Жүнді өңдеу

Скачать

К. БЕЙСЕУОВ
Д.С.ДІЛДАБЕК

МЕХ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Оқу құралы

ТАУАР
1999 ж.

1.Терінің және оның жүн түгінің
құрылымы
Терінің атқаратын қызметі жануарлар организмін сыртқы ортадан, механикалық химиялық және бактериялық әсерлерден қорғайды, жылу алмасуды реттейді сезіну органдары болып, сонымен қатар жануардың тіршілігіндегі өңделген заттарды денеден бөліп шығару қызметін атқарады.
Тері қасиеттері, организмнің сыртқы орта әсеріне сәйкестенудің және оның тері құрылымының ерекшеліктерінің әсерінің жоғарғы үлгісі ретінде қызмет ете алады. Жануарлардың өмір сүру жағдайына, климаттық факторларға, жыл мезгілдеріне байланысты теріде, өнімнің тауарлық құндылығына және өңдеу тәсілдеріне әсер ететін айтарлықтай өзгерістер болып тұрады.
Жануарлар тері құрылымы, өзінің жоғарғы сапасына және қысқы жағдайына байланысты, сонан соң мезгілдік өзгеріс ерекшеліктері тұрғысынан, қарастырылады.
Мехтық терілері тері ткані және жүн жабынына бөлінеді.

1.1. Тері тканінің құрылымы
Жануарлар терісінің ткані жүн астында жұқа беткі қабатқа – қыртысқа және негізін құрайтын өзеңге бөлінеді.қыртыс жекеленген клеткалардан ал өзең күрделі шиленіскен талшықтардан тұрады.
Өзеңнің жануарлар денесіне беттесетін төменгі жағында өзең талшығы арқылы жұқа бұлшықтық ткандер мен майлы қабаттар орналасқан.
Теріде май және тері бездері,қан тамырлары, май клеткалары, нерв талшықтары болады.

1- Сурет

Тері құрылымы.

а- қыртыс; б – өзеңнің емізекше қабаты;
в – өзеңнің торлы қабаты; г – тері асты майлы қабаты;
1 – түк(стержень волоса); 2 – тері бездерінің шығу жолдары; 3 – май бездері; 4 – түк қалташасы; 5 – жүнді тікірейтетін бұлшықтар; 6 – тері бездері; 7 – коллаген талшықтар тобы.
Қыртыс
Қыртыс бір – біріне тығыз орналасқан клеткалардан тұрады. Ол бірнеше қабатқа бөлінеді. Өзеңге жанаса орналасқан қабат, мальпиги қабаты деп аталады. Ол тірі организмде созылыңқы цилиндр тәрізді клеткалардан тұрады.

2 – сурет

Қыртыс құрылымы.

а – өзең; б – негізгі қабат; в – торлы қабаит;
г – түйіршікті қабат; д – жылтырақ қабат;
е – мүйізді қабат.

Қан тамырларынан қорек алып бөліну жолымен көбеюге қабілетті мальпиги қабатының клеткаларының төменгі қатарын өсімтал немесе базальда қабат деп атайды.
Мальпиги қабатының үстінде тұтас мүйізденген клеткалар қабаттарынан тұратын мүйізді қабат орналасқан.
Мүйізді және мальпиги қабатының арасын түйіршікті деп аталатын қабат бөледі.Түйіршікті қабаттың клеткаларында,қыртыстың беткі қабаттарындағы мүйізді клеткалар түзейтін заттар – кератогиалин түйіршіктері болады.
Жаңа клеткалар пайда болуына қарай бұрынғы клеткалар қыртыстың жоғарғы қабатына жылжиды, бұл кезде тірі организм қасиеті сақталады, тек бөліну қасиетін жоғалтады. Ол клеткалар кішірейе бастайды. Сонымен мальпиги қабатына арықарай тері клеткаларының тіршілігі аяқталады. Олар бірте – бірте мүйізденіп кеуіп, жұқарып қыртысытң мүйізді қабатын түзейді. Клеткалардың орын ауыстырулары мүйізді қабат ішінде де болып жатады. Қыртыстың бетіне шықандар үгітіліп қайызғаққа айналады, осылай әрбір клетка мүйізденіп, керасинге айналады.

Өзең
Өзең – негізінен коллаген және аздау мөлшерде эластин, ретикулин белоктарының талшықтарының күрделі шиеленуісіне құралатын терінің негізгі қабаты. Өзең терінің бертік, илегіштік қасиеттерін, әр түрлі бағыта созылу қабілетін сипаттайды.
Тері өзеңі екі қабатан тұрады. Бірі, - қыртысқа жақын орналасқан емізекше қабаты. Емізекше қабатында негізентүк қалташалары орналасқан. Екінші – торлы қабат – біркелкі талшықтардан құралып, шел қабатымен шектеседі (1 – сурет )
Бұл екі қабаттың ара қатынасы түкті жабының дамуына және алмасуына байланысты. Жүнді дамып жетіліп қыста сойылған жануардың емізікше қабаты жұқа болады да жазғы өсіп келе жатқан жүн түйіршікті қабаттың клеткаларында өзеңді түгелдей тесіп өтетін болғандықтан торлы қабат жұқа болады.
Өзең жуандығы 20 – 100 мк коллаген талшықтар тобынан тұрады, олар жануарлар түрлеріне байланысты әртүрлі байланысқан. Негізінен коллаген талшықтар тобы теріге көлденең орналасады (3- сурет). Олардың шиеленісуі горизонтальді – толқынды немесе ілгекті түрде болады. Жаңадан сойылған немесе жібітілген терінің өзеңінің талшықтар ара қвашықтығы 0,1 -0,2 мк.
Сілті, қышқыл және ферменттер әсеірінен күрделі коллаген талшықтар тобы фибрилл деп аталатынжуандығы 2 – 10мк талшықтарға ыдырайды. Эластин талшықтары өзеңнің емізікше қабатына орналасқан, түк қалташаларының айналасында қалың торлар жасайды. Терідегі жүннің беріктігі осыған байланысты.

3 – сурет
Коллаген талшықтарының өрілу түрлері.
а- ромбтәріздес; б – ілгекті; в – көлденең- толқынды.

Теңіз жануарларының өзеңнің эластин талшықтары өте дамыған.
Ретикулин талшықтарын препараттармен арнайы өңдеулер жолымен анықтауға болады. Олар коллаген талшықтарын орай, негізінен емізікше қабатта орналасқан.
Ретикулин талшықтарының табиғаты мен негізгі міндеттері толық зерттеліп анықталмаған.
Өзеңнің емізекше қабаты – эластин, ретикулин талшықтары орналасқан, коллаген топтарынан тұрады.
Қыртысқа жақындаған сайын талшықты құрылым ыдыранқы болып келеді. Коллаген талшықтарының араларында фибробластер – клеткалы түзілімдер орналасқан.
Емізікше қабатта түк қалташалары орналасқан, оларды эластин талшықтары қоршап жатады.
Өзеңнің торлы қабаты біркелкі болып, негізінен тек коллаген талшықтарынан тұрады.
Торлы қабат шелмен шектесіп қабаттарында коллаген талшықтары ыдыранқы және бағытталмаған, сондықтан торлы қабатты зақымдандырмай шел қабатын бөліп алуға болады.
Өзеңнің түк қалташалары төңірегіндегі тер бездері орналасқан, солардың көмегімен организмнің тіршілігінде өңделген заттар бөлініп шығарылып отырады (4 сурет).

4 – сурет
Түк қалташасының, түк тамырының , май және тері бездерінің құрылым схемасы.
1 –қыртыс; 2 – түк талшығының сыртқы бөлігі;
3 – май бездері; 4 – түкті тікірейтетін бұлшық;
5 – түк қалташасы; 6 – түк емізікшесі;
7 – түк тамыры; 8 – тері безі; 9 – ішкі түбірлік қуыс;
10 – сыртқы түбірлік қуыс.

Тері бездері қой терілерінде және көптеген жабайы аң терілерінде жоқ есебінде. Май бездері түк қалташаларының қасына орналасқан, одан бөлініп шығатын заттар жүнді, қыртысты қабатты майлау қызметін атқароады. Тері мен май бездері дамуы жыл мезгілдеріне байланысты алма кезек ауысып тұрады. Тері тканунде үннің орналасу бұрышын реттейтін бұлшықты тканьдер орналасқан.олар тартылғанда жүн көтеріледі, бұл жағдайда суыққа төзімділік артады. Тері тканінде нерв талшықтары да болады ол негізінен емізікше қабатта дамыған, ал қан тамырлары қыртысты қабат пен түк қалталарында орналасқан.

Тері асты бұлшықты қабаттар
Тері жануарлар денесімен ыдыраңқы, бұлшықты жалғастырушы тканьдер мен майлы қабаттар арқылы бірігеді.Өңдеу процесінде оларды шелдеу арқылы ажыратады. Тек керілуге әлсіз терілерді, - сары тышқанды, көр – тышқанды өңдегенде бұлшықты қабат ажыратылмайды тек босаңсытылады.Қой ,сары тышқан, суыр, теңіз жануарларының өзеңдерінде майлы заттар көп мөлшерде болады. Майлы заттар негізінен өзеңнің астыңғы, бұлшықты қабаттармен шектесетін бөліктерінде болады.Олар жекелеген май клеткаларынан тұрады да,майсыздандырудың қиындатады. Май мөлшері жануардың қондылығына жәгне мезгілінебайланысты.

1.2. Жүн түгінің құрылымы

Жануарлардың жүн түгі сыртқы көрініс және құрылымы бойынша әркелкі. Бір терінің өзінде жүннің әртүрлі ұзындығын, жуандығын, реңін, иректігін кездестіруге болады. Негізінен екі түрге бөледі, ірі, ұзын қылтықты және қысқа, жұмсақ, биязы – түбіті.
Қылшықты жүн талшықтарының ірілері бағытаушы қызмет етеді. Серпімді жүн бағытаушы жүн талшықтары жүн тобының негізгі бағытын анықтайды, түбітті жүн талшықтары да сол бағытта орналасады. Түбітті жүн талшықтары топтардан тұрады, кей жағдайларда ұылшыұты бағытаушы талшықты негізі де болады. Топтардағы талшықтар саны жыл мезгілдеріне байланысты. Ақ тиында қыс айларында 12 болса, жаз айларында 4 – 9. Сол сияқты әртүрлі аңдардың өзгешеліктері бар.
5 – суретте қылшықты жүн талшығының түрлері келтірілген. Қылшықты талшық әдетте тік конус бір немесе цилиндр екі түрінде, кейде жоғарғы бөлігі жуандай үш немесе қалақша төрт бұралып немесе бүгіліп кездеседі. Түбітті жүн талшықтары реңінен біркелкі болатын болса, қылшықты талшықтар керісінше боялған мен боялмаған бөліктермен сипатталады. Қылшықты талшық көлденең қимасында дөңгелек эллипс немесе ноқат секілді. Түбітті талшықтар цилиндр формамен әдетте иректелген.

5 – сурет
Жүн талшығының түрлеріне байланысты бөлінуі.
а – конус тәріздес; б – цилиндр тәріздес;
в – оралмалы; г – қалақша тәріздес.

1.3. Жүннің құрылымы
Жүн талшығының ұзындығы бойынша екіге бөледі. Қылтық – теріден сыртқы бөлік, түбіт – қылтықтың түп қалташасында жалғасы. Ал жүн талшығын көлденең қимасында үш қабатқа бөлуге болады (6 - сурет). Сыртқы қабат немесе кутикула, қабыршықты қабат және орталық – жүрекше.

6 – сурет

Түк құрылымы.

1 – кутикула; 2 – қабыршықты қабат; 3 – жүрекше.
Кутикула қалыңдығы 0,5 мк жобасындағы жалпақ мүйізденген клеткалардан тұратын жұқа қабат. Бұл клеткалар – қабыршықтар қыртыстың қайызғақты қабатына ұқсас. Жүннің жылтырлығы, ұйпаланғыштығы, су сіңіргіштік қасиеттері кутикулға байланысты.
Кутикула 3 қабаттан тұрады. Сыртқы қабат (эпикутикула), ортаңғы қабат (экзокутикула), ішкі қабат (эндокутикула).
Қабыршықты қабат жүн талшығы жуандығының 20% тең. Орталық қабатты қоршай орналасқан (7 - сурет) негізінен белокты зат – кератиннен тұрады.Клеткалар ұзындығы 100 мк, көлденең 4 мк жобасында.
Жүн талшықтарының беріктік қасиеттері мен серпімділігі негізінен осы қабатқа байланысты. Кератинді әлсірететін өңдеулер (ағарту, бояу), клеткалардың ыдырауына соқтырады.

7 – сурет
Жүн талшығының қайызғақты қабатының түрлері.
а – дөңгелек; б – дөңгелек емес; в – көпір тәріздес.
Қабыршықты қабаттың әртүрлі құрылымды клеткаларында меланин деп аталатын бояғыш белоктардың түйірлері болады. Бояғыш түйіршіктер қара, қызыл және сары болып кездеседі.Сондықтан да аң терілері түрлі түсті болып кездеседі. Талшық жүрекшесі, арасында ауа тола қуыстары бар, мүйізді клеткалардан тұрады. Жүрекшенің дамуы жануарлар түрлеріне байланысты. Биязы, жібек жүнді қой жүндерінде жүрекше болмайды. Жүрекше дамығанталшықтардың беріктігі мен серпімділігі кемиді.
Түк қалташасында түк тамырлары орналасқан (8 - сулрет).

8 – сурет
Түк қалташасының құрылым схемасы.
1 – түк қалташасы; 2 – негізгі қабыршық;
3 – түк қуысы; 4 – қабыршықты қабат;
5 – түк жүрекшесі; 6 – түк емізікшесі.

Түк қалташасының негізгі берік байланысқан коллагенмен эластин талшықтары құрайды. Қалтаның төменгі жағы өзеңнің емізікшесі еміп тұрады. Емізікшеге қан тамырларының, нервтің соңы келеді.түк қалташасының ішкі жағы мальпиги қабатты клеткаларынан тұрады.
Қыртысты қабаттан айырмасы түк қалташасында мүйізді қабат болмайды. Түк тамырлары талшықтың белгілі дамуы кезеңінде қажетті қоректік нәр алу үшін емізікшемен байланысқан. Тамыр құрылым жағынан қыртыстың мальпиги қабатының клеткаларына ұқсас эпителиальды клеткалардан құралған. Емізікше төңірегінде орналасқан клеткалар өсе келе тез бөлініп түк талшығының 3 бөлігін құрайды: жүрекшк, қабыршықты қабат және кутикула. Жаңа клеткалар пайда болуына қарай жоғарғы ысырылып мүйізденіп, кератинге айналады.
Өндірісте былғары тканінің барлық клеткалары құрылымдарын, әсіресе түк тамырлары беріктігін, сақтау міндетті. Себебі түк тамырлары әлі жетілмеген эпителиалдан тұратын болғандықтан оған кері әсер ететін өңдеулер терінің бұзылуына әкеліп соғады.

2 МЕХ ӨНДІРІСІНІҢ ШИКІЗАТТАРЫ
2.1. шикізаттарды сұрыптау

Мех өндірісінде өңделетін тері шикізаты негізінен келесі топтарға бөлінеді: аса бағалы аң терілері, мехтық шикізат, теңіз жануарларының терілері.
Аңтерілері шикізат немесе аң терілері ақаулар кезінде кезінде немесе арнайы өсірілген шаруашылықтарда дайындалатын аса бағалы аң терілері.
Мехітк шикізат – мех өндіруге жарамды үй жануарларының өңделмеген шикізаты.
Теңіз жануарлар терісі – өңделмеген теңіз мысығы, теңіз ит балығы және де басқа терісі өңдеуге жарамды теңіз жануаларының терілері.
Аң терілері де, (пушина) мехтық шикізатқа қыстық және көктемдік бұрыш болып бөлінеді. Қыстық аң терілері – қыста ауланатын аң терілері. Бұларға тиын, қама, құндыз, аңкіс, қоян, сусар, күзен, түлкі, қара күзен,ондатра, көгілдір түлкі, бұлғын және тағы басқалар. Қыс айларында бұлардың түк жабындары жетілген, жоғары сапалы болады.көктемгі аң терілері қыста ұйқыға кететін немесе аулау қиынға түсетін, аң терілері сондықтан көктем, күз айларында ауланып дайындалатын аң терілерін айтады. Оларға суыр, сары шұнақ, көртышқан және т. б. Жатады.
Қыстық мехтық шикізатқа жүні жақсы өсіп жетілетін үй жануарларының терісі жатады: үй қояны, ит, мысық.
Көктемгі мехтық шикізат – негізінен үй жануарлар терілерінің жас төл терілері: лақ, қозы, қаракөл елтірісі, сеңсең бұғы, бұзау терілері, құлын, қой және теңіз мысығы терілері.

2.2. Жүн түгінің өзгермелілігі
Аңдар мен жануаралар терілерінің қасиеттерінің үлкен айырмашылықтары болады. Бұл жануарлардың тұқымдық табиғаттарына тән. Табиғи ерекшеліктерімен қатар, тұқымдық қасиеттеріне қоршаған ортаның тигізер әсері зор.
Қоршаған ортаның өзгеруі жануарлардың сыртқы қабатының организмді жағымсыз әсерлерден қорғауға қалыптастыратындай мүмкіндіктер болады. Бұның дәлелі ретінде жабай аң түрлерінің жүнінің солтүстік қысы суық аудандарда жылы жаққа қарағанда өсіп, қалың болуын келтіруге болады.
Бір аң терілерінңі өзінде қысқы жүн жабынның биік, қалың және жұмсақ болатыны байқалады. Жыл мезгілінің ауысына байланысты, климат жағдайы (ауа райы )өзгереді, соның әсерінен жүн түгінің бояуы, биіктігі, қалыңдығы және жұмсақтығыда өзгеріп тұрады. Реңінің өзгеруіне ақ түлкі, ақ тышқан, ақ қоян мысал бола алады. Олар жаздық жүннің қоңырқай реңін қысқа қарай ақ түске ауыстырады.
Қысқы ұйқыдан оянғанда аңдардың жүндері, құрғақ, бәсең, шелі – құрғақ, себебі қысқы ұйқы кезінде май бездері май бөлінуін тоқтады. Бұл аңдарда түлеу тек бір рет, жазда ғана болады. Ол кезде жүн түсіп орына күзде өсіп жетілетін жылтыраған, жұмсақ серпімді жаңасы өсіп шығады, шиелі – майланады.
Жануарлардың күтіміне байланысты жүн түгінің өзгеруі әртүрлі болады. ашық ауаду болатын қоян, мысық, ит жүндері жабық бөлмеде болатын аң жүндеріне қарағанда тез алмасады. Селекциялық (тұқым тазарту) нәтижесінде елеулі өзгерістер болады. Биязды жүнді қойда түлеу екі рет, қылшықты жүндіде көктемде ғана болса, жабайы қойлар жылына екі рет көктемде және күзде түлейді.Аң өсіретін шаруашылықтардағы бағалы аң терілерінің жүн түгін тор ішінде ұстап, жақсы күтіммен дұрыс тамақтандыру нәтижесінде таза тұқымды жүн түгінің реңін, биіктігін және қалыңдығын жақсартуға болады. бұны көптеген шаруашылықтар тәжірбиелері дәлелдеп көрсетті. Түлкі, күзен өсірілетін бөлмелерді жаз айларында қараңғылап қою нәтижесінде күзгі тиүлеуді тездетіп қысқы жүнннің дамуын үш аптаға қысқартуға, соның нәтижесінде шығынды азайтуға болады екен. Бұл аңдардың жүн түгінің аққа ауысуы қыста қарлы кезеңде қорғану қызметін атқарады.
Қысқы ұйқыға кетпейтін аңдарда жүн түгінің алмасуы жылына екі рет – көктемде және күзде болады, бұл түлеу деп аталады.
Көктемгі түлеу. Қыстың соңына қарай май бездерінің тіршілігінің тоқтауына байланысты, жүн түгі өңін жоғалтып, түбіт әлсірейді. Көктемнің кірісіне жүннің терімен байланысы әлсіреп, түсе бастайды, қысқы жүн жабыны сирейді. Теріде жүнсіз тақыр дақтар (бөліктер) пайда болады. тері қалыңдап қоңырқай тартады. Бірте – бірте жүннің қылшығы тазарып жаздық түк жабыны пайда болады. Әдетте, жүн түгінің алмасуы жануарлардың басынан құйрығына қарап жүреді.
Көктемгі түлеуде қыстық қалың өсік жабыны жаздың қысқа сирек жабынына алмасады. Күзгі түлеу кезінде астынғы қабатынан шыға береді де жаздық жүн жабыны толық түсіп бірте – бірте алмасады. Әдетте, күзгі түлеуде алмасу керісінше, құйрығынан басына қарай жүреді. Терінің қасиетері жануарлардың тұқымына, жасына және жынысына байланысты болады. Көбінесе аңдардың, үй жануарлардың еркектері ірілеу болып келеді.бұл терінің ауданына әсер етеді. Тек су құндызының ұрғашылары ірі болады.Еркек жануарлардың терілерінің жүндері, әдетте биік және ірі болып келеді,шелдері қалың. Кейбір жануарлардың (мысалы ит балықтың) еркектерінің реңдеріндерінде де өзгешелік болады. Теңіз мысығының еркектерінің жүнінің өсік жалы болады, ал ұрғашыларында ол болмайды.
Аңдар мен ауылшаруашылық жануарларының өсуіне байланысты тері құрылымында және жүн жабыны да өзгеріп отырады. Кейбір теңіз жануарларының балалары жүн сіз, ал кейбіреулерінің балалары жетілген жүнімен туады.
Сүтқоректілердің балаларының алғашқы жүн түп биязы түбіт секілді. Ол түк емген кезде ғана сақталады, ал одан соң қалыңырақ жабынмен алмасады.
Жабайы аңдардың алғашқы жүн түгі түсіп, орнына жаңасы шыққан соң да өмір бойы алмасып отырады.Жануарлар терілері денесі әбден толысқанға дейін өсе береді. Жүн түгі де қалыңдап реңі ашыла береді. Көптеген аңдардың жас балаларының алғашқы жүн жабынының құндылығы төмен болады. Ондай терілерді дайындауға тыйым салынады. Бірақ та жаңадан туған ит балық баласының жабыны өте бағалы шикізат болып есептеледі. Көптеген ауыл шаруашылық жануарларының (қой, ешкі, бұғы, сиыр және жылқы) мехтық теріні тек жас төлдер ғана береді. Мысалы жаңа туған қаракөл қозысының елтірісі өте бағалы,ал бірінеше күн өткен соң қасиетін жоғалтып, құндылығы төмендейді. Үй жануарларының (қоян, мысық, ит) керісінше, жас төлдерінің ересектеріне қарағанда сапасы төмен болады.
Ересек ауыл шаруашылық жануарларының терілері биязы жүнді қойды есептемегенде былғары өндірісінде қолданылады.
Ауыл шаруашылық жануарлары сияқты үй жануарларында терілерінің құрылымнан да, жүн жабының сапасынан да өзгешелентін бірнеше тұқымдарға бөлінеді. Әсіресе қой тұқымдарының өзгешеліктері ерекше. Мысалы, биязы жібек жүнді қой терісінің теңіз мысығына, қоянға кәмшатқа ұқсас өнімдерге дейін алуға болады. ірі жүнді қой терілері тек тондық өнімдерге ғана жарайды. Қояндарға сол сияқты кейбіреулерінің жүнінің ұзындығы 15 – 20 см, ал кейбіреуінікі 3 см жетпейді.
Кейбір жануарлардың жынысының, жасының және өсу табиғатының бірдей болуына қарамастан, жүн жабынының, реңінің, ауданының елеулі айырмалары болады. Мысалы ретінде түлкі терісін келтіруге болады.

2.3. Мехқа арналған аң және үй жануарларының терілерінің бастапқы өңдеу

Терісі мех өнеркәсібіне пайдаланатын жануарларды сою терісінің тәсілінің терінің ауданына, тері ткані мен жүн түгінің беріктігіне тигізетін әсері мол. Союға қойылатын негізгі талап толық қансыздандыру, себебі тері құрамында қалған қан бактерияларының дамуына қолайлы ортта болып табылады. Жабайы аң терілерінің дайындауға кең тараған тәсіл – атып алу, одан басқа қақпан, тұзақ және с.с. тәсілдер қолданылады. Үй жануарларын бауыздау және маңдайынан немесе шүйдесінен соғып құлату арқылы жансыздандыру. Бауыздаған малдың терісін көпке созбай жаны шыққан бойда тез арада сыпырып алу керек. Терінің алғашқы өңдеу процестері теріні сыпыру, майсыздандыру және консервілеу.
Теріні сыпыру
Терінің жүн түгінің сапасына, илеу тәсіліне және оның пайдалануына байланысты сыпыру бірнеше тәсілмен жүргізіледі: жалпағынан (ақ жолакқ бойымен тілу, яғни төстің қарынның және шеткі мүшелерінің ортасын ала), екі бүйірден тілу, бас жағынан тұтастай төмен сыпыру (9 - сурет) және арт жағынан тұтастай басына қарай сыпыру.

9 – сурет
Жалпағынан сыпырылған терінің тілу сызықтары мен тері көрінісі.

Жалпағынан тілудже негізінен үй жануарларының терісін,қояннан басқа үлкен терілер (аю, жолбарыс) майы көп болатын (теңіз жануарланың ) және терілері жалпағынан қолданылатын кейбір аң терілері, көртышқан т.б. сыпыруда қролданылады.
Бас жағынан төмен қарай сыпыруды жүн түгі ашық түсті, түбіттес жұмсақ жүнді аңдар терісін (ақ тиын, бұлғын) терілеріне қолданылады. Ол үшін ауыздың айналасындағы ерінді ажыратып, мәрін шеміршектерін бөліп төмен қарай сыпырады.
Арт жағынан бас жағына қарай сыпыруды кәмшәт қара күзен, сусар, саз құндызы, түлкі, андатра, мысық, қоян және т.б. бағалы аң терілерінің алғанда қолданылады. Бұл терілердің алынатын өнімдердің түрі олардың ерекшеліктеріне байланысты.
Бұл тәсілде артқы аяқтың іш жағымен артқы тесіке дейін тіліп төмен қарай сыпырады. Көптеген аңдардың басын, аяқтарын, құйрығын, бүтіндей сақтап қалу тиімді.

Теріні майсыздандыру
Терінің тканінде сұрыптауға және жүн жабынына кері әсерін тигізетін майдың артық мөлшері болады. Майжүн жабынын ластап сарғайтады. Сонымен қатар сақтау кезінде тотығып, қызып тері тканін әлсіретеді. Майдың артық мөлшері терінің кебуіне де кері әсерін тигізіп, бактериялардың дамуына қолайлы жағдай жасауы мүмкін.
Майсыздандыруды (майдан арылтуды) негізінен механикалық тәсілімен, өтпес пышақтарымен немесе сол сияқты активті туғыш заттармен өңдеу жолымен жүргізеді.

Консервілеу
Малдың жаңа ғана сыпырылған терісін булы тері деп атайды. Малды сойған сәттің өзінде – ақ теріде көптеген бактериялар болады. олар 20 – 370С температурада және қан қалдықтары бар дамуына қолайлы ортада өте тез көбейіп терінің бұзылуына жағдай жасайды. Мал жануарларының белгілі бір уақыт аралығында сойатын болғандықтан олардың өңдеу өнеркәсіптерінде жеткізгенше ұзақ уақыт сақтауға тура келеді. Терілер ұзақ булы тері күйінде сақтауға болмайды, сондықтан оларды негізгі қасиеттерін жоғалтпайтындай күйге келтіріп сақтау керек. Бұл үшін терілерді консервілейді. Теріні консервілеудің мақсаты бактериялардың дамуына қолайсыз жағдай жасау.
Мех өндірісінде консервлеудің мынадай тәсілдері қолданылады: құрғату, ылғалды тұздау, тұздай құрғату, құрғату, қышқылды – тұздау және ашытқымен өңдеу.
Құрғатып консервлеу тәсілі. Ылғалсыз ортада бактерияның өсіп – жетілуі тежеледі. Жаңа сыпырылған теріде 65-75% ылғал болады. Құрғатып консервлеу тәсілінің мағынасы теріде ылғалды кептіру жолымен 14-16% - ке дейін төмендету. Бұндай ылғалдылықта бактериялардың көбісі дамуын тоқтатады. Құрғақ сақтау кезінде көлеңкедегі температура 20-35 , ауа алмастырылып кептіріледі. Одан жоғары температурада кептірілген терілер сынып кетуі мүмкін, ал төмен кебу уақыты созылып бүлінуі мүмкін. Кептірілетін терілер мұқият жазылған болуы керек.
Жалпағынан сыпыпылған ірі ерілер жон арқа сызығы бойынша екіге бүктеліп ілініп, немесе керіліп кептірілу керек, Орта және кіші терілер ағаш қалыптарға майда шгемен бекітіліп кептірілді. Тұтастай сыпырылған терілер арнаулы қалыптарда керіліп кептіріледі. Қалыптардың өлшемдері белгіленген мөлшерге сәйкес болуы керек.
Бағалы аң терілерін консервлеуде құрғақ кептіру тәсілін кеңінен қолданылады, себебі трі таза болғандықтан сұрыптау ыңғайлы, салмағы жеңіл тасымалдауға оңай. Консервлеудің ылғалды тұздау тәсілі. Бұл тәсіл мағынасы теріні ас тұзымен тұздайды. Ас тұзымен тұздау терінің құрамындағы ылғалдылықты кемітеді де, бактериялардың дамып өрбуіне жол бермейді. Ылғалды тұздау тәсілі тріні жайып ас тұзын себу немесе қаныққан тұз ерітіндісіне салу арқылы жүргізіледі. Жайып тұздауды арнайы тақталарда мұқият жайып тұзды теріге түгедей себеді, келесі теріні біріншінің үстіне жайып оғанда тұз себу арқылы жүргізіледі. Тері қабаттарының биіктігі 1,5 м болады. Тұздау үшін құрамы жағынан таза, ылғалдылығы 5% - тен аспайтын ас тұзы қолданылады. Тұзға парадихлорбензол, нафталин, натрийдің кремнефториді және т.б. антисептиктер қосылады. Тұздауға жұмсалатын тұздың мөлшері булы терінің массасынан 30,40%, парадихлорбензол 0,5 %, нафталин 0,8%. Антисептиктер теріні бактериалдық бүлінуден сақтайды.
Себілген тұз терініңиылғалына еріп бірте- бірте тері тканіне енеді. Әдетте консервленген тері ткані тығыз және серпімді болады. Ас тұзды ерітіндісінде (тұздық) консервлеуді алдынала350гдм.куб. болатындай етіп дайындалған ерітіндіде жүргізеді. Ерітіндіге алдын ала тазартылған терілер салынады. Консервлеу чандарда, баркастарда, барбандарда жүргізіледі. Ұзақтығы 10 – 15 сағат, ылғалды тұздауда +5 пен +15 температура жүргізген тиімді. Тұздықтау біткен соң терілерді ерітіндіден алып жүнін жоғары қаратып жайып қосымша тұз себеді. Ылғалды тұздауда жүн бірігіп қалатындықтан сұрыптау қиындау болады. Бірақта бұл тәсілдің орындалу оңайлығы, кептірілген ақауларың болмауы көптеген терілерді, дәлірек айтқанда қой, теңіз жануарлары, тиін және т.б. осы тәсілмен консервлеу тиімді. Жайып тұздағанға қарағанда тұздыққа салу кезінде ас тұзы тері құрылымына біркелкі енеді және терінің қаны мен кірі аз болады.
Консрвлеудің тұздай құрғату тәсілі. Бұл тәсіл негізінен қаракөл елтірілерін консервлеуде қолданылады. Теріге тұзды сеуіп қаттап жайып қояды да, 10 күннен соң кептіреді. Бұл тәсіл ылғалды тұздау мен құрғату тәсілдерінің қосындысы.
Оңтүстіктің ыстық ауасына байланысты ылғалда тұздалған терілер қызып кетсе құрғатылған терілердің жүніне күйе түседі, сондықтан да тұздай құрғату тәсілі өте тиімді.
Консервлеудің қышқылды – тұздау тәсілі. Бұл тәсіл өңдеудің кейбір түрлеріне жатады және аз қолданылады. Тәсілді орындауда ас тұзы (85%) аллюминий ашудасы (7,5%) және аммоний хлориді (7,5%) араластырыптеріге себеді. Қаттап жиып 7 күн сақтайды. Қышқылды – тұздау тәсілі қой терілерінің жүнін әрлеуді қиындатады.
Ашытқымен өңдеп консервлеу. Бұл тәсіл тек қаракөл елтірілерінде ғана қолданылады. Терінің құрамына арпа немесе сұлы ұны және ас тұзының қою ерітіндісін жағады. Ашытқымен консервлеуді жүргізу өте қиын процесс болғандықтан тек білікті мамандар ғана жүргізе алады жүргізілу ретінің сәл ғана бұзылуы жүннің босап, түсіп қалуына әкеліп соғады.

2.4.Шикізат ақаулары
Шикізат ақаулары деп оның сапасын төмендететін кемістіктерді айтады.шикізат ақаулары жануарлың немесе аңның тірі күнгі және өлгеннен кейінгі деп ажыратылады.
Тірі күнгі ақаулар .Мұндай ақаулар малдың ауруларынан ,жөнді күтім болмағандықтан ,ластанудан ,түлеуден сондай –ақ механикалық жарақаттанудан болады.
Бұларға келесі ақауларды жатқызуға болады
Қылшықтың сынуы-қылшық жүндердің механикалық әсерден сынуы.
Киіздену-жүннің ұйпаланып ,бірігіп,тұтасып қалуы.
Таздану-терінің жүннің сыпырылып түсіп қалуы.
Қылшықтың түбіт жүнінен төмен болуы.
Қотыр-терінің қышымадан кейін өң бітпей қалуы.
Тіс ізі-таласқаннан бітпей қалған тыртықтар.
Жүн сарғыштығы –ақ түсті (ақ тиін,ақ түлкі) жүндердің сарғыш тартуы.
Өлі жүн-күтімі болмаған мал жүннің дамымай қалуы.
Малды тірі кезіндегі терідегі ақаулары шаруашылықтарда күтімнің немесе бақылаудың болмауының нәтижесінде болады.
Жарақаттар уақытылы емделіп зоотехникалық ветеринарлық бақылау-ақауларды болдырмау жолы.Бұл өнім сапасын ғана арттырып қоймайды,сонымен қатар шаруашылық табысының кіріс көзі болып табылады.
Өлгеннен кейінгі ақаулар.Аң ауланғаннан кейінгі жүн немесе тері ақаулары аңдарды қолға түсіру,терісін сыпыру және консервілеу кезінде,сондай –ақ оларды сақтау ,тасымалдау кезінде пайда болады.
Кеңінен тарлғаны төменддегілер:
Оқ іздері-атылғандағы тесіктер.
Жүнге қанның қатып қалуы.
Жыртықтар-сыпырғанда немесе кергенде пайда болады.
Тері тканінің қаттылығы-жоғары температурада кептіргенде болатын сынғыштық.
Жүн майлылығы –майсыздандыру дұрыс жүргізілмегендігі.
Майлы күйік-май тотығуынан тері тканінің әлсіреуі.
Жүннің түсуі-жүн тамырының босап түсуі.
Дұрыс керілмеуі-қалыптардың талапқа сәйкес болмауы.
Көгеруі-жеткіліксіз кептірілгендіктен көгереді.
Жүн түсінің әртүрлілігі – күн сәулесінің әсерінен жүн түсінің өзгеруі.
Тері ткані мен жүннің күйеден бұзылуы.
Көрсетілген ақаулардың көпшілігі ұқыпсыздықтан пайда болады.Ақауларды тәжірибелі сұрыптаушылардың мұқият тексеруінің нәтижесінде анықтайды.Ақаулар мөлшерінің қосындысынан шикізаттың құндылығын анықтайды.
Шикізатты алғашқы өңдеу негізінен дайындау немесе тері – шикізаты кәсіпорындарында жүргізеді.Дегенмен кәсіпорындарда қосымша өңдеуді қажет етеді.

2.5. Шикізатты сұрыптау, сапасын анықтау және сақтау
Стандарттар құрылымы. Шикізат сапасын анықтау қамтамасыз ету үшін негізінен мемлекеттік стандарттар МЕСТ(ГОСТ) қолданылады. Мемлекеттік стандарттар шикізатты дайындаушылар үшін де, қабылдаушылар үшін де бағалауда, сұрыптауда және есептеуде сақталатын міндетті ереже. Стандарт индексі екі белгіден тұрады: реттік саны және сызықша арқылы бекітілу жылы. Мысалы, “өңделмеген тиін терісі”стандарты 6374 – 66 былай айтқанда, реттік саны 6374,1966 жылы бекітілген.
Стандарттар жиынтығы қолдануға тиімді.Олар “Аң терілерінің қысқы түрлері”немесе “Аң терілерінің жазғы түрлері”деп бөлінеді.Буып – түюдің және марклеудің де стандарттары бар.Стандарттарда төмендегідей бөлімдер болады: “Шикізаттың жеке түрлері”, “Техникалық шарттар”, “Стандартта емес терілер сипаттамасы”.Сонымен бірге тері сапасын 1 сортқа шағып есептегендегі сапалық кестесі келтіріледі.
“Анықтау бөлімінде бұл стандартты шикізаттың қандай түрлеріне қолданылатыны және олардың сапалық сипаттамалары келтіріледі. “Топтастыру”бөлімінде сұрыптау белгілері келтіріледі.Сұрыптауды, әдетте, қай өлкеде өскеніне байланысты “кряж”, сортына, ауданынажәне ақаулары бойынша жүргізеді. Мысалы, өскен жеріне байланысты (кряжге) тиін терісі 10(онға) бөлінеді.Сұрыптау негізін жүн мен тері тканінің сапасы алынады.
Сорт – жеке аң терілерінің тауарлық қасиеттерінің жиынтығы мен бағасы. Сортқа мезгілдік өзгерудің тигізер әсері мол.Аң терілерінің қысқы түрлерінің 1 сортына тері қыста алынғандары ғана жатады.Олардың жүн жабындары біркелкі дамыған, қылшығы биік, түбіті жетілген, тері ткані жұқа болып келеді.2 сортқа жүні аса жетілмеген терілер жатады. 3 сортқа жүні аласа қылшығы жетілмеген терілер жатады. Сорт бойынша сұрыптау аң терілерін бағалауды жоғары білімімен мо тәжірибесін қажет ететін қиын жұмыс.
Стандарттарда терілерді ауданы бойынша қай топқа жататыны келтіріледі.Аң терілерінің ауданын шаршы сантиметрмен анықтайды. Әдетте, терілерді үлкен, орташ және кіші деп бөледі. Тұтастай сыпырылған терілердің ауданы екі көзі аралығы мен құйрығының түбіне дейінгі ұзындықты ортасынан енінің екі есесіне көбейтіп анықтайды. Жалпығынан сыпырылған терілердің ауданын тері ортасының ұзындығы мен енін көбейтіп анықтайды.
Ақаулар тобы бойынша олардың саны мен өлшеміне қарай сұрыптайды. Ақаулар тобы бойынша: ақаулары аз, орташа ақаулы, көп ақаулы және жарамсыз деп бөледі.
“Стандартты емес терілер сипаттамасы”бөлімінде қандай терілердің стандарттарға жатпйтыны және қабылдауғажарамсыз екені келтіріледі.
Аң тері шикізаттарының және олардың тобының құнын есептеу. Ауданына, сортына және ақауларының әртүрлілігіне байланысты терілердің де құны өзгеше болады.
Қабылдау ережелерінде әрбәр аң терісінің үлкен ауданды 1 сортты ақаусыз терілердің қабылдау бағасы келтіріледі. Терінің бұндай түрін 100% немесе 1 (головка) деп есептеу қабылданған.
Терілер партиясының (тобының) бағасын шығару үшін белгіленген есептеу (зачет) процентімен басқа (головка) келтіріледі.
Қолданылып жүрген стандарттар бойынша әртүрлі сортты терілер, әдетте, төмендегідей есептеледі: 1 сорт – 100%, 2 сорт – 75%, 3 сорт - 50%.
Терілердің кейбір түрлерінде ауданы бойынша есептелінеді. Ауданы үлкен терілер 100 %, орташа – 75%, кішілері - 50%.
Ақаулары бойынша: ақаусыз – 100%, аз ақаулы - 90%, орташа ақаулы - 75%, ақауы көптері - 50%.
Мысалға, 2 сортты, аз ақаулы қызыл түлкінің терісін бағалауды, басқа есптеуді келтірейік. 1 сортты тері бағасы 300 теңге. 2сортты – 75 % тең болғандықтан 300*75100=225 тг, оның үстіне ақау бойынша 90% тең болса 225*90100; сонда тері бағасы 202,5 теңге болады.
Немесе басқа мысал: 250 данадан тұратын күзен терілер тобы. Олардың сапа көрсеткіштері 1- кестеде келтірілген.
Тері
1сортты ақаусыз
2сортты орташа ақаулы
3сортты аз ақаулы
Үлкен
50

Орташа
40
50
.
Кіші
20
50
40
Барлығы
110
100
40

Бұл топтың бағасын есептеу үшін алдымен 2 кестеде келтірілген стандарттар шарттарына сәйкес “басқа” жағын есептейді.
Жалпы “бас ” саны 1 сортта ақаусыз 90+35+9=134.Сонымен, әр данадн тұратын әртүрлі сортты ақаулы,ауданы бар терілер тобы 1 сортты “бас” саны есептегенде 134 болды.
1 сортты күзен бағасы 200 теңге болса, партия бағасы 134*200=26800. Тері шикізаты өндірісінде оның сапа есептеу бағасын анықтайды.Жоғарғы келтірілген күзен терілер тобы үшін 134*100250=53,6 % болып шығады.
2 – кесте

Тері
лер
1сортты ақаусыз
2сортты орташа ақаулы
3сортты аз ақаулы

терілер саны
есептеу бағасы
бас саны
терілер саны
есептеу бағасы
бас саны
терілер саны
Үлкен
50
100
50
-
-
-
-
-
Орташа
40
75
30
50
42.2
21
-
-
Кіші
20
50
10
50
28.1
14
40
22.5
Барлығы
100
-
90
100
-
35
40
-

“Өндіріс жағдайында бұл көрсеткішті жіберілу бойынша есептеу” деп атайды. Өңдеу және әрлеу процесстері біткен соң дайын жартылай фабрикат сұрыпталады да “дайын өнім бойынша” есептеледі. Кейінгісінің көрсеткіші бастапқысынан жоғары болу керек, себебі өндіріс процесстерінде өнім сапасы жақсаруы тиіс. Бірақта кейжағдайларда олар болмай шығады.
Мехтық шикізаттың тиімді пайдалануы дайын өнім бойынша есептеу мен жіберілу бойынша есептеудің қатынасымен анықталады.
Дұрыс сақталмаған терілерде құндылығын едәуір дәрежеде төмендететіндей ақаулар пайда болады. Тері сақталатын қоймалардың ауасы алмастырылып тұратындай болуы керек, соның өзіндеде құрғақ кептірілген және ылғал тұздалған шикізаттар бөлек бөлмелерде сақталуы керек.
Жыл мезгілдерінің өзгеруіне қарамастан бірқалыпты жағдайда: температура 15 – 20, салыстырмалы ылғалдылық 65 -70 % болуы керек. Терінің түріне, бағалылығына қарай қаттап буып, жиналады немесе іліп қойылады. Терілерге күн түспеуін бақылап тұрылады. Одан сақтандыруға жақсы әсер ететін эаттар: дихлордифенил – трихлор – этан (ДДТ) -5 және 10% дуст түрінде шығарылатын кристалды зат, хлорфос - 5% су ерітіндісі түрінде себіледі, гексохлоин - 25% дуст түрінде шығарылады. Бағалы аң терілерінің араларына нафталин салынады.

2.6. Шикізаттардың кейбір түрлерінің сипаттамалары
Аң терілерінің қыстық түрлері.
Тиын терілері көбінес боялмаған, кейде боялған түрінде мехтық өнімдерге (әйел және балалар сырт киіміне, жағаға, бас киімге және т.б.) қолданылатын бағалы шикізат. Ауданы 250 – 400 см кв. Жүн жабыны қалың, өскен өлкесіне байланысты ашық түстен қоңырқай түске дейін боялады. Мемлекеттік стандарт (6374 - 66) бойынша сортына, ақауына және өскен өлкесіне байланысты сұрыпталады.
Күзен терілерінің жүн жабыны қалың, жұмсақ, ашық-қызғылт болып келеді. Жүн жабыны ұзын қылшық жүндерден және толқындаған түбіт жүндерден тұрады. Ауданы 500-600 см кв. Негізінен қою-қоңыр түске бояп қара күзен терісіне ұқсатып өндіріледі. Әйелдердің әсем киімдерінің бөлшектеріне, бас киімге қолданылады.
Сусар терілерінің жүн жабындары өте әсем болады. Негізінен бас киім, жаға, әйел, жамылғылары, жакеттер тігеді. Сусардың тамағының астында ақ таңба болады.
Түлкі терілері өскен өлкесіне және түсіне байланысты қызылдан қара-қоңырға дейін бола береді. Негізінен әйел киімдеріне қолданылады.
Қар күзен (норка): қолда өсірілетін және жабайы болып бөләнеді. Терісі өте бағалы, сондықтан да соңғы жылдарда көптеп өсіріле бастады. Терісі жағынан қара, көкшіл, сұрғылт ақшыл бола береді.
Ондатра ең көп таралған аңдардың бірі, барлық сулы жерлерде өсе береді. Биік қылшық және қалың түбіт жүндер де бар. Жон арқасы қара-қоңыр бүйірлері ашық қоңыр ,тұмсығы ақшыл ақаулылығы бойынша 3 сортқа бөлінеді, ауданы 400-650 см кв. Ондатр терілері боялып та, боялмай да өндіріледі.
Аң терілерінің көктемгі түрлері.
Аң терілерінің көктемгі түрлеріне жататындар: суыр, сарышұнақ, сарытышқан, көртышқан, егеуқұйрық, атжалман, қосаяқ және т.б.
Суыр сирек кездесетін болғандықтан жоғары бағаланады. Жүні өте тығыз, біркелкі, реңі өскен өлкесіне байланысты ашық – сарғыштан көкшіл – сұрғылтқа дейін ауыса береді. Негізінен боялып, сырт киімдер, бас киімдер тігуде пайдаланылады.

Мех терілерінің жеке түрлері
Үй қояны терілері ең көп дайындалатын шикізат. Себебі өте өсімтал әрі тез жетіліп көп шығын талап етпейді.Қоянның көптеген түрлері болады.
Негізгілері төмендегілер:
Шиншилла – жүн жабыны қалың, биік және жұмсақ сұрғылт түсті. Қылшық жүндерінің ұшы қоңырқай.
Шампань – жүн жабыны біркелкі ақшыл сұрғылт түсті.
Флонур – жүн жабыны жұмсақ, қалың, биік, сұрдан қарасұрға дейін болады.Үлкен ақ қоян – жүні жабыны қардан аппақ болады.
Қоянның аралас тұқымдарының терілері аса бағаланбайды.
Қоян терілерін ауданы жағынан төртке бөледі:
Ауданы текше см;
Аса ірілері А 1900-ден жоғары
Аса ірілері Б 1600-1900
Ірілері 1300-1600
Майдалары 1300 дейін
Жүн жабынына байланысты 4 сортқа бөлінеді, табиғи боялған, қырқылған күйінде өндірісте қолданыла береді.
Қаракөл қой тері шикізаты негізінен екі топқа бөлінеді: 1.елтірі; 2. Қой терілері; бұл топқа бұғы терілері де жатады.
Қаракөл тұқымды қойларының қозыларының жүнді жабыны ерекше әдемі жылтыраған, бұйра-бұйра, ирек әртүрлі формада болып келеді.
Қаракөлше – тууына 10 – 15 күн бұрын іш тастаған немесе арнайы сойылып алынған қозы терілері.
Қаракөлше – туғаннан соң 3 күн ішінде сойылып дайындалған қозы елтірісі. Елтірінің сапасы мен құндылығы түгінің бұйралығына, түсіне ауданына байланысты. Елтірі бұйра гүлінің жалпақтығына қарай ұсақ бұйра гүлді (ені 4,5 мм-ге дейін) орташа гүлді (ені 4,5-7 мм), ірі бұйра гүлді (7 мм-ден артық) деп бөлінеді. Орташа бұйра гүлді елтірі сапалылығы жағынан жоғары бағаланады.
Елтірі түріне қарай қара, сұр қызғылт, қоңыр(сұр) көк болып келеді.Жүнінің өн бойының түгі біркелкі болмайтын түгінің түбі қоңыр, үш жағы бірте-бірте көгілдір, ақырында ақшыл келетін лтіріні суыр деп атайды.
Жүнінің бұйралығына қарай моншақ гүлді және толқын бұйралысы жоғары бағаланады. Мұнымен қатар жүнінің тығыздығы мен серпімділігі де елтірінің қасиеттерінің бірі.
Қаракөл елтірісі реңі, ауданы, сорты, ақаулығы бойынша сұрыпталады.
Мехтық шикізатқа қаракөл қойларының басқа терісі мех жасауға жарамды қой тұқымдары да пайдаланылады. Олар: қазақтың арқар мериносы, етті, биязы жүнді қой тұқымдары.
Цыған қойы – өте ерте заманнан бері келе жатқан биязылау жүнді қой тұқымдарының бірі. Негізгі ерекшелігі табиғаттың қатаң жағдайына төзімді. Бұл қойлардың терілерін өңдеп жүнін түрлендіру арқылы саз құндызы, қабылан, кәмшат терілеріне ұқсатып имитациялауға болады.
Тон жасауға жүні қылшықты, ірілеу қой тұқымдарының терілері алынады. Олардан тон, тұлып басқа да жүні ішіне қараған, өзеңі өңделген киімдер жасалынады. Тон өндірісінің шикізаты ретінд етті- майлы қой тұқымдары еділбай, дегерес және қазақтың ұяң жүнді қойлары жатады.
Еділбай қойы – жергілікті қазақы қойлардың ішіндегі ең ірісі, жүннің сапасы сапасы жағынан тәуірі. Қылшық жүнді табиғатқа жақсы бейімделеді.
Теңіл жануарлар терісі. Теңіз жануарларының ішінен теңіз мысығының терісі сапасы жағынан ерекше орын алады. Қылшың жүні теріліп, түбіт жүні қара түске боялған соң немесе жабағы түрінде әйелдер пальтосы үшін, жаға, бас киімдер және басқа бұйымдар жасауға қолданылады. Мехтық тюлен терілері ерлердің бас киімдеріне күртелері үшін қолданылады.

3.Аң терісі,мехтың шикізат және тондық қой терілерін өңдеудің негізгі принциптері.
3.1Жалпы талаптары.
Аң терілері мен мехтың шикізат жұмсақ алтын деп бекер айтылмайды.Осы аттың өзі-ақ көптеген міндетті жүктейді.Терілерді өңдеу барысында шикізатты және қажетті материалдарды өте ұқвыпты жұмсап,технологиялық процесстерді мұқият жүргізіп,еңбек тәртібі мен техника қауіпсіздігін бұлжытпай орындауы талап етеді.
Мех өнеркәсібінде өңделетін шикізаттарды негізінен мына топтарға бөлуге болады:мехтық шикізат( мехтық және тондық қой терілер,қаракөл елтірілілері,қозы ,лақтар ,қоян,мысық,ит,құлын және т.б );бағалы аң терілері (қара күзен ,тиін,сусар,түлкі,саз құндызы,қама,оңдатра және т.б )теңіз жануарлары терілері (теңіз мысығы,тюлень,ит балық ).
Мех шикізатының ішінде ең көп өңделіп өндірілген мехтық және тондық қой терілері.Бұл шикізаттардан,адам игілігіне жарайтын көптеген өнімдер (бас киім,сыртқы киім,жағалар,балалар және әйелдер пальтосы,ерлердің күртелері,аяқ киімдер,спорттық бұйымдар және т.б) өндіріледі.
Осыған байланысты мех өнеркәсібін илеу-бояу және пішу-тігу өндірістерінде бөледі.Мех фабрикаларында шикізат заттардың,көптеген түрлерін ауданына ,қалыңдығына ,жүнінің ұзындығына,реңіне,жұмсақтығына,бұйрасына қарап өңдейді.Жануардың бір түрінің өзінде өскен өлкесіне,жасына,жынысына,сою мезгіліне,ақауларына,алғашқы өңдеу тәсілдеріне байланысты ерекшеліктері болады.
Илеу –бояу өндірісінде өңделіп шыққан мех терілерін жартылай фабрикат деп атайды.Оларды дайын өнім алу үшін пішу-тігу фабрикасына жібереді.Өндірісте мех терілері табиғи боялмаған немесе боялған күйде шығарылады.Жақсы мехтық шикізаттың біраз бөлігін жүнін түрлендіріпимммитация бағалы аң терілеріне ұқсатып шығарады.Мысалы, қоян терісін бұлғын терісіне ұқсатып шығару немесе қоян терісін қараға бояп,жүнін қысқартып,мысық терісіне ұқсата шығарады.Биязы жүнді қой терілері саз құндызға ,қабылан,камшат,мысық терілеріне ұқсатып өндіріледі.
Мехөндірісінің технологиясы,дайындық,илеу және әрлеу процесстеріне бөлінеді.Табиғи реңі жақсы терілерді боямастан өңдеп кептіріп,әрлеу операцияларына жібереді.Боялатын шикізат кептіріліп,әрлеу операцияларынан кейін бояуға жіберіледі.Боялған жартылай фабрикат жартылай кептіріліп,әрлеу операцияларынан өтеді.Бұл тәсіл үзілісті деп аталады.
Кейбір жағдайларда мехтік жартылай фабрикаттан өңдеуден илеуден соң кептірмей бояйды. Боялған соң кептіріліп әрлеу операцияларынан өтеді.Бұл тәсіл үздіксіз деп аталады.Үзілісті және үздіксіз тәсілдердің процесстерінің орындалу реті мынадай.
Үзілісті тәсіл-жібіту,шелдеу,пикелдеу,илеу,майлау,кептіру,әрлеу операциялары,бояуға дайындау,бояу,шаю,кептіру,әрлеу операциялары.
Үздіксіз тәсіл-жібіту,шелдеу,пикелдеу,илеу,бояуға дайындау,бояу,майлау,кептіру,жұмсарту,әрлеу операциялары.
Мех өңдеудің үздіксіз тәсілінің бірқатар артықшылықтары бар.Біріншіден өндіріс айналымы қысқарады,еңбек өнімділігі артады,жұмысшылар саны азаяды.Екіншіден бұл тәсіл өндірісті дұрыс та,тиімді ұйымдастыруға ,механизациялауға,автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Мехтік,тондық қой терілері негізінен үздіксіз тәсілмен өндіріледі,өте жұмсақтықты қажет ететін қаракөл қой терілері,қоян терілері үзілісті тәсілмен өндіріледі.Мех өндірісінің барлық технологиялық процесстерін 2 топқа бөлуге болады.Бірінші тобы шикізаттың қасиеттерін өзгертетін химиялық және физико –химиялық құбылыстар негізінде жүргізілетін процесстер.Бұларға жібіту,илеу,пикелдеу,майдан арылту,ашытқымен өңдеу,кептіру ,бейтараптау,басқылау,бояу және т.б процесстер жатады.
Екінші топ-механикалық прцесстер :шелдеу,жұмсарту,жүнді қырқу тарау,жүнді тазарту,тегістеу және т.б .Бұл бөлу шартты түрде ғана ,себебі кейбір процесстерді жүргізген кезде,механикалық және физико-химиялық әсерлер бірге болады.Әдетте ,бірінші топ процесстері өндірістік Партиядағы белгілі мөлшердегі шикізатта бірмезгілде жүргізіледі. Өндірістік партияны құрастыру өте жауапты жұмыс. Түрі, массасы немесе ауданы мен қалыңдығы бір, сақтау тәсілдері , тығыздығы мен сорттылығы ұқсас, сапасы бір деңгейде , жүн жабыны бірдей және белгілі бір өнім шығару мақсатында тері шикізаттарынан құрастырылады.
Жүннің майлылығы жоғары , жүні босаған, шикізаттар бөлек топтастырылып жеке партия түрінде өңделеді. Әдетте, өндірістік партиялар көлемі өндіріс жабдықтары мен қондырғыларының йымдылығына байланысты тұрақты болып келеді. Мысалы, 5000 дм2 сйымдылығы баркаста 250-300 қой терісі немесе 3000-4000 қоян терісі өңделеді. Екінші тпо процесстері, әдетте, бір-бірлеп жүргізіледі, мысалы, шелдеу, жүнді қырқу, тарау. Кейбір жағдайларда, жұмсарту, сілкілеп тазарту процесстері тобымен жүргізіледі.

3.2. Процестердің негізгі параметрлері.
Мех өндірісінің әрбір процесстері шикізат түріне, сақтау тәсіліне, қалыңдығына, жүн жабынының сипатына байланысты белгілі бір жағдайларда жүргізіледі. Бұл жағдайлар процесс параметрлері деп аталады.
Мех өндірісі процесстерінің негізгі параметрлеріне сұйықтың коэфициенті с.к., процесстердің ұзақтығы, реагенттер концентрациясы, температурасы және механикалық әсерлер жатады. Бұл параметрлер корсеткіштері ғылыми зерттеу нәтижелері мен кәсіпорындар тәрбиесіне сүйеніп негізделеді. Шикізат, қолданылатын материалдар, еңбек және уақыт шығынының мөлшері айқындалып, сапалы өнім шығарылатын параметрлер тиімді болды. Осылардың негізінде барлық процесстерді жүргізудің біріңғай технологиясы жасалынады. Біріңғай технология барлық процесстердің бір-бірімен ұтымды байланыстылығын қамтамасыз етуі керек. Егер де бір процесске , мысалы, пикельдеу процесіне өзгеріс енгізетін болсақ оның одан кейінгі процесстерге қандай әсері болатыны ескерілуі керек. Одан ауытқу ережені бұзу деп есептелінеді.
Мех өндірісінің процесстерінің негізгі параметрлерінің сипаттамаларын келтірейік. Сұйықтық коэффициент с.к. - шикізат немесе жатрылай фабрикат массасының бірлігінің (тонна, кг) өңдеуге жұмсалатын сұйықтың тоннамен немесе кг –мен қатынасы. Егер 100 кг шикізатты жібітуге керекті с.к. =10 десек, онда 1000 дм3 су керек. С.к. мәні жоғары , себебі шикізаттың немесе жартылай фабрикаттың сұйыққа батуына байланысты процесстерге әсері мол, ерітіндіден мехтің реаенттердің сіңуі де с.к. жоғары көрсеткіштерінде жүргізіледі. Себебі сұйық аз болса жүн ұйысып, шатасып, киізденіп қалады. Процесс ұзақтығы реагенттердің диффузиясының жылдамдығына және оның өзең құрылымына біркелкі таралуына әсерін тигізеді. Процесстің ұзақтығы ерітіндегі реагенттің мөлшеріне, температураға, механикалық әсерге, алдыңғы процесстің өту барысына және т.б. факторларға байланысты. Прцесстің тым ұзақтығы, коллаген талшықтарының беріктігін, сол арқылы жартылай фабрикат құрылымын әлсіретуге , жүннің өзеңмен байланысын бұзуға әкелуі мүмкін. Мысалы, құрғақ кептірілген қой терісін жібіту ұзақтығы 20-24 сағат болса, ылғалды тұздалған қой терісі, небәрі 4-6 сағатта жібиді.
Реагент концентрациясы. Жалпы ерітіндіде реагент концентрациясының коп болуы оның өзең бойына сіңіруін жылдамдатып, реагенттің өзең микроқұрылымына диффузиясын кушейтіп, оның белокпен әрекеттесуін арттырады. Бірақ концентрациясының шектеусіз өсе бергені де қиын. Біріншіден өнімнің өзіндік құны жоғарылап, бағасы артады, екіншіден, реагент өзеңнің беткі қабатымен өте күшті байланысып, ары қарай диффузия жолын бітеп тастауы немесе коллаген талшықтарының бұрыс бағытта өзгеруіне әкелуі мүмкін. Әдетте, реагент концентрациясы литрдегі грамм есебінде беріледі (гл). Егер, мысалы, жібіту процесіне 10 гл ас тұзы қолданылады десек, ол деген сұйықтың әрбір литріне 10 граммнан ас тұзын салу керек деген мағына. Өңдеуші жартылай фабрикаттың және мехтың қасиеттеріне әсер етеді. Температураның белгілі бір деңгейге өсуі диффузияны жылдамдатып, реагенттердің өзеңге, тері тканіне және жүн талшықтарына тарлуын жылдамдатып, процесстің жүруін тездетеді. Көрсеткен деңгейден температураның асып кетуі кейбір процесстерде белоктардың ыдрауына соның нәтижесінде тері босап, оынң сапасының нашарлауына әкеліп соғады. Процесстердің жүргізілу температурасы шикізаттың немесе жартылай фабрикаттың пісу температурасынан әрқашан төмен болуы керек.
Механикалық әсер ерітіндіні араластыру нәтижесінде өзең мен жүн талшығына реагенттің диффузиясын күшейтеді, кей процесстерде шикізат пен жартылай фабрикатта минералды тұздар мен консервілеуші заттардың, табиғи маталардың тезірек және молынан бөлініп шығуын қамтамасыз етеді.
Бірақта процессті ұзақ және айналдырып жүргізсе жүн ұйысып, ұйпаланып, киізденіп қалуы мүмкін.

3.3. Өңдеудің типтік схемалары
Өңделетін аң терілері мен мех шикізатының әрбір түрінің өзінің біріңғай технологиясы болады, дегенмен кейбіреулерін негізгі типтік схемаларға топтастыруға болады. Мех қой терісі, майлылығымен және жүннің ластығымен сипатталады. Сондықтан мехтық қой терісін майсыздандыру мен жүннін жууда ұқыптылықты, тері тканінің беріктігін арттыруды талап етеді.
Мехтық қой терісінің өндіріс технологиясы мынадай негізгі процесстерден тұрады: жібіту, жүұн жабынын майсыздандыру, шелдеу, жүнін қырқу, пикельдеу және илеу. Жүні әрленбейтін қой терілері үздіксіз тәсілмен , ал әрленетін, терілер үзілісті тәсілмен өндіріледі.
Тондық қой терісі. Тондық қой терілері үздіксіз тәсілмен өндіріледі. Тондық қой терілерінің тері ткані тығыз және майлы болып келеді. Тері тані киімнің сыртына қаратылатын болғандықтан шелдеу, майсыздандыру, илеу, түрпілеу және тегістеуді жүргізуге жоғары талап қойылады.
Тондық қой терісін өңдеу схемасы: жібіту, майсыздандыру, пикельдеу, илеу, майлау, түрпілеу, тегістеу, бейтерептау, бояу, тері тканін майсыздандыру, әрлеу процесстері.
Қоян, мысық, ондатра, ит терілері. Қоян терісінің қалыңдығы әртүрлі, жалпы тығыз болып келеді. Жүн жабыны – қылшықпен, түбітпен аралас болғандықтан бояу қиындау болады.
Қоян терісін өңдеп, қараға бояу схемасы: жібіту, шелдеу, пикельдеу, илеу-майлау, кептіру, әрлеу операциялары, бояу протраврлау, екінші бояу, шаю, тұздау, кептіру, әрлеу операциялары.
Соңғы жылдарда қоян терісін үздіксіз тәсілмен илеу технологиясы меңгерілуде. Ит терісі өте жылы болады. Тері ткані тығыз, қалың, өте майлы болғандықтан илеу процесінің өзінде –ақ беттік активті заттарды қоса жуады. Ол беттік активтік заттармен натрий карбонаты қосылған ерітіндімен жүргізіледі. Сонан сон шелдеу , пикельдеу , сүргілеу, түрпілеу, майлау, илеу, кептіру және әрлеу процесстері жүргізіледі.
Қаракөл қозыларының терілері. Бұл тпотың шикізатының тері ткандері тығыз болып келеді. Әдетте, жұмсартатын пикельдеу процессін бұл топ терілерінің қажетті жұмсақтығы мен созылмалылығын қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан да қосымша өңдеу тәсілдері қолданылады. Өңдеудің үздіксіз де, үзілісті де тәсілдері қолданыла береді.
Майда кеміргіштер терілері. Әдетте, майда терілерді (сарышұнақ, сарытышқан, суыр және т.б.) үздіксіз тәсілмен өңдейді.
Бағалы аң терілері. Бағалы аң терілері өзіне байланысты табиғи түрінде немесе боялып, түрлендіріліп өңдіріледі. Мехтік терілермен салыстырғанда ұқыптылықты, мұқият қарауды, көптеген механикалық және қол жұмыстарын талап етеді. Тері ткані мен жүнін бірнеше рет тазартып сілкілеп тұру керек.

4. ДАЙЫНДЫҚ ПРОЦЕССТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
Мех кәсіпорындарына келіп түскен шикізат , көбінесе былғаныш, майлы және консервілеуші заттармен бірге келеді. Терілерді өңдеуге жарамды ету үшін дайындық процесстері мен операциялары жүргізіледі. Солардың қатарына жататындар: жібіту, шелдеу, жүнін қырқу және майдан арылту.
4.1. Жібіту
Жаңа сыпырған мал терісінде 70%-ке дейін ылғал болады. Ол ылғал гидротациялық су және терінің сіңіріп ісінген суынан тұрады. Гидротациялық ылғал белоктардың йондалған амин (NН4+) карбоксил (СОО) және басқа топтардың дипольді су малекулаларымен байланысы әсерінен тері құрамындағы иондардың сумен дипольді байланысынан немесе белоктық пептид және гидроксил тобының сумен сутекті байланыс түзуінен болады. Ол ылғал коллагеннің тізбекті болшектерімен малекулалық берік байланыта болады да, тіпті аса үлкен қысыммен механикалық әсер еткенде де бөлінбейді және басқа заттарды еріте алмайды. Гидротациялық ылғал мөлшері әртүрлі зерттеулерге қарағанда белок салмағының 20-60% -дей болады.
Шикізаттағы басқа ылғал сіңірген түрде болады. Шикізатты алғашқы өңдеу, сақтау, консервілеу кезінде ылғалдың біразы кептіріліп, бір-біріне жабысып, тері тканінің микроқұрылымында өзгерулер болады.
Жібіту мех өндірісінің алғашқы процессі. Оның мақсаты шикізатты суландыру дәрежесі бойынша және микроқұрылымы жағынан мал денесінен жаңа сыпырылған күйге мейлінше жақындату үшін сумен (көбінесе электролиттер қосумен) жібіту.
Жібіту кезінде шикізаттан консервілеу заттары, кір, қан, ерігіш белоктар (альбуминдер мен глобулиндер) суға шығады, ал тері белоктары (коллаген, эластин, ретикулин) сумен өзара әрекетке түскен кезде гидротация және ісілу процесстері жүреді.
Шикізаттың сулануы одан кейін жүргізілетін механикалық операциялар мен процесстерге өте қажет. Жібітуде қышқыл немесе сілті ерітінділер қолдану процессті және белоктардың ісінуін жеделдетеді.
Сілтінің әсерінен жүннің тері тканімен байланысы томендеп,


Айсулу
Алдымен илегіш қосыңдылар мен коллаген арасында адсорбциялық әрекет жүріп,кейін одан да берік химиялық байланыс орнайды.
Белок құрылымының молекулалық тізбектері арасында илегіш заттардың әсерімен қосымша көлденең байланыс орнағандықтан илеу коллагеннің кеңістік құрылымының нығаюына әкеледі,өзеңнің формасын қалыптастырады.
Илеу процесіне алдын-ала дайындық процесі,илегіш негізділігі мен ерітінді концентрациясы,температура,процесс ұзақтығы және механикалық қозғалыстар әсер етеді.
Мехты дайындау процесі – пикелдеу мен ашытқымен өңдеуге белокты құрылым босаңсиды.
Талшықтар неғұрлым көп жіктеліп босаңсыған болса,илегіш заттар соғұрлым шапшаң енеді.Пикелдеуге қарағанда ашытқымен өңдеуге босаңсытудың көбірек болатыны белгілі,сондықтан бұл терілер тез,біркелкі иленеді және илегіш аз кетеді.
Пикелдеуге органикалық қышқылдар қолдану да жақсы нәтиже береді.
Хром ерітіндісінің концентрациясы мен негізділігі.Концентрация жоғарлағанда илеу процесі тез өтеді,дегенмен мехтың иімділік қасиеттері төмендейді.Негізділігі жоғарлағанда да байланысы күшейгенімен өте жоғары негзділікті илегіш құрылымның ішкі қабаттарына енбей беткі қабаттарында байланысып өнімнің қаттылығына әкеліп соғады.
Илеу температурасы жоғарлығанда процесс шапшаңдап байланысу артады.Дегенмен илеу температурасын 450С арттырмаған жөн.
Илеу ұзақтығы илегіштерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.Илеу уақытын 6-12 сағат аралығы жеткілікті деп есептеледі,одан ары созу мехтің жұмсақтығына кері әсерін тигізеді.
Механикалық әсерлер ерітіндіні араластырып тұруға мүмкіндік бергендіктен процесті жеделдетеді.
Соңғы жылдарда дайындау мен илеудің,негізінен екі тәсілі қолданылып жүр.Көптеген мехтар үшін пикельдеумен илеу бірге жүргізіледі.Қоян,мехтық қой терілері үшін бұл тәсіл өңдеу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Бұл тәсіл бойынша мехтар белгілі уақыт ішінде пикелденіп,сол ерітіндіге тиносульфит пен хром илегіш қосылады.
Тері ткані қалың терілер алдымен пикелденіп одан кейін жатқызылып қойылады.Сонан соң ғана иленеді.Жатқызып қойғанда қаттап жинап қою қажет.Бұл кезде қышқылдың әсері ткані мен жүн құрылымына тарамды жалғасады,белоктың белсенді топтарымен байланысу жүреді,қатталып жиналғандықтан сғылып ылғалы азаяды.Жатқызып қою ұзақтығы әдетте 24 сағат.

Алюминий қосылыстарымен илеу
Мех өнеркәсібінде хром мен алюминий тұздары араластыра илеу көп қолданылады. Алюминий қосылыстары хром секілді негізгі комплекс түзейді.Бірақ негізділігі жоғарылағанда ерімейтін қосылыстар түзеп тұнбаға түседі.Алюминий илегіштерінің коллагенмен байланысуы хром тұздарымен салыстырғанда төмен.Алюминий тұздарымен өңделген тері жылудың,ферменттердің,тотықсыздандырғыштардың әсеріне төзімділігі төмен болады.Сонымен қатар,алюминиймен иленген терілер жұмсақ,толықтырылған және иімелік қасиеттері жақсы болады.Сондықтан да аралас илеу қолданылады.Хром мен алюминийдің илегіштерін бірге қосқанда ерітінді екі металдардың да иоңдары болатын комплекстер түзейді.Алюминий тұздарынан KAI(SO4)2 24 H 2O алюминий ашудасы кеңірек қолданылады.
Хром-алюминий аралас илеу тәсілі қоян,ондатра,мысық,терілерін өңдеуге қолданады. Бұл тәсілді қолданғанда дұрыс майлауға көңіл бөлу керек,себебі алюминийтұздары май қышқылдарымен тотығын ерімейтін сабындар түзейтін қасиеті болғандықтан келесі процестердің жүргізілуін қиындатуы мүмкін.
Цирконий қосылыстарымен илеу
Тондық терілер мен велюр илеуде цирконий тұздарын қолдану тиімді.
Цирконий тұздарымен иленген терілер өзінің табиғи ақшыл реңін сақтайды,велюрдің түгі біркелкі әдемі болады.
Цирконийдің көптеген қосылыстарының илегіштік қасиеті бар. Дегенмен цирконийдің натрий сульфатының илегіштік қасиеті жоғары болғандықтан көбірек қолданылады.Бұл илегішті циркон концентратынан алады.Айта кететін жәй,бұндай шикізаттар бұрын Украинадан алдырылатын,соңғы жылдарда Республикамыздың өзінен Қостанай,Өскемен облыстарынан өңдіріле бастайды.Хром мен цирконий қосылыстарын араластыра илегенде тоңдық терілердің босаңдықтары кеміп,сапалары жақсарады.Соның нәтижесінде өнімнің беріктігі өсіп аудан шығымы артады.
Формальдегидпен илеу
Альдегидтермен илеу ең көне тәсілдердің бірі.Ертедегі,алғашқы қауымдық қоғамның өзінде-ақ адамдар терілерді түтінге ыстып өңдейтін болған.Түтін құрамында формальдегидтер (CH2O) болады.
Формальдегидпен илеудің бірқатар артықшылықтары бар.Олардың қатарына терілердің тотықтырғыштар әсеріне беріктігін келтірілген.
Кестеде анилинмен боялған қоян терілерінің тотықтырғыш әсеріне илеу тәсілдерінің беріктігі келтірілген.
5 кесте
Көрсеткіштер
Илеу тәсілдері

формальдегидпен
Жиырылу температурасының төмендеуі,0 С

6
Беріктігінің төмендеуі,% анилинмен бояған соң

18,6
12-ай сақтаған соң
0

Формальдегидпен иленген терілердің жүні таза,температураларға төзімділігі жоғары,басқа илеу тәсілдеріне салыстырғанда ауданы 3-5% жоғары. Формальдегид жағымсыз,иісті газ. Илеуде 40% формалин деп аталатын ерітіндісі қолданылады.Формалиннің химиялық әрекеттесу қабілеті өте жоғары.
Илеу кезінде формальдегид белоктың негізгі топтарымен (аминотоптарымен) полипептидті тізбекке көлденең байланыстар түзейді.
Формальдегидпен илеуде сапалы өнім алу реакциялық ортаның көрсеткішіне,формальдегид концентрациясына,температураға,процесс ұзақтығына байланысты.Формальдегидтің белоктың негізгі топтырмен сіңірілуі,байланысуы бейтарап немесе әлсіз сілтілік ортада жақсы жүреді.Сондықтан да формальдегидпен илеуді жібітуден соң жүргізген тиімді.Ал пикелдеуді қажетіне қарай илеуден соң жүргізеді.Формальдегидтің негізгі бөлігі алғашқы 30 минуттай байланысады,сондықтан да әлсіз ерітіндісінің жиырылу температурасына әсері көп,сондықтан түгелдей байланысуына өте ұзақ уақыт қажет.Жобамен бір айдай.
Илегіш ерітіндінің температурасын жоғарлатқанда формальдегидтің байланысуы артады.Тәжірибе жүзінде илеуді 25-300С температурада жүргізеді.Формальдегидпен илеуді зиянды,жағымсыз иісіне сонымен бірге иленген терілер қаттылау болуына байланысты кем қолданылады.Сондықтан да бұл тәсіл қажетті жағдайларда ғана қолданылады.Формальдегидпен жұмыс істейтін орынның ауасы әруақытта тазартылып тұруы керек.
5.5. Илеуді іс жүзінде жүргізу
Мехтық терілерге пикелдеу процесі мен механикалық операциялар әсерімен жұмсақ иілмелік қасиеттер беріледі.Бұл қасиеттерді сақтау үшін илеу процесін де тиімді жағдайларда өткізу қажет.Хром илегіш тұздары тек өзеңнің торлы қабаты жағынан ғана енетін болғандықтан біркелкі енбей қалуы мүмкін.Сонымен қатар хром қосылыстары жүннің тазалығын,түсін және реңін өзгертуі мүмкін.Сондықтан да мехты илеу хром тотығының аз мөлшерімен және төмен негізділікте жүргізіледі.
Мех өнеркәсібінде терінің,қолданылатын әрлеу түрлеріне қарай илеудің әртүрлі тәсілдері қолданылады.
Мехтық қой терілерін илеу
Хроммен және хромэмульсиялы тәсіл мен мехтық қой терісін өңдеу кеңінен қолданылады.Формальдегидпен илеу кубты бояғыштармен бояланатын терілерді илеуде қолданылады.
Хромалюминиймен илеу жүнді әрлеуде қиындықтар туғызатын болғандықтан көп қолданылмайды.Жоғарыда айтылғандай майлы терілерді алюминий тұздарымен өңдегенде ерімейтін алюминий сабындары түзіледі де әрлеу процестерін жүргізуде қиындықтар пайда болады.
Хроммен илеуді,әдетте,баркастарда С.К =7 және 200С температурада,6-12 сағат аралығында жүргізіледі.Қолданылатын хром ерітіндісінің негізділігі 35%.
Илегіш ерітіндіге уротропин қосса илену ұзақтығы қысқарады,аудан шығымы мен қыртыс қабатының беріктігі артады.Илеуден соң терілер қатталынып жатқызылып қойылады.
Соңғы жылдары тоңдық және мехтық қой терілерін өңдеуде өнім сапасын арттыратын үздіксіз тәсіл:пикелдеу – хроммен илеу- майлау қолданылып жүр.Бұд тәсіл өңдеудің уақытын қысқартады.
Мехтық қой терісін үздіксіз тәсілмен өңдеуде жабдыққа су толтырылып ас тұзы мен қышқыл құцып,тексерген соң,терілер салынады.4 – сағаттан соң қажетті мөлшердегі хром илегіші мен уротропин беріледі.30 минуттан соң илегіш ерітіндінің рН көрсеткіші натрий карбонаты көмегімен 3,5 жеткізіледі.Сонан соң скипидар мен веретендік майдың эмульсиясы сол ерітіндіге қосып майланады.Өңдеудің жалпы ұзындығы 8-12 сағат,температурасы 420С.
Веретен майынан ерітіндідегі мөлшері 10гл,скипидардікі -0,5 гл.Эмулсияға скипидар қосқанда майдың сіңуі артады.
Тоңдық қой терісін илеу
Тоңдық қой терілерін өңдеуде де пикелдеу - илеу - майлау үздіксіз тәсілі қолданылады.
Тоңдық қой терілерінен тігілетін бұйымдардың тері ткані сыртқа қарайтын болғандықтан тері тканінің жақсы иленуіне көңіл бөлінеді.
Қолданылатын хром илегішінің негізділігі 42% болуы қажет.Ашық түсті өнімдер өңдіруде илеуден соң сульфитден соң бұл экстрактпен өңделген терілердің су әсеріне төзімділігі артады,түрпіленген соң беті біркелкі ақшыл – сұр реңді болып шығады.Бұл тәсілмен өңделген терілердің жиырылу температурасы 800С жетеді.
Қоян терісін илеу
Қоян терілері,тері тканінің қалындығына байланысты пикелдеу мен илеуді бірге немесе бөліп жүргізеді.Тері ткані жұқа терілерді пикелдеуден соң сол ерітіндіге белгілі мөлшерде гипосульфит қосып бір сағаттан соң негізділігі 5% болатын хром илегішін 0,5 гл мөлшерде қосады.
Бір сағаттан соң негізділігі 35-40% хром илегішінің қалған мөлшерін қосады.Алдымен төменгі негізділікті илегішті қоса илегенде илегіштің тері тканіне біркелкі таралуына мүмкіндік жасалынады.
Тері ткані қалың терілерді өңдеуде пикелдеуден соң терілерді жатқызып қойып илеу гипосульфит,хром илегіші мен алюминий тұздары қосып бөлек жүргізіледі.
Илеу процесін бақылау
Илеудің негізгі көрсеткіші тері тканінің жиырылу температурасы болып табылады.
Оны анықтау үшін 2-3 теріден 50х55 мм өлшеммен жолақтар кесілініп алынып,жүнін қырқыады.Жолақтарды төменгі шеті термометр ұшының деңгейінде болатындай етіп резиналы сақиналармен бекітеді.Термометрдің төменгі ұшы стакан түбіне тимейтіндей етіп штативке бекітіп суы бар стаканға салып қыздырады.Тері ткані жиырыла бастаған кездегі температура анықталады.Бұл температура жиырылу температураыс деп есептелінеді.
Жиырылу температурасын анықтауда әртүрлі арнайы жасалынған аспаптар қолданылады.
Жинақталған тәжірибелер мен ғылыми зерттеулер негізінде әртүрлі мехтарға қасиетіне сәйкес әртүрлі жиырылу температураларын беру керек.Мысалы,мех қой терісіне 700С,ал тондық қой терісіне -800С жиырылу температурасы қажет.
Қажетті жиырылу температурасына жетпеген жағдайда илеуді ары қарай жүргізеді немесе илегіш негізін жоғарылатылады.
Хроммен илеуден соң тері ткаінің құрылымында белгілі мөлшерде хрои болуы қажет.Илеу процесін жүргізуде илегіш ерітіндісінің температурасы,С.К. және илеу ұзақтығы бақыланады.Илеу процесі дұрыс жүргізілмегенде тері ткаінінің қатты болып қалуы ықтимал.
Сонымен қатар илегіштердің біркелкі таралуына байланысты өнім сапасының төмендеуі мүмкін.
5.6 Майлау
Майлау кезінде тері тканіне енген майлар оның құрылымындағы талшық топтарымен жеке талшықтарды жұқа қабыршақпен қаптайды.Тері тканінің құрылымындарындағы майлар талшықтардың бір-біріне желімденіп қалуынан сақтайды,және өзара қозғалуына жағдай жасап тері тканінің иілмелік,жұмсақтық және беріктік қасиеттерін арттырады.

Майлы заттар сипаттамасы
Мех өндірісінде: жануарлар майлары,өсімдік майлары,олардың өңделген өнімдері,минералды заттар,синтетикалық майлар қолданылады.Қолданылатын майлы заттар негізінен глицериннің және жоғары молекулалы май қышқылдарының күрделі эфирлері болып келеді.Химиялық құрамы жағынан көмірсутектері мен оттегінен тұрады.Майларды жалпы мынандай формуламен сипаттауға болады.
CH2 - OR 1
CH - OR 2
CH 2 - OR 3
Мұндағы R 1, R 2, және R 3, май қышқыл қылдықтары.Май сипаттамасының негізгі көрсеткіштері:тығыздығы 0,91-0,97,балқу температурасы және сәуленің сыну коэффициенті.Осы көрсеткіштерді пайдаланып,майдың тазалығын,кейде түрінде қарап анықтауға болады.Сонымен қатар майлардың химиялық қасиеттерін:майдағы байланыспаған қышқылын немесе қыщқылдық санын,сабындану санын,иодтық санын,анықтайды.
Мал майларынан сиыр,қой,жылқы,шошқа майлары қолданылады.Теңіз жануарлары,балық майлары кеңінен қолданылады.Теңіз жануарлар майлары ворвандаркиттердің,дельфиннің,тюленнің денесінен сығып алынатын сұйық майлар.
Акуланың және т.б балықтардың бауыр майлары қыздырылып алынады.Балық майлары сығылып та,қыздырылып та алынады.
Өсімдік майларынан зәйтүн косторка майы көп қолданылады.
Майлау мен эмульсия алу қасиетін жақсарту үшін майлағыш заттарды модификациялайды.Өңделген модификацияланған майлар қолдануға тиімді болғандықтан кеңінен қолданылады.
Модификациялауды сульфаттау,сульфиттеу,гидрогендеу,қышқылдау т.б жолдармен жүргізеді.Теңіз жануарлары майын 25-400С температурада күкірт қышқылымен өңдегенде құрамы және қасиеттері жағынан да өзгешелінетін сульфатталған ворвань деп аталатын май алынады.Бұл май суда жақсы ериді,басқа майлармен жақсы араласады.Осының негізінде сульфатталған ворванға,сульфатталынбаған ворван техникалық және веретен майын қосып,майлауға дайын,дегрин деген май қоспасы алынады.
Зәйтүн майын сульфаттау нәтижесінде химиялық құрамы өте күрделі қою,сарғыш-қоңыр түсті,суда жақсы еритін ализарин майы алынады.
Мұндай өнімдеріне жататын синтетикалық жасандымайлар мал майларын алмастырады.
Синтетикалық майлағыш заттарды көмірсутектілеу,хлорлау мен күкірт қышқылымен өңдеу жолымен алады.Мех өңдірісінде,майлауға алдын-ала дайындалған өңдіріске тиімді майлағыш заттар қолданылады.Әдетте олар майдан,эмульгатордан және пластификатордан тұрады.
Майлау тәсілдері
Майлағыш заттар терінің жүн жабынын белгілі дәрежеде ластайтын болғандықтан,тері тканін жақсы майлап,жүн жабынды мүмкіндігінше таза сақтайтын тәсілді таңдау қажет.Бұл тұрғыдан қарағанда суда майдың бөлшектеніп біркелкі еріген май эмульсиялары тиімді. Эмульсия жасау үшін май мен суға эмульгаторлар қосу қажет.майлардан эмульсия жасау арнайы жабдықтарда эмульгаторжүргізіледі.Суға эмульгаторды қосқан соң бірқалыпты белгілі температурада үздіксіз араластыра отырып май мен аммиак қосады.Әдетте,40-450С температурасында жүргізеді.
Эмульсияның майлағыштық қасиеті көптеген факторларға байланысты.Әлбетте алғашқы кезекте майлағыш және эмульгаторлық заттарға тікелей байланысты.Қолданылатын майлағыш заттар түрлері өңделетін өңімнің түріне де байланысты.
Май қоспаларына балық майы мен жануарлар майын қосып дайындаған тиімді.Ақ және ақшыл түсті жүні бар терілерге жүн реңін өзгертпейтін жануарлар майы мен минералды майларды пайдалану керек.Эмульгатор орнына сульфатталған ворвань мен ализарин майын қосқан дұрыс.
Майға эмульсия жасауға мүмкіндік беретін және эмульсияға тұрақтылық беретін сілті мөлшерін дұрыс таңдап алғанда,эмульсия тері тканімен әрекеттесе келе,өзінің эмульсиялық қабілетін жоғалтады да,май құрылымының элементіне сіңіп байланысады.
Эмульсия тұрақтылығы кем болса тері тканіне сіңбей беткі қабаттарына жабысып қалып қояды.Эмульсия тұрақтылығы өте жоғары болса эмульсия бұзылмастан майлағыш зат байланысқа түспейді.Сондықтан бұл екі жағдайды да майлау процесі дұрыс жүрмегендіктен қолдануға болмайды.Әдетте,эмульсия тұрақтылығы 2 сағатқа жететіндей етіп дайындалады.Ол үшін сілті,негізінен аммиак қосады.Май эмульсиялар дайындау үшін арнайы жабдықтар қажет. Кейбір кәсіпорындарда оңдай мүмкіндіктер бола бермейді.Эмульсиялардың тұрақсыздығына байланысты ұзақ сақтауға болмайды.Бұл көп уақытты талап етеді.Сондықтан майлағыш қоспалар жасалынады.Өндірісте қолданылып жүрген дигрен М қоспасы 23,5% - сульфатталған балық майынан,21,6 % - N2 веретен майынан және 3,4% - нафтен қышқылының аммонийлы тұздарынан тұрады.Дегрин М қоспасын қолданғанда жақсы сапалы тоңдық терілер алынады.
Тотыққан және сульфатталған балық майынан алынған липодермликер 2 қоспасы да қолданылады.Бұл қоспа балық майы иісі шығатын қоңыр түсті қоймлжың май.Тері тканіне сарғыш-қоңыр өң береді.
Липодермликер 0 қоспасы табиғи май қоспалары,тері тканінің реңін өзгертпейді.Сондықтан да боялмай өндірілетін өнімдер өңдеуге қолданылады.
Майлаудың жағу және батыру тәсілдері қолданылады.Жағу тәсіліне май эмульсиясы илеуден соң тері ткані жағынан жағылады.Жағуды қолмен немесе арнайы жабдықтармен жүргізеді.Май жағылған терілер кептіруге жіберіледі.
Толық біркелкі майлану үшін терілерге белгілі мөлшерде май эмульсиясын жағу қажет.Ауданы орташа терілерге 40мл,үлкен терілерге 100мл эмульсия жағу қажет.Жағып майлау үшін арнайы қоңдырғылар да қолданылады.Мысалы,қоян терілерін жағып майлау үшін өтпелі МЖ-260-ПС қоңдырғысы жасалынған.Транспортер лентасының үстіне көлденең щеткалы цилиндр орналастырылған.Жұмыс күнінің еңбек өнімділігі 11000тері.
Жағып майланғанда терілер біркелкі майланбайды,жұмысы ауыр,еңбек өнімділігі төмен.Бұл кемшіліктер малып немесе батырып майлағанда жөңделеді.Бірақта бұл жағдайда жүн жабынының ластанбауын қадағалау қажет.Ол үшін май мөлшеріне,сапасына көңіл аудару керек.Негізінен синтетикалық майлар мен сульфатталған майлар қолданылады.Есте сақтайтын жәйт,жүн жабыны қышқыл ортада майды жақсы сіңіреді,сондықтан да майлауды сілтілі ортада жүргізген дұрыс.
Эмульсиялармен малып майлау,негізінен баркастарда немесе барабандарда жүргізіледі.Бұл жағдайда тері ткані майды жақсы сіңіреді.Майлау ұзақтығы 40-60мин. Май эмульсиясының тұрақтылығын жою үшін 50гл натрий хлориді қосылады.Бұл тәсілдің кемшілігі жағып майланғанмен салыстырғанда май мөлшерінің артық шығыны 2 еседей.
Эмульсиямен малып майлаудың бір артықшылығы илеу процессімен бірге қосып жүргізуге мүмкіндік береді.
Майлауды бақылау
Майлау кезінде эмульсия тұрақтылығы,температурасы рН көрсеткіші тексеріледі.
Майлауды дұрыс жүргізбеу терілердің біркелкі майланбауына әкеліп соғады.Бұның себебі май эмульсиясының тұрақтылығына байланысты.Тұрақтылығы төмен эмульсия тез ыдырап май тері мен жүн жабынының беткі қабаттарында қалып қояды да,жүнді көбірек майлап жібереді.Тұрақтылығы жоғары жағдайда құрылымның ішкі қабаттарында түйіршіктер түрінде байланыспай қалады.
Тері тканімен жүн жабынының майланып қалуы бояу кезінде біркелкі рең алуына мүмкіндік бермейді,жүннің жабысып,киізденіп қалуына әкеліп соғады.
Майлау химиялық және физико-механикалық процестерге негізделген өңдеудің соңы болып табылады.
Боялмайтын мех өнімдері майлаудан соң кептіріліп әрлеу процестеріне жіберіледі.Кейбір жағдайларда майлауды кептірген соң жүргізеді.
6. ЫЛҒАЛДЫ АЗАЙТУ
Мех өнеркәсібінде ылғалды кетіру азайтутәсілдері технологиялық талаптарға байланысты.Өнеркәсіпте негізінен центрифуналарда,гидравликалық немесе білекті престерде сығып ылғалды кетіру және кептіру тәсілдері қолданылады.
Центрифугада сығу
Өңдеу кезінде мех жартылай фабрикаты бойына өте көп мөлшерде ылғал сіңіреді.Кей жағдайларда сіңірілген ылғал мөлшері 80% -ке дейін жетеді.Келесі процестерді жүргізу үшін ылғалдылықты төмендету қажет,сондықтан да жартылай фабрикат центрифугада сығылады.Центрифуга өз-өзінде айналатын ұзақ тесікті цилиндр формалы барабан.Барабан айналған кезде оның ішіне салынған терілер орталықтан тепкіш күш әсерінен цилиндрдің сыртқы тесікті қабырғаға қысылып су сығылады.Центрифуганың көмегімен ылғалдылықты 50%-ке дейін төмендетуге болады.
Гидравликалық прессте сығу
Қоян терілерін сығу үшін роторлы гидравликалық престер қолданылады.Центрифугамен салыстырғанда ,салып-түсіруге кететін жұмыс күші мен уақыты қысқарылып еңбек өнімділігі 8-10 есе артады.Гидравликалық пресс қолданғанда сығу жәрежесін бақылау мүмкіндігі болады.

Гидропресстің қысқаша техникалық сипаттамасы
Еңбек өнімділігітәулігінде
өңделетін терілер саны,мың дана 32
Бір мезгілде салынатын терілер саны,дана 1000
Сығу ұзақтығы,мин. 5-10

Біліктівалды машиналарда сығу
Мехтық қой терілерін сығуға білікті валдымашиналарды жиі қолданылады. Бұл кезде сығумен бірге терілер керіледі.Білікті машиналардың жұмыс істеу негізі ММ2-47 шелдеу машиналарына ұқсас.Білікті машина (14- сурет)пышақты біліктен -1,жоғарғы -2 және төменгі -3 сыққыш біліктермен итеріліп қысатын қысқыш -5 біліктен тұрады.Өңделетін тері -4 төменгі сықықш білікке жүні бетіне жоғары қарап салынады.
Машинаны іске қосқан кезде төменгі сыққыш және қысқыш біліктер көмегімен айналып тұрған пышақты білікке қысылып ылғалы сығылады.
Пышақты біліктің пышақтары винт сияқты орналасқандықтан мех кері тартылады.

14 – сурет

14 - сурет
Білікті машинаның жұмыс бөлшектерінің жүйесі а – бос жағдайда; б – жұмыс жағдайында
Кептіру
Кептіруде тек ылғалды төмендету процесі деп қарауға болмайды.Кептіру кезінде мех жартылай фабрикатында келесі өзгерістер болады: 1) илегіш заттар белоктың активті топтарымен қосымша байланысады; 2) тері тканінің құрылым элементтері нығыздалады; 3)май эмульсиясы ыдырап,өзең құрылымына біркелкі тарайды.
Кептіру процесін шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады.Бастапқы кезеңде жартылай фабрикаттың байланыспаған ылғалы кемиді.Екінші кезең тұрақты кептіру кезеңі деп аталады немесе ылғалды кетіру кезеңі.Үшінші кезеңде ішкі құрылымдағы ылғалдардың белоктың сыртқы қабаттарына ауысуы жүреді де кептіру процесі баяулайды.
Екінші кезеңде жартылай фабрикаттың қалыңдығының құрылым ерекшелігінің аса әсері болмағанымен үшінші кезеңде бұл көрсеткіштер негізгі орынға шығады.
Кептіру ыстық ауа көмегімен жүргізіледі.Кептіру процессін үздіксіз жүргізу үшін,ылғалдық бумен қаныққан жылы ауа желдеткіштер көмегімен алмастырылып отырылады.
Кептіру процесі негізі үш параметрлермен; ауа температурасы; салыстырмалы ылғалдылық және ауа қозғалыс жылдамдығымен сипатталады.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы су буларының ауадағы мөлшерінің,оның осы температурадағы жоғарғы көрсеткішіне қатынасы.
Салыстырмалы ылғалдылықты психрометр деп аталатын аспаппен анықтайды.Ылғалдылық процентпен белгіленеді.
Кептіруді шапшаңдату үшін процесті жоғары температурада,төменгі салыстырмалы ылғалдылықта және ауа қозғалысының жоғарғы жылдамдығында жүргізу қажет.
Кептіру процесінде ылғалдың кемуімен мехтық жартылай фабрикаттың ауданы да кемиді. Бұл құбылыс ауданның отыруы деп аталады. Кептіру мен одан кейінгі процестердің орындалуының ауданның отыруына әсері мол.Жартылай фабрикатқа майлағыш заттар мен толықтырғыштарды енгізу жіктелген коллаген талшықтарының бір –біріне жақындап бірігіп қалуына мүмкіндік бермейді. Соның әсерінен құрылымның иілмелік қасиеттері мен аудан отыруы жақсарады. Жартылай фабрикатты керіп кептіргенде ауданның отыруы кемиді.Иленген тері тканінің жиырылу температурасы жоғарылайтыны белгілі.Ол неғұрлым жоғары болса,соғұрлым кептіруді жоғары температурада жүргізуге болады.
Сонымен,кептіруді мейлінше қысқа уақыт аралығында,аудан отыруы мен өнім сапасы жақсы болатындай жағдайда жүргізу қажет. Сонымен қатар кептіруге кететін энергия шығыны да ескерілу керек.
Кептіргіш қоңдырғылар кептіру камерасынан ауа қыздыратын жабдықтан және желдеткіштер жүйесінен тұрады. Ауаны қыздыру әдетте,ыстық бу өтетін түтікшелер жүйесінен тұратын,калориферлер көмегімен жүргізіледі.Желдеткіштер қызған ауаны кептіру камерасына жеткізеді және салқындаған су буымен қаныққан ауаны алмастырады.
Үздіксіз және үздікті кептіргіш қоңдырғылар болады.Үздікті қоңырғыларда жартылай фабрикаттың белгілі саны ілінеді-де кепкен соң түгелдей алмастырылады.
Үздіксіз қоңдырғыларда ілу мен алу тоқтаусыз жүргізіледі.Мех өнеркәсібінде айналмалы рамалы кептіргіш қондырғыларда терілерді жеңіл салмақты металлдардан жасалынған тесікті рамаларға арнайы қыстырғыштар көмегімен кере тартып бекіткен жағдайда кептіреді.КС2-100 және КС3-100 кептіргіш қоңдырғыларында кептіру камерасы және рамаларға тері бекітетін алаңы болады. Рамалар қой терілері бекітілген соң аспалы роликтің көмегімен камераға жеңіл жылжып жеткізіледі.Орташа ауданды мех терісіне арналған механизациялы кептіргіш қоңдырғының кептіру камерасында (15- сурет) екі қатар шынжырлы конвейер бар.
Шынжырларға тері ілінетін көлденең таяқтар бекітілген.Арнайы бөлшектер көмегімен конвейер камераны қатар орналасқан сегіз қабатқа бөледі.Әдетте,кептіргіш үздіксіз тәсілімен жұмыс істейді.Конвейер қозғалыс жылдамдығы кептіру уақытымен сәйкестендіріледі,кептірілетін және кепкен теріні алып салу бас жағында бір жерден жүргізіледі.Қоян терілерін кептіру үшін өнімділігі сағатына 500-600 дана кептіретін ДРС-2-60 қоңдырғысы қолданылады.Кептіргіш қоңдырғы қатар орналасқан екі қабаттан тұрады.Тері бекітілген рамалар конвейер көмегімен соның бойымен жылжиды.

15- сурет
Сегіз қатарлы кептіргіш жүйесі.
Ылғал терілер көлденең таяқтарға жүні сыртына қаратып ілінеді.
Соңғы жылдарда барабанды кептіргіш қоңдырғыларға көңіл бөлінуде.Бұл кептіргіштер іші ағашпен тақтаймен қапталған тесіктері бар өз осінде айналатын барабандар.Ішіне қаланған тақтайлар терілердің қызған темір барабанға тиіп пісіп қалуынан сақтайды.Қажетті температура авотматты жабдықтармен реттелініп отырады.Барабанды кептіргіш қоңдырғылардың өнімділігі сағатына 45 100 тері.
Майда терілерді кептірумен қатар жұмсарту үщін КБ2-2М барабанды қоңдырғылары қолданылады.
Мехтық терілерді әдетте,40-450С температурасында,0,5-1мс ауа қозғалыс жылдамдығына және ауаның 45-500С салыстырмалы ылғалдылығына кептіреді.Ұзақтығы терілердің түрлеріне байланысты 3-4 сағат.Рамалы кептіргіш қоңдырғыларға терілер жүні төмен қаратып керіп тартылып бекітіледі.Кептіргіш тері тканінің ылғалдылығы 12-14% болуы қажет. Кептіруден соң терілерді 4-6 сағатқа жатқызып қояды.Бұл кезде ауаның ылғалын бойына сіңіру және өз бойындағы ылғалдың біркелінеліп таралуы нәтижесінде мех ткані жұмсарады.
Мехтық жартылай фабрикаттарды кептіруде кептіргіш камерасының температурасына аса көңіл бөлуі қажет.Кептіру дұрыс жүргізілмеген жағдайда өзеңнің беткі қабаттары тез кеуіп жарғақтанып қалып,кептіру менк елесі операциялардың жүргізілуіне кедергі болуы мүмкін.
7. ӘРЛЕУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
Мех өндіруде әрлеу операцияларының (бояу,жұмсарту,былғары ткані мен жүн жабынын әрлеудің) үлкен маңызы бар.Мех терілерін үзілісті тәсілмен өңдегенде бояуға дейін және бояудан кейін екі рет әрлеу операциялары жүргізіледі.Бұл қайталанып жүргізілетін опеарциялардың мақсаттары мен міндеттері бір болғандықтан кітапта тек бір рет келтірілген. Үздіксіз тәсіл бойынша боялған соң кептіріліп әрлеу операциялары жүргізіледі. Операциялардың орындалу реттілігі өңделетін тері мен алынатын өнім түрлеріне байланысты.Қоян терісін мысық терісіне ұқсатып өңдегенде біркелкі тегіс қырқылуына мән беріледі.Табиғи реңімен өңдеуде жүннің түсі мен былғары тканінің жұмсақтығына аса көңіл бөлінуі қажет.
Дегенмен, әрлеу операциялары барлық терілер үшін ұқсас болып келеді,тек тері өзгешелігіне байланысты ерекшеленеді.
7.1 Мехты бояу
Мех және тон өңдірісінде бояудың мақсаты- бағалы терінің мысалы,бұлғынның,құндыздың,күзеннің,қаракөл елтірісінің және т.б табиғи түсін жақсарта түсу немесе төменгі бағалы терілерді қымбат бағалы терілерге (қоян терісін бұлғын терісіне,ондатраны қара күзен терісіне) ұқсатып түрлендіру.
Мех жартылай фабрикатын бояу талшықты материалдарды бояудың ішіндегі ең бір күрделісіне жатады. Себебі,бұл кезде бояғыштар мен ерітіндідегі көмекші реагенттер әсеріне тері ткані мен жүн жабыны бір мезгілде тап болады.Ал терінің жүн жабыны мен өзеңнің арасында үлкен айырмашылық бар,олардың құрылымының марфологиялық ерекшеліктері химиялық,фихикалық-химиялық қасиеттері әртүрлі.Бір терідегі жүн талшықтарының өзге қылшықтысы немесе түбіті бояғыштарымен әртүрлі әрекеттеседі.Мех жартылай фабрикатын бояудың бірнеше тәсілі бар.Мысалы,жүн жабыны мен өзеңді бірдей түске бояу,жүн жабыны боялмай тері өзеңі ғана немесе керісінше тек жүн жабыны ғана боялады.
Бояу тәсілдерін іске асуын қамтамасыз ету үшін жүн жабыны мен өзеңнің қасиетін және құрылымдық ерекшелігін білу,оларға қолданылатын бояғыштар қасиетін дәл анықтау,процестің жүру шартын мүлтіксіз орындаудың үлкен маңызы бар.Мех жартылай фабрикатын,мехтық және тондық қой терісін,мехтық велюрді бояу үшін бояулардың бірнеше түрі қолданылады.
Сондықтан мех өнеркәсібінде бояуға бір заңдылық тән.Мехты бояу процесіне дайындау үшін алдын ала бейтараптау,протравтау ( уландыру) кейде ағарту жүргізіледі.Бұл жүннің,сонымен қатар өзеңнің арасында берік байланыс орнауы үшін жүргізіледі.
7.27 Бояулар классификациясы
Бояғыштар деп әртүрлі материалдарға әркелкі түр бере алатын түрлі түсті органикалық қосылыстарды айтады.Түс бере алатын заттардың бәрі бірдей бояғыш бола алмайды.Мысалы,акрихан материалдарға түс бергенімен жуылып кетеді.
Әрбір бояғыштың құрамында екі тобы болуы қажет.Бір топ түс беретін хромофор.Бұл топқа (-N=N-) азотоп,(NO2-) нитротоп (-N=O) нитроазотоп т.б жатады.
Екінші топ ауксохромдар,бояғышпен боялған материал арасында байланыс түзейді.Бұл топқа (-OH), нитроксилтоп, (NH2) амино топ т.б жатады.Бояғыштар табиғи және синтетикалық болып бөлінеді.
Табиғи бояғыш заттар дегеніміз табиғи организмдерден алынатын түсті органикалық қосылыстар.Табиғи бояғыш заттардың құрамы өте күрделі.Бұрын аса маңызды болғанымен жасанды бояғыштар алынғаннан кейін аз қолданылып отыр.Табиғи бояғыш заттарды қолданғанда олар қанық,берік рең береді.Бірақта бояу ұзақ уақыт жүреді.Құрамының күрделігіне байланысты бақылау да қиындықтар туғызатын кемшіліктері де бар.
Синтетикалық,жасанды жолмен алынатын бояғыштар қазіргі халық шаруашылығында кеңінен қолданыс тапты.Оның себебі арзан,көп түрлі,бояу тәсілдері жеңіл және бояу ұзақтығы қысқа.Олардың кейбіреуі өсімдіктерден алынатын еді.Қазіргі кезде химия кәсіпорындарында жасалынады.Мысалы, ализарин марен өсімдігінен алынатын болса,қазір өнеркәсіп көптеп шығарады.
Синтетикалық бояғыштардың әртүрлі қасиеттері бар.Кейбіреулері тек жүн талшықтарын бояйтын болса,кейбіреулері капрон,нейлон т.б талшықтарды бояйды.
Қазіргі кезде синтетикалық бояғыштардың екі тобы бар:химиялық және техникалық.
Химиялық топтың құрылымы- химиялық құрамын,хромофордың жүйесін және алу тәсілін қамтиды.Бұл топтастырылу бойынша бояғыштар 11 топқа бөлінеді ( мысалы,азобояғыштар,нитробояғыштар,күкіртті,индигоидты және т.б). Бұл топтастырылу бояғыштар химиясын зерттегенде қолданылады.
Мамандар үшін техникалық топтастыру бояғыштың қасиетімен қоса,алу жолын және қолдану жағын қарастыратын болғандықтан біршама жақындау.Техникалық қасиеттері және боялатын обьектегі қатынасына қарай бояғыштар 14 топқа бөлінеді( қышқылдық,негіздік,тура,кубты,күкіртті,протравты және т.б).
Негіздік бояғыштар,атына сай құрамында негіздік топтар (аминтоп) болуымен сипатталады. Олар өсімдік және жануарлардан алынатын талшықтарда соңғыларын алдын ала дайындықсыз бояйды,ал өсімдік талшықтарын бояу үшін протравтайды (уландырады ). Негізгі кемшілігі бояу сәуле әсеріне төзімсіз.Сондықтан да кем қолданылады.
Қышқылдық бояғыштар,сәуле мен ылғал әсеріне төзімді болғандықтан жануарлардан алынатын синтетикалық полиамидты талшықтарды бояуда кеңінен қолданылады.Бояғыш құрамында қышқылдық топ –SO 3H молекуласы болады.Мех терілерін қышқылдық немесе бейтарап ортада бояйды.
Тура бояғыштар құрылымы жағынан қышқылдық бояғыштарға ұқсас,бірақта әдетте бөлшектері ірілеу,сондықтан да тері ткані мен жүн құрылымына енуі қиындау.Мақта мата талшықтың дайындықсыз бояй береді.
Протравты бояғыштарын материалдарда ауыр металл тұздармен
( K 2Cr 2O 7, CuSO 4, FeSO 4 және т.б )өңдегеннен соң ғана қолдануға болады. Өңдеген металл тұздарының түрлеріне,қасиеттеріне сәйкес түс алынады.
Қазіргі кезде мех өндірісінде негізінен қолданылатын бояғыштар:тотықтырғыш,кубты,қышқылдық,тура,протравты,дисперсиялы және метал комплексті.Қолданылатын бояғыштар топтарына төмендегідей талаптар қойылады:сәуле-ылғал әсеріне,үйкеліске төзімді болуы қажет.Мех терілерін бояуда қолданылатын бояғыштар формальдегид,минералды және органикалық қышқыл ерітінділерінің,сонымен қатар жоғары температура әсеріне де төзімді болуы қажет.
Бояғыштардың маңызды қасиеттерінің бірі суда ерігіштігі.Боялудың біркелкілігіне ерітінді температурасы,ортаның рН көрсеткіштігімен қатар бояудың материалға байланысуының үлкен әсері болады.Жақсы еритін бояғыштар боялатын материалға еркін сіңіріледі де,біркелкі рең береді.

7.3 Тотықтырғыш бояғыштармен бояу
Мехты бояуда тотықтырғыш бояғыштар кең қолданылады.Тотықтырғыш бояғыштарда түс беретін хромофор топтары болмайды,әдетте олар түссіз немесе өте әлсіз боялған,бензол немесе нафталин туындылары болып келетін жай органикалық заттар.
Талшықты бояу алдында ауыр металл тұздарымен өңдейді,соған байланысты белгілі түс алынады.Олар молекулалық массасы аз және суда жақсы еритін болғандықан талшыққа жылдам сіңеді де,тотықтандырғыштың әсерінен молекулалық массасы үлкен суда ерімейтін болуға айналады.
Барлық дерлік тотықтырғыш бояғыштар белгілі ортақ қасиеттерімен сипатталады:
2. Жүн талшығын протравтаудан (көбіне хроммен) соң бояйды.Әртүрлі протравтауды қолдана отырып алынатын түсті өзгертуге болады.
3. Кей жағдайларда боялған жүн,ауаның әсерінен реңін көбінесе,қызғылтым түске өзгертеді.
4. Ерітіндінің қышқылдық көрсеткішіне байланысты рең мен түс өзгереді.Мысалы, сары бояу сілтілік ортада қызғылт-қоңыр түске бояйды.Сондықтан да ортаның қышқылдық көрсеткішін мұқият бақылау қажет.
5. Бояғышты тотықтырғыштар адамның тыныс алу жолдарына,терісіне кері әсері болғандықтан жұмыс істеу кезінде ұқыпты болу қажет.
6. Тотықтырғыш бояғыштар тері тканінің иілгіштік қасиетін төмендетеді,ауданын кемітеді.
Көрсетілген кемшіліктеріне қарамастан,тотықтырғыш бояғыштар кең қолданылады.Себебі,бояуды төменгі температурада жүргізілгенмен,бағалы аң терілеріне ұқсас түс береді.
Хром тұздарымен протравталвнған мех терілерін тотықтырғыш бояғыштармен бояуды төмендегіше түсіндіруге болады.Бояғыш ертінтіге тотықтандырғыштың ( сутек перекисі) әсерінен тотықтырғыш бояғыш бояуға айналып талшық құрылымына сіңеді. Сонымен қатар тотықпаған бояғыштар сіңіп хроммен байланыстар түзейді.Сонымен жүн жабының боялуы сіңірілген мен тотықтырғыш әсерінен түсін өзгеруіне байланысты.
Химия өнеркәсібінде өңдірілетін тотықтырғыш бояғыштарды мехқа арналған бояғыштар деп атайды.
Бояғыш алу үшін бастапқыда жартылай өнім ретінде төмендегідей органикалық заттар қолданылады:
NH2 NH2 NH 2 NH 2
NH2

Анилин NH2 OH NH
Мехқа Мехқа Мехқа
арналған арналғ ан арналған
қара Д қоңыр А сары Н

Көрсетілген бояғыштардан басқа мехқа арналған сұр ДА,мехқа арналған сұр Д,мехқа арналған қоңыр Т,мехқа арналған қоңыр ХПФ және т.б қолданылады.

Бояуға дайындау процестері

Мехты өңдеуде тотықтырғыш бояғыштар мен бояу алдында әдетте бейтараптау,ағарту және протравтау секілді дайындық процестерін жүргізеді.
Бейтараптау мақсаты- жүн жабынын,бояудың талшық құрылымына сіңуіне кері әсер ететін майлы және ластағыш заттардан арылту.Сонымен қатар қышқылдың артық мөлшері төмендейді,жүн жабыны мен тері ткані келесі жүргізілетін протравтву мен бояуға қолайлы жағдайға келтіріледі.
Бейтараптаудың мазмұны мехтік терілерді әртүрлі сілтілі ерітінділермен ( натрий карбонаты,аммиак және күйдіргіш натрий) өңдеуде.
Ерітінді концентрациясы мен қолданатын сілті табиғаты өңдеу тәсіліне,өңделетін тері мен алынатын өнім түріне байланысты.Ірі жүнді терілерді бейтараптау үшін концентрациясы жоғарылау ерітінділер қолданылады.
Күйдіргіш натр ( NaOH ) бейтараптаудағы күшті реагент,сондықтан оның күшті концентрациясын қолданғанда жүнді және тері тканін әлсіретіп жіберуі мүмкін.күйдіргіш натрды аздаған мөлшерде қолданғанда жүн жабының әсемдігі мен жылтырауы артады.
Аммиак (NH 4OH) бейтараптауға жақсы реагент болғандықтан көп қолданылады. Жүнді жақсы майсыздандырады,жүн мен тері тканінің сапасына кері әсері жоқ.Бірақ өткір иісті,жұмыс істеуге қиын,әрі қымбат. Натрий карбонаты (Na 2CO 3) процесс жүргізуге тиімді,теріге кері әсері жоқ арзан болғандықтан ең көп қолданылады.Қышқылдың артық мөлшері тез бейтарапталынатын болғандықтан процестің өтуіне ерітінді температурасының әсері шамалы.Әдетте,бейтараптауда,25-300С температурада жүргізеді.
Процесс ұзақтығы тері түріне байланысты орташа 2 сағатқа созылады.Сілтінің негізгі бөлігі алғашқы 30мин сіңіріледі.Теріні сілті ерітіндісінде ұзақ ұстағанда сапасын төмендетеді.
Сұйықтық коэффициенттің бейтараптауға тигізер әсері едәуір. С.К дәрежесінің жоғары болуы былғары мен ерітіндіні пәрменді араластыру мен бейтараптау процесінің біркелкі жүруіне мүмкіндік туғызады.Негізінен С.К:012-15 аралығында жүргізіледі.Өңделетін жартылай фабрикат түрі бейтараптау процесіне көп әсер етеді.Мысалы,майлылығы жоғары терілерді өңдегенде ерітіндіге сілтімен қабат жуғыш заттар (сабындар, Новость ұнтағы) қосып жүргізу қажет.Үздіксіз өңдеу тәсілінде бейтараптауды майсыздандырумен бірге жүргізуге болады.
Бейтараптау соңында сілтінің артық мөлшерін кетіріп,жүн құрылымында біркелкілікті реттеу үшін фенолфталейннің судағы ерітіндісінің (индикатор) тамызғанда қызыл түске боялғанша шайған тиімді.
Ағартуды материалдардың ақ түс дәрежесін арттыру үшін қолданылады.Ақ түс көптеген талшықты материалдардың өте маңызды көрсеткіш және соның ішінде ақ түсі бар терілер мен мехтар үшін үлкен маңызға ие.Ағартқыш заттармен өңдеуден кейін олардың түсі табиғи ақ түсінен де таза болады.Оның бағалы аң терілерін өңдеу кезінде пайдасы бар.Ағартқыш заттарды көбінесе бояғыш ретінде қолданады және оны ақ бояғыш деп атайды.
Ағарту теориялық негіздері толық зерттелмеген күрделі процесс,ал қолданылып жүрген тәсілдер талапқа толық сәйкес келе бермейді.ағартқыш ретінде немесе тотықтырғыш немесе тотықсыздандырғыш қолданылады.Тотықтырғыштардан сутек перекисі ( H 2O 2 ), калий перманганаты ( KMnO 4 ), хромник ( Na 2Cr 2O 7 ) қолданылады. Тотықсыздандырғыш қызметін натрий сульфаты (Na 2SO 3 ),натрий гидросульфиті ( NaHSO 3 ), күкіртті газ (SO 3 ) атқара алады.
Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың тері ткані мен жүн жабынына кері әсерін төмендету үшін оларды алдын ала өңдеуден өткізген жөн.Қазіргі кезде өңдеуді формальдегидпен илеп,пикелдеуді алюминий ашудасы мен сірке қышқылымен жүргізу тиімді деп саналады.Терілерді формальдегидке мочевина мен гипосульфит қосып өңдегенде жақсы нәтиже алуға болады.Әдетте ағартуды 28-300С температурада С.К. 15, протравтауда 6-7 сағат,тотықтыруда 3-4 сағат аралығында баркастарда жүргізеді.
Протравтау – мехты ауыр металл тұздары ерітіндісімен өңдеу.Мұндай өңдеу түк пен бояудың табиғатының ұқсастығын жақындатып,берік боялуды қамтамасыз етеді. Протравтаудың маңызы әсіресе жүнді тотықтырғыш бояғыштармен бояуда өте зор.
Қазіргі көзқарас бойынша бұл жағдайда бояу алдындағы протравтау сутегінің асқын тотығының тотықтырғыш әсерін арттырып,металдың бояғышпен комплекске түсуіне ықпал етеді.Протравтау реагентінің табиғаты мен оның мөлшеріне байланысты түкті жабынға бір бояғышты қолданып-ақ әртүрлі түс беруге болады.Мысалы, түкті жабын тек мех үшін Д бояғышын протравсыз бояғанда көкшіл-сұр түске,ал хром,темір,мыс тұздарымен алдын ала протравтау жүргізген соң қара-қоңыр,сия көк, қара түске боялады.Протравтауда калийдің,натрийдің дихромат тұздары кең қолданылады.Қышқылда ерітіндіде бұл тұздар дихромды қышқылға айналады, ал ол қышқыл жүндегі кератин белогымен байланысқа түседі.
Өндірісте жинақталған тәжірибелерге қарағанда жүн талшығы дихроматтың өз массасының 3% -не дейін мөлшерін сіңіре алады,бірақ мұндай жағдайда жүннің боялуы өте қиынға түседі,жүн талшығына сіңген дихромат мөлшері 1 % болған кезде боялу жақсы жүреді.
Мыс тұздарымен протравтау арқылы мехты және берік бояуға болады. Оның себебі,басқа металдардың қосылысына қарағанда мыстың қатысуында тотықтырғыш бояғыштар сутегінің асқан тотығымен тез тотығады.Бірақ мыстың протравтауға арналған тұздары кең қолданыс тапқан жоқ,оның басты себебі: жүнге қаттылық береді және терінің иілмелік қасиетін төмендетеді. Егер протравтауға мыс сульфатының орнына мыс аммиакатын [Cu(NH 3) 4]SO 4 қолданса келтірілген кемшіліктерді жоюға болады.
Жүнге біркелкі бояу бермейтіндіктен протравтауға темірдің (II) тұзын көп қолданбайды.Себебі,түбітті жүн талшығына қарағанда,түкті жабының қылшық жүні темірдің тұздарын аз сіңіреді,боялуы біркелкі болмайды.Кейбір жағдайларда бұл эффект арзан аң терісін бағалы аң терісіне ұқсату үшін,мысалы ,түлкі терісін қара-қоңыр түске бояуға қолданылады.Сондай-ақ,мех терілерін ағарту кезінде темір тұздарымен протравтау кең түде қолданылады.
Тотықтырғыш бояғыштармен бояуды ерітіндімен бояу немесе жағу тәсілімен жүргізеді. Ерітіндіде бояу көп қолданылады.Бояғыштарды 10есе артық 80-90 0С температурада ыстық суға жеке-жеке ерітеді.Ерітінділерді дәкемен сүзіп процесс жүргізіетін аппаратқа құяды.Сутектің асқан тотығын 5 есе артық суға қосып 30 минуттан соң құяды.Қоянның терісін қара түске бояуда С.К.12 және 35-38 0С температурада 3 сағатта жүргізеді.
Жағып бояуды тек жүнді бояйтын немесе әртүрлі рең беретін жағдайда щеткамен жағып немесе трафарет қойып сеуіп жүргізеді.
Бояу процесіне бояғыш ерітіндінің құрамының, С.К. температураның,ерітіндінің қышқылдық көрсеткішінің және процесс ұзақтығының әсері бар.
Біркелкі түс алу үшін әдетте бірнеше бояғыш қолданылады.
Мехты қара түске мех арналған қара Д бояғышымен қолданғанда:
2- Мехқа арналған қара Д +пирокатехин мехқа арналған қара Д + сұр Д+ сары Н.
Жүн жабының қоңыр түске боуда:
1) Мехқа арналған қара Д + резорцин
2) Мехқа арналған қара Д + мехқа арналған қоңыр А
3) Мехқа арналған Д+ резорцин +мехқа арналған қоңыр А + мехқа арналған сары Н.
Қосылатын тотықтырғыш мөлшері бояғышпен бірдей.
Сұйықтық коэффицент терілердің еркін жүзіп жүретіндей болу қажет.Көбінесе 12-15 аралығында С.К төмендетсе жүн жабыны бірігіп киізденіп қалуы мүмкін.Сұйықтық коэффицентті төмендетсе бояуды қолдану тиімділігі артады.
Әдетте тотықтырғыш бояғыштармен бояуды 35-380С температурасында жүргізеді.Процестің жүргізілу ұзақтығы 2-3 сағат . Осы уақытта бояу процесі негізінен жүріп бітеді.

7.4. Қара анилинмен бояу
Мех өңдіруде қара анилинмен бояуды таза қара түс алу мақсатында тотықтырғыш бояғыштармен қосып жүргізеді.Бұл тәсіл қоян,мысық,ондатра және теңіз мысығының терісін қара түске бояғанда қолданылады.Қара анилинмен бояғанда сәуле әсеріне берік қанық түс алынады. Қара анилинмен бояуда көптеген жылдар ішінде өзгеріссіз келе жатқан анилиннің гидрохлоридің,тотықтырғыш және катализатор қолдану керек.
Анилиннің өзі жеңіл буланған улы зат жұмыс істеу өте қиын болғандықтан анилиннің гидрохлориді қолданылады.Оны тотықтыру үшін бертолет тұзы КССО3 қолданылады.Бертолет тұзы ыдырағанда өте көп мөлшерде жылу бөлініп тері тканінің белоктарын пісіріп қою қаупі болғандықтан,оның тиімді мөлшерін ғана алу қажет.
Тотығу процесінің өте тез пәрменді жүруі жүннің реңін бәсеңдетіп сапасын төмендетуі мүмкін.
Анилин гидрохлоридті тотықтыруда катализатор ретінде мыс купорасы қолданылады.Мыс купорасының біраз тотығу кезінде түзілетін анилин гидрохлоридінің құрамына кіреді деп есептеуге болады.Катализаотр ретінде басқа заттарды қолданғанда анилиннің тотығу кезінде бірнеше зат түзіліп құрылымына түгел сіңбей жүннің сыртқы қабаттарында қалып үйкеліс әсерінен кетіп қалуы мүмкін.Бояғыш ерітіндінің құрамында келтірілген негізгі заттардан басқа аммоний хлориді бояу процесіне қышқылдық орта береді.
Бояғыштар құрамы тері тканіне кері әсер ететін болғандықтан анилинмен бояуды жағу тәсілімен жүргізеді.Бояу процесі кезекпен орындалатын келесі операциялар мен жасалынады:бояуды бірінші жағу жатқызып қою,кептіру,механикалық жұмсарту;бояуды екінші рет жағу,жатқызып қою,кептіру,жұмсарту: үшінші рет бояуды жағу,жатқызып қою,кептіру,жұмсарту.
Бояу үшін екі ерітінді дайындайды:біреуі анилин тұзы мен беттік активті заттан,екіншісі-мыс купорасы,бертолет тұзы және аммоний хлориді.Ерітіндіні қыздырып дайындайыд.Бояуды 20-250С температурада жүргізеді.Қолдану алдында екі ерітінді араластырып,жүннің биіктігінің 23 бөлігіне жағады.Жауғды НАМЦ – 2 машинасында жүргізеді.Терілерді конвейерге жүнін төмен қаратып жатқызып,үздіксіз айналып тұратын барабанға жібереді.Терілердің барабандарға қысылу нәтижесінде оның білігіндегі щеткалармен боялады.Екінші жағындағы айналмалы шағын білік көмегімен терілер барабаннан ажыратып алынады.Ажыратып алынған терілер қаттап жиналып қойылады.Қоспаны жаққанда тері тканіне тигізбеу қажет.
Төменде бояғыш ерітіндінің құрамы келтірілген.
6 кесте.

Құрамы
Бояғыш ерітінді концентрациясы гл

Бірінші
жағылатын
ерітінді
Анилин тұзы
60
Мыс купорасы
15
Бертолет тұзы
25
Аммоний хлориді
7,5
Беттік активті зат
1

Ерітінді жағылған терілерді жон арқа сызығы бойынша жүнін қаратып бүктеп 25-300С температурада 6-8 сағатқа жатқызып қояды. Осы уақыт арқылы шапшаңдатуға болады.Кептіру үшін әртүрлі қоңдырғылар қолданылады.Кептіруді 40-450С температурада ауа ылғалдылығы 40% жағдайда 3,0-3,5 сағат аралығында жүргізіледі.
Бояуды бірінші жаққан соң жүн жабыны біркелкі емес жасыл түске боялады.Сондықтан жағу арқылы бояуды 3 рет қайталанады.Соның нәтижесінде жүн жабыны қою-жасыл түске боялады.
Жағып бояу кезінде жүн талшықтарының сыртқы қабатында сіңірілмеген,байланыспаған,адам денсаулығы мен тыныс алатын ауаға залалды,тотығу заттары қалады.Сондықтан ла әрбір жағудан-кептірулен соң жұмсартқанда торлы барабандарда сілкілеп тазартып отырады.
Анилинмен жағып бояу процесі ұзақ,көп еңбек пен терілерді қаттап жинап қобға орын қажет етеді.Әрбір тер жағу,жатқызып қою,кептіру жұмсарту операциялар 3 немесе 4 рет өтетін болғандықтан процесс өте ұзақ уақыт жүргізіледі.Сондықтан бұл процесті шапшаңдату мех өнеркәсібінде жан-жақты жұмыстар жүргізілуде.
Мехты анилин ерітіндісінде бояудың қиындығы,ерітінді тері тканінің беріктігін төмендетеді.Сол себепті қара аанилинмен ерітінді қанық қара түске бояу тәсілі ұсынылған.Ұсынылған тәсіл бойынша боялатын терілерді илеуді формальдегид,гипосульфит және алюминий қосылыстарымен жүргізеді.Бояу ерітіндісі құрамына анилин тұзы,мыс купорасы,бертолет тұзы мен бірге темір купорасы қосылады.Темір купорасы бояудың жақсы сіңіп байланысуына әсер етеді.
Бағалы аң терілерін немесе арзан терілерді соларға ұқсату мақсатында,қанық ашық жақсы боялған терілер алу үшін анилинмен бояудан соң,тотықтырғыш бояғыштармен бояйды.Мысалы қоян терісін қара түске бояу үшін,анилинмен жағып бояған соң,бейтараптап,протравтап тотықтырғыш бояғыштар ерітіндісінде бояйды.Анилинмен өңдеу кезінде қою-жасыл түсті терілер,ерітіндіде бояғанда қанық қара түске боялады.

7.5. Кубты бояғыштармен бояу
Бұл топтағы бояғыштар боялатын оъбектіге жарықтың,әртүрлі реагенттердің әсеріне шыдамды терең қанық түс береді.
Кубты бояғыштар талшықты заттарды бояу үшін қолданылды.Мех өндірісінде кубты бояғышты түкті жабынды,кейде жүн тканін бояу үшін қолданады.Оларды еріту үшін негізгі ортада тотықсыздандырғыштар қолданылады (көбінесе натрий дитиониты Na 2S2O4 ).
Сонда бояғыш суда еритін лейко қосылыстар формасына көшеді.Бояу кезінде талшыққа сіңген лейко қосылыстар ауадағы оттегінің немесе басқа тотықтырғыштардың әсерінен қайтадан бастапқы қалпына келеді.Бұл процестер бұрынғы кезде куб тәріздес ыдыстарда жүргізілгендіктен бояғыштарға кубты деген ат берілген.
Химиялық құрылымы жағынан кубты бояғыштарды индигоидтар және полициклді деп бөледі.
Индигоидты бояғыштардың құрамында төмендегідей циклдер болады:

РИММА
Енлик
Бүршігімен өңдеу жолдарының мүмкіндігі қарастырылған. Бұл кезде елтірінің былғарылық ткандерінің талшықтарына солодтың бүршіктері ферменттік ретінде әсер етіп, оны жұмсартады.
Бүршіктердің концентрацмясы 60гл өңдеу ұзақтығы 48-60 сағат. Жұмсартудан кейін сол ыдыста өнімді түсірмей 20-40 сағат органикалық қышқылдармен пикелдеу жасалынады.
Солдтың жас бүршіктерін қолдану беріктігі жоғары және беткі қабаты сынбайтын өнім шығаруға мүмкіндік береді. Өңдеуге қолданылатын материалдардың бағасы 30% ке дейін төмендейді. Өндірістік цикл 1-2тәулікке қысқарады. Бірақ өңделген қаракөл елітірілерінің былғарылық ткані онша созылуы болмайды, сондықтан бұл әдісті әлі де болса көп жақсартып толықтыру керек.
Ашытқымен өңдеуді бастау алдында 8-10 сағат бұрын ашытқы ерітіндісін дайындайды. Ол ұн (110гл) ас тұзынан (60гл) тұрады. Ерітіндіні барабанда 450С температурада жасайды. Жартылай фабрикатты салар алдында ыдыстағы ашытқының қышқылдығын анықтайды. Ол сірке қышқылы бойынша санағанда 3-4гл кем болмауы керек.
Ашытқымен өңдеу кезінде қышқылдық біртіндеп жоғарлап, өнімді түсірер кезде сірке қышқылы бойынша санағанда шамамен 10-12гл жетеді. Ашытқымен өңдеу ұзықтығы 90-120 сағат. Ашытқымен өңдеудің аяқталуын былғарылық ткан талшықтарының белгілі деңгейде жұмсап елтірінің қолтықтағы жерлеріндегі жүн жабынның теріге бекітілуінің әлсіреуі бойынша анықтайды. А.М Зубин қаракөл елтірілерін ашытқымен өңдеудің микроскопиялық қадағалау әдістерін жасап оның өндіріс жағдайындағы нормативтерін ұсынды.
Өңдеудің сатылы пикелдеу әдістемесі де жасалған. Ол кезде елтірілер ас тұзы мен қышқылдармен өңделеді, бірақ қышқылдық біртіндеп жоғарылаты. Бұл қышқылдың керекті мөлшерін бірнеше рет құю арқылы орындалады.
Ашытқымен өңдеуді сатылы пикелдеумен алмастыру кезінде операцияларды жүргізу әдістемелері мүлде өзгермейді.
Жібіту мен шелдеуді технологиялық картада көрсетілген жағдайларда жүргізіледі.
Сатылы пикелдеу 380С температурада 3 тәулікке созылады. Пикелдеу ыдысында елтірілерді салу алдында 30гл ас тұзы мен 3гл сірке ұышқылы болады. Пикелдеу басталғаннан 24 сағаттан кейін сірке қышқылын 8гл жеткенге дейін құяды, ал 18 сағаттан соң – 10гл жеткенге дейін қосып, сонымен қатар 25гл сұлы ұнын да береді. Бұл келесі жүргізілетін шелдеу процесінде, былғарылық тканнің бұлдырлау болу нәтижесінде, едәуір оңайлатады.
72 сағаттан соң жарты фабрикатты түсіріп хромгипосульфиттік илеу жүргізіп әрі қарай технологиялық карта бойынша өңдеуді жүргізеді.
Сатылы пикелдеу әдісінің болашағы зор деуге болады. Бұл кезде жарты фабрикаттың жақсы сапасы қамтамасыз етіледі. Былғарының ткані жүмсақ, жақсы созылыңқы, көрсеткіштері бойынша ашытқымен өңделген елтірілердің былғарылық тканінен айырмашылығы аз. Жарты фабрикаттың сапасының жақсаруынан жүннің түсу қаупінің азайуы жағынан да түсіндіруге болады.
Сатылы пикелдеудің, жарты фабрикаттың жақсы қамтамасыз еткен жаңдайда, ашытқымен өңдеумен салыстырғанда өтк көп артықшылығы бар:өңдеу циклі қысқарады, ұнның шығыны 8 рет азаяды. Бұл өңдеу бағасын әжептәуір төмендетіп, бқылауды және процесті реттеуді оңайлатады.
Ашытқымен және сатылы пикелмен өңделген елтірілерді жыл бойы сақтау, олардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ екенін көрсетті.
Қаракөл елтірілерін илеуді және жұмсақ жағдайда жүргізуге тырысады, өйткені былғарылық тканнің жұмсақтық және созылыңқылық қасиетіжоғалып кетуі мүмкін.
Илеу кезінде негізділігі 15%-ке тең, хорм тотығына есептегенде,0,9 хром экстракті қолданылады. Операцияны аркаста жүргізіледі. Хром экстракті құйылғаннан 8 сағат өткеннен соң, егер пісу температурасы өз деңгейіне жетпесе (600С төмен болмауы керек). 0,5гл есеппен соданы алдын ала ерітіп қосады. Илеу жалпы 300С температурада, сұйықтық коэффициент 10 тең болып 10 сағатқа созылады. Сатылы пикелдеу қолданылған жағдайда әдістеме хромдық гипосульфиттікәдісті қолдануды талап етеді. Бұл илеуде гипосульфиттік қолданылатын концентрациясы 10гл, оны ыдысқа елтірілерді хроммен 3 сағат өңдегеннен кейін беру керек.Илеу ыдысында гипосульфиттің болуы елтірінің еткі қабатының беріктігінің жоғарылауына септігін тигізеді. Илеуден кейін елтірілерді бір жерге жинап жайып қояды. Одан кейін сығып, созып, шелін кептіреді. Өйткені, таза пародалы қара көлдің бас жағы жібітуден кейінгі жүргізілетін шелдеуде шелденбейді. Қазіргі шелдеу машиналары, бұл операцияны жүргізйһуге жарамайды, қаракөлдің бас жағынан терісі бұл машиналарда жыртылып кетуі мүмкін. Сондықтан бұл процесс тек қолмен жүргізіледі.
Майлы әртүрлі май эмульсияларымен жағу арқылы жүргізіледі. Майлар құрамы шикізаттың сапасына және ары қарай жарты фабрикатқа жүргізілетін өңделу түріне қарап өзгеріп отырады. Әрлеу операциялары кептіруден, бірінші рет мехты механикалық жолмен жұмсартудан, жан жаққа керуден, екінші рет жұмсартудан қолдарын бас жағын шеберлік машинада тазартудан тұрады.
Қаракөл елтірілерінің құрамының өзіндік қасиеттері болғандықтан кейбір операцияларды дұрыс жүргізбегенде әртүрлі кемістіктер пайда болуы мүмкін. Мысалы елтірінің бетінің сынуы. Егер кептіруді жоғары температурада жүргізілсе, онда мұндай ақаулар одан сайын көбейеді. Осыған байланысты технологиялық картада кептіруді 400С температурады, ауаның қозғалу жылдамдығы 1мсек және салыстырмалы ылғалдылығы 45% болған жүргізу көрсетілген. Егер қаракөлді табиға түрімен шығару керек болса (сұр,қоңыр және т.б) онда оларды тазалаудан соң кептіріп қосымша механикалық жолмен жұмсартып, барлық ауданы бойынша қайтадан түрпілеп өндірістік сараптау жасайды.

8.4 Қоян терілерін өңдеу
Қоян терілерін өңдеу жолдарының көптеген ұқсастығы бар, бірақ бір технологиямен қоянның барлық түрлерін өңдеуе болмайды. Қоян терілерін өңдеу алдында үлкендігі және шелінің қалыңдығы бойынша бірнеше топқа сараптап бөледі. Бұл кезде екі мөлшерлік категорияға бөлген ұтымды: 16дм2 дейін және 16дм2 үлкен, шелінің бойынша жіңіш шелді (қалыңдығы 0,7мм дейін) және қалың шелді (шелінің қалыңдығы 0,7мм аса). Дайын өнімнің ең жақсы сапасын ересек қоянның немесе 6-8 айлық жас қоянның терілерін алуға болады. Бұл кезде былғарылық ткан жіңішке және жүн жабынының алмастыру белгілері жоқ. Жақсы сарапталған тері партиясы өңдеуге керекті химикаттардың көлемін дәл беруге, өңдеу режимін жақсы орындауға мүмкіндік береді.
Өңдеу алдында терілердің салмағын өлшейді.Өңдеудің бірінші процесі-жібіту 35-400С жылылықтағы жылы суда, 2-3гл жуғыш заттар қосылып жүргізіледі. Судың көлемі терілердің ауырлығына байланысты, 1 кг теріге 9 литр сұйық құю арқылы есептелінеді.
Терілерді сумен бірге анда санда араластырып тұру керек. Өңдеу жылы бөлмеде 4 сағаттай жүргізіледі. Сойылғаннан кейінгі дымқыл терілер жібітуден кейін тікелек шелденеді, ал құрғақ терілерді жібітуден кейін тікелей шелденеді, ал құрғақ терілерді жібітуден соң 1,5-2 сағат жатқызып қойып қайтадан сол ерітіндіде жібітеді. Ол кезде 20гл тұзын қосады. Елтірілерді 30минут сайын араластырып отырады. Жұқа елтірілерді жібіту ұзақтығы 10-120сағат қалыңдау елтірілерді жібіту 16-18 сағатқа созылады.Жібітуден кейін терілер біркелкі суланып, қоян денесінен жаңа сыпырылған кездегі күйге жақын болуы керек. Жібіту кезінде тері асты шел қабатының оғай сыпырылу қабілетін тексеру керек. Егер ол оңай сыдырылса, онда терілерді түсіріп шелдеуге кірісуге болады. Ал егер ондай болмаса терілерді тағы екі сағат суда ұстауға тура келеді.
Шелдеу алдында алдыңғы аяқтарды сөгеді, терінің май-шел қабатын дөңкеште өтпес шалғымен немесе өткір шалғымен абайлап сыдырып тастайды. Шелдеу кезінде терідегі жүннің түбін кесіп алмау керек. Алдымен терінің жотасын шелдеп одан бас жаққа, кейін шетіне қарай шелдейді. Нашар суланған немесе жаман шелденген терілер дайын болған кезде қаттылау болады.
Одан әрі қарай терілерді пикелдеу процесіне жібереді. Ол ыдыста батыру әдісімен немесе жағу арқылы жүргізіледі. Батыру әдісімен жүргізген кезде арнайы 35-400С су ерітіндісі дайындалып, оған мынайдай компоненттерді қосады (гл); ас тұзы 40-45, сірке қышқылы 10немесе күкірт қышқылы 3-4. Пикелдеу ұзақтығы терілердің былғарылық тканінің қалыңдығына байланысты 6-12 сағат.
Терілерді 30-60 минут сайын араластырып тұру керек. Пикелдеудің аяқталғанының терінің былғарылық тканін бүктеп, қысып қайтып жазған кезде ақ жолақ пайда болуы арқылы бақылайды. Пикелдеуден кейін терілерді жазып 24 сағатқа бірінің үстіне бірін жатқызып қояды да, одан кейін сығады. Сыққыш зат ретінде, үй жағдайында жуғыш машинаның білігін қолдануға болады. Ол кезде тері тайғақтамаы үшін оны мәрлімен орау керек. Кейбір кезде сыққыш барабана бар жуғыш машиналарды да қолданса болады.
Батыру әдісінен басқа пикелдік ерітіндіні жағу әдісінде қолдануға болады. Бұл кезде ерітіндінің концентрациясы екі есе жоғары болу керек. Пикелді терінің ішкі жағына щеткамен мақталық тампонмен жағады. Операцияны 2-3 рет, арасында жатқызып қойып, қайталайды. Терілердің пикелдену дәрежесін сушилка ақ жолақ пайда болу арқылы тексереді.
Пикелдеудің орнына ашытқымен өңдеуді қолдануға болады. Ашытқы ерітінділерін арпа немесе сұлы ұндары мен ас тұзын қосып дайындайды. Ұнды (100-110гл) терілерді өңдеуден 8-10 сағат бұрын ыстық (40-450С) суда бөктіреді де, оған ас тұзын (60гл) қосады. Жақсы өңделу үшін терілерді араластыра отырып, ерітіндінің суып қалмауын қадағалап, жүн түгінің түсу қаупін болдырмау керек. Алғашқы жүннің босаңсуы байқалған кезде теріні ыдыстан түсіру керек.
Терілердің дайындығын сушинка бойынша анықтайды. Егер терілер сушинка пайда болғанша түсірілсе,оны қайтадан пикелдік ерітіндіге салу керек.
Ашытқымен өңдеудің әртүрлері бар. Олардың бір түрлілердің іш жағына ірі ұнтақталған ұннан (арпа немесе сұлы) жасалған қамыр жағып, бүктеп үйіндіге жинап, жатқызып қояды. Одан кейін осындай әр үйіндіні тығыз материалмен жақсылап қымтай жауып 2-3 күнге қалдырады. Қамырды дайындау үшін 1кг ұн 15-20грамм ашытқы және 1 үлкен қасық ас тұзын алады.
Қамырдан басқа ашытқымен өңдеу кезінде ашыған айран қолданылады. Кейбір кездері терілерді өте ашып кеткен ашытқыда да ұстайды. Бірақ ең жақсысы оларды 2-3күнге қою киселге ұқсаған, ыстық суда жақсы араластырып дайындалған мынадай құрамы бар ерітіндіде ұстаған абзал: ұн кебегімен- 200гл, ашытқыш -7гл және ас тұзы -25гл. Бөлме температурасына дейін суытылған ерітіндіге терілерді салып, ауық –ауық араластырады. Ерітіндінің шығын – 1кг теріге 4 литр сұйық.
Егер терілер қалың болса, жатқызып алған соң сығып, дөңкеште өтпес шалғымен жақсылап жұмсартып, дискілік шелдеу машинасында, жүн түбіріне зақым келмейтіндей қылып, сүргілейді.
Өңдеудің ең бір негізгі процесі- илеу. Оның арқасында теріге дымқылдықтың, ыстыққа және химиялық әсерлерге қарсы тұратын қасиеттер беріледі.Илеуге керекті ерітінді көлемі сұйықтық коэффициентімен анықталады. Ол 9 немес 1 тең, яғни 1кг құрғақ теріге 9 немесе 10 литр ерітінді керек. Илеуге негізгі зат ретінде негіздік хром тұздары (хром ашудасы, хром илегіші) қолданылады.
Илеу үшін 40-60гл ас тұзы және хром тотығына есептегенде 1,0-1,5гл хром ашудасы бер ерітінді дайындайды. Хром ашудасында хром тотығының мөлшері 15%-ке тең. Терілер батырылған илеу ерітіндісін 30минут сайын араластырады. Илеу процесінің ұзақтығы 5-6 сағат. Қоянның елтірісін илеу үшін өсімдіктік илегіштерді де қолдануға болады, мысалы талдың қабығын. Бұл кезде илеу ерітіндісін былай дайындайды: эмальді ыдысқа талдың қабықтарын және майда бұтақтарын нығыздамай салып (200-250гл) суда құйып, ас тұзын қосып (50-60гл) 25-30минут қайнатады. Суытылған және сүзілген ерітіндіге терілерді салып дамылсыз араластырады. Процесс шамамен 1тәуліктен кейін аяқталады. Иленген терілерді түсіріп, үйіндіге жинап жатқызып қояды (үйіндінің үстіне ауыр зат қойса болады.). Бір тәуліктен кейін терілерді сығады,былғарылық тканін өтпес шалғыда жұмсартады (көлденеңі одан кейін ұзындығы бойынша тартады) одан кейін алдын – ала дайындалған май қосындысымен майлайды. Май қосындысын былай дайындау ұсынылады: үлкен тесікті үккіште шаруашылық сабынды майдалап оны 45-500С температуралы суда (200гл)ерітеді. Оған араластыра отырып қойдың немес шошқаның майын (80гл) және нашатыр спиртін (10млл) қосады. Егер мүмкіндік болса дайын май қосындыларын пайдаланған жөн. Терілердіт щеткамен, тампонмен немес қолмен былғарылық тан жағынан жылы (400С) май қосындысымен біркелкі, жүн жабынына тигізбейді, майлайды. Одан кейін жотасы бойынша жүнді сыртқа қаратып екі бүктеп, қаттап жинап қояды. Кептіруді арқанда 300С температурада, жүннің сыртық қаратып жүргізеді. Кептіруден кейін терілерді 1тәулік жатқызып қойып, өтпес шалғымен немес басқа механизммен жұмсартады. Егер терілер аса артық кеуіп кетсе, оны жұмсартар алдында ептеп жылы сумен сулайды. (су шашу арқылы) да, таза қаппен қымтап жауып, қаттап бірнеше сағатқа жатқызып қояды.Одан кейін жүнін кірден тазалап, сағызы болмайтын ағаш ұнтақтарымен сүртіп, жүнін тарап, қағып – сілкиді.
Жақсы өңделген терілердің былғарылық ткані жұмсақ және созылмалы, ал жүн жабыны – қолаң, таза және жылтырап тұрады.
Қоян терілерін табиғи түрде де өте жақсы пайдалануға болады. Әсіресе қоянның мынадай түрлерінен тігілген киімдер өте сұлу болады: күміс түсті, қара қоңыр, советтік шиншилла, мардер және веналық көк түрлері
Егер қоян терілерін бояу қажет болса онда ақ терілерді қоңыр немесе қара түске бояу тиімді.
Бояу алдында терілердің салмағын анықтап,соған байланысты ерітіндінің көлемін, 1 кг теріге 15литр сұйық керек деген есеп бойынша анықтайды.
Терілерді қоңыр түске бояу кезінде, бірінші процесс протравтау үшін , 300С жылылықтағы суға мынадай компоненттерді қосады (гл): ас тұзы 10, алдын –ала ерітілген хромпик 1,8-2,0, жуғыш ұнтақ-1
Дайындалған ерітіндіге терілерді салып өңдеу процесін мұқият араластыра отырыпжүргізеді (он минут сайын бер рет араластырады). Өңдеу ұзақтығы 3 сағат. Одан кейін терілерді түсіріп, қағып сілкиді.
Терілерді бояу үшін 100С жылылығы бар суға 25%-тік аммиактың 1-1,2млл және алдын-ала ерітілген бояулардың мынадай құрамын қосады.
Мех үшін қара Д 1,6-2,0гл
Мех үшін сүр Д -0,6гл
Резорцин -1,9-2,0гл
Бояулардың концентрациясына байланысты бояу түрі өзгереді, сондықтан терілерді бояу кезінде бір рецепті қолданған тиімді. Дайындалған бояу ерітінділеріне терілерді салып, 30 минут араластырады да әрі қарай араластыра отырып 3,5гл 30%-тік пергидролдің бес есе суда сұйытылған ерітіндісін құяды. Пергидролдың милиметрлік мөлшері бояуларды қосындысының грамына сәйкес келу керек.
Бояу ұзықтығы 2-3 сағатқа созылады. Ерітіндіні ауық-ауық (10минут сайын) араластыру керек. Одан кейін теріні түсіріп, жылы (350С) таза суда 1 сағат бойы жуады. Бұл кезде суға жуғыш ұнтақтарды да қосуға болады. Ондай жағдайда тері қосымша таза суда жуылу керек.
Терілерді қара түске бояу кезінде, протравтау үшін суға мынадай компоненттер беріледі.(гл): ас тұзы -10, хромпик 3-5, күкірт қышқылы -1, жуғыш ұнтақ-1. Өңдеу ұзақтығы 3-4 сағат. Ерітіндіні дайындау жолы,қоңырға бояу кезіндегіге ұқсас. Боядан соң терілерді түсіріп, таза суда,үй температурасында жуып, сығып, қағып сілкиді.
Бояу екі сатыдан тұрады. Біріншісі-300С температуралы гипосульфит (10гл ) мен ас тұзы (10-20 гл) ерітіндісінде 8-10 сағат өңдеу. Терілерді 30минут сайын араластырып тұрады. Содан соң терілерді түсіріп, таза суды, үй температурасында жуып, сығып, қағып - сілкиді.
Екінші этап - 3,5гл мех үшін қара Д бояуы 2гл пирокатехи, 1млл 25%-тік аммимақ ерітіндісі, 1гл жуғыш ұнтақ бар сұйықтықта өңдеу. Терілерді араластырып 30минуттан соң бес есе суда сұйытылған, пергидролдың 6млл ерітіндісін құяды. Терілерді 10 минут сайын3-6 сағат бойы араластыры, түсіріп қайтадан алдымен жылы суда жуғыш ұнтақпен 1 сағат, кейіннен тек қана таза суда 30 минуттай жүреді.
Мехтың артық бояудан тазалану дәрежесін тексеру үшін терінің кішкентай бөліктерін судың аз мөлшерінде жуып, оған 1%-тік хлорлық темірдің ерітіндісінің бірнеше тамшысын тамызады. 2-3 минуттан соң ерітіндінің жасыл көк немесе көк болуы, теріні тағы жуу қажеттігін білдіреді.
Содан соң қоңырға немес қараға боялған терілер тұздау (солка) операциясына жіберіледі. Ол кезде терілер ас тұзы (30гл) мен стеарокс 920 (5гл) ерітіндісінде 3 сағат бойы араластыра отырып өңделіп аяғында сатылады. Стеарокс- 920-ні алдын-ала ыстық суда ерітіп (70-900С), содан кейін, он еселік ыстық суда сұйытылған барып жұмыс ерітіндісіне қосады. Терілерді түсіріп, сығып, жазып созып соңында кептіреді.
Кептіруден кейін терілерді тағы да өтпес шалғыда немес басқа аспапта жұмсартып, жүн жабынын тарап, жапырақты ағаш породаларының ұнтағымен уқалап, қағып- сілкіп тағы да жүнін тарайды. Терілерді ағаш үгінділерімен тазалау үшін арнаулы аспаптар қолданған жөн.
Терілерді бояу кезінде, қауіпсіздік техникаларының қағидаларын қатаң сақтау керек. Өйткені жұмыс кезінде күкірт қышқылы мен бояулар пайдаланылады. Олардың көбі улы, денеге тисе күйдіріп, әртүрлі тері ауруларын шалдықтыру мүмкін.
Қоян терілерін қара қоңыр нутрия түріне ұқсатып бояған кезде протравтауды 10гл ас тұзы, 1,5гл хромпик және 1,0гл синтанол ДС -10 бар ерітіндімен өңдеу арқылы жүргізіледі. Синтанол ДС-10 орынына сол мөлшерде синтанол ДГ-308, превоцелл W-OF-100беруге болады. Сонымен бірге басқа жуғыш заттар мысалы, жуғыш ұнтақтарды да қолдануға болады.
Протравтауды 300С температурада 3 сағат бойы ерітіндіні араластыра отырып жүргізеді.
Протравтаудан кейін терілерді сығып, қағып, бояу үшін мынадай заттары бар ерітіндіге салады: 1,2млг 25%-тік аммиак және бояулар: 2,62гл мех үшін қара Д; 0,1гл мех үшін сұр ДА 3,12 гл резорцин. Бояуларды алдын-ала бөлек, 80-900 температурада 10 есе көп алынған суда ерітеді. Терілерді мұқият араластырып, 30минут өткеннен кейін 30%пергидролдің 6млл мөлшерін алдын-ала бес есе суда ерітіп алып ,береді,терілерді әр сағатта 10 минут араластырады. Бояу температурасы 350С, ұзақтығы – 3 сағат.
Бояудан кейін терілерді түсіріп, суын сорғытып, синтанол ДС-10 ерітіндісінде (1гл) 350С температурада, бір сағат бойы жуады. Одан кейін таза суда 350С температурада , екінші және үшінші жууды бір – бір сағаттан жүргізеді. Түсірілген және сорғыған терілер тұздау солка үшін 30гл ас тұзы және 5гл стеарокс -920 ерітіндісінде 3 сағат өңделеді. Одан кейін терілер сығылып, кептіріп, әрлеу процестерінен өтеді.
Қоян терілерін сарышұнаққа (сурок) ұқсатып бояу үшін, протравтауды, алдыңғы көрсетілген әдіске сай жүргізеді. Бояу мынадай заттары бар ерітіндіде орындалады: мех үшін қара Д-0,2гл, мех үшін қоңыр А-1,6гл, аммиак 1,5млг. 30%-тік пергидроль 2,5млл-ге есептеліп беріледі. Бояудың температурасы мен ұзақтығы,қоянды қара қоңыр нутрияға бояғандағыға ұқсас.
Жуу мен тұздау да ұқсас жүргізіледі, кептіру мен өрлеу де әдеттегідей орындалады.
Шиншилла мен сұр қоянның терілерін бұлғын терісіне ұқсатып және түрлендіріп бояға болады. Бұл үшін протравтауды мынадай ерітіндіде жүргіезіді:10гл ас тұзы,2гл хромпик 0,5гл сірке қышқылы, 1гл синтанол ДС-10. Өңдеу температурасы 300С, ұзақтығы 3 сағат.Протравтаудан кейін сығып, сілкіп қағу баяу ерітіндісіне салады. Бұлғынның қара қоңыр түсіне үқсатып бояу үшін қара Д, 0,1мл мех ұшін сұр ДА. 0,7млл 25%-тік аммиак. Жарты сағаттан кейін 3,1 млл сұйытылған 30%-тік пергидроль беріледі. Бояуды 350С температурада 3 сағат бойы жүргізеді. Терілерді бұлғынның ақшыл түріне ұқсатып бояу үшін 0,78гл мех үшін қара Д, 0,1гл мех үшін қоңыр А.1,5гл резорцин, 0,8млл 25%-тік аммиак, 2,5млл 30% -тік пергидроль қолданылады. Бояудан соң терілерді түсіріп, бір сағат суын сорғытып, 1 сағат бойы температурасы 350С температурада таза сумен шаяды. Тұздауды терілердің суы сорғығаннан кейін, 30гл ас тұзы және 5гл стеарокс 920 ерітіндісінде, 350С температурада 3 сағат бойы жүргізіп, одан кейін терілерді сығып, кептіріп, әрлеуді әдеттегідей жүргізеді.
Дайын терілерді барлық ауданы бойынша жазып, ұзындығы бойынша созып, жүннің үстіне қаратып жинап қояды.
Жүннің жоғарғы шетін түрлендіру үшін құрамында мынандай бояулар бар ерітінділер дайындалады: мех үшін қара Д сұр қоян терілеріне 33гл, шиншиллаға-5гл,резорцин- сұр қоян терілеріне 0,9гл, шиншиллаға - 5,25гл; 30%-тік пергидроль, сұр қоян терілеріне 4,2мгл шиншиллаға - 10,25млл. Осы дайындалған ерітінділерді терілердің жүн жабынына щеткамен жағып,жүн жүніне қаратып бір бағытқа жинап 6-8 сағатқа жатқызып қояды.
Одан кейін кептіріп, жапырақты қатты ағаштардың ұнтағымен тазалап, қағып сілкіп жазып жатқызып екінші түрлендіруді мынадай ерітінділермен жүргізеді: сұр қоян терілері үшін: -3,3гл мех үшін қара Д, 0,9гл резорцин- және 4,2млл 30%-тік пергидроль, шиншилла терісі үшін - 1,2млл мех үшін қара Д. 0,1гл мех үшін қоңыр А.0,2гл мех үшін сары Н, 0,8гл резорцин 0,1млл 25%-тік аммиак және 2,3млл306-8 сағат жатқызылып кейін кептіреді. Терілер одан тексеріліп, олардың біркелкі боялмағандары үшін рет түрлендіруге жіберіледі. Оған мынадай ерітінді қолданылады. 2,5млл мех үшін қара Д, 0,3гл мех үшін қоңыр А, 0,3млл 25%-тік аммиак, 4,6 млл 30%-тік пергидроль. Содан кейін 6-8 сағат жатқызып терілерді кептіріп қрлеу жүргізеді.
Ақ қоянның терісін бұлғын терісіне ұқсатып бояу былай жүргізіледі: протравтауды 350С температурада құрамында мынадай заттар бар ерітіндімен орындайды. 10гл ас тұзы, 1,8гл хромпик, 1гл синтанол ДС-10. Аппарат үш сағат айналдырады. Одан кейін терілер сығлып,қағылып сілкілеп,350С температурада мынадай құрамы бар ерітіндіге боялады;1,6 гл мех үшін қара Д, 0,06 гл мех үшін сұр Д,1,9 гл резорцин 1млл 25%-тік аммиак және 3,5млл 30%-тік пергидроль. Пергидрольді әдетте, бояу басталғаннан бастап 30минут қткеннен соң береді. Терілер сорғыған соң таза суда жуылып, тұздау ерітіндісіне жіберіледі. Ерітінді 30гл ас тұзы мен 5гл стеарокс 920 тұрады. Өңдеу 300С температурада 3 сағат бойы жүреді. Одан соң сығылып, кептіріліп әрлеу операциясына жіберіледі. Шиншилла мен сұр қояндардың терісін боялған кездегідей бұл жолы оларды екі рет түрлендіруге жібереді. Олар мынадай ерітіндімен жағылынады: 3,5гл мех үшін қара Д, 0,9гл резорцин және 4,4млл 30%-тік пергидроль. Әр түрлендіруден кейін терілерді, жүн жабынның бір –біріне қаратып бүктеп,6-8 сағатқа жатқызып, одан кейін кептіріп сосын тартады. Екінші түрлендіруден кейін созып тартқан кезде терілерді тексереді. Егер дұрыс біркелкі боямаған терілер болса, оларды бөлек алып үшінші рет түрлендіреді. Одан кейін терілерді кептіріп әрлеуді жүргізеді.
8.5 Қозы мен лақ терілерін өңдеу
Мехтық бұйымдар жасау үшін, емшек еміп жүрген әртүрлі ешкі пародаларының шетінеген немесе түсік болған лақтар елтірілерді, қойдың орыс және далалық породоларының қозыларының елтірілері қолданылады. Қозы елтірілерінің аттары: далалық мерлушка-әдетте жасы бір айға дейін орыс породасының қозысының терісі. Лямка –биязы жүнді немесе жартылай қылтық жүнді қой қозыларының терісі.
Елтірілерді жалпағынан сыпырып,әдетте кептірумен (тұзсыз-құрғақ) консервілейді.
Өңдеу алдында елтірілердің салмағын анықтап, өңдеуге керекті ерітіндінің көлемін 1кг елтіріге 10литр су деген есеппен анықтайды.
Ең алдымен құрғақ елтірілерді жібітеді.Бұл үшін 20гл ас тұзы ерітіндісі пайдаланылады. Сұйықтық температурасы 30-350С. Лямканы жібіту үшін ерітіндіге 0,5-1,0гл жуғыш зат қосады. Жібіту ұзақтығы мерлушка мен лақ елтірілеріне 18-20 сағат. Лямканы екі рет жібітеді:біріншісін 10 сағат, ал екіншісін жуғыш зат бермей 10 сағат ұзақтыққа жүргізеді.Елтірілерді салған соң 1-2 сағаттан соң оларды араластырады, одан әрі қарай анда –санда араластыру керек.
Содан соң елтірілерді түсіріп арнайы аспапта шелдейді, яғни тері асты май-шел қабатын сыдырады. Егер елтірілер жақсы шелденбесе, онда оларды өткір емес скобадан көлденең өткізгіш, созып жұмсарту керек немесе ас тұзының жылы ерітіндісіне 2-3 сағат қосымша жібіту керек.
Лямканың жүн жабынының майы көп болғандықтан оны жуғыш заттардың ерітіндісімен 45минут,400Стемпературада майын арылтады. Май арылтуды тағы қайталап, одан кейін елтірілерді ұқыпты түрде жуып сығады.
Келесі процестер әртүрлі жолдармен жүргізілу мүмкін:
1. Пикелдеу-илеу мерлушка мен лақ елітірлері жылы (38-400С) ас тұзымен сірке қышқылының ерітіндісіне салынып, ауық-ауық жақсы араластырылады, 5 сағаттан кейін 5гл сірке қышқылын қосып, одан кейін тағы 5 сағаттан кейін 10гл гипосульфит береді.Гипосульфитті бергеннен кейін 30 минуттан соң, хром тотығына есептелген 0,9гл хром ашудасының ерітіндісін құяды. Хром илегішінің ерітіндісін алу үшін құрғақ хром ашудасы немесе құрғақ хром экстрактісі пайдаланылады.

Пикелдеу-илеуді жалпы ұзақтығы 14-16 сағат.Араластыруды ауық ауық жүргізеді, химикаттарды берген кезде міндетті түрде араластыру керек.
Елтірілерді ауық-ауық араластырады. Пикелдеу –илеуден кейін елтірілерді түсіріп, жинап, 10 сағттан аса уақытқа жая жинап жатқызып қояды.
1. Ашытқы ерітінділерімен ашыту
Ашытқы ерітіндісін сұлы немесе арпа ұндарымен, кебектеріне ас тұзын қосып дайындайды. Ұнды ыстық (40-450С) суда араластырып,1 тәулікке ашытуға қалдырады да ас тұзын қосып, елтірілерді салады. Өңдеу 2-6 тәулік жүргізеді.
Ашытқымен өңдеудің соңын аө жолақ арқылы анықтайды. Ұнның шығынын азайту үшін 40%ке дейін кебекті пайдаланады. Шамамен алғанда 4кг сұлы ұнына немесе 6кг бидай ұнына 70-80литр су қосылады.
Ашытқымен өңдеуден кейін теріні түсіріп, сығып 0,9гл хром тотығы мен 40-45гл ас тұзы бар ерітіндіге салып, 5-6 сағат илеу процесін жүргізеді.
1.Батырып ашытқымен өңдеуді ашытқыны жағып өңдеумен ауыстыруға болады. Бұл үшін 70-100 елтірі үшін 4,0-4,5 кг арпаның ұнын алып, қыштан немесе пластмассадан жасалған ыдысқа салады да қыздырылған ашытқы қосып мұқият араластырады, бір мысқал ас тұзын қосып 8-10 сағатқа жылы жерге қояды. Осындай қамырмен елтірілерді былғарылық ткан жағынан 1-3см қабат жасап жағып,жүннін сыртқа қаратып екі бүктеп жылы жерге жатқызып қояды.24 сағаттан кейін елтірілерді ақ жолақ бойынша тексереді, егер ақ жолақ жоқ болса, операцияны қайталайды.Жұмыс жүргізген кезде жүннің жұлыну қабілетін анда-санда тексеріп тұру керек; егер жүн, саусақпен елтірінің қолтықтық ауданына басқанда оғай жұлынса,онда елтірілерді қамырдан тазалап, ақ жолақ болмаған кезде сірке қышқылы мен ас тұзы ерітіндісіне илеуге жіберу керек.
Иленген елтірілерді жатқызып қойғаннан кейін, сығып өткір емес аспапта алдымен ұзындығы кейіннен көлденеңі бойынша жазады.
Жұмсартылған елтірілерді щеткамен немесе қолмен, дайын май қосындыларымен немесе әдейі дайындалған майлармен майлайды.
Мынадай май қосындыларымен қолдануға болады:
1. Ыстық суда дегрин ДЕ (300гл ) ерітіп, 20-25см3л аммиактың судағы ерітіндісін қосады.
2. 50грамм шаруашылық сабынын 0,5л ыстық суда ерітіп, араластыра отырып 500г балықтың немесе шошқаның майын және 5-10см3 нашатыр спиртін (аммиактың судағы ерітіндісі) қосады. Майдың біршама бөлігін веретандық маймен (5-10%) немесе глицеринмен немесе жұмыртқаның сарысымен ауыстыруға болады.
Майланған елтірілер, жатқызылып қойылған соң, жүн жағын жоғары қаратып, таяқтарға қояды. Кептіру 500С –дан жоғары температурада жүргізіледі.
Таяқтардан түсірілген елтірілер 8 сағат бойы жатқызылып қояды.
Одан кейін елтірілерді дымқыл ағаш үгінділерінде (ағаштардың сағыз бермейтін породолары) сәл дымқылдандырады немесе су шашады.Одан кейін елтірілерді жатқызып қойып, сілкіп, барлық бағытта жұмсартып, ең аяғында көлденеңі бойынша созады. Одан соң елітірлер құрғақ ағаш ұнтақтарымен жүн жағынан және былғарылық ткані бойынша тазаланып, (сүртіліп), сыбаланып, екінші рет өткір аспапта (скоба ) жұмсартылады. Ағаш ұнтақтарымен тазалау үшін арнаулы аспап қолданған жөн.
Егер сіз өңделген мерлушканы, лямканы немесе лақ елтірілерін бөлек-бөлек бояғыңыз келсе, ең алдымен елтірілердің салмағын анықтап, сол бойынша бояға керекті заттардың және ерітінділерінің мөлшерін анықтайсыз. Мерлушканы қара түрге бояудың ең алдыңғы поцесс хромпиктің 2г\л,күкір қышқылының -0,8гл, ас тұзының -30гл және жуғыш заттың (ОП-10)-0,5гл мөлшері салынған ерітіндіде протравтау. Ерітіндінің температурасы 300С, өңдеу ұзақтығы -3 сағат.
Қоңыр түске бояу кезінде хромпиктің концентрациясы 1,5г\л дейін азайтылып жуғыш зат қолданылмайды. Елтірілер ерітіндіде ауық ауық ұқыпты араластырылады.Одан кейін елтірілер сығылып сілкіп-қағылып, бояға 3-4 сағатқа жіберіледі. Ерітінді температурасы -350с, елтірілерді оқтын-қтын араластыарды.
Мерлушканы қара түрге бояу үшін мынадай құрамы бар ерітінді дайындайды: мех үшін қара Д 6 гл , пирокатехин -2гл, 25%-тік аммиак 3млл, ас тұзы -15гл, 30%-тік пергидроль-6мл л. Мех үшін қара Д мен пирокатехинді алдын-ала суда қыздырып ерітеді. Бояу басталғаннан 2 сағаттан кейі, встық суда алдын- ала ерітілген 0,5гл тура диазо кара С құйылады.
Бояудан кейін елтірілерді жуғыш заттарды (ОН-10сульфонал НН-1) 1,5млл мөлшерді қосып суда екі реті қайталап жуады., ал қараға боялған елтірілер, одан кейін тағы таза суда қосымша жуылады.(400С). Жуудан соң елтірілерді сығып, жазып, былғарылық ткань жағынан аздап майлап 3-5 сағатқа қаттап жатқызып қояды. Одан соң кептіріп, натуральдық (боялмайтын) елтірілерді әрлейтіндей схемамен өңдейді.
Қараға боялатын лақтың елтірілері протравтау процесіне дейін, кальцинирленген соданың 2гл және ас тұзының 20гл ерітіндісінде 1 сағат бойы 350С температурада бейтараптау (нейтралдау) процесінен өтуі керек. Бейтараптаудан кейін елтірілерді таза жылы суда жуып (300С), одан кейін сығады. Лақтың елтірілерін протравтау 300С температурада мынандай құрамы бар ерітіндіде 4 сағат бойы жүреді: 2,5гл хромпик, 0,8млл күкірт қышқылы 30гл ас тұзы және 0,5гл жуғыш зат (ОП-10). Елтірілерді түсіріп, сығыпқағып-сілкіп температурасы 350С мыандай құрамы бар юояу ерітіндісіне салады: мех үшін қараД-6,25гл, пирокатехин-2гЛ, ас тұзы-30гл,25%-тік аммиак-3гл және 30%-тік пергидроль С 200% алдын-ала ыстық суға ерітіп береді. Бояуды ауық ауық араластыра отырып, 6 сағат жүргізеді. Одан кейін мерлушканы жуған сияқты екі рет жуғыш затпен жуып, үшінші рет таза суда шайылады. Жуылған елтірілер сығылып, майланып, кептіріліп өріледі.
Лямканың да бояу процесінің алдында салмағымен өлшейді. Протравтауды 300С температурада, 4 сағат бойы ауық-ауық араластыра отырып, жүргізеді.
Қара түске бояу кезінде жұмысшы ерітіндінің құрамы: 30гл ас тұзы, 2гл хромпик, ал қоңыр түске 30гл ас тұзы 1,5гл хромпик, 0,75гл күкірт қышқылы. Мерлушка мен лақ елтірілерін өңдегендей, одан кейін елтірілер сығылып, қағып сілкілейді. Лямканы қараға бояу 6 сағатқа созылады.
Бояу ерітіндісінң құрамы, температурасы мерлушканы бояғанк ездегідей, бірақ мех үшін сары Н бояуы қолданылмайды.
Одан кейінгі жүргізілетін процестер мерлушканы бояған кездегі режимдерде жүргізіледі.
Лямканы саоғылт қоңыр түрге бояған кезде протравтауды мынадай құрамда жүргізеді:1гл сірке қышқыл 30гл ас тұзы және 0,5гл ОН-10. Процесс 300с Температурада 4 сағат, ауық ауық араластыру арқылы жүргізіледі. Одан кейін сығып, қағып сілкіп бояу ерітіндісіне салады. Қара сарғылт түрге бояған кезде мынадай құрам пайдаланылады: 0,1г\л мех үшін қоңыр А, 0,04 гл мех үшін сары ДА, 0,2 гл мех үшін сары Н,10гл ас тұзы және 0,3гл 30%-тік пергидроль.
Ақшыл-сарғылт түрге бояған кезде мынадай құрам пайдаланылады: 0,05 гл мех үшін қоңыр А, 0,02гл мех үшін сұр ДА, 0,1гл мех үшін сары А,10гл ас тұзы және 2гл 30%-тік пергидроль.
Бояудан кейін лямканы 400С температуралы таза сумен 30минут жуып, 30гл ас тұзы ерітіндісне тұздау үшін салады. Одан кейін 3-5 сағат жатқызып қоып,әрі қарай сығып шалғымен барлық ауданына жұмсартып кептіреді.Кепкен елтіріге су шашып, 4 сағат жатқызып қояды да, арнаулы аспаптармен барлық ауданын жұмсартып, ағаш ұнтақтарымен тазалап, қағып-сілкіп, одан кейін тағы барлық ауданын жұмсартады.

8.6 Саз құндызының (нутрия) терісін өңдеу
Саз құндызын өңдеудің ең бірінші процесі,350С температурады, терілер ауырлығы мен сұйықтықтың ара қатынасы 1:8 болатын жуғыш заттарды 3гл мөлшерді қолданып,терілерді жақсы араластырады. Одан кейін терілерді сол температурада 2 сағат бойы араластыра отырып,тахза сумен мұқият жуады. Жуу кезінде суды бірнеше рет ауыстыру керек немесе ағынды суды қолдану қажет.
Жуудан соң, терілер аң терісін денесінен сыпырылған жағдайда болса тікелек пикелдеуге жібереді, ал құрғақ терілер жібітіледі. Жібіту ас тұзы ерітіндісіне (20гл),350С температурада 14-16 сағат бойы жүргізіледі. Одан кейін терілер пикелдеуге жіберіледі.
Пикелдеу ағаш немесе эмальданған ыдыста, тері салмағы мен сұйықтықтың ара қатынасы 1:8 болатын ерітіндіде, 250С температурада 10 сағат жүргізіледі. Қосылатын материалдар: 60гл ас тұзы және 12гл сірке қышқылы. Терілерді ауық ауық араластырады.
Пикелдеу процесінің аяқталғанын анықтау үшін, пикелден алынған дымқыл теріні алып бүктеп, бармақпен қысып қайта жібереді. Егер сонда ақ жолақ пайда болса, ол пикелдеудің жеткілікті болғаны.
Пикелдеуден кейін терілерде барлық бағытта созылыңқылық қасиет пайда болып жұмсарады.
Пикелдеуден кейін терілерді 24 сағатқа қаттап жатқызып қойып, одан кейін өтпес шалғыда жұмсартады (барлық бағытта созып, тартады). Одан кейін, өткір шалғыда немес дисктік шелдеу машинасында былғарылық тканін сүргілейді.Бұл кезде тері асты май- шел қабаты және өзеңнің бір бөлігі алынып тасталады.Сүргілеуден кейін терілер илеуге жіберіледі.
Илеу үшін мынадай ерітінді дайындайды:1гл хром тотығы, 8гл гипосульфит 40гл ас тұзы. Хром тотығының керекті концентрациясы дайындау үшін, шашамен 25%-тік хром тотығы бар құрғақ хром илегіші пайдаланылады.
Илеу С.К 8, температурада 350С 10 сағат бойы жүреді. Кейбір кезде илеуді, одан кейін жүргізілетін майлаумен біріктіреді. БҰл кезде ерітіндіге дайын май қоймалжыңын (паста) береді (25гл). Майлау кезінде ерітіндінің жылылығы 350С температурадан кем болмауы керек. Егер майлау бөлек жүргізілсе, онда терілерді илеуден соң 6 сағатқа қаттап жатқызып қойып, сығып өтпес шалғыда жұмсартып, майлауды жағу арқылы жүргізеді. Ол кезде, былғарылық тканге май эмульсиясын, щеткамен немес қолмен, жүн жабынына тигізбей, жағады. Майлауға дайын май эмульсиясын немес өздері дайындаған эмульсияны пайдаланады. Майланған терілерді жотасынан екі бүктеп, 6-8 сағатқа қаттап жатқызып қояды, одан соң 300С –дан биік емес температурада кептіреді.
Илеумен бірге майланған терілерді түсіргеннен соң,қаттап жинап 20-24 сағатқа жатқызып қояды да, сығып 300С температурада кептіреді.
Кептіруден кейін терілерді жиып, қаттап 8 сағатқа жатқызып қойып, одан кейін,қоянды өңдегендей әдістермен, әрлеу процестерін жүргізеді-жұмсартады, тазалайды, сілкіп қағады.

9.ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН АУА МЕН ШАЙЫНДЫ СУЛАРДЫ ТАЗАРТУ
Қазіргі кезде өндіріс қуатының артуына байланысты, қоршаған ортаны қорғау адамзат өміріне қауіп төндіретіндей жағдайға жетіп, бүкіл әлімдік деңгейде зор мағынасы бар мәселеге айналып отыр. Оның ішінде үздіксіз тыныс алу мен күнделікті тіршілікке қажжетті суды тазалаудың алар орны ерекше.
Мех өнеркәсібінде өңдеу процестері жоғары сұйықтық коэффициенттер дәрежесінде жүргізілетін болғандықтан тазартуға қажетті шайынды суларда көп мөлшерде болады. 1000 қой терісін өңдеуге қажетті су шығыны жобамен 300м3 болады. Сондықтан да өнеркәсіп саласынаң ғылыми зерттеу мекемелері және мамандары пайдаланылатын су мөлшерін жолдарын іздестіруде.
Мех өнеркәсібі процестерінде көптеген химиялық, материалдар қолданылады: беттік-активті заттар,бояғыштар, илегіштер, әрлеуге қажетті заттар және т.б. Бұл заттар шайынды сумен бірге өзең, көлдерге қосылып ластау әсерінде жағымсыз иістердің, судың реңі мен дәмнің өзгеру нәтижесінде суда тіршілік жасайтын организмдерге кері әсер етеді. Сонымен қатар шайынды суда көптеген қиынды түрінде кездесетін ластағыш қоспалар болады. Шайынды сулар өзінің құрамы мен қасиеттерін, технологиялық жүйесінің бөліктері бойынша әртүрле болады.Жібіту мен шелдеуден соң сілтілік суларда құрамында көп мөлшерде натрий хлориді, еріген және ерімеген органикалық және минералды заттар болады.Пикелдеу мен илеу процестерінен соң шайынды сулар қышқыл көрсеткішті, құрамында натрий хлориді, хром мен алюминий тұздары болады.Мехтык жартылай фабрикатты бояудан соң шайынды су құрамында бояғыш заттар,натрий карбонаты, аммиак және т.б заттар болады.
Мех өндірісінің шайынды суларына тән қасиет, қоспалардың көп мөлшерінің тұнбаға тез түсетіндігі. Барлық шайынды суларды тазарту тәсілдеріне сәйкес үш топқа бөлуге болады: құрамында хром тұздары бар бояулары бар және жібіту-майсыздандыру кейінгі су. Тазартуда механикалық олмен арылту арқылы жүргізеді. Механикалық тазарту ерімеген қоспаларды механикалық жолмен арылту арқылы жүргізіледі.Механикалық тазарту кезінде құрамында жүн қылшықтар, шелдіің кесінділері болатынсуларды ірі кесінділер қиындылары ұстап қалу үшін ірі металл торлардан өткізіп, сонан майда торлардан өткізеді. Шайынды сулар улы заттардан арылту, тазарту, түссіздендіру үшін арнайы тәсілдер қолданылады. Мех өндірісінде жалпы сумен 30-40 рет шаю және жібіту-майсыздандыру процестерінде қолданылады. Шайынды су құрамындағы кір, шаң, топырақ. Кисадыра, консервілегіш заттар, тері бөліктері мен кесінділер, шел, май, қан, жүн белокты заттар. Соынмен бірге процестерде қолданылатын заттар: антисептиктер, хлоридтер де болады.
Шайынды су лас иісті, ондай кейде күкіртті сутек немесе аммиак иісі де болады. Бұл шайнды суларда заттар мөлшері алғашқы шаюдан соң 200мгл, жібітуден соң 300-7000мгл дейін жетеді. Ал еріген заттар мөлшері 64мгл дейін жетеді.
Жібітумен майсыздандырудан соң шайынды суларда бұзылуға бейім белокты заттар көптеп кездеседі.
Сондықтан дажібіту-майсыздандырудан соң шайынды суларын тез арада тазартып отыру қажет. Құрамында хром тұздары бар шайынды суларды хром тұздарын ажырату мақсатында өңдейді. Шайынды суларда үш және алты валентті хром болуы мүмкін.
(ІІІ), (IV) валентті хром шайынды суларда химиялық ластағыш болғандықтан оларды кеміту жолдарының бірі илеу процестерін жетілдіру. Илеу процеснің тәсілдерін дамыту нәтижесінде илеуге қажетті хром қосылыстары шығынын төмендету немесе олардың коллагенмен байланысу дәрежесін жоғарылату және т.б жолдармен жеткізіледі. Илеу тәсіліне байланысты хром илегіш тұздарының 70-90% коллагенмен байланысып,қалған бөлігіг өңделген ерітінді кететіні белгілі. Сондықтан илегіштердің коллаген құрамына көбірек және біркелкі енін берік байланыс жасалынуына жағдай жасалынуы еңбір тиімді жол. Ол үшін коллагенмен немесе илегіш хром комплексінің байланысу қабілеті төмендетіледі. Оны пикелдеу арқылы жүргізіледі.
Шайынды судағы (ІІІ) хром тазартуды және сілті қосу нәтижесінде тұнбаға түсіреді. (IV) хромды тазарту екі сатыда жүргізеді. Натрий сульфиті немесе бисулфитімен,темір сульфитімен (ІІІ) хромға дейін тотықсыздандырып, сілтілермен тұнбаға түсіру.
Бояу процестерінен шығатын сулар құрамы жағынан да реңі жағынан өте күрделі. Бұл суларды тазарту өте қиын, маңызды. Себебі бояудан кейінгі шайынды сулар құрамында (ІІІ),(IV) хром тұздары болады.Сондықтан алдымен жоғарыда келтірілген тәсіл бойынша солардан арылтады. Содан соң бояулардың реңін кептіру үшін формалин қосып, өңдейді. 4-8гл формалин қосқанда судың 97-98% түссізденеді де судағы формалин мөлшері қадағаланатын мәжеден аса қоймайды.
Қиындылардан механикалық жолмен арытылған, тұнбаларды түсіру арқылы тазартылған шайынды суларды залалды заттардан тиімді мөлшеріне дейін жеткізу үшін биохимиялық тазартуды қажет етеді.
Шайынды су сипатына байланысты алдымен негізінен беттік активті заттардан арылту мақсатында флотация тәсілі қолданылады. Бұл тәсіл суды ауамен араластырып шайқағанда беттік активті заттардың көбіетенуі қасиеттеріне негізделген.
Қоршаған ортаның су бассейндерінің ластануының өте жоғары дәрежеге жеткен себаптерден адамзат пен тіршілікке қауіп төндіріп экология бүкіл әлемдік мәселеге айналған кезде шайынды суды тазартуға және тазартқыш қондырғыларға аса көңіл бөлу қажет.
Мех өндірісінің органикалық ерітінділерді қолдану арқылы қол жеткізуге болады.Өңделген ерітінділерде беттік активтік заттар, хромның илегіштұздарының, майлардың бояғыш және т,б заттардың белгілі мөлшері қалады. Концентрациясын күшейтіп қайтадан қолдану өте тиімді. Майсыздандыру, шаю сұйықтықтарын оның алдында жүргізілетін жібіту процесіне, илеу сұйықтықтарын пикелдеу процестеріне қолдануды тиімді жүргізу негізінде натрий сульфитінен хлоридін 80%, хромпик , хром илегіш қосындылары мен беттік активтьі заттарда шығынын 40%төмендетіп, кететін су млшерін азайтуға болады. Механикалық операциялардысудың ағу күшін реттеу қажетЕң негізі тиімді жолдардың бірі сұйықтық коэффицентті төмендету. Мысалы, майсыздандыру, пикельдеу, илеу, майлау процестерін қоян,ондатра, құндыз, суыр терілері үшін процесс режимдерін реттей отырып 10-нан 4-ке дейін төмендеткенде кететін су мөлшері 2,5есе азайды.
Сұйықтық коэффицинеті төмендетсе жүг жабының ұйпаланып, тұтасып қалуы мүмкін, сондықтан да әрбір процесті қадағалап жүргізуді реттеп отыру қажет.
Қой терісінің майлылығы жоғары болғандықтан жуу майсыздандыруға өте көп мөлшерде беттік-активтік заттар, сілті және формалин ерітінділері қолданылады.
Оларды тазартуға арнайы қондырғылар қажет. Сондықтан майсыздандыруды органикалық ерітінділерде жүргізген өте тиімді.
Шайынды сумен қатар,мех өнеркәсібінде, ауа тазалығы өте көп көңіл бөлінеді. Өндірісте ағаш үгініділері көр қолданылатын болғандықтан, кептірілген терілерден көптеген органикалық заттардың шаң тозандары бөлініп шығатын болғандықтан (60мгм3 дейін) олардың мөлшері қатаң қадағаланып бақыланып отырады. Жұмыс орындарында ауадағы шаң тозаң мөлшері 4гм3 –тан аспауы қажет. Ол үшін ауа желдеткіштерімен сорылып фильтр, циклон секілді қондырғыларды тазартылып отырады.
Қырқу, тарау, тегістек, қағу операцияларына қылшық, жүн тозаңдары, кесінділер мен қиындылар жабдықтардың жұмыс орындарынан тікелей сорылып жиналып,темір орлар мен фильтрлерде жинақталынады.
Мез өндірісінде жүнді әрлеуде өте жағымсыз иісті, данссаулыққа залалды формалин, спирт, эфир ерітінділерін жағу арқылы жүргізілетін болғандықтан өндірістің бұл тізбегіне өте көңіл бөлу қажет. Әрбір жұмыс орнына жекелей ауа сорғыш қойылып желдеткіштер орналастырылып Жұмысшылар тыныс алу органдарын қауіпсіздендіру құралдарымен қамтмасыз етілу қажет. Соның нәтижесінде қоршаған ортаға, адамдар денсаулығына тигізер залалды төмендетуге болады.

10. МЕХ ЖӘНЕ ТОН ӨНДІРІСІНІҢ ҚОСЫМША ӨНІМДЕРІ
10.1Жүні түскіш қой терісін өңдеу
Мех бұйымдарына сұраныс арта бастағандықтан, табиға бұйымдардың бағасының өсуіне бпйланысты әлсіз жүнді қой терілерінің тондық және мехтық бұйымдарды өндірудің тиімділігі арта бастады.Соңғы кездерге дейін жүні әлсіз, қаракөл саулықтарының терілерін тек былғары өндірісінде ғана қолданылуы уақытылы консірвілемеуден, сақтау мен тасымалдау жағдайлары дұрыс жүргізілмегендіктен болған.
Жүннің былғары тканімен байланысының беріктік көрсеткіші 5х10мм2 аудандағы жүннің жұлынуына кететін күш 12Н кем болмауы қажет. Одан төмен болған жағдайда жүні сыпырылу үшін былғары өндірісінде жіберілетін.
Соңғы жылдарда жүннің беріктігін арттыру немесе түсуін азайту мақсатында күкірт қшқылын, формалин және натрий хлоридін қолдану арқылы жүргізілетін өндіріс тәсілдері жасалуында. Жүн жарамсыздары майсыздалынып тазартылып натрий сульфиті мен натрий карбонатының ерітіндісінде баркастарды 40 0С темпеарутарада өңделеді. Сонан соң ММ-2м шелдеу машиналарында жүні сыпырылып, 15-17%-тік ылғалдылыққа дейін кептіріледі.
Жүні сыпырылған ткані пикелдеу, илеу, майлау, сығу, кептіру, вофаланды бояғыштармен бояланып әрлеу операцияллары жүргізіледі. Бұндай өндіріс тәсіліме өңделген былғары жұмсақ біркелкі боядынып қалған тіккенге жақсы болып шығады. 30% ауданында жүні жақсы сақталынатын терілерді мех пен тон өндірісінде қолдануға болады.

10.2 Мех және тон өндірісінің қалдықтарын пайдалану
Бағалы мех және тон өндірісінң қалдықтары құнды шикізат болып табылады, сондықтан да оларды тиімді пайдалану өнімнің өзіндік құнын төмендетуге белгілі дәрежеде әсері бар.
Төменде қалдықтары мен қолданылу мүмкіндіктері келтірілген
Қалдықтар
Қолданылуы
Шел
Желім, техникалық май, мал азығы қоспалары алынады
Жүн
Баспа-киіз бұйымдарын өндіру
Қоян терісінің шелі
Музыка аспаптарын қолдану
Тері шикізат бөліктері
Желім, желатин,май жиналу
Дайын өнім кесінділері
Басқа өнім өндіру
Құйпық, қылшықтар
Сурет салатын аспаптар жасау
Шайынды су мен тұнбалар
Белокты, майлы заттар алу

Шелді өңдеу. Теріні шелдеу кезінде теріс асты майлы шел деп аталатын, қабаты бөлінеді. Шелді негізінен желі алуда қолданады. Шел желімі экстра, жоғарғы І, ІІ және ІІІ сортқа бөлінеді. Желім, ұнтақ, қабыршық және жалпақ плиткалар түрінда алынуы мүмкін. Шел желіміндемшірік иісті болмауы қажет. Төменде шел желімнің көрсеткіштері келтірілген:
Салыстырмалы жабысқақтығы,% 17,7
Ерігіштік,400С температурада,% 2-6
Мөлшері,% 17
Күл,жоғары көп емес болмау қажет,% 2-3,5
Желімдеу қабілеті,нсм2, кем емес 600-1000

Соңғы жылдарда синтетикалық желімдердің шығарыла бастауына байланысты шел желімнің қолдануы төмендей бастады.
Дегенмен, шел желімнің сапалы жоғары сорттылары әлі де кеңірек қолданылуда. Мех өнеркәсібінде алынған шелді май қабат құрамында қылшықтар мен майлы заттар кездеседі. Сондықтан шелді желім алумен бірге жүн мен майды да пайдалану қажет. Шелді өңдеу кезінде теңіз мысығы мен кеміргіштердің шелдерін басқа жануарлармен араластыруға болмайды,
Мех кәсіпорындары кейде шелді өздері өңдемей басқа жаққа жібереді. Бұл жағдайда шелді консервілейді,әк немесе антисептик ерітінлдісімен өңдейді. Ол үшін шелге (тығыздығы 1,07) әк ерітіндісінқұяды немесе шелдің үстіне қалыңдығы 8-10см құрғақ сөндірілген әк салады.
Кейде шелді кептіреді. Ол үшін 5-7см қалыңдықпен тақтайларға жаяды. Кептіру кезінде шелді толық кепкенше аударып тұрмасы біркелкі кеппегіндіктен иістеніп бұзылуы мүмкін.Жайып кептіруде көп орын қажет ететіндіктен арнайы кептіргіштерде де кептіреді. Кептірудің тиімді жағдайы:ауа температурасы 30-400с ауа ылғалдылығы 40-45%, ауа қозғалыс жылдамдығы 2мс процесс ұзақтығы 10-12 сағат.
Желім алу үшін шелді бірнеше рет өңдейді. Алдымен шелді турағыштарда майдалапр,, таза сумен барабандарда шаяды, содан соң босаңсыту үшін қышқыл ерітіндісімен өңдеп қайнатады. Қышқылмен өңдеуді 12-24 сағат аралығында 0,5гл күкірт қышқылы мен 1,5гл натрий гидросульфиті ерітіндісінде жүргізеді. Одан кейін қышқылды бейтараптау үшін сумен жуып, қайнатады. Қайнату желім алудағы негізі процесс болып табылады да түбі бөлшектенген кеспектерде жүргізіледі. Кеспектің қыздырылатын аспабы болады. Шелге 700С температураға қыздырылған су құйып алып, ауамен араластырып жүргізеді. Қайнату 5-6 сағатқа созылады. Концентрациясы 4-5 % болатын сорпаны құйып алып, шелді су қосып екінші рет қайнатады. Қойылған сорпаны сүзіп, тазартып, натрий гидросульфитімен түссіздендіріп, жалпық ыдыстарға құйып құяды. Салқындап жабысқақ біркелкі массаға айналған желімді кептіреді. Кептіруді 25-280С температурада жүргізеді. Кептірілген желім қаптарға салынады.Шелді қайнату тәсілімен желім алуда көп суда қайнатып кептіру қажет. Соңғы жылдарда шикізаттың құрамындағы ылғалды пайдаланып жабық ыдыстарда қойылатын ерітінді алу тәсілі қолданыоып келеді. Қоя ерітінді құрамында қажетсіз заттарды, майды сүзіп алып күкірт қышқылды алюминий немесе күкірт қышқылды алюминий немес күкірт қышқылды алюминийге фосфор қышқылын қосып түссіздендіреді. Майды әдетте бетін қалқып немесе ОС1-3 жабдығының көмегімен бөліп алады.
Тазартылған сорпаны қайнатып, қойылтып, кептіреді.Кептірілген желімді қондырғыларда көлденеңінен, тігінен тіліп қабыршақты желім алады.
Қайнатуды 2 105 Па қысыммен жүргізу тәсілі ұсынылған. Бұл кезде құрғақ қалдық 30-35%
Желім алудың өндірісте бұл айтылғандардан басқа да тәсілдері қолданылады.
Жүнді өңдеу. Жүн (әсіресе қойдың) мех өндірісінің құнды қалдығы Жүн мех өңдеудің әртүрлі операциялары мен процестерінде алынады:қырқу, кесу, тарау. Ең құндысы алғашқы қырқуда ұзындығы 35мм жоғары, кесуде 25-35мм
Қалдық жүндерді сұрыптап, кептіріп,түйіп дайындайды.
Қоян шелін өңдеу. Қоян шелі жұқа өте берік болады.Шелді барабандарда күкірт қышқылы мен натрий хлоридінің ерітіндісінде пикельдеп майлап, кептіріп, жұмсартады.
Алынған жұқа қабыршақ жұмсақ созылмалы ауданы 2-4дм2 кем болмауы қажет.
Қиындылар мен кесінділер өңдеу.
Өнімдерді пішу кезінде көптеген бөліктер (құйрық, бас аяқ терілері), ұсақ кесінділер қалады. Бөліктер ауданына және тері алынған жануарлар түріне қарай төрт топқа бөлінеді: ауданы 10-50см2 болатын қой, құлын ит терілері, ауданы 10-20см2 қозы, қоян, түлкі терілері, ауданы 4-10см2 болатын қаракөл елтірілері
Қалдықтардан құрастырылып әртүрлі өнімдер алынады. Ал өте ұсақ жарамсыз бөліктерді қышқылмен өңдеп жүні алынады.
Ланолин алу. Жуу мен майсыздандыру кезінде қой терілерінен көп мөлшерде май тектес заттар бөлінеді.Бұлардан тазартқан соң фармацевт өнеркәсібіне қажетті бағалы өнім, ланолин алынады.
Тазартылмаған ланолин қара-қоңыр жағымсыз иісті қоймалжың зат. Ланолин құрамы қойдың тұқымына оның алыну тәсіліне байланысты. Ланолиннің негізгі құрамдас бөлігі біратомды циклді спирттер (холостерин және изохолестерин)
Медицина тек тазартылған ланолин қолданылады.

Қолданылған әдебиеттер
16. Костылев. А.Ф Каспарьяниц С.А., Шкутов Ю.Г. товароведение и технология первичной обработки кожевенного сырья.- М.: Легпромбытиздат,1988,400с
17. Аронина Ю.Н, ТЕхнология выделки и крашения меха.-М.:Легпромбытиздат,1986,144с
18. Чацкий П.И Технология крашения меха ишубной овчины.- М.: Легкая индустрия,1980,234с
19. Естебесов А. Технология выделки меховых овчин.-Бишкек:,1993,42с
20. Справочник по меховой и овчинно шубной промышленности.Т.1.- М.:Легкая индустрия,1970,400с
21. Скорняжное дело.- М: Воскресенье,1993,338с
22. Симонов Е.А и др Обработка меховой и шубной овчины.- М.: Легкая и пищевая промышленность,1983,173с
23. Сташевский А.Н Основы выделки и крашения меха.Т.1-М.:,1935,245
24. Мәдиев Ө.Қ., Айтөленова Қ.Т Былғары және мех химиясы мен технологиясы.-Алматы: Білім баспасы 1995,320 бет
25. Бейсеуов К. Досхожаев Д.Т Дилдабек Д.С тері мен мех шикізатының және оның өнімдерінің қасиеттерін сараптау.-Алматы: тауар,1997,136 бет
26. Бейсеуов К Бейсеуов К. Досхожаев Д.Т. Дилдабек Д.С Былғары мен мех өндірісінің процестерін бақылау және қолданатын заттардың құрамын сараптау. – Алматы:Тауар,1997,128 бет.
27. Мәдиев Ө.Қ,. Айтөленова Қ.Т. Былғары және мех технологиясы. Орысша – қазақша сөздік. – Алматы: Білім,1990,104 бет
28. Стефанович И.П. технология меха.- М.:Легкая индустрия,1967,295с
29. Страхов И.П и др Химия и технология кожи и меха.-М.:Легпромбытздат,1985,485с
30.Григорьева Г.С., Васильева М.А. Влияние жировых веществ волоса на его свойства.-Научно-исследовательские труды ВНИИМП.1972,сб 19, С.53-57
31. Михойлов А.Н Коллаген кожного покрова и основы его переработки.-М.: Легкая индустрия,1971,525с
32. Чацкий П.И Технология крашения меха ишубной овчины.- М.: Легкая индустрия,1974,43с
33. ДуленовВ.С и др. Способы сушки пористых материалов. Автсвид N 488048-БИ. 1975 N38
34. Пурим Я.А Технология выделки пушно-мехового и овчинно –шубного сырья.-М.: Легкая индусртия,1974,223с
35. Каспарьянц С.А, Хлудеев К.Д Кожевенного сырья.-М.: Легкая и пищевая промышленность,1983,200с
36. Микаэлян .И.И Влияние биологических и технологических факторов на свойства кожевенного сырья и качества коди.-М.: Легкая индустрия,1978,165с
37. Шкутов Ю.Г, Костылев А.Ф Гистология и микробиология кожевенного сырья.- М.: Легкая индустрия,1980,152с
38. Соколов В.Е Кожный покров млекопитающих.-М.: 1973,78с

Мазмұны
Алғы сөз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
7. Терінің және оның жүн түгінің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
7.1. Тері тканінің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7.2. Жүн түгінің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7.3. Жүннің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
8. Мех өндірісінң шикізаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
8.1. Шикізаттарды сұрыптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
8.2. Жүн түгінің өзгермелілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8.3. Мехка арналған аң және үй жануарларының терісін бастапқы өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
8.4. Шикізат ақаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8.5. Шикізатты сұрыпта, сапасын анықтау және сақтау ... ... ... ... ... .
8.6. Шикізаттың кейбір түрлерінің сипаттамалары ... ... ... ... ... ... ... .
9. Аң терісі, мехтық шикізат, тондық қой терілерін өңдеудің негізгі принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9.1. Жалпы талаптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
9.2. Процестердің негізгі параметрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
9.3. Өңдеудің типтік схемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
10. Дайындық процестері мен операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
10.1. Жібіту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
10.2. Сығу мен қыртысын жазу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
10.3. Майдан арылту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
10.4. Механикалық операциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
11. Негізгі өңдеу операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
11.1. Пикелдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
11.2. Ашытқымен өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
11.3. Босаңсыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
11.4. Илеу туралы түсініктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
11.5. Илеуді іс жүзінде жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
11.6. Майлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
12. Ылғалды азайту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
13. Әрлеу операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
13.1. Мехты бояу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
13.2. Бояулар классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
13.3. Тотықтанатын бояғыштармен бояу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
13.4. Қара анилинмен бояу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
13.5. Кубтық бояғыштармен бояу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
13.6. Азобояғыштармен бояу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
13.7. Активті бояғыштармен бояу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
13.8. Протравты бояғыштармен бояу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
13.9. Дисперсиялық бояғыштармен бояу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
13.10. Механикалық жұмсарту (откатка) ... ... ... ... ... ... ... ...
13.11. Тері тканін әрлеу операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ..
13.12. Жүн жабының әрлеу операциялары ... ... ... ... ... ... ... .

14. Мехтық шикізаттарды өңдеу технологияларының қысқаша сипаттамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
14.1. Мехтық қой шикізатын өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
14.2. Тондық қой шикізатын өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
14.3. Қаракөл елтірілерін өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
14.4. Қоян терілерін өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
14.5. Қозы мен лақ түрлерін өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
14.6. Саз құндызының терісін бояу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
15. Қоршаған ортаны қорғау және өндірісте пайдаланылатын ауа мен шайынды суларды тазарту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
16. Мех және тон өндірісінің қосыша өнімдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
16.1. Жүн түскіш қой терісін өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
16.2. Мех және тон өндірісінің қалдықтарын пайдалану...
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...


Скачать


zharar.kz