Жеке тұлғалардың мүлік салығы

Скачать

Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылады.
Мыналар жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды:
1) мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мерзімді қызметтен өту (оқу) кезеңінде;
2) салық салу объектілерінің бір мың айлық есептік көрсеткішке тең құны шегінде:
Кеңес Одағының Батырлары және Социалистік Еңбек Ерлері;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар;
“Халық қаһарманы” атағын алғандар;
үш дәрежелі Даңқ орденінің және “Отан” орденімен наградталған адамдар;
“Ардақты ана” атағын алған және “Алтын алқа” атағымен наградталған көп балалы аналар;
1және 2 топтағы мүгедектер және жеке тұратын зейнеткерлер.
Осы аталған адамдар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша салықты осы тауарды белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді.
Жекеленген жағдайларда салық төлеушілерді анықтау.
Салық салу объектілерін меншік иесі сенімгерлік басқаруға немесе жалға берген кезде салық салу объектілері меншік иесінің келісімі бойынша сенімгер басқарушы немесе жалгер берілген объектілер бойынша салық төлеуші болуы мүмкін.
Бұл реттегі сенімгер бақылаушының немесе жалгердің салық төлеуі салық салу объектілері меншік иесінің осы салық кезеңі үшін салық міндеттемесін орындауы болып табылады.
Егер салық салу объектісі бірнеше тұлғаның ортақ үлестік меншігінде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеуші болып танылады.
Бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша өздерінің арасындағы келісіммен осы салық салу объектісі меншік иелерінің бірі салық төлеуші бола алады.
Салықсалу объектісі .
Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мынадай объектілер:
1)Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй- жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар үй- жайлар;
2)Қазақстан Республикасының аумағындағы аяқталмаған құрылысы объектілері- қоныстану (пайдалану) кезінен бастап жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу объектісі болып табылады.
Салық базасы.
Әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілеттік орган белгілейтін салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін салық базасы болып табылады.
Жеке тұлғалардың салық салу объектілерінің құнын анықтау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Егер салық кезеңінің ұзақтығын он екі айдан кем болса салық базасы салық салу объектісінің құнын 12 –ге бөлу және салық кезеңіндегі айлар санына көбейту арқылы есептеледі.
Бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші бір жеке тұлға болған жағдайда, салық базасы әр объект бойынша жеке есептеледі .


Скачать


zharar.kz