Құқық жүйесі түсінігі

Скачать

Қазтұтынуодағы
Қара ғанды Экономикалық Университетi

Мемлекет және құқық теориясы
пәнi бойынша курстық жұмыстарды жазу және
безендiру бойынша әдiстемелiк нұсқаулар

Қарағанды 2009
050301 – Заңтану мамандығының ҚР МЖМБС негізінде, 050301 – Заңтану мамандығының оқу жұмысы жоспары, Мемлекет және құқық теориясы пәнінің типтік бағдарламасы мен ҚҚЭУ-МИ-85-04.01-2007 пәндерінің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымына қойылатын талаптар негізінде әдістемелік нұсқауларды жасаған жалпықұқықтық және арнайы пәндер кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м. Әділбекова Қ.Қ.

Кафедраның оқу-әдістемелік семинарының отырысында қаралды
26 тамыз 2009 ж. Хаттама № 1а

КІРІСПЕ

Мемлекет және құқық теориясы мемлекеттің құрылымы мен құқықтық жүйені жетілдіруге тікелей әсер ететін және мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы туралы ғылымдардың барлық салалары үшін үлкен маңызы бар фундаменталды ғылым. Мемлекет және құқық теориясын терең оқып зерттемейінше салалық заң ғылымдарын және басқару сипатындағы пәндерді жемісті игеру мүмкін емес.
Заңдық ғылымдар жүйесiнде “Мемлекет және құқық теориясы” негiзгi, әрi әдiстемелiк ғылым ретiнде танылған. Ол тәлiмгерлерде кәсiби құқықтық сананы қалыптастырумен тiкелей байланысты болатын заңдық ғылымдардың бiрi. “Мемлекет және құқық теориясы” пәнiнiң мақсаты – тәлiмгерлердiң мемлекет туралы iлiмдердiң мазмұны мен мәнi туралы, саяси-құқықтық құбылыстар туралы жалпы теоретикалық бiлiмдердi игеруiне көмектесу, оларды бағалау және де оны болашақта заңгер-құқықтанушы ретiнде өзiнiң мiндеттерiн кәсiби түрде орындау әрекетiнiң қозғаушы күшiне айналдыру қабiлетiн қалыптастыру.
Мемлекет және құқық теориясының оқу пәні ретінде басты мақсаты – әдістемелік тәсілдер арқылы оқу үрдісі нәтижесінде тәлімгерлерге мемлекет және құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің басты заңдылықтары туралы ғылыми және практикалық ілімдерді жеткізіп түсіндіру. Мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеті тәлімгерлердің мемлекет туралы ілімдердің мазмұны мен мәні туралы, саяси-құқықтық құбылыстар туралы жалпы теоретикалық білімдерді игеруіне көмектесу, оларды бағалай және де болашақта заңгер-құқықтанушы ретінде өзінің міндеттерін кәсіби түрде орындау әрекетінің қозғаушы күшіне айналдыру қабілетін қалыптастыру. Оқулықтармен қатар ғылыми еңбектерді, монографияларды, құқықтық журналдардағы мақалаларды өз беттерінше игеріп, терең әрі жанжақты талқылап қарастыруды үйрету қажет. Ғұламалардың көзқарастары негізінде, түрлі концепциялар ішінен талқылау нәтижесінде өзіндік ой-пікір қалыптастырып айтуға қабілеттерін дамыту.
Университеттiң “Заңгер” мамандығында оқып жүрген тәлiмгерлер үшiн заңдық ғылымдар саласында жан-жақты бiлiм алу, өз беттерiнше зерттеу жұмысын жүргiзiп үйрену, сондай-ақ жинаған бiлiмдерiн қоғамдық тәжiрибемен ұштастыра бiлу қабiлетiн қалыптастыру аса маңызды мәселелердiң бiрiне жатады. Заңгер маманды даярлау кезiнде курстық жұмыс жазуға және оны дұрыс рәсiмдеуге үлкен орын берiледi. Себебi, курстық жұмыс жазу үрдiсiнде тәлiмгер өзi таңдаған тақырыптың теоретикалық сұрақтарын талдай бiлуi, мәселеге қатысты жинаған құжаттарын өз бетiнше саралауы, сондай-ақ жазған жұмысы туралыой-пiкiрлерiн негiздей бiлуi қажет. Курстық жұмысты жазу және оны жазба жұмыстарына қойылатын талаптарға сай дұрыс рәсiмдеудiң маңыздылығы осында.
Осы әдiстемелiк құралда курстық жұмысқа қажеттi құжаттарды жинау, оның мәтiнiн жазу және дұрыс рәсiмдеу әдiстерi туралы ұсыныстар берiледi.
Әдiстемелiк құралдың соңында курстық жұмысты жазба жұмыстарына қойылатын талаптарға сәйкес рәсiмдеудiң үлгiлерi ұсынылып отыр.

1. Курстық жұмысқа қойылатын жалпы талаптар

Білім берудің жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік стандартына сәйкес “Заңгер” мамандығы бойынша күндiзгi және сырттай бөлiмдерде оқитын тәлiмгерлер бірінші курста “Мемлекет және құқық теориясы” пәнi бойынша курстық жұмыс жазады. Ол бiлiм беру үлгiсiнiң жазбаша жұмыстарының бiр түрi және оқу үрдiсiнiң мiндеттi түрде орындалуға жататын бiр бөлшегi болып табылады.
Курстық жұмыс тәлiмгердiң өз бетiнше жүргiзетiн алғашқы ғылыми зерттеуi. Ол тәлiмгерлердiң арнайы пәндердi оқу барысында жинаған бiлiмдерiн бекiтуге, тереңдетуге және оларды нақты мәселелердi шешу кезiнде дұрыс қолдана бiлуге көмектеседi. Сондай-ақ, курстық жұмыс жазу тәлiмгерлердiң ғылыми зерттеулер жүргiзуге қызығушылығын оятуға ықпал етедi, олардың берiлген мәселенi өз бетiнше саралауға қажеттi ғылыми әдебиеттердi, арнайы құжаттарды, қайнар көздердi тиiмдi пайдалана бiлуге үйретедi.
Тәлiмгер бiлiм алу үрдiсiнде жинаған бiлiмдерiн өзiнiң кәсiби мiндеттерiн орындау кезiнде дұрыс қолдана бiлуге, қорытынды жасап үйренуге, мәселе бойынша ғылыми және заң терминдерiн пайдалана отырып өз ойларын қағазға түсiре бiлуге үйренуi тиiс. Берiлген тақырыпқа сай курстық жұмыс жазу тәлiмгерлерге осы мiндеттердi шешуге көмек көрсетедi.
Курстық жұмыс жазу кезiнде тәлiмгер өз бетiнше нақты әлеуметтiк зерттеулер жүргiзуi қажет. Ол үшiн зерттелетiн мәселенiң мақсатын табу керек, оның жоспары құрылады, тақырыпқа сай құжаттар жиналады, белгiлi бiр жүйеге келтiрiледi, жұмыстың соңында қорытындылар жасалады.
Берiлген мәселе бойынша қажеттi құжаттарды зерттеу, топтастыру, саралау, тақырыптың теориялық және тәжiрибелiк жаңа көзқарастарын ашу курстық жұмыс жазудың негiзгi мақсаты болып табылады. Курстық жұмыстың төмендегiдей негiзгi мiндеттерiн атап өтуiмiзге болады:
таңдаған тақырып бойынша мемлекеттiк-құқықтық құбылыстардың мәнiн ашу, оны теориялық негiздеу;
курстық жұмыста көтерiлген мәселелердiң шешiмiн табу кезiнде зерттеу әдiстерiн меңгеру және өз бетiнше жұмыс жүргiзу амалдарын дамыту.
Курстық жұмыс тәлiмгерлердiң заң ғылымдарының және әрекеттегi заңдардың теоретикалық жағдайларын қаншалықты деңгейде меңгергендiгiн көрсетедi.
Курстық жұмыс жазудың тәсiлдерi күрделi болғандықтан, оны дұрыс орындау арнайы дайындықты және көмекшi әдiстемелiк құралдар мен ұсыныстардың көмегiн қажет етедi. Осы әдiстемелiк құрал жоғарыда атап өтiлген мәселелердi шешудi мақсат етiп қояды, яғни, тәлiмгерлердiң курстық жұмыс жазудың амалдары мен тәсiлдерiн игеруiне көмек көрсету, оны рәсiмдеу кезiнде кафедрамен ұсынылып отырған талаптарды негiзге алу.

2. Курстық жұмыс тақырыбының таңдалуы және бекітілуі

Курстық жұмыстардың тақырыптары кафедрамен анықталып әр жыл са йын жаңартылып отырылады. Жұмыс тақырыптары қоғамдағы өзекті мәселелерге және олардың шешілу жолдарына бағытталады. Әрбір тәлімгер оқу жылының басында өз бетінше курстық жұмыс тақырыбын таңдайды және таңдалған тақырып бойынша кафедра меңгерушісінің атына тақырыптын реттік саны көрсетілген өтініш әкеледі. Тәлімгердің өзі қызықтырып жүрген мәселелері бойынша курстық жұмыс тақырыбын ұсыну құқысы бар. Бұл жағдайда таңдалған мәселенің өзектілігі баяндалған өтініш кафедра меңгерушісінің атына жазылады.

2. Курстық жұмысты дайындау және жазу.
Тәлiмгердiң курстық жұмысты орындау үрдiсi төмендегiдей негiзгi кезеңдерден өтедi:
зерттеу тақырыбын таңдау, оны кафедрада тiркеу;
қарастырылатын тақырып бойынша қажеттi әдебиеттер тiзiмiн құрастыру;
оқу әдебиеттерiн және арнайы әдебиеттердi, қайнар көздердi зерттеу;
жұмыстың жоспарын құрастыру;
жұмыстың мәтiнiн жазу, рәсiмдеу және кафедраның сын-пiкiр бiлдiруiне ұсыну.
Тәлiмгер курстық жұмыстың тақырыбын кафедрамен ұсынылған және бекiтiлген тақырыптар тiзiмi iшiнен өз еркiмен таңдайды. Ол тақырып таңдау кезiнде тек өзiнiң мүдделерiн ғана емес, мәселенiң заң ғылымында ғылыми зерттелу деңгейiн, университет және қала iшiндегi кiтапханаларда арнайы әдебиеттердiң бар-жоқтығын басшылыққа алуы керек.
Кафедра рұхсат берген жағдайда тәлiмгер өзiн қызықтырып жүрген мәселе бойынша курстық жұмыс тақырыбын таңдауға құқылы, бiрақ ол мәселе курстық жұмыс жазылатын пәннiң оқу бағдарламасы шегiнен шықпауы тиiс.
Курстық жұмысты жазу таңдалған мәселеге сәйкес әдебиеттер жинау, оларды зерттеу, қысқаша мазмұндаудан басталады. Осылардың барлығы жұмыста көтерiлетiн сұрақтар шеңберiн анықтауға көмектеседi. Тәлiмгер өзiнiң ғылыми жетекшiсiмен келiсе отырып жұмыстың жоба жоспарын құрастырады, мәселеге байланысты арнайы әдебиеттердi, қайнар көздердi және басқа да құжаттарды жинайды, зерттейдi. Әдебиеттердi зерттеу кезiнде өздерi үшiн қысқаша үзiндiлер жасайды, арнайы сұрақтар бойынша құжаттарды топтайды, тәжiрибеден мысалдар жинайды.
Қажеттi әдебиеттер қарастырылып болғаннан кейiн тәлiмгер мәселенi толықтай ашуға қажеттi сұрақтар тiзiмiн көрсететiн жұмыстың түпкiлiктi жоспарын жасайды, ғылыми жетекшiмен келiсiледi. Жұмыс жоспарында тақырыптың негiзгi мәселелерi, оның баяндалу кезегi көрсетiледi.
Курстық жұмыстың құрылымы:
жұмыс мазмұнынан,
кiрiспеден,
негiзгi бөлiмнен,
қорытынды бөлiмнен,
пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Курстық жұмыстың жоспары жұмыстың төлқұжаты болып табылады. Онда жұмыстың негiзгi құрылымдық бөлiмдерiнiң атаулары кiредi. Курстық жұмыстың мәтiнi жоспарға сәйкес баяндалуы қажет. Кiрiспе, негiзгi бөлiм, қорытынды әрқайсысы мәтiнде жаңа беттен басталатындығын естен шығармау керек Жеке бөлiмдердiң атаулары жұмыстың атауымен сәйкес келмеуi керек.
Курстық жұмыстың кiрiспесiнде тәлiмгер келесi мәселелердi қарастыруы қажет:
жұмыс тақырыбын таңдау негiздерi;
оның көкейкестiлiгiн анықтау;
сол тақырып бойынша арнайы әдебиеттердi қарастыру;
жұмыстың негiзгi мақсаты мен оны ашудың жолдары.
Кiрiспе бөлiм 3-4 парақ көлемiнде жазылады.
Негiзгi бөлiм мәтiнде кiрiспеден кейiн орын алады. Талаптарға сәйкес екi немесе үш бөлiмге бөлiнiп қарастырылады. Ол бөлiмдер өз iшiнде бөлiмшелерге бөлiнуi мүмкiн. Бөлiмдер және бөлiмшелер көлемi жағынан бiр-бiрiне ұқсас болуы керек. Көп кездесетiнi – теоретикалық және тәжiрибелiк бөлiмдер. Теоретикалық бөлiмде тәлiмгердiң курстық жұмыста көрсетiлген мәселенiң тарихын бiлуi, тақырыпқа байланысты негiзгi әдебиеттердi жинауы, оларды өз бетiнше саралай алу қабiлетi көрсетiледi. Берiлген тақырыпқа қатысты аса маңызды мәселелер теоретикалық бөлiмде баяндалады. Теоретикалық бөлiмде көтерiлген мәселелер тәжiрибелiк бөлiмде нақты өз орнын алады. Тәжiрибелiк бөлiм жұмыстың нақты мазмұнын, тәлiмгердiң бақылауларының тереңдiгiн, оның теориялық мәселелердi тәжiрибемен ұштастыра алу қабiлетiн көрсетедi. Барлық бөлiмдер, бөлiмшелер, параграфтар өзара тығыз байланыста болып, бiрiн-бiрi толықтырып тұрады.
Қорытындыда тәлiмгер өзi жүргiзген зерттеулерiнiң негiзгi түйiндерiн баяндайды, мәселенi қорытындылайды.

Курстық жұмыстың рәсiмделуi.
Курстық жұмыс жазба жұмыстарына қойылатын талаптарға сәйкес орындалуы қажет. Соның iшiнде, қайнар көздерге, сiлтемелерге, оларды дұрыс рәсiмдеуге ерекше көңiл бөлiнедi.
Берiлген мәселенiң сұрақтары жоспарға сәйкес, арнайы әдебиеттердiң, қайнар көздердiң және басқа да құжаттардың көмегiмен толық баяндалған жағдайда жұмыс тақырыбы ашылған деп есептеледi.
Тәлiмгер курстық жұмыс жазу барысында жұмыс жоспарына сай бөлiмдердiң әрқайсысында қандай мәселелердi ашу керектiгiн бiлуi тиiс. Егер кiрiспеде таңдалған тақырыптың көкейкестiлiгi, оның ғылымда алатын орны мен мәнi, зерттеу әдiстерi мен тәсiлдерi, мәселенiң тарихы, сондай-ақ жұмыстың мақсаты мен мiндеттерi нақты анықталатын болса, негiзгi бөлiмде мәселенiң нақты мәнi логикалық айқындалған кезекпен ашылады, тақырыптың негiзгi сұрақтары сараланады.
Қорытындыда курстық жұмыс тақырыбы бойынша қорытындылар жасалады, нақты тәжiрибелiк ұсыныстар берiледi. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi көрсетiледi. Қажет болса тақырыпқа қатысты қосымшалар, сызбалар жасалады.

1. Курстық жұмыстың мазмұнына және рәсiмделуіне қойылатын талаптар

Курстық жұмыс жазба жұмыстарына қойылатын талаптарға сәйкес рәсiмделедi. Ол төмендегідей құрылымдық бөлімдерден құралады:
жұмыстың сыртқы беті;
жұмыстың мазмұны;
кіріспе;
негізгі бөлім;
қорытынды бөлім;
пайдаланған әдебиеттер тізімі;
қосымшалар.
Жұмыстың сыртқы беті
Жұмыстың сыртқы беті құжатты өңдеуге және іздеуге қажетті мәліметтердің қайнар көзі болып табылатын курстық жұмыстың бірінші беті болып табылады.
Онда төмендегідей мәліметтер баяндалады:
жоғарғы оқу орнының, факультеттің, кафедраның (филиалдың) атауы;
курстық жұмыстың тақырыбы;
тәлімгердің аты-жөні, тегі, тобының саны;
мамандық атауы;
ғылыми жетекшінің аты-жөні.
Жұмыстың сыртқы беті ғылыми еңбектің жалпы санына кіргенімен, ол бетке реттік сан қойылмайды. Курстық жұмыстың сыртқы бетіне тәлімгер мен ғылыми жетекшінің қолдары қойылады.

2. Курстық жұмыстың безендірілуіне қойылатын талаптар

Мәтiн беттiң бiр жағында (А4 стандартты бетте) жазылуы қажет.
Жұмыс көлемi 25-30 беттен құралады. Жолдар арасында 1 интервал қашықтық сақталады.
Жұмыстың әр бетiнде реттiк сан қойылады, мәтiннiң сол жағынан - 3 см, оң жағынан - 1 см ашық орын қалдырылады. Рет саны парақтың оң жақ бұрышына қойылады, соңынан нүкте қойылмайды. Парақтың жоғарғы және төменгi жағынан - 2 см ашық орын қалдырылады. Жұмыс қатталып өткiзiледi.
Курстық жұмыстың бiрiншi бетi 1- қосымшаға сәйкес рәсiмделедi. Жұмыстың екiншi бетiнде жұмыс жоспары жазылады. Кiрiспе және жұмыстың негiзгi бөлiмдерi 3-шi парақтан басталады. Қарастырылатын сұрақтар бөлiмдерге бөлiнiп баяндалады.
Бөлiмдер мен бөлiмшелердiң аттары парақтың ортасында бас әрiптермен жазылады.
Әрбiр бөлiм немесе бөлiмше жаңа парақтан, бөлiмнiң аты бас әрiптермен жазылып басталады.,
Сілтемелер пайдаланылу ретіне қарай нөмірленіп, пайдаланған әдебиеттер тізімін құрайды.
Курстық жұмысқа қатысты қосымшалар пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен кейiн орын алады. Олар курстық жұмыс парақтарының жалпы санының қатарына кiргiзiледi.
Курстық жұмыс мәтiнi таза орындалуы қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi төмендегiдей тәртiпте құрылуы керек:
1. тәртiп саны,
2. алфавит бойынша автордың аты-жөнi, тегi,
3. әдебиеттiң атауы,
4. шығарылған жерi, баспа,
5. шығарылған жылы, парақ саны.
Мысалы:
1. Алексеев Н.П. – Теория государства и права. – Москва: Юрист,2000.
(Тәлiмгер курстық жұмыс жазуға кем дегенде 10-15 түрлi әдебиеттердi пайдалануы керек.)

5. Курстық жұмыс жазуға басшылық жасау және оған сын-пiкiр бiлдiру
Курстық жұмыс жазуға басшылық жасауға кафедра оқытушыларының iшiнен жеткiлiктi ғылыми дәрежесi бар тәжiрибелi адам тағайындалады. Ғылыми жетекшi жұмыстың негiзгi бағыттарын белгiлейдi, тәлiмгерге жұмыс жоспарының сұрақтарын құрастыру, мәселеге қатысты арнайы және қосымша әдебиеттердi пайдалану туралы кеңестер бередi. Берiлген тақырыпты талдауға көмек көрсетедi, сондай-ақ курстық жұмыстың дер кезiнде орындалуына бақылау жасайды.
Тәлiмгерлерде ғылыми ойлауды қалыптастыру, өз беттерiнше пiкiр жасап үйрету, оларды жеткiзе бiлу, өздерiнiң жұмыстарының мазмұнын аша бiлу, дәлелдеп үйрету, сондай-ақ өздерi көтерген мәселенi негiздеп, қорытындылай бiлуге үйрету ғылыми жетекшiнiң негiзгi мiндетi болып табылады.
Курстық жұмыс жазылып бiткеннен соң кафедраның сын-пiкiр бiлдiруiне жiберiледi. Сын-пiкiр бiлдiру үрдiсi мынадай мәселелердi көтередi:
жұмыстың жақсы жақтарын ашу;
жұмыстың қате жерлерiн көрсету;
жұмысты қорғауға жiберу туралы ұсыныстар.
Жұмысты тексерiп бiтiргеннен кейiн ғылыми жетекшi өзiнiң сын-пiкiрлерiн жазады, яғни онда мынадай мәселелерге тоқталады:
курстық жұмыстың жақсы жақтарына қысқаша сипаттама;
курстық жұмыстың қате жерлерiн нақты көрсету;
жұмысты ауызша қорғау кезiнде өзi тереңдей қарамай кеткен мәселелерге көңiл бөлу туралы ұсыныстар;
қорғауға жiберiлу-жiберiлмеуi туралы ұсыныстар.
Пiкiр бiлдiрушi адамның соңғы қорытындысы қорғауға жiберiлдi, қорғауға жiберiлмедi деген ұсыныстармен аяқталады. соңында пiкiр бiлдiрушiнiң қолы қойылады, қорғаған күнi көрсетiледi.
Курстық жұмысты бағалау кезiнде жұмыстың тек қана мәтiнi ғана емес төмендегiдей мәселелерге де көңiл бөлiнуi керек:
құжаттарды меңгеру деңгейi және өз ойларын жазбаша, ауызша жеткiзе бiлу мүмкiндiгi;
ғылыми және оқу әдебиеттерiн пайдалана бiлу деңгейi;
теориялық мәселелердi тәжiрибемен ұштастыра бiлу қабiлетi;
курстық жұмыстың ғылыми және тәжiрибелiк маңызы.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ЖАЗУҒА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТАР ТIЗIМI

1. Адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары: ұғымы, түрлері, мәселелер
2. Қазақстан Республикасындағы нигилизм мәселесі.
3. Мемлекет функцияларының түсінігі, түрлері.
4. Мемлекет механизмінің түсінігі, құрылымы.
5. Мемлекет нысанының түсінігі, оның басқару нысаны, құрылымы.
6. Мемлекет типінің түсінігі және оларды типке бөлудегі формациялық, өркениеттік тәсілдері.
7. Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі, осы жүйенің түрлері.
8. Құқықтық мемлекеттің түсінігі, қағидалары.
9. Құқықтың түсінігі, мәні, құндылығы.
10. Тұлғаның құқықтық мәртебесі, оның мемлекетпен арақатынасы.
11. Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі, түрлері.
12. Құқық нормаларының түсінігі, белгілері және олардың түрлері.
13. Нормативтік – құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігі және құқық жүйесімен заңнама жүйесі.
14. Құқықтық қатынастардың түсінігі, түрлері.
15. Мемлекет түсінігі және түрлері
16. азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет құбылыстарының мәні және түсінігі.
17. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі.
18. Адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегi құқық қорғау органдарының ролi.
19. Мемлекет органдары - мемлекет аппаратының бір бөлігі
20. Мемлекеттік аппарат - қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі
21. Атқарушы билік органдарының мемлекеттік биліктік өкілеттіктері
22. Сот төрелігі құқық қорғау қызметі жүйесіндегі іргелі негіз ретінде.
23. Адам және азамат құқығы мен бостандығының кепілдігі мен оны қорғау институттары.
24. Қазақстан Республикасындағы адамның және азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері.
25. Қазақстан Республикасының сот билігін демократияландыру мәселелері.
26. Сот жүйесі құқықтық мемлекеттің ең негізгі органдарының бірі ретінде.
27. Қазақстан Республикасы соттарының басқа да билік және басқару органдарымен өзара байланысы.
28. Құқықтық мемлекеттің мәні, мақсаты және атқаратын қызметі.
29. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекеттің өзара қатынасы.
30. Мемлекет және құқықтың пайда болуы, оның обьективтік заңдылықтары.
31. Мемлекеттің түсінігі және оны алғашқы қауымдық құрылыстағы әлеуметтік биліктен ажырататын белгілері.
32. Мемлекеттің әлеуметтік тағайындалуы, сипаты және оның қызметінің мазмұны - мемлекет қызметтерінің көрінісі ретінде.
33. Мемлекет механизмі – бұл мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың жүйесі.
34. Мемлекет нысаны түсінігі мемлекеттану сипаттарының ішіндегі негізгілерінің бірі.
35. Мемлекет және саяси партиялар - қоғамды басқарудағы ең шешуші күш.
36. Құқықтың жалпы әлеуметтік және таптық мазмұны.
37. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны.
38. Құқық нысанының түсінігі және мазмұны.
39. Құқық жүйесі мен құрылымы, олардың мазмұны.
40. Мемлекет нысанын анықтайтын факторлар, мемлекет нысаны мен оның әлеуметтік мәнінің арақатынасы.
41. Мемлекет түсінігі және негізгі белгілері.
42. Қазақстан Республикасының сот билігі - мемлекеттік биліктің дербес тармағы.
43. Құқықтық сана қоғамдық өмірдің құбылысы және заң ғылымдарының зерттеу объектісі ретінде.
44. Қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті көтеру мәселелері.
45. Мемлекет қызметтерінің түсінігі.
46. Мемлекет нысаны түсінігі және элементтері.
47. Құқық бұзушылық түсінігі және оның негізгі белгілері.
48. Құқықбұзушылық себептері және олардың алдын алу жолдары .
49. Құқық бұзушылықтың заңдық құрамы.
50. Заңды жауапкершіліктің құқықтық мәселелері.
51. Құқықтық мінез-құлық, құқықбұзушылық және заңды жауапкершілік бір-бірімен тығыз байланысты категориялар ретінде.
52. Қазақстанда егемендіктің қалыптасуының мемлекеттік-теориялық мәселелері.
53. Құқықтық мәдениет: ұғымы, кұрылымы, міндеттері.
54. Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы билер институтының алатын орны мен маңызы.
55. Құқықтың пайда болу ерекшеліктері.
56. Құқық нысаны мен қайнар көзінің арақатынасы
57. Құқықтық нигилизм түсінігі, себептері және оны жою жолдары
58. Құқықтық тәрбие: түсінігі, нысандары, әдістері
59. Құқықты жүзеге асыру нысандары
60. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі сот билігінің рөлі
61. Құқықтық мемлекет: түсінігі, табиғаты және негізгі қағидалары
62. Құқық қолдану құқықты жүзеге асырудың ерекше нысаны
63. Құқықтық реттеу механизмінің түсінігі, элементтері
64. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің әдістері мен кепілдіктері
65. Мемлекеттiң пайда болуының экономикалық және әлеуметтiк себептерi.
66. Мемлекет түсiнiгi, оны алғашқы қауымдық құрылыстағы әлеуметтiк билiктен ажырататын белгiлерi.
67. Құқықтың пайда болуының себептерi, құқық түсiнiгi.
68. Мемлекеттiң пайда болуының батыстық жолы.
69. Мемлекеттiң пайда болуының шығыстық жолы.
70. Құқықтық сана түсiнiгi, құрылымы және түрлерi.
71. Құқықтық мәдениет түсiнiгi, элементтерi.
72. Құқық нормасы түсiнiгi, құрылымы және саралануы.
73. Құқық шығармашылық түсiнiгi, қағидалары және түрлерi.
74. Нормативтік құқықтық акт құқықтық қайнар көзі: ұғымы мен белгілері
75. Құқықтағы ақаулықтар. Құқықтағы ақаулықтарды жою тәсілдері.
76. Құқықтық нигилизм ұғымы мен қайнар көздері және оны жою жолдары.
77. Нормативтік-құқықтық акт, белгілері және түрлері.
78. Заң түсінігі, белгілері.
79. Заңға бағынышты нормативті актілер.
80. Құқық нормасы түсінігі және оның белгілері.
81. Құқық нормасының құрылымы және олардың түрлері.
82. Құқық нормаларының түрлері.
83. Құқық жүйесі түсінігі.
84. Қазақстан Республикасы құқық салаларына сипаттама.
85. Қазіргі кезеңдегі құқықтық жүйелер.
86. Англо-саксондық құқықтық жүйе.
87. Романо-германдық құқықтық жүйе.
88. Мұсылмандық құқық.
89. Социалистік құқық.
90. Құқықты жүзеге асыру: түсінігі, түрлері.
91. Құқықты қолдану түсінігі.
92. Құқықты қолдану үрдісінің сатылары.
93. Құқық нормаларын талқылау түсінігі, түрлері.
94. Құқықтық реттеу тәсілдері.
95. Құқықтық мінез-құлық түсінігі, түрлері.
96. Құқық бұзушылық түсінігі және оның негізгі белгілері.
97. Құқық бұзушылықтың құрамы.
98. Құқық бұзушылық түрлері.
99. Қылмыс түсінігі, белгілері.
100. Заңдылық қағидалары мен талаптары.
101. Заңдылықтың кепілдігі.
102. Қоғамдық тәртіп және құқықтық тәртіп, олардың байланысы.
103. Заңдылық және тәртіп.

1 ҚОСЫМША
Курстық жұмыстың сыртқы бетiн безендiру үлгiсi (1 бет).

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
бизнес және құқық факультеті
жалпықҚұқықтық пәндер және КЕДЕН ІСІ кафедрасы

Қорғауға жіберледі
кафедрасының менгерушісі
з.ғ.к., доцент
_________ А.А. Алимбаева

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы адамның және азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері

Орындады: БжҚФ Ю- (тобының номері)
(студенттің аты-жөні)

Ғылыми жетекші:

ҚАРАҒАНДЫ 2009
2 ҚОСЫМША
Курстық жұмыстың жоспарының үлгiсi (2 бет).

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4

1 ЖЕКЕ ТҰЛҒА - АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЬЕКТІСІ ... ... ... ... ... 7
1.1 Жеке тұлға ұғымы және жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7
1.2 Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
1.3 Жеке тұлғаның құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі ... ... ... ... ... 18

2 АДАМ МЕН АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 24
2.1 Азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 24
2.2 Адам және азамат құқығы мен бостандығының кепілдігі мен оны
қорғау институттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 31
2.3 Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың міндеттері ... ... ... . 51

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 65
Пайдаланылған әдебиеттер ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 68

3 ҚОСЫМША
Курстық жұмыстың мәтiнiн безендiру үлгiсi (3 бет).

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты атты Қазақстан халқына жолдаған жолдауында адам құқығын сақтау, Қазақстанды одан әрі жаңарту мен демократияландыру күн тәртібіндегі мәселе екендігі айтылған. Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет, өзін әлеуметтік, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырып, қоғамның бүгінгі таңдағы әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгерістеріне, яғни нарықтық экономикаға көшу, көп партия құру, қоғамда демократиялық және құқықтық институттарды дамыту мәселелеріне көп көңіл бөледі. Өткізілген реформалардың сәтті шығуы ең алдымен жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделетін құқықтық сана деңгейіне әсер етеді, одан адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары да шет қалмайды.

1 Жеке тұлға – азаматтық құқықтың субъектісі

1.1 Жеке тұлға ұғымы және жалпы сипаттамасы

ХХ ғасырдағы әлемдік ынтымақтастықтың дамуының алғышарты адамзат құндылығын тану, адамдар бостандығын жүзеге асыру мен тіршілік кепілдігінің қажетті мөлшерін қамтамасыз ету болып табылады. Әлемдік қауымдастық кез-келген адамның әр мемлекетте оның қоғамдық құрылымына, басқару нысанына және саяси режиміне қарамастан не болатын стандартты жалпыадамзаттық құқықтар мен бостандықтарын іске асырды, осы құқықтар мен бостандықтарды анықтаудың негізгі құралы саяси және моральдық заңдық күшін өз еркімен қабылдаған және мемлекеттің орындауының міндеттілігінде адам құқықтары туралы халықаралық құқықтық құжаттардың қабылдануы мен өңделуі болды.

Ескерту: Курстық жұмыстың реттiк саны 4-беттен басталады, себебi 1 бет сыртқы бетi, 2 бет жоспары, 3 бет кiрiспе болады, оларға реттiк сан қойылмайды. Мәтiндегi әрбір абзац қызыл жолдан басталады.

4 ҚОСЫМША
Курстық жұмыстың тақырыбын бекiту туралы жазылатын өтiнiштiң үлгiсi.

Жалпықұқықтық пәндер
және кеден ісі
кафедрасының менгерушiсi,
з.ғ.к., доцент Алимбаева А.А.
топ (топтың саны)
студенттің аты-жөнi

ӨТIНIШ

Маған ___________________ дағы курстық жұмыстың
(тақырып атауы)

тақырыбын бекітуiңiздi сұраймын.

күнi
қолы


Скачать


zharar.kz