Мысықтың ішкі құрылысы

Скачать

Мысықтардың ішкі құрылысы, мүшелердің орналасуы кәдімгі сүтқоректілердікіндей. Қан айналымының ең негізгі мүшесі болып, жүрек табылады. Жүрек бұлшықет мүше, көкірек қуысында орналасқан. Барлық сүтқоректілер сияқты мысықтарда екі қан айналым шеңбері болады. Қан айналу артериялар арқылы, капилярларға содан ұлпалар мен мүшелерге жеткізіледі. Оларда зат алмасу процесі жүріп, содан ұлпалар мен мүшелерге, содан қан көміртегіге толып, венаға өтіп, жүрекке келіп, екінші кіші қан айналым шеңберін түзеді. Мысықтың тыныс алу жүйесі қоршаған орнатың түрлі құбылыстарымен сай келеді және де олар организмнен түрлі зиян газдарды бөліп шығарады және жылуды реттейді. Тыныс алу мүшелеріне мұрын, мұрын қуысы, көмекей, трахеялар, бронхылар және өкпе жатады. Өкпе – ең негізгі тыныс алу мүшесі болып табылады. Өкпе екеу болады, оң және сол бөлімдерден тұрады және көкірек қуысында орналасады.
Тыныс алу процесі. Ауа мұрыннан ауаға, содан көмекейге және трахеялар мен бронхыларға сосын өкпеге келеді. Өкпе альвсала көпіршіктерден тұрады.
Оларды қоршау сияқты каппилярлар жауып тұрады және олар газ алмасуды өткізуші болып табылады. Тыныс алу мүшелерін кілегейлі қабықтар қорғап тұрады.
Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан, өңештен, қарыннан жіңішке және алуан ішектерден тұрады және де асты қорыту барысында, ең маңызды болып ұйқы безі және он екі елі ішек табылады және өт қапшығы: мысықтың жеген тамағы жұнқылшық арқылы, өңешке өтеді. Өңеш – бұлшықетті, труба тәрізді мүше және ол өз формасын, диаметрін өзгерте алады. Бұлшықеттер азықты қарынға қарай ығыстырады. Іш жағымен өңеш кілегейлі қабықпен қамтылған. Азық ауыз қуысында үгілмелі, майдаланса сулана бастайды, сілекейдің арқасында. Содан азық қарында ары қарай қорытылады. Қарын құрсақ қуысында орналасады. Мысықтың қарыны бірартериялы, іш жағынан кілегейлі қабықпен қапталған, содан қарын сай бөлінеді, соның арқасында азық қорытылады. Қарын қуысымен екі қуыс ашылады, біреуінің формасы конус тәрізді. Оның біреуі, онекі елі ішекпен байланысады, ал біреуі өңешпен соңғы азықтың қорытылуы жіңішке ішекпен аяқталады.
Жіңішке ішек, ұзын болады. Мысықтың денесінен 4 есе ұзын болады. Мұнда азық ферменттер арқылы ерін, қанға сіңеді. Жуан шек жіңішке ішектің жалғасы болып келеді. Мұнда қорытылмаған азықтар келіп түседі. Жуан ішек 3 түрлі элементтен тұрады. Соқыр ішек, мықын ішек, тік ішек. Тік ішек қорытылмаған қалдықтарды сыртқа шығарады. Тік ішекпен сыртқа шығармайды ол организмді зиян бактериялардан қорғайды. Мысықтың организмінен керек емес, сұйқтықты шығару үшін зәр бөлу жүйесі атқарады. Оған қуық, бүйректер, несеп бөлу жолдары, несеп ағар жатады. Бұларды несеп пайда болады және зиян керек емес заттарды сыртқа шығарады. Несептің түзілуі – бүйректерде жүреді. Сол арқылы несеп – қуыққа келеді. Қуықта қысып тұратын бұлшықеттер болады.
Мысықтардың көбею кезінде олардың зәрі қатты созылады. Бұл иіспен мысықтар өздерінің жерлерін белгілейді. Еркек мысықтарда жыныс мүшесі жұмыртқалардан және еннен тұрады. Сперма зәр жолдары арқылы, жыныс мүшесіне келеді. Жұмыртқалар еннің ішінде алады, онда еркек мысықтың – сперматозоидты клеткалары пайда болады.
Ал ұрғашы мысықтарда көбею мүшесі жұмыртқалардан, жатыр түтігінен және жатыннан тұрады. Жұмыртқаларда аналық мүшелі болып, қынап пен вульва табылады және де ішкі секреция бездері өте маңызды гипоталамид, қалқанша без, бүйрек үсті бездері болады.


Май көздері

Иттердің тамағында ең алдымен майлар болу керек, ол өсімдік тектес және жанар тектес майлар. Май жетіспесе, түрлі ауруларға алып келіп жатады, (әсіресе жол иттерде). Айта кетсек, бойының өспеуі, иттің жетілуі, терінің ауруларына, авитаминозға және патогенді аурулар пайда болуы мүмкін. Майды артық көп бергенде болмайды, себебі семіздік пайда болып, жүрек аурулары пайда болады. Көп тамақ бере берсе, әсіресе майды, иттерде жүгіру, ойнау сияқты қабілеттері болмайды. Май көзі болып, ит үшін –қаймақ, сары май, айран, ешкі мен сиыр сүті болып табылады. Бұларда А-витаминінен болады және де, хомитокаферол, фосфотид көп болады. Майлар тағы дәнді дақылдарда болады. Ит майды өзіне керекті қылып қабылдап отырса, иммунитеті күшейтеді, еш ауырмайды. Кішкентай күшіктердің тамағына сары май, тұшытылған сиыр етін көбінде сорпаға қосып беру керек. Иттің майды керек мөлшерде жеп жүргендері бірден белгілі, жүні тіп-тік, жұмсақ, қалың және жарқырап тұру керек. Сол кезде итке витамин Е-нің организмде (иттің) жеткілікті екенін біліп, айтуға болады.


Скачать


zharar.kz