Нарықтық модель кезінде экономиканы кім басқарады? Экономиканы тұтынушы сұраным мен техникалық прогресс деңгейінің дамуын реттеу ар-қылы нарықтық механизм басқарады. Осы үш мәселе «Нені өндіру керек», «Қалай өндіру керек», «Кімге өндірілуі керек» экономикалық жүйенің діңгегі болып табылады, бірақ оларды шешу әртүрлі жолмен жүзеге асады.
«Таң ғажайып» неміс экономикасының авторы, профессор Людвиг Эрхард «Барша жанға әлауқаттылық» (1956ж.) еңбегінде былай деген: «Нарықтық шаруашылықтың кез-келген жоспарлы шаруашылықтан артықшылығы сол, нарықтық шаруашылықта күнде, сағат сайын икемделу процесі жүреді. Ол ұлттық өнім мен ұлттық табыстың, сұраным мен ұсынымның арақатынасын дұрыс жолға қойып, тепе-теңдікке келтіреді».
Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғарғы стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдеріннің қатарына қосылуға тиіс. Біз бұны ұлтымызбен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз.
Біз экономиканы диверсификациялауға бағытталған Индустриялық – инновациялық стратегияны іске асыра бастадық. Бұл болашақтың бағдарламасы. Біз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгесін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды дамытуға кірістік, сол арқылы қазақстандық кластерлер жүйесінің дамуына жол аштық. Биылғы жылдың ортасына қарай біздің қолымызда нарықтың туризм, мұнай – газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік – логистикалық қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материалдары сияқты салаларда кемінде 5 – 7 кластерін жасау мен дамытудың жоспары болуы керек деп санаймын. Ел экономикасының шикі заттық емес салалардағы ұзақ мерзімдік мамандануын, міне, солар айқындайтын болады.
Біз өзімізді жаңа технологиялар мен жаңа экономика әлеміне енгізетін экономикалық дамуды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесі – Ұлттық инновациялық жүйе жасауды қолға алды. Индустриялық – инновациялық дамудың инфрақұрылымы қазірдің өзінде қалыптасты. Мемлекеттік даму институттарын капиталдандырудың жыл басына 730 миллион АҚШ долларын құраса, инвестициялық жобалар портфелі 1 милярд 200 миллион АҚШ долларынан асып отыр. 2004 жылы 204 инвестинциялық жоба іске асырылса, соның тең жартысы даму институттарының қолдауымен жүзеге асты. Біздің стратегиялық міндетіміз – бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу. Сондықтан да мемлекет пен жеке меншік сектор өзара сенім мен тиімділікке негізделген әріптестік қатынастарын жолға қоюы керек. Біздің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызымыз керек. әр бір іске қазақстандық осы ортаға кірігіп, инновациялық экономикадағы өз орнын табуға тиіс. Қазақстандықтардың бастамашылығына кең өріс ашу үшін жағдай жасалды, кәсіпкерлер ендігі жерде осы мүмкіндіктерді пайдалана білсе игі!
Ендігі жерде жаңа идеологияға сәйкес заннаманы сапалық жағынан жақсарту міндет. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мегахолдингтердің, ең алдымен ірі мемлекеттік компаниялармен монополиялардың өздеріне үйлеспейтін міндеттерін шағын және орта бизнеске беру жөніндегі жұмысты тындыратын сәт туды. Сол арқылы біз бизнеске тым тыныс ашамыз. Бұл ретте бірқарат стратегиялық маңызды мемлекеттік компаниялар акцияларының пакеттерін басқаруды арнайы құрылатын мемлекеттік холдинг компаниясына беру қажет. Бәлбетте бұл шараларға қарсыласу да, сөзбұйдаға салу да болмай қоймайды. Бірақ Үкіметтің батылдық танытып, бұл іске мықтап кірісетін кезі келді. Келесі бір мәселе туралы. Даму банкімен Иннвестинциялық қорға барлық кәсіпкерлердің қолы жете бермейді. Сондықтан «шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» өзіндік бір «үлкен қаржылық маркетке» айналуға тиіс. Біз Қорға биылғы жылы республикалық бюджеттен қосымша 10 милярд теңге бөлеміз, сонда шағым бизнес субъектілерін кредитке мүмкіндігі 25 милярд теңгеге дейін өседі. Биылдан бастап, банк кридиттеріне кепілдік беру мен сақтандыруды жүзеге асыруды қолға алу керек. Мұнынң өзі қомақты мемлекеттік қолдау болмақ.
Биыл үш жылдық аграрлық азық түлік бағдарламасын іске асыру аяқталады. Біз еліміздегі аграрлық бизнесті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесін негізінен қалыптастырдық. Үстіміздегі жылы ғана ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға республикалық бюджеттен 57,9 милярд теңгеден аса қаржы бөлінеді. Бұл рекордтық сан. «Аграөнеркәсіп кешені мен ауылды аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заң қабылдау қажет. Алдағы уақытта бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіміз, біз бұл мәселені талай мәрте талқылаған болатынбыз, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттігіне айрықша талаптар қоятын болады. Ендігі жерде ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру мен өндеу саласында кластерлік бастамашылықты іске асыру арқылы аграрлық өндірісті индустриялауға айрықша назар аудару қажет деп санаймын. Жекеменшік сектордың назарын нақ осыған аудару қажет, сондай – ақ кридиттерді де, атап айтқанда, агроиндустриялық саясат арнасында осында тарту керек.
Қаржы секторының одан әрі дамыту үшін қазір құнды қағаздар нарығын дамыту мен 2005 – 2007 жылдары жинақтау зинетақы жүйесін дамыту бағдарламалары қабылданды. Енді тек жұмыс істеу керек. Банктердің қызметі ашықтықтың айтылуы өнегесі болуы тиіс. Ен алдымен, мұнын меншік құрылымы мен аффирленген тұлғалар туралы мәліметтерге қатысы бар Банк қабылдайтын шешімдерге елеулі ықпалы бар барлық тұлғалар уәкілетті органын келісімі ала отырып, өздерінің мәртебесін нақтылай түсулері керек. Банктердің иннвестициялық қызметіне қойылатын талаптарды топтасу негізінде ретке келтіру қажет. Аффирленген тұлғалармен жасалатын мәмілілер банктерді тәуекелге барғызбауы шарт қаржы қадағалау агентігінің бұл жұмысты батыл жүргізу міндет.
Экономикалық және әлеуметтік жедел жаңару бағыты Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамудағы өзінің көшбасшылығын одан әрі сақтап, сол арқылы капиталды, инвестициялар, технологиялар мен білімді, білікті кадрларды тарту орталығына айналуына мүмкіндік туғызуға тиіс. Кәсіпкерлер біздің оларға қалыпты жағдай туғызып артықшылықтар беретінімізді, бізде бизнестің қауыпсіз әрі керешегі мол екені білгендері жөн. Ғалымдар мен жоғарғы білікті мамандар өз еңбектерінде бізде тиісінше сый – сипат көрсетілетіне сенімді болуы керек. өнер адамдары өз қызметіне лайықты бағаланатындықтарын сезінуі тиіс. Біз бұл үшін бәрін де жасаймыз. Бұл біздің жетістіктердің бағасы болмақ.
Ауыл шаруашылығы экономикасының ең күрделі мәселелерінің бірі — сатып алынатын және сатылатын тауарларга баға теңгермешілігін (паритетін) сақтау, яғни ауыл шаруашылық өнімдері мен осы салаға арналған өнеркәсіп өнімдері құндарының арасындағы қатынас осы екі саланың да мүддесінен шығу мәселесі. Халқымыздың тұрмыс деңгейін арттыруда бұл мәселені дұрыс шешудің үлкен маңызы бар. Бірде-бір дамыған елде егін және мал шаруашылықтары тұтастай нарықтың ерікті "ағысына" жіберілмеген.
Кейбір кәсіпкерлер бизнес мемлекеттік реттеуді қабылдамайды деп санайды. Бірақ, Нобель сыйлығының лауреаты Дж.Стиглердің мемлекеттік реттеу жөніндегі белгілі зерттеулеріне сүйенетін болсақ, бизнес мемлекеттік реттеуден мүлдем алшақтамайды, қайта керісінше ол бәсекедегі тәуекедді істерді мемлекет тарапынан қорғауды талап етеді. Бұл құбылыстар нарықтық қатынастары енді қалыптасып жатқан Қазақстан экономикасының аграрлық секторына да тән. Мұндағы дағдарысты жағдай өткенді саралап, өзгелердің тиімді іс-тәжірибелерінен сабақ алып, ауыл шаруашылығының өркендеуіне қызмет ететін мемлекеттік реттеу тетіктерін іске қосуды қажет етеді. Республика Президентінің атап көрсеткеніндей: сондықтан барлық стратегиялық басымдықтардың көш басында агроөнеркәсіп кешенін дамыту, оны дөйекті батыл реформалау жүретін болады".
Өйткені біздің экономикамызға ұзақ уақытқа созылған артта қалушылық тән және оның негізі аграрлық құрылымнан бастау алады. Ең алдымен бұл елімізде шаруалардың ерікті еңбек ету құқының болмауы еді. Шаруаларға тек жұмыс істеу міндеті қалдырылды да, олар меншік иелігінен және басқару функцияларынан айырылды.
Кемшіліктің түп тамыры жаппай мемлекеттендіруде, жерге, өндірістің басқа да қорларына және өніміне мемлекеттің монопольдық меншік құқын орнатуда болып табылады. Мемлекет бірден-бір меншік иесі мен шаруашылықты егжей-тегжейіне дейін басқарушы органға айналды. Осы жағдайда кез келген мемлекеттік механизм бәсекеге жол бермей, дамуға тежеуіш болатындығы бұрыннан дәлелденген.
Бірақ, бұл — айтылмыш саладағы күйзеліс себептердің бір тобы ғана. Олардың екінші тобы 1990 жылдан бергі кезеңде орын алып отырған саяси, экономикалық және үйымдастыру процестерімен тығыз байланысты. Мәселе тек республикалар мен аймақтар арасындағы, еңбек бөлінісі кезінде қалыптасқан тұрақты, тығыз экономикалық байланыстардың үзілгендігінде ғана емес. Мәселе — экономиканы реформалау жолында жіберілген қателіктерде болып отыр. Ең алдымен бұл монополиялық үстемдік енді-енді және ғылыми негізсіз басталған жекешелендіру, өндірістегі бәсекенің жоқтығы мен жаппай тапшылық жағдайларында бағаны ырықтандырумен байланысты болды. Осы тұста мемлекет өзінің реттеу функциясынан бас тартып, биліктің жоғарғы тармақтарында "нарықтық қиял" тарады. Экономикалық күйзелістерге бұрынғы жүйеден мұра болып қалған табиғи ортаның кең көлемді бүлінуі келіп қосылып ауыл шаруашылығындағы жағдай одан әрі шиеленісе түсті. Оның үстіне адамдардың нарықтық психологиясы қалыптаспай тұрып өзімшілдік идеясы күшейді, еңбекке мүдделілік жойылды, рухани жұта дық пен жауапкершіліктің төмендеуі кең етек алды. Ал мұндай жағдайда оларды жалпы ортақ іске жұмылдыру тек нарықтық ықпалмен жүзеге асуы мүмкін емес. Бұл жерде батыс германиялық ғажайыптың "атасы" Л. Эрхардтың формуласын еске ала отырып, аралас экономикаға негізделіп, бүкіл әлемдік тенденцияға айналған "әлеуметтік нарықтық шаруашылық" құру мақсатында мемлекеттік реттеудің жүйелі механизмдерін іске қосу қажет. Қазіргі меншіктің жаңа түрлеріне көшкен шаруашылықтардың, жалпы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының әрбір аяқ алысы үлкен қиыншылықтармен қабаттасып жатыр. Аттап айтқанда ауыл шаруашылығын өндіріс құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етуші сала мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндеу, сатып-таратумен айналысатын салалар моно-полиялық үстемдік құрып, ауыл шаруашылығының есебінен күн көріп отырса, нағыз өнім өндірушілер өз еңбегінің жемісін көре алмай отыр. Соның салдарынан ауыл тұрғындары әлеуметтік-экономикалық тоқыраудың ащы дәмін татып келеді. Осы саланың тығырықтан шығуының жолы қандай? Бұл жолда мемлекеттік реттеудің ролі қандай? Міне осы мәселелер төңірегінде біраз ойларымызды ортаға салуды жөн көріп отырмыз. Бүл төңіректегі әңгімелеріміздің студент жастарға да қажеттілігі күмән туғызбас деп ойлаймыз.
Экономикалық реформаларды жүзеге асырудың тарихи және қазіргі тәжірибесі көрсеткеніндей қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету де аграрлық реформаның бағыты, дұрыстығы мен жүйелілігі үлкен рөл атқарады. Қазақстанда аграрлық саясатты жүргізу барысыңда осы дұрыс бағыт пен жүйелілікті қамтамасыз етуге керекті көңіл бөлінбеді де, соның салдарынан басқарудың, жоспарлаудың әкімшілдік әдістерінен бірден бас тарту орын алып, жедел жекешелендіру жергілікті жағдайды ескерусіз жүргізілді. Түп-теп келгенде бұл өндірістің құлдырауына, инфляциянын өсуіне, өмір сүру деңгейінің (бірінші кезекте халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету саласында) төмендеуіне әкеліп соқты. Экономиканы мемлекеттік реттеуді және мемлекеттік кәсіпорындарды басқаруды әлсірету - халық шаруашылығында стихиялық процестердің және одан туындайтын жағымсыз жайттардың өрістеуіне, экономикалық тоқырауға әкелді.