарады.
2. Адамзат: Адамдардағы мәдениеттілік және өркениеттілік ұлттық мәдениет элементтерінің бір ұрпақтан келесі бір ұрпаққа ауысып отыруы отбасы және жалпы бейімділікпен жақын байданысты. Адамдар өздеріне тән мәдени құндылықтарына отбасылқ және тәлім-тәрбие жолымен қол жеткізеді. Басқа әлеуметтік факторлардың әсері аз болады. Өйткені, тәлім-тәрбиеге тек оқу орындарында ғана емес, күнделікті өмірде де қол жеткізеді. Мұнымен қоса ұлттарды бір-бірінен айыратын ру, тек факторларының бар екендігін де жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан түрік мәдениетінің көне тарихтан бастау алатындығы және бүгінге дейін үнемі даму процесін бастан кешіргенін айта аламыз.
3.Қоғам: Мәдениет элементібір қоғам ішіндегі ортақтасқан құндылық сипаты бар әрекеттер болғандықтан, жеке тұлғалардың тудырған мәдени құндылықтарының қоғам тарапынан қабылдануы керек. Сол себептен, мәдениеттердің туып, дамуында қоғамның әсері маңызды, яғни әлеуметтік қарым-қатынастардың қоғам тарапынан қабылдануымен қоса, мәдени жиынтықтарының келешек ұрпаққа жеткізілуі қамтамасыз етіледі. Қоғам мәдениет төңірегінде жаңа құндылықтарға байланысты өзінің құрылымына сай келгендерді қабылдайды, ал қайшы келгендерін қабылдамайды. Мәдениеттер қоғамдардағы осы әлеуметтік құрылым аясында өз сипатын бұзбай, құндылықтармен үйлесімді түрде өмір сүруін жалғастырады.
4. Ұлттардың салт-дәстүр және әдет-ғұрыптары - өзінің төл мәдениетінің талабына қайшы келмегендіктен, жаңа үлестермен қоса негізгі сипатын жалғатпай өмір сүретін мәдени құндылық болып табылады.


Скачать


zharar.kz