Омыртқасыздардың салыстырмалы анатомиясы тест тапсырмалары
1. Губкалардың денесіндегі клеткалар типінің қайсысында ас қорытылады?
А) пинакоциттерде;
В) колленциттерде;
С) склеробластарда;
D) хоаноциттер мен амебоциттерде;
Е) археоциттер мен спонгиобластарда.
2. Губкалардың классификациясы қандай принциптерге негізделген?
А) көбею тәсіліне негізделген;
В) қоректену тәсіліне негізделген;
С) тыныс алу және зәр шығару тәсіліне негізделген;
D) қаңқаның құрылысына негізделген;
Е) тіршілік ететін мекен ортасының ерекшеліктеріне негізделген.
3. Губкалардың ішкі парагастральды қуысы қандай клеткалармен астарланған?
А) пороциттермен;
В) амебоциттермен;
С) склеробластармен;
D) хоаноциттермен;
Е) эпителиальді клеткалармен.
4. Мезоглея төмендегі топтардың қайсыларына тән?
А) жалғанаяқтыларға, талшықтыларға тән;
В) споралыларға, кірпікшелілерге тән;
С) губкалар мен ішекқуыстыларға тән;
D) кірпікшелі құрттар мен сорғыш құрттарға тән;
Е) жұмыр құрттар мен буылтық құрттарға тән.
5. Төмендегі топтардың қайсысы мынадай схемамен дамиды: жұмыртқа-планула- сцифистома - эфира-медуза-жұмыртқа?
А) гидроидтылар;
В) теңіз гидроидты полиптері;
С) сцифомедузалар;
D) маржан полиптер;
Е) сифонофорлар.
6. Сәулелі симметриялы жануарлар:
А) ішекқуыстылар;
В) жалпақ құрттар;
С) жұмыр құрттар;
D) буылтық құрттар;
Е) буынаяқтылар.
7. Губкалардың денесіндегі клеткалар типінің қайсысы клетка резерві (кез келген клеткаға айналу) болып табылады?
А) колленциттер;
В) пинакоциттер;
С) хоаноциттер;
D) археоциттер;
Е) жыныс клеткалар.
8. Губкалардың денесінің қай клеткаларынан жыныс клеткалары түзіледі?
А) жұмыртқа және ұрық бездерінде;
В) хоаноциттерде;
С) пинакоциттерде;
D) мезоглеядағы археоциттерде;
Е) спонгиобластарда.
9. Сцифомедузаның ұрықтануы қайда өтеді?
А) гастраль қуысында;
В) қарын қалталарында;
С) суда;
D) энтодермада;
Е) экзодермада;
10. Ішекқуыстылардың төмендегі өкілдерінің қайсысында алғаш рет эктодермалық жұтқыншақ пайда болады?
А) сцифомедузаларда;
В) гидроидтыларда;
С) теңіз гидроидты полиптерінде;
D) маржан полиптерінде;
Е) сифонофорларда.
11. Төмендегі клеткалар тобының қайсысы тек ішекқуыстылар типіне ғана тән?
А) жыныс клеткалары;
В) атпа клеткалар;
С) безді клеткалар;
D) нерв клеткалары;
Е) жағалы-талшықты клеткалар.
12. Губкалардың қаңқасы қай клеткалардан дамиды?
А) амебоциттардан;
В) склеробластардан;
С) талшықты-жағалы клеткалардан;
D) эпителиальды клеткалардан;
Е) жұлдызша клеткалардан.
13. Губкалардың көбею жолдары.
А) сыртқы, ішкі бүршіктену арқылы және жынысты;
В) партеногенез жолымен;
С) тек жынысты;
D) тек ішкі бүршіктену арқылы;
Е) коньюгация арқылы.
14. Ішекқуыстылар типінің қандай маңызы бар?
А) маржан рифтерін, атоллдарды түзушілер;
В) биофильтраторлар;
С) жануарлар паразиттері;
D) өсімдіктер паразиттері;
Е) кәсіптік түрлері бар.
15. Геммула дегеніміз не?
А) жыныс клеткасы;
В) дернәсіл;
С) сыртқы бүршік;
D) ішкі бүршік;
Е) амеба тәрізді клетка.
16. Ішекқуыстылар типінде радиальды симметрияның пайда болуы неге байланысты?
А) планктонды тіршілік етуге байланысты;
В) бекініп тіршілік етуге байланысты;
С) активті жүзіп жүріп тіршілік етуге байланысты;
D) судың терең қабаттарында бентосты тіршілік етуге байланысты;
Е) су түбіндегі субстратта баяу жылжып тіршілік етуге байланысты;
17. Метагенез дегеніміз не?
А) бүршіктену нәтижесінде жаңа особьтардың пайда болуы;
В) бүршіктену нәтижесінде колонияның түзілуі;
С) жынысты көбею;
D) жыныссыз көбею;
Е) жынысты және жыныссыз көбею арқылы ұрпақ алмасу.
18. Мына схема бойынша “Жұмыртқа - полип” жүретін тіршілік циклы ішекқуыстылардың қай өкіліне тән?
А) гидрополиптерге;
В) гидраларға;
С) гидромедузаларға;
D) сцифомедузаларға;
Е) сифонофораларға.
19. Ішекқуыстылар типі қай деңгейдегі жануарлар?
А) бір клеткалы;
В) екі қабатты;
С) үш қабатты;
D) төрт қабатты;
Е) төрт қабатты радиальді.
20. Гидроидтылардың дернәсілі:
А) амфибластула;
В) трохофора;
С) планула;
D) диплеврула;
Е) велигер.
21. Медузалардың полиптерден айырмашылығы:
А) тіркеліп тіршілік етуінде;
В) еркін тіршілік етуінде;
С) колониалды тіршілік етуінде;
D) эктопаразиттік тіршілік етуінде;
Е) эндопаразиттік тіршілік етуінде.
22. Ропалийлер дегеніміз не?
А) қоректік заттарды ұстайтын дене мүшесі;
В) жүзуді қамтамасыз ететін дене мүшесі;
С) қорғану қызметін атқаратын дене мүшесі;
D) көру және тепе-теңдік сақтау қызметін атқаратын дене мүшесі;
Е) көбею қызметін атқаратын дене мүшесі.
23. Медузалардың ас қорыту қуысы қалай аталады?
А) гастральды;
В) парагастральды;
С) гастроваскулярлы;
D) миксоцель;
Е) схизоцель.
24. Ақ планарияның асқорыту жүйесі қандай бөліктерден тұрады?
А) ауыздан, жұтқыншақтан, тармақталған ортаңғы ішектен тұрады;
В) ауыздан, жұтқыншақтан, екіге тармақталған ортаңғы ішектен тұрады;
С) ауыздан, жұтқыншақтан, үшке тармақталған ортаңғы ішектен тұрады;
D) ауыздан және тұйық бітетін түтіктен тұрады;
Е) ауыздан, ортаңғы және артқы ішектен тұрады.
25. Мюллер личинкасы төмендегі топтардың қайсысына тән?
А) сорғыш құрттарға;
В) таспа құрттарға;
С) жұмыр құрттарға;
D) буылтық құрттарға;
Е) кірпікшелі құрттарға.
26. Бауыр сорғыш құрттың партеногенез жолымен дамитын сатылары қайда өтеді?
А) негізгі иесінде;
В) аралық иесінде;
С) суда;
D) ылғалды топырақта;
Е) құрлықта.
27. Төмендегі құрттардың қайсысы “описторхоз” ауруын қоздырады?
А) бауыр сорғыш құрт;
В) ланцет тәрізді сорғыш құрт;
С) қанның жабысқақ сорғыш құрты;
D) мысықтын (сібірдің) сорғыш құрты;
Е) үлкен бауыр сорғыш құрты (Fasciola gigantica).
28. Ұзындығы 15-20 м, 4000 сақинасы бар, үш иеде дамиды. Бұл белгілер қайсы құртқа тән?
А) жалпақ таспа құрт;
В) қарусыз цепені;
С) қарулы цепені;
D) қойдың ми құрты;
Е) эхинококк.
29. Төмендегі құрттардың қайсысы қойда “ценуроз” (айналма) ауруын қоздырады?
А) Diphyllobothrium latum (жалпақ таспа құрт);
В) Taenia solium (шошқа солитері);
С) Taeniargynchus saginatus (өгіз солитері);
D) Multisepsa multisepsa (қой мишығы);
Е) Echinoccus granulosus (эхинококк).
30. Жалпақ таспа құрттың процеркоид личинкасы қайда дамиды?
А) ылғалды топырақта;
В) суда;
С) адамда;
D) шаянда;
Е) балықта.