2 аралық бақылау
1. Егер 100 тәуелсіз сынақта оқиғаның пайда болу ықтималдығы p=0,8. Егер оқиға 75 рет пайда болса, онда Лаплас функциясы аргументінің мәнін табу керек.
2. Үш орынды сан ойландық. Сол санның цифрлары әртүрлі болып келетін, кездейсоқ айта салған сан болатындығының ықтималдығын тап
3. Теңгені екі рет лақтырайық. Елтаңбаның бір рет түсу ықтималдығын тап
4. Сауытта барлығы бірдей және нөмірленген алты кубик бар. Кездейсоқ түрде бір-бірлеп кубиктерді шығарайық. Шыққан кубиктердің нөмірлері біртіндеп өсе беретіндігінің ықтималдығын тап.
5. Қорапта 1, 2, ...,20 сандарымен нөмірленген және қалай болса солай орналасқан 20 перфокарта бар. Соның екеуін тәуекел деп қораптан суырып алайық. Алынған перфокартаның нөмірлері 1 және 5 болатындығының ықтималдығын тап
6. Қорапта 1, 2, ..., 10 сандарымен нөмірленген және қалай болса солай орналасқан 10 перфокарта бар. Соның үшеуін тәуекел деп қораптан суырып алайық. Алынған перфокартаның екеуінің нөмірлері 3 және 6 болатындығының ықтималдығын тап
7. Топтағы 12 студенттің 8-і оқу озаты. Тізім бойынша 9 студент таңдап алынды. Осылардың ішінде 5 оқу озаты болатындығының ықтималдығын тап
8. Кітапханада 10 түрлі кітап бар. Олардың 5-нің әрқайсысы 80 теңгеден, 3-і 190 теңгеден, 2-і 560 теңгеден. Кездейсоқ алынған кітап бағасының 200 теңгеден аспайтындығының ықтималдығын есепте
9. Кітап сөресінде 50 алгебрадан, 22 ықтималдықтар теориясынан, 8 математикалық анализден, 20 тарихтан кітаптар тұр. Оқушы кез келген бір кітап алады. Сол кітаптың математикадан бол ықтималдығын табыңдар
10. 36 карталық екі колода бар. Әрбір колодадан тәуекел деп бір-бір карта алынды. Осы екеуінің де тұз болу ықтималдығын тап.