Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика пәні бойынша
№1 АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ
І нұсқа
1. Екі ойын тасы лақтырылды. Екі тастың түскен ұпайлар саны 6 дан кем болса, бірінші таста 2 ұпайдың түсу ықтималдығы қандай?
2. Урнада 5 ақ, 4 қара шар бар. а) кезкелген бір шар алынғанда, оның ақ болу қтималдығы; ә) кез келгени екі шар алынғанда: екеуі де ақ; ең болмағанда біреуі қара болу ықтималдығы қандай?
3. Әрбір тәжірибеде А оқиғасының пайда болу ықтималдығы 0,6-ға тең. 200 рет тәжірибе жүргізгенде А оқиғасының 125 рет пайда болу ықтималдығы қандай?
4. 9 студентті екі, үш және төрторындық 3 бөлмелерге қанша әдіспен орналастыруға болады?
5. Бернулли схемасы.
ІІ нұсқа
1. Тұқымның өніп шығу ықтималдығы 70% тең. 240 тұқымы бар партияның өніп шығу ықтималдығы жоғары мәнін тап.
2. Құрылғы тәуелсіз 3 элементтен тұрады. t мерзімде олардың істен шығу ықтималдықтары, бір біріне тәуелсіз, р1=0,1; р2=0,2; р3=0,3. t уақытта: а) барлық элементтің; ә) екі элементтің; б) бір элементтің; в) ноль элементтің істен шығу ытималдығы қандай?
3. Тұқымға арналған бидайдың дәндерінің ішінде 0,004% арамшөп дәндері кездеседі.Кез-келген 50000 дәндердің ішінде арамшөптің 5 дәні кездесетіндігінің ықтималдығы қандай?
4. Жәшікте 15 бірдей бұйым бар. Жәшіктен екі сапалы бұйым алудың ықтималдығы 415-ке тең.Жәшікте қанша сапалы бұйым бар?
5. Тәжірибе және оқиға.
ІІІ нұсқа
1. Ойын тасы 10 рет лақтырылды. 6 ұпайдың түсуі: а) екі рет; ә) сегізден көп емес; б)ең болмағанда бір рет болу ықтималдығы қандай?
2. Қайндай да бір бұйымды автоматты басып шығару кезінде, жеке бұйымның брак болу ықтималдығы тұрақты 0,05 тең. 1000 бұйымнан 40 брак шығу ықтималдығы қандай?
3. Жылдам атқыш қарудың жеке оғының тию ықтималдығы 0,75 тең. 300 оқ атқанда, 210 кем емес 230 артық емес оқтың нысанаға тию ықтималдығын тап.
4. Заводтан шығатын өнімнің орта есеппен алғанда 0,02 проценті жарамсыз бұйым.2000 бұйымды алып тексергенде жарамсыз бұйымдардың саны 3-ке тең болу ықтималдығы қандай?
5. Комбинаториканың элементтері.