Наурызнама
Наурыз — шығыс елінің бүкілхалықтық мейрамы, яғни, Ұлыстың үлы күні. Наурыз бұған дейін мындаған жыл бұрын шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтетін болған. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды әдетке айналдырған. Шығыстық данышпандар Махмут Қашқари, Әбу Райхан Бируни, Ә. Фердоуси, Ә. Науаи, О. Хаямнан бастап казақтың Абай, Әлихан, Ахмет, Міржақып, Сәкен сынды ғұламалары да наурыз туралъг еңбектер, өлеңдер, жақсы сөздер жазып қалдырған. Наурыз шығыс елдері үшін — бірліктің, татулықтың, енбектің, көктемнің, ізгіліктің, бакыттьщ мерекссі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, куанбайтын, мейірленбеген адаы болмаған. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы қасиеттен өнеге алған.
Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-касиеттілік нышан белгілері мен таным-ұғымдарының үлгі түрлері өте көп. Оның бәрі әр адамды жоғары саналылыкқа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көрегенділікке, ізеттілік пен білімділікке баулиды. Наурызды әр халықтың асыға күтетіні де осыдан болса керек.
Осы ұлы күнге байланысты халықтың әдет-ғұрыптары мен жол-жоралары, салт-дәстүрлері бар.
Наурыз күні
Наурыз — ежелгі мәдениетті дамыған елдің бірі Парсының "нау" жаңа, "руз" - күн, яғни, жаңа күн деген сөзінен шытққаны көпке бұрыннан-ақ белгілі. Бұл казіргі күн есебі бойынша наурыздың 22 жұлдызына сәйкес келеді. Қазақтар да бұл күн жаңа жыл, ырыс, береке, мереке, жыл басы деп есептейді. Ұлыстың ұлы күні жұрт жұмыс істемейді, сапарға шықпайды, іс тікттейді, құрылыте не басқа бір іс бастамайды, ешкімді ренжітпейді, дауыс көтермейді, обес сөйлемейді, кір жумайды, шарап ішпейді, құрбан шалмайды, құран оқымайды.
Наурыз — теңдік күні: күн мен түн теңеледі, ұл мен құл теңеледі, қыз бен күң теңеледі. Ұлық пен ысішік жанасады. Бай мен жарлы жарасады.
Наурыз күні - 22 жұлдызы халықаралық мереке, демалыс күні
Наурыз тойы
Наурыз — нәсат-шадыманды ойын-сауық, той басы."Ол күнде Наурыз дегеі жазғұтырым мейрамы болып, наурызнама қыламыз деп той-тамаша қылады (Абай). Кей жерлерде "наурыз тойы" деп те атады. Бұл күні үлкен болсын іс болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын-сауыктар жасалады. Мұнда шарап, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты тыйым салынған. Тойға ат жарыс жуан курес, басқа да спорт бәсекесі, айтыс, түрлі ойындар мен көңілді бақтар, он, өлендер, наурыз жырлары айтылады. Әркім үлкендерден бата алады. Наурызнама — бұрын 8-9 күнге созылатын, халықтың ұлттық дәстүрлері әдет-ғүрыптары кеңінен қолданылатын ерекше үлкен жиын, той. "Қазақтың-ақ болғалы өзіне арналған, сыбағасына тиген жалғыз мейрамы — Наурызнама күні қожаларға оқытатұғын наурызға арналған кітап болады. Наурыз жайыпыратын ол кітаптың атын "Салдама" дейді. (Мәшһүр Жүсіп). Наурызнамада жігіттер жиналып бас қосып "ұйқыашар" әзірлейді. Ол тәтті ет, уыз сиякты[да тағамдардан жасалады, Жігіттер кыз-келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны "селт еткізер" деп атайды. Бұл күні кұдіретті естен шықпайды. Оларға арналып жылы-жұмсақ тағамдардан "бел көтерер" аталатын дәм дайындалып, тартылады. Бұлардың соңы келер күні "наурыз :еге" жалғасады.