Карточкаларда берілген тапсырмаларды орында

Скачать

Санды талдау схемасы

1) Санды оқыңдар 9 409 (тоғыз мың төрт жүз тоғыз).
2) Әр разрядтың және әр кластың бірліктер санын атаңдар (I разрядтың 9 бірл., немесе 9 бірл.; III разрядтың 4 бірл., немесе 4 жүзд.; IV разрядтың 9 бірл., немесе 9 мың.; I кластың 409 бірл. және II кластың 9 бірл.).
3) Әр разрядтың бірліктерінің жалпы санын атаңдар (9 409 бірл., 940 онд., 94 жүзд., 9 мың).
4) Санды разрядтық қосылғыштардың қосындысымен алмастырыңдар (9409 = 9000 + 400 + 9).
5) Санағанда берілген санның алдында аталатын санды және санағанда берілген саннан кейін аталатын санды атаңдар (9408, 9410).
6) Берілген санда канша разряд болса, сонша разрядтары болатын ең кіші және ең үлкен сандарды атаңдар (1000, 9999).
7) Берілген санды жазу үшін небары неше цифр қажет болғанын және олардың ішінде әр түрлі цифрлар нешеу екенін көрсетіңдер (небары 4 цифр, әр түрлі 3 цифр).
8) Берілген санның барлық цифрларын пайдаланып, ең кіші және ең үлкен сандарды жазыңдар (4099, 9940).

б) Карточкаларда берілген тапсырмаларды орында.


Скачать


zharar.kz