Бағдарламалап оқыту технологиясы
Дәстүрлі оқытудың кейбір кемшін жақтарын бағдарламалап (жоспарлап) оқыту технологиясы толтырады. Бұл технология XX-ғ. 60-шы жылдары педагогика, психология, кибернетика ғылымдарның тоғысында пайда болды. Оның негізіне оқыту туралы үш ұғым- 1)оқыту-басқару үрдісі ретінде;2)ақпараттық үрдісс;3)жекелендірілген үрдісс ретінде алынған.
Бағдарламалап (жоспарлап)оқыту-оқыту бағдарламасына негізделген. Бұл бағдарламада 1)оқу материалының өзі; 2)оны меңгерудегі оқушының іс-әрекеті; 3)меңгеруді бақылау формасы қатаң жүйеге келтірілген. Оқу материалы бірнеше шағын бөліктерге бөлінеді, әр бөлік логикалық тұрғыдан аяқталған. Студентбір бөлікті меңгергеннен кейін бірнеше вариантта құрастырылған бақылау сұрақтарына жауап береді. Жауап дұрыс берілсе, тапсырманың келесі бөліміне көшіріледі, дұрыс берілмесе материал қайталанып беріледі. Жоспарлап отырудың негізін салушы АҚШ ғалымы Скинер бұл технологияның негізін екі талапқа сай құрған:
1. Жай бақылаудан өзін-өзі бақылауға көшу
2. Педагогикалық жүйені оқушының өз бетімен білім алуына бейімделу.
Бұл әдіс бір бағытты деп ааталады.
Келесі әдістің авторы да-американдық ғалым Краудер. Әдіс –көптармақты деп аталады. Бұл бағдарламада студент қойылған мақсатқа өз жеке басы ерекшеліктеріне сай түрлі жолдармен жетеді. Студент бақылау сұрақтарына берген жауаптарына сәйкес не келесі бөлімге, немесе сол бөлімнің тағы бір тармағына (вариантына) көшеді. Тармақтар бірнешеу болуы мүмкін. Белгілі бір тармақты немесе бұтақты өткеннен соң студент бағдарламаның негізгі діңіне қайтып оралады. Дайындық деңгейіне, табиғи қабілетіне қарай тек қана діңмен жұмыс жасайтын студенттер де болады, ал әлсіздері тармақтарға ауысып отырады. Бірақ барлық жағдайда да нәтиже-студенттер берілген білім көлемін толық меңгеріп шығады.
Үшінші әдіс-бейімдендірілген (адаптациялық) деп аталады. Мұнда студенттің қиынырақ немесе жеңілірек тармақтарға ауысуына мүмкіндіктер қарастырылған. Қай тармаққа көшетіні студенттің алдыңғы жауаптары мен жіберген қателіктеріне байланысты. Студенттің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне қарай ақпаратты беру тәсілдері, күрделірек деңгейі, сұрақтардың қасиеттері өзгертіліп отырады.
Жоспарлап оқытудың негізгі принциптері мен жетістік жақтары:
1. Оқу материалының мөлшерленіп берілуі;
2. Студерттердің өздігінен белсенді жұмыстануы;
3. Студенттердің материалды меңгеру деңгейінің үнемі бақылауда болуы;
4. Оқыту типінің және оқу материалдары көлемінің жеке бас ерекшеліктеріне сәйкестігі;
5. Оқытудың автоматтандырылған техникалық жүйелерін қолдану мүмкіндігі.
Жоспарлап оқытудың шығуы оқытуда техникалық құралдарды қолдануға және оларды жетілдіре түсуге жағдай жасады. Жоспарлап оқытудың басты міндеті-автоматтандырылған дағдыларды және мықты білім мен біліктерді қалыптастыру.
Бағдарламалап (жоспарлап) оқытуды компьютер көмегімен жүргізу.
Бағдарлап оқытудың екі әдісі бар: машина көмегімен және дәстүрлік әдіспен.
Дәстүрлік әдісті қолданғанда оқыту бағдарламалары, оның құрамындағы блок материалдары мен тест сұрақтары баспа қағаз түрінде беріледі. Кеңес дәуірінде компьютердің әді дами қоймаған кезде соңғы әдіс көп қолданылды.
Бүгінгі күні бағдарламалап оқыту компьютер көмегімен жүзеге асырылып отыр. Енді осы жүйені қарастыралық.
Шын мәнісінде бұл оқыту жүйесін компьютермен жүргізу өте тиімді, себебі оның көмегімен оқушының кез-келген сұраққа берген жауабы тез арада өңделіп, нәтижесі электронды түрде басылып шығады. Оқу үрдісінің дидактикалық мүмкіншіліктері де кең ашылады.
Жоғарыда көрсетілген блоктық бағдарламалап оқытудың сұлбасы компьютер көмегімен мына принципте жүзеге асырылады.