Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар

Скачать

1-жаттығу
Мәтiннен туынды сөздердi терiп жазыңыздар. Туынды сөз бен
негiз сөздiң мағыналық байланысын түсiндiрiнiздер.
Өнер өзiнiң даму сатысында мифтiк идеялар, дiни ықпалдарға да түстi. Берi келе ғана ол қоғамдық, әлеуметтiк проблемаларды көтере
алатын биiк дәрежеге жеттi (Р.Н.). Ал иманы берiк адам ешбiр
қиянатқа, жамандыққа, жауыздыққа баспайды, сайтанның желiгiне
елiкпейдi, ала жiп аттамайды. Адамдықты арсыз, арбау дүниеден
ажыратып алар тек осы иман (Қазақ әдебиетi). Азулы ер, айшылық
жол өлеңiм бар, қаларсың түстiк жерде сiлең қатып (Ә.Найм.). Екi
батырды тұтқындап, өзiнiң баласы Бiршымбайды Алшағырға жұмсап,
қыпшақ елiн шауып ал деген жерден бастап, Көбiктi озбырлыққа
көшедi де, оның қайшылығы туады (Ә.Қ.). Жарлы емеспiн, зарлымын,
Оны да ойла толғанып, Жұртым деуге арлымын, Өзге жұрттан ұялып
(Абай). Аяғында жiппен, көк қайыспен шандып алған бұзаубас етiк,
үстiнде қазақы күпi, басында құлағы салбыраған қара құлақшын
(Ғ.М.). Бұзушы да, түзеушi де өзiммiн, Ендi, ескiлiк, келдiң өлер
кезiңе! (М.Ж.). Қайырымдылықты, мешiт құрылыстарын
қаржыландыруды, түрлi сектанттық әдебиеттердi таратуды желеу етiп
ортамызға енер дiни ұғымдар, әсiресе, Таяу Шығыстан көптеп
табылып жүр (Жас қазақ). Төргi үйдегi әкесiнiң сыбыры тоң
жермен жүрген аттың дүбiрiндей естiлiп жатыр (Ж.А.).

2 – жаттығу
Мәтiндегi туынды сөздердi сөзжасамдық тип бойынша топтап
жазыңыздар. Олардың жасалу жолын, мағынасын түсiндiрiнiздер
I
Жиналыс ондайларға көңiл аударған жоқ. Ерiнен айрылған
қайғылы әйел жүзiне бiр сәтте жымию пайда болған ғой, ғасырлар
бойы жұрт соның себебiн iздейдi екен. Суреттен көзiн аудармай
қадалған Еркебұлан суретшiлiк, ақындық өнерiнiң бiр биiк
тұрғысынан қарап отырып едi. Адам баласының әр күнi, әр сағаты бiр
қалыптан құйылып шықпайды. Әр күнi ылғи қуаныш, не ылғи қайғы-
мұң емес. Соған орай адамның мiнез сипаты да өзгерiп отырады.
Адам бейнесiн жасаудың бiр кiлтi осыған байланысты екен.
Сурет өнерiнен, ән мен күйден хабары бар ойлы ақын сол
айтыстардан өзi үшiн үлкен бiр байлам, үлкен бiр арман алып кетiп
едi. Күйiнiшi басылмаған мұңды әйелдiң жүзiндегi аз жымию суретшi
үшiн, ақын үшiн ең өзектi мәселе екен. Мұң мен жымию сияқты екi
сезiмнiң бiрiккен бейнесi. Ұлы суретшi соны ұстап қалған. Қайғылы
әйел бiр сәтке ғана, бiр сәтте ғана неден жымиды? Қалың қайғыны
жарып өтiп жүрегiне түсе қалған жарық елесi қайдан келдi? Белгiлi
жай, ауыр қайғыны айқайлап келген күш те, шақырая түскен жарық та
бұзып-жарып өте алмайды. Нәзiк күш, жарық елесi ғана жарып өтедi.
Жан-жүрекке сол елес сызықтай ғана жол салады. Қайғы жеңiлiп,
адам өмiрге оралады. Данышпан суретшi мұңды әйелдiң жүрегiне сол
сәуленi түсiрген... Жеңiл ғана желпiп қалған... Ақынның алып кеткен
арманы да осы едi (Ғ.М.).
II
Бiздiң жақта бiр жайсаң қарт болатын,
Қарт болатын өлшеусiз мәрт болатын,
Ұрттам шайды қонақсыз iше алмайтын,
Аттам жерге сенiмсiз ұша алмайтын.
Кенделiктiң азабын тартса дағы,
Пенделiктiң жiбiне тұсалмайтын.
Соқса да алдан ызғырық самал қатты,
Қарттың көңiл қамалын ала алмапты.
Жалғыз ұлы болыпты медеу еткен,
Бiрақ ол да соғыстан оралмапты.
Шарпыса да жылдардың өртi кiлең,
Мұндай қарттар өмiрдiң көркi бiлем.
Тұрып жатты Өзiнен дарқандығы
Кем түспейтiн ақ жарқын кемпiрiмен.
Тасқын күшi тағаты желкелеген,
Жеңiсiне жел күлiп еркелеген,
Ауылымызды қақ жарып,
Қасқасудың
Ерке өзенi жүйткитiн ентелеген (М.Ш.).

3-жаттығу
Төмендегi сөздерден сөзжасамдық тiзбек құраңыздар.
Бас, бақыт, аш, көр, сана, үй, бiл, ек, тiк, сапар, сыр, сыр, бiр, сат,
кес, би, ой, он, арман, қарқ, қиын, тер, тең.

4-жаттығу
Мәтiндегi туынды сөздердi сөзжасамдық мағыналары бойынша
топтастырып жазыңыздар. Олардың мағыналарын ашып,
түсiндiрiңiздер.
а) Әкем өз маңындағы елдiң ұрлығын қымтап, зорлығына
болысып, дауын даулап, жесiрiн жоқтап, шығынын реттеп, бiрдi бiрге
соғып жатады. Атқа мiнiп кетедi, үйде болса келген кiсiлермен
оңашаланып, сыбырласып жатқаны. Сөйтпесе, ел билей алмайды-ау
деп ойлаймын. Бiрақ оған артық араласпаймын. Ағаммен екеуi
тұрғанда, маған сөз не керек, өз ермегiм өзiмде (Ж.А.). Қызыл көз,
қасқыр жүз, қабылан азу, қара түндi Алтай аңғарынан үркiткелi,
қорғасын аспанға алтын айдай Күнiкей сұлуды өрмелеткелi,
күншығыс ұжымағы қызыл қақпасын ашқанда, Ақбiлек артына алақ-
алақ етiп жолға шықты. Белiнде – түндiктiң бауы, етегi -ышқырында,
қолында – түндегi сойылша.
Аспанның күн жақ туырлығы ақшыл тартып, тау бастары алтын
жалатқандай күлiмдеп келедi. Өлкеден ұшқан бозторғай тау
ағынының деңгейiнде қанаттарын қалшитып, Күнiкей сұлуды
мадақтап, тау-тастан беташар сұрады. Бозторғай-ау, көрiмдiктi
Ақбiлектен сұрасайшы (Ж.А.).
ә) Еркебұлан шынжырларын қатты күңгiрлетiп, терезенiң темiр
торын жұлқылай бастады. Төрт қырлы сом темiр былқ еткен жоқ.
Бөлме толы тұтқындар – немене, немене? десiп, бәрi де темiр
бұғауларын шалдыр-шұлдыр еткiзiп, терезеге ұмтылды. Ол екi арада
көзге iлiгер алаңнан жас қыз өтiп те кетiп едi.
Кең құлашты серпiндi ақын бостандық тақырыбын мың түрлi
сырға бояп, мың түрлi бейне арқылы берудi ойланады. Ендi бiрде
ақын ойы тағы да Монна Лизаға ауысып кетедi. Тереңдей берсең, бiр
мiнездi, ылғи бiр қалыпты адам болмақ емес. Леонардо де Винчи
жалғыз ғана сол суретiмен ақынға көп нәрсе айтып кеткен екен.
Қорқыныш пен ерлiк, мұң мен қуаныш қосақтасып, бiр бейнеге
сыйып тұрса, ақын үшiн бұл үлкен бақыт қой! (Ғ.М.).
б) Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар! Сонымен бiрге саналы
болыңдар! Ең алдымен еңбекшiл болыңдар! Еңбекшiл адам – ең
ардақты адам. Дүниедегi ең сұлу әйел – еңбекшiл әйел. Еңбекшiл әйел
ерге сүйiктi, елге сүйкiмдi, семьяға сыйлы. Ал қазiргi ең қымбатты
қыз – еңбекшiл қыз. Өңдi қыз өтiмдi қыз болғанымен, түптiң түбiнде
естi, еңбекшiл қыз ғана жақсы жiгiттi өкiндiрмейтiн ең асыл жар, жан
серiк дос бола алады. Қыздар! Ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ
болмаңдар, ұрысқақ болмаңдар! Инабатты болыңдар, iлтипатты
болыңдар, ұйымшыл болып өсiңдер! Өзара тату емес жандар өзге
жұртты жақсы көре алмайды. Оның бер жағында өзгелермен сыйыса,
сыйласа бiлмеген, жанындағы жолдастарымен ортақ тiл таба алмаған
жарытып қызмет те атқара алмайды...
Көрсе қызар болмаңдар! Қол жетпеске тыраштаңбаңдар! Құр
сәнқойлықтан сақтаныңдар! Сәнқой болғаннан шаруақор болған
әлдеқайда артық екенiн ойлаңдар. Сананы сәнге емес, сәндi санаға
бағындырыңдар! Саңлаусыз адам сәнқұмар келетiнiн есте ұстаңдар!
(Ә.Н.).
5-жаттығу
Төменде берiлген сөздерден сөзжасамдық ұя құрастырыңыздар.
Көк, жаз, қон, қамшы, бiл, салқын, қара, жал, көрiк, тап, сый, оқы,
норма, көр, орын, бас.


Скачать


zharar.kz