Орындықты тасымалдау

Скачать

ҚОСЫМША

Заттарды тасымалдау
Мақсаты: Балаларға түрлі заттарды тасымалдауды үйрету.
Тікелей мақсаты: зейін тұрақтандыру, қимыл-қозғалысты үйлестіру.
Материал: керамикалық табақ.
Алғашқы таныстыру:
1. Балалардың назарын табаққа аудару.
2. Қазір біз табақты үстел үстіне апарып қоямыз. Алдымен мен көрсетемін, содан соң сен өзің апарасың.
3. Үш саусақ: сол қолдың сұқ саусағын, ортаңғы және аты жоқ саусағын
табақтың сол тұтқасының астына қойып, үстінен бас бармақпен қысамыз.
4. Үш саусақ: оң қолдың сұқ саусағын, ортаңғы және аты жоқ саусағын
табақтың оң тұтқасының астына қойып, үстінен бас бармақпен қысамыз.
5. Табақты екі қолмен бірге көтереміз.
6. Табақты көлденең ұстап жүреміз.
7. Үстел үстіне қоямыз.
8. Балаға: - Тыныш, - деп айтамыз.
9. Балаға табақты қайтадан сөреге апарып қоюды ұсынамыз.
Келесі жаттығулар:
1. Құмыраны тасымалдау
2. Су құйылған құмыраны тасымалдау
3. Қақпағы жоқ қорапшаны тасымалдау
4. Қақпағы бар қорапшаны тасымалдау
5. Іші бос құмыраны табақтың үстіне қойып тасымалдау
6. Әр түрлі заттарды тасымалдау
7. Ыдыс аяқты тасып орнына жинау
Жас мөлшері: 2-3 жас.
Аса ықылас аудару: затты үстелдің үстіне дыбыссыз қою.
Қателіктерді бақылау: ыдыс аяқтар, сынған заттар, түсіп кеткен қақпақ,
төгілген су. Сөздік: заттарды атаулары – кесе, пышақ,табақ, құмыра, қорапша
және т.б. Іс-әрекет атаулары - тасымалдаймыз, қоямыз, аламыз.

Орындықты тасымалдау.
Мақсаты: орындықты жәй және ұқыпты тасымалдауды үйрену
Жанама мақсаты: зейін тұрақтандыру, қимыл-қозғалысты үйлестіру.
Материал: орындық.
Алғашқы таныстыру:
1. Бүгін мен орындықты қалай алып жүруіміз керектігін көрсетемін.
2. Орындықтың жанына оның арқалығын оң жақ тұсымызда болатындай етіп тұрамыз.
3. Оң қолымызбен орындықтың арқалығын ұстаймыз, төрт саусақ арқалықтың артқы бетінде, бас бармақ алдыңғы бетінде болуы керек.
4. Сол қолмен отырғышты ұстаймыз: төрт саусақ отырғыштың астында, ал бас бармақ үстінде болуы керек.
5. Орындықты өзімізге қарай еңкейтіп, еденнен оның өзімізден әрі тұрған екі аяғын көтереміз.
6. Содан соң орындықты оңға қарай қисайтып, артқы аяғының бірін көтереміз.
7. Орындықты аяқтарын төмен қарата көтеріп, алдын ала белгіленген
жерге апарып қоямыз.
8. Орындықты керісінше тәртіппен қоямыз: алдымен артқы бір аяғына,
содан кейін өзіңізге жақын екінші аяғына, одан кейін қарама-қарсы екі аяғына.
9. Балаға қайталап көруді ұсынамыз.
Келесі жаттығулар:

1. Арқасы жоқ орындықты тасымалдау. (Қос қолмен отырғышты ұстаймыз, қалғаны, орындықты тасымалдаумен бірдей).
2. Шағын шаршы төртбұрыш үстелді бір баланың тасымалдауы (арқасыз орындықты тасымалдаумен бірдей).
3. Төртбұрыш үстелді екі баланың тасымалдауы (балалар үстелді қай жағына қарай еңкейту жайында өзара келіседі, содан кейін еңкейтіп барып еденнен екі аяғын бірдей көтереді).
4. Орындықты үстелдің астына кіргізу және шығару.
4.1. Орындықты шығарар кезде оның арқалығы жағынан келеміз.
4.2. Оны екі жақтан қапсыра ұстаймыз: екі қолдың төрт саусағы
орындықтың арқалығының артқы жағында, бас бармақтары алдыңғы жағында болады.
4.3. Артқы екі аяғына қисайтып, сәл көтереміз де, өзімізге қарай тартып,
солай кезекпен, алдымен екі артқы, содан кейін алдыңғы екі аяғын жерге түсіреміз.
4.4. Шығардық.
4.5. Ал, енді қайтадан кіргіземіз.
4.6. Арқалықты екі жағынан шығарғандағыдай етіп ұстаймыз.
4.7. Орындықты алдыңғы екі аяғына еңкейтеміз (бұл маңызды, әсіресе, орындықтың астында көлденең қағылған белдемше болса), содан кейін үстелдің астына кіргіземіз.
4.8. Артқы аяқтарына түсіреміз.
Жас мөлшері: 2-3 жас.
Аса ықылас аудару: орындықты бір аяғына қою.
Қателіктерді бақылау: орындықты тасымалдау және еденге қою кезіндегі шу; орындықтың аяқтарының жоғары қарап қалуы.
Сөздік: орындық, арқалық, отырғыш, аяқтары, әрекет атаулары.

Өз-өзіне қамқорлық жасау. Белдікті ағыту және тағу.
Мақсаты: баланы белдіктерді ағытуға және тағуға үйрету.
Жанама мақсаты: дербестікті дамыту, зейін тұрақтандыру, қимыл-қозғалысты үйлестіру, ұсақ моториканы дамыту.
Материал: Тасбақадағы белдіктер.
Алғашқы таныстыру:
1. Мынау белдіктері бар құрал. Біз оларды ағытып және тағып үйренеміз.
2. Балаға дұрыс ыңғайлы отыруын ұсынамыз.
3. Балаға ыңғайлы етіп етіп қоямыз.
4. Оң қолдың екі саусағымен (сұқ саусақ және бас бармақпен) түйме ілмектерінің шеттерінен ұстаймыз.
5. Сол қолдың екі сауағымен (сұқ саусақ және бас бармақпен) үстіңгі белдіктің шетін ұстап, оны оң жақтағы түйме ілмегіне арқа тәрізді қақпа болатындай етіп итереміз.
6. Дәл осылайша екінші белдікпен жасаған соң, балаға басқа белдіктермен осы амалды қайталауды ұсынамыз.
7. Содан соң, сол қолдың сұқ саусағы және бас бармағымен түйме ілмектен ұстап, ал оң қолмен қақпасынан қысып, белдіктің шетін ілмектен тартамыз.
8. Дәл осылайша екінші белдікпен жасаған соң, балаға басқа белдіктермен осы амалды қайталауды ұсынамыз.
9. Оң қолдың екі саусағымен (сұқ саусақ және бас бармақпен) үстіңгі белдіктің шетін ұстаймыз да, содан соң түйменің тілшігі тесігінен шыққанға дейін тартамыз. Белдікті босатамыз. Сол қолмен осы сәтте матадағы белдіктің сол жақтағы жартысын ұстап тұрамыз.
10. Осылайша екінші белдікті ағытамыз, ал үшінші және төртіншісін балаға өз бетінше ағытуын ұсынамыз.
11. Сол қолдың сұқ және бас бармағымен түйменің тілшігінен ұстаймыз, ал оң қолдың сұқ және бас бармағымен белдіктен (шетінен емес) ұстаймыз және
белдіктің шетін ілмектен тартамыз. Белдіктің шетін ілмектің үстіне саламыз.
12. Екінші ілмекпен дәл осылай жасап, содан соң балаға ұсынамыз.
13. Барлық белдікті ағыттық.
14. Екі бөлігін де ашып, жабамыз.
15. Ал енді, тағамыз.
16. Ілмектерді ретке келтіріп, оң жақ жартысынан шығарамыз.
17. Оң қолдың сұқ саусағы және бас бармағымен белдіктің шетін ұстаймыз, ал сол қолдың бас бармағы мен сұқ саусағымен ілмектің шетінен ұстап, белдікті ілмекке кіргіземіз.
18. Дәл осылайша екінші белдікпен жасаған соң, әрі қарай балаға ұсынамыз.
19. Оң қолдың сұқ саусағы және бас бармағымен белдіктің ұшынан ұстаймыз және оны оңға қарай қайырып, тартамыз. Сол қолдың сұқ саусағымен тілшікті тесігіне кіргізіп, ұстап тұрамыз.
20. Белдіктің ұшын қайырып, тілшіктің көрінгендігін қараймыз. Қолымызды босатып, балаға тілшіктің ұшын көрсетеміз.
21. Дәл осылайша екінші белдікпен жасаған соң, әрі қарай балаға ұсынамыз.
22. Оң қолдың сұқ саусағымен және бас бармағымен белдіктің ұшын, ал сол қолдың сұқ саусағымен және бас бармағымен түйменің ілмегінен ұстаймыз да, ұшын ілмекке шағын қақпаша болғанға дейін кіргіземіз.
23. Дәл осылайша екінші белдікпен жасаған соң, әрі қарай балаға ұсынамыз.
24. Оң қолдың сұқ саусағымен қақпашаның үстінен басып, ал сол қолдың бас бармағы және сұқ саусағымен белдіктің ұшын тартамыз.
25. Дәл осылайша екіншімен жасап, содан соң балаға ұсынамыз.
26. Тақтық.
27. Алақандарымызбен екі жартысын жан-жаққа созып, тексереміз.
Келесі жаттығулар:
1. Презентацияны қайталау.
2. Басқа белдіктердлі ағыту және тағу, мысалы: сағаттың, сөмкенің белдікшелері, белдіктің ұшын ұстап тұратын қосымша ілмегі бар белдікшелер.
3. Басқа балалардың үстіңгі және аяқ киімдеріндегі белдіктерді ағыту және
тағу.
4. Өзінің үстіңгі және аяқ киімдеріндегі белдіктерді ағыту және тағу.
Жас мөлшері: 3-3,5 жас.
Аса ықылас аудару: белдіктің тесігіне тілшікті салу.
Қателіктерді бақылау: көзбен шолу.
Сөздік: белдік, тілшік, ілмек, түйме, әрекет атаулары: кіргізу, салу, шығару.


Скачать


zharar.kz