ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3 деңгейлі СМЖ құжаты
Баспа. №1
25 ақпан 2015 жыл
Ф Р 042-1.02-2015-03
Өздік жұмыстарды ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Биология кафедрасы
Омыртқасыздардың салыстырмалы анатомиясы
пәні бойынша өздік жұмыстарды ұйымдастыруға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
6М011300 – Биология мамандығының
магистранттарына арналған
Семей
201_
Алғы сөз
1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН
Құрастырушы_______ ____ ______201__ ж.
б.ғ.к., доцент Қуанышбаева М.Ғ.
Әдістемелік нұсқаулар 6М011300 – Биология мамандығында оқитын студенттеріне Зоология пәнінен өздік жұмыстарға арналған.
2 ТАЛҚЫЛАНҒАН
Әдістемелік нұсқаулар биология кафедрасының отырысында қарастырылған,
Хаттама ____ __________ 201__ жыл, № __.
Кафедра меңгерушісі ___________ Тлеубаева А.В.
Әдістемелік нұсқаулар жаратылыстану ғылымдары факультетінің оқу-әдістемелік бюросының мәжілісінде оқу процесінде қолдануға ұсынылған.
Хаттама ____ __________ 201__ жыл, № __.
Төраға _________ б.ғ.к., доцент Абдишева З.В.
МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
3. Қолданылатын әдебиеттер
4. Қосымшалар
КІРІСПЕ
Омыртқасыздардың салыстырмалы анатомиясы пәні биологиялық білім беру жүйесінде фундаментальды ғылым болып есептеледі. Бұл пән қазіргі даму кезеңінде функционалдық бүтінділікті көрсететін жануарлар әлемінің көптүрлілігін оқып үйренуге бағытталған синтетикалық пән.
Пәнді оқытудың мақсаты:
Омыртқасыздардың салыстырмалы анатомиясы пәнін оқу барысында магистранттар жануарлардың құрылысының негізгі жобасының эволюциясын, омыртқасыздардың мүшелер жүйесінің құрылысын, олардың морфологиялық эволюциясын, тұтас жүйе ретінде организмдегі және жүйелер ішіндегі функциональдық байланыстарды, жануарлар филогенезінің негізгі заңдылықтарын білу.
Пәнді оқытудың міндеттері:
Омыртқасыз жануарлардың салыстырмалы анатомиясы – жануарлардың негізгі типтерінің морфологиялық ерекшеліктерін салыстырмалы оқып білу.
Пәнді оқып-білудің нәтижесінде магистрант мыналарды білуі тиіс:
өздік жұмыстарды белсендіру;
білім сапасын көтеру;
омыртқасыздардың құрылысы ерекшеліктерін білу;
омыртқасыздардың барлық таксономиялық рангілері қатарында олардың құрылыс ерекшеліктерін салыстыра білу;
омыртқасыздардың құрылысын салыстыру бойынша практикалық дағдыларды меңгеру;
объектілерді морфологиялық зерттеудің қарапайым әдістемелерін білуі тиіс.
омыртқасыздардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын білуі тиіс.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 өздік жұмыс
5.1 Төменгі сатыдағы көпклеткалылар: Тақталылар типі, Губкалар типі және ішекқуыстылар типі.
Кестені толтыр.
Құрылыс ерекшеліктері
Тақталылар типі
Губкалар типі
Ішекқуыстылар типі
Симметрия
Құрылыс типі
Қоректену типі
Қозғалуы
Қорғануы
Ас қорытуы
Зәр шығаруы
Тыныс алуы
Заттардың тасымалдануы
Дене қуысы
Жыныс клеткалары
Көбеюі
Ұрықтануы
2 өздік жұмыс
5.2 Метамерия. Омыртқасыздардың гомо- және гетерономды сегментациясы.
3 өздік жұмыс
5.3 Ұрық жапырақшалары. Энто-, экто- және мезодерма туындылары.
Кестені толтыр.
Жануарлардың құрылым деңгейлері
Ұрық жапырақшалары
Энтодерма
Эктодерма
Мезодерма
Екіқабатты көпклеткалылар
Үшқабатты қуыссыздар және алғашқықуысты көпклеткалылар
Үшқабатты екіншіқуысты көпклеткалылар
4 өздік жұмыс
5.4 Гомологиялық мүшелердің олигомеризациясы және полимеризациясы.
5 өздік жұмыс
1. Инфузорияларда трихоцистаның атқаратын қызметі қандай?
2. Губкалардың морфологиялық типтерін атаңыз?
3. Олигомеризация дегеніміз не?
4. Сүліктің медицинада маңызы қандай?
5. Омыртқасыз жануарлардың жүйке жүйесінің эволюциясы.
6. Кестені толтырыныз.
Ішек қуыстылар
Жалпақ құрттар
Жұмыр құрттар
Буылтық құрттар
Буынаяқтылар
Екі ұрық жапырақшасы
Үш ұрық жапырақшасы
Целом
Қан айналу жүйесі бар
Денесі
сегменттелмеген
Денесі
сегменттелген (метамерлі)
Алғашқы қуыс
Ішегі 3 бөлімді
Аралас қуыс
1. Геммула дегеніміз не?
2. Буынаяқтылар мен полихеттерде болатын антенналардың қызметі қандай?
3. Полимеризация дегеніміз не? Мысал келтір.
4. Бунақденелілердің постэмбрионалды дамуы.
5. Омыртқасыз жануарлардың ас қорыту жүйесінің эволюциясы.
6. Кестені толтырыңыз. Гидраның құрылысы.
№
Клеткалар типі
Олардың орналасқан дене қабаттары
Қызметі
1
2
3
4
5
6
Қолданылған әдебиеттер
1. Беклемишев В.Н. Основы сравнительной анатомии беспозвоночных. –М.: Наука, 1964.
2. Гиляров М.С. Закономерности приспособлений членистоногих к жизни на суше. – М.: Наука, 1970.
3. Догель В.А. Олигомеризация гомологичных органов. –Л.: ЛГУ, 1954.
4. Заренков Н.А. Сравнительная анатомия беспозвоночных. Введение. Простейшие. Двуслойные. Часть 1. –М.: МГУ, 1988.
5. Захваткин Ю.А. Эмбриология насекомых. – М.: Высшая школа, 1975.
6. Иванова-Казас О.М. Сравнительная эмбриология беспозвоночных животных. Членистоногие. – М.: Наука, 1979.
7. Иофф Н.А. Курс эмбриологии беспозвоночных животных. –М., 1962.
8. Иванов А.В. Происхождение многоклеточных животных: филогенетические очерки. –Л., 1968.
9. Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. 4 бөлім: Оқу құралы. –Алматы: Қазақ университеті, 2000. – 217 б.
10. Казенас В.Л., Чильдебаев М.К., Николаев Г.В., Жданко А.Б., Митяев И.Д., Джанокмен К.А., Кащеев В.А., Есенбекова П.А., Кадырбеков Р.Х., Ященко Р.В., Златанов Б.В. Насекомые. Энциклопедия (Серия Животные Казахстана). - Алматы: Атамұра, 2010. -368 с.
11. Кузнецов Н.Я. Класс Насекомые. –Т. 3. М., 2002.
12. Малахов В.В. Проблемы построения общей системы многоклеточных. Современная эволюционная морфология. С. Научных трудов. –Киев, 1991.
13. Северцов А.С. Основы теории эволюции. –М.: МГУ, 1987.
14. Барнс Р., Кейлоу П., Олив П., Голдинг Д. Беспозвоночные. Новый обощенный подход. –М.: Наука, 1992.
15. Буруковский Р.Н. Зоология беспозвночных. Ч.1. Простейшие. Ч.2. Происхождение многоклеточности. Ч.3. Черви. –Калиниград, 1999-2001
16. Заренков Н.А. Сравнительная анатмоия беспозвоночных. – М.: МГУ, 1988.
17. Захаров В.Б., Сонин Н.И. Биологшия. Многообразие живых организмов. – М.: Дрова, 2003.
18. Малахов В.В. Новые группы беспозвоночных животных Соросвский образловательный журнал. 2001. Т.7. №7.
19. Малахов В.В. Революция в зоологии: новая сисмтема билатерий. Природа. 2009.
20. Увалиева К.К. Наземные моллюски Казахстана и сопредельных территорий. –Алма-Ата: Наука, 1990.
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР
Омыртқасыздардың салыстырмалы анатомиясы тест тапсырмалары
1. Губкалардың денесіндегі клеткалар типінің қайсысында ас қорытылады?
А) пинакоциттерде;
В) колленциттерде;
С) склеробластарда;
D) хоаноциттер мен амебоциттерде;
Е) археоциттер мен спонгиобластарда.
2. Губкалардың классификациясы қандай принциптерге негізделген?
А) көбею тәсіліне негізделген;
В) қоректену тәсіліне негізделген;
С) тыныс алу және зәр шығару тәсіліне негізделген;
D) қаңқаның құрылысына негізделген;
Е) тіршілік ететін мекен ортасының ерекшеліктеріне негізделген.
3. Губкалардың ішкі парагастральды қуысы қандай клеткалармен астарланған?
А) пороциттермен;
В) амебоциттермен;
С) склеробластармен;
D) хоаноциттермен;
Е) эпителиальді клеткалармен.
4. Мезоглея төмендегі топтардың қайсыларына тән?
А) жалғанаяқтыларға, талшықтыларға тән;
В) споралыларға, кірпікшелілерге тән;
С) губкалар мен ішекқуыстыларға тән;
D) кірпікшелі құрттар мен сорғыш құрттарға тән;
Е) жұмыр құрттар мен буылтық құрттарға тән.
5. Төмендегі топтардың қайсысы мынадай схемамен дамиды: жұмыртқа-планула- сцифистома - эфира-медуза-жұмыртқа?
А) гидроидтылар;
В) теңіз гидроидты полиптері;
С) сцифомедузалар;
D) маржан полиптер;
Е) сифонофорлар.
6. Сәулелі симметриялы жануарлар:
А) ішекқуыстылар;
В) жалпақ құрттар;
С) жұмыр құрттар;
D) буылтық құрттар;
Е) буынаяқтылар.
7. Губкалардың денесіндегі клеткалар типінің қайсысы клетка резерві (кез келген клеткаға айналу) болып табылады?
А) колленциттер;
В) пинакоциттер;
С) хоаноциттер;
D) археоциттер;
Е) жыныс клеткалар.
8. Губкалардың денесінің қай клеткаларынан жыныс клеткалары түзіледі?
А) жұмыртқа және ұрық бездерінде;
В) хоаноциттерде;
С) пинакоциттерде;
D) мезоглеядағы археоциттерде;
Е) спонгиобластарда.
9. Сцифомедузаның ұрықтануы қайда өтеді?
А) гастраль қуысында;
В) қарын қалталарында;
С) суда;
D) энтодермада;
Е) экзодермада;
10. Ішекқуыстылардың төмендегі өкілдерінің қайсысында алғаш рет эктодермалық жұтқыншақ пайда болады?
А) сцифомедузаларда;
В) гидроидтыларда;
С) теңіз гидроидты полиптерінде;
D) маржан полиптерінде;
Е) сифонофорларда.
11. Төмендегі клеткалар тобының қайсысы тек ішекқуыстылар типіне ғана тән?
А) жыныс клеткалары;
В) атпа клеткалар;
С) безді клеткалар;
D) нерв клеткалары;
Е) жағалы-талшықты клеткалар.
12. Губкалардың қаңқасы қай клеткалардан дамиды?
А) амебоциттардан;
В) склеробластардан;
С) талшықты-жағалы клеткалардан;
D) эпителиальды клеткалардан;
Е) жұлдызша клеткалардан.
13. Губкалардың көбею жолдары.
А) сыртқы, ішкі бүршіктену арқылы және жынысты;
В) партеногенез жолымен;
С) тек жынысты;
D) тек ішкі бүршіктену арқылы;
Е) коньюгация арқылы.
14. Ішекқуыстылар типінің қандай маңызы бар?
А) маржан рифтерін, атоллдарды түзушілер;
В) биофильтраторлар;
С) жануарлар паразиттері;
D) өсімдіктер паразиттері;
Е) кәсіптік түрлері бар.
15. Геммула дегеніміз не?
А) жыныс клеткасы;
В) дернәсіл;
С) сыртқы бүршік;
D) ішкі бүршік;
Е) амеба тәрізді клетка.
16. Ішекқуыстылар типінде радиальды симметрияның пайда болуы неге байланысты?
А) планктонды тіршілік етуге байланысты;
В) бекініп тіршілік етуге байланысты;
С) активті жүзіп жүріп тіршілік етуге байланысты;
D) судың терең қабаттарында бентосты тіршілік етуге байланысты;
Е) су түбіндегі субстратта баяу жылжып тіршілік етуге байланысты;
17. Метагенез дегеніміз не?
А) бүршіктену нәтижесінде жаңа особьтардың пайда болуы;
В) бүршіктену нәтижесінде колонияның түзілуі;
С) жынысты көбею;
D) жыныссыз көбею;
Е) жынысты және жыныссыз көбею арқылы ұрпақ алмасу.
18. Мына схема бойынша “Жұмыртқа - полип” жүретін тіршілік циклы ішекқуыстылардың қай өкіліне тән?
А) гидрополиптерге;
В) гидраларға;
С) гидромедузаларға;
D) сцифомедузаларға;
Е) сифонофораларға.
19. Ішекқуыстылар типі қай деңгейдегі жануарлар?
А) бір клеткалы;
В) екі қабатты;
С) үш қабатты;
D) төрт қабатты;
Е) төрт қабатты радиальді.
20. Гидроидтылардың дернәсілі:
А) амфибластула;
В) трохофора;
С) планула;
D) диплеврула;
Е) велигер.
21. Медузалардың полиптерден айырмашылығы:
А) тіркеліп тіршілік етуінде;
В) еркін тіршілік етуінде;
С) колониалды тіршілік етуінде;
D) эктопаразиттік тіршілік етуінде;
Е) эндопаразиттік тіршілік етуінде.
22. Ропалийлер дегеніміз не?
А) қоректік заттарды ұстайтын дене мүшесі;
В) жүзуді қамтамасыз ететін дене мүшесі;
С) қорғану қызметін атқаратын дене мүшесі;
D) көру және тепе-теңдік сақтау қызметін атқаратын дене мүшесі;
Е) көбею қызметін атқаратын дене мүшесі.
23. Медузалардың ас қорыту қуысы қалай аталады?
А) гастральды;
В) парагастральды;
С) гастроваскулярлы;
D) миксоцель;
Е) схизоцель.
24. Ақ планарияның асқорыту жүйесі қандай бөліктерден тұрады?
А) ауыздан, жұтқыншақтан, тармақталған ортаңғы ішектен тұрады;
В) ауыздан, жұтқыншақтан, екіге тармақталған ортаңғы ішектен тұрады;
С) ауыздан, жұтқыншақтан, үшке тармақталған ортаңғы ішектен тұрады;
D) ауыздан және тұйық бітетін түтіктен тұрады;
Е) ауыздан, ортаңғы және артқы ішектен тұрады.
25. Мюллер личинкасы төмендегі топтардың қайсысына тән?
А) сорғыш құрттарға;
В) таспа құрттарға;
С) жұмыр құрттарға;
D) буылтық құрттарға;
Е) кірпікшелі құрттарға.
26. Бауыр сорғыш құрттың партеногенез жолымен дамитын сатылары қайда өтеді?
А) негізгі иесінде;
В) аралық иесінде;
С) суда;
D) ылғалды топырақта;
Е) құрлықта.
27. Төмендегі құрттардың қайсысы “описторхоз” ауруын қоздырады?
А) бауыр сорғыш құрт;
В) ланцет тәрізді сорғыш құрт;
С) қанның жабысқақ сорғыш құрты;
D) мысықтын (сібірдің) сорғыш құрты;
Е) үлкен бауыр сорғыш құрты (Fasciola gigantica).
28. Ұзындығы 15-20 м, 4000 сақинасы бар, үш иеде дамиды. Бұл белгілер қайсы құртқа тән?
А) жалпақ таспа құрт;
В) қарусыз цепені;
С) қарулы цепені;
D) қойдың ми құрты;
Е) эхинококк.
29. Төмендегі құрттардың қайсысы қойда “ценуроз” (айналма) ауруын қоздырады?
А) Diphyllobothrium latum (жалпақ таспа құрт);
В) Taenia solium (шошқа солитері);
С) Taeniargynchus saginatus (өгіз солитері);
D) Multisepsa multisepsa (қой мишығы);
Е) Echinoccus granulosus (эхинококк).
30. Жалпақ таспа құрттың процеркоид личинкасы қайда дамиды?
А) ылғалды топырақта;
В) суда;
С) адамда;
D) шаянда;
Е) балықта.
1. Жануарлардың салыстырмалы морфологиясының негіздері.
2. Буынаяқтылардың салыстырмалы морфологиялық сиптаттамасы.
3. Омыртқасыз жануарлар қатарында көбею мүшелерінің салыстырмалы анатомиясы.
4. Екінші ауызды жануарларға тән ерекшелік белгілері (Гемихордалылар типі). Желілі жануарлардың филогениясы үшін маңызы.
5. Омыртқасыздардың зәр шығару жүйесінің салыстырмалы анатомиясы.
6. Ішекқуыстылардың морфо-физиологиялық сипаттамасы.
7. Алғашқы ауызды жануарларға (спиральнобластикалық) сипаттама (Онихофоралылар типі)
8. Омыртқасыз жануарлардың асқорыту жүйесінің салыстырмалы анатомиясы.
9. Қарапайымдылардың морфо-физиологиялық сипаттамасы.
10. Жануарлар симметриясы туралы ілім. Протозоа және Метазоа симметрия типтері.
11. Омыртқасыздардың сезім мүшелерінің салыстырмалы анатомиясы.
12. Үшқабатты, паренхиматозды немесе алғашқықуысты жануарлар деңгейінің сипаттамасы (Жалпақ құрттар, Немертиндер, Жұмыр құрттар типтері).
13. Насекомдар класының негізгі отрядтарының салыстырмалы сипаттамасы.
14. Омыртқасыз жануарлардың дене жабындары және оның туындылары.
15. Зат алмасу жүйесі. Салыстырмалы сипаттама.
16. Полимерлі Целомозоа сипаттамасы (Буылтық құрттар, Буынаяқтылар, Погонофорлар типтері мысалында).
17. Омыртқасыздардың локомоторлы жүйесі.
18. Жануарлардың көбею процесінің эволюциясы (омыртқасыздардағы жыныссыз және жынысты көбею тәсілдері).
19. Олигомерлі Целомозоа сипаттамасы (Қармалауыштылар, Тікентерілілер типтері мысалында).
20. Омыртқасыздардың дене қуыстарының әртүрлі типтерінің салыстырмалы сипаттамасы.
21. Омыртқасыздардың жүйке жүйесінің салыстырмалы анатомиясы.
22. Моллюскалардың морфо-физиологиялық сипаттамасы.
23. Омыртқасыз жануарлардың желілілерден бөліп тұратын құрылыс ерекшеліктері.
24. Омыртқасыз жануарлар қатарында ішкі орталарының эволюциясы.
25. Буылтық құрттар типінің филогениясы. В.А.Догельдің бірінші және екінші метамерия заңдары.
26. Омыртқасыз жануарлардың тыныс алу жүйесінің салыстырмалы анатомиясы.
27. Паразитизмнің шығу тегі. Паразитизмге байланысты жалпақ және жұмыр құрттардың морфологиялық сипаттамасы.
28. Омыртқасыздардың ұрық жапырақшалары. Энто-, экто- және мезодерма туындылары.
29. Полимеризация және олигомеризация жолдары бойынша жануарлар эволюциясы (В.А.Догель заңы).
30. Омыртқасыздардың қан айналу жүйесінің салыстырмалы анатомиясы.