Ойдың тілі сөз

Скачать

Тақырыбы: Шет тілін оқытудың психологиясы

Елбасы  жолдауында кез – келген орта  санатты  мектептің  балаларының  ең жоғарғы  деңгейдегі  шет тілін  оқып  үйренуіне жағдай  жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз  керек  делінген. Жалпы  орта  білім  беретін  мектептерде қазіргі  таңда  шет тілін  меңгертуге аса мән беріліп  отыр. Қазақстан Республикасындағы ең  бірінші  кезекте тұрған тіл саясаты туралы  басты  мәселе мемлекеттік  тілді  еркін меңгерту,шет тілін  меңгертудегі  басты  мақсат – білім алушылардың  сапасын  халықаралық  стандартқа сай  көтеру. Бұл үшін жетілдірілген  әдіс  шетел  ғалымдарының іс-тәжірибелерімен  танысу қажет екендігі   ешбір  дау туғызбайтыны белгілі.
12 жылдық білім  беру  мазмұнының  негізгі  мақсаты  қарқынды  дамып  келе  жатқан өзгермелі  қоғамда  өмір  суруге  икемді,білімді,қабілетті жеке  тұлғаны  қалыптастыру,оның болашақ кәсіби  бағдарын айқындауына  игі  ықпал ету болып табылады.
Бүгінгі  күні  елімізде 12 жылдық  білім  беруге  көшу қызу  пікірталас туғызуда,оқытудың  жаңа  жүйесіне  көшу-әлемдік білім кеңістігіне  енуді  көздейтін заман талабынан  туындаған  мәселе.12 жылдық  оқу  мерзімінде  оқытуда  жалпы  орта  білім  беру  мазмұнында қазіргі  білім  беру  салалары сақталады: тіл мен әдебиет.
Қазақстанның  білім  беру  жүйесінің  әлемдік білім кеңістігіне  біртіндеп  өтуі  жағдайында  шетел  тілдерін  оқытудың ролі  артады.Әрине 12  жылдық  білім  беру  жағдайында ағылшын тілін  оқыту  әдістемесінің  бірі  ойын  элементтерімен іс-әрекеттер арқылы оқыту.Ойын  элементтері оқытудың  бір түрі  болып  табылады.Бұл әдістің  тиімділігі  оқушылардың  белсенділігін  пәнге  деген қызығушылығын ,ынтасын арттыруында  болып  табылады.
Оқудың  алғашқы  кезінде оқушының  тілдік  материалдарды жеңіл  меңгеріп кетуіне  көмектеседі.Ойын  түрлерін дұрыс   өткізілген   сабақта  оқушылардың  тілді  үйренуіне  ынтасы  артып,сол  тілді  білуге  қызығады.
Оқушының  шаршауын  сейілтіп,қызығушылығын арттыратын тек  ойын  элементтері  болып  саналады.Ойын  оқушыны бірігіп  жұмыс  істеуге бағыт  береді,іздендіруге  дағдысына  қалыптастыруына  мүмкіндік  туғызады.
Ағылшын  тілін  оқытуда ойын  түрлерін  мынадай  мақсатта қолдану  тиімді.
1.Алфавитті  дұрыс  меңгерту
2.Орфографияны  дұрыс   оқыту
3.Дұрыс   оқу  дағдысын қалыптастыру
4.Лексиканы  меңгерту
5. Оқушылардың  ойын  дамыту, дұрыс  жазу, дұрыс  айту,дұрыс  білу дағдысын  қалыптастыру.
Оқушыларды  шетел  тілінде  сөйлеуге  қарым-қатынас  жасауға  шет тілін  әрбір  мұғалім  өз  сабақтарында  жаттығудың  бір  түрі  ретінде  ойындарды қолданылып,сабақты  қызықты  өтуге, оқушылардың тілге  деген  қызығушылығын  арттыруға  білім  деңгейін  тексеру  құралы  ретінде  пайдалануға  болады.
Таңдап  алынған  ойындар оқушылардың  сөз  байлығына ,тіл  қорына  сай  болу  керек.Мұғалім кез-келген   ойынды  өткізу  үшін  алдын-ала  жоспар құрып  алуы  керек. Сонымен бірге мұғалім ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарын біліп орындауы тиіс.
Ол әдістемелік  тұрғыдан  алғанда   мынадай  бөліктерден  тұрады:
1.Ойынның  өтілетін сабақтарының  мазмұны мен  тақырыбына  сай  болуы.
2.Ойынға  берілген уақытты  нақты  белгілеу.
3.Ойынның ойналу  түрі  топ  болып  ойнау.
4.Ойынға  қажетті  материалдардың түгел  дайындалып қойылуы.
5.Қолданылған  сөздер,сөз тіркестері,олең таңдау
6.Ойындардың  өту  барысының  жоспарын  жасау.
Мұғалім  алдымен оқушының оқуға  қызығушылығын ояту қажет. Оқушының қызығу жәрдемімен  оқып үйрену барысында қабілеті  ашылып, дарыны  ұшталады, өз күшіне  мүмкіндігіне  сенімі  артады,кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие  бола бастайды.
Қызығуды  туғызу  үшін  ойын  түрлерін  пайдаланудың  орны  бөлек. Тиімді  пайдаланылған  ойын түрлері мұғалімнің  түсіндіріп  отырған материалын  оқушылардың зор ынтамен  тыңдап  берік  меңгеруіне  көмектеседі. Өйткені  төменгі  сыныптағы  оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап  отрады. Қызықты  ойын түрінен кейін  олар тез  серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы  орындайтын  болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады.
Сонымен  бірге сынып ішінде ойнайтын ойындар мен іс-әрекеттер  арқылы да оқытуға  болады.Біз  сынып ішінде  ойындарынды қашан қолдануымыз керек.Мысалы  сабақ үстінде  жаңа  сөздерді қайталау үшін,отілген жаңа  сабақты  еске  түсіру  үшін қолданған жөн.
Сынып ішінде  мынадай  ойындарды ойнауға  болады:
What’s  in the  bag?
Around  the  world
Board Race
Order Race
Question race
Bingo
Go fish ойындарын қолдануға  да болады. Бұл ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің  жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін  меңгеруіне  көп көмектеседі.
Ойындар оқушылардың танымын, ақыл–ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып,олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша  алған  білімдерін тереңдете түсуді,әрі пысықтауды  көздейді.Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта –ықылыас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін,ойлау қабілеттерін дамытады.  Ойындар арнайы  мақсатты көздейді  және нақты  міндеттерді шешеді.
Ойынның мақсаты бағдарламада  анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, және тиянақтау  және  пысықтау немесе  тексеру сипатында болып  келеді. Ойынның міндеті  баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін  арттыру  мақсатында  іріктеліп  алынған нақты  мазмұнымен  анықталады.
Ойын ұғымына түсінік берсек, бұл баланың мінез –құлқына өзі  басқарумен қатар топпен жұмыс жүргізе білу  әрекеті, ол баланың бір-біріне көмектесу, тез ойлау қабілетін, алға ұмтылу ісін дамытады. Сондықтан бағдарлама бойынша бекітілген оқыту үрдісінде  ойын түрлерін сабақ үрдісінде үнемі  пайдаланып  отыру  керек.
Ағылшын тілі пәнінде көбіне рольдік ойындар, грамматикалық ойындар, танымдық ойындар қолданылады.   Ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге  адамның өмір сүруінің маңызды  бір түрі. Іс-әрекетті  кесте  түрінде қарастырсақ,оқушының белсенділігімен білім  сапасын көрсетеді.
 
Білім алумен                               Баланың дене         Оқушылардың қызығуы  артады
біліктілік оқушының          қозғалысы жақсарады                Топпен жұмыс  істеуге
дағдысын                                 Баланы еңбек етуге                 дағдыланады.
қалыптастырады.                    талпындырады                           Танымдық әрекеттерді
Ұйымшылдық қабілеті                                                                жетілдіреді.
артады.                                                                                      Ойлау қабілеті артады,
дамиды.
Осы  іс – әрекеттер  арқылы  оқушыларды   оқытуға да  болады. Іс-әрекеттің мынадай  түрлеріне  тоқталсақ:
Matching
Categories
Fill in the  blanks
Dialogues
Drawing
Singing  осы іс-әрекеттің түрлерін сабақ үстінде  қолданса өте тиімді нәтиже береді.
  Ойынның өзіне тән мотивтері болады. Мысалы: мазмұндық, рольдік ойындар баланың зейінін есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда  зор маңыз атқарады. Ойын әсері  арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатындығын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой  ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырылығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін дамытады. Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде сабақта пайдаланылатын танымдық ойындар, сөздік ойындар жан-жақты  дамытып білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойын  түрлерінің  материалдары  сабақтың  тақырыбы   мен   мазмұнына   неғұрлым  сәйкес  келсе,   оның  танымдық,   тәрбиелік    маңызы  арта   түседі.  Оны  тиімді   пайдалану   сабақтың  әсерлілігін,  тартымдылығын  күшейтеді, оқушылардың   сабаққа  ынтасы  мен  қызығушылығы  артады.
Ойын  сабақтың  әр  кезеңдерінде,  тақырыбына   қарай   мұғалім   өзі   таңдап алып,  қолданып     отырады.  Сондықтан  осы  баяндамада    тілді   меңгерту  мақсатында   сабақта   қолданылатын   түрлі  ойындармен   таныстыра  кетуді  жөн  көріп  отырмын.
1.What’s  in the  bag? Сумкада  не бар ойыны.
Мұғалім алдымен  балаларға  бір сумка алып келеді. Балалардан сұрайды. Балалар сумкада  не бар? Балалар  ішінде  дәптер, қалам, кітап бар деп айта бастайды. Мұғалім бұл ойынды сабақ соңында  қолданса  болады. Әсіресе  жаңа  сөздерді  еске түсіру үшін қолдануға  болады. Мұғалім сумканың ішіндегі  заттармен таныстырады.Сумкада не бар? Мұғалім оқушылардан  What’s this? Сұрағы арқылы затты  көрсету арқылы сұрайды. Мысалы:  Pen, copybook, pencil, ruller, rubber  деп көрсетеді. Сосын оқушыларға жеке-жеке  қайталатады.Сөздерді  ұмытпау  керек. Сосын оқушыларға  сумка ішіндегі  заттарды  таратып беріп,оқушылардан осы заттарды мына сұрақ арқылы сұрауға да болады.Мысалы: Who has a  pencil? Who has a ruller? Жауап бергенде оқушылар кімде  екенін табу керек.Оқушылар тапса  Janar  has  a  pencil деп табу керек. Бұл ойын оқушының  абаққа  деген қызығушылығы артып, сөздік қорлары  молайып, есте сақтау  қабілеті артады.
2.Board race  Тақта  сайысы  ойыны
Бұл ойынның шарты:
Мұғалім  оқушыларды екі  топқа  бөліп,ойынның ережесімен таныстырады.Бұл ойында мұғалім  түстер,сандар,сөздер айтады сол айтылған  сөздерді,сандарды оқушылар қатесіз  жазу керек.Келесі  оқушы әрі қарй жалғасын  жалғастырып отырады.Соңында  оқушылардың жазғанын тексеріп қателерін жөндеп қай топтың жеңгенін анықтайды.Мысалы:
 
P-1                                                       P-2
Red                                                         Red
Ten                                                                Ten
Stone                                                     Stone
Winter                                                     Winter
Book                                                       Book
Осылай  рет-ретімен оқушылар жалғастырып болған соң қателерін жөндеп  қай жақтын жеңгенін  айтады. Бұл ойында оқушылар  шапшаңдықты, дұрыс жаза білуді,есте сақтау  қабілеттері  артады.
3.Question Race  Сұрақтар  сайысы
Бұл ойынның шарты:
Мұғалім сол сабаққа  қатысты  сұрақтар қойылады. Осы  сұрақтар  оқушыларға  таратылып беріледі. Оқушылар  сол сұрақтарға  дұрыс жауап  беру  керек. Мысалы  жыл мезгілдерін  өткен  кезде суреттер арқылы да  мынадай  сұрақтар  арқылы  қолдануға  болады.
1.How  many seasons are there in a year?
2.What  are  they?
3.How  many  months  are  there in a  year?
4.What are  they?
5.What season is it  now?
6.What month is it now?
7.How many days are  there in a week?
8.What  are they?
Осы  сұрақтар  арқылы  оқушылардың сөйлеу қабілеттері  артып,сөздік  қорлары  молайып,сабаққа  деген қызығушылығы  артады.
Қорыта келгенде, оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану біріншіден, оқушылардың білімін  берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын көтеру болып табылады. Ойын түрлерін пайдалану мынадай нәтижеге жеткізеді.
Нәтиже
1. Әр оқушының шығармашылығы  артады.
2. Жылдам жұмыс істеуге  дағдыланады
3. Оқушының жеке қабілеті  анықталады
4. Оқушы топ жаруға  ұмтылады.
5. Оқушының ойлау қабілеті дамиды
6. Әр оқушы өз деңгейінмен бағаланады.

Тақырыбы: Психологизация және тілдік білімнің қазіргі үрдістері.

 Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.
Тілдің адам өміріндегі ең шешуші рөль атқаратыны әркімге де түсінікті. Ол танудың, түсінудің, дамудың құралы.
Көп тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады.
Қазақстан Республикасының шетелдермен халық-аралық байланыстары күннен-күнге арта түсуде. Сол байланыстарды дамыту үшін шет тілін білетін мамандар қажет-ақ.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауындағы білім беру жүйесінде үш тілдің  - мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін және әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген, бәсекеге қабілетті маман даярлау міндетін атап көрсеткенін білеміз. Бұл дегеніміз оқу орындарына жаңа міндеттер, жаңа талап, жаңа мақсаттар қойып отыр дегенді түсіндіреді. Негізгі мақсаты – өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым – қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген  полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыру. Тек қана жоғары оқу орындарында ғана емес, сонымен  бірге, мектептерде де көптілді білім беру үшін тілді терең меңгерген мұғалімдер дайындау жұмысы да дұрыс шешілуі тиіс. Бір жағынан мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейту бізде шешімін таппай жатқан мәселе. Ол ұлттық келісім  мен қазақстандық  патриотизмді нығайтудағы рөлін арттыру ең басты мәселелердің бірі. Орыс тілінің лингвистикалық белсенділігін сақтау және ағылшын тілін жаhандану экономикасындағы ғылыми – ақпарат алудағы желісін кеңейту  негізгі тақырыбына айналды.
Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару - біздің казіргі кездегі міндетіміз.
Қазіргі кездегі жаңа білім саласына қойылатын талап, жас маманның кәсіби білімділігін, біліктілігі мен дағдысын қойып отыр.
Мектептегі білім беру міндеттерінің негізгілерінің бірі – оқушыны шынайы әлем жағдайындағы өмірге дайындау.
Қазіргі кезде оқушыларға ағылшын тілін оқытудың әртүрлі деңгейлеріне сәйкес оқытудың жаңа технологияларын, ақпараттық және компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктері жасалған. Шетел тілін оқытуда лингафондық құрал-жабдықтар, аудио, видео кешені – оқушылардың ауызша және жазбаша  аударудағы білім жетілдіру, сөздік қорын қосымша жаңа сөздермен байыту, толықтыру, ой-өрісін дамыту мақсатында қолданылады. Сондай-ақ оқыту процесінде мультимедия бағдарламасының көмегімен, ғаламтордан алынған әлемдік жағдайлар, педагогикалық технологиялардың  түрлі әдіс – тәсілдері, комуникативтік бағыттағы оқыту элементтері кең қолданылады. Тілге байланысты оқу процесінде жүйелі жетілдіру жұмыстары жүргізіліп отырады, атап айтсақ ашық сабақтар, пікір-сайыстар, семинар, конференциялар, практикалық сабақтар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, өзара сабаққа қатынасып талдау, оқушылардың зерттеу жұмысымен айналысулары, сонымен қатар студенттердің жеке ізденіс жұмыстарына басшылық ету.
Қазақстанның болашағы көптілді білім берумен қатар 12 жылдық білім беру саласында осы мақсатты жүзеге асыру  мәселесі болып саналады. Сондай-ақ  12 жылдық білім беру үлгісіне ауысу мұғалімнен инновациялық, шығармашылық тұрғыдан ойлауды талап етеді. Кәсіби педагогикалық шеберлікті, шынайылықты талап ететін қазіргі заманда ұстаздың әрбір ісін, жоспарын мұқият зерделеуін қажетсінеді. Яғни жаңаша білім беруде  оқытушыларға қойылатын талаптар. Сондықтан көптілді білім берудің мақсаты:
-         әлем бірлестігінің жағдайында бәсекеге түсе алатын көптілді тұлғаны дамыту.
Міндеттері:
-         әр оқушының жеке қабілеттерін көптілді дамытуды қамтамасыздандыратын жағдай жасау;
-         әртүрлі деңгейдегі мәселелерді шешуге бағытталған оқушылардың жобалары.
Күтілетін нәтиже:
Көптілді меңгерген, өзін-өзі әлеуметтік  және кәсіби билеуге, өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге қабілетті тұлға. Бүгінде елімізде ағылшын тілді мамандарды даярлау ісіне ерекше мән берілуде. Алайда, бізде қазақ және орыс тілдерін игеру сияқты ағылшын тілін үйрену, сондай-ақ осы тілде сабақ беруде көптеген кемшіліктер бар. Оның салдарын барлығымыз сезініп отырмыз. Көптілді білім беру жүйесі аясында білім саласындағы оқу-әдістемелік құралдар қайта қарастырылады. Себебі осы саладағы ағылшын тілін оқыту жұмысы әлемдік талапқа сай емес. Осыған байланысты келешекте осы мәселені шешу үшін нақты іс-шаралар өткізілу керек. Сондықтан жоғары білім беруді жаңартудың негізгі құжаттарында ең негізгі мақсат  білікті маман даярлау деп көрсетілген болатын. Ол жауапкершілігі мол, өз мамандығы бойынша халықаралық стандарт деңгейінде тиімді іс-әрекетке қабілетті болуы, кәсіби деңгейінің өсуіне ынталы болуы, әлеуметтік және кәсіби бейімділігі жоғары, үш тілді: мемлекеттік тілді-қазақ тілін, ұлтаралық қатынас құралы ретінде орыс тілін, дүниежүзілік экономикалық кеңістікке кірігу тілі ретінде ағылшын тілін еркін меңгерген тұлға болуы тиіс. Бұл міндетті шешудің маңыздылығы Қазақстанның жаhандану жағдайында ұлттық білім жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ұмтылысымен анықталады. Оның жүзеге асырылуына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Тілдердің үш тұғырлылығы мәдени жобасы септігін тигізді деп айтар едім. Қазақстандықтардың үш тілді еркін меңгеруі туралы идеяны тәжірибе жүзінде іске асыру бүгінде отандық мектептен маманның шығармашылық өзін-өзі жетілдіру саласын дамытуға, мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің
барлық саласында қызмет етуін қамтамасыз етуге, оның ұлтаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығыйту факторы ретіндегі рөлін арттыруға, орыс тілінің лингвистік белсенділігін сақтауға және ағылшын тілін ғылыми ақпарат пен жаhандану экономикасына сәтті кірігу тілі ретінде енгізу бағытталған көптілді білім беруді енгізуді талап етеді. Бұл мәселенің бүгінде мемлекеттік деңгейде талқыланып, білім реформалары аясында қарастырылып отырғандығы қуантады.
Қазіргі таңда оқушыларға компьютермен, интернетпен,,интербелсенді тақтамен сабақ өткізу толығымен жолға қойылып отыр. Көптеген мұғалімдер осы уақытқа дейін техникалық құралдармен сабақ өтіп, оның қаншалықты тиімді екенін дәлелдеді.
Компьютермен сабақ өткізу арқылы оның қолданылуын үйрене отырып телесабақтарды тың, жаңа деңгейде өткізуге, оқытушы  мен оқушының қарым-қатынасының педагогикалық және методикалық тұрғыдан сараланып алынған алуан түрлі қызмет түрлерінің қолданылуы жүзеге асады. Компьютерді қолдану барысында өздерін қызықтыратын әр түрлі мәселелерді шешуге болады және талқылайды. Компьютермен бала жазады,оқиды,түрлі тестер орындайды. Техникалық құралдарды пайдаланудың ең тиімді жағы уақытты ұтасың, дәл, тиянақты оқу-материалдарын алдын-ала дайындап, оқушыға беріп отырсаң өзінен-өзі жасауға тырысады, қызығады, жасамай,үлгермей отырған оқушы болмайды, себебі оның алдында бәрі дайын тұр. Сонымен қатар мұғалім қазіргі мектептегі ақпараттық құралдарды жетік меңгеру, Power Point, Active Studio бағдарламаларымен жұмыс істеп қана қоймай үнемі интернет жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерді өзінің кәсіби шеберлігіне қолдана білу, білім кеңістігін кеңейту, ашу бағытындағы өзгерістер мен әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге талпыну керек. Соңғы кезде уақыт көрсетіп отырғандай, мұғаліммен салыстырғанда оқушыда көп ақпарат болатыны кейінгі көрсетілген тәжірибелер дәлелдеп отыр. Сондықтан әрбір мұғалім өз қызметіне ақпараттық  технологияны пайдалана білуі кажет. Бұл мәселе білім беруді ақпаратттындырудың қажетті шартына айналып отыр.
Қазіргі кезде адамның кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық және танымдылық деңгейіне өмірдің өзі биік талаптар қойып отыр.
Қорыта айтатын болсақ,  көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру  тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек. Бұл оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.

Тақырыбы: Сөздің дамуы

Адам озінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. Бүл үшін сол ұлттың, тілдің грамматикалық ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады.
Адам баласының сана-ссзімінің дамуьшда дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялык өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатьн қабілетке ие болды. Сөйлеу адам санасының басты белгісі. Ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан куаты. Сөйлеу мен сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысы қоғамдық-әлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз қажет. Сана мен тіл адамзат қоғамының тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айналысуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтижесі.
Тіл, сойлеу ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды рөл аткарады. Сөз ойлы да, мәнерлі де болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді сөзі мірдің оғын-дай екен дейді. Ескі қазақ жүртының ғүлама ғалымы Жүсіп Баласағұн Ақылдың көркі тіл, тілдің көркі сөз деп тауып айтқан. Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшелерінің игілігіне айналады. Ал жеке адамның жеке санасы да сыртқы ортаның ыкналымеп, оқу-тәрбие процесінің әсерінің нәтижесінде үздіксіз дамып отырады. Бүл екеуінің дамуы бір-бірімен шарттас. Адамдардың арасында қатынас құралы ретінде тілдің қызмет атқаруы, оның негізгі қызметі. Тіл сондай-ақ, адам сана-сезімінің, психологиясының көрсеткіші де. Тіл адамды қимыл-әрекетке де итермелейді. Бұл оның атқаратын екінші қызметі. Тілдің бұл екі қызметі өзара тығыз байланыста болады. Олар үнемі қатарласа, бірі екіншісін демеп, кейде қарама-қарсы бағытта жүріп отырады. Мәселен, Мүғалім келді деген сөйлем-де мұғалімнің келгені жөнінде айтылса, мүғалім келді ме? деген сөйлем екінші бір адамды осыған жауап қайтаруға мәжбүр етеді.
Әрбір адам кішкентай кезінен бастап айналасындағы адамдармен пікірлеседі, өзінің күнбе-күнгі сөйлеу тәжірибесінде тілдің мағыналық жағын меңгереді, біртіндеп сөздік қоры молайып отырады. Алгашқы кезде бала көптеген дыбыстарды, жеке сөздерді үлкендерге еліктеу арқылы үйретеді. Осы кездегі сөздері көбінесе жеке, нақтылы болып келеді. Өсе келе өз ана тілінің негізгі сөздік қорын, сол тілдің ішкі зандылықтарын үйренеді, кейін есейе келе тілдің дамуы қогам дамуының көп ғасырлық тарихи кезеңдерінде қалыптасып отыратын құбылыс екенін аңғарады.
Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сойлеу — пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің озінде сойлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін. Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы озара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет етеді. Сөйлеу процесі аркылы адам өзінің білімін, практикалық тәжірибесін байытын кана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақ-талган қогамдық тәжірибай меңгеруге де мүмкіндік алады. Ойдың тілі сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз (М.Жүмабасв).
Сөзді қабылдау және оны үғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұгынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдаудың өзі оны үғынуды қажет етеді. Қабылдау мен үғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. Интонаңияны қабылдау сойлеу аппаратында, адамның мәнерлі қозғалыстарында түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонаңиясы бойынша іс орындалса, тілек интонациясына келісу немесе келісушілік білдіреді. Адамға тон сейлеу орекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сейлеу өзінің қызметін дұрыстап атқара алмайды. Мұның біріншісі — сейлеудің мазмүндылыгы, екіншісі — оның мәнерлілігі делінеді. Сөйлейтін сөзде мазмүн болмаса, ол өзіндік сөздік мәнін жояды. Сөздің мазмүндылыгы дегеніміз екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындығы. Ойы таяз кісі бос сеөді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды.
Сөздің мәнерлігі дегеиіміз — адамның сейлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. Халық жақсы сөйлсйтін адамдарды сөзі мірдің оғындай екен дейді. Мәнерлі сөйлей білудің мұғалімдік мамандык үшін маңызы зор. А.С.Макарснко бұл жөнінде:
Балалар сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшслігіңізді сезіне алатындай болуы керек,— дейді.
Сөйлеу әрекеті тиісті анатомиялық аішараттардың (тіл, срін, таңдай, ауыз қуысының бұлшық еітері т. б.) дүрыс қызмет істеуін қажет етеді.
Сөйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік, синтсз-дік қызметінің нәтижесі. Бүл, біріншіден, сөйлеу органдарындап.і қозғалыстарды, жазылған әріптердің түрлерін, тілдегі дыбыс-тарды нозік галдаудан; екіншіден, сөздік сигнаддардың болшскіаі-гш элемеиттерін байланыстырудан керінеді. Физиологнялық тұрғыдан создің мәнін И.П.Павлов былай түсіндіреді: Егер айналадағы дүниеден алынатын біздің түйсіктеріміз бен елестеріміз шындықтын бірінші сигналдары болып табылатын болса, онда тіл ең әуелі сойлеу оргаңдарынан ми қабығына баратын кинестезиялық тітіркенулер, екінші сигналдар — сигналдардың сигналы болып табылады. Олар шындықтан дерексіздену болып табыладі да, жалпылауға мүмкіншілік береді, ал бұл соңғы бізге ғана тән ең жоғары ойлауды құрайды.
Француз ғалымы Брока адамдардың ми сыңарларының сол жақ бөлігінде (маңдай қыртысының төменгі жағында) адамның дыбыстап сөйлей алуын басқарып түратын жүйке орталығы бар, ал сөзді қабылдау көптеген анализаторлардың (көру, есту, қозғалыс т. б.) бірлескен қызметін қажет етеді дейді. Неміс ғалымы Верникс басқа біреудің сөзін есіту мидың сол жақ сыңарындагы самай бөлігінің арт жағында орналасқан жүйке орталығының қызметіне байланыстылығын айтады.
Сөзді қабылдау, оның мәнісіне тусінуде мидың есту, көру, сипау, сипай-сезу, қозғалыс зоналарның бірлескен қызметін реттестіріп отыратын сол жақ ми сыңарыньң төбе, самай, желке беліктерінің қызметі де ерекше. Сөйлеу қабілеті мидың анатомиялык функциясына байланысты болып келетіндігін мына мысалдан жақсы көруге болады. Егер оның сол жақ бөлегі зақым- данса, адам сөйлей алмайтын жағдайға душар болады. Мұндай құбылысты ғылымда афазия деп атайды. Мүның бірнеше түрі бар. Мәселен, бірінде сөйлеу органдары толық сақталғанмен, қиналып сөйлейді, тілі күрмеледі, дыбыс, үн шығару қиынга соғады. Екінші бір түрінде адам өзі сойлей алғанмен, басқа біреудің айтқанына түсінбейді. Мидың бір жеріне қан кұйылу, оның тамырларының тығындалуы, жарақаттанып қабынуы, ісу т.б. афазияның пайда болуына себеп болатын факторлар.
Мұның емін логопед-дәрігерлер жасап отырады.
Сөздік сигналдарды дұрыс анализдей алу адам психикасы дамуының түрлі кезеңдерінде түрліше көрінеді. Мәселен, жас баланың алғашқы кезде дыбыстарға қайтаратын жауап реакциясы жалпылама түрде, яғни генерализация сипатында болады. Балаға сағат деген сөзді айтқанда немесе сағатқа қарап сөйлегенде, сол сағатқа ұқсас дыбыстардың жиынтығына назар аударады да, дыбыстың қалай шығып жатқанын дұрыс айыра алмайды. Бұл жағдай баланың ми қабығының анализдік, синтездік жүмысы әлі жонді жетілмегендігін, ягни онда созді дұрыс қабыл-дау, түсіну әлі мардымсыз екендігін корсетеді. Сөзді жалпылай алу — адам ойлауы мен сөйлеуінің ең басты ерекшелігі. Бала мұндай қабілетке тілі шығып, жүре бастағаннан кейін біртіндсп ие болып отырады.
Сөйлеу, тіл, қарым-қатынас ұғымдарының мән-мағынасы жақын болғанмен, ғылыми тұрғыдан бұлар бір-бірінен ажыратылады. Қарым-қатынас адам іс-әрекетінің ауқымды саласы, ол өмір сүрудің, тыныс-тіршіліктің негізгі арқауы. Сөз бен сөйлеуге қарағанда оның аясы кең, ауқымды. Адам тек сейлесу арқылы ғана қарым-қатынас жасамайды. Ол айналасындағылар-мен түрлі ым-ишара (жест), белгі, таңба (Морзе әліппесі, стено-графиялық жазу, эсперанто т. б.) арқылы да бір-біріне ақпарат (мағлұмат) бере алады. Тіпті, қас қағу, иық пен иекті қозғалту, басты шайқау тағы басқа осы секілді толып жатқан атрибуттар да қарым-қатынастық қызмет атқарады. Халқымыз ымға түсінбеген дымға түсінбейді деп өте тауып айтқан. Тіпті күлу мен күлімсіреудің де, жылау мен жыламсыраудың да қарым-катынастық қызмет атқаратыпы белгілі. Сөйлесу қарым-қатынастың негізгі түрі. Мұның неше түрлі нұсқалары болады. Мәселен, қыз-мет бабы жоғары адаммен сөйлесу рәсімі бір түрлі болса, отбасыпда, күрбы-қүрдастарымен пікірлсскенде кісі басқа формада сойлейтін болады. Осы айтылғанға орай сөз арқылы пікірлесу тікелей, жанама, әзіл-қалжың, эмоциялы, иителлект (ақыл —- парасат) түрінде көрініп отырады. Қарым-қатынас, сөйлеу ұғымдарының мән-мәнісін негізінен психология ғылымы карастырады.
Тіл ұғымының да (дыбысты тіл) аукымы кең, ол, кобінесе, қоғамдық ғылымдарда (тарих, социология, педагогика т. б.) жиі қолданылады. Тіл жеке адамның еншісі ғана емес, ол бүкіл адамзатқа ортақ қоғамдық құбылыс. Тіл аркылы әр қоғамның ғасырлар бойына жинақтаған рухани мұрасы ұрпақтан ұрпаққа (ауызекі — фольклорда, жазба түрде) жеткізіліп отырылады. Ал сөз, сөйлеу жеке адамның өзіндік ерекшелігі. Ол жас балада, ересек, не қарт адамдарда, әртүрлі мамандық иелерінде сөз саптаулары түрліше көрінеді. Психология тіпті есі кіресілі-шыгасылы адамдардыц да сойлеу ерекшеліктерін зерттеумен айналысады. Басқа ғылымдар сөйлсудің осы жақтарын қарастырып жатпайды, олар тіл ұғымын адамзат қоғамына ортақ қүбылыс ретінде әр қырынан сөз етеді.
Сөйлеу түрлері
Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отырады. Пікір алысудың нактылы мақсаты мен жеке жағдайларына қарай сөйлеу түрлі ерекшеліктермен көрінеді. Осы айтылғандар тұрғысынан сөйлеу бірнеше түрлерге белінеді. Алдымен сыртқы және ішкі сөйлеу болып үлкен екі топка жіктеледі.
Сыртқы сөйлеу ауызша (бүл тілдің ең көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу болын, ал ауызша сөйлеудің өзі диалог және монолог.
Ауызиш сойлеу — сойлеудің негізгі түрі болғандықтан оның қалған түрлері де соның төңірегіне құрылады. Мәселен, жазу сөзіндегі әріптер ауызша создің түрлі дыбыстарын белгілейді. Былайша айтқанда, жазу сөзі ауызекі сөздің қағаздағы таңбасы, оның ерекше бір варианты. Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі — диалогтық сөййлеу. Диоогтық, сойлеу дегеніміз екі немесе бірнеше адамның тілдееуі. Диалог сөздің кейбір психологиялық ерекшсліктері төмендегідей:
1. Диалог сөз бөгелмей еркін айтылады, ол ойды кең жайын жатуды тілейді;
2. Үнемі кезектесіп айтылатындыктан ықшам келеді, тек әңгімелесуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады. Мәселен, келе жатқан тогызыншы деген сөйлемді осындай номірлі авгобусты кутіп тұрған адамдар ғана түсіне алады;
3. Диалогтық логикалық жағы (жоспарлылығы, дәлелділігі т. б.) кемдеу болады;
4. Диалог сөз ым-ишаралармеи, бет пен көздегі мәнерлі қозғалыстармен (қолдың, ауыздың, көздің, қабақтың қозғалысы т. б.) толықтырылады.
Монологтық сойлеу дегеніміз бір адамның сөзі, яғни баяндамашының, лектордың сөздері. Монолог сөзге тән кейбір психологиялық ерекшеліктері төмендегідей:
1. Монолог сөз үнемі белгілі жоспарға сәйкес ққрылады, бұл алдын-ала даярлықты тілейді;
2. Монолог сөздерге логикалық жағынан қатаң талаптар қойылады (мәселен, баяндамашы мен лектор сөзінің мағыналылығы мен түсініктілігіне ерекше көңіл бөледі);
3. Монолог сөз мәнерлі, адамга әсер ететін моменттерді (сөзді сазына келтіріп айту) көбірек қажет етеді.
Диалог және монолог сөздер кобінесе беттің мимикасының өзгеруімен, ымдау сипатындағы түрлі қозғалыстармен қосарланып отырады. Орынды ымдар біздің сезімімізді мәнсрлі етумен қатар, оның өзімізге де, жұртқа да түсінікті болуына жағдай туғызады. Бірақ, осындай ым-ишаралардың дербес күйінде аса үлкен маңызы жоқ. Адам мұны көмекші құрал ретінде ғана пайдаланады.
Ауызша сөйлеуде (оның диалог және монолог түрлерінде де) актив және пассив сөздер болады. Актив сөздер күнбе-күнгі жиі қолданылатын сөздер. Пассив сөздер тілімізде сирек пайдаланағын, мағынасына түсінгеімен күн сайын ашылмайтын сөздер. Мұндай сөздерге көбінесе ғылыми-техникалық атаулар және ескірген сөздер жатады. Актив сөздің мол болуы адамның сөйлеу рекетіне, айналысқан кәсібіне байланысты. Егер ересек адамдардың актив сөздері орта есеппсн 6000-7000 болып келсе, жазушылар мен ақындардың, ғалымдардың актив сөздері 10000-13000 сөзге жетін отырады. Мәселен, Шекспирдің сөздік қоры 12000-дай болған.
Сойлеудің ерекше бір түрі — жазбаша сөйлеу. Жазбаша сөйлеу арнаулы әдістер арқылы меңгерілетін сөйлеудің түрі. Мұны игеру адамға оңайлықпен түсиейді. Жазбаша сөйлеу адам баласы хат танырлықтай дәрежеге жеткенде, ауызша сөйлеудің біршама дамыған кезінде ғана пайда бола бастайды.
Жазбаша сойлсудің кейбір ерекшеліктері:
1) Жазатын адамның қасында сөйлесетін адам болмағандықтан, мұнда ешбір ым-ишара қолданылмайды.
2) Жазбаша сөйлсудің логикалық жағына аса қатаң талап қойылады. Мәселен, белгілі тақырыпқа шығарма жазған кезде адам осындай талаптарды орындауга тырысады, кеп ойланып, толғанады. Өйтпейінше бұдан нәтиже шығару қиын.
3) Жазуда грамматиканың ережелері де қатты ескеріледі.
4) Жазу кезінде адам қатты зейін қойып, әр сөзін ойлап құрастырады, мағыналы сөз іздейді. Бұл үлкен ой жұмысын қажет етеді. Мәселен, адам озінің туысқандарына, таныстарына хаг арқылы ойын білдіргенде осы жағдай байқалады. Жазбаша сөйлеудің түрлері мен стильдері әр алуан. Олардың бастылары ғылыми, публицистика, көркем әдебиет, іс-кағаздық т.б. создер. Сөйлеудің жеке бір түрі — ішкі сөйлеу. Ішкі сөйлеу деп тілдік материалдар негізінде дауыстамай-ақ сөйлей алушылықты айтады. Әр ұлттың өкілі қандай бір нәрсе туралы ойласа да, алдымен өз тілінде ойлайды. Осығадай кезде адам ішкі сөйлеуді пайдаланады. Ішкі сөйлеу адамдармен тікелей қарым-қатынас жасауға арналмаған. Оны адам өзінің ойлау әрекетінің ішкі мақсаты үшін пайдаланады. Ішкі сөйлеуді сөйлеу аппаратының жасырын жұмысы деуге болады. Өйткені мұнда оның жұмысы жөнді еленбейді. Тек тиісті аспаптармен зерттегенде ғана сөйлеудің осы түрінің де және стезиялық тітіркендіргіштерге орай туьш отыратындығы анықталған. Ішкі сөйлеумен жөнінде И. М. Сеченов былай дейді: Бес жастағы баланың ойы сөзбен немесе сыбырлап сөйлеумен немесе тіпті тілдің қозғалуы, еріннің жыбырлауымен айтылады. Мұның өзі ересек адамдарда да (тек түрлі дәрежеде болуы мүмкін) жиі кездеседі. Мен тіпті озімді де білемін: ойымның ауыздың жабық, қозгалмайтын күйінде тілсіз сөйлеумен, яғни ауыз қуысында тілдің бұлшық еттерінің қозғалуымен, қоса қабаттасуы өте жиі болады. Барлық жағдайда да басқалардын алдымда бір ойға баса назар аударғым келсе, оны алдымен дереу сыбырлап айтып аламын. Ішкі сойлеу өте кысқа, икемді болып келеді. Өйткені адам әркез өз ойлауының мазмұнын жақсы біліп отырады, сондықтан ішкі сойлеуге ұзақ тұжырым жасап жатудың кажеті де болмайды.
Сөйлеудің дамуы. Сөйлеу мәдениеті.
Жазбаша сөйлеу - баланың тіл мәдениетінің дамуына ерекше ықпал жасайтын қуатты фактор. Жазбаша сөйлеу меңгеруге бала мектеп есігін аттағаннан бастап белсенді кіріседі. Баланы жазу сөзіне үйрету – бастауыш мектептегі оқуды пайызға шаққанда жартысына жуығы ашылады. Жазбаша сөйлеудің дамуы хат танудан басталады. Бала мектепке келген кезден бастап оқу дағдысымен қатар жазу дағдысын да меңгере бастайды. Жазу дағдыларына машықтану да өте күрделі процесс. Мұның 3 кезеңі бар:
1. Әріптің элементтерін үйрену кезеңін деп аталады.
2. Бала әріптің жеке элементтерін жаза білу қаблетіне ие болады. Баланың зейіні енді біртіндеп әріп таңбаларына ауа бастайды, оынң әріп жазуға қатысын қимыл – қозғалыстары автоматталына түседі. Осы кезеңде бала жеке әріптерді толық жаза білуге үйренеді. Жазуға үйренудің екінші кезеңін психологияда әріптік кезең деп аталады.
3. Жазба сөйлеудің қалыптасу дәрежесін көрсететін негізгі кезең. Мұнда оқушы өз бетімен жеке сөздерді жаза алатын халге жетеді. Баланың зейін енді жеке сөздері емес, солардан құралатын сөзге ауады. Бала, сондай – ақ, сөздегі әріптің орналасу да қатты көңіл бөледі.

Тақырыбы: Сөйлеудің психологиялық сипаттамасы және жас ерекшелік бойынша шет тілін оқытуды жүзеге асыру.

Сөйлеу дегеніміз – адамдардың тіл арқылы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау әрекеті. Ойымызды басқа біреуге жеткізуде көрінетін жеке адамдың дербес әрекетін сөйлеу деп атайды.
Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен кісінің психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне сүйенед. Сөйлеу үшін жұмсалатын тілдік амалдар ұзақ ғасырлар бойында кісілердің пікір алысу тәжірибесі үстінде қалыптасқан. Тілдік амалдар, сөз тудыру, сөз тіркестерін, сөйлем құрау ережелері – көпшілікке ортақ объектвті категориялар. Осыған орай тіл жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызекі немесе жазбаша айту, екі-үш адам қатысқан диалог түрінде сөйлеу, көпшілік алдына шығып сөйлеу, тыңдаушының білім дәрежесін, жасын ескеру т.б.) сай түрліше құрылады. Сөйлеудің осы жақтары – кімге болса да қажетті сипат. Мұның әсіресе мұғалімдер үшін маңызы зор. Көрнекі педагог А.С.Макаренко бұл жөнінде балалар сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезе алатындай болуы керек деген. Сөйлеу әрекеті тиісті анатомиялық аппаратардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз қуысының бұлшық ететрі т.б.) дұрыс қызмет істеуін қажет етеді.
Сондықтан да сөйлеудің әр түрлі коммуникативтік жағдайға сай ыңғайланған стилі болады. Сөйлеу стилі де қалыптасып көпшілікке ортақ болып келеді. Мұнымен бірге сөйлеу үстінде әр кісінің өзіне ғана тән (индивидуалдық) сөз жұмсауы, сөз тіркесі мен сөйлем құрау ерекшеліктері де болады. Бұл ерекшеліктер сөйлеушінің өз ойын әсерлі етіп немесе мәнерлеп айту талабынан туады. Тілдің дамуы, сөйлеудің жетілуі индивидуалдық творчествоға сүйенеді.
Сөйлеу – пікір алысу процесінде адамның тілді өзінше пайдалануы. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдау оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірін-сіз-бірі іске аспайды. Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт.
Біріншісі – сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі оның мәнерлілігі. Сөздің мәнерлігі сөйлеу интонациясы мен артикуляциялық аппаратқа тығыз байланысты. Ал сөздің мазмұны болмаса, ол өзінің сөздік мәнін жояды.
Сөздің мағыналығы дегеніміз – екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындылығы. Ойы таяз кісі бос сөзді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды.
Сөздің мәнерлігі дегеніміз – адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. Ғұлама Жүсіп Баласағұн: Ақылды көркі – тіл, тілдің көркі – сөз деп тауып айтқан.
Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін екінші біреуді танып-білу, оған әсер ету үшін қызмет етеді. Сөйлеу интонациясын қабылдау кезінде артикуляциялық аппаратпен де адамның мәнерлі сөлеуі түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонациясы бойынша іс орындалса, тілек интонациясына келісу не келіспеушілік білдіріледі. Қазақ тілінде айтулы мақсатына қарай сөйлем хабарлы, лепті, сұраулы, бұйрық мәнін білдіреді. Ал оларды айту арқылы сезім, тілек, өкініш, қуаныш, бұйыру сияқты адамның. Әр түрлі психикалық көңіл-күйі сезіледі. Мәнерлі сөйлей алатын адамның дауыс интонациясы мен паузасы орнықты (сөз арасындағы кідіріс)  болып қолайлы сөздермен сөз тіркестерін таңдап таба білушілік қабілеті оларға ілесіп отыратын кейбір ылмишараттарымен дұрыс қабысып келіп отырады.
Сөйлеу әрекеті – ми жарты шарларының талдау, жинақтау қызметінің нәтижесі.
Сөйлеу қабілетті – мидың анатомиялық функциясы байланысты болып келетіндігін мына мысалдан-ақ жақсы білуге болады. Егер оның сол жақ бөлігі зақымданса, адам сөйлей алмайтын жағдайға ұшырайды. Мұндай құблысты афазия деп атайды. Мұның екі түрі болады.
Бірі адамның сөйлеу органдары толық сақталғанмен ол сөзге түсінбей қиналып сөйлейді, тілі күрмеледі. Оған дыбыстау, үн шығару қиынға соғады. Афазияның енді бір түрінде адам өзі сөйлей алғанмен, басқа біреудің айтқанына түсінбейді. Мұнда ол кейбір заттардың атын ғана есіне сақтай алады. Мидың бір жеріне қан құйылу, оның тамырларының тығындалуы, жарақаттануы, қабынуы, ісуі т.б. – афазияның пайда болуына себеп болатын факторлар. Мұның емін дәрігерлер жасап отырады. Сөздік сигналдарды дұрыс талдай алу адам псикасының дамуында түрлі кезеңдерде көрінеді. Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөз арқылы жүзеге асады.
Психологияның жеке пәндерді оқушыларға нақтылап түсіндіруде алатын орны ерекше, мәселен, психология арқылы грамматикалық ережелерді меңгеруде оқушылардың жан-күйі, сана сезіміне қарай күнделікті практикада жүзеге асырылуы қадағаланып, ерекшеліктеріне айрықша көңіл бөлінеді. Деңгейлік тапсырмаларды орындау қабілеті оқушының логикалық ойлау әрекетіне байланысты. Ал ойлау әрекеті сөйлеу әрекетінің жүзеге асуына ықпал етеді.
Оқушы хат немесе мазмұндама, шығарма жұмыстарын жазу процесінде өзінің көңіл күйін, пікірін білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге өзінің қатынасын, көзқарасын, ойын да білдіреді. Демек, тіл ойды білдіріп қоймайды, сезімді де сыртқа шығарады. Оқушы бір-бірімен сөйлесу арқылы тілдің эмоциялық жағын, дауыс ырғағын, ымдау, қолдау шараларын пайдаланады. Сондықтан тіл психикалық құбылыстарды танып білудің де құралы бола алады. Мысалы: оқушы еліктеуіш, одағай сөздерді айтуда, қолдануда тілдің эмоциялық жағын меңгереді. Сондай-ақ қазір сабаққа қойылатын талаптар тұрғысынан техникалық құралдарды пайдалану, таблицалар, диаграммалар мен диапозитивтер, бейнетаспалар мен үнтаспаларды пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың түсінгенін айту, сөйлеу тілін арттыру жұмыстары жүргізіледі.Сабақта қолданылатын түрлі көрнекіліктер оқушыларды әр түрлі ойлау әрекеттеріне бейімдейді. Түсіндірілген материалды саналы түрде меңгеруге ықпал жасайды.
Оқу тәрбие ісінде ең қажетті мәселелер мұғалымның психологиялық жағынан дайындығы. Әсіресе қазақ тілін оқытуда мынадай психологиялық ерекшеліктерін меңгеру қажет болады: біріншіден, сөйлеу процесіндегі ерекшелік, екіншіден, жеке оқушының ана тілін меңгерудегі қабілеті ескеріледі. Сондықтан қазақ тілін оқытатын мұғалім өзінің ерекшелігіне қарай психологияны жақсы білуі тиіс. Бала психологиясын сезіне білу жалпы педагогикалық бірліктілікке жатады. Онсыз балалардың оқуында болсын, тәрбиесінде болсын жеке басындағы ерекшеліктеріді ажырата білу мүмкін емес.Баланың жасына, жеке басының ерекшелігіне қарай қарым-қатынас жасай білу дегеніміз  оның жүрек сезіміне жол табу, оқуына, тәрбиесіне ықпал жасай алатын жұмыстың әдістері мен амалдарын белгілеу деген сөз.
Я.А.Коменский бала психикасын үшкен бөледі:
1. Зерек бала
2. Ынжық бала
3. Тік мінез бала
Енді осыны алты кырынан көрсетеді
1. білімге бейім, зерек бала.
2. Ынталы, бірақ шабан, момын балалар.
Оларды қамшыламаса, үнемі бақыламаса, өздігінен тыңдауы төмен.
3. Алғыр, тік мінез, өжет бала. Олар не көп пайда  немесе зиян келтіреді.
4. Тапсырмалы орындағаш, білгісі келетін, білуге тырысатын, бірақ өте жай балалар. Оларды үнемі мадақтап, қолдау керек.
5. Қабілеті төмен, ешнәрсе қызықтырмайды.
6. мінезі бұзық, қытымыр балалар.
Тілдің қарым-қатынас қызметі жеке бірліктер түрінде емес, өзара хабар алысатын саналы әрекет түрінде жүзеге асатыны белгілі.Сондықтан тілдің әртүрлі деңгейіндегі тілдік бірліктердің ерекшеліктері, сөйлеудің коммуникативті түрлері, сөйлесімдер мен мәтіндердің коммуникативтілігіне негіз болып отыр. Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда берілетін білім мазмұны мен оқыту әдістерін жаңалау қажет ететіндігі айқындалды.
Ондағы мақсат оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізіп қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектеп білімнің негізгі мақсаты оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру.
Соңғы педагог – психологтардың  зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйенсек, мектеп оқушыларының көпшілігінің сөздік қоры жұтаң, сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін (топик) құрауда дәрменсіздік танытатындығын, ойын жүйелі түрде жеткізе алмайтындығын, ауызша сөйлеу дағдысының төмендігін байқауға болады деген  пікірді тілге тиек етіп отыр. Қазіргі кезде оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін қалыптастыру- бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Тіл дамытуда мынадай тілдік материалдарды пайдалануға болады:
а) Тіл дамыту жұмыстарын көркем-әдеби үлгілермен емес, таза бала тілін бақылау арқылы жүргізу.
ә) Тіл дамытуда газет-журналдардың, ресми іс-қағаздардың тілін пайдалану.
б) Тіл дамытуда көркем-әдебиет тілінен үлгі алу.
Тіл дамыту жұмыстарын үш салаға бөледі; 1.сөздікпен жұмыс; 2.сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс; 3.байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру жұмыстары.
Тіл — сыртқы дүние мен қоршаған орта туралы білім алу көзі. Пәнді оқытуда оқушылар ағылшын тіліндегі атаулармен, құбылыстармен танысады. Танысу ауызша және жазбаша түрде жүреді. Осы екі түрді меңгеру ағылшын тілін игерудің  тәжірибелік мақсаты болып табылады. Яғни, оқушы ағылшын тілін ауызша және жазбаша түрде пайдалана білуі тиіс. Ағылшын тілін тыңдап түсіне білу және сөйлей білу ауызша түрге жатады. Жазбаша түрге тілдің жазбаша түрін пайдалана білу немесе жазу және ағылшын тілінде жазылған мәтінді оқи білу жатады. Тіл қатынас құралы,ол ауызша және жазбаша түрде жүзеге асады. Ауызша  түрге: тыңдау, түсіну және сөйлеу әрекеті жатады. Жазбаша түрге: оқу және жазу әрекеті жатады.Тыңдау, сөйлеу, жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру оқушының тілді ауызша да, жазбаша да жақсы меңгеруіне тікелей әсер етеді. Оқушы тілді жақсы меңгеру үшін осы төрт дағдының негізі берік қалануы керек.ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Жас ұрпаққа саналы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.
Білімді толық меңгерту технологиясының ғылыми негізін ашқан америка психологтары Дж.Кэррон мен Б.Блум болса, Россияда М.В.Кларкиннің еңбектері білімді толық меңгерту технологиясы бойынша оқушыларға бірдей уақыт мерзімінде, барлығына бірдей оқу бағдарламасын меңгерту қарастырылады. Сабақ процесінде жаңа сабақты меңгертуге көп уақыт жұмсалады да, оқығанды меңгеру нәтижесі тексерілмей қалады. Сабақтың түпкі нәтижесі негізгі шешімін таппайды. Психологтар Дж.Кэрралл мен Б.Блун бірдей қиындықтағы тапсырманы оқушылардың әр түрлі мерзімде орындауының себептерін анықтады:
•  Қабілеті төмен оқушылар уақытты көп пайдаланғанның өзінде сабақты меңгеру дағдысына жете алмайды.
•  Талантты балалар (небәрі 5%) басқалар орындай алмайтын жоғарғы қиындықтығы тапсырмаларды орындайды.
•  70% оқушы белгіленген мерзімде тапсырманы орындап үлгіретіндер.
Америка психологтары Дж.Кэрралл мен Б.Блум оқушыларды деңгейлік саралау барысында 3 деңгейді белгіледі:
1) минимальный (төменгі деңгей)
2) базалық (орташа деңгей)
3) шығармашылық (жоғары деңгей)
Осы үш деңгей бойынша мынадай қағидаларға тоқталады:
1) жалпы қабілетті – қабілетсіз бала  жоқ, өз ісімен айналыспайды;
2) өзара сәйкестік, өзара жарысу басқа оқушыдай білмегенмен, іздені арқылы дамып жетіледі.
Деңгейлік тапсырмалар сынып оқушыларының психологиялық жас ерекшеліктері мен білім қорларын ескеріп жасалады. Сонымен бірге мемлекеттік стандартта белгіленген білім беру қызметінің көлемі мен сапасы, жеке тұлға қалыптастыру талаптары жауап берсе, оқушының қызығушылығы мен бейімділігіне байланысты мүмкіндік деңгей жұмыстарын орындату арқылы әрі қарай дамыту жұмыстары жүргізіледі. Деңгейлік тапсырмаларды құру кезінде, 4-сынып оқушыларының физио-психологиялық ерекшеліктері ескеріліп, сөйлеудің түрлері қамтылды. Сыртқы сөйлеудің ауыз екі (бұл тілдің ең көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу жұмыстары енгізіледі. Ауызша сөйлеудің диалог және моногол түрлері тапсырмада орындалады. Пікірлесудің қандай түрлері болса да сөйлеу кезінде сөз арқылы жүзеге асады. Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі диалог сөйлеу болса, ол деңгейлік тапсырмаларды орындау кезінде оқушылар мынандай психологиялық ерекшеліктерімен байқалады.
а) диалогта сөз бөгелмей еркін айтылады, ойды кең жайып айтуды тілемейді;
ә) сөйлем ықшам келеді, сүйемелдеп айтуды қажет етеді, тек әңгімелесуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады;
б) диалогтың қисындығы, мазмұны кемдеу болады;
в) диалог сөз кең түрде жоспарланбайды, кейде тіптен сөз айтпай, ым-ишаратпен де көрсетіле салуы ықтимал.
Монологтық сөйлеу. Тапсырмадағы монолог сөздерді орындау кезінде ол тек адамның, лект, баяндамашының, мұғалімнің, оқушының сөзі екендігі ескеріледі.
а) монолог сөзге жсопар құрылып, толық, белгілі бір жүйемен баяндалады;
ә) логикалық ойлау жағынан қатаң талаптар қойылады.
б) мағыналығы, түсініктілігі, мәнерлілігі талап етіледі.
Сөйлеу әрекеті – үлкен ми сыңарларының анализдік, синтездік қызметінің нәтижесі. А.А.Монтьевтің айтуынша, сөйлеу әрекеті, теориясына сай, барлық тілдік әрекет сияқты белгілі бір динамикалық құрылымда болады екен. Тілді интелектуал қызметінің құралы ретінде ала отырып, психолог-ғалымы былай көрсетеді:
1. Сөйлеу әрекетін жоспарлау
2. оны жүзеге асыру
3. салыстыру мен бақылау
Сөйлеу іштей сөйлеу және сырттай сөйлеу болып екіге бөлінеді. Ал, сырттай сөйлеу ауызша, жазбаша, монологтік және диалогтік болады. Сонымен, психология ғылымында сөйлеу әрекеті ішкі және сыртқы сөйлеу деп аталатын үлкен екі түрге, сонан кейін сырттай сөйлеу ауызша, жазбаша болып тағы бөлінеді. Сөйлеудің бұл түрлері бір-бірмен тығыз байланыста іске асып отырады. Өйткені олардың физилогиялық негізі бір, ол негіз – мидың жарты шарларының қабығындағы екінші сигнал системалары.
Психолог Т.Тәжібаев: Ауызша сөз бен жазбаша сөздің арасындағы үлкен айырмашылықтар бар, ол айырмашылықтар балалар тілінде айқын көрінеді – дей келіп, бұл айырмашылықтардың себебі жазбаша сөздің өзгешелігінде, оның механикалық құрылысының күрделілігінде дегенді айтады. Жазып сөйлегенде логикалық байланыс күшті сақталады. Ауызша сөздің бағыты да, мазмұны да әңгімелесуші оқушылардың пікіріне байланысты өзгеріп отырады.
Ауызша сөйлеу – кезінде актив және пассив сөздер болады. Актив сөздер күн сайын жиі қолданылатын сөздер болғандықтан деңгейлік тапсырмалардың барлық түрлерінде кездеседі. Пассив сөздер сирек пайдаланылатын, мән-мағынасын түсінгенмен күн сайын қолданылмайтын сөздер болғандықтан, ол шығармашылық деңгей тапсырмаларында ғана кездеседі. Мәселен, ғылыми-техникалық атаулар, лингвистикалық, фонетикалық т.б. атаулар. Сөйлеудің ерекше бір түріжазбаша сөз. Бұл арнаулы әдістер арқылы мектеп қабырғасына келгеннен кейін меңгеріледі. Жазбаша сөйлеу адамның  сөйлеуінің  біршама  дамыған кезінде ғана пайда болады. Қолға қалам-қағаз ұстап жазып үйренгеннен  кейін  басталады.
Жазбаша сөйлеудің кейбір ерекшеліктері:
а) жазған кезде ым-ишара қолданылмайды;
ә) логикалық жағынан өте қатаң талап қойылады;
б) грамматикалық ережелерді сақтау қатаң ескеріледі;
в) жазған адам қатты зейін қойып, әр сөзін ойлап оған қажетті баламалар, мағыналы сөз тіркестерін іздейді. Бұл күрделі ой жұмысын қажет етеді.
Сөйлеудің жеке бір түрі – ішкі сөйлеу. Бұл тілдік материалдар негізінде дауысталмай – ақ сөйлей алудың көрінісі. Әр ұлттық өкілі қандай да бір нәрсе туралы ойласа да, алдымен өз тілінде ойлайды. Осындай кезде адам ішкі сөйлеуін пайдаланады. Мәселен, жиналыста сөйлейтін оқушы өзі іштей сөйлеп дайындалуы ықтимал. Сыбырлап сөйлеп дайындалуын да мүмкін.Ішкі сөйлеудің сыртқы сөйлеуге алмасуы экстериоризация деп аталады. Сөйлеуші бұл үшін жатығады. Сыртқы сөйлеуді ішкі сөйлеуге айналдыру – интериоризациядеп аталады. Бұл мектепке дейінгі жастағы балаларда жиі кездеседі.
Сонымен оқушыға білім беру барысында сөйлеу тілінің дамуы үшін төмендегі жағдайларды қалыптастыруымыз қажет.
Біріншіден, тілі дамуы үшін бала міндетті түрде үлкен адамдармен сөйлеу қарым-қатынасында болуы шарт.
Екіншіден, үлкендердің сөйлегенін түсіну үшін баланың реакциясы болуы тиіс және оны эмоциялық түрде қабылдауы керек.
Үшіншіден,басқа адамдардың сөзін түсінуден баланың өзінің сөйлеу процесі өте кеш қалыптасады, сондықтан осыны ескеру қажет.
Төртіншіден, баланың сөйлеу тілінің жетілуі – оның өзінің сөйлеуінде тілдің грамматикалық және синтаксистік түрлерін дұрыс қолдана бастауы.
Сөйлеуге үйретуге арналған еңбектің ішіндегі құнды еңбектің бірі – В.Л.Скалкиннің Өзге ұлтқа ауызша сөйлеу тілін үйретудің негізі атты еңбегі. Бұл еңбек екі тақырыптық бөлімнен тұрады.
І. Бөлім ауызша тіл дамытудың қатысымдық, психологиялық және лингвистикалық негізіне арналып, мұнда ауыз екі тілді дамытудың клмпоненттері мен категориялары қарастырылады. Еңбектің ІІ бөлімі толығымен әдістемелік мәселелерге арналған.
Еңбекте ауызша сөйлеудің жалпы принциптері, лингво-әдістемелік негізі талқыланады және оқыту материалдарын сұрыптау, оны ұйымдастырудың, оқытудың әдістемесі, сонымен бірге сөйлеу мен тыңдауға арналған жаттығулар жүйесі берілген. Әсіресе, бұл еңбекте сөйлеуге үйретуге арналған жаттығуларды а) жаттықтыру жаттығуы, ә) қатысымдық жаттығу деп екіге бөліп, әрқайсысына жеке-жеке тақырыптық жаттығулар ұсынады.
Мәселен: қатысымдық жаттығуларды сұрақ-жауап; ситуациялық; мазмұндама; пікірлесу; ауызша мазмұндау; инициативтік жаттығу және ойын жаттығу деп бөліп берген.
Адам психологиясының нәзік сырларын бақылаған А.С.Макаренко да балалармен күнделікті сөйлеу барысында дауыс ырғағына ерекше көңіл бөлген. Балалармен сөйлескенде эмоция мен сезімнің басым болуы қажеттігін, мұғалім өзінің дауыс ырғағына, дикциясына назар аудару керектігін айтады. Сыртқы объективтік шындықтың әсерінен адамның есту, көру сезімдері дамып, адамның ойлау қабілеті артады. Ойлау арқылы сыртқа шығып, адам ойын жеткізуші құралдың ролін атқарады.
Белгілі бір тілде сөйлеу үшін адам тілдік құралдарды саналы, дұрыс пайдалана білу керек. сөйлеу тілін арттыру жұмыстарын жүргізгенде ол көзбен көру, құлақ пен есту, мимен ойлау арқылы іске асады. Ойлау жүйесінің нәтижесінде сөйлесім әрекетінің маңызы зор. Сондықтан тілді оқыту барысында оқушының жеке қабілеті, ойлау дағдысы, сана-сезімі, жан-дүниесі ескеріледі. Сөйлеу тілін дамытудың психологиялық негізі тіл мен ойлауға келіп тіреледі. Сөйлеу тілін дамыту түйсіну, қабылдау, ес пен ойлау және қиял негізінде іске асады.
Ал оқушылардың жеке ерекшеліктері (темперамент, қабілет, мінез) сөйлеу, жазу жұмыстарымен тығыз байланысты.
Психолог Н.И.Жинкин Коммуникативная система человека и развитие речи в школе деген еңбегінде. Сөйлеу – интелектінің даму Каналы, сөйлеу тілінің механизмдерін іске қосу – сөз бен буынның бейнесін қайта жаңғыртудан басталады, дейді. Н.И.Жинкиннің еңбегінде сөйлеу әрекетінің қызметтері төмендегідей белгіленеді.
Сөйлеу әрекетінің атқаратын қызметтері ғылыми тұрғыдан 3-түрлі салаға топтастырылады.
1. Сөйлеудің коммуникативтік қызметі
2. Сөйлеудің сигнирикативтік қызметі
3. Сөйлеудің экспрессивтік қызметі
Сөйлеудің коммуникативтік қызметінің түрі өте көп. Блімідік қатынас, хабар алмасу, бірнеше адамның қатысы, топтар мен қоғамдық қатынастар, зат алмасу қатынасы т.б. Коммуникативті әрекет сөзбен де, сөзсіз де (ізет, құрмет, қозғалыс т.б.) болады.
Сөйлеудің сигнификативтік қызметі бойынша адамдар бір-бірін белгілер мен таңбалар арқылы түсінетін болады. Ым-ишара осы топқа жатады.
Сөйлеудің экспрессивті қызметі үнмен мәнермен сөзбен, құлаққа жағымды, көңілге қонымды күйінде өзгелерге жан дүниесін тебірентіп жеткізілуі. Бұл әрекетте сөйлеген сөз – адам психикасына күшті әсер ететін тітіркендіргіш болады.
Сөйлеу дегеніміз – тіл арқылы ойдың басқа біреуге жеткізілуі, ал сөйлем – ең басты тілдік единициалардың бірі, толық коммуникативтік қызметі бар синтаксистік единица деп жазады тілші – ғалым К.Аханов өзінің Тіл білімінің негіздері атты кітабында.
М.Жұмабаев: Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа шығара аламыз деп жазады . Сөйлеу қалай пайда болады? – деген сауалға тоқталатын болсақ, жай қарағанда сөйлеу арқылы қатынас жасау оп-оңай сияқты. Біреу сөйлейді, екіншісі тыңдайды, сөйтіп өзара ұғысады. Сөйлеу дегеніміз–тілдік материалдар арқылы жүзеге асу, тілдік заң ережелеріне, тілдік нормаға бағыну. Сөйлеу — әрекет, сөйлеу – тілдің тіршілік ету, өмір сүру формасы. Сөлеу – тілдің жаны, тіршілігі. Шебер сөйлеу де өнер. Сөйлеу білмегендер: күлдіреш деп күйдіреді; білдіреш деп бүлдіреді; жұбаташ деп жылатаду; қуанташ деп қуартады.
Сөйлеу тілінің дамуы -өте күрделі процесс. Ол оқушының психикалық дамуына, әсіресе ақы-ой дамуына тікелей байланысты. Тірі организм үздіксіз дамып өзін қоршаған ортаға бейімделіп отырады.
И.П.Павловтың іліміне сәйкес, даму дегеніміз ішкі нерв процестерінің және қоршаған шындық өмірдің адамға үздіксіз көрсетіп отырған сыртқы ықпалдарының өзара әрекеттестігі, бұл процесс қоршаған орта мен организмнің теңдесуі болып саналады. Баланың сөлеу қабілетінің дамуына үш негізгі фактор әсер етеді.
1. Тұқым қуалаушылық (ішкі сала)
2. Орта (сыртқы сала)
3. Тәрбие (ішкі және сыртқы сала)
Биологиялық тұқым қуалаушылық пен әлеуметтік ортаның баланың сөйлеу қабілетін дамытуға әсері зор. Қабілеттілік тәрбие арқылы жетіледі, іске асады.

Тақырыбы: Шетел тілі мұғалімінің педагогикалық қызметінің психологиялық негіздері

Республикамыздағы саяси және экономикалық өркендеудің мәнділігі, нарықтық қатынастар жолы, ұлттық – мәдени тұрғыдан даму білім беру жүйесіне де ерекше талаптар жүктеуде.
Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбие мен оқыту үдерісі. Білім беру ісі шеберлікке, дағдыға баулудың өсіп, өрбіп, белгілі бір кәсіпке, мамандыққа үйретумен тиянақталады. Жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының сипатына қарай білім беру деңгейлері ажыратылатыны белгілі.
Қазіргі уақытта ұрпақтан-ұрпаққа өмір тәжірибесін беруді жүйелі жүргізетін - мұғалім. Ал жастарды өмірге дайындау, қоғам талап етіп отырған деңгейде мұғалімдерді дайындаудың қажеттілігі ұдайы өзгерісте болады. Осыған байланысты А.Байтұрсыновтың мектепке керектісі білімді, әрі педагогика мен әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім екендігі жөніндегі айтқан пікірі бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ.
Психологиялық-педагогикалық зерттеу мәліметтеріне қарағанда (Ф.Н.Гоноболин, Н.В.Кузьмина, И.В.Страхов, В.А.Сластенин, А.И.Щербаков т.б.) педагогикалық қабілеттің бірнеше түрі кездеседі. Олар: дидактикалық, академиялық, перцептивті, сөйлеу (экспрессивті), ұйымдастырушылық, коммуникативті, конструктивті, қолданбалы қабілеттер. 

Мектеп мұғалімдері оқушылардың білімі мен іскерліктерін қалыптастыруда бірқатар іс-шаралар жүзеге асырады. Олар: гностикалық, практикалық (пән ерекшелігіне байланысты іскерліктер), зерттеушілік.
Болашақ мұғалімдерді даярлаудағы зерттеу жұмыстары үшін көптеген ғалымдардың еңбектері құнды болып табылады. Зерттеудің төмендегідей бағыттары зерделенген: педагогикалық қабілет (Н.Ф.Гоноболин), педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы (Н.В.Кузьмина), мұғалімнің жеке тұлғасы (В.А.Сластенин, А.И.Щербаков), педагогтарды кәсіби іріктеу (Р.М.Хмелюк), педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру (И.П.Раченко), педагогикалық шеберлік (Ю.П.Азаров), педагогикалық іс-әрекет шығармашылық үдеріс ретінде (В.А.Кан-Калик), мұғалімнің политехникалық даярлығы (Ю.К.Васильев), т.б. Жекелеген оқу пәні мұғалімдерін даярлау қазіргі таңда да кең көлемде жүргізілуде.
Педагогикалық іс-әрекет саласына “технология” деген сөзді енгізу “индустриялдық” технология (Ф.Б.Гильбрейт, Ф.У.Тейлор және т.б.) деген идеяға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Білім беру саласындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың оқу іс-әрекетін (Т.А.Ильина) ұйымдастыруға, сонымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді ұстанымдары мен әдістерін анықтауға бағытталған. 
Сондай-ақ жаңа педагогикалық технологиялар оқу-тәрбие үдерісінің нәтижесінде оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды. 
“Жаңа педагогикалық технология” сөз тіркесін пайдалану үшін оның мәнін анықтап алу керектігі туындайды. Ол үшін алдымен “технология” ұғымының мазмұны жөнінде немесе ұғымының шығу мен қолдану аясын білу керек.
Педагогикалық, психологиялық сөздікте “Педагогикалық технология – педагогикалық үдеріс пен оған қатысушылар іс-әрекетін құраушы кезені, жәй - күйлері арасындағы өзара байланысты бірізділік пен үздіксіздік жұмысы. Ақпараттық технология да педагогикалық технологияның құрамдас бөлігі” болып табылады деп мазмұндалған.
Н. Ф.Талызина оқыту технологиясы – белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұны жүзеге асырылады деп айта келіп, оның құрылымын көрсетеді: оқытудың мақсаты; білім берудің мазмұны; педагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы (оқыту және мотивация), оқыту үдерісін ұйымдастыру; оқушы, оқытушы; әрекеттің нәтижесі (сонымен бірге кәсіптік даярлықтың деңгейі). 
Сондай-ақ Қазақстандық ғалымдардың Ж.Қараевтың, Ә.Жүнісбектің, Қ.Жанпейісованың және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде білім беру жүйесінде қолданылуда. Бұл технологиялардың өздеріне тән ерекшеліктері бар.
Оқушыларға шетел тілін оқыту үшін болашақ мұғалімнің өзі төмендегідей негізгі құзыреттіліктерді игеруі тиіс: лингвистикалық; коммуникативтік; лингвоелтану; кәсіби-бейімді (кәсіби-педагогикалық мақсат аясында), т.б.
Қазіргі уақытта болашақ шетел тілі мұғалімінің І курстан бастап даярлығын қамтамасыз ететін негізгі тақырыптар төмендегілер болып табылады: курстың сөздік тақырыптары (қазіргі қоғамдағы отбасы; қазіргі заманғы үй-тұрмыс; еліміздегі және шетелдердегі студенттердің оқуы мен өмірі; оқып-үйренетін тілдің елдері мен Қазақстандағы интернационалдық және ұлттық мерекелер; адам өміріндегі табиғат, жыл мезгілдері, оқып-үйренетін елдің және Қазақстанның климаты; қазіргі заманғы адамның киімдері, дүкендегі сатып алу, қазіргі заманғы мода); сөздік іс-әрекет түрлері бойынша жұмыс мазмұны мен қорытынды талаптар (әңгімелесу, диалогтық сөйлесу, монологтық сөз (аудирование, оқу), жазу және жазбаша сөз), т.б.
Орта мектепте шетел тілін оқытудың мазмұны төмендегі элементтерден тұрады: тақырыптар (денсаулық, білім, жағрафия және қыдыру, жол жүру, т.б.); тілдік материалдар (лексика, грамматика), т.б.
Жоғары оқу орындарындағы пән бағдарламаларының мазмұны мектеп қабырғасындағы оқытылатын шетел тілі пәнімен байланысын, сабақтастығын және мектеп қабырғасындағы тақырыптарға сәйкес оқу тақырыптарын (оқу материалдарын) бір пән толық қамти бермейтінін көруге болады.
Зерттеуде байқағанымыз аз пайыз студенттер ғана шетел тілін оқытуға дайынмын деген ойын білдірді. Оның себептерін кейбіреулері оқыту әдіс-тәсілдерін білмейтінін жазса, кейбірі ағылшын тілінде еркін сөйлеудің толық мәнді игермеуін айтады, кейбіреулері мектептің оқу пәні бағдарламаларымен, оқулықтарымен жұмыс жасамағандығын мазмұндайды. Ал, шамамен 29% студент өзіне шетел тілін оқытатын оқытушылардың оқыту әдістемесіне қанағаттанарлық ойда еместігін білдірді.
Студенттермен жүргізілген зерттеу жұмыстарын талдау шет тілі мұғалімдерін кәсіби даярлау бойынша жоғары оқу орындарында шешілмей жатқан бірқатар мәселелердің барын аңғартады. Олардың ішінде, бағдарламаның бағыттары, бөлімдері бойынша хрестоматиялардың, оқу-әдістемелік құралдардың, не қосымша еңбектердің, арнайы жабдықталған кабинеттердің, т.б. жетіспеуі - шетел тілін жоғары оқу орындарында жүйелі оқытуда қайшылықтар тудырып отыр. Олар: тек теориялық мағлұматтардағы оқу материалдарын толық көлемде беруі, практикалық іс-әрекеттерге (тілдік қарым-қатынасқа байланысты) қатысты іскерліктерді игермеуі, т.б.
Ғылыми – педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып белгіленген оқыту үдерісінің нәтижесін көрсететін әдіс-тәсілдерді, формаларды көбінше жаңашыл, инновациялық деп атайды.
Кейбір зерттеушілер оны “өзгеріс“ деген терминмен анықтайды. Соның бірі И.П.Подласый ХХ ғ. 80-жылдары кәсіби түрде, алдымен журналшылар, содан кейінгі кездерде педагогтар “инновация” сөзін пайдалана бастағанын жазады. Сондай-ақ инновация (ағылшынның іnnovatіon - нововведение, новация) – бұл ескі жүйенің өзгерісі деп қарастырады. Біздің ойымызша, бұл түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез келген өзгерісті сипаттайды.
Инновация білім берудегі (мектептегі) құбылысқа тың жаңалық: жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын, әдіс-тәсілдерді оқу және тәрбие жұмыстарына енгізу болып табылады. Инновация – жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және үдеріс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық үдерісте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалықты енгізуді білдіреді.
Н. Ф.Талызина және т.б. инновация өзінің дамуы барысында белгілі бір өмірлік сатыдан тұрады: жаңа идеяның пайда болуы; мақсат қоюшылық: тарату және жойылу – деп айта келе, инновациялық технологияға жататындар: компьютерлік технология, ойын технологиясы, жоба әдісі-деп топтастырып көрсетеді. 
Келтірілген талдаулардан ұғатынымыз “жаңа педагогикалық технология дегеніміз оқу және тәрбие үдерісін мақсатқа сәйкес жоғары нәтижеге қол жеткізу барысында және оқыту мазмұнын, сапалық қасиеттерді әдіс-тәсілдер мен құралдар жүйесін үйлесімді пайдаланатын педагог іс-әрекетінің өзгерісті (жаңалықты) алгоритмі” – деп білеміз. Жаңа педагогикалық технологиямен болашақ мұғалімдерді даярлау жүйелік тәсіл негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін даярлаудың білім беруші-теориялық, практикалық және тәрбиелеушілік аспектісі бар екендігін көруге болады. Дегенмен, зерттеуге сәйкес мұғалімнің барлық даярлық аспектілерін қарастыру мүмкін емес, сондықтан шартты түрде жұмыста мұғалімнің академиялық, конструктивтік қабілетін түзетін пәндер және аталмыш пәндерді оқыту әдістемесі бойынша даярлығын құраушылар қарастырылады. Бұл даярлық құраушылары мұғалім мамандығының профессиограммасында міндет-ті көрініс табады. Сондықтанда болашақ маманды даярлау оның профессиограммасы тұрғысынан зерттелуі тиіс. Профессиограмма маманның кәсіптік іс-әрекетіне сәйкес “паспорт” ретінде сипатталады.
Модель деп (латынның сөзінен аударғанда - өлшем, үлгі) зерттеуде қиындық тудыратын немесе мүлдем мүмкін емес құбылыстар (заттарды, үдерістерді, жағдайларды және т.б.) зерттеу үшін басқа ұқсас құбылыстарды (затты, үдерісті, жағдайды және т.б.) жасанды құрастыру түсіндіріледі. Модель (лат. modulus -үлгі, өлшем) нысан және оған қатынастық мәндерді көрсететін көрнекілік құралдардың бірі (шартты бейне, схема, т.б.) болып табылады. Бұлар негізінен нобайдың сандық сипатын анықтайды.
Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің негізінде зерттеу жұмысымыздың ерекшелігіне сәйкес “Жаңа педагогикалық технологиямен оқытудағы болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің даярлығы деп, даярлықты мотивациялық, мазмұндық, процессуалдық құраушылардың мектеп оқушыларын шетел тіліне баулуда практикалық бағыттылықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуге білімдері мен іскерліктерінің жиынтығын, оларды практикада қолдана білуімен анықталатын кәсіби мәнді тұлғалық қасиетінің қалыптасуын құрайтын күрделі біртұтас білім” - деп білеміз.
Біздер педагог-ғалымдардың еңбектеріне негіздей отырып, болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің зерттеліп отырған сапасын қалыптастыруды жүзеге асыратын нобайын құрастырдық (Сурет 1). 
Нобайда қарастырған критерий болашақ маманның таңдаған мамандығына ұмтылысынан туындады. Критерий (грек сөзінен алғанда – пайымдау үшін құрал), белгі, сының негізінде қандай-да нәрсені бағалау, анықтау немесе жіктеу жүргізіледі; баға өлшемі. Психологиялық, педагогикалық түсіндірме сөздікте критерий “... бағалауға, пікір айтуға не топтастыруға негіз болатын белгі; қайсібір құбылысты пайымдау, бағалау өлшемі. Педагогикада белгілі бір құбылыстардың критерийлерін талдап-белгілеу қиын, өйткені педагогика пәнінің өзі күрделі және көрістері сан алуан”-деп оның қиындық тудыратын жақтары айтылған.
Шетел тілін оқытуда болашақ мұғалімдердің пәнді оқытудағы практикалық бағыттылықты жүзеге асыруға даярлығын қамтамасыз ету қажет. “Бағыттылық” ұғымы “қандай да бір мақсатқа бағытталған ойдың, қызығушылықтың топтастырылуын түсінеміз”. Шетел тілін оқытудағы 

Болашақ мұғалім даярлығының критерилері (өлшемдері)

Болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің зерттеліп отырған даярлығының көрсеткіштері

М о т и в а ц и я л ы қ компонент

- шетел тілін меңгеру мен оны оқытуда жаңаға деген қызығушылық, қоғамдық және әлеуметтік-педагогикалық мәнін саналы сезінуі

Шетел тілі оған оқыту бойынша жаңаға деген қызығушылығының болуы;

Шетел тілінің оқу-тәрбие үдерісіне ықпалының, бар екенін жете түсінуі;

Шетел тіліне баулуда практикалық бағыттылықты жүзеге асырудың бүгінгі таңдағы қажеттілігін сезінуі

М а з м ұ н д ы қ компонент

- шетел тілі және оны оқытуда практикалық бағыттылықты оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асыру бойынша білімі

Шетел тіліне баулудағы іс-әрекеттердің психологиялық құрылымы;

Шетел тіліне баулуда практикалық бағыттылықты жүзеге асырудың дидактикалық шарттары, құралдары;

Шетел тіліне баулуда практикалық бағыттылықты қамтамасыз етудің мазмұны, мәні және оқытудың әдістері мен формалары туралы білімі

П р о ц е с с у а л д ы қ компонент

- шетел тілін оқытуда практикалық бағыттылықты жүзеге асыру бойынша іскерлігі

Шетел тілін оқытуда практикалық бағыттылықты жүзеге асырудың дидактикалық шарттарын, құралдар жүйесін іске асыру ептілігі;

Шетел тілінің мүмкіндіктерін бағалай алуы және оны оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асыра алуды игеруі

Шетел тілін оқытуда практикалық бағыттылықты жүзеге асыруға болашақ мұғалімдердің дайындығын қалыптастыру үдерісі

Болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің пән және пәнді оқытуда практикалық бағыттылықты жүзеге асырудағы білім мен іскерліктерінің түзілімі

Сурет 1- Болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін даярлаудың болжамды нобайы практикалық бағыттылық деп, шетел тілін оқытуда оқу материалдарын және осы оқу материалдарына сәйкес педагогикалық тапсырмаларды орындатудағы әдіс-тәсілдерді, құралдарды мұғалімнің дұрыс пайдалануын түсінеміз. Сондықтан да біздер зерттеп отырған даярлықты қамтамасыз етудің нобайын пайдаландық.
Нобайдың негізінде болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің пән және пәнді оқытуға кәсіби даярлығын қалыптастырудың төрт деңгейі анықталды: төменгі деңгей, орта деңгей, жеткілікті жоғары деңгей және жоғарғы деңгей.
Төменгі деңгейде: студенттердің шетел (ағылшын) тілін меңгеру мен оқыту бойынша жаңаға деген қызығушылығы төмен болады, олар шетел тілінің оқу-тәрбие үдерісіндегі дұрыс қатынасының барын жете түсінбейді, тілдің мәнін сипаттай алмайды және шетел тілін оқытуда практикалық бағыттылықты қамтамасыз етуді жете түсінбейді. Мазмұндық, процессуалдық құраушыларды меңгермейді.
Орта деңгейде: студенттер шетел тілін меңгеру мен оқыту бойынша жаңаға деген қызығушылығы болады, шетел тілі бойынша білімі үстірт. Шетел тілінің практикалық бағыттылығын толық сипаттай алмайды. Шетел тіліне баулуда практикалық бағыттылықты қамтамасыз ету керектігін жақсы түсінеді, оны жүзеге асырудағы құралдарды, шарттарды толық сипаттай алмайды. Процессуалдық құраушылардың кейбір элементтерін ғана меңгереді.
Жеткілікті жоғары деңгейде: студенттер шетел тілін оқыту мен оқытуға жаңаға қызығушылығы болады, оның оқу-тәрбие үдерісіндегі дұрыс ықпалының бар екенін жақсы түсінеді. Шетел тілі, оны оқытудағы практикалық бағыттылығын сипаттау бойынша білімі айтарлықтай терең. Шетел тілін оқытуда практикалық бағыттылықты қамтамасыз етудегі оқу материалдарын және оқыту әдістері мен тәсілдерін көрсете біледі.
Жоғарғы деңгейде: болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің пәнге деген, оны оқытудағы жаңаға деген қызығушылығы жоғары болып келеді және оның оқу-тәрбие үдерісіндегі дұрыс ықпалының бар екенін жете түсінеді. Шетел тіліне баулудың практикалық бағыттылығын сипаттау бойынша білімі айтарлықтай терең және қамтамасыз етудегі дидактикалық шарттардың оқытудың жүйелеріндегі мазмұндық сипаты бойынша білімі терең, оларды қамтамасыз етуді игереді. Олардың оқушыларды шетел тіліне баулуда практикалық бағыттылықты жүзеге асырудың құралдар жүйесі бойынша білімі терең болып келеді. 
Сауалнама, әңгімелесу, тесттік тапсырмалармен бақылау әдістерін қолдану негізінде шетел тілін және оны практикалық бағыттылықта оқыту даярлығының бастапқы жағдайы анықталды.
Жоғары оқу орындарында болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін талап аясында даярлау үшін төмендегідей дидактикалық шарттары орындалуы тиіс: болашақ пән мұғалімдеріне қазіргі кездегі шетел тілінің практикалық мәнділігін ұғындыру; шетел тілінің мазмұнын түзуші оқу материалдарын игеруде талдау, іріктеу, салыстыру, жинақтау, т.б. іс-әрекеттерін студенттермен ұйымдастыру; шетел тілін оқытуда практикалық бағыттылықты жүзеге асырушы құралдарымен жұмыс жасату; оқушыларды шетел тіліне үйрету үшін болашақ мұғалімдердің іскерлігін қалыптастыру.
Аталған шарттар негізінде болашақ шетел тілі мұғалімдерін даярлауды жүзеге асыру көптеген факторларға байланысты. Олардың негізгілері біздің ойымызша төмендегілер: жоғары оқу орындары оқытушысының оқу үдерісін ұйымдастыру мен конструкциялауға қажетті білімі, оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілуі, студенттің өзіндік белсенділігі, маман даярлауға қойылатын талаптардың қанағаттандырылуы, т.б.
Педагогикалық инновацияға, жаңа тәрбиеге даяр жаңа формация мұғалімдерін даярлау соңғы уақыттарда кеңінен айтылуда. Білім беру жүйесіне жаңалықты (инновациялық) үдерістердің енуіне байланысты жаңаша ойлауға қабілетті, жоғары мәдениетті, қоғам мен мектептің алдына қойылған міндеттерді айқын түсінетін жаңа формация мұғалімдерін кәсіби даярлау мәселесі көкейкесті болып табылуда. 
Жоғары оқу орындарында оқу жұмыстарының міндетті түрлеріне дәріс, семинарлар, лабораториялық-практикалық сабақтар, курстық жұмыстар, консультациялар, коллоквиумдар, сынақтар, емтихандар жатады. Жоғары оқу орындарында кеңінен тараған оқыту формаларына қазіргі таңда жаңа сипат берілген.
Қазіргі кезде дәрістің бірнеше түрі ажыратылған: кіріспе, ақпараттық, шолу, мәселелеп оқу дәрісі, визуальдық, бинарлық, алдын ала қателерімен жоспарланған, конференция, кеңес, “Миға шабуыл” - дәрісі немесе "топтық пікір-талас дәріс". Семинар – практикалық оқу сабақтарының негізгі түрлерінің бірі. Семинардың ерекшелігі – оқушылардың оқытушының жетекшілігімен өз алдына дайындалған хабарламаларын, баяндамаларын, рефераттарын ұжым болып талқылау.
Ойын моделдерін белгілеуде әртүрлі терминдер қолданып жүрміз. “Ойын”, “Имитация”, “Нақты жағдайды талқылау”. Ойын технологиясы негізінен С.Әбенбаевтың пікіріне сәйкес жаңа педагогикалық технологияға жатады. Сондықтан бұл қазіргі таңда оқу-тәрбие үдерісінде қолдау табуда.
Хабарламалық-дамытушы әдістер: дәріс, әңгіме, түсіндіру, оқу фильмдерін көрсету, педагогикалық әдебиеттермен өз бетіндік жұмыс, білім беру бағдарламаларымен өз бетімен жұмыс.
Проблемалық ізденіс әдістері: оқу материалын проблемалы баяндау, эвристикалық әңгіме, пікірталас, зерттеу жұмысы, кіші топтарды студенттердің ұжымдық ойлау-іс әрекеті, лабораториялық ізденіс жұмыстар. 
Репродуктивті әдістер: оқу материалын мазмұндау (пересказ), үлгіге байланысты тапсырмаларды орындау.
Шығармашылық-репродуктивті әдістер: педагогикалық тақырыптарға творчестволық шығарма жазу, сөзжұмбақтар құрастыру, педагогикалық жағдайларды талдау, іскерлік ойындар, педагогикалық міндеттерді шешу. 
Студенттердің өзбетіндік жұмыстарының формалары: педагогикалық сөздік жүргізу, түпдеректерді конспектілеу, аннотациялау, педагогикалық әдебиеттерді рецензиялау.
Дәстүрлі оқыту формалары үшін әдіс-тәсілдер ойластырылған; кеңінен қолданылып жүргендердің ішінде ерекше орын алатыны оқытудың белсенді (активті) және аралық белсенді (интерактивті) әдістері.
Қазіргі уақытта ағылшын тілін білім беру жүйесінде оқытудың әдістемесін, оның қағидалары мен салыстырмалы сипаттамаларын төмендегідей атап көрсетуге болады.

1. Ағылшын тілін оқытудың қазіргі әдістемесі: коммуникативтік әдістеме; жоба әдістемесі; интенсивті әдістеме; іс-әрекеттік әдістеме; қашықтықтан оқыту әдістемесі.

2. Ағылшын тілін оқытудың қазіргі заманғы әдістемесінің әдістемелік ұстанымдары. Коммуникативтік әдістеме: қарым-қатынас арқылы шетелдік мәдениеттің барлық аспектілерін игеру ұстанымы; шетелдік мәдениет аспектілерін өзара байланыста оқу ұстанымы; шетелдік мәдениет аспектілері мазмұнын модельдеу ұстанымы; оқу үдерісін оны кванттау (оқу үдерісінің құраушыларын (мақсаты, құралы, материалдары, т.б.) бөлу) және бағдарламалау негізінде басқару ұстанымы; шетел тілін оқытуды ұйымдастырудағы жүйелік ұстанымы; шетел тілін ситуация негізінде өзара қарым-қатынас ретінде оқыту ұстанымы; шетел тілін игеруді жеке даралау ұстанымы; шетел тілін игеруде оқушылардың, студенттердің өз бетінше жұмыс жасауын және сөздік ойлау іс-әрекеттерін дамыту ұстанымы; шетел тілін оқытудағы функциональдылық ұстанымы; шетел тілін оқытудағы жаңалықты ұстанымы.
Көптеген әдістемелерде (әсіресе, қашықтықтан оқыту, жоба) көрнекілік ұстанымы пайдаланылады. Жоғарыдағы барлық әдістемені бір ғана тұжырыммен беруге болады. Ол: “Қарым-қатынасқа оқытудың жақсысы – бұл қарым-қатынас”.
Жоғарыдағы келтірілген шетел тілін оқыту қазіргі заманғы әдістемесі мен әдістемелік ұстанымдарының салыстырмалы сипаттамасын білу оқытушы үшін қажетті шарт болып табылады. Олар:
- әдістеменің ерекшелік белгілері (жоғарыдағы бес әдістемеге байланысты);

- әдістемелердің ұқсас белгілері;

- әдістемелердің оң және теріс жақтары.

Ұ.Т.Нұрманалиева ғылыми-зерттеу еңбегінде шетел тілі сабағының негізгі құрылымдық бірлігі ретінде мыналарды атап көрсетеді: фонетикалық жаттығу; жаңа тілдік материалмен танысу; жаттықтыру; сөз тәжірибесі; сабақты қорыту.
Болашақ шетел тілі, оның ішінде ағылшын тілі мұғалімі пәнді мектепте оқытуда төмендегідей: аспектті (тіл үш аспектіге бөлінеді: лексика, грамматика, фонетика, олар жеке жеке зерделенуі тиіс); құрылымдық (машықтану жаттығуларын көптеп орындау); трансформациялық; аспектті-құрылымдық; құрылымдық-функционалдылық; тақырыптық-ситуациялық (лексикалық); сюжетті-ситуацялық; сюжеттік; тәсілдерді игеруі тиіс.
Бұл тәсілдерді жоғары оқу орындарында болашақ шетел тілі мұғалімі пәнді оқу барысында толық меңгеруі тиіс. Алдымен студент өзінің даярлығын қалыптастырады, содан кейін әдістемелік модуль бойынша пәнді оқытудың әдістемелік даярлығын меңгереді.
Осы тәсілдерді студенттер практика кезінде қолдануға тапсырма беріледі. Практика да біздің даярлау әдісіміздің бірі.

Жоғарыдағы аталған мамандық бойынша студенттер мектептегі практикаға алтыншы семестрде барады. Олардың пән бойынша білім және іскерлік деңгейі жеткілікті деңгейде дегенімен де, олардың пәнді оқыту бойынша әдістемелік даярлығының жеткіліксіздігі айқындаушы эксперимент барысында анықталды. Осы себепті біздер болашақ шетел тілі мұғалімдерінің пәнді оқыту бойынша әдістемелік даярлығын жоғарылату үшін мамандықты даярлауда басшылыққа алатын оқу жоспарындағы әдістемелік модульге бөлінген сағаттар есебінен практикалық жұмыстарды беруді дұрыс деп таптық.
Жоғары оқу орындарында оқу жұмыстарының бір түрі практикалық жұмыстар гуманитарлық мамандықтарда да кеңінен қолданылады. Практикалық жұмыстарды орындау барысында студенттер оқыту мазмұнындағы, үдерісіндегі заңдылықтарды өздері анықтаулары қажет. Сондықтан да ағылшын тілін оқыту барысында студенттерге төмендегідей практикалық жұмыстар зерттеліп отырған даярлықты қамтамасыз ету мақсатында ұсынылады. Олардың тақырыптары: 1.“Ағылшын тілі” пән бағдарламасы (бөлімі), 2. Оқыту үдерісіндегі оқушылардың белсенділігі, 3.Мұғалімнің сабаққа дайындалуы, 4. Сабақтың мақсаттары, 6.Оқушылардың білімі мен іскерліктерін бақылау, 7. Тақырып бойынша оқу материалдарының мазмұны және оны баяндау әдістемесі, 8. Пәнді жеке-дара оқыту, 9.Педагогикалық тапсырмалар және оқу жұмыстарының нәтижелері.
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби даярлығын жетілдіру ЖОО оқыту үдерісін, оқыту үдерісіне қажетті жаңа педагогикалық технология элементтерін жүзеге асыру қажет болады.
Болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің пән және пәнді оқытуда практикалық бағыттылықты жүзеге асыруға даярлығын қамтамасыз етуде эксперимент жұмыстары ұйымдастырылды. Зерттеу мақсатындағы эксперимент үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) жүргізілді. Алдымен болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің (студенттердің) оқу пәні бойынша даярлығының бастапқы жай-күйін анықтау мақсатында белгілеуші экспериментін жүргіздік. 
Анықтау эксперименті Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, Халықтар Достығы университетінде, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жүзеге асырылды. Экспериментке қатысқан студенттердің дайындық деңгейлерінің төмен екендігі анықталды. 
Біздер зерттеу жұмысымызда алған бақылау және эксперимент топтарының нәтижелері төмендегідей 1-кесте түзуге мүмкіндік берді. Қалыптастыру экспериментіне 20022003, 20032004, 20042005, 20052006 оқу жылдарында бақылау тобына 174, эксперимент тобына 168 студент қатынасты.
Қалыптастырушы эксперимент кезеңінде біздер алдымызға болашақ ағылшын тілі пәні мұғалімдерін әдістемелік даярлығын жетілдіру әдістемесін жасауды және оның нәтижелілігін тексеруді, мақұлдауды мақсат етіп қойдық. Алға қойған мақсатқа жетуді біздер төмендегідей міндеттерді шешумен байланыстырдық: болашақ ағылшын тілі пәні мұғалімінің әдістемелік дайындығын қалыптастыруға мүмкіндік беретін педагогикалық шарттарды тексеру; болашақ ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің әдістемелік даярлығын қалыптастыру білімі мен ептіліктерін дербес практикада пайдалануға үйрету.
Тәжірибе жұмысының жоспарын түзуде біздер “Болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін (пән бойынша және пәнді оқытуға) даярлаудың болжамды нобайына” сәйкес студенттерде зерттеліп отырған дайындықтың қалыптастырылуына салыстырмалы талдау нәтижесіне сүйендік.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмысқа Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Түркістан орталығы, Қазақстан Халықтар Достығы университетінде, Қазақ- Ресей университеті Түркістан филиалында 0319, 050119 - “Шетел тілі” мамандығы бойынша дәріс алып отырған студенттер қамтылды. Болашақ ағылшын тілі пәні мұғалімдерінде зерттеліп отырған дайындықты қалыптастыру жеткілікті дәрежедегі ұзақ үдеріс. Қалыптастыру экспериментіне аталған педагогикалық жоғары оқу орнының 3-курс студенттері қатыстырылды. Қалыптастыру экспериментіне қатынасқан студенттердің бастапқыдағы жалпы саны -342, соңғы бақылаудағы саны 340 болды.
Жоғары оқу орнының болашақ ағылшын тілі пәні мұғалімдерімен қалыптастыру тәжірибелік - педагогикалық жұмысы негізінен барлық курстарда ұйымдастырылды. “Бақылау” жасау арқылы болашақ ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің пәнді оқытуға дайындығын қалыптастырудың деңгейлері анықталды. Жалпы қалыптастыру эксперименті барысында анықтау, яғни бастапқы бақылаудан басқа 3 “бақылау” орындалды.
Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің әдістемелік дайындығын мақсатты қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін, әрбір бақылаудың мақсатын, міндеттерін белгіледік. Әрбір бақылаудың аралығында қалыптастыруға мүмкін болатын білім мен ептіліктер анықталып, болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің даярлығын қалыптастыру деңгейіндегі нәтижелердің өзгеруін анықтау қарастырылды.
Зерттеліп отырған дайындықтың қалыптастырылған деңгейін анықтау, арнайы дайындалған критерийлер және педагогикалық зерттеудің кешенді әдістер көмегімен жүзеге асырылды. Сондай-ақ зерттеу мәселемізге қатысты сауалнамалар пайдаланылды. Олардың мазмұндары төмендегідей:

- ағылшын тілі оқу пәні бағдарламасының (мазмұнын) құраушыларын атап көрсетіңіз;

- пәннің бағдарламасындағы білімді анықтаушы оқу материалдарын айтып беріңіз;

- теориялық мағлұматтарды оқушылардың жүзеге асыру үшін бағдарлама мазмұнындағы іс-әрекет түрлерінің тіркелуін мысалдармен көрсетіңіз;

- оқытуда көрнекілік әдісті пайдалануға тақырыптағы оқу материалдары негіз бола алады ма? т.б.

Болашақ шетел (ағылшын тілі) пәні мұғалімдерінде зерттеліп отырған дайындық жеткілікті қарастырылмайтындығын тәжірибелік – педагогикалық жұмыстың бастапқы “бақылау” жұмысының нәтижелері көрсетіп берді (Төменгі деңгейде: бақылау тобында - 51%, эксперимент тобында 48%,).
Болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің әдістемелік даярлығын педагогикалық практикаға барып келгеннен кейінгі тексеру, даярлық деңгейін анықтау жағдайы Кесте 2- дегі мәліметті көрсетті.
Бұл студенттер негізіне жоғарыдағы (алдыңғы тақырыпта) көрсетілген “Шетел тілдерін оқытудың қазіргі әдістемесі”, “Екінші шетел тілін оқытудың әдістемесі”, “Оқыту әдістерінің тарихы” пәндерінің толық курс бітірген.
Оқу үдерісінің нәтижелі болуы бірнеше факторға, шарттарға байланысты, оның ішінде оқу бағдарламасына, оқулықтарға, материалдық-техникалық базаға, студенттің ынтасына, т.б. Көбіне оқу үдерісінің нәтижелілігі мұғалімнің белгілі пән бойынша білімі мен пәнді оқыту бойынша кәсіби даярлығына байланысты болады.
Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді:
1. Бүгінгі күн талаптарының бірі жалпы білім беретін мектептерде жастарымыздың үш тілді меңгеруі міндетті шарт болып тұрғанда шетел тілі мұғалімдерін даярлауды жетілдіру, жаңа сатыға көтеруді талап етеді.
2. Психологиялық-педагогикалық еңбектерді, мектептердегі тәжірибелерді зерделеу оқушылардың пән бойынша практикалық бағыттылығын жүзеге асырудың мазмұнды және процессуалды аспектілерін мұғалімдер толық қамтымайтыны, яғни Қазақстан Республикасының орта білім мемлекеттік стандартында, жалпы білім беретін орта мектептің “Шетел тілі” (ағылшын) пәні бағдарламасындағы: ”оқушылар мынаны білуге тиіс”, “оқушылар мынаны орындауға тиіс“ талаптарын қанағаттандырмайтыны анықталды. Бұл өз кезегінде біздің зерттеу жұмысымыздың дұрыс таңдалғанын көрсетті.
3. Педагогикалық технологиялар және инновация жөніндегі зерттеулер негізінде “жаңа педагогикалық технология дегеніміз оқу және тәрбие үдерісін мақсатқа сәйкес жоғары нәтижеге қол жеткізудегі және оқыту мазмұнын, сапалық қасиеттерді әдіс-тәсілдер мен құралдар жүйесін үйлесімді пайдалану (жаңалықты) алгоритмі” – деп білеміз. Жаңа педагогикалық технологиямен болашақ мұғалімдерді даярлау жүйелік тәсіл негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің негізінде зерттеу жұмысымыздың ерекшелігіне сәйкес “Жаңа педагогикалық технологиямен оқытудағы болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің даярлығы деп, даярлықтың мотивациялық, мазмұндық, процессуалдық құраушыларының мектеп оқушыларын шетел тіліне баулуда практикалық бағыттылықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуге білімдері мен іскерліктерінің жиынтығын, оларды практикада қолдана білуімен анықталатын кәсіби мәнді тұлғалық қасиетінің қалыптасуын құрайтын күрделі біртұтас білім” – екенін анықтадық.
4. Жаңа педагогикалық технология негізінде болашақ шет тілі мұғалімдерін кәсіби даярлаудың теориялық негіздері айқындалды.
5. Қазіргі кезде болашақ шет тілі мұғалімдерінің кәсіби даярлығының нобайы, өлшемдері мен көрсеткіштері анықталады. 
6. Психологиялық-педагогикалық зерттеу еңбектеріне жасалған талдау болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің даярлығын жүзеге асырудың дидактикалық шарттарын белгілеуге мүмкіндік берді. Олар: болашақ пән мұғалімдеріне қазіргі кездегі шетел тілінің практикалық мәнділігін ұғындыру; шетел тілінің мазмұнын түзуші оқу материалдарын игеруде талдау, іріктеу, салыстыру, жинақтау, т.б. іс-әрекеттерін студенттермен ұйымдастыру; шетел тілін оқытуда практикалық бағыттылықты жүзеге асырушы құралдарымен жұмыс жасату; оқушыларды шетел тіліне үйрету үшін болашақ мұғалімдердің іскерлігін қалыптастыру.
Аталған шарттар негізінде болашақ шетел тілі мұғалімдерін даярлауды жүзеге асыру жоғары оқу орындары оқытушысының оқу үдерісін ұйымдастыру қажетті білімі, оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілуі, студенттің өзіндік белсенділігі, маман даярлауға қойылатын талаптардың қанағаттандырылуы, т.б. байланыстылығы сипатталды.
Болашақ шетел тілі мұғалімдерінің пәнді оқытудағы практикалық бағыттылықты жүзеге асырудағы құралдар жүйесі бойынша білімдері мен іскерліктері анықталды: шетел тілін оқыту мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, формасын педагогикалық талап негізінде таңдау; педагогикалық қызметті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру; педагогикалық іс-әрекеттегі таным құралдарын (теледидар жүйесін, компьютерді, т.б.) қолдану; теориялық білімдерді практикалық іс-әрекеттермен ұштастыру; оқу пәндерімен байланысты жүзеге асыру.
7. Ағылшын тілін оқытудың қазіргі әдістемелері нақтыланды: коммуникативтік әдістеме; жоба әдістемесі; интенсивті әдістеме; іс-әрекеттік әдістеме; қашықтықтан оқыту әдістемесі.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың барысында болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің әдістемелік даярлығын жоғары деңгейде қалыптастыру әдістемесінің нұсқауы нақтыланды: алдымен болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінде академиялық даярлықты қамтамасыз ету; шетел тілі пәнінің мазмұндық аспектіде оқу материалдарының атқаратын функциясы бойынша білімдермен, пәні бойынша теориялық мағлұматтармен қаруландыру; шетел тілін оқытуда процессуалдық аспектіде оқытудың әдістері мен формаларын пайдалану бойынша іскерліктерін қалыптастыру; оқытудың қазіргі заманғы технологиялары мен әдістемесі жүйесі туралы біліммен қаруландыру және іскерліктерді қалыптастыру.
8. Зерттеу барысында жасалған педагогикалық тапсырмалар зерттеліп отырған сапаны мұғалімде қалыптастырудағы даярлық деңгейін көтеруге мүмкіндік беретіні дәлелденді.
9. Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстардың нәтижелері ұсынылған жаңа педагогикалық технологиялардың болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби даярлығын қалыптастыруда тиімді екенін көрсетті.
10. Жаңа педагогикалық технологиялар болашақ ағылшын тілі пән мұғалімдерінің даярлығын жетілдіру құралы ретінде қарастырылып,оқу материалдарын жақсы меңгеруге мүмкіндік берді, олардың танымдық белсенділігін арттырды.
11. Жаңа педагогикалық технология (ойын технологиясы) жоғары оқу орындарында студенттердің әртүрлі пәндерден алған білімдерін кіріктіріп, нәтижесінде олардың пәнді оқытудағы әдістемелік даярлығын жетілдіруге негіз қалады.
Зерттеу нәтижелері бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады: 

- болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби даярлығын жүзеге асыруда

жаңа педагогикалық технологияларды оқу пәні мазмұнына сәйкес үйлесімді пайдалану;

- болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби даярлығын қамтамасыз етудің дидактикалық шарттарын негізге алу;

- студенттердің жаңа педагогикалық технологиялар арқылы кәсіби даярлығын жүзеге асырудағы құралдар жүйесін пайдалану.

Зерттеу жұмысындағы қарастырып отырған жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ шетел тілі пән мұғалімдерін даярлаудың мүмкіндік нұсқаларының барлығын бір жұмыстың барысында жазып шығу мүмкін емес. Болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің жаңа педагогикалық технологиялар бойынша коммуникативтік қабілеттерін қалыптастыру; іскерлік ойындар арқылы болашақ шетел тілі мұғалімдерінің дарлығын жетілдіру; болашақ мұғалімдердің шетел тілі бойынша даярлығын жетілдірудің дидактикалық шарттары; ақпараттық технологиялар арқылы болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің даярлығын жетілдіру; шетел тілдерін оқытуды пәнаралық байланыс негізінде оңтайландырудың педагогикалық шарттары т.б. тақырыптар дербес зерттеуді қажет етеді.

Тақырыбы: Сабақты өткізудің психологиялық-педагогикалық ұйымдасқан негізі

Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, тиімді әдістерін тәжірибелерін жалғастырып тың жаңалықтар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашанда жалғаса бермек. Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы, оның іс - әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады. Білім - жолы қиында қастерлі жол. Болашақ жастарды оқыту, тәрбие беру, қазіргі өмір ағысына бейімдеу ұстаз алдында тұрған ең басты міндет. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда. Кәсіби құзыреттілік - жеке тұлғаның кәсіби іс - әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігімен қабілеттілігінің бірлігі.
Білім берудегі мақсат тек білімді кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру керек екенін баса айтқан жөн. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 29 қаңтар 2011 жыл Қазақстан халқына жолдауында Мен қазіргі заманғы қазақстандықтар үшін үш тілді білу әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты еккендігін айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін- деді. 
Олай болса, оқушыны ағылшын пәніне қызығушылығын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім жолдауға жедел үн қосу керек деп білемін. Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру. Мектептерде жаңа технологиялар арқылы оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды. Қазіргі кезеңде мектептерде ағылшын тілін оқыту дұрыс жолға қойылған. Оқушылардың ағылшын тілін біліп ғана қоймай, оның тарихын, ұлттық мәдениетін білуге көп көңіл бөлінеді. Шетел тілін оқытудағы білімділік мақсаты - шетел тілінде сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым - қатынасты нығайтуға ұмтылу болса, тәрбиелік мақсаты - өзге адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алу және қорғауға үйрету.
Ұстаз шеберлігінің өзегі – тіл байлығымызды дәлірек айтсақ, ойды жүйелеуге қажет сөздік қорының деңгейімен және сөйлеу мәдениетіміз бен сабақтас екендігін байқар едік. Ол үшін ұстаз біріншіден, өзі еркін білетін тілде дәріс беру шарт. Екінші шарт - шәкірт түсінікті тілде сабақ алуы қажет. Демек түсінікті тілде білім беру кәсіби біліктілікті қалыптастырудың қағидалық аксиомасы екендігін әр кез басшылыққа алуға тиістіміз. Шетел тілдері сөздерінің мағынасын түсіндіру мәселесі туралы ғалымдар пікірі 2 топқа бөлінеді.
Бірі ана тілін мүлде қолданбау керек(И. Е. Аничков), олар шетел тілін оқытуды ана тіліне сүйеніп, шетел тілінде сөйлеу дағдыларына нұқсан келтіреді десе, енді біреулері (Л. В. Щерба, Т. Ф. Лапангова) керісінше ана тілінің интерференциясын азайтуға болатынын дәлелдеген. Шетел тілін меңгеру дағдысын қалыптастыруда ана тілін мүлде аластау арқылы емес, ана тілінің интервенциялық ықпалы арнайы әдіс - тәсілдердің көмегі мен жеңген дұрыс, деген пікір айтады. Ағылшын тілін үйрету мынадай тіл дамыту жұмыстары бойынша жүзеге асады. 1. Лексикалық жұмыс.
2. Граматикалық жұмыс.
3. Фонеткалық жұмыс.
Тілді меңгеруде ең маңыздысы – лексика. Басқа білім салаларының ішінде лексиканың бірінші орын алу себебі мынада кейбір сөйлеушінің сөзінде граматикалық қателер кездескенімен адамдар арасында қатынас болуы мүмкін. Айтушының не айтқысы келгенін тыңдаушы түсінеді. Лексиканы меңгеру үшін түрлі әдіс - тәсілдер пайдаланылады. Нақты мағыналы сөздерді суреттер, зат, макет арқылы түсіндірген жөн. Абстрактілі мағыналы сөзді түсіндіру үшін аударманы қолдану және тіл көрнекілігі арқылы түсіндіру қажет. Ал тіл көрнекілігі дегеніміз – сөздің мағынасын контекст арқылы, синонимдер мен антонимдер, сөздің құрамдас бөліктерін талдау арқылы түсіндіру. Контексттерде грамматикалық құрылым, ондағы жаңа сөзбен басқа сөздердің барлығы оқушыларға бұрыннан таныс болуы қажет. Сонда оқушының назары жаңа сөздерге аударылады.
Яғни граматикалық материалды түсіндіруде қазақша мысал келтіріп, берілген мысалды ағылшынға аударып, екі тілдегі ұқсастық пен айырмашылықтарға тоқталамын. Содан кейін ағылшын тілінде жасалу жолын(ерекшелігін түсіндіріп өтетін граматикалық материалды бекіту үшін, практикалық жаттығулар көп жасалу керек, мүмкін болса, көбіне оқушылардың өз өміріне байланысты мысалдар келтірген жөн. Оқушыларды міндетті түрде сұрақ қоюға, сұраққа жауап беруге үйрету керек, бірақ ол жаттанды түрде болмауы тиіс. Әсіресе, төменгі сынып оқушыларына сұрақ қою кезінде өзімнің қолданатын әдісіме тоқтала кетейін:
Who? What do(ing)? Where? When?
Мысал: The children are playing in the yard now. – деген сөйлемді алатын болсақ, сөйлемдегі әр сөзге қойылатын арнаулы сұрақтарын анықтап алған жөн. Сонда оқушылар сөйлемдегі артикльдің, жалғаудың көмекші етістіктің орнын ауыстырып алмайды. Қысқасы, грамматикалық материалды өткенде, негізінен, ана тілімен салыстыра түсіндірген тиімді, оның ана тіліндегі біліміне сүйенген жөн. Оқушы бұл тілдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жете білгенде ғана, ол тілді дұрыс та, тез игере алады. Демек шетел тілін оқыту барысында оқушыларды тілдік материалмен таныстырып қана қою жеткіліксіз, оларға оның қалай қолданылатынын көрсетіп, дұрыс айтуға, жазуға, оқуға дағдыландырып төселдіру керек. Ол үшін мен оқушыларға фонетикалық жаттығулар жасатамын. Фонетикалық материалды меңгерту үшін, фонетикалық дағдыларды қалыптастыру және жетілдіру үшін жаңылтпаштар, тақпақтар, өлеңдер жаттатамын. Алғашқы кезде кейбір ұқсастау дыбыстардың айтылуына мән беремін Мысалы, know - білу. now - қазір mouth - ауыз. mouse - тышқан. т. б
Қазақстан Республикасының Білім туралызаңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттемелері атап көрсетілген. Соның бірі - білім беру жүйесіне оқытудың жаңа технологиясын енгізу. Осы бағытта оқушылардың ой - өрісі мен дүние танымын кеңейтіп, білім аясының мейлінше өсуіне оқушылардың қабілетіне қарай саралап оқытудың ықпалы зор. Мен өз тәжірибем арқылы сыныптағы оқушылардың білім дәрежесіне қарай топтап оқытудың нәтижелі болатындығына, балалардың сабаққа деген ынтасы, белсенділігі арта түсетініне анық көзім жетіп келеді. Ол үшін сыныптағы оқушыларды білім дәрежесіне қарай 3 топқа бөлемін. Яғни білім толық беске оқитындар – үздік топ, екінші топ - төрттіктер, үшінші топ - үштіктер.
Топқа бөлмес бұрын оқушылардың білім дәрежесі қалай бағалануы керек екендігін түсіндіремін. Яғни 5бағасын алатын оқушылар өз бетінше ізденіп, оқулық пен қатар қосымша әдебиеттер мен жұмыс істеуі керек, ал төрттіктер газет, журнал материалдары мен өз білімін ұштастыра отырып оқулықпен сабақтастыруы шарт, ал оқулық материалын толық меңгеріп, ойын толық жеткізуге шамасы келмесе, қосымша материалдармен ұштастыра алмаса, онда ол оқушы үштіктер тобына кіреді.
Мұндай саралап оқытудың көп пайдасы бар. Әр бала қысқа да нұсқа сөйлеуге үйренеді. Әрбір топтағы бала білуге құмарта түседі, төменгі топтар жоғары топқа өтуге, жоғарғы топ төменгі топқа түсіп қалмауға талпынады. Топқа бөлу кезінде менің оқушыларым алғашқыда өз еркімен бөлінді. Сонан соң оларға білім дәрежесін тексертетін сайыс ұйымдастырдым. Ең жоғары балл алғандар - І, онан төмен жинағандар ІІ және ІІІ топқа кіргізілді. Әр топтың өз басшысы болады, олардың қолында баға қойылатын өз журналы да болады. Ол әр топтағы оқушының білім дәрежесін, әр сабаққа дайындығын көрсететін айна іспетті. Нәтижесінде оқушылардың табиғи қабілеттеріне қызметтеріне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне дарындылық қасиеттерінің ашылуына толық жағдай жасалады. Әр оқушы ұстаздың басқаруы мен дұрыс тапсырмаларды + белгісімен өзі белгілеп отырады. Оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды. Оларды толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшеді. Бұл оқушылар арасында белсенділік туғызады және оқушының мемлекеттік стандарт деңгейінде білім алуына кепілдік береді.


Скачать


zharar.kz