Кабинет жабық

Скачать

Педагогикалық жағдаят - адамның тұлға ретінде қалыптасуын сипаттайтын, тұлғаның даму тетігін үлгілеуде ұстанымдық рөл атқаратын, жат көзге, әлемге байқала бермейтін тұлғаның меншікті өзіндік ортасы яғни, тұлғаның даму мехнизмін айқындауға ықпал ететін құрал екендігін байқатады.
1-жағдаят.Оқушының оқудағы жетістіктеріне көңілі толмайды, өзінің икемділігінен күмәнданады, оқу материалын түсініп, игеріп алатындығына көзі жетпейді, ол мұғалімге: Сіз қалай ойлайсыз, мен қашан да болсын сыныптастарымнан қалмай жақсы үлгеріп, оқып кете аламын ба?-дейді, Сіздің жауабыңыз?
Жауаптар:
1) Сенің икемділігің өте жақсы, мен саған үлкен сенім артамын.
2) Қане отырып әңгімелесіп, мәселені шешейік
3) Әрине, бұл туралы сен күмәнданбасаң да болады.
2-жағдаят.Сабаққа кіруге қоңырау соғылды. 8-ші сынып оқушылары кабинеттің алдында оқытушыны күтіп тұр. Кабинет жабық. Оқытушы келіп, кілтпен есікті ашайын десе, кілттің орны қағазбен бітелген. Оқытушы оқушыларға күмәнді көзқараспен қарап шығып: Бұл кімнің ісі, осылайша сабаққа кедергі жасайын дедіңдер ме?-деп өзінің наразы көңілін білдірді. Оқушылар сасып қалды, қарсыласайын деп еді, оқытушы тыңдамай одан әрі дауыс көтеріп кінәлай берді. Осы сәтте директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары келіп: Жамал Бектасқызы, кешіріңіз сәл кешігіп қалдым. Мен сізге басқа кабинет ашып берейін, себебі бұл кабинет сырланған еді, бөгде адам кірмеуі үшін мен кілт орнын әдейі қағазбен бітеп едім деді.
Сұрақтар:
1) Неліктен шиеленіс пайда болды?
2) Шиеленісті болдырмауға болатын ба еді?
3) Осындай жағдаяттардың дұрыс шешімін табу үшін, оқытушы қандай сапаларды игеру керек?
4)Бұл жағдайда сіздің әрекетіңіз?
3-жағдаят.Оқу жылы басталды. 6-шы сыныпта оқитын Арман әкесімен қыркүйектің басында, егер мен жақсы оқитын болсам, маған велосипед алып бересіз бе, деп келісті. Әкесі ойланбастан уәдесін берді. Арман жақсы оқуға тырысты, бірақ ол жақсы жетістікке әр түрлі әдістермен жетті. Математикадан көршісі Мөлдірден, басқа сабақты тағы басқалардан ұқыптап көшіріп алып жүрді. Әкесі Арманның күнделігін бақылап жүрді, бағалары дұрыс. Арманның әкесі уәдесінде тұрып, жазғы демалыс кезінде баласына велосипед алып берді.
Сұрақтар:
1)Сіз осындай екі жақты келісім шартқа қалай қарайсыз?
4-жағдаят: Сәкеннің ұялы телефонын Азамат сабақ үстінде алып ойнап отырады, мұғалім оны байқап, ұялы телефонды алды да тәрбие меңгерушісіне берді. Өйткені ол оқушының сабақ үстіндегі мұндай әрекетін басқа жолы да байқап, ескертулер жасаған болатын. “Сен үшін менің телефонымды алып қойды” деп екі оқушы қатты ренжісті. Ренжістің арты төбелеске алып келді.
• Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болар еді?

5-жағдаят:
Болашақ заңгер болғысы келетін оқушы химия сабағында Бұл пән болашақ мамандығыма еш қандай қатысы жоқ, маған керегі жоқ деп кітабын сумкасына салып қойды.
Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болар еді?

6- жағдаят:
Аманжол үнемі сабаққа ұқыпсыз келеді, шашы өскен, киімі үтіктелмеген, бірақ осы түріне қарамастан үнемі сабаққа дайындалып келуге тырысады. Оқушылар арасында ешқандай достары да жоқ, ешкіммен араласпай өз бетімен жүреді
• Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болмақ?


Скачать


zharar.kz